УДК 821.512.122 ББК 84 Қаз 3-7 А 87 Қазақстан ...

255
УДК 821.512.122 ББК 84 Қаз 3-7 А 87 Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне ақпарат министрлігі Ақпарат жəне мұрағат комитеті «Əдебиеттің əлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша шығарылды. АСАБАЕВ Зəкiр Жылдар сыры: (диалог-эссе, публицистикалық портреттер мен толғамдар). Алматы: “Ана тiлi” баспасы ЖШС, 2013. – 256 б. ISBN 978-601-251-092-8 Зəкір Асабаев ұзақ жылдар бойы қазақ баспасөзінің бетінде қалам тербеп келе жатқан белгілі публицист-қаламгер. Жинаққа оның соңғы жылдары жазылған дүниелері берілді. Автордың өнер мен əдебиеттің біртуар тұлғалары жайлы жазылған эсселері, портреттік баяндары мен толғамдары айтары мол оқы- лымды дүниелер. Кітап көпшілік оқырманға арналады. УДК 821.512.122 ББК 84 Қаз 3-7 © Асабаев З., Жылдар сыры, 2013 ISBN 978-601-251-092-8 © “Ана тiлi” баспасы ЖШС, 2013 А 87

Transcript of УДК 821.512.122 ББК 84 Қаз 3-7 А 87 Қазақстан ...

УДК 821.512.122ББК 84 Қаз 3-7А 87

Қазақстан РеспубликасыМəдениет жəне ақпарат министрлігіАқпарат жəне мұрағат комитеті

«Əдебиеттің əлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша шығарылды.

АСАБАЕВ ЗəкiрЖылдар сыры: (диалог-эссе, публицистикалық портреттер мен толғамдар). – Алматы: “Ана тiлi” баспасы ЖШС, 2013. – 256 б.

ISBN 978-601-251-092-8

Зəкір Асабаев ұзақ жылдар бойы қазақ баспасөзінің бетінде қалам тербеп келе жатқан белгілі публицист-қаламгер.

Жинаққа оның соңғы жылдары жазылған дүниелері берілді. Ав тор дың өнер мен əдебиеттің біртуар тұлғалары жайлы жазылған эс се ле рі, портреттік баяндары мен толғамдары айтары мол оқы-лым ды дүниелер.

Кітап көпшілік оқырманға арналады.

УДК 821.512.122ББК 84 Қаз 3-7

© Асабаев З., Жылдар сыры, 2013 ISBN 978-601-251-092-8 © “Ана тiлi” баспасы ЖШС, 2013

А 87

МАЭСТРО диалог-эсседиалог-эссе

4

“Мен Мұқанға қарыздармын”

Маэстроға жолығудың сəтi бiрден түспегенмен, ақы-ры, мiне, Бəрiбаев көшесiндегi пəтерiне келiп, есiктiң қо-ңырауын бастым. Үйде өзi ғана екен. Жайдары мiнез, жар-қын жүзбен қарсы алып, қас қағым сəтте бiраз сырды ақтарып тастады.

* * *– Сiз қазақ халқын əлемге танытқан əйгiлi əншiлердiң

бiрiсiз. Өмiрден көргенiңiз көп шежiре қариясыз.– Тоқта, тоқта! Қария дейсiң бе? Апырай, ə! Адам өзi

қартайса да, көңiлi қартаймайды дегендi қазiр бiз де бастан кешiрiп, байқап жүрмiз, бауырым. 75-ке толып, бенефис өткiзген едiм, бəлкiм, көрген шығарсың.

– Бұған дейiн қаншама рет айтылып, жазылып жүрсе де, бəрiбiр, қалың қауым, əсiресе жас буын Сiз жөнiнде толық бiлмейдi, ғұмырнамаңыздың ашылмай жатқан қырлары аз еместей көрiнедi. Сондықтан өзiңiзбен жан-жақты, кең-молдау əңгiмелесудi ниет еткен жай бар. Естуiмiзше, сiздiң ата-анаңыз ағарту саласының маман-дары болған көрiнедi. Солар туралы айта отырсаңыз.

– Əкемнiң есiмi Бекмұхамбет емес, Бекмағамбет бола-тын. Туған жерi – Көкшетау облысы Қызыл ту ауданына қарасты қазақ ауылдарының бiрi. Кейiн ол жер “Бидайық” совхозы делiндi, қазiр қалай аталатынын бiлмеймiн. Əкемнiң айтуынша, ол Ертiстiң Обь өзенiмен түйiсер тұста дүниеге келiптi. Əкемнiң əкесi бiр көпестiң малын бағып, бас-көз боп, тұрмыс-халiн түзеген, етi тiрi, жiгерлi адам болыпты. 6-7 баласының бəрiн оқытуға ден қойыпты. Басқаларын қайдам, əйтеуiр, өз əкемнiң Омбыда, одан кейiн Уфадағы Ғалия медресесiнде оқығанын бiлемiн. Уфада ақын Мағжан

5

Жұмабаевпен танысып, жастық шақтарын тай құлындай тебiсiп, тату-тəттi, қызықты өткiзсе керек.

Между прочим, əкем жөнiнде ешкiм онша көп сұрай бер меушi едi, сенiң сұрағаның дұрыс болды. Сөйтiп, ол Омбы мен Уфада оқыпты. Онан соң шамалы уақыт ауылда бала оқытса керек. Бiрiншi əйелiнiң аты Күлəш екен, одан Ғалия деген қызы бар, Талдықорғанда тұрады. Бала-шағалы. Жездемiз Ғабдыразақ органда жауапты қызметтер атқарған, шенi полковник едi. Апам да, жиендерiмiз де қатысып тұрады. Апамның ептеген ақындығы бар.

Əкем ауылдан Петропавл қаласына барып, педтехникум-да сабақ берiп жүргенде екiншi рет менiң анам Зылиқаға үйленiптi. Мағжанның əйелiнiң аты да Зылиқа болатын. Екеуi де қаны татар болғанмен, жаны қазақ едi. Орта бiлiмi бар анам негiзiнен үй шаруасында болды.

Петропавл мен Көкшетаудағы педтехникумда сабақ бер-ген əкем Ақмола губерниялық халық-ағарту бөлiмiнде ин-спектор боп та iстеп, фаэтонға мiнiп жүретiн, Көкшетаудан Алматыға ауысқан соң, ҚазПИ-дi сырттай бiтiрiп, сонда ұстаздық еттi. Жас кезiнен жазушылықпен айналысып, КазАПП-қа мүше, “Кедей сөзi” газетiне редактор болыпты. “Ташкент – нанды қала” деген романды қазақшаға аударған. Көрем десең, əне, сөреде тұр. В.Катаевтың “Жалғыз желкен жалтылдап” деген романын тəржiмаладым деушi едi, бiрақ неге екенiн қайдам, ол басқа бiреудiң аудармасымен жарық көрдi. Бала кезiмiзде, одан кейiн де əкем Мағжаннан бас-тап Сəкен, Iлияс, Бейiмбеттермен қатар жүрiп, қызметтес болғанын оңашада там-тұмдап қана айтатын. Олардың бəрi халық жауы боп, атылып кеттi ғой. Жеке пiкiрi шығар, кейiн ашық айтатын кез келгенде Мағжанды жоғары бағалап, Сəбит пен Ғабит оған теңесе алмайды деп отыратын. Мағжанның əйелi Зылиқа апай əкем мен шешеме өле-өлгенше келiп жүрдi. Репрессия жылдарында, сiрə, өз басына да қауiп төнгеннен бе екен, əкем артық сөйлемей, көбiнесе томаға-тұйық, сақ жүретiн. Тiптi, қанды көйлек досы Мағжанның əйелi үйге келгенде де бiзге ауыздарыңа ие болыңдар деген-дей емеурiн бiлдiретiн-дi.

6

Заңғар жазушы Мұқтар Əуезовтi көзi тiрiсiнде талай көрдiк. Менiң əкемнен 5-6 жас кiшi болса керек. Мұқаң мен орындайтын “Абай” ролiне шын пейiлден риза боп, қуана құптайтын, құттықтайтын. Өз басым қазақтың қандай халық екенiн оның “Абай” эпопеясынан бiлдiм десем, титтей өтiрiгi жоқ. Əне, сол данышпан маған: “Сенiң əкеңнiң аты жер жа-рып, дүрiлдеп тұрғанда менiң бұтымда жыртық дамбал да жоқ едi”, – дейтiн.

– Сөйтiп, əкеңiз Петропавлда екiншi рет үйленген деңiз. Сiз тұңғышысыз ба?

– Иə, тұңғышымын. 1926 жылы Петропавлда тудым. Екi-үш жасымда Көкшетауға көшiп, əкем сондағы педтехникум-да дəрiс берiптi. Екiншi класты сонда бiтiрген соң, əкемнiң қызмет бабына байланысты Алматыға қоныс аудардық. Үшiншi кластан бастап 54 мектепте оқып, содан берi Алма-тыда тұрып келемiз.

– Бала кезiңiзде ауылға, əкеңiздiң тума-туыстарына барып тұрдыңыз ба? Ауылдың тiршiлiк-тынысы, қазақы болмысына қанықсыз ба?

– Маған ауылға баруға мүмкiндiк тумады. Ал iнiм Мұратты əкем ауылға жиi апаратын, сондықтан ба, ол қазақ тiлiне менен жүйрiк, еркiн сөйлейдi. Ұлттық салт-дəстүр, əдет-ғұрыпқа да жетiк.

– Неше ағайындысыздар?– Əкемнiң бiрiншi əйелiнен Ғалия деген апамыз бар

дедiм ғой. Ал бiр ата-анадан үшеумiз, Мəскеудiң Болат жəне түстi металдар институтында оқыған – менен бес жас кiшi қарындасым Рауза ертерек қайтыс болды, өзiнен кереметтей əншi шығуы мүмкiн едi, бұйырмаған соң амал жоқ. Iнiм Мұрат, өзiң де бiлетiн шығарсың, белгiлi музы-кант, “Қазақстанның халық артисi”, қазiр Алматы қаласы əкiмшiлiгi жанындағы камералық оркестрдiң дирижерi.

– “Алып анадан” дейдi ғой, Ереке! Сiздiң атақты əншi болуыңызға ата-анаңыздың ықпал-əсерi болды ма? Олардың өнерге қатыстары қалай едi? Əн салып, музыка аспаптарында ойнаушы ма едi?

– Жалпы, ұмытпай тұрғанда айтып қояйын, бiздiң əулет Бөртебай, Серкебай деген кiсiлерден тарайды. Серкебайдан

7

өзге өрен-жарандарын айтпағанда, жетi ағайынды əкем мен бiздер болсақ, Бөртебайдың үрiм-бұтағы да өсiп-өнген. Анау 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы паркте Бейсембай Үмбетбаев деген белгiлi азаматпен қатар жерленген көрнектi қоғам жəне мемлекет қайраткерi Фазыл Кəрiпжанов сол Бөртебайдан тарайды. Басқа Кəрiпжановтар да бар. Ал жетi атамызда өнер саласында аты шыққан кiмдер болғанын бiлмеймiн. Əкем де, шешем де қара жаяу емес-тi, екеуi де əн-күйдi, музыканы жақсы көретiн, ұнататын, сүйетiн. Анамның құлаққа жағымды нəзiк даусы бар едi. Ол да, əкем де жай дауыспен, мəнерiн бұзбай əн салатын, негiзiнен халық əндерi. Неге екенiн бiлмеймiн, қайтыс болардың алдында əкемнiң көзiнен мөлт-мөлт жас тамшылап жатып, сондай бiр мұңды үнмен “Қызыл бидайды” айтқаны əлi күнге дейiн құлағымда. Марқұмның өмiрi туған ел, өскен жерi – əн-жырдың қайнар көзi, аруақты да қасиеттi Арқаны аңсаумен өттi ме, кiм бiлсiн?! Ұлы Абай “Туғанда дүние есiгiн аша-ды өлең, өлеңмен жер қойнына кiрер денең” демеушi ме едi. Əкем жарық дүниемен өлең айтып жатып қоштасты. Ой, жалған-ай!

– Əйтсе де, сiзге бала кезiңiзде музыкадан азды-көптi əсер еткен адамдар болған шығар?

– А-а-а! Иə, неге болмасын, болғанда қандай! Фазыл жан, Ғалымжан дейтiн нағашыларым скрипка, тағы бас қа аспап-тарда ойнайтын. Оларды есiм кете құмартып тыңдайтынмын. Фазылжан нағашымның үйiндегi Əмина апай, орысша бiр ауыз сөз бiлмесе де, тұла бойы тұнған қазына iспеттi едi, Магишакар əжемнiң тағлымды сөздерi, шырқайтын əндерi, тəлiм-тəрбиесiн қалай ұмытайын. Өз үйiмiзде де скрипка бо-латын. Аспапты қолға қалай ұстау, қалай ойнауды Ғалымжан нағашым ерiнбей-жалықпай үйрететiн. Қысқасы, жас кезiмде скрипкада ойнап, əн салатынмын. Даусым қыздың үнiндей жiңiшке едi. Фазылжан мен Ғалымжан нағашыларымның екеуi де соғысқа қатысқан. Жандары жəннатта болсын...

– Бала кезiмде əн салдым, скрипкада ойнадым дедiңiз. Қай кезде де атышулы əншi, музыканттардың көбi үлкен өнерге алғашқы қадамдарын музыка мектебiнен бастаған ғой. Сiз ше?

8

– Менде сəл басқашалау. Музыкаға талап, ынта-ықы-ласым зор болғанмен, физика пəнiн ұнататынмын. Үлгерiмiм жақсы болатын. Егер соны оқысам, əй, жаман физик бол-мас едiм-ау деп ойлаймын. Əкем де физик болуымды қа-лай тын. Күтпеген жерден соғыс басталған соң, ертеңгi күнiмiздi көбiрек ойлаған əкем менi сөзсiз физика-математи-ка факультетiне берем деп жүрдi. Өзiм де солай ойлағанмен, музыкаға деген құштарлық күннен-күнге күшейе бердi. Сiрə, бетiнен қақпайын дедi ме екен, меселiмдi қайтарғысы келмеген əкем 7-шi кластан бастап П.И.Чайковский атын-дағы музыкалық училищеге түсiрдi. Үш жылдан кейiн отбасымызға материалдық көмек жасау қажет болғандықтан, оқуды тастап, жұмыс iздеуге тура келдi.

Үйде бiр топ жанбыз, кiрiс аз, шығын көп. Əкемнiң тапқаны жұмырға жұқ болмайтынын көрiп, бiлiп жүремiн. Онда барамын, мұнда барамын, ретi келмейдi. Бiр күнi əйтеуiр радиоға диктор болып орналасудың сəтi түстi. Табы-сы тəуiр, үй-iшiме жəрдемдесуге мүмкiндiк туды.

– Оқуын оқымай-ақ бiрден диктор болдыңыз ба? Қа-зақша ма, орысша ма?

– Скрипкашы Семен Коробченко дейтiн жолдасым бо-лушы едi, бiрде үйлерiне барсам, соның Леонид деген iнiсi: “Ермек, саған жұмыс керек пе?” – десiн. “Керек”, – деймiн. “Онда радиоға кел”. “Онда не бар?” “Дауыс ырғағың, мəнерiң жақсы, менiңше, дикторлыққа жарап тұрсың”. “Мейлi”, – де-дiм. Леонидтiң өзi диктор болатын. Бардық. Көрдi. Тексердi. Қызметке алды. Ол шақтарда КазТАГ-тың хабарын бүкiл елге радио арқылы тарату үрдiсi бар-тын. Киностудияның құжатты фильмдерiне диктор қажет. Радиодағы негiзгi жұмыс пен бiрге, соларды да қоса атқарып жүрдiм. Жалақым 1500 сом. Бұл ол кезде үлкен ақша. Үйiмiзге ырыс кiрiп, бе-реке дарығандай болды. А-а, айтпақшы, қай тiлде диктор болдың деп пе едiң? Қазақша. Көп жұрт менi орыс мектебiнде оқығандықтан қазақшаға шорқақ деп ойлайтын болу керек, олай емес. Қазақ жазушысының баласы қазақ тiлiн бiлмесе, қалай болғаны? Əрине, орыс тiлiне бейiмдеу екенiм рас. Қазiр бұрынғы одақтас республикалардың бiзден басқасы, тiптi анау славян тектес украин, белорустарға дейiн орыс

9

тiлiн мансұқтап, терiс айналып жатыр ғой. Ол қате. Орыс тiлi əлемдiк тiлдердiң санатына жатады. Сонда не, қазақ пен латыш немесе қазақ пен армян, грузин мен молдаван бiр-бiрiмен аудармашы арқылы сөйлесуi керек пе? Сондықтан орыс тiлi керек. Ал əр ұлт өз ана тiлiн қорғау, сақтау, дамыту басқа гəп. Ана тiлсiз ұлт болмайды.

– Əнуарбек Байжанбаев туралы не айтасыз? Ол кiсi жөнiнде əртүрлi қызық əңгiмелер естiледi. Есiңiзде қал-ғандары бар ма?

– Əнуарбек Байжанбаев менiң ұстазым болатын. Қуақы, əзiлкеш, сөз тапқыш, зиялы кiсi едi. Əнекеңнiң өз басы ту-ралы, не ол айтты дейтiн əңгiмелер аз емес. Шапағатын көп көрдiм. Соғыстан кейiнгi жылдарда “маған егер Сталиннiң бұйрығын оқу керек болса, эфирге шығар алдында 150 грамм, Калининнiң жарлығын оқу керек болса, 100 грамм жетедi, допингiм сол” деп күлдiретiн. Аздап iшетiн, əрине. Бiрақ “қазақтың Левитаны” аталғаны əдiл.

– Сiз диктор боп жүрген кезiңiзде композиторлардың бiрi дарыныңызды байқап, үлкен өнерге – əншiлiкке баулы-ды дегендi құлағымыз шалған. Ол кiм?

– Радиоға келгеннен бастап сондағы əншi, күйшi, музыкалық ұжымдарға ден қойып, көкейге де, көңiлге де тоқып жүрдiм. Радио таңғы 6 сағат 30 минутта ашылады. Жұмысқа кешiкпеу үшiн сағат 5-те тұрып, жаяу барамын. Қызмет орныма жеткенше бар даусыммен əнге басамын. Ра-диода хор, орыс халық аспаптарының симфониялық оркестрi, басқа да толып жатқан əншi, күйшi, музыкант, дирижер, кон-цертмейстрлер болатын. Қол қалт етсе, соларға жанасамын. Симфониялық оркестр құрамында елеусiздеу боп екi музы-кант отыратын. Екеуi де орыстың домра аспабында ойнайды. Бiрi – Фуат Мансұров, бiрi – Тұрғыт Османов. Тұрғытпен қатты достасып, үйiнен шықпайтынмын. Əкесi репрессияға ұшыраған пақыр екен. Кейiн Фуат та, Тұрғыт та жоғары бiлiм алып, атақты дирижер болды. Бүгiнде Тұрғыт бақилық, Фуат аман-сау, қызмет iстеп жұр.

Əлбетте, ылғи өнер адамдарының iшiнде жүрген соң, ара-тұра əн саламын жəне қалай саламын десейшi! Соны сезетiн хор жетекшiсi Антон Максимович Москаленко бiрде

10

менi өзiне шақырды да: “Байқауымша, сенде дауыс бар, кəне, бiр əн айтшы”, – дедi. Айттым. “Жақсы, – дедi ол, – сенiң даусың жолға қойылған дауыс екен, мүкiсi жоқ, қайдан үйренгенсiң?”. Скрипкада ойнайтынымды, музыкалық учи-лищеде оқығанымды айттым. “Түсiнiктi, – дедi Москален-ко. – Əзiрше хор құрамында əн салуға қалайсың? Кейiнгiсiн көре жатамыз”.

Бiрден келiстiм. Келiстiм де, хордың құрамында əн сала бастадым. Оны мiсе тұтпай, концертмейстрлердiң сүйемелдеуiмен атышулы опералардан классикалық ари-яларды орындап жүрдiм. Мен айтатын Рубинштейннiң “Нерон” операсындағы эпиталама (үйлену тойының əнi), Чайковскийдiң “Иоланта” операсындағы Роберттiң ариясы кəсiби əншiлерден кем түспейтiн. Бəлкiм, сондықтан болар, Мəскеудегi – Качалов көшесi 24 – дыбыс жазатын үйге əн жаздыруға талай рет барғаным. Сонда атақты Левитанға жолығып: “Мен Серкебаевпын, сiзбен танысқым келедi”, – дегенiмде, ол бетiме күлiмсiрей қарап: “Ермек, сенi кiм бiлмейдi”, – дегенi есiмде.

Байқап отырсың ба, ол кезде мен əлi кəсiби əншi емеспiн, қазақ радиосының дикторы, өз бетiнше əн айтып жүретiн бей мəлiмдеу адаммын. Оған басты себепкер – Антон Мак-симович Москаленко. Əншi ретiнде жолымды бiрiншi аш-қан сол. Ал əлгi сен айтқан композитор содан кейiн. Ол əлi соншалық атақты емес-тi. Бiрақ аға ретiнде асты-үстiне түсiп, сыйлайтынбыз. Кiм екенiн бiлiп отырсың ба? Мұқан Төлебаев!

– “Бiржан-Сара” операсы сол кездерде қойылған жоқ па едi?

– Қойылуын қойылған. Алайда, Байғали Досымжанов, Əнуарбек Үмбетбаев, Шабал Бейсековалардың Сталиндiк сый лық алып, олардың да, авторының да дүрiлдегенi одан көп кейiн. Мұқан Төлебаев КСРО Халық артисi атағын екiншi онкүндiкте алды.

Радиода көркемдiк жетекшi боп iстейтiн Мұқан Төлебаев менiң əн салатынымды байқап, сыртымнан көз салып жүредi екен. Бiрде өзiне шақырып, “кəне, бала, бiр ария орында-шы” дедi. Радионың симфониялық оркестрiне қосылып,

11

Чайковскийдiң “Евгений Онегин” операсындағы Греминнiң ариясын шырқадым. Оған дейiн опера театрына жиi ба-рып, аталмыш арияны да, басқаларын да тыңдаушы едiм. Сондықтан оңай айтылды. Ария бiрден (сол шақтағы дəстүр бойынша) радиодан берiлдi. Ізiнше күллi республиканы бiлмеймiн, Алматы бiрден шу ете түстi. Опера театрының басшылары да тыңдапты.

Орындау мəнерiмдi тұңғыш рет көзбен көрiп, ықылас қоя тыңдаған Мұқан мəз-мейрам, қатқылдау көрiнетiн қара қошқыл өңi нұрланып: “Ей, бала, кəне, жүр менiмен бiрге, театрға барамыз, сенiң орның мұнда емес, сонда”, – дедi арқамнан қағып.

Мұқанға iлесiп театрға бардым. Директор Райхан Жұмин жылы шыраймен қарсылап, қасында отырған бас дирижер Григорий Арнольдович Столяровқа таныстырды. Сол арада аяқ астынан бiр əн айтуымды сұрады. Айттым. “Қабылдау бөлмеге шыға тұр”, – дедi. Шықтым. Сəлден соң директордың кабинетiнен атып шыққан Мұқан: “Құттықтаймын, бала! Сенi жұмысқа қабылдайтын болды. Жалақың жоғары кате-гориялы – 1500 сом, оған қосымша азық-түлiкке литерлi кар-точка аласың”, – дедi.

Сөйтiп, мəселе аяқ астынан шешiлдi. Басшылар менi нақ сол сəтте қызметке алу жөнiнде бұйрық та шығарып жiберген болу керек. Залға кiрiп, осы мекеменiң нақ бiр туабiттi ада-мындай аяқты алшаң-алшаң басып жүрмiн. Сахнаға шықтым. Əне, сол мезгiлде өз-өзiмнен құтым қашып, зəрем зəр түбiне кете қорқайын. Неге дейсiң бе? Ал қабылдады. Операларға қатысып, ариялар орындармын. Сонда олар қандай опе-ра, қандай роль? Жанама рольдер ме? Көпке ұзаймын ба, ұзамаймын ба? Əлбетте, мүмкiндiгiм, талантым бар, бiрақ моральдық құқым жоқ. Жүрексiну себебiм сол. Салым суға кетiп, сахнада əн шырқауға мұршам болмасын жан-тəнiммен сездiм, ұқтым, түсiндiм. Не iстеу керек? Кету керек. Қайда? Əзiрше бұрынғы iстеп жүрген жерiм – радиоға. Бiрақ одан да кетемiн. Консерваторияға түсемiн. Бұл соңғы шешiм. Өзгермейтiн байлам. Өмiрiме осындай бетбұрыс жасағаны үшiн Мұқанға мың да бiр рақмет!

12

– Жалпы дикторлыққа дейiн өнерге қатысыңыз бо-лып па едi, сахнаға шығып па едiңiз? Əншiлiкке кездейсоқ келдiм деп ойламайсыз ба?

– Мектепте оқып жүргенде көркемөнерпаздар үйiрмесiне қатысып, аспаптық ансамбльде флейтада (қолдан жасаған сыбызғы) ойнадым. 4-5 кластарда оқып жүргенде қазiргi Гоголь мен Пушкин көшелерiнiң бұрышындағы пионерлер үйiнде сан рет өнер көрсеттiк. Əне, солайша музыкалық учи-лищеге түскенге дейiн тəп-тəуiр дайындығым болды.

Училищеде скрипкада ойнауды шыңдап, жетiлдiре түстiм. Ондағы оқуды үзiп, жұмысқа орналасқан соң ара-тұра ра-диодан əн салып, тiптi Мəскеуге барып жаздырып жүрсем де, сахнаға шыға қойған жоқ едiм. Мен өзiмдi ешқашанда əншiлiкке кездейсоқ келдiм деп ойламаймын. Керiсiнше, Əмiре де, Ақан да емес, өз амплуамды тапқан əншi Ермекпiн. Ерте ме, кеш пе, өнер айдынында құлашты кең сермеп, еркiн жүзетiн сəт сағаты бəрiбiр туар едi. Оған сенiмiм кəмiл.

– Алғаш тыңдарман қауым сiздi опера əншiсi ретiнде танып-бiлген. Тұңғыш рет қай партияны орындадыңыз? Көрермен қалай қарсы алды? Сын айтушылар, қасақана бұра тартқандар ұшырасты ма? Опера əншiсi болуға дайындық кезiнде соны орындасам деп армандаған роль-дерiңiз болды ма?

– Театрдан кеттiм. Радиоға қайтып оралдым. Бiрақ мұн-да ұзақ аялдамасымды олар да, өзiм де бiлетiнмiн. Бұл кез-де радио жанындағы хор дирижерi Антон Максимович Москаленконың орнына Орлов деген келген-дi. Зайыбы Ва-лентина Ивановна концертмейстр-тiн. Обалы қайсы, олар да маған қолдау көрсетiп, Орловтың қарауында əн салуды жалғастырып жүрдiм. Орлов консерваторияға түссем деген талабымды қуаттап, қолдау көрсеттi, дайындалуыма көмек жасады.

1946 жылы консерваторияға құжат тапсырдым, даусым-ды тыңдаған мамандар бiрауыздан оқуға қабылдады. Қазақ өнерiнiң өркен жаюына бiр кiсiдей тер төгiп, үлес қосқан зи-ялы маман Иван Васильевич Круглыхин консерваторияның директоры, əйелi Антонина Васильевна Круглыхина Қа-зақстан ның халық артисi едi. Олардың да, басқалардың да

13

музыка саласындағы еңбегi, тiптi, қимыл-қозғалыс, жүрiс-тұрыстарына дейiн бiздерге үлгi, өнеге-тiн. Əн класында “Қазақстанның өнерге еңбек сiңiрген қайраткерi” Александр Матвеевич Курганов дəрiс бердi. Оның Алматыға қалай табан тiрегенi өзiнше оқиға. Мұнда соғыс жылдарында шығармашылық жұмыстармен келген ол керi қайта алмай, бiраз уақыт аш-жалаңаш жүрiптi. “Өлмегенге өлi балық” де-гендей, көшеде қаңғырып жүрген пақыр бiрде опера театры директорының орынбасары Я.Л.Лубяноймен ұшырасып қалып, ол өздерiне жұмысқа шақырыпты да, бесаспап бiлгiр маманның содан бастап бағы жанып сала берiптi. Курганов көптеген дарын иесiне ақыл-кеңес берiп, қол ұшын созып-ты. Кейiн консерваторияға ауысыпты. Ұстаз ретiнде бiлiмiне тəжрибесi сай, асқан сауатты, жаны таза, кiсiлiгi мол, ғажап адамға қарыздар жалғыз мен ғана емес, олар тiптi көп. Кон-серваторияны 1951 жылы сол Кургановтың класында бiтiрiп, “опера-концерттiк орындаушы” деген мамандық алып шықтым.

– Ə, театрға сонан соң келдiм деңiз.– Жо-жоқ, театрға бiрiншi рет қабылдағанда қашып кеттiм

дедiм ғой. Ал екiншi рет 1947 жылы консерваторияға түсiп, көңiлiм жайланғандай болған соң жұмысқа алуларын сұрап, өзiм бардым. Алуын алды. Алайда, айлық жалақы алғашқы кездегi өздерi айтқаннан едəуiр төмен – 1100 сом болды. Кар-точка да жұпыны. Шалқайып қайтейiн, барға мəзiр, көндiм, келiстiм. Əрi оқып, əрi жүмыс iстедiм. Басты рольдi бiрден кiм берсiн, бiраз уақыт “Абай” операсындағы Көкбай секiлдi уақ-түйек партияларды орындап жүрдiм.

– Ғафу етiңiз, “Ер Тарғын” операсының ескi фонограм-масында атышулы “Көк аршын” əнiнiң əуезiмен орын-далатын шағын партия бар. Өзiңiз айтып отырған уақ-түйектердiң бiрi сол болса керек, шамасы. Ұсақ-түйек болса да, құлаққа жағымды үн ерекше естiлiп, жанды баурайтын. Соны сiз орындап па едiңiз?

– Солай шығар. Бiрақ жатпай-тұрмай iзденумен болдым. Түбi кəдеге асар деген оймен, “Абайдағы” Абай партиясын ешкiмге бiлдiрместен, өз бетiмше жаттап, толық игерiп ал-дым. Айтқандай-ақ, консерваторияны бiтiретiн жылы Абай

14

ролiн орындадым. Одан көп ұзамай “Евгений Онегиндегi” Евгений, “Травиатадағы” Жермон рольдерiнде көрiндiм. Ендiгi дəмем – “Севиль шаштаразындағы” Фигароның ролi. Бiрақ ол қиынның қиыны, жүрек дауаламайды, кəдiмгiдей сескенемiн. Əйтсе де, аталмыш опера сахнаға шығатындай күн туса, үмiт жоқ емес. Ақыры түбi қайырлы боп, ол мақсатқа да жеттiм. “Травиата” да солай.

– Күлəш, Қанабек, Құрманбек, Ғарифолла, Əнуарбек, Байғали, Кəукен, Шабал сынды тарландар бар едi-ау. Олар сiздi қалай қабылдады? Жылы құшағын ашқандар да, тоң-терiс қарағандар да болған шығар. Оның үстiне, олар қазақша, сiз орысша сөйлейсiз. Түсiнбестiк болушы ма едi?

– Қазақ операсының шаңырағын көтерiскен, халық арасынан шыққан табиғи дарын иелерiнiң кəсiби бiлiмi болмаса да, əрқайсысы өзiнше алып бəйтерек едi. Сырт-тай маңғаз, арыстандай айбатты көрiнетiн аға-апалардың бойындағы кiсiлiк қасиет, iшкi мəдениет, қарапайымдылық, кiшiпейiлдiктерiнде шек жоқ-тын. Əлбетте, əрбiрiнде өзiне тəн мiнез-құлық, адами, пенделiк қасиеттер де байқалмай тұрмайтын. Құрекең қызбалау, Қанекең серiлеу, Ғарекең тұйықтау, Байғали тым биязы, Əнуарбек мақтаншақтау, Кəукен қылжақпастау дегендей. Күлəш пен Шабал апала-рымыз мейлiнше сыпайы едi. Жеке пiкiрiм ғой. Ешбiрiнен жатсыну, өзiң айтып отырғандай тоң-терiстiк сезген емеспiн. Бəрi жылы қарайтын, еркелететiн, қолдары қалт етсе, үйлерiне шақыратын. Мүсiлiм Абдуллиннiң өзi екi күннiң бiрiнде үйге жүр, ас дайын деп жiк-жапар болатын. Өте қонақжай, тектi жан едi марқұм.

Ал ендi “олар қазақша, сiз орысша сөйлейсiз. Ара ла-рыңызда түсiнбестiк болушы ма едi” дейсiң. Оны кiм айтып жүр саған, бiздiң бəрiмiз де қазақпен қазақша, орыспен орыс-ша сөйлесетiнбiз. Бұл жағынан арамызда түсiнбестiк болған емес. Қайта олар қала баласы саналатын менiң қазақша сөйлейтiнiме ризалық бiлдiрiп, шеттерiнен қолпаштайтын. Жаңа ғана мен еншiме əлi басты роль тимей жатып, Абай айтатын бүкiл партияны күнiлгерi жаттап алдым демедiм бе? Сол қазақ тiлiн бiлгеннiң арқасы емей не? Айтқандай,

15

ержете келе əкеме “менi неге қазақ мектебiне бермедiңдер” дегенiм бар. Ол “заман солай болды ғой” дедi де қойды.

– “Ер Тарғын” операсында Ер Тарғынның ролiн орын-дадыңыз. Опера авторы – Е.Брусиловский. Сол адам Қа зақстанға өкпелеп кеткен дейдi. Осы жөнiнде бiле-тiндерiңiз бар ма?

– Несi бар, əдiлдiк, шындық тұрғысынан көрген-бiлге-нiмдi айтуыма болады. Е.Брусиловскийдiң еңбегi өлшеусiз. “Жалбыр”, “Қыз Жiбек”, “Ер Тарғынды” қосқанда – сахнаға шыққаны бар, шықпағаны бар – ол 31 опера жазды, аз ба, көп пе, өзiң бағамдай бер. Сол арқылы қазақтың небiр асыл əн-күйлерiнiң мəңгi сақталып қалуына дəнекер бол-ды. Сонда бұл оңай тiрлiк пе? Ой, дүние-ай! Бiреулер соны да көпсiнiп, кезiнде кейбiр опералардың афишаларында Е.Брусиловскийдiң атын атамай, “музыкасы халықтiкi” деп жазғанды да бiлемiз. Онан соң ол қалай өкпелемейдi? “КСРО халық артисi” атағына лайық едi. Қимады. Терiсiне сыймай ашуланған марқұмның əкiмқараларға қатты-қатты сөздер айтып, Мəскеуге бiржола кетiп қалғаны жанға бата-ды. Өкiнiштi!

– Консерваторияда оқи жүрiп, əрi опера театрында жұмыс iстедiм дедiңiз. Сiз сахнаға шығатын күндерде ата-ана, тума-туыс, дос-жаран, жақын-жуықтарыңызды театрға əдейiлеп шақырушы ма едiңiз? Сiз орындағын партиялар туралы қандай лебiз бiлдiретiн? Олардың пiкiрiне құлақ асушы ма едiңiз?

– Құдай сақтасын, арзан абырой-атақ үшiн үйме-жүйме гүлдестесiн арқалап, дүмеп жату дейтiн ешқашан болған емес, өз басым алашапқынды жаратпайтынмын жəне он-дай нəрсе ойыма да келмейтiн. Ата-анам да, тума-туыс, жо-ра-жолдастар да театрға қаласа баратын, қаламаса өздерi бiлетiн. Осы кезде ғой, бiреу-мiреу сахнаға шығатын болса, алыстағы ауыл-аймақтан бастап, айнала-төңiректегi күллi үрiм-бұтақтарына дейiн шұбырып келiп, сапырылысып жататыны. Əлбетте, келсiн, көрсiн, егер өнердi шын сүйiп, риясыз бағалап, жан-тəндерiмен ұға аларлық шамалары болса. Сол шiркiндер өздерiне жақын өнерпаздарға ғана ба-рып, басқаларына айында-жылында бiр рет аяқ баспаса ше?

Ештеңенiң мəнiн түсiнбей, текке қара көбейтуден не қайыр, не мұрат?! Қарадан-қарап жан жүдейдi, көңiл қабарады. Өз басым тiптi əке-шешемнiң театрға қашан келiп, қашан кететiнiне де мəн бермейтiнмiн. “Пəлен күнгi спектакльде сен ойнайды екенсiң, бiздi шақыр, орын əпер” деп олар да ешқашан айтқан емес. Өзiм де iнiм Мұрат пен оның қызы (скрипкашы) Жəмилəнiң өнерiн қызықтауға көңiлiм қаласа барамын, қаламаса бармаймын.

* * *Төрт-бес сағатқа созылған бiрiншi күнгi сұхбат осы-

мен аяқталып, екеумiз де əжептəуiр шаршағанымызды сезiндiк. Ерекең рояльға отырды да, əнге басты. Кəдiмгi “Сырымбет”. Бiрден сергiп сала бердiк...

17

“Ой, дəурен-ай!”

“Ана жолы айттым ғой, Омбы, Петропавл, Көкшетау сапарының қамындамын, бiр аптадан кейiн аттанамын, қазiр тiс дəрiгерiне қаралып жүрмiн, онан соң сен өзiң, бауы-рым, следователь сияқты екенсiң, шаршап қаламын. Мейлi, келе бер, бiрақ бiлiп қой, көп уақытым жоқ, келiстiк пе?” Бұл екiншi сұхбаттасу алдындағы əңгiме. Жарықтықтың көңiл-күйi жоқ па деген күдiкпен бөлмеге кiре бергеннен:

– Өткендегi сұхбатта əкем жайлы бiраз айтыппыз ғой, жур налдан оқығанда жыладым, əлi де айтатын нəрсе көп, бiрақ сол жолы Алматыға бiржола табан тiрегенге дейiн оның аз уақыт Алматыда, одан Шымкентте қызмет iстегенiн ұмыт қалдырыппын. Мен ол кезде тым жаспын. Шымкент-ке не үшiн барып жүргенiн қайдан бiлейiн, – деп ағыл-тегiл сөйлеп берсiн.

– Сiз ол кiсi Петропавл мен Көкшетаудағы педтехникум-дарда сабақ берген дедiңiз ғой. Сол шақтарда сондай оқу орны Шымкентте де болған, бiраз уақыт Жүсiпбек Аймауытов басшылық еткен. Мағжанды жақсы бiлген, ардақ тұтқан. Əкеңiздi де бiлгендiктен бiрге жұмыс iстеуге ша қыр ған бо-луы мүмкiн. Кейбiр құжаттарда Жүсiпбек Аймауытовтың Шымкентте қамауға алынғаны айтылады, – дедiм.

– Қисыны бар, – дедi сұқ саусағын шошайтып. – Демек, Жүсiпбек ұсталысымен əкем ел жаққа кеткен болды-ау, сiрə. Бұл қай жылдар?

– 1920 жылдардың соңы болса керек.– Елге еңбегi сiңген небiр өрен жүйрiк ғылым, қоғам

қайраткерлерiне дəрiс берген əкемнiң терең парасат иесi бола тұра ешкiмге керегi жоқтай қарапайым, жұпыны ғұмыр кешкенiне қазiрге дейiн жүрегiм ауырады, қапаланамын.

– Ол кiсiнiң бiрi дирижер, əрi музыкант, бiрi композитор өзге ұрпақтарын айтпағанда, отыз жетiнiң ойранынан

18

аман қалып, сiздей ұлы əншiнi тəрбиелеп өсiргенiне шүкiр деу керек болар.

– Əрине!Жүзi жадырады. Көңiлдендi. Орнынан тұрып, əрi-берi

жүрдi.– Сол шақтарда, театрға жұмысқа тұрып, өзгелермен

иық тiрескен тұстарда сiздi ұрыншақтау, өзiмшiл болды дейдi. Шын ба, ғайбат па?

– Пах! Ұрыншақ!... Өзiмшiл!... “Жақсының артынан сөз ередi, жаманның атынан бөз ередi” демеушi ме едi. Кiмнiң аузына қақпақ боласың? Ұрыншақ боп ешкiмнiң басын жа-рып, көзiн шығарған жоқпын, өзiмшiл деген де бекер. Қайта қызметтес ағайындардың көбiмен сыйласып, сырлас-мұңдас болдық. Шығармашылық тұрғыдан бiреу менiң жолыма, не мен бiреудiң жолына кесе көлденең тұрған емеспiн. Тiптi, менiмен бақ таластыратын ешкiм жоқ болатын. Мұнымды дұрыс түсiн!

– Осы жерде мынандай сұрақтың ретi келiп тұр. Бар-лық адамда алғашқы махаббат деген болады. Сiз алғаш ғашық болған кыз кiм едi? Есiңiзге аласыз ба? Кейiнгi тағдыры қалай болды? Онан кейiн де ғашық болған шы-ғар сыз? Сiзге де ғашық болған арулар аз емесi айтпаса да түсiнiктi. Олардың сезiмiне сезiммен жауап бердiңiз бе? Құпия болмаса, аты-жөндерi қалай едi?

– Мм... м... Алғашқы махаббат... Махаббат па, балаң сезiм бе? Əй, соңғысы дұрыс болар. 6-шы класта оқып жүргенде жасы менен үлкен, 8-шi класта оқитын Римма деген қызға есiм кете ынтам ауды. Сұлудың сұлуы едi. Ақ дидары жат-сам-тұрсам көз алдымнан кетпейтiн. Көңiл бiлдiрдiм. Ол қай дан қабылдасын. “Əй, мұрынбоқ” деп iшiнен бiр күлген де қойған шығар. Өзiмен қатарлас Ваня деген баламен жүредi деу шi едi, сол рас боп шықты. Ақыры екеуi үйлендi. Римма консерваторияның əн класында оқыды. Кейiн Самарқанға кө-шiп кеттi. Қайтып оны көрген де, ештеңе естiген де емеспiн.

Мына бiр пiкiрдi мен өзiм қазақ болғандықтан айтып отыр деме, қазақтың халық əндерiне тең келетiн ештеңе жоқ. Сөздерiнде қаншама жарастық, үйлесiм, құдырет, философия жатыр. Қарашы! “Оймақ ауыз, күлiм көз, жас жiгiттiң сүйгенi-ай!” Операда қызмет ете бастаған алғашқы жылдарда сол

19

жас жiгiтiң бiз болатынбыз. Қылшылдаған кез. Үйленгенмiн. Алдын-ала айтып қояйын, саналы ғұмырымдағы алғашқы ма хаббатым – жаным сүйiп қосылған бiрiншi жарым Тама-ра Ефимовна Лебедева. Жарайды, негiзгi мəселеден ауыт-қымайық. Ғашық болған арулар аз емес шығар дейсiң бе? Əлбетте, аз емес.

Ертеректе гастрольдiк сапармен Қызылордаға бардық. Бiрде спектакль, бiрде концерт. Күн сайын елiктiң лағындай жап-жас қазақ қызы келiп, үнемi бiрiншi қатарда отырады. Есiл-дертi мен, оны əрiптестерiм де, өзiм де байқап жүр дiк. Қылжақпастау құрдастарым: “Əй, қолыңа өзi келiп қонған перiштенi бауырыңа баспайсың ба?” – деп кеу-кеулейдi. Ұза-май ол қыз маған ғашық екенiн сездiрдi. “Əйелiм, ұлым бар” дегенiмдi құлағына iлмейдi. “Егер ма ған қарамасаңыз, өзiмдi поездың астына тастаймын” деп “қорқытты”. “Əй, сен жiгiт, əлi он гүлiнен бiр гүлi ашылмаған қызды неге əурелейсiң”, – деп əпкесi шаптықты. Жазықсыз жапа шеккендей халге түстiм. Əпкесiне: “Солай да солай, бəрiне кiнəлi өзi” деп ұрсып тастадым. Əне, сол қыз да ауық-ауық есiме түседi. Сiрə, мен оның алғашқы махаббаты болдым ба екен, əй, со-лай шығар. Өте жас едi, көрiктi едi. Қалқашым-ай, қайтейiн...

Ендi бiз артиспiз, өнер адамдарымыз. Гастрольдiк сапарға жиi шығамыз. Одақтас республикалардың жұлдыздарымен бiрге өз елiмiз бен шетелдердi көп араладық. Сондай шақ-тарда бауырлас елдердiң қыз-келiншектерi де көңiл бiлдi-ретiн. Анау əйгiлi балерина, ақ шалқандай Бернара Ка-риева (КСРО халық артисi), мың бұралған бишi Флора Кай дани секiлдi (екеуi де өзбекстандық) айдай сұлу арулар ынтызарлық бiлдiрiп едi-ау! Ой, дəурен-ай!

Ал мен қашанда некелi жарыма адал боп, ақ жолдан тай-мадым. Əлгiндей бикештердiң кейбiрiмен əдеттегiдей дос, жол дас ретiнде сыйласып, отбасылық қарым-қатынас жасап жүрдiк.

Қазақ университетiн бiтiрген бiрiншi əйелiмнiң маман-дығы химик едi, химия институтында академик Əбiкен Бектұровтың қарауында iстедi. Əне, сол институттағы менi жақсы көрген тағы бiр химик əйелдiң ғашықтықтан өртене жаздағаны өз алдына дастан iспеттi.

Мына пiкiрiмдi ұмытпай жазшы. Кезiнде бiлдiк пе, бiлмедiк пе, менiң ойымша, қазақтың қыздарындай сымбат-

20

ты да сұлу, көрiктi қыздар бүкiл жер бетiнде жоқ. Дүниедегi арудың аруы – қазақ қыздары! Қандай ғажап, тамаша!

– Театрға қабылданған соң белсене жұмыс iстедiңiз, көптеген рольде ойнадыңыз. Өнер адамдары əдетте қабылет деңгейi, қызметiне қарай дəрiптелiп, бағаланып жатады. Сiз ше? Тұңғыш рет қандай атақ, марапаттарға қолыңыз жеттi? Еңбегiм жанбады, не кеш елендi деп назаланған кезiңiз болған жоқ па?

– Құдай сақтасын, болған жоқ. 1953 жылы Румынияның астанасы Бухарест қаласында жастар мен студенттердiң дүниежүзiлiк фестивалы болып, өнердiң əр саласынан кон-курс өттi. Əншiлер байқауында мен өңшең сен тұр, мен атайындардың арасында топ жарып, екiншi дəрежелi күмiс медаль алдым, бiрiншi дəрежелi алтын медаль орыс əншiсi Владимир Отделеновке бұйырды.

– Ондай əншiнi естiмеппiз. Егер ол сонда сiздi жолда қалдырған болса, кейiн неге аты дүркiремедi?

– Оны қайтесiң. Мендей қазақтың тақиясына сол марапат та тар емес-тi. Ал келесi – 1954 жылы “Қазақстанның еңбек сiңiрген артисi” атандым. Жиырма сегiзiмде. 1958 жылы – “Қазақстанның Халық артисi”. Отыз екiмде.

– Бiрақ қалай дегенде де, жұрттың көбi сiздiң шырқау шыңға шарықтай көтерiлген кезiңiз 1958 жылы қазақ əдебиетi мен өнерiнiң Мəскеуде өткен онкүндiгi деп есптейдi. Онда отыздан жаңа асқан кезiңiз. Орда бұзып, жарқ еттiңiз. Алты адамның бiрi боп – опера саласында Роза Жаманова екеуiңiз – КСРО Халық артисi атандыңыз. Оған дейiн Роза Жаманова “Қазақстанның еңбек сiңiрген артисi” екен. Сiзде қандай атақтар болды?

– Оны айттым ғой. Тұңғышын да, басқасын да. Тек бiр ескеретiн нəрсе, “Қазақстанның Халық артисi” мен “КСРО Халық артисi” атақтарын бiр жылда, яғни 1958 жылы алдым. Кейiнгiсi сол жылдың соңында жария етiлiп, ресми жарлық келесi 1959 жылдың басында шықты. Бiр жылда екi бiрдей ең жоғары атаққа ие болу сирек кездесетiн құбылыс болса керек.

– Сол кезде бiраз қауым Роза Жаманова “Қазақстанның Халык артисi” болмай жатып, бiрден “КСРО Халық артисi” атанды. Күлəш кiм, Роза кiм? Бұл бұра тартудың көрiнiсi деп өсек-аяң таратты. Сiз қалай ойлайсыз, Роза

21

Үмбетқызы лайықты ма едi? Онымен əрiптес ретiнде сыйласушы ма едiңiз? Розаны қандай əншi деп санайсыз?

– Опера театрының табалдырығын аттағалы берi əрiптес боп келе жатқан Роза өнерде өз орны, ерекшелiгi бар, даусы əсем, мəнерi жұмсақ, кəсiби сауатты дарын иесi. Кiшiпейiл, сергек, сезiмтал, еңбекқор, адамгершiлiгi қандай! Ешкiммен шатастыруға, алмастыруға болмайтын, опера өнерiнiң май-талман шеберi. 1958 жылы “КСРО Халық артисi” атағын алғаны əдiл, орынды. Онда əуелi “Қазақстанның Халық артисi” болсын деген шарт та жоқ-тын. Онкүндiк – үлкен сын, бəйге. Бəйгеде аты озса, қазылар қара қылды қақ жа-рып, əдiл бағасын берiп жатса, Розаның жазығы қайсы? Өнер – бəсеке, соны ұмытпа!

Розаға қатысты есiмде жүрген мына жайды да айта кетейiн. Сол уақыттарда Қазақстан Компартисы Орталық комитетiнiң идеология жөнiндегi хатшысы Нұрымбек Жандiлдин зиялы қауымға оң көзбен қарады. Ол туралы жұрттың анау-мынау дейтiнi бар. Мен бiлетiн Нұрекең қызметiне адал, принциптi, сауатты, алғыр, қазақ өнерiнiң шын жанашыры болатын. Көп бiлетiнi көрiнiп тұратын. Оны қазақтың қара домбырасына қырын қарапты-мыс деген де көңiлiме қонбайды. Естуiмше, домбыраны бiр кiсiдей тартатын адам оған қалай ғана қырын қарамақ? Бiр ағаттық кеткен шығар, бiз ондайды қашанда қырық құбылтып, терiс айналдыра салуға шебер емеспiз бе?

Əлi есiмде, онкүндiк аяқталуға таяп, жүзден озған жүйрiк-тер мен мыңнан озған тұлпарларға атақ-дəреже үлестiретiн мезгiл жақындағанда Нұрекең қонақүйдегi мен жатқан бөлмеге өз аяғымен келiп: “Ермек, сен “КСРО Халық артисi” атағы алты адамға беру ұйғарылғанын бiлесiң, бiреуiне Роза Жаманованы лайық деп отырмