Қазақстан Республикасының білім және ғылым...

17
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі «А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті» РМК Гуманитарлық-әлеуметтік факультет Бекітемін Факультет кеңесінің төрағасы ____________С.Берденова ___ _________2015 ж. 5В050400-Журналистика МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК ЕМТИХАННЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ Қостанай, 2016

Transcript of Қазақстан Республикасының білім және ғылым...

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

«А.Байтұрсынов атындағы

Қостанай мемлекеттік

университеті» РМК

Гуманитарлық-әлеуметтік

факультет

Бекітемін Факультет кеңесінің төрағасы ____________С.Берденова

___ _________2015 ж.

5В050400-Журналистика МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК ЕМТИХАННЫҢ

БАҒДАРЛАМАСЫ

Қостанай, 2016

2

Бағдарламаны ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2012 ж. 10.04. №158 бұйрығымен бекітілген типтік оқу жоспары негізінде құрастырушы ф.ғ.к., доцент., журналистика және коммуникациялық менеджмент кафедрасының меңгерушісі Жусупова А.М. Журналистика және коммуникациялық менеджмент кафедра отырысында қарастырылды және ұсынылды 09.12. 2015ж. № 12 хаттама Гуманитарлық-әлеуметтік факультетінің әдістемелік кеңес отырысында мақұлданды 24.12. 2015ж. № 10 хаттама Факультеттің кеңес шешімімен бекітілді 06.01. 2016 ж. № 1 хаттама

3

Мазмұны Кіріспе................................................................................................................... 4 1.Қазіргі журналистиканың жанрлық түрлері мен қызметі .............................................................

7

2.Қазақ журналистикасының тарихы. ..................................................................................

9

3.БАҚ-тағы тіл және стиль. ....................................................................................

13

4.Интернет журналистика және жаңа медиа................................................ 15

4

КІРІСПЕ

Қорытынды мемлекеттік емтихан пәнаралық емтихан түрінде бланкілік тестілеу әдісі арқылы өткізіледі. Оның міндеті – студенттердің оқу бағдарламамен қарастырылған оқу материалы қаншалықты меңгергендігін анықтау болып табылады. Бланкілік тестілеу арқылы өткізілетін қорытынды мемлекеттік емтихан мамандық бойынша мамандарды даярлаудың негізін қалайтын пәндерді қамтиды. Мемлекеттік емтиханға шығарылатын пәндер тізімі: 1.Қазіргі журналистиканың жанрлық түрлері мен қызметі-300 сұрақ 2.Қазақ журналистикасының тарихы-300 сұрақ 3.БАҚ-тағы тіл және стиль-300 сұрақ 4.Интернет журналистика және жаңа медиа-300 сұрақ Жалпы сұрақтар саны - 1200. Мемлекеттік емтиханға 80-120 сұрақ ұсынылады. Емтиханды тапсыруға берлетін уақыт – 3 сағат. «5В050400 - Журналистика» мамандығы түлегінің журналистік қызметінің негізгі функциялары, әдістемелік негіздері мен принциптері қоғамдағы ақпаратты жинастыру, өндеу және тарату ғылымы ретінде және қоғамдық пікірді қалыптастыратын негізгі арна, газет жанрларының қазіргі түрлері, барлық БАҚ түрлерінің шығармашылық қызметінде қолданатын негізгі заңдары жайында түсініктері болу қажет. Негізгі мақсат - студенттерге газет, телевизиялық және радиожурналистика, БАҚ-тың билік, қоғам және басқа БАҚ-пен құқықтық қарым-қатынасы жайында толық білім беру, БАҚ-тың қаржылық функциялары, Қазақстан Республикасы, ТМД және шетелдегі журналистік қызметінің заңдылық акттарымен танысу. “Қазіргі журналистиканың жанрлық түрлері мен қызметі”, “Қазақ журналистикасының тарихы”, “БАҚ-тағы тіл және стиль”, “Интернет журналистика және жаңа медиа”, пәндерін оқыған студент міндетті: кәсіби қызметке қосымша адамның арасындағы, қоғамға, жалпы ортаға қарым-қатынасын бақылайтын құқықтық және әдептілік нормаларын білу; таңдап алған жанр есебімен ақпаратты жинастыру әдістемесі, телепублицистика жанрларының негізгі белгілері, электронды бұқаралық ақпарат құралдарының қазіргі проблемалары; «Мемлекеттік құпиялар туралы заңның» негізгі нормалары; өзінің кәсіби қызметінде әлеуметтік-гуманитарлық әдістемелерді қолдануды үйрену; аудиовизуалды хабарламаларды жасау; БАҚ-тың қоғамдағы құқықтық қарым-қатынастың негізгі заңдарын меңгеру; газет жанрларымен жұмыс кезінде білімді орынды қолдану; кәсіби қызметінде қолданылатын барлық түрлері, компьютерлі де, және ақпаратты жинастыру, сақтау және өндеу әдістемесін, жанрлардың барлық

