· Web view2016 жылы QS Халықаралық рейтингіде 345-ші, әлемнің...

65
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ БІЛІМ АЛУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН ЖОЛБАСШЫ-АНЫҚТАМАЛЫҒЫ 1

Transcript of  · Web view2016 жылы QS Халықаралық рейтингіде 345-ші, әлемнің...

Page 1:  · Web view2016 жылы QS Халықаралық рейтингіде 345-ші, әлемнің үздік жас университеттері «QS 50х50» жаңа рейтингісінде

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

БІЛІМ АЛУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН

ЖОЛБАСШЫ-АНЫҚТАМАЛЫҒЫ

Астана, 2018

1

Page 2:  · Web view2016 жылы QS Халықаралық рейтингіде 345-ші, әлемнің үздік жас университеттері «QS 50х50» жаңа рейтингісінде

2018-2019 ОҚУ ЖЫЛЫНА АРНАЛҒАН АКАДЕМИЯЛЫҚ КҮНТІЗБЕ

1 курс бакалавриат1) Күзгі семестр– 16 апта

1 курс студентінің семинары 03-09 қыркүйек 2018 жылТеориялық оқыту 10 қыркүйек – 23 желтоқсан 2018 жыл1 аралық бақылау 22 қазан – 28 қазан 2018 жыл2 аралық бақылау 17 желтоқсан – 23 желтоқсан 2018 жылҚорытынды бақылау 24 желтоқсан 2018 жыл – 13 қаңтар 2019

жыл (3 апта)Демалыс күндер 14 қаңтар – 27 қаңтар 2019 жыл (2 апта)

2,3,4 (5) курс бакалавриат және 1 курс күндізгі қысқартылған оқыту(колледжден кейін)

2) Күзгі семестр – 15 аптаТеориялық оқыту 03 қыркүйек – 16 желтоқсан1 аралық бақылау 15 қазан – 21 қазан2 аралық бақылау 10 желтоқсан – 16 желтоқсанҚорытынды бақылау 17 желтоқсан 2018 жыл – 6 қаңтар 2019

жыл (3 апта)Демалыс күндер 7 қаңтар – 27 қаңтар 2019 жыл (3 апта)

1, 2, 3 курс бакалавриат3) Көктемгі семестр – 16 апта

Теориялық оқыту 28 қаңтар – 19 мамыр 2019 жыл1 аралық бақылау 11 наурыз – 17 наурыз 2019 жыл2 аралық бақылау 13 мамыр – 19 мамыр 2019 жылҚорытынды бақылау 20 мамыр – 9 маусым 2019 жыл (3 жыл)Оқу практикасы (1 курс) 10 маусымнан бастап 2019 жылӨндірістік практика (2,3 курс) 10 маусымнан бастап 2019 жылЖазғы семестр 10 июня – 21 июля 2019 года

4 (5) курс бакалавриат4) Көктемгі семестр – 16 апта

Практика және ҚМА-ға дайындық 28 қаңтар – 19 мамыр 2019 жылЕсептер 20 мамыр – 2 маусым 2019 жылҚорытынды Мемлекеттік аттестация 3 маусым – 30 маусым 2019 жыл

1 курс Магистратура (НПН), Докторантура 5) Күзгі семестр -15 апта

Пререквизиттер негізі 27 тамыз – 8 қыркүйек 2018 жылТеориялық оқыту /(НИРМ, НИРД) 10 қыркүйек – 23 желтоқсан 2018 жыл1 аралық бақылау 22 қазан – 28 қазан 2018 жыл2 аралық бақылау 17 желтоқсан – 23 желтоқсан 2018 жылҚорытынды бақылау 24 желтоқсан 2018 жыл – 13 қаңтар 2019

жыл (3 апта)Демалыс күндер 14 қаңтар – 27 қаңтар 2019 жыл (2 апта)

2

Page 3:  · Web view2016 жылы QS Халықаралық рейтингіде 345-ші, әлемнің үздік жас университеттері «QS 50х50» жаңа рейтингісінде

6) Көктемгі семестр – 16 аптаТеориялық оқыту /(НИРМ) 28 қаңтар – 19 мамыр 2019 жылНИРД 28 января – 7 июля 2019 года1 аралық бақылау 11 наурыз – 17 наурыз 2019 жыл2 аралық бақылау 13 мамыр – 19 мамыр 2019 жылҚорытынды бақылау 20 мамыр – 9 маусым 2019 жыл (3 апта)Жазғы семестр 10 маусым – 21 маусым 2019 жыл

2 курс Магистратура7) Күзгі семестр -15 апта

Теориялық оқыту /НИРМ 03 қыркүйек – 16 желтоқсан 2018 жыл1 аралық бақылау 15 қазан – 21 қазан 2018 жыл2 аралық бақылау 10 желтоқсан – 16 желтоқсан 2018 жылПедагогикалық практика 03 қыркүйек – 9 желтоқсан 2018 жылЕсептер 10 желтоқсан – 16 желтоқсан 2018 жылҚорытынды бақылау 17 желтоқсан 2018 жыл – 6 қатар 2019

жыл (3 апта)Демалыс күндер 7 қаңтар – 13 қаңтар 2019 жыл (1 апта)

8) Көктемгі семестр – 16 аптаЗерттеу практикасы 14 қаңтар – 7 сәуір 2019 жылЕсеп 08 сәуір – 14 сәуір 2019 жылНИРМ 14 қаңтар – 28 сәуір 2019 жылЕсеп 29 сәуір – 05 мамыр 2019 жыл«6М050600 – Экономика» және «6М050700 – Менеджменттен басқа барлық мамандықтардың ҚМА-ға дайындығы

6 мамыр -26 мамыр 2019 жыл

«6М050600 – Экономика» және «6М050700 – Менеджменттен басқа барлық мамандықтардың ҚМА-ға дайындығы (қосдипломды білім беру)

2 апта

«6М050600 – Экономика» және «6М050700 – Менеджменттен басқа барлық мамандықтар үшін Мемлекеттік аттестация

27 мамыр – 06 маусым 2019 жыл

Докторантура 2-3 курстар - НИРД, Тағылымдама, Педагогикалық практика, Зерттеу практикасы және Кешенді экзамен жеке жоспарларға сәйкес

1 курс Магистратура (ПН) 1 жыл 9) Күзгі семестр -15 аптаПререквизиттер негізі 27 тамыз – 8 қыркүйек 2018 жылТеориялық оқыту 10 қыркүйек – 23 желтоқсан 2018 жыл1 аралық бақылау 22 қазан – 28 қазан 2018 жыл2 аралық бақылау 17 желтоқсан – 23 желтоқсан 2018 жылҚорытынды бақылау 24 желтоқсан 2018 жыл – 13 қаңтар 2019

жыл (3 апта)Демалыс күндер 14 қатар – 27 қаңтар 2019 жыл (2 апта)

10) Көктемгі семестр – 16 аптаӨндірістік практика 28 қаңтар – 03 наурыз 2019 жылЕсеп 4 наурыз – 10 наурыз 2019 жылЭИРМ 4 наурыз – 5 мамыр 2019 жыл

3

Page 4:  · Web view2016 жылы QS Халықаралық рейтингіде 345-ші, әлемнің үздік жас университеттері «QS 50х50» жаңа рейтингісінде

Есеп 29 сәуір – 5 мамыр 2019 жылҚорытынды Мемлекеттік аттестация 27 мамыр – 7 шілде 2019 жыл

1 курс Магистратура (ПН) 1,5 жылдық оқыту11) Күзгі семестр -15 апта

Пререквизиттерді игеру 27 тамыз – 8 қыркүйек 2018 жылТеориялық оқыту 10 қыркүйек – 23 желтоқсан 2018 жыл1 аралық бақылау 22 қазан – 28 қазан 2018 жыл2 аралық бақылау 17 желтоқсан – 23 желтоқсан 2018 жылҚорытынды бақылау 24 желтоқсан 2018 жыл – 13 қаңтар 2019

жыл (3 апта)Демалыс күндер 14 қаңтар – 27 қаңтар 2019 жыл (2 апта)

12) Көктемгі семестр – 16 аптаТеориялық оқыту/ ЭИРМ 28 қаңтар – 19 мамыр 2019 жыл1 аралық бақылау 11 наурыз – 17 наурыз 2019 жыл2 аралық бақылау 13 мамыр – 19 мамыр 2019 жылҚорытынды бақылау 20 мамыр – 2 маусым 2019 жыл (2 апта)ЭИРМ 03 маусым – 16 маусым 2019 жылЕсеп 17 маусым – 23 маусым 2019 жылЖазғы семестр 10 маусым – 21 шілде 2019 жыл

2 курс Магистратура (ПН) 1,5 жылдық оқыту13) Күзгі семестр -15 апта

Өндірістік практика 03 қыркүйек – 11 қараша 2018 жылЕсеп 12 қараша – 18 қараша 2018 жыл

ЭИРМ 29 қазан 2018 жыл – 16 желтоқсан 2018 жыл

Есеп 17 желтоқсан 2018 жыл – 23 желтоқсан 2018 жыл

Қорытынды Мемлекеттік аттестация 14 қаңтар – 24 ақпан 2019 жыл

4

Page 5:  · Web view2016 жылы QS Халықаралық рейтингіде 345-ші, әлемнің үздік жас университеттері «QS 50х50» жаңа рейтингісінде

Құрастырғандар: Жұмыс тобы

1. Молдажанова А.А.– педагогика ғылымдарының докторы, доцент – бірінші проректор-оқу ісі жөніндегі проректор;

2. Палымбетов Ш.Б. – Академиялық мәселелер департаментінің директоры;

3. Қыдырбаева А.Т. – Тіркеу офисінің жетекшісі;4. Оразалиев Б.А. – Ғылыми кітапхана директоры;5. Бияхметова Г.А. – Қаржы департаменті директорының орынбасары;6. Аубакирова М.А. – Қызметкерлерді басқару бөлімінің бастығы;7. Нұржанов Е.Б. – Ақпараттық технологиялар бөлімінің бастығы;

Рецензенттер:1. Ахметова Ш.Т. – Академиялық мәселелер департаменті директорының

орынбасары.

Анықтамалық көрсеткіш Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің құрылымы, кітапхананы пайдалану ережелері, білім алушылардың жатақханадағы тұрмыс жайы туралы жаңа мағлұматтар береді. Анықтамалықта оқу үдерісін кредиттік жүйемен ұйымдастыру жайлы түсініктемелер: білімді бағалау шкаласы, GPA бойынша басты талаптар, емтихан сессиялары, білім алушыларды оқудан шығару және оларды оқуға қайта қабылдау жайында мағлұмат беріледі.

Анықтамалық көрсеткіш Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті білім алушыларына арналған.

5

Page 6:  · Web view2016 жылы QS Халықаралық рейтингіде 345-ші, әлемнің үздік жас университеттері «QS 50х50» жаңа рейтингісінде

Құрметті достар!

1996 жылы мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қолдауымен құрылған еліміздегі ең үздік жоғары оқу орны Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне қош келдіңіздер.

Біз түлектердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, жұмыс берушілердің қажеттіліктерін анықтау арқылы, оқытудың инновациялық әдістерін қолдану, ғылыми-зерттеу қызметтерінің концепцияларын әзірлеу, ғылыми мектептердің қызметтерін іске қосу сияқты маңызды

стратегиялық бағыттарды жүзеге асырамыз.2016 жылы QS Халықаралық рейтингіде 345-ші, әлемнің үздік жас

университеттері «QS 50х50» жаңа рейтингісінде 37-ші орынды, Қазақстанның көпсалалы жоғары оқу орындары арасында 3 жыл қатарынан 1-орынды иелендік. Еуропаның ғылыми жетілдірілген палатасының «Евростандарт» рейтингі бізді ең үздік қазақстандық жоғары оқу орны ретінде анықтады, және біз Достастық елдер арасындағы университеттердің үздігіміз. Басты жетістігіміздің бірі – Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын Сапа» сыйлығы.

Кафедраларда, ғылыми-зерттеу институттарында және ғылыми орталықтарда сіздерге 1800-ге жуық оқытушылар: академиктер, ғылым академияларының мүше-корреспонденттері, ҚР мемлекеттік сыйлығының иегерлері, ғылым докторлары, ғылым кандидаттары, профессорлар мен доценттер білім береді.

Көптеген ғалымдарымыздың есімі шетелдерде танымал, сондай-ақ біз негізінен әлемдік рейтингте үздік 500-дікке кіретін жоғары оқу орындарының оқытушыларымен жұмыс жасаймыз. Бұл университетіміздің ғылыми және білім беру қызметі үшін ғана емес, сонымен қатар сіздердің ғылыми мүмкіндіктеріңізді арттыруға ықпал етеді.

Құрметті достар, қазіргі таңда еліміздің ұлттық университеті қабырғасында он үш факультетте 71 бакалавр мамандығы, 68 магистратура және 39 PhD докторантура мамандықтары бойынша 17000-нан астам білім алушылар оқиды. Осы деректер Еуразия ұлттық университетінің Қазақстандағы басты білім беру, ғылыми, мәдени орталығы екенін дәлеледейді. Біздің жоғары оқу орынында білім алу – үлкен абырой екендігі өмірде дәлелденген.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің түлектері Қазақстандық және халықаралық ірі мекемелерде қызмет атқарып, әлемнің озық ғылыми орталықтарында өз білімдерін жалғастыруда.

Сіздер бүгін біздің жоғары оқу орнының босағасын аттаған талапкерлер болсаңыздар, ертең оның түлектері болып шығасыздар. Университет ұсынған барлық мүмкіндіктерді пайдаланыңыздар, жоғары мамандандырылған маман иесі болып, ұстаздарыңыздан оза біліңіздер, әрқайсысыңыз алға қойған мақсаттарыңызды бағындыруға ұмтылыңыздар!

6

Page 7:  · Web view2016 жылы QS Халықаралық рейтингіде 345-ші, әлемнің үздік жас университеттері «QS 50х50» жаңа рейтингісінде

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ректорыСЫДЫҚОВ Ерлан Бәтташұлы

УНИВЕРСИТЕТ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕР

1996 жылы құрылған Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ – Қазақстандағы ең ірі ЖОО-дың бірі. Университетті ашуға еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Еуразиялық одақ құру идеясы негіз болды. Елбасының жеке бастамасымен университетке аса көрнекті еуразияшыл ғалым Лев Николаевич Гумилевтің есімі берілді.

2003 жылы 26 желтоқсанда университет «ұлттық» мәртебесіне ие болды. 2000 жылдан Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ халықаралық дәрежедегі жоғарғы оқу орны болып саналады.

2012 жылы «Қызмет көрсететін үздік кәсіпорын» аталымындағы ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының лауреаты атанды.

Көп салалы жоғары білікті мамандар дайындау 13 факультеттегі 74 білім беру бағдарламалары бойынша оқытылатын бакалавриатта, 91 білім бағдарламасы бойынша оқытылатын магистратурада және 39 бағдарлама бойынша оқытылатын PhD докторантурада жүзеге асырылады.

ЕҰУ – бұл жоғары білікті оқытушы-профессорлар құрамы бар жоғарғы оқу орны. Университеттің 68 кафедрасында ҚР Бақылау комитетінің дипломын алған 265 ғылым докторы, 660 ғылым кандидаты мен доценттер, 119 PhD докторы жұмыс істейді.

Университетте оқытудың озық технологияларына сай Интернет жүйесіне қосылған компьтерлік сыныптар, лингофон кабинеттері мен дыбыс-бейне құрылғыларымен, интерактивті тақталармен жабдықталған дәрісханалар бар.

Еуразия ұлттық университеті – жоғарғы оқу орындарының Еуропалық ассоциациясының, Университеттердің халықаралық ассоциациясының, Еуразия университеттері ассоциациясының, Халықаралық Ғылым академиясы жоғарғы мектебінің, ТМД және Балтық жағалауы елдері халықаралық зерттеу ассоциациясының толық мүшесі. Бұл ЕҰУ-нің халықаралық деңгейде танымалдылығын айғақтайды. Университеттің халықаралық ынтымақтастығын дамыту аясында Еуропа, Азия, Америка елдерінің 130-дан астам жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық қатынас туралы келісім-шарт жасалды: Падуан университеті (Италия), Бабеш Боляй университеті (Румыния), Кордоба университеті (Испания), Сеуль университеті (Корея), Джорджия университеті (АҚШ), Клод Бернар Лион-1 және Лиль университеттері (Франция), Малайзия Технологиялық университеті (Малайзия), М.В. Ломоносов атындағы ММУ (Ресей), Вильнюс университеті (Литва), Стамбул университеті (Түркия), Синдзянь университеті (Қытай), Олеся Гончар атындағы Днепропетровск ұлттық университеті (Украина) және әлемнің көптеген басқа университеттері.

7

Page 8:  · Web view2016 жылы QS Халықаралық рейтингіде 345-ші, әлемнің үздік жас университеттері «QS 50х50» жаңа рейтингісінде

Болон декаларациясына қосыла отырып, Қазақстан 2005 жылдан еліміздің кәсіби білім беру жүйесінің еуропалық білім беру кеңістігіне енуіне қатысты шараларға белсенді түрде қатысып келеді. Бұл бағыттағы Еуразия ұлттық университетінің білім беру және ғылым саласындағы қызметінің негізгі құраушы бөлігі – білім беру қызметтерін экспорттау және халықаралық білім беру бағдарламаларына қатысу.

Бүгінгі таңда Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ білім алушылары, оқытушы-профессорлар құрамы мен қызметкерлері келесі халықаралық білім беру бағдарламаларына белсенді түрде қатысуда: білім алушыларға, магистранттарға, оқытушыларға арналған Erasmus Mundus академиялық ұтқырлық бағдарламасы, Еуропалық Одақ қаржыландыратын TEMPUS университетаралық ынтымақтастық бағдарламасы, ITEC, DAAD бағдарламалары, шетелдік жоғарғы оқу орындарының, Елшіліктерінің, Үкіметтерінің, орталықтарының алмасу бағдарламалары.

Аталған бағдарламаларға қатысу Еуразия ұлттық университетінің әлемдік білім беру және ғылым кеңістігіне енуін жеделдетіп қана қоймай, өзі ұсынып отырған білім беру бағдарламаларының бәсекеге қабілеттілігі мен сапасын арттырады, жоғарғы білім туралы дипломдарының мәртебесін өсіреді.

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың шетелдік әріптес жоғары оқу орындарымен бірге қос дипломды білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруға қатысуы, сонымен бірге ШЫҰ елдері университеттерінің, ТМД желілік университетінің, М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстандағы филиалының жұмыстарына қатысуы бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамытуға ықпал етеді.

Университетте жапон, неміс, үнді және иран мәдени орталықтары бар. Бұл орталықтар осы ұлттардың дәстүрімен, әдет-ғұрыптарымен, ежелгі мәдениетімен танысуға және неміс, үнді, иран тілдерін терең меңгеруге мүмкіндік береді.

ЕҰУ-де 6 оқу ғимараты, 8 жатақхана, спорт кешені, асхана, жүзу бассейні, «Зеренді» көлінің жанындағы шипажай-сауықтыру кешені бар. Ақмола облысы.

ЕҰУ-де Жастар саясаты орталығы, түрлі бағыттағы білім алушылық клубтар мен қоғамдық бірлестіктер белсенді жұмыс істейді: «Дипломатиялық альянс», «Көшбасшы (Лидер)», «Көңілділер мен тапқырлар клубы (Клуб веселых и находчивых)», «Қаржыгер (Финансист)» ғылыми-білім алушылық клубы, «Қазақ Елі» зияткерлік жарыссөз клубы, «Жас маман (Молодой специалист)» экономикалық бюросы, т.б. Белсенді және шығармашылық ізденісі бар білім алушылар үшін «Шабыт» шығармашылық бірлестігі мен оның студиясы қызмет етеді.

8

Page 9:  · Web view2016 жылы QS Халықаралық рейтингіде 345-ші, әлемнің үздік жас университеттері «QS 50х50» жаңа рейтингісінде

УНИВЕРСИТЕТ ҚҰРЫЛЫМЫ

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың құрылымына мыналар кіреді: Ректорат Тіркеу офисі Академиялық мәселелер департаменті: - жоспарлау және оқу-әдістемелік жұмыстар бөлімі; - оқу үдерісін ұйымдастыру және мониторингтеу бөлімі; - карьера және бизнес-әріптестік бөлімі. Жоғарғы білімнен кейінгі деңгейдегі қорытынды аттестациялауды

ұйымдастыру бөлімі Ғылыми кітапхана Ақпараттық технологиялар бөлімі Даму және академиялық саясат департаменті:- стратегияны жүзеге асыру жөніндегі мониторинг бөлімі;- сапаны бағалау бөлімі- аккредиттеу мен рейтинг бөлімі Халықаралық ынтымақтастық департаменті:- халықаралық қызметті дамыту бөлімі;- халықаралық білім беру бағдарламалары бөлімі;- көптілді білім беру мен академиялық ресурстарды дамыту бөлімі. Веб-өкілдік бөлімі Ғылым және инновациялар департаменті:- ғылым бөлімі;- ғылыми-техникалық бағдарламалар бөлімі Технологиялар коммерциаландыру департаменті- коммерцияландыру бөлімі 

- ақпараттық –патенттік қызмет бөлі - инновациялар мен патенттік қызмет көрсету бөлімі - инновациялық паркі

Әлеуметтік және азаматтық даму жөніндегі департаменті:- студенттер мен жастар ұйымдарымен жұмыс бөлімі;- әлеуметтік-мәдени жұмыстар жөніндегі бөлім.- Медициналық орталық Жастар саясаты орталығы Спортклуб Білім алушылар үйінің дирекциясы Мұражай

Біздің мекен-жайымыз:010008, Астана қ., Қ.Сәтпаев к., 2.

9

Page 10:  · Web view2016 жылы QS Халықаралық рейтингіде 345-ші, әлемнің үздік жас университеттері «QS 50х50» жаңа рейтингісінде

УНИВЕРСИТЕТ БАСШЫЛЫҒЫ

СЫДЫҚОВ Ерлан БәтташұлыЛ.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ректоры

Тарих ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық педагогикалық білім беру академиясының академигіМекен-жайы: Астана қаласы, Қ.Сәтпаев көшесі, 2-үй,оқу-әкімшілік корпус, 200 каб.Телефон: 8 (7172) 709 509

Эл. пошта: [email protected]

Молдажанова Асемгуль Александровна Оқу ісі жөніндегі проректор

Педагогика ғылымдарының докторы, доцент Мекен-жайы: Астана қаласы, Қ.Сәтпаев көшесі, 2-үй, оқу-әкімшілік корпусы, 205 каб. Телефон: +7 (7172) 709 468

Эл.пошта: [email protected]

Сомжүрек Баубек Жұмашұлы Халықаралық байланыстар және инновациялар жөніндегі проректор Тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Мекен-жайы: Астана қаласы, Қ.Сәтпаев көшесі, 2-үй, оқу-әкімшілік корпусы, 246 каб. Телефон: +7 (7172) 709 473 Эл. пошта: [email protected]

Қанаев Серікжан Зиаданұлы Стратегиялық даму жөніндегі проректор Саяси ғылымдарының докторы, Философия ғылымдарының кандидаты, профессор

Мекен-жайы: Астана қаласы, Қ.Сәтпаев көшесі, 2-үй, оқу-әкімшілік корпусы, 205 каб.

Телефон: 8 (7172) 709 468 Эл.пошта: kanayev_sz@ enu . kz

10

Page 11:  · Web view2016 жылы QS Халықаралық рейтингіде 345-ші, әлемнің үздік жас университеттері «QS 50х50» жаңа рейтингісінде

Дихан ҚамзабекұлыӘлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі проректор

Филология ғылымдарының докторы, профессор Мекен-жайы: Астана қ., Қ.Сәтпаев көшесі, 2-үй,оқу-әкімшілік корпус, 243 каб.Телефон: +7 (7172) 709 472 Эл. пошта: dikhan . kamzabek @ enu . kz

Мерзадинова Гүлнәр Тынышбайқызы Ғылыми-зерттеу жұмыстары жөніндегі проректор Техникалық ғылымдарының докторы

оқу-әкімшілік корпус, 201 каб. Телефон: +7 (7172) 709500 31209 Эл. пошта: [email protected]

Нұрманбетова Жанна Қадырбайқызы

Ғылыми хатшы Педагогика ғылымдарының кандидаты

Мекен-жайы: Астана қ., Қ.Сәтпаев көшесі, 2-үй, оқу-әкімшілік корпус, 212 каб. Телефон: +7 (7172) 709 500, ішкі: 31 239 Эл. пошта: [email protected]

Палымбетов Шамен БалтабайұлыАкадемиялық мәселелер департаментінің директоры

Мекен-жайы: Астана қ., Қ.Сәтпаев көшесі, 2-үй,оқу-әкімшілік корпус, 120 каб.Телефон: +7 (7172) 709 465, ішкі: 31 147Эл. пошта: [email protected]

11

Page 12:  · Web view2016 жылы QS Халықаралық рейтингіде 345-ші, әлемнің үздік жас университеттері «QS 50х50» жаңа рейтингісінде

ФАКУЛЬТЕТТЕР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ АҚПАРАТ

ЖУРНАЛИСТИКА ЖӘНЕ САЯСАТТАНУ ФАКУЛЬТЕТІ

Факультет деканы –Сақ Қайрат Өмірбайұлы филология ғылымдарының кандидаты, профессор.Мекен-жайы: Астана қ., Янушкевич к., 6, 213 каб.Тел.: 8 (7172) 709 534, ішкі: 35 200 Эл. пошта: [email protected]

Деканның ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары –Мырзабаева Айгерім НұрланқызыТел.: 8 (7172) 709 534, ішкі: 35 208Эл. пошта: [email protected]

Деканның студенттермен жұмыс жөніндегі орынбасары –Болатова Гулжаухар ЖамбылқызыІшкі тел.: 35 207Эл. пошта: gulzhauhar. bolatova @yandex.ru

Факультет үш деңгейлі жүйе бойынша мамандар даярлайды:Бакалавриат: 5В050400 – Журналистика 5В042200 – Баспа ісі5B050200 – Саясаттану5B051400 – Қоғаммен байланыс

Магистратура (бейіндік және ғылыми-педагогикалық): 6М050400 – Журналистика 6M050200 – Саясаттану6М050200- Саясаттану /1 ж/

6М051400 – Қоғаммен байланыс

Докторантура: 6D050400 – Журналистика 6D050200 – Саясаттану

АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ФАКУЛЬТЕТІ

Факультет деканы – Нұрбекова Жанат ҚұнапиақызыПедагогика ғылымдарының докторы, профессор. Мекен-жайы: Астана қ., Пушкин к., 11, 201 каб.

12

Page 13:  · Web view2016 жылы QS Халықаралық рейтингіде 345-ші, әлемнің үздік жас университеттері «QS 50х50» жаңа рейтингісінде

Тел.: 8 (7172) 709 480, ішкі: 34 200 Эл. пошта: [email protected]

Деканның академиялық мәселелер жөніндегі орынбасары – Закирова Алма Булатовна Мекен-жайы: Астана қ., Пушкин к., 11, 205 каб.Тел.: 8 (7172) 709 480, ішкі: 34 214, Эл. пошта: [email protected]

Деканның ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары – Жумадиллаева Айнур КанадиловнаМекен-жайы: Астана қ., Пушкин к., 11, 205 каб.Тел.: 8 (7172) 709 480, ішкі: 34 206Эл. пошта: [email protected]

Деканның студенттермен жұмыс жөніндегі орынбасары – Алимбекова Назым АхатовнаМекен-жайы: Астана қ., Пушкин к., 11, 203 каб.Тел.: 8(7172) 709 480, ішкі: 34 206Эл. пошта: [email protected]

Факультет үш деңгейлі жүйе бойынша мамандар даярлайды:Бакалавриат: 5В070400 – Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету 5В070300 – Ақпараттық жүйелер5В011100 – Информатика (білім беру бағыты)5В060200 – Информатика (жаратылыстану бағыты)5В100200 – Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері5B070200 – Автоматтандыру және басқару

Магистратура (бейіндік және ғылыми-педагогикалық): 6M070400 – Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету 6M070300 – Ақпараттық жүйелер6M011100 – Информатика (білім беру бағыты)6M060200 – Информатика (жаратылыстану бағыты)6М100200 – Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері6M070200 – Автоматтандыру және басқару

Докторантура: 6D070400 – Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету 6D070300 – Ақпараттық жүйелер6D011100 – Информатика (білім беру бағыты)6D060200 – Информатика (жаратылыстану ғылымы)6D070200 – Автоматтандыру және басқару

13

Page 14:  · Web view2016 жылы QS Халықаралық рейтингіде 345-ші, әлемнің үздік жас университеттері «QS 50х50» жаңа рейтингісінде

МЕХАНИКА-МАТЕМАТИКА ФАКУЛЬТЕТІ

Факультет деканы – Жәйшібеков Нұрболат ЖұмабекұлыФизика-математика ғылымдарының докторы, профессор. Мекен-жайы: Астана қ., Мұңайтпасов к., 13, 203 каб.Тел.: 8 (7172) 709 469, ішкі: 33 200 Эл. пошта: jaychibekov _ ng @ enu . kz

Деканның ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары – Бұрғұмбаева Сәуле ҚайрбекқызыМекен-жайы: Астана қ., Мұңайтпасов к., 13, 204 каб.Тел.: 8 (7172) 709 469, ішкі тел.: 33 213Эл. пошта: [email protected]

Деканның студенттермен жұмыс жөніндегі орынбасары –Жұманбаева Айжан СерікқызыМекен-жайы: Астана қ., Мұңайтпасов к., 13, 205 каб.Тел.: 8 (7172) 709 469, ішкі тел.: 33 227Эл. пошта: : [email protected]

Факультет үш деңгейлі жүйе бойынша мамандар даярлайды: Бакалавриат:

5B060100 – Математика (жаратылыстану бағыты)5B010900 – Математика (білім беру бағыты)5B060300 – Механика5B070500 – Математикалық және компьютерлік модельдеу

Магистратура:

6M060100 – Математика (жаратылыстану бағыты)6M010900 – Математика (білім беру бағыты)6M060300 – Механика6M070500 – Математикалық және компьютерлік модельдеу

Докторантура: 6D060100 – Математика6D070500 – Математикалық және компьютерлік модельдеу

ЗАҢ ФАКУЛЬТЕТІ

Факультет деканы – Амандықова Сәуле КөшкінқызыЗаң ғылымдарының докторы, профессор.Мекен-жайы: Астана қ., Қ.Сәтпаев көшесі., 2, 217 каб. Тел.: 8 (7172) 709 538, ішкі: 31 248Эл.пошта: amandykova_sk@ enu.kz

14

Page 15:  · Web view2016 жылы QS Халықаралық рейтингіде 345-ші, әлемнің үздік жас университеттері «QS 50х50» жаңа рейтингісінде

Деканның ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары – Өмірзақов Пернебек Құрашұлы Мекен-жайы: Астана қ., Қ.Сәтпаев көшесі, 2, 220 каб. Тел.: 8 (7172) 709 461, ішкі: 31 296Эл.пошта: Оmirzakov_РК@enu.kz

Деканның студенттермен жұмыс жөніндегі орынбасары – Сеилханов Жанат ДюйсенбаевичМекен-жайы: Астана қ., Қ.Сәтпаев көшесі, 2, 221 каб. Тел.: 8 (7172) 709 461, ішкі тел.: 31 259Эл.пошта: [email protected]

Факультет үш деңгейлі жүйе бойынша мамандар даярлайды:Бакалавриат:5B030100 – «Құқықтану»5B030200 – «Халықаралық құқық»

Магистратура:6M030100 – «Құқықтану»6M030100 – «Құқықтану»/1ж/6M030100 – «Құқықтану»/1ж/ (Өндірістік орындаушы)6M030100 – «Құқықтану»/1ж/ ( Сот сараптамасы)6M030200 – «Халықаралық құқық»6M030200 – «Халықаралық құқық»/1ж/

Докторантура:6D030100 – «Құқықтану»6D030200 – «Халықаралық құқық»

ӘЛЕУМЕТТІК ҒЫЛЫМДАР ФАКУЛЬТЕТІ

Факультет деканы – Қашхынбай Байжұман БалтабайұлыМекен жайы: Астана қ., Янушкеевич к. 6, 109 каб.Тел.: 8 (7172) 709 544, ішкі: 35 101Эл. пошта: [email protected]

Деканның ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары –Исаханова Әсел АлимаханқызыМекен жайы: Астана қ., Янушкеевич к. 6, 109 каб.Тел.ішкі: 35 103Эл. пошта: Issahanova _ aa @ enu . kz

Деканның студенттермен жұмыс жөніндегі орынбасары –

15

Page 16:  · Web view2016 жылы QS Халықаралық рейтингіде 345-ші, әлемнің үздік жас университеттері «QS 50х50» жаңа рейтингісінде

Гитихмаева Людмила МагомедовнаМекен жайы: Астана қ., Янушкеевич к. 6, 108 каб.Тел.ішкі: 35 109Эл. пошта: Gitihmaeva _ LM @ enu . kz

Факультет үш деңгейлі жүйе бойынша мамандар даярлайды:Бакалавриат5В020600 – Дінтану 5В050100 – Әлеуметтану 5В050300 – Психология 5В010800 – Дене тәрбиесі және спорт 5В090500 – Әлеуметтік жұмыс 5В020400 – Мәдениеттану 5В020100 – Философия5В012300 – Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану

Магистратура6М010300 – Педагогика және психология 6М020100 – Философия 6М020600 – Дінтану 6М050100 – Әлеуметтану 6М050300 – Психология 6М090700 – Әлеуметтік жұмыс 6М020400 – Мәдениеттану 6М012300 – Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану 6 M 010800 – Дене тәрбиесі және спорт

Докторантура6 D 010300 – Педагогика және психология 6 D 050100 – Әлеуметтану 6D020100 – Философия 6D012300 – Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану 6D020400 –Мәдениеттану

КӨЛІК-ЭНЕРГЕТИКА ФАКУЛЬТЕТІ

Факультет деканы – Сүлейменов Тыныс БөлекбайұлыТехника ғылымдарының докторы, профессор Мекен жайы: Астана қ., Мұңайтпасов к., 13, 135 каб.Тел.: 8 (7172) 709 529, ішкі: 33 100 Эл. пошта: [email protected], [email protected]

Деканның академиялық мәселелер жөніндегі орынбасары – Сансызбаева Зура КелесбековнаМекен жайы: Астана қ., Мұңайтпасов к., 13, 133 каб.

16

Page 17:  · Web view2016 жылы QS Халықаралық рейтингіде 345-ші, әлемнің үздік жас университеттері «QS 50х50» жаңа рейтингісінде

Тел: 8 (7172) 709 529, ішкі: 33 128Эл. пошта: sansyzbayeva _ zk @ enu . kz

Деканның ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары – Сұлтанов Тимур Төлеуғалиұлы Мекен жайы: Астана қ., Мұңайтпасов к., 13, 133 каб.Тел.: 8 (7172) 709 529, ішкі: 33 122Эл. пошта: [email protected]

Деканның студенттермен жұмыс жөніндегі орынбасары – Джаксымбетова Макпал АдилкановнаАдрес: Астана қ., Мұңайтпасов к., 13, 134 каб.Тел.: 8 (7172) 709 529, ішкі: 33 112Эл. пошта: dzhaxymbetova _ ma @ enu . kz

Факультет екі деңгейлі жүйе бойынша мамандар даярлайды:Бакалавриат: 5В071300 – Көлік, көлік техникасы және технологиялары5В071700 – Жылу энергетикасы5В073200 – Стандарттау және сертификаттау(салалар бойынша) 5В090100 – Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру5В075000 - Метрология Магистратура: 6М071300 – Көлік, көлік техникасы және технологиялары6М071700 – Жылу энергетикасы6М075000 – Метрология6М073200 – Стандарттау және сертификаттау6М090100 – Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ФАКУЛЬТЕТІ

Факультет деканы – Жолдасбекова Акбота НиязовнаСаясаттану ғылымдарының кандидаты, профессор м.а.Мекен-жайы: Астана қ., Қ.Сәтпаев көшесі, 2, 321 каб.Тел.: 8 (7172) 709 536, ішкі: 31 300 Эл. пошта: zholdasbekova _ an @ enu . kz

Деканның ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары – Әбішева Мадина МағазқызыМекен-жайы: Астана қ., Қ.Сәтпаев көшесі, 2, 376 каб.Тел.: 8 (7172) 709 500, ішкі: 31 376

17

Page 18:  · Web view2016 жылы QS Халықаралық рейтингіде 345-ші, әлемнің үздік жас университеттері «QS 50х50» жаңа рейтингісінде

Эл. пошта: [email protected]

Деканның студенттермен жұмыс жөніндегі орынбасары –Қосыбаев Мирас МахмедунұлыМекен-жайы: Астана қ., Қ.Сәтпаев көшесі, 2, 321 каб.Тел.: 8 (7172) 709 536, ішкі: 31 359Эл. пошта: [email protected]

Факультет үш деңгейлі жүйе бойынша мамандар даярлайды:Бакалавриат 5В020200 – Халықаралық қатынастар5В050500 – Аймақтану5В020900 – Шығыстану5В021200 – Түркітану5В021000 – Шетел филологиясы: түрік тілі (ағылшын тілі қоса меңгеріледі)

Магистратура 6М020200 – Халықаралық қатынастар6М050500 – Аймақтану6М020900 – Шығыстану6М020500 – Филология: түрік тілі 6М021200 – Түркітану

Докторантура 6D020200 – Халықаралық қатынастар6D050500 – Аймақтану6D021200 – Түркітану

ЭКОНОМИКА ФАКУЛЬТЕТІ

Факультет деканы – Мақыш Серік БиханұлыЭкономика ғылымдарының докторы, профессор. Мекен-жайы: Қ. Мұңайтпасов к., 11, 604 каб.Тел.: 8 (7172) 709 534, ішкі: 32 600Эл. пошта: [email protected]

Деканның академиялық мәселелер жөніндегі орынбасары – Тәжікенова Сапия ҚарғабайқызыЭкономика ғылымдарының кандидаты, доцент.Мекен-жайы: Қ. Мұңайтпасов к., 11, 611 каб.Тел.: 8 (7172) 709 534, ішкі: 32 666Эл. пошта: tazhikenova_sk@ enu.kz

Деканның ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары – Бакирбекова Айгуль Макулбекқызы

18

Page 19:  · Web view2016 жылы QS Халықаралық рейтингіде 345-ші, әлемнің үздік жас университеттері «QS 50х50» жаңа рейтингісінде

Мекен-жайы: Қ. Мұңайтпасов к.,11, 611 каб.Тел.: 8 (7172) 709 534, ішкі: 32 608 Эл. пошта: [email protected]

Деканның студенттермен жұмыс жөніндегі орынбасары –Күнгелдіқызы ШынарМекен-жайы: Қ. Мұңайтпасов к.,11, 611 каб.Тел.: 8 (7172) 709 534, ішкі: 32 605Эл. пошта: kungeldikyzy _ sh @ enu . kz

Факультет үш деңгейлі жүйе бойынша мамандар даярлайды:Бакалавриат: 5В052000 – Мемлекеттік аудит5B050600 – Экономика

5B050700 – Менеджмент 5B050800 – Есеп және аудит5B050900 – Қаржы5B051000 – Мемлекеттік және жергілікті басқару5B090200 – Туризм

Магистратура: 6М052000 – Мемлекеттік аудит6М052000 – Мемлекеттік аудит /1,5/6M050600 – Экономика6M050600 – Экономика /2/( Мамандандыру:ДСҰ)6M050600 – Экономика /1/ 6M050700 – Менеджмент 6M050700 – Менеджмент /1/6M050800 – Есеп және аудит6M050800 – Есеп және аудит /1/6M050900 – Қаржы6M050900 – Қаржы /1/6M051000 – Мемлекеттік және жергілікті басқару6M051000 – Мемлекеттік және жергілікті басқару /1/ 6M090200 – Туризм6M090200 – Туризм /1/

Докторантура: 6D052000 – Мемлекеттік аудит6D050600 – Экономика6D050900 – Қаржы6D090200 – Туризм6D051700 – Инновациялық менеджмент

19

Page 20:  · Web view2016 жылы QS Халықаралық рейтингіде 345-ші, әлемнің үздік жас университеттері «QS 50х50» жаңа рейтингісінде

ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ

Факультет деканы – Жарқынбекова Шолпан ҚұзарқызыФилология ғылымдарының докторы, профессор. Мекен-жайы: Астана қ., Қ. Мұңайтпасов к., 11., 317 каб.Тел.: 8 (7172) 709 502, ішкі: 32 300, 32 311 Эл. пошта: [email protected]

Деканның академиялық мәселелер жөніндегі орынбасары – Кожахметова Гульсара АмангельдиеваМекен-жайы: Астана қ., Қ. Мұңайтпасов к., 11.Тел.: 8 (7172) 709 502, ішкі тел.: 32 309Эл. пошта: kozhakhmetova _ ga @ enu . kz

Деканның ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары –Тусупбекова Мадина ЖанбырбаевнаМекен-жайы: Астана қ., Қ. Мұңайтпасов к., 11.Тел.: 8 (7172) 709 502, ішкі тел.: 32 309Эл. пошта: tussupbekova _ mzh @ enu . kz

Деканның студенттермен жұмыс жөніндегі орынбасары – Әбдімәулен Гүлмира Әбдімәуленқызы Мекен-жайы: Астана қ., Қ. Мұңайтпасов к., 11.Тел.: 8 (7172) 709 502, ішкі тел.: 32 306Эл. пошта: abdimaulen_ga@ enu.rz

Факультет үш деңгейлі жүйе бойынша мамандар даярлайды:Бакалавриат: 5В021000 – Шетел филологиясы (ағылшын тілі)5В021016 – Шетел филологиясы (қытай тілі)5В011900 – Шет тілі: екі шет тілі (ағылшын тілі)5В011924 – Шет тілі: екі шет тілі (француз тілі)5В011923 – Шетел тілі: екі шет тілі (неміс тілі)5B020500 – Филология: (қазақ филологиясы,)5B020500 – Филология: (орыс филологиясы)5B011800 – Орыс тілі мен әдебиет5В011700 – Қазақ тілі мен әдебиет5В020700 – Аударма ісі

Магистратура (бейіндік және ғылыми-педагогикалық): 6М021000 – Шетел филологиясы (ағылшын тілі)6М011900 – Шет тілі: екі шет тілі

20

Page 21:  · Web view2016 жылы QS Халықаралық рейтингіде 345-ші, әлемнің үздік жас университеттері «QS 50х50» жаңа рейтингісінде

6М020500 – Филология: (қазақ филологиясы)6М020500 – Филология: ( орыс филологиясы)6М011800 – Орыс тілі мен әдебиет6М011700 – Қазақ тілі мен әдебиет6М020700 – Аударма ісі 6М020700 – Аударма ісі ( Аударма ісі: Ауызша аударма) (Жеке білім бағдарламасы)

Докторантура6D020500 – Филология:казахский язык, русский язык6D021400 – Әдебиеттану6D020700 – Аударма ісі6D021000 – Шетел филологиясы6D011700 – Қазақ тілі мен әдебиет

ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМДАРЫ ФАКУЛЬТЕТІ

Факультет деканы – Шәпекова Нэля Лұкпанқызымедицина ғылымдарының докторы, профессор.Мекен-жайы: Астана қ., Қ. Мұңайтпасов к., 13, 238 каб.Тел.: 8 (7172) 709 530, ішкі: 33 201 Эл. пошта: [email protected]

Деканның ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары – Сафаров Руслан ЗайирұлыМекен-жайы: Астана қ., Қ. Мұңайтпасов к., 13Тел.: 8 (7172) 709 500, ішкі: 33 222Эл. пошта: [email protected]

Деканның студенттермен жұмыс жөніндегі орынбасары – Макашева Гульмира СоветгалиевнаМекен-жайы: Астана қ., Қ. Мұңайтпасов к., 13Тел.: 8 (7172) 709 500, ішкі: 33 224Эл. пошта: makasheva _ gs @ enu . kz

Факультет үш деңгейлі жүйе бойынша мамандар даярлайды:Бакалавриат: 5В060600 – Химия 5В060700 – Биология5B060800 – Экология5B060900 – География5В070100 – Биотехнология5В061000 – Гидрология

21

Page 22:  · Web view2016 жылы QS Халықаралық рейтингіде 345-ші, әлемнің үздік жас университеттері «QS 50х50» жаңа рейтингісінде

Магистратура (жаратылыстану және білім беру): 6М060600 – Химия (жаратылыстану бағыты)6М060700 – Биология (жаратылыстану бағыты)6М011200 – Химия (білім беру)6М011300 – Биология (білім беру)6М060800 – Экология6М060900 – География6М070100 – БиотехнологияДокторантура: 6D060600 – Химия6D060700 – Биология6D060800 – Экология6D060900 – География

СӘУЛЕТ-ҚҰРЫЛЫС ФАКУЛЬТЕТІ

Факультет деканы – Баймұханов Серіктай КәкенұлыТехника ғылымдарының докторы, профессорМекен жайы: Астана қ., Қ. Мұңайтпасов к., 13, каб. 210 бТел: 8(7172)709-500, ішкі. 33300, 709-532, 33218Эл.пошта: [email protected]

Деканның ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары – Самуратова Тәттігүл КакенқызыМекен-жайы: Астана қ., Қ. Мұңайтпасов к., 13Тел.: 8 (7172) 709 532, ішкі: 33 234Эл. пошта: [email protected]

Деканның академиялық мәселелер жөніндегі орынбасары – Жумагулова Адия АскаровнаМекен-жайы: Астана қ., Қ. Мұңайтпасов к., 13Тел.: 8 (7172) 709 500 ішкі: 33225Эл. пошта: [email protected]

Деканның студенттермен жұмыс жөніндегі орынбасары – Тусупбекова Шолпан МукаметкановнаМекен-жайы: Астана қ., Қ. Мұңайтпасов к., 13Тел.: 8 (7172) 709 532, ішкі: 33 323Эл. пошта: Tussupbekova _ shm @ enu . kz

Факультет үш деңгейлі жүйе бойынша мамандар даярлайды:Бакалавриат: 5B071100 – Геодезия және картография (оқу мерзімі 4 жыл)5В072900 – Құрылыс (оқу мерзімі 4 жыл)5B042000 – Сәулет (оқу мерзімі 5 жыл)

22

Page 23:  · Web view2016 жылы QS Халықаралық рейтингіде 345-ші, әлемнің үздік жас университеттері «QS 50х50» жаңа рейтингісінде

5B042100 – Дизайн (оқу мерзімі 5 жыл)(Сәулет)5B042100 – Дизайн (графикалық)5В075200 – Инженерлік жүйелер және желілер (оқу мерзімі 4 жыл)

Магистратура (бейіндік және ғылыми-педагогикалық): 6М071100 – Геодезия6М072900 – Құрылыс6М073000 – Құрылыс материалдары, бұйымдары және конструкцияларын өндіру6M042000 – Сәулет6М073000-Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру. Мамандандыру: Инновациялық технологиялар бойынша құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру және құрылысы6М073000-Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру. Мамандандыру: Энерготиімді және ресурсты үнемдеу технологиясы бойынша бетон және темірбетон бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру және құрылысы6M042100 – Дизайн6М010700 – Бейнелеу өнері және сызу

Докторантура: 6D072900 – Құрылыс

ФИЗИКА-ТЕХНИКАЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТ

Факультет деканы – Ақылбеков Әбдіраш ТасанұлыФизика-математика ғылымдарының докторы, профессор. Мекен-жайы: Астана қ., Қ. Мұңайтпасов к., 3, 314 каб.Тел.: 8 (7172) 709 500, ішкі: 33 301 Эл. пошта: [email protected]

Деканның академиялық мәселелер жөніндегі орынбасары – Кожагельдиев БегманІшкі тел.: 33 317Эл. пошта: kozhageldiyev _ b @ enu . kz

Деканның ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары – Гиниятова Шолпан ГиниятқызыІшкі тел.: 33 307Эл. пошта: [email protected]

Деканның студенттермен жұмыс жөніндегі орынбасары – Маликова Жадра Бейсенгалиевна

23

Page 24:  · Web view2016 жылы QS Халықаралық рейтингіде 345-ші, әлемнің үздік жас университеттері «QS 50х50» жаңа рейтингісінде

Тел.: 8 (7172) 709 500, ішкі тел.: 33 320Эл. пошта: malikova _ zhb _1@ enu . kz

Факультет үш деңгейлі жүйе бойынша мамандар даярлайды:Бакалавриат: 5В060400 – Физика (жаратылыстану ғылымдары)5В060500 – Ядролық физика (оқу мерзімі 5 жыл)5B071900 – Радиотехника, электроника және телекоммуникация5B072300 – Техникалық физика5B074600 – Ғарыштық техника және техналогиялары5B011000 – Физика (білім беру)

Магистратура: 6М011000 – Физика (білім беру)6М060400 – Физика (жаратылыстану ғылымдары)6M060500 – Ядролық физика6M060500 – Радиотехника, электроника және телекоммуникация6M072300 – Техникалық физика6M074000 – Нанотехналогия және наноматериалдар5М074600 – Ғарыштық техника және техналогиялары/1,5ж./

Докторантура: 6D060400 – Физика 6D060500 – Ядролық физика 6D072300 – Техникалық физика

ТАРИХ ФАКУЛЬТЕТІ

Факультет деканы – Садықов Тлеген СадықұлыТарих ғылымдарының докторы, профессор. Мекен-жайы: Астана қ., Пушкин көшесі, 11, 309 каб.Тел.: 8 (7172) 709 500, ішкі: 34 301Эл. пошта: [email protected]

Деканның ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары (келісім негізінде) – Ерменбаева Гульжан КакимбековнаІшкі тел.: 34 320Эл. пошта: yermenbayeva _ gk @ enu . kz

Деканның студенттермен жұмыс жөніндегі орынбасары (келісім негізінде) – Ракишев Рахметолла ТулемисулыІшкі тел.: 34 317Эл. пошта: [email protected]

Деканның оқу ісі жөніндегі орынбасары –

24

Page 25:  · Web view2016 жылы QS Халықаралық рейтингіде 345-ші, әлемнің үздік жас университеттері «QS 50х50» жаңа рейтингісінде

Исабаев Нұрлан ЖанатұлыІшкі тел.: 34 320Эл. поштасы: ai _ nurlan @ mail . ru

Факультет үш деңгейлі жүйе бойынша мамандар даярлайды:Бакалавриат: 5В020300 – Тарих5В020800 – Археология және этнология

Магистратура: 6М020300 –Тарих 6М020800 – Археология және этнология

Докторантура: 6D020300 –Тарих6D020800 –Археология және этнология

25

Page 26:  · Web view2016 жылы QS Халықаралық рейтингіде 345-ші, әлемнің үздік жас университеттері «QS 50х50» жаңа рейтингісінде

УНИВЕРСИТЕТ БІЛІМ АЛУШЫЛАРЫНЫҢҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

ЕҰУ-нің білім алушылары мынадай құқықтарға ие:

- білім берудің мемлекеттік жалпы стандарттарына сәйкес келетін сапалы білім алу;

- білім беру стандарттарының аясында жеке оқу жоспары бойынша білім алу;

- басқа ЖОО-дағы элективті пәндерді (соның ішінде таңдау бойынша пәндерді оқу);

- қосымша білім беру қызметтерін өзінің қабілеті мен қажетіне қарай алу, оқу жоспарына сәйкес балама курстар таңдауға мүмкіндік алу;

- ҚР Білім және ғылым министрлігінің бекіткен тәртібіне сәйкес басқа оқу орындарынан келесі оқу орнына ауысуға және қайта қабылдануға, бір мамандықтан екінші мамандыққа ауысуға;

- университет кітапханасынан қажетті ақпараттарды алуға, пән бойынша қажетті оқу-әдістемелік кешенді тегін пайдалануға;

- жеке көзқарасы мен пайымдарын еркін жеткізе білуге;

- ҚР заңдарына сәйкес әскери қызметке шақырылуды кейінге қалдыруға.

ЕҰУ білім алушыларының міндеттері:

- әр оқу жылына арналған жеке оқу жоспарын жасау;

- жеке оқу жоспарына сәйкес оқу пәндерін игеру;

- бітіруші курста білімді сырттай бағалау тестілеуінен (ВОУД) өту;

- таңдалған бағыттың теориялық және практикалық дағдыларын меңгеру;

- сабаққа күнделікті қатысу;

- сабаққа кешікпеу;

- сабақты бос жібермеуге, ауырып келмеген жағдайда медициналық анықтамасын көрсету;

26

Page 27:  · Web view2016 жылы QS Халықаралық рейтингіде 345-ші, әлемнің үздік жас университеттері «QS 50х50» жаңа рейтингісінде

- келмеген сабақтарын оқытушы белгілеген мерзімде өтеу;

- оқу пәндері бойынша білім алушылардың өздік жұмыстарының (СӨЖ) барлығын орындау;

- ағымдық, аралық және қорытынды бақылаулардың бәрін тапсыру;

- оқу-әдістемелік әдебиеттер мен университеттің материалдық құндылықтарына ұқыпты қарау;

- ЕҰУ-нің ішкі ережелерін сақтау (сырт киіммен жүруге, темекі шегуге, қатты сөйлеуге тиым салынады);

- бірге оқитын курстастары мен оқытушыларға адал ниетті болу;

- сабаққа жарасымды, іскери киіммен келу;

- тәртіпті және жауапкершілікті сезіну;

- сабақ кезінде ұялы телефондарды сөндіріп қою;

- өз денсаулықтарына ұқыпты қарауға, рухани және физикалық жетістіктерге ұмтылу.

Білім алушылардың өз міндеттері мен жауапкершіліктерін бұзған жағдайында тәртіптік іс-шаралар қолданылады

27

Page 28:  · Web view2016 жылы QS Халықаралық рейтингіде 345-ші, әлемнің үздік жас университеттері «QS 50х50» жаңа рейтингісінде

БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫ КРЕДИТТІК ТЕХНОЛОГИЯ БОЙЫНША ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Жалпы ережелерЛ.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ білім беру траекторияларын таңдау мен

кредиттер түріндегі білім ауқымын есепке алуға негізделген өзін-өзі ұйымдастыру мен өз бетінше білім алу қабілеттерін дамытуды көздейтін кредиттік технология бойынша бакалаврлар, магистрлар мен PhD дкторларды даярлауды жүзеге асырады. ЕҰУ-нің әрбір білім алушысы кредитік оқу технологиясының негізгі ережелерді білуге тиісті:

1. Білім алушының оқу жүктемесінің көлемі оқу жылындағы әр пән бойынша меңгерілетін кредит бойынша өлшенеді;

2. Білім алушының әр пән бойынша оқу жұмысының көлемі 1-ден 6 кредитке дейін болады. Әрбір пән ереже бойынша бір семестр көлемінде оқытылады;

3. Білім алушы жеке оқу жоспары (ЖОЖ) формасында өзінің білім бағдарламасын құрады. ЖОЖ эдвайзер көмегімен әр академиялық кезеңге құрылады, оның басты міндеті – білім алушының білім алу траекториясын таңдауға көмек беру. ЖОЖ құрылғанда білім алушы тіркеу және қайта тіркеу мерзімдерін сақтауға тиісті.

4. Білім алушылардың пәндерді меңгеруге жазылуы (Enrollment) тіркеу офисі қызметі, эдвайзерлердің, кафедра меңгерушілері мен факультет декандарының әдістемелік және кеңес берушілік көмегімен ұйымдастырылады.

Білім алушыларды оқу пәндерін меңгеруге тіркеу білім беру порталында он-лайн тәртібіне жүзеге асырылады.

Пререквизит болып табылатын пән бойынша академиялық қарызы бар білім алушының постреквизит болып табылатын пәнге тіркелуге құқығы жоқ.

Электрондық мәліметтер базасында тіркелу үшін білім алушыға білім беру порталында орналастырылған нұсқаулықпен танысу қажет. Тіркелгенге дейін білім алушы оқудың жеке траекториясын жасау үшін өзінің эдвайзеріне немесе кафедра меңгерушісіне баруы қажет. Олар МОП, ТУП және КЭД-тен модульдер мәселелері бойынша білім алушыларға кеңес береді, түсіндіреді.

5. Бірінші оқу жылының білім алушыларын электрондық базаға енгізу қабылдау мерзімінде ағымдағы жылдың 30 тамызына дейін жүргізіледі.

6. Білім алушылардың оқудағы жетістіктері (білімі, дағдылары, іскерлігі және құзырлығы) халықаралық тәжірибеде қабылданған 4 балдық шкала бойынша тиісті сандық эквиваленті бар әріптік жүйеге (оң бағалар, кемуі бойынша «А»-ден «D»-ға дейін, «қанағаттанарлықсыз» – «Ғ») сәйкес 100 балдық шкала бойынша балмен бағаланады.

7. Білім алушының қорытынды бақылауға жіберілу рейтингісі (орташа рейтинг) 50 балды құрайды. Білім алушы орташа рейтингі 50 балдан кем болмаса ғана қорытынды бақылауға жіберіледі (әрбір рейтинг бойынша жеке-жеке 25 балдан кем емес). Пән бойынша қорытынды баға аралық және

28

Page 29:  · Web view2016 жылы QS Халықаралық рейтингіде 345-ші, әлемнің үздік жас университеттері «QS 50х50» жаңа рейтингісінде

қорытынды бақылау (емтихан бағасы) бағаларын қамтиды. Жіберілу рейтингінің үлесі білім алушының оқу пәні бағдарламасын игеру дәрежесінің қорытынды бағасының 60%-ын құрайды. Қорытынды бақылау үлесі аталған оқу пәні бойынша қорытынды білім бағасының 40%-ын құрайды. Нәтиже емтихан бағасы 50 балдан кем болмаған жағдайда ғана есептеледі. Егер емтиханда білім алушы 50 балдан кем жинаса, оған «F» деген баға қойылады.

8. Қорытынды бақылау бойынша оң бағаны сол аралық аттестация кезеңінде оны жоғарылату мақсатымен қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.

9. Пән бойынша қорытынды бағаны (ҚБ) шығару кезінде рейтингтік бақылау нәтижелері бойынша семестр ағымында ағымдағы үлгерімнің жиынтық балы мен емтиханда алынған балл есептеледі; ҚБ келесі формула бойынша шығарылады:

ҚБ=Рорт*0,6+ЕБ*0,4, Рорт=(Р1+Р2)/2, Р1(Р2)=(АғБ+РБ)/2

мұнда: ҚБ – қорытынды баға;         Р1 – бірінші рейтинг бақылауының нәтижесі;           Р2 – екінші рейтинг бақылау нәтижесі;         ЕБ – емтихан бағасының балы;

Рорт – орташа рейтинг (жіберілу рейтингі);РБ – рубеждік бақылау нәтижелері;

АғБ – ағымдық бақылау нәтижелері.

Білім алушының оқу үлгерімі ағымдық, аралық және қорытынды бақылау бойынша қадағаланады.

Ағымдық бақылау – оқытушылардың білім алушының сабақта алған білімдерін жүйелі тексеріп отыруы. Білім алушылардың үлгерімінің ағымдағы бақылауы оқу дисциплинасының әрбір тақырыбы бойынша өткізіледі және аудиториялық, аудиториядан тыс сабақтарды қамтиды. Үлгерімнің ағымдағы бақылауы кезінде оқу жетістіктері әрбір орындалған тапсырма үшін (ағымдағы сабақтағы жауап, үй тапсырмасын тапсыру, СӨЖ, аралық бақылау) 100 баллдық шкала бойынша бағаланады және үлгерімнің ағымдағы бақылауының соңғы нәтижесі академиялық аралық ішінде алынған барлық бағалардың орташа арифметикалық есебі бойынша есептеледі.

Рубеждік бақылау – семестрдің бірінші және екінші жартысындағы бақылау. Рубеждік бақылау міндетті болып табылады. Білім алушының білімін рубеждік (рейтингілік) бақылау арқылы тексеру әр семестрдің 7-і (Р) және 15-і (Р) аптасында өтеді (бұған ұзақтығы 15 аптаға жетпейтін семестрлер кірмейді). Білім алушы емтиханға 2 рейтингілік бақылауды тапсырғанда жіберіледі: Р1≥ 25, Р2≥ 25 және жіберу рейтингі (орташа рейтинг) Рж≥ 50.

Қорытынды бақылау – пәнді меңгергеннен кейін білім алушының білім деңгейін бақылау (емтихан сессиясы).

10. Білім алушы білімін бағалау шкаласы жүйесінде жүзеге асады.

29

Page 30:  · Web view2016 жылы QS Халықаралық рейтингіде 345-ші, әлемнің үздік жас университеттері «QS 50х50» жаңа рейтингісінде

Білімді бағалау көрсеткіші Білім алушылардың білімдерін бағалауда бағаның көпбалдық жүйесі

әріптік символда қолданылады.

Әріптік жүйеде бағалау

Балдың сандық эквиваленті

Пайыздық мазмұны

Дәстүрлі жүйеде бағалау

А 4,0 95-100 өте жақсыА- 3,67 90-94В+ 3,33 85-89 жақсыВ 3,0 80-84В- 2,67 75-79С+ 2,33 70-74 қанағаттанарлықС 2,0 65-69С- 1,67 60-64D+ 1,33 55-59D 1,0 50-54F 0 0-49 қанағаттанарлықсыз

Емтиханды және дифференциалды сынақты “А”, “А-“, “В+”, “В” “В-” бағалары мен тапсырған және барлық оқу аралығында орташа үлгерім балы (GPA) 3,5-тен кем емес, сонымен қатар барлық мемлекеттік емтихандарды және қорғаған диплоидық жұмысын ( жоба) “А”, “А-“ бағаларымен тапсырған бакалавриат бағдарламасымен тапсырған білім алушыға барлық оқу аралығында (әскери дайындық бағасын есептемеген кезде) емтиханды қайта тапсыру болмаса, үздік диплом беріледі.

КУРСТАН КУРСҚА ӨТУГЕ ҚАЖЕТТІ ОРТАША ҰПАЙДЫ (GPA) ЕСЕПТЕУ ӘДІСТЕМЕСІ

Курстан курсқа өтуге қажетті орташа ұпай (GPA – Grate Point Average) – таңдау пәндері бағдарламасына сай білім алушының орташа есеппен алғандағы жетістігі: кредиттік және сандық балама ұпайы ағымдағы оқыту кезеңінің кредиттерінің жалпы санының тәртібіне сәйкес қорытынды бағаның қатынасы.

Курстан курсқа өтудің орташа ұпайы (ОҰ) мына формуламен есептеледі:

ОҰ = (О1 х К1 + О2 х К2 + ... + Оn x Kn)/(K1 + K2 + … Ka),О1 О2 Оn – 4 балдық жүйенің бағасы (балдардың сандық эквиваленті),

К1 К2 Кn – кредиттің саны

Оқу жылының қорытындысы бойынша жазғы семестр нәтижелерін ескере отырып, тіркеу офисі білім алушының оқудағы жетістіктері деңгейінің

30

Page 31:  · Web view2016 жылы QS Халықаралық рейтингіде 345-ші, әлемнің үздік жас университеттері «QS 50х50» жаңа рейтингісінде

орташа бағасы ретінде орташа үлгерім балын (GPA) есептейді. Бұл ретте курстан курсқа көшу балын (GPA) есептеу кезінде барлық оқу кезеңіндегі академиялық қарыздар ескеріледі.

Орташа балл (GPA) кредит-сандық эквивалент жүйесі негізінде есептеледі.

Қорытынды өлшем бағаның сандық эквивалентін модульге берілген кредиттер санына қосып, білім алушы тіркелген жалпы кредиттер санына бөлгендегі сома болып табылады.

GPA есептеу үлгісі:

Модуль Кредиттер саны

Әріптік жүйе бойынша баға

Сандық эквивалент

Математика 3 А 4.00Информатика 2 В 3.00Физика 3 F 0

Математика 4.00 х 3 = 12.00Информатика 3.00 х 2 = 6.00Физика 0 х 3 = 0Қорытынды өлшем = 12 + 6 + 0 = 18.00Жалпы кредиттер саны = 3+2+3 = 8

Егер GPA есептеу кезінде орташа балл үтірден кейін екі белгісі бар сан болса, онда математика ережелеріне сәйкес GPA-ді ондыққа дейін дөңгелектеу керек (үтірден кейін бір белгіге дейін): егер үтірден кейінгі екінші сан 0,1,2,3 немесе 4 болып аяқталса, онда үтірден кейінгі бірінші сан өзгермейді; егер үтірден кейінгі екінші сан 5,6,7,8 немесе 9 болса, онда үтірден кейінгі бірінші сан бір бірлікке арттырылады, мысалы: 2,23 = 2,2; 2,25 = 2,3; 2,27 = 2,3 және т.с.с.

Университетте білім алушының келесі курсқа көшірілуіне рұқсат беретін минималды орташа үлгерім балының (GPA) келесі өлшемі белгіленген:

– 1-курстан 2-курсқа – 2,0;– 2-іншіден 3-курсқа – 2,2;– 3-курстан 4-курсқа – 2,3;– 4-курстан 5-курсқа – 2,5.

Магистранттар мен докторанттар үшін:– 1-курстан 2-курсқа – 2,5;– 2-курстан 3-курсқа – 2,5;

31

Page 32:  · Web view2016 жылы QS Халықаралық рейтингіде 345-ші, әлемнің үздік жас университеттері «QS 50х50» жаңа рейтингісінде

Курстан-курсқа өту балын есептеуде сол оқу жылында оқып, тапсырған пәндермен бірге алғашқы академиялық кезеңдерде «F» бағасын алған пәндер де есепке алынады.

Курстан курсқа көшу балын жинай алмаған білім алушыға өзінің орташа үлгерім балын (GPA) жоғарылату мақсатында жазғы семестрде жекелеген модульдерді (пәндерді) ақылы негізде (мемлекеттік емтихан тапсырылатын «Қазақстан тарихы» «Қазақстанның қазіргі заман тарихы» пәнінен басқалары) қайта оқып, олар бойынша қайтадан емтихан тапсыру мүмкіндігі беріледі.

Курстан курсқа көшу кезінде орташа курстан курсқа көшу балын (GPA) анықтау кезінде тәжірибеден өту мерзіміне сәйкес келсе, тәжірибе бағалары да ескеріледі (егер тәжірибе каникул уақытында, шілде-тамызда аяқталса, оның нәтижелері келесі семестрде ескеріледі).

Жазғы семестрде де курстан курсқа көшу балын жинай алмаған білім алушы ақылы негізде қайта оқу курсында қалдырылады. Мемлекеттік білім грантының иегері болған білім алушы қайта оқу курсына қалдырылса, бұл ретте мемлекеттік білім грантынан айрылады, одан әрі өз оқуын ақылы негізде жалғастырады.

Ақылы негізде оқуын жалғастыру үшін қайталама курсқа қалдырылған білім алушы келесі оқу жылының 10 қыркүйегіне дейінгі мерзімде ақылы білім қызметтерін көрсету келісім-шартын жасауға міндетті.

Курсты қайта меңгеру кезінде оқу үшін төлемақы іс жүзінде меңгерілетін академиялық пәндер есебінен (игерілетін кредиттер) жүргізіледі. Аталған жағдайда бұйрық ресімделеді, оған факультет деканының ұсынысы негіздеме болады.

Қайта оқу курсына қалдырылған білім алушы бұрын қабылданған жеке оқу жоспарын ерте орындап шығуы мүмкін немесе белгіленген тәртіпте жасалған жаңа жеке оқу жоспарын құруы мүмкін.

Келесі курсқа көшірілген білім алушы академиялық қарызы бар болса, тиісті пәнін қайта оқуда міндетті компонентті ақылы негізде оқиды.

Қайта оқу курсы немесе академиялық қарыздарын жабу мақсатымен қайта оқитын сабақтары ақылы негізде оқылады.

Курстан курсқа өтуге қажетті орташа ұпайы (GPA) жеткілікті, келесі курсқа көшірілген, бірақ академиялық қарызы бар білім алушы бұл қарыздарын жазғы семестрде жабуы тиіс.

Академиялық қарыздардарын тапсыру үшін және курстан курсқа өтуге қажетті орташа ұпайы (GPA) жеткіліксіз білім алушы жазғы семестр кезінде курсты қайта оқып, емтихан тапсыруға міндетті.

Назар аударыңыз: Білім алушы курстан курсқа көшірілу үшін оқу жылының аяғында өзінің курстан курсқа өтуге қажетті ұпай санының (GPA) жеткілікті екенін анықтап, көз жеткізіп барып жазғы демалысқа шығуы тиіс.

Білім алушыларға академиялық адалдық үшін толық жауапкершілік жүктеледі, олар өздеріне берілген тапсырманы өздігінен орындауы тиіс және емтихан орындау кезінде, басқа тапсырмаларды орындау кезінде ережелер мен қолданбаларға бағынуы тиіс.

32

Page 33:  · Web view2016 жылы QS Халықаралық рейтингіде 345-ші, әлемнің үздік жас университеттері «QS 50х50» жаңа рейтингісінде

Сабақтарға қатысуКүндізгі оқу бөлімінде оқитын білім алушылар бекітілген сабақ кестесіне

сай барлық аудиториялық сабақтарға қатысуы тиіс. Кеңес беру сипатындағы аудиториядан тыс СӨЖО сабақтарға оқытушыға сұрақтары бар болса және өздік жұмыстар мен жіберген сабақтарының материалдарын тапсыру үшін ғана қатысуға болады. Жекелеген жағдайда осындай сипаттағы сабақтарға қатысу оқытушының талап етілуімен міндеттеледі.

Білім алушының дәрісханадағы жұмысы Аудиториядағы сабақ барысында әрбір білім алушы барлық үлгідегі

өткізілген сабақтарға қатысып отыруы керек (ауызша жауап, жазбаша жұмыс, ой бөлісу, пікірталас, топтық жұмыс, жобаның орындалуы, т.б. )

ЖАДЫНАМА: ДӘРІСТІ ҚАЛАЙ ЖАЗУ КЕРЕК?

Дәрісті тыңдау және жазу өзің үшін қажет. Әрбір адам ақпаратты өзі үшін өздігінше бекітеді. Оқытушының барлық сөзін сөзбе-сөз жазып алуға тырыспаңыз. Керекті жерлерін түртіп алып, кейбір сөздерді мүмкіндігінше белгілермен ауыстырыңыз.

Түсінікті етіп жазыңыз, әйтпесе өз жазуыңызды өзіңіз түсіне алмайсыз. Қосымша белгілерді жазып отыру үшін парақтың шетінен орын қалдыруды

ұмытпаңыз.Конспектілеу әдісін жеңілдететін ерекшеліктерін шартты жүйемен

енгізіңіз. Жазулар ықшамды және ұқыпты болуы керек. Бұл олардың шолуды

жақсартады. Жазуларды ерекшелеп қою тиімді, мәтіннің тармақтарын керегінше

нөмірлеп, мәтіндегі әр түрлі үзінділерді басқа бояулармен белгілеу керек. Жолдардың арасынан жеткілікті орын қалдырыңыздар. Бұл қатенің үстінен

дұрыс нұсқасын жазу үшін керек.Мәтінді өзіңізге ыңғайлы қаламмен жазыңыздар, қарындашты тек белгілеу

мен түзетулерді енгізу үшін қолданыңыз.Қолжазбаға мерзім қою кедергі келтірмейді. Кез келген ерекшеліктерді жете ұғыныңқы пайдаланыңыз. Ала-құла,

шимайланған бет көзге жаман түседі және мұндай конспектінің тиімділігі аз болады.

Шартты белгілеріңізді үнемі бірдей белгілеңіз, шартты және басқа да белгілеріңізді қандай жағдайда қолданғаныңызды есте сақтаңыз. Әйтпесе біраз уақыт өткеннен кейін шартты белгіңізді ұмытып, өз жазғаныңызды түсінбей қалуыңыз мүмкін.

33

Page 34:  · Web view2016 жылы QS Халықаралық рейтингіде 345-ші, әлемнің үздік жас университеттері «QS 50х50» жаңа рейтингісінде

ОҚУЛЫҚТАРМЕН ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ ӘДЕБИЕТТЕРМЕНЖҰМЫС ІСТЕУ

Әдебиетті қалай оқу керек? Ұсынылған әдебиетті оқу барлық жазылғанды пассивті түрде қабылдап, мәтінге жақын мазмұндап беру емес. Мәтінді талдап, ол туралы ойлау, яғни оқуды белсенді үдеріске айналдыру керек:

- жазбаны оқу барысында қарапайым немесе күрделі жоспар құру (яғни қарастырылған негізгі сұрақтар тізбесін құру);

- тезистер құрастыру (мақаланың маңызды тұстары және автордың негізгі ойы);

- аннотация дайындау (жұмыстың мәселелер тудыратын сұрақтарына қатысты );

- конспектілер жасау (нақты дәлелдері бар толықтырылған тезистер).

Конспект жасау ережесі1. Пайдаланылған әдебиеттер туралы анықтама – авторы, аты, жылы және

баспа орны, бет саны.2. Өз ойыңызды нақтылауға және толықтыруға орын қалдырыңыз.3. Конспектіні құрылымды түрде жоспарға сәйкес бөліңіз.4. Қысқартуларды пайдаланбай, тек қана негізгілерін жазу қажет.5. Оқылған еңбектің ең маңызды тұсын көрсету керек.6. Конспектіге, әсіресе тақырыптық конспектіге бірнеше еңбектен алынған

көшірме, тезистер, қаралып отырған мәселеге қатысты монографияларды енгізуге болады.

БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫ

Білім алушылардың өздік жұмысы. (СӨЖ) аудиторялық уақыттан тыс оқытушының қатысуымен (СӨЖО), сондай-ақ, сабақ кестесіне сай аудиториялық уақытта оқытушының қатысуынсыз жасалады.

СӨЖ және СӨЖО бойынша әдістемелік нұсқаулықтар кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамымен дайындалып, мынадай құжаттарды қажет етеді:

- СӨЖ графигі, пәндердің оқытылу барысының уақытына арналған;- тапсырмалар құрылымы;- рефераттар, баяндамалар мен шығармашылық жұмыстардың

тақырыптары;- курс және диплом жұмыстарының тақырыптары;- негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі;- кеңес беру түрлері;- бақылаудың түрлері мен формасы;- бағалау критерийлері мен жұмыс көлемі, дайындалу мерзімі және т.б.СӨЖО әрбір жеке пән бойынша барлық академиялық кезеңде кафедраның

кеңес беру кестесіне сәйкес өткізіледі.

34

Page 35:  · Web view2016 жылы QS Халықаралық рейтингіде 345-ші, әлемнің үздік жас университеттері «QS 50х50» жаңа рейтингісінде

Сол себепті егер сіздің ағымдағы рейтингіңіз төмен болып, қосымша кеңес алғыңыз келсе және берілген тапсырмаларды орындауға қиналатын болсаңыз, онда оқытушы дәстүрлі түрде сабақ жүргізеді. Ал егер сіздің академиялық рейтінгіңіз жоғары болса, оқытушы өз қалауы бойынша сізді дәстүрлі сабақтан босата алады. Сонымен қатар оқытушы сізге жеке немесе топпен бірге тапсырма беріп, олардың орындалуын бақылау түрінде тексеріп отырады.

Өздік жұмыстарды орындап отыру Сіздің оқытушының көмегінсіз-ақ сабақтар мен емтихандарға дайындығыңызды арттырады.

СӨЖ материалдарын өз бетінше меңгеруде кітапхана, компьютерлік сыныптар, лингафондық кабинет, медиатека, оқу телеарнасы, мамандандырылған зертханалардың көмегі зор.

СӨЖ бақылаулары жазбаша және ауызша формада қорытынды нәтижені алуға бағытталып жүргізіледі. Жазбаша түрдегі бақылау конспект, реферат, баяндама, шығармашылық бақылау, курс және диплом жұмыстары, ғылыми мақалалар, аудио- және видеоесеп т.б. түрінде өтеді. Ал ауызша бақылау коллоквиум, конференция, іскерлік ойындар, баяндау, хабарлама, жеке сұхбаттасу түрінде болуы мүмкін.

Сабақтан қалуСабақтан тек белгілі себептерге байланысты ғана қалу керек. Белгілі

себептер: ауырып қалған жағдайда (білім алушылар емханасынан алынған арнайы

анықтама қағазы болу керек); спорттық жарыстарға, олимпиадаларға, конкурстар мен

конференцияларға қатысу (дәлелдейтін құжат болу қажет); отбасылық және т.б. белгілі себептер (деканаттың рұқсаты берілген

өтініші болуы тиіс);Соңғы жағдайда сабақтан босатылу деканаттың өкімімен рәсімделеді.

Белгілі себепті растаушы құжат сабаққа келгеннен кейін 5 күн ішінде тапсырылу керек.

Сабаққа кешігуСабаққа кешігуге мүлдем тыйым салынады. Сабаққа он минут кешіккен

білім алушы оқытушының рұқсатымен ғана қатыса алады. Ал егер он минуттан көп кешігетін болса, онда сабаққа кіруге рұқсат етілмейді және сабақтан себепсіз қалған болып саналады

ЕМТИХАН СЕССИЯСЫ

Емтихан сессиясы кезінде емтихандар қарастырылған академиялық күнтізбе бойынша өткізіледі. Білім алушы емтиханға міндетті түрде өзі қатысуы қажет. Білім алушы емтиханға кірерде өзімен бірге емтихан сессиясына рұқсат берілген штамп мөрі бар сынақ кітапшасын алу қажет. Білім алушы емтиханға жеке куәлікпен келу керек.

35

Page 36:  · Web view2016 жылы QS Халықаралық рейтингіде 345-ші, әлемнің үздік жас университеттері «QS 50х50» жаңа рейтингісінде

Оқытылып отырған пән бойынша білім алушының ағымдағы рейтинг қорытындысы 60 пайызды, ал емтихандағы қорытынды баға 40 пайызды құрауы тиіс.

Алынған қорытынды бақылау нәтижесіндегі жетістік сынақта бекітілген кредит санының пәнге сәйкестігінің негізін көрсетеді.

Емтихан кезінде ағымдағы қорытынды бағаны көтеру мақсатында қайта тапсыруға болмайды.

Қорытынды бақылау кезінде қанағаттандырмайтын баға алған жағдайда немесе емтиханға себепсіз келмеген жағдайда, білім алушының тиісті пәнге кредиттері қатысты есепке алынбайды.

Егер білім алушы емтиханға келмесе, емтихан ведомосында білім алушы фамилиясының тұсына «келген жоқ» деген белгі қойылады. Бұл академиялық қарыз болып саналады. Егер білім алушы емтиханға белгілі себептермен келмей қалған болса,(7 күн ішінде растайтын құжаттар ұсынылады) деканат жеке тәртіппен емтихан қабылдауға рұқсат береді.

Егер білім алушы емтихан үстінде тәртіп бұзатын болса, ол аудиториядан шығарылып, оның фамилиясының тұсына «аудиториядан шығарылған» деген белгі қойылады да, ол академиялық қарыз болып саналады.

Егер білім алушы мемлекеттік тапсырыспен – гранттағы оқу жоспарына сай қажетті кредитті жинай алмаса, онда білім алушы оқу жоспарында қарастырылғандай сол пәнді ақылы түрде оқып, кредит жинауға құқылы.

Жазғы семестр кезінде білім алушыға қарыз немесе академиялық пәндер және айырма пәнінің 12 кредитін ғана жинауға рұқсат етіледі.

Қорытынды бақылау кезінде «қанағаттанарлық емес» баға алған білім алушы оқу жоспары бойынша келесі академиялық кезеңде аталған пәннің барлық дәрісіне қатысып, келесі қорытынды бақылауды тапсыруға рұқсат алуы тиіс.

Мемлекеттік білім грантында оқитын білім алушылар аралық бақылау қортындысы бойынша барлық емтихандарды «А», «А-», «В+», «В», «В-» бағаларымен тапсырған болса, оған шәкіртақы төленеді.

БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫ АУЫСТЫРУ, ОҚУДАН ШЫҒАРУ ЖӘНЕ ҚАЙТА ҚАБЫЛДАУ ЖОЛДАРЫ

Білім алушы келесі жағдайларда Университеттен шығарылуы мүмкін:- өз еркімен (соның ішінде басқа ЖОО-ға ауысуына байланысты,

медициналық нұсқаулар бойынша, отбасылық жағдайына байланысты және т.б.);

- себепсіз жағдайлармен оқу сабақтарына қатыспағаны үшін. 10 сағаттан артық себепсіз жағдайлармен сабақ босатқан жағдайда – білім алушыға ескерту жарияланады, 15 сағаттан артық – сөгіс, ал студенттер үйінде тұратын білім алушы – студенттер үйінен шғарылады. Себепсіз жағдайлармен 20 сағаттан артық босатқан кезде – қатаң сөгіс, ал 25 сағаттан асса – Университеттен шығарылады;

36

Page 37:  · Web view2016 жылы QS Халықаралық рейтингіде 345-ші, әлемнің үздік жас университеттері «QS 50х50» жаңа рейтингісінде

- тәртіптік қате жасағаны, оқу тәртібін, Жарғыны, осы Ережені, Ішкі тәртіп ережелерін, Білім алушылардың ар-намыс кодексін жүйелі немесе өрескел бұзғаны үшін және т.б.;

- Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын, Университетпен білім алуға жасалған келісімнің шарттарын бұзғаны үшін;

- оқу төлемақысы бойынша қаржылық қарызы үшін.Университеттен шығуды қалайтын білім алушы Университет

Ректорының атына оқудан шығу себебін көрсетіп өтініш жазып, оны тіркеп, тіркеу офисі бөліміне тапсыруы қажет. Шығу туралы өтінішті білім алушы Университеттен шығу туралы шешім қабылдағаннан кейін бірден тапсыруы керек.

Білім алушы сабақтарға қатысуын тоқтатып, өз еркімен оқудан шығу туралы өтінішті уақытында бермеген жағдайда, білім алушы оқу тәртібін бұзғаны, яғни себепсіз жағдайлармен сабақтарға қатыспағаны үшін оқудан шығарылуы мүмкін (осы Ереженің 12.9.1 т. сәйкес). Мұндай жағдайда оқуға төленген қаражат қайтарылмайды.

Білім алушы тіркелмеген және/немесе оқу сабақтарына қатыспаған немесе оның болмауының себептерін растайтын қандай да бір құжаттарды ұсынбаған жағдайда, факультет деканаты білім алушының сабақтарға келмеу себептерін анықтауға қатысты қажетті шаралар қолданады.

Одан әрі сабаққа қатыспаған жағдайда, факультет деканы білім алушыны оқудан шығару туралы бұйрық шығаруға ұсыныс береді.

Семестр ағымында оқу ақысын төлемегені үшін Университеттен шығарылған ақылы негізде білім алушылар оқу ақысы бойынша қарызын өтеген жағдайда, оқудан шығарылған уақыттан бастап төрт апта ішінде қайта қабылдануға құқылы. Бұл жағдайда білім алушы Университет ректорының атына қайта қабылдау туралы өтініш жазып, оқу ақысын төлегені туралы түбіртекті қоса береді. Білім алушы оқудан шығарылған уақытқа дейін модульдер бойынша алған балдарының саны қайта қабылдау кезінде толықтай есептеледі.

Университеттен шығарылған білім алушыға белгіленген үлгідегі академиялық анықтама мен академиялық транскрипт беріледі.

Білім алушының ауысу немесе қайта қабылдану кезінде оқу курсы пререквизиттерді ескере отырып анықталады. Игерілген кредиттердің сынақтарын қайта тапсыру білім бағдарламасын игерудегі қажетті білім беру траекториясына сәйкес жүзеге асырылады.

Пән айырмашылығын анықтау кезінде қорытынды бақылау түрлеріндегі айырмашылықтар есепке алынбайды.

Сынақ білім алушының оқу жетістіктерін бағалаудың әріптік жүйесіне ең төменгі D-дан (1,0; 50-54%) бастап, ең жоғарғы А-ға (4,0; 95-100%) дейінгі диапазонға теңестіріледі.

Білім алушылардың курстан курсқа ауысуы көктемгі семестр мен ауысу балының нәтижелерін ескере отырып жазғы емтихандық сессияның (аралық аттестация) қорытындылары бойынша жүзеге асырылады.

Білім алушының курстан курсқа ауысуы ЖОО басшысының бұйрығымен рәсімделеді.

37

Page 38:  · Web view2016 жылы QS Халықаралық рейтингіде 345-ші, әлемнің үздік жас университеттері «QS 50х50» жаңа рейтингісінде

Білім беру гранты бойынша оқитын студент белгіленген ауысу балын жинаған және келесі курсқа академиялық қарызбен ауыстырылса, ол алушы академиялық қарызын ақылы түрде жоя алады, әрі оның білім гранты сақталады.

Білім гранты бойынша оқып жатқан, бірақ қайта оқу курсына қалдырылған студент грантынан айырылады және ары қарай ақылы негізде оқуын жалғастыра алады.

Білім беру грантымен оқып жатқан оқушы басқа ЖОО-ға білім грантын сақтай отырып ауыса алады.

Жекелеген ЖОО-ға тағайындалған мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша мақсатты орындарға, сондай-ақ, бөлінген квота шеңберінде педагогикалық мамандықтарға түскен білім алушыны басқа ЖОО-ға білім беру грантын сақтай отырып ауыстыруға жол берілмейді.

Ауысу мен қайта қабылдаудың міндетті шарттары – оқу-жұмыс жоспарының барлық талаптарын бірінші академиялық кезеңде орындау және аралық аттестацияны тапсыру.

Қайта қабылдау рәсімі келесі сипатта іске асырылады:1) білім алушы өзінің білімін қайта жалғастырғысы келетіні жөнінде ЖОО

ректорының атына қайта қабылдау туралы өтініш жазады. Өтінішке транскрипті қоса береді;

2) тіркеу офисі берген транскипт негізінде оқу-жұмыс жоспарындағы көрсетілген айырмашылықтары мен оқу курсын анықтайды;

4) факультет деканы мен кафедра меңгерушісінің қолы қойылған бұрыштамасына сәйкес тіркеу офисі жетекшісі, оқу жұмысы жөніндегі проректор, жоғары оқу орынының ректоры білім алушыны қайта қабылдау туралы бұйрық шығарады;

Білім алушының бір жоғары оқу орнынан екіншісіне ауысу рәсімі келесі сипатта іске асырылады:

1) білім алушы өзі оқып жүрген ЖОО ректорының атына ауысуы туралы өтініш жазады, жазбаша мөрмен бекітілген келісімін алғаннан соң, өзі ауысқысы келген ЖОО ректорының атына өтініш жазады. Өтінішпен қоса факультет деканының қолы қойылып, мөрмен бекітілген және транскрипт нүпнұсқасы, ұлттық бірыңғай тестілеу сертификатын немесе кешенді тестілеу қорытындысының көшірмесі, мемлекеттік білім грантының иегері куәлігінің көшірмесін, сонымен қатар өзі оқыған оқу орны басшысының атына жазған өтінішінің (ректордың қолы мен мөрі қойылған) көшірмесін өткізеді;

2) тіркеу офисі берілген құжаттар негізінде оқу-жұмыс жоспарының міндетті пәндер бөлігінің айырмашылығын және оқу курсын анықтайды;

3) факультет деканы мен кафедра меңгерушісінің қолы қойылған бұрыштамаға сәйкес тіркеу офисінің жетекшісі, оқу жұмысы жөніндегі проректор, жоғары оқу орынының ректоры білім алушының ауысуы туралы бұйрық шығарады; Білім алушының университет ішінде бір мамандықтан басқа мамандыққа ауысуы ақылы негізде келесі рәсімге сәйкес іске асырылады:

1) білім алушы ректордың атына ауысу туралы өтініш жазады; өтінішке факультет деканының растауы, транскриптің көшірмесі қоса беріледі.

38

Page 39:  · Web view2016 жылы QS Халықаралық рейтингіде 345-ші, әлемнің үздік жас университеттері «QS 50х50» жаңа рейтингісінде

2) тіркеу офисі оқу-жұмыс жоспарының айырмашылығы мен оқу курсын анықтайды;

3) факультет деканы мен кафедра меңгерушісінің қолы қойылған бұрыштамаға сәйкес тіркеу офисінің жетекшісі, оқу жұмысы жөніндегі проректор, жоғары оқу орынының ректоры білім алушының бір мамандықтан басқа мамандыққа ауысуы туралы бұйрық шығарады.

Білім алушыны қайта қабылдау немесе ауыстыру кезінде айырмашылықтарды тапсыру мерзімі академиялық бір жыл жазгы семестр кезеңімен ұзартылады, білім алушы сол аралықта айырмашылықтары бар пәндерге жазылып, оқу ақысын төлеуі, оқу бағдарламасын игеруі және қорытынды бақылаудан өтуі керек.

Егер білім алушы қайта қабылдау немесе ауысу кезінде оқу-жұмыс жоспарының айырмашылығы белгіленген мерзімде тапсыра алмаса, онда осы айырмашылық академиялық қарыз болып белгіленеді және курстан курсқа көшірілгенде GPA анықталған кезде нөл болып жазылады.

Білім алушы шетелдік білім беру ұйымынан ауыстырылған және қайта қабылданған жағдайда игерілген оқу бағдарламалары жөніндегі және алдыңғы білім деңгейін аяқтағаны туралы құжат (академиялық анықтама, транскрипт) тапсырады. Сонымен қатар ҚР жалпы орта білім немесе техникалық және кәсіби білім алған. 60 баллдан кем емес ҰБТ немесе ТКТ сертификаттарын ұсынады.

ОҚУ АҚЫСЫН ТӨЛЕУ

Оқу ақысы келісілген негізде ҚР БжҒМ бекіткен (2016-2017 жж.) білім

грантының мөлшеріне байланысты белгіленді. Ақылы түрде оқу бойынша ақы құны enu.kz ресми сайтынан «Талапкер» тарапшасынан көруге болады.

Төлеу мерзімі және тәсілі:Білім беру қызметтерін көрсетудің келісім-шартына сәйкес 28 тамызға

дейін курс бойынша оқу ақысының 50% және 25 қаңтарға дейін оқу ақысының қалған 50%, қолма-қолсыз АҚ «Цеснабанк», Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ ағымдағы есепшотына.

Білім алушыларға берілетін жеңілдіктер Білім алушылар үшін көптеген кинотеатрларда, мұражайларда және

қоғамдық көліктерде жүруге жеңілдіктер бар.

ШӘКІРТАҚЫ ЖӘНЕ ЖӘРДЕМАҚЫМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

Мемлекеттік білім гранты негізінде білім алушыға мемлекеттік шәкіртақы тағайындау және төлеу тәртібі, мемлекеттік шәкіртақы мен оған қосылатын үстемеақылар мөлшері ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген Ережелерге және ҚР басқа нормативтік-ұқықтық актілеріне сәйкес анықталады.

39

Page 40:  · Web view2016 жылы QS Халықаралық рейтингіде 345-ші, әлемнің үздік жас университеттері «QS 50х50» жаңа рейтингісінде

Мемлекеттік білім гранты бойынша бірінші курсқа оқуға қабылданған барлық білім алушыларға бірінші семестрде мемлекеттік шәкіртақы тағайындалады.

Кейінгі оқу семестрлерінде мемлекеттік шәкіртақыны тағайындау және төлеу емтихандық сессия қорытындысыбойынша (білімді бақылаудың барлық үлгілерін қосқанда) білім алушыдаек «жақсы» («В+», «В», «В-») және «үздік» («А», «А-») бағалары болса ғана жүргізіледі.

Шәкіртақы ректор бұйрығы негізінде әр айдың алғашқы күнінен бастап жартыжылдық емтиханына дейінгі аралықта төленеді. Мемлекеттік шәкіртақы тағайындау кезінде білім алушының GPA көрсеткіші емес, тек бағалары ғана ескеріледі.

Барлық үлгерімді, мемлекеттік грант есебінде білім алатын (емтихан нәтижесі бойынша академиялық қарыздары жоқ) білім алушыларға мемлекеттік шәкіртақы беріледі.

Үкімет жарлығына сәйкес мемлекеттік шәкіртақы төленетін білім алушылар:- көру және есту бойынша мүгедектерге – 75%;- жетім және ата-анасынан қараусыз қалған балалар – 30%;- емтихан бағасы бойынша тек «өте жақсы» көрсеткішін көрсеткен

студенттер мен магистранттарға – 15% қоса төленеді. Кәсіби (өндірістік) практика және жазғы демалыс кезінде шәкіртақы

сақталады.Академиялық демалыстан келген білім алушыларға мемлекеттік шәкіртақы

белгіленген тізім бойынша келесі емтихан бағасына сай беріледі. Денсаулық жағдайына сәйкес келесі оқу жылына қалдырылған білім алушыларға келесі емтихан уақытына дейін төленеді.

Жүкті болу мен босануа байланысты демалыс уақытындағы білім алушыларға шәкіртақы қолданыстағы еңбек заңнамасымен белгіленген толық демалыс мерзімі ішінде академиялық демалысқа кеткенге дейінгі мөлшерде төленеді. Академиялық демалыс кезінде жүкті болуы себебінен уақытша еңбекке жарамсыздық туралы ортақ үлгідегі анықтама ұсынылған жағдайда, академиялық демалыс үзіліп, жүктілік мен босануа байланысты демалыс ресімделуі керек. Білім алушы 3 жасқа дейін бала күтімі бойынша академиялық демалыста болған кезде шәкіртақы тағайындалмайды.

Шәкіртақымен қамтамасыз ету әр білім алушының атына ашылған карта есепшотына аударылады.

Мемлекеттік шәкіртақы төлеу ҚР заңнамасында қарастырылған жағдайларда тоқтатылады.

Мемлекеттік шәкіртақыны төлеуді тоқтату Ректордың тиісті бұйрығын шығару арқылы жүзеге асырылады.

Басқа шәкіртақыларды тағайындау және төлеу тәртібі (Қазақстан Республикасы Президентінің шәкіртақысы, құрылтайшылар шәкіртақысы және т.б.) Қазақстан Республикасының заңнамасына және Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде білім алушыларға университеттің ішкі грантын, жеңілдіктер ұсыну және әлеуметтік көмек көрсету туралы ережеге сәйкес анықталады.

40

Page 41:  · Web view2016 жылы QS Халықаралық рейтингіде 345-ші, әлемнің үздік жас университеттері «QS 50х50» жаңа рейтингісінде

ҚР Білім және ғылым министрлігі бөлген Президенттік және атаулы шәкіртақылар саны факультеттер ішінде факультеттердегі студенттер мен магистранттар контингентіне байланысты бөлініп беріледі. Жекелеген факультеттерде Президенттік шәкіртақыны тағайындау туралы ережелерінің талаптарына сәйкес келетін студенттер мен магистранттар қатарынан үміткерлер болмаған жағдайда, бөлінбеген орындар университет басшылығының қосымша өкімі бойынша басқа факультеттерге беріледі.

Факультет декандары Президенттік және атаулы шәкіртақыларды тағайындау үшін білім алушылардың қатарынан алдын ала үміткерлерді іріктеуді ұйымдастырады, сонан соң олардың тізімін белгіленген мерзім ішінде Тіркеу офисіне ұсынады. Ұсынысқа келесі құжаттар қоса беріледі:

- білім алушының транскрипті;- факультет кеңесі шешімінен көшірме.Президенттік және атаулы шәкіртақыларды тағайындауға арналған

үміткерлер тізімі Университеттің Ғылыми кеңесінде қарастыру және бекіту үшін ұсынылады.

Мемлекеттік тапсырыс бойынша (грантта) оқитындарға білім ұйымдарында оқитын кейбір санаттағы адамдарға мемлекеттік шәкіртақы төлеу (ҚР Білім және ғылым министрлігінің 17.02.2008ж. №116 бұйрығымен бекітілген) Ережесіне сәйкес ай сайын белгіленген мөлшерде (шәкіртақы мөлшері сол жылғы ҚР «Бюджет туралы» заңына сәйкес өзгертіліп отырылуы мүмкін) (5құж., 2-б., 5- т) мемлекеттік шәкіртақы белгіленеді.

Мемлекеттік оқыту гранты бойынша 1-курсқа қабылданған барлық білім алушыларға 1-семестрде мемлекеттік шәкіртақы беріледі.

Мемлекеттік тапсырыс бойынша оқитын білім алушыларға алдыңғы өткен семестрдегі емтихан сессиясының қорытындысы бойынша шәкіртақы төленеді. Басқа оқу орындарынан ауысқан, ЕҰУ-дің ішіндегі бір мамандықтан екінші мамандыққа ауысқан білім алушыларға мемлекеттік шәкіртақы жалпы негізде оқу бағдарламасындағы айырмашылықтарды жойғаннан кейін беріледі. Жазғы емтихан сессиясының қорытындысы бойынша жазғы демалыс кезеңіндегі екі айдың шәкіртақысы қосылып (шілде-тамыз), несиелердің ашылу мерзіміне қарай (яғни жоғары оқу орнының есеп шотына мемлекеттік бюджеттен қаржы түскеннен кейін) төленеді.

Азық-түлікпен қамтамасыз етуге сәйкес жетім және ата-анасынан қараусыз қалған балалар үшін арнайы ақшалай төлем төленеді.

Әлеуметтік орналасқан жеріне қарай студенттерге (анықтама деканатқа көрсетіледі) қоғамдық көлік бағасына сәйкес 50 % ақшалай төлем төленеді, толық ақпаратты Әлеуметтік жіне азаматтық даму Департаментінен білуге болады.

Студенттер, магистранттар үшін ғылыми жарыстар, конференциялар, семинарларға қатысу қаржыландырылады. ҚР заңнамасына сәйкес белгіленген жол ақысы, тәуліктік шығындар төленеді.

«Сенім» студенттер мен магистранттарға арналған кәсіподақтық ұйым қамтамасыз етілген, Бас ғимарат №107 кабинет.

41

Page 42:  · Web view2016 жылы QS Халықаралық рейтингіде 345-ші, әлемнің үздік жас университеттері «QS 50х50» жаңа рейтингісінде

Әлеуметтік көмекті іске асырудың жоғарыдағы аспектілеріне қоса университетте жатаханада тұратын жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар қатарындағы білім алушылар жатақханаға төлемақы төлеуден босатылады, сондай-ақ 01.10.2010 ж. бұйрығына сәйкес (№767 бұйрық) оларға материалдық көмек беріледі.

ГРАНТҚА АУЫСУ МҮМКІНДІГІ

Ақылы негізде білім алушының өз мамандығына сәйкес мемлекеттік білім беру грантына ауысуы үшін мемлекеттік заңнамалармен бекітілген конкурстық негізде тек оқу үлгерімі «А» , «А-», «B+» , «B» және «B-» бағалары болған жағдайда ғана құқық беріледі, ерекше жағдайда «С+» , «С» бағалары болғанда рұқсат етіледі. Босаған білім гранттары орынына ауысу конкурстық негізде қысқы және жазғы демалыс уақытында мынадай тәртіптер арқылы жүзеге асырылады: Бакалавриат бойынша:

- Ақылы негізде білім алушы оқуын мемлекеттік білім беру грантында жалғастыру үшін жоғары оқу орнының ректоры атына өтініш жазады;

- Конкурстық негізде жазылған өтінішті университет Ғылыми кеңесінің шешімімен қарастыра отырып, ағымдағы жылдың 5 тамызы және 15 қаңтарына дейін ҚР БжҒМ жолдайды. Білім алушының өтінішіне сынақ кітапшасынан көшірме немесе барлық оқу кезеңдеріндегі оқу үлгерімінің орташа ұпайы көрсетілген жоғары оқу орны басшысының қолы қойылған транскрипт, жеке куәлігінің, университеттен оқудан шығарылған білім грантын иеленушінің куәлігінің көшірмесі Ғылыми Кеңесі шешімімен бірге жолданады;

- ҚР БжҒМ келіп түскен құжаттарды мамандықтар, оқу түрі, оқу мерзімі және оқуға түскен уақыты бойынша қарастырып, оңтайлы шешім қабылданса, білім грантын иелену туралы бұйрық шығарады;

- Білім грантын иелену туралы қабылданған шешімге орай жоғары оқу орнының ректоры білім алушы білімін грантта жалғастыру туралы бұйрық шығарады.

Магистратура және докторантура бойынша : - Ақылы негізде білім алушы оқуын мемлекеттік грантта жалғастыру үшін

жоғары оқу орнының ректоры атына мемлекеттік грант бөлінген жағдайда грантқа ауыстыруға өтініш жазады;

- Жоғарғы білімнен кейінгі деңгейдегі қорытынды аттестациялауды ұйымдастыру бөлімі білім алушының өтініші мен құжаттарын, білім көрсеткішіне әсер ететін оқу үлгерімі қорытындысын және

42

Page 43:  · Web view2016 жылы QS Халықаралық рейтингіде 345-ші, әлемнің үздік жас университеттері «QS 50х50» жаңа рейтингісінде

университеттің Ғылыми Кеңесіне жолданған мемлекеттік грантқа ауыстыру туралы деканаттың ұсыныс хатын қарастырады ;

- Ұсынысты ескере отырып, университет Ғылыми Кеңесі мемлекеттік білім грантына ауыстыру туралы немесе ауыстырудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.

Конкурспен бөлінген білім гранттарынан қалған бос білім гранттары оқыту формасына қарамай, мамандықтарды дайындаудағы ішкі бағыттар бойынша үлгерімінің жоғары орташа ұпайына байланысты конкурстық негізде беріледі. Халықаралық «Болашақ» стипендиясы туралы келесі сайттан білулеріңізге болады: 8 (7172) 24 94 01, email: [email protected]

Сондай-ақ, басқа да халықаралық стипендиялар алуға мүмкіндіктер бар, ол туралы толық мәліметті Open University, ACCELS, Edmund S. Muskie, Erausmus Mundus, Chevening және т.б. сайттардан алуға болады.

Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕҰУ БІЛІМ АЛУШЫЛАРЫНЫҢ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҒЫ

Академиялық ұтқырлық (Academic mobility) – білім алушыларды немесе оқытушы-зерттеушілерді белгілі бір академиялық кезеңге: семестр немесе оқу жылына өзге жоғары оқу орнына (ел ішінде немесе шетелде) игерген білім бағдарламаларын міндетті түрде кредит түрінде сынақ ретінде тапсыра отырып, өз ЖОО-сында немесе өзге ЖОО-да білімін жалғастыру немесе зерттеулер жүргізу үшін ауыстыру.

1. Білім алушылардың сыртқы академиялық ұтқырлығы келесідей қаржыландырылады:

ҚР Білім және ғылым министрлігі есебінен. Халықаралық бағдарламалар есебінен. Бағдарламаға қатысушы есебінен.

2. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ білім алушыларының сыртқы академиялық ұтқырлығын жүзеге асырудың жалпы рәсімі:

2.1 Білім алушылар академиялық ұтқырлық бағдарламасына бірінші және соңғы семестрден басқа оқу мерзімінің кез келген уақытында қатыса алады.

2.2 Білім алушылар өз бетінше ЖОО-серіктесті, оқуға арналған пәндер тізімін таңдауға құқылы; бұдан кейін бітіруші кафедраға тапсырыс берілу керек.

2.3 Білім алушылар тапсырысы негізінде факультет деканы кафедра меңгерушісімен бірге шетелдік ЖОО-серіктестермен Ынтымақтастық туралы меморандум жасау мүмкіндігін қарастырып, Халықаралық ынтымақтастық департаментіне ұсыныс жазады.

43

Page 44:  · Web view2016 жылы QS Халықаралық рейтингіде 345-ші, әлемнің үздік жас университеттері «QS 50х50» жаңа рейтингісінде

2.4 Халықаралық ынтымақтастық департаменті ұсыныс негізінде университет, ЖОО-серіктес және білім алушы арасында Ынтымақтастық туралы үш жақты меморандум жасайды.

2.5 Академиялық ұтқырлық үйлестірушісі ЖОО-серіктеспен Білім беру туралы келісім жасайды, бұнда курстар атауы, ЖОО-серіктестің кредиттері, ECTS кредиттері және оқу семестрі көрсетіледі.

Білім беру туралы келісімге ЖОО-серіктес пен Университет қол қояды, бұдан кейін ЖОО-серіктес Шақыру жібереді.

2.6 ЖОО-серіктестің Шақыруы негізінде білім алушылар бітіруші кафедрамен бірге алдын ала салыстыру ведомосін жасап, оны Академиялық мәселелер департаментінің келісіміне жібереді.

Жеке оқу жоспарын тіркеу офисімен бірге бекіткеннен кейін білім алушылар қажетті құжаттарды ресімдейді.

2.7 Білім алушы ресімдеген құжаттар негізінде тіркеу офисі сыртқы академиялық ұтқырлық туралы бұйрық шығарады.

2.8 Қаржы департаменті аталған бұйрық негізінде шығындар сметасын жасап, қаражатты білім алушы шотына аударады.

2.9 Бұйрық көшірмесін алған соң білім алушы өз бетінше білім алатын мемлекеттің елшілігінде виза (қажет болған жағдайда) ресімдейді, медициналық сақтандыру алады.

2.10 ЖОО-серіктестегі оқу аяқталған соң білім алушылар университетке транскрипт пен аванстық есеп (республикалық бюджет қаражаты есебінен білім алған жағдайда) береді. ҚР академиялық ұтқырлығы концепциясына сәйкес транскрипт негізінде ECTS үлгісі бойынша кредиттерді қайта санау жүргізіле

АҚПАРАТТЫҚ ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

Сымсыз Интернет жүйесі ЕҰУ-дің барлық оқу ғимараттарында бар. Барлық оқу ғимараттарының атриумдары мен ЕҰУ кітапханасы қолжетімді интернет жүйесімен қамтамасыз етілген.

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің университет ішіндегі келесі ақпараттық бағдарламалар білім алушылар, оқытушылар, қызметкерлер үшін қамтылған:(PLATONUS.ENU; MAIL.ENU; ENULIB.ENU; MY.ENU). Жүйеге кіру мүмкіндігі ғаламдық желі интернет арқылы немесе ЖОО-ның ішкі желісі арқылы қарастырылған.

Автоматтандырылған ақпараттық жүйесі «PLATONUS» әрбір білім алушының көзделген жеке кафинетке (жеке weв-парақшасы) қол жеткізуге мүмкіндік беретін келесі ақпараттарға және автоматтандырылған функциялары қарастырылған:

44

Page 45:  · Web view2016 жылы QS Халықаралық рейтингіде 345-ші, әлемнің үздік жас университеттері «QS 50х50» жаңа рейтингісінде

Сабақ кестесін қарау Электронды үлгерім журналын қарау Академиялық күнтізбені қарау Оқу материалдарын және ПОӘК қарау ЖОЖ және оқу траекториясын таңдау Транскриптті қарау Компьютерлік тестілеуден өту Жеке және жалпы хабарламаларды алу (жаңалықтар,

хабарландырулар)

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің ақпараттық ресурстары

PLATONUS.ENU (мекен-жайы: edu.enu.kz)–кешенді түрде оқу процесін оқытудың кредиттік технологиясы арқылы автоматтандыруға мүмкіндік беретін ақпараттық жүйе. Жүйеде ЖОО-ның барлық оқиғалары мен процестері көрінетін орталықтандырылған мәліметтер жинағы бар.

MAIL.ENU (мекен-жай: mail.enu.kz) –бұл ішкі және сыртқы қолданушылар арасында электронды хаттарды құруға, қабылдауға, жіберуге мүмкіндік беретін корпоративті почталық жүйе.

ENULIB.ENU (мекен-жай: enulib.enu.kz) – бұл ақпараттық кітапханалық жүйе. Қолданушы жүйеде толық мәтіндік іздеуге, электрондық кітапханалық қорға және әдебиеттер тапсырысының жеке тарихын көруге мүмкіндік алады.

MY.ENU (мекен-жай: my.enu.kz) –бұл қолданушылар түрлі ақпаратты (жаңалықтар, хабарландырулар түрлі пайдалы мәліметтер (ауа-райы, телефон анықтамасы) ала алатын, сонымен қатар көмекші сервистік функцияларға кіруге мүмкіндік алатын ақпараттық-сервистік ресурс.

ҚАЖЕТТІ МЕКЕН-ЖАЙЛАР МЕН БАЙЛАНЫСТАР

45

Page 46:  · Web view2016 жылы QS Халықаралық рейтингіде 345-ші, әлемнің үздік жас университеттері «QS 50х50» жаңа рейтингісінде

ЕҰУ медициналық орталығыМекен-жайы: Астана қ., Абылай хан даңғылы, 8/1 үй.т.: 36-10-79

Білім алушылар емханасыМекен-жайы: Астана қ., Республика даңғылы, 56 үй.Тіркеу бөлімі: +7 (7172) 39-72-41

Ақпараттық қызметтің жедел желісі, сенім қызметі, "Қызыл алма" психологиялық көмек ұйымы

Мекен-жайы: Астана қ., Бараев көшесі, 16. Тел.: 32 43 24, 34 22 11

Студенттер үйі: 709 568

Учаскелік полиция инспекторы, заң факультетінің ғимараты, жертөле қабаты, 6 каб.

Қоңырау кестесі

1 8.00 – 8.502 9.00 – 9.503 10.00 – 10.504 11.00 – 11.505 12.10 – 13.006 13.10 – 14.007 14.10 – 15.008 15.10 – 16.009 16.10 – 17.0010 17.10 – 18.0011 18.10 – 19.0012 19.10 – 20.0013 20.10 – 21.00

46

Page 47:  · Web view2016 жылы QS Халықаралық рейтингіде 345-ші, әлемнің үздік жас университеттері «QS 50х50» жаңа рейтингісінде

УНИВЕРСИТЕТ КАРТАСЫ

www.enu.kz

47

Page 48:  · Web view2016 жылы QS Халықаралық рейтингіде 345-ші, әлемнің үздік жас университеттері «QS 50х50» жаңа рейтингісінде

ЕСКЕРТУ ҮШІН

_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

48

Page 49:  · Web view2016 жылы QS Халықаралық рейтингіде 345-ші, әлемнің үздік жас университеттері «QS 50х50» жаңа рейтингісінде

49