5

түрлерінің жазылу қабілетін, сонымен қатар әр газет материалының дайындалу технологиясын меңгеру, әр газет материалына қойылатын талаптарға ие болу қажет; кез-келген телерадиокомпаниясының жұмыс тәжірибесімен, сандық технологиясының жұмысымен, шығармашылық ұжымда жұмыс жасауға және авторлық дербестіктің негізгі принциптерін сақтау, журналистердің ақпаратты тарату кезіндегі қоғам алдындағы жауапкершілігі жайында, сөз бостандығы БАҚ-тың демократиялық жүйесінің негізі ретінде түсініктері болу қажет.

«Жанрлық формалар және қазіргі журналистиканың функциялары» курсы «журналистика» мамандығы бойынша оқытылатын міндетті базалық пән болып табылады. Бұл пән журналистік жанрлардың теориялық жинақталған категорияларын, оның заңдылықтарын, принциптерін, функцияларын, қоғамдық-саяси, құқықтық және этикалық нормаларын зерделейді.

«Қазақ журналистикасының тарихы» пәні бакалавриат бағдарламасы бойынша арнаулы журналистік пәндер циклының міндетті базалық пәні болып табылады. «Қазақ журналистикасының тарихы» курсын оқуға мына мәселелер кіреді: Х1Х ғасыр соңында қазақ мерзімдік басылымдарының пайда болуының алғы шарттары; Х1Х ғ. аяғы мен ХХ ғасыр басында Қазақстан мерзімдік басылымдарының даму тарихы ; БАҚ-ның қоғамдық-саяси бағытын әртүрлі қоғамдық, саяси топтардың, бірлестіктер мен партиялардың пікірлерін таратушы есебінде қарастырады. Басты журналистердің, редакторлардың, баспагерлердің, қызметкерлердің қызметіне баға беруді қалыптастырады. Студенттердің публицистикалық дағдыларын олардың публицистика саласындағы мектебі ретінде қарастыру.

«БАҚ – тағы тіл мен стиль» міндетті базалық пән болып табылады. «Журналистика» мамандығын меңгеру барысында аталмыш пән кәсіби

біліктілік қалыптастыруға өз септігін тигізеді. Бұл пән БАҚ спецификасына қатысты білім жиынтығы мен мәліметтерді топтастырған. Журналистің негізгі міндеті сөз сөйлеуді кәсіби тұрғыдан меңгеріп, оның шексіз мүмкіндігін пайдалана білу. «Интренет журналистикасы және жаңа медиа» пәні міндетті кәсіптік пін болып табылады. Аталмыш пән мамандықты игеру барысында кәсіптік білім мен дағдыны қалыптастырады. Интернет – қазіргі бұқаралық коммуникацияның қарымды құралы, тұрмыстың ажырамас бөлігі, қазіргі жан-жақты тұлғаның қажетті құралы. Интернет ақпараттың негізгі көзі болып, үлкен танымалдыққа ие. Елімізде ақпараттық қоғам құру және әлемдік ақпараттық қоғамға кіру тек тиімді ақпараттық кеңістік болғанда ғана мүмкін. Пререквизиттері: пәнді игеру үшін информатиканы меңгеру барысындағы білім, дағды қажет. Постреквизиты: деректі фильмдерді жасау, Телерадиобағдарламаларды жасау технологиясы т.б.

6

ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ

1 Қазіргі журналистиканың жанрлық түрлері мен қызметі

7

Кітаби тіл және оның стилі. Ғылыми стиль: синтаксис пен лексиканың ерекшелігі. Ғылыми-оқу және ғылыми тұрғыда белгілі стиль ішіндегі тармақтар, олардың ерекшелігі және пайдалану мүмкіндігі. Іс-қағаздық стиль: сипаттамасы және қолдану ерекшелігі. Типтік құжаттар. Жанрдың пайда болуына ықпал ететін әртүрлі факторлардың жанр құрудағы рөлі. Тақырып. Журналистикадағы негізгі жанрдың пайда болуына ықпал ететін факторлар. Журналистикадағы дифференциалдық жанрлардың белгісі. Хат техникасы. Журналистік мәтін тілі. Журналистік мәтін және оның функциялары. Шындықтың мәтінде бейнеленуі. Журналистиканың әртүрлі жанрларындағы композициялық формалар. Ақпараттық жанрдағы структуралық ұйым. Структуралық ұйымдағы аналитикалық жанрлар. Структуралық ұйымдағы көркем-әдебиет және публицистикалық жанрлар. Журналистік көзқарастар жүйесі. Оперативтік - жаңалықты мәтіндер. Зерттеушілік мәтіндер. Зерттеу-образдық мәтіндер. Қосымша журналистиканың жанрлары. Журналистиканың жаналық жанрлары. Репортаж жанрының спецификасы. Тақырып. Репортаждық жұмыстағы ерекшеліктер. Ньюс-фиче және аналитикалық мақала. Тақырып іздеу және мәлімет жинау. Сұхбат арқылы тақырып іздеу әдісі. Сұхбат: сұрақтар стратегиясы. Негізгі шығарылым типі. Авторитарлық баспасөз. Әлеуметтік жауапкершілік баспасөзі. Қоғамдық жағдайды халыққа жеткізу. Жеке және бұқаралық мәдениет.Бұқаралық мәдениеттің даму жолдары. Бұқаралық мәдениеттің қоғамдағы орны. Жаңалық журналистикасы. Жаңалық журналистикасының қоғамдағы әлеуметтік рөлі. Аналитикалық журналистика. Журналистикадағы жанрлар мен түрлер. Публицистикадағы жанрлық көптүрлілік. Белгі. Есеп. Бейне. Корреспонденттік репортаж. Мақала. Пікір. Замануи пікірдің функциялары және әдістері. Нұсқа. Журналистік зерттеу. Журналисттік зерттеу әдісінің пайда болуы. Журналисттік зерттеумен жұмыс жасау технологиясы. Хат. Шолу. Баспаны бақылау.Рецензия. Очерк. Эссе. Журналистикадағы пәндік талдаудың ерекшелігі. Аналитикалық журналистиканың жанры. Аналитикалық есеп. Аналитикалық корреспонденция. Аналитикалық сұрақ. Аналитикалық интервью. Әңгіме. Анкета. Әлеуметтік резюме. Рейтинг. Мониторинг. Рецензия. Эпистола. Тәжірбие. Эссе. Олардың жазылуы мен бұқаралық ақпарат құралдарындағы рөлі. Журналистік мәтіндегі тақырыптың түрлері мен талдаудың жанрлары. Саяси талдау. Экономикалық талдау. Экологиялық талдау. Әскери талдау. Спорттық талдау. Тарихи талдау. Әлеуметтік талдау. Статистикалық талдау.

Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі Негізгі:

8

1 Н.Омашев. «Радиожурналистика». Алматы – Экономика – 2005ж. 2 С.Корконосенко. «Основы журналистики» М,2002. Изд. «Аспект Пресс» 3 М. Бармакулов. «ТВ: деньги или власть» А, «санат», 1997 4 М.А.Федотов «Правовые основы журналистики» М, 2002 Изд.: «Владос» 5 Жакып Б. Қазақ публицистикасының калыптасу, даму жолдары, Алматы 2004, Қосымша: 7 З.Смелкова. «Риторические основы журналистики» М, 2003г. Изд.: «ФМиКТа» 8 Е.Черникова. «Литературная работа журналиста» М, 2007. Изд.: «Гардарики» 2. Қазақ журналистикасының тарихы

9

Х1Х ғ. екінші жартысындағы қазақ мерзімдік баспасөзінің пайда болуы және дамуы. «Тәржіман» газеті. 1883 жылдың көкек айында жарық көрген.Қырымның бақшасарай қаласында шығып тұрды. Редакторы әрі шығарушысы Ысмайылбек Гаспринский. «Тәржіман» араб графикасындағы әләпби негізінде «Тілде, істе, пікірде бірлік! Ұранымен түрік жұртына ортақ басылым болды. ХІХ ғ. екінші жартысындағы қазақ жазба әдебиетінің дамуы қазақ демократиялық публицистикасының ұлттық қажеттілік есебінде тууына жол ашты.Қазақстандағы ұлттық публицистиканың негізін салушылар қазақтың ұлы ағартушылары Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев болып табылады. Олардан кейін Мұхамеджан Сералин, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов осы игі істі одан әрі жалғады. «Степной край» (Омск, 1883-1905 жж.), «Тургайская газета» (Оренбург, 1895-1910 жж.) газеттері де ресми басылымдар болды.. Осы кезеңде үкеіметке қарсы және соғысқа қарсы бағытталған қөазақ тіліндегі парақшалар шыға бастады. Ал осы кезеңдегі басылымдар қатарына «Киргизская газета» ( Троицк, 1906 ж. ақпан), «Урал» (1907 ж.) – деп аталған алғашқы большевиктік газеттерді, сонымен бірге Қазақстандағы алғашқы кәсіподақ органы «Трудовая жизнь» ( Семипалатинск, 1907 ж.) журналын жатқызуға болады. «Серке» және «Қазақ газеті» сол уақытта айтарлықтай із қалдырды деп айту қиын. «Серке» 1907 ж. 28 наурызында татар газеті «Ульфаттың» қосымшасы есебінде басылды, ол Петербургте шығып келген еді. Газеттің бір саны жарыққа шыққананан кейін оны үкімет жауып тастады. Газет редакторы Х. Ибрагимов, баспагері Ш.Қошығұлов болды. Орыс революцияшыл демократтарының рухында тәрбиеленген қазақтың озық ойлы интеллигенциясы жұмысшы қозғалыстары өрлеп тұрған уақытта «Қазақстан» газетін құрды.Газеттің алғашқы саны Орда қаласында ( қазір Орал облысының Жәнібек ауданы) қазақ және орыс тілдерінде 1911 ж. наурыз айында жарық көрді. Соңғы, 18-ші саны Оралда 1913 ж. маусымында басылып шықты. «Қазақстан» ( Қазақ елі) сөзінің пайда болуының өзінің прогресшіл сипаты болды, өйткені, революцияға дейін патша үкіметінің құжаттарында халықтың атауы қырғыз немесе қырғыз-қайсақтар деп бұрмаланып келген болатын. Қазақ демократиялық баспасөзінің жаңғыруы. «Айқап» журналы және идеялық бағыты. «Қазақ» газеті. М. Сералин ойшыл әрі қоғам қайраткері есебінде орыстың озық ойлды қайраткерлерінің көзқарасын қабылдады, сонымен бірге ол ана сүті арқылы қазақ халқының ата дәстүр, тұрмыс салтын бойына сіңірген адам болды. Ол өмір сүрген уақыт та сан қилы қайшылықтарға толы болды. “Айқап” журналы 1911 ж. 11 санында бастырушылар алқасының атынан мынандай түсінік береді: “Айқап” деген сөз қазақтың төл сөзі,ол ғасырлар бойы мәдениеттен, білімнен кенже қалған бүкіл қазақ халқының өкініші ретінде алынды. “Ай, қап!” деп санымызды соқтық, енді ел қатарына қосылайық деген үнді білдіреді.”

10

Газет Қазақ елінің түкпір-түкпіріне тарады. Газеттің әр санын Варшава, Санкт-Петербург, Томс қалаларында ЖОО-да білім алып жатқан студент қазақтар, сонымен бірге Қытай қазақтары асыға күтетін. «Қазақ» Орынборда ағайынды Каримов-Хұсайыновтардың жекеменшік баспаханасында басылды. Ол шын мәнісінде халықтың үніне айнаалды. Ахмет Байтұрсынов: “Білімді жұрттардың білім жарысына келсек, оның мағынасы да, көздеген мақсаты да басқа. Ол бірнеше ұлыс ел жиылып, бір-екі күн дуылдап, ет жеп, қымыз ішіп кету үшін ғана жасалмайды, бүтін ұлт ия дүниядағы бүтін жұрт үшін һәм көпке қаларлық іс үшін істеледі... Неше түрлі ғылым, өнер – бәрі де тіршіліктің ауырлығын азайту үшін, рақатын молайту үшін шығарылған нәрселер. Ғылым, өнер артылған сайын дүнияда бейнет кемімекші. Осыған ақылы жетіп, есі енген жұрттар ғылым мен өнерді бірден бірге асыруға тырысады. Асыру үшін әртүрлі істер істейді. Сол істердің бірі – білім жарысы”, – деген болатын. Газет осы білім жарысын алғашқы ұйымдастырушылардың бірі болды. ҚазССР құрылуы, алғашқы өлкелік газеттер пайда болуы. Қазақстан жастар газеттерімен журналдары. «Тіршілік» газеті. (1917-1918) «Қазақ мұңы» (1918 жылы шығып тұрды). Осы кезеңде большевиктік газеттер «Пролетарий» (Орынбор, 1917 ж., қазан), «Заря» (Петропавл, 1917 ж, қыркүйек), «Крестьянская газета» (Верный, 1917 ж., желтоқсан) жұмысы жолға қойылды..Журналистика аренасына алғашқы советтік газеттер шықты: «Известия Военно-революционного комитета» (Петропавл, 1917 ж., желтоқсан), «Известия рабочих и солдатских депутатов» (Семей, 1918 ж., ақпан), «Известия Тургайского областного комиссариата» (Орынбор, 1918 ж., ақпан), «Заря свободы» (Верный, 1918 ж., наурыз), «Объединение» (Павлодар, 1918 ж., көкек), «Голос Алтая» (Өскемен, 1918 ж, көкек). 1970-1991 ж. Қазақстандағы БАҚ. Қазақстандық мерзімді басылымдар – “Ишторакуин», «Жетісу ишчи халык мухбири», «Көмек», «Фукара» және басқалары бастапқыда татар тіліне жақын тілде басыла бастады. өйткені, олардың редакторлары, әдеби қызметкерлері және аудармашылары негізінен татар ұлтынан болатынБір жағынан жергілікті жерді ұлттық кадрлар өте аз болды.. Ең алдымен аз ұлттар арасынан «Камбагаллар авази»(«Голос бедноты») ұйгыр тілінде жарық көрді. 1938 жылдың 15 мамырында кәріс тілінде «Ленин кичи», қазіргі «Коре ильбо» («Корейский вестник») газеті жарық көрді.. "КЕДЕЙ ТIЛI" — 1924-1931 жж. жарық көрді. Совет үкіметінің саясатын аз ұлттар арасында насихаттау мақсатында Астрахань губкомы газеттерді олардың туған тілдерінде бастырғанды жөн көрді. 1921 жылдан бастап татар тілінде "Кызыл ел", ал 1924 жылдан бастап қазақ тілінде "Кедей тiлi.", т.б. басылымдар шыға бастады. Тәуелсіздік жылдары алғашқы он жылдығындағы журналистика. 1942 ж. 12 қарашасында алты майдандық газет қазақ тілінде жарық көрді. Батыс майданында – «Қызыл әскер ақиқаты» («Красноармейская правда»), Брянскіде – «Жауды жоюға» («На разгром врага»), Волховта – «Майдан

11

ақиқаты» («Фронтовая правда»), Бірінші Украин майданында– «Отан намысы үшін» («За честь Родины»), Ленинград майданында – «Отан күзетінде» («На страже Родины»). «Отан үшін», «Отанды қорғау», «Майдан правдасы», «Отан үшін ұрысқа» және тағы басқа газеттер жұмысын майдан шебінде ұйымдастырды. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы аға ақын-жазушылардың фашизмге қарсы қаламды қару етіп жұмсауы – Жамбылдың, Мұхтар Әуезовтың, Әбділда Тәжібаевтың тағы басқаларының жауынгерлік тақырыбына арналған шығармалары кеңінен таныс. Қазақ тілінде шығарылған майдандық газеттер қазақ баспасөзінің тарихынан елеулі орын алады. Бұл газеттерді шығару Ісіне Ахмет Елшібеков, Үмітбай Балқашев, Қасьш Шәріпов, Әбу Сәрсенбаев, Қалмахан Әбдіқадыров, Жұбан Молдағалиев, Әнуар Ипмағанбетов, Құрманбек Сағындықов, Мұса Дінішев, Төлеутай Ақшолақов, Сағынғали Сейітов, Жекен Жұмақанов, Зейнолла Тұрарбеков, Әбдірашит Бектемісов, Мұзафар Әлімбаев, Қалижан Бекхожин сияқты жауынгер журналистер мен жазушылар редактор, газет қызметкерлері, тілшілер қатысты. Міне, осылар үлкен жазушыларымызбен қатар қазақ баспасөзінің тарихында тұңғыш рет әскери очерк жанрын қалыптастырды, орнықтырды. Олар жалынды сөздерімен жауынгерлердің жүрегіне жол тапты. Тәуелсіздігімізді алғаннан кейін “Социалистік Қазақстан” – “Егемен Қазақстан”, “Лениншіл жас” – “Жас Алаш”, “Қазақстан пионері” – “Ұлан”, “Мәдениет және тұрмыс” – “Парасат”, “Пионер” – “Ақ желкен”, “Білім және еңбек” – “Зерде” тағы да басқа газет-журналдардың аты өзгерді. Жаңадан Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің органы “Халық кеңесі”, сондай-ақ, “Заң”, “Түркістан”, “Сұхбат” тағы да басқа, “Азат”, “Желтоқсан”, “Алаш” секілді партиялар мен қозғалыстардың газеттері жарыққа шыға бастады. Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі Негізгі: 1. Мукашева М. Научно-популярная периодика Казахстана: истоки, становление, перспективы развития, Алматы, 2000 год 2. Козыбаев С.К. Справочник журналиста, ПАлматы, 2008 год 3. Қозыбаев М.Қ., Қозыбаев И.М. Қазақстан тарихы. Алматы, 1993. 4.Әбілқасымов Б. Алғашқы қазақ газеттерінің тілі. Алматы, «Ғылым». 5.Атишев А.А. Политическая мысль Казахстана второй половины Х1Х- начала ХХ века. Алматы, 1979. 6.Шалабаев Б. Очерки истории казахской дореволюционной литературы, Алма-Ата, 1958 г. 7. Кенжебаев Б. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті, Алматы, 1976 ж. Зиманов С.З. И. Ленин и советская национальная государственность в Казахстане. Алма-Ата, 1970 г. 8. Козыбаев С.К. Журналистка Казахстана. Энциклопедия, Алматы, 2006 год 9.Кустанай. Вчера, сегодня, завтра. Алма-Ата, 1979 г. 10. Субханбердина У. "Кітап жолы - арман жолы", алматы, 2001 год

12

11.Бейсембиев К.Б. Очерки истории общественно-политической и философской мысли Казахстана. Алматы, 1995. 12.Газетный мир. Краткая справочная книга: М., Политиздат. 1997. ( Газеты Казахской ССР, с. 42-47) 13.Жанраев Б.Б. Казахские литературные связи начала ХХ века. Первый литературный журнал «Айкап». Алматы, 1999. 14.Киргизбаева Г.А. К вопросу об истории казахской молодежной печати. Изв. АН КазССР. Серия общественных наук, 1990, № 5, с.40-46 15.Кенжебаев Б., Кожакеев Т. Из истории казахской молодежной печати. Алматы, 1999 17. Субханбердина У. "Кітап жолы - арман жолы", алматы, 2001 год 19.Козыбаев С.К. Справочник журналиста Казахстана.- Алматы, 2002. 20.Козыбаев С. К. Аудитория-весь Казахстан.- Алматы, 1989. 21.Нургожина Ш.И. Введение в журналистику. - Алматы, 2001. Қосымша: 1.Журнал "Мысль"- серия "Журналистика", Казахстан 2.Красильникова Г. Даешь информацию. Пособие для журналистов.- Алматы, 2003. 3.Красильникова Г. Нельзя. Нужно. Можно. Памятка журналисту.- Алматы, 2003. 4.Сова В. К. Время и пресса.- Алматы, 1995. 5.Харченко С.В. Журналистика: профессия, призвание или политика- Астана, 2003. 6.Қ.Бекхожин. Қазақ баспасөзі тарихының очерктері. Алматы.1981.

13

3 БАҚ-тағы тіл және стиль.

Мерзімді баспасөздің тілі мен стилі Функциональды стильдер және оның мінездемесі.Стильдердің классификациясы: ауызекі-қарым-қатынас функциясы; кітаби, ғылыми және іс-қағаздар хабарландыру қызметі;публицисикалық-хабарландыру және әсер қызметі; көркем-әдеби әсер және эстетикалық қызмет.Тіл мен стильдің жанрлық қолданыстары. Ауызекі, ғылыми, көркем-әдеби стиль. Газет лексиксының жүйесі Қоғамдық-саяси лексикасы, негізгі мінездеме және ерекшелігі. Газет-публицистикалық лексиканың жүйесін қалыптастырудағы принциптер.Дәстүрлі газет лексикасы. Баспасөздегі тілдік құралдарды қолдану ерекшеліктері Талдамалы-публицистикалық, көркем-публицистикалық жанрларда жазылған материалдардың тілдік-стильдік табиғаты. Газет тілі мен стиліне қойылатын басты талап. Аз сөзбен көп мағына беру. Фактінің дәлдігін берудегі тілдік қолданыс. Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі және әрбір тілдің өзіне тән ішкі заңы, ережелерінің қатаң сақталуы. ҚР түрлі типологиядағы басылымдарының тілі мен стилі ҚР негізгі басылымдарының тіл мен стилі. Аталмыш басылымдардағы әртүрлі жанрлардың тілі мен стилі. Аймақтық басылымдардың стилдік және тілдік ерекшеліктер. Қазақстанның іскерлік басылымдарының тілі мен стилі. Теле және радиохабардың тілі мен стилі Теледидар шығармашылықтың бір түрі ретінде өзіндік көркем тілі болады. Оның тілі кинодан мұра етіп алынған. Телетіл құрамдасының біріншісі- экран тілі. Оның өз құрамдастары бар. Негізгісі кино және бейнекамера арқылы алынатын-кадр, план, ракурс деп аталатын тәсілдер. Монтаж. Монтаж құрастыру деген мағынаны білдіреді. Кадрде сөйлеу. Радиохабарлардың тілі мен стилі. Оларда сөйлеу тіліне сай екшелген, сұрыпталған әуезді, әуенді, сазды, интонациялы, мәнерлі, айшықты фразаларға құрылған сөз тіркестері пайдаланылады.Радиода тілдік безендіру, бейнелеу ажарлау, мәнерлеу хабардың сапасын артырып, көркемдігін күшейтеді. Тілдік безендіру-радио хабарларының көркем шығуына қызмет ететін фактор.Лиризм-адамның көңіл-күй мен ой-сезіміне козғау салады. Акустика-тіл әуезі туралы ілім. Радиода тілдік безендіру фонетика мен орфоэпияның заңдылықтарын ескере отырып жасалады. Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі Негізгі: 1. Әбілқасымов Б. Алғашқы қазақ газеттерінің тілі А.1999 2. Әміров Р. Газет тілінде ұшырасатын кейбір сөз тіркестері жөнінде

Тіл мәдениеті және баспасөз А.1972 3. Былинский К.И. Язык газеты МГУ.М.1996 4. Светана С.В. Телевизионная речь. Функции и структура. М., 2001

14

5.Гаймакова Б.Д., Сенкевич М.П. и др. Мастерство эфирного выступления. М., 1993. 6.Жапбаров А. Қазақ тілі стилистикасын оқыту методикасының негіздері А,1991 7. Стилистика газетных жанров. Под ред. Розенталя Д.Э. М., 1997. Қосымша:

1.Сыздық Р. Сөз құдіреті. А.1997 2. Қабдолов З. Сөз өнері А.Қазақ университеті,1992 3. Омашев Н.Қазақ радиожурналистиксы А.1993 4. Әбжанов Қ. Телевизиялық фильмдер-А.2003

15

4. Интернет журналистика және жаңа медиа Кіріспе. Веб-жобалардың алғашқы сатылары, БАҚ ретінде таныла бастауы. Авторлық жобалар, веб-шолулар, блогтар. Мультимедиялық журналистиканың қалыптасуы. Авторлық жобалар –мультимедиялық журналистиканың алғашқы баспалдағы ғана емес, оның бастамасы және и БАҚ әлеміне бастама жол. XX ғасырдың соңында интернеттің дамуы мен өркендеуінің нәтижесінде пайда болған журналистиканың жаңа түрі. Интернет желісі, кең аудиторияға дереу әрі сапалы ақпарат таратудың жаңа әдісін ойлап тапты. Бұл тұрғыда, кез келген интернет пайдаланушы адам өзіндік бұқаралық ақпарат құралын құруға үлкен мүмкіншілікке ие болды. Интернет өз алдына жеке баспа ретінде. Интернет басылымдардың өзінің ресми БАҚ беделі болуы мүмкін, ал кей жағдайларда болмауы да мүмкін. Интернет басылымда қызмет ететін журналист (интернет - журналист) дәстүрлі журналистиканың жұмыс істеу техникасымен көп кезіге бермейді. Мәселен, полиграфия, телетүсірілім немесе аудиожазбаның арнайы аппаратуралары .Ал интернет журналисттің қызметіндегі ең бастысы әрі маңыздысы – оның интернеттегі құқылық аспекті. Дәлірек айтсақ, журналист интернет желісіне жариялаған әрбір мақаласына жауапты, бірақ практика жүзінде бұл жағдай көбінде іске аспайды. Интернет кезеңіндегі редакциялық жүйе. Редакциялық жүйе және кәсіби редакциялық орта. Редакциялық жүйенің құрылымы. Интернет журналистика дамуының тағы да бір баспалдағы ретінде қабылдасақ болады. Ол интернет өркендеуінің бірден –бір дәлелі болмақ. Интернет – журналистика – дәстүрлі журналистиканы эволюциясы, жаңа ғасырдың жаңалығы. Интернет журналистиканың жанрлары. .Классикалық және жаңа жанрлар. Мультимедиялық және синтетикалық жанрлар. Ақпараттық жанрлардың интернетте кеңінен дамуы. Аналитикалық жанрлардағы мәтіндер. Көркем публицистикалық жанрлардағы материалдар. Статикалық иллюстрациялар, фотоленталар, фоторепортаж, фотогалереялар, слайд-шоу, инфографика,карикатуралар. Видеобаған, видеоочерк, видеокомментарий, интерактивті видеосюжет, видеокөпір, мультимедиялық ток-шоу, тікелей эфир,инфографика. Ақпараттық ойындар. Мультимедиялық мақала,инфографиялық мақала.Мультимедиалық материалды безендіру ережелері. Интернет аймақтағы қарым-қатына ерекшеліктері. Интернет – журналистика шығармашылықтың түрі ретінде. Интернеттегі факт, қарым-қатынас ерекшеліктері. Веб-парақшалардың сапасын бағалау критерилері. Онлайн журналистиканың кейбір психологиялық ерекшеліктері; жаңа функциялар және жаңа кәсіби критерилер. Сайт құрылымы. Әлеуметтік коммуникацияны зерттеудің социологиялық негіздері. Социологиялық зерттеулердің түрі. Электронды БАҚ пәрменділігі мен тиімділігі. Аудиторияны типтеу мәселелері. Аудиторияны ғылыми зерттеудің ғылыми негіздері. Ақпаратты қабылдаудың психологиялық ерекшеліктері. Интернет журналистика саласына маманданып жүрген

16

журналист үшін білуге қажетті терминдер. Сайт беттері. Адрес, тақырып және логикалық құрылым мен авторлық. Қазақстандық интернет сайттар. Қазақстандық интернет. Қазақстандағы алғашқы аймақтық торабы. Казнеттің дүниеге келуі. KZ домені тіркелуі. Қазақстандық сайттардың саны. Олардың қандай сипатта болғаны туралы мәліметтер, адрестері. Интернет пайдаланушыларының арасында аса танымалдары негізінен іздеу қызметтері (поисковые службы), іздеу серверлері сондай-ақ жаңалықтар ленталары. Жүйелік басылымдардың типологиясы. Сайттардың мақсаттары. Оның құрылу жолдары. Блогты орналастыру және жіберу. Инсталляция, конфигурация таңдау және рұқсат ету қағидаларын орнату, мәліметтер базасан жасау, FTP-жүктеу. Жүйелік БАҚ жұмысы. Соңғы жылдары интернеттің индивидуализациялануы кең ауқымды танымалдылыққы ие болды. Кез келген тұлға өз алдына ешқандай да шектеусіз әрі бақылаусыз ақпараттың құрастырушысы және таратушысы. Соған орай , блогосфера ұғымы уақыт өте келе үлкен сұранысқа ие болып, өркендеу үстінде. Тіпті , ғылыми ортада осы блогосфера дәстүрлі БАҚ ты ығыстырып тастауыда мүмкін деген пікір қалыптасты. Қазіргі таңда, халықтың көпшілігі тәжіриебелі журналистика мен блогосфера бір – бірін барлық бөлімдер бойынша жақсы толықтырады деген ойға тоқталады. Мультимедия. Бағдарламалық қамтылу. Провайдерлер. Сайт құру кезеңдері. Вебсайттарды жаңарту процесін жеңілдететін бағдарламалар арқасында блогтар дүниеге келгені жасырын емес. Блогты жүргізу үшін қажетті бағдарламалық құралдар ең алдымен, пайдаланушыларға ыңғайлы интерфейсті (веб-браузер арқылы қолдана алатын және контентті ақпаратпен толықтыруды), архив пен іздеу барысын динамикалық түрде басқаруды қамтамасыз етуі керек. Блогтар үшін арналған құралдар – бұл серверде орналастырылатын бағдарламалық қамтамасыздандыру, сайттарды автоматты түрде қосуға арналған скриптер және жарияланған материалды сақтауға арналған мәліметтер базасы. Орнатылғаннан кейін бұл құралдар стандартты веб-браузер арқылы жұмыс істейді. Конвергентті журналистика. Ақпараттың үш циклы. Конвергентті редакцияның жұмысын жоспарлау. Жаңа медиадағы жаңа мамандықтар. Қазіргі таңда журналист қауымы үшін блогты қарапайым вебсайтқа қарағанда демеп отыру да, жаңарту да оңай. Блогтық тұғырнамалар (немесе серверлер) постингтің өзіне тән бірнеше әдістеріне негізделген. Блогтардың танымал болуына әсер еткен жәйт, яғни блог әлеміне арналған техникалық кілт. Пошталық бағдарламалардың жаңалық есептегішінде немесе тікелей сайтта және блогта орналастырады. Блогты жаңалағанда RSS арна да жаңарады және ақпарат автоматты түрде жедел тарайды. Хабарламаны уақтылы жаңартып тұру. Авторлық құқық. Авторлық құқық. Мультимедиялық журналистикадағы авторлық құқық. Авторлық құқық және Интернет. Мультимедиялық журналистиканың даму жолы..Интернеттегі газеттер. Журналдар. Интернет

17

радио. Интернеттегі телевизия. Интернет журналистиканың дәстүрлі журналистикадан айырмашылығы: интернет журналистерге жаңа технологияларды көрсетуде; ақпарат шұғыл түрде беріледі; ақпараттың күллі әлем елдеріне бір мезетте таралуы; оқырмандар санының сағат сайын жоғарылауы. Міне, осы ерекшеліктерімен бүгінде интернет журналистика көш ілгері дамуда. Десек те дәстүрлі журналистикадағы ең ұтымды тұс оның заң нормаларымен реттеліп отыратындығы болса керек. Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі Негізгі:

1 Дорнер Д. Публикации в Интернете. М.2004

2 Коцюбинский А.О. Совр. самоучитель работы в сети Интернет. М. 1997

3 Кихтан В. Информационные технологии в журналистике. М. 2004

4 Интернет-журналистика. М.2006

5 Калмыков А. Интернет-журналистика М.2006

Қосымша:

6 Соловьев А. К вопросам организации и методики информационного и

методики информационного наполнения Интернет. М.1998

7 Информационные ресурсы Интернета М.2003

8 Методики разработки и продвижения Интернет-сайтов М.2008

9 Калмыков А. Интернет и право М.2006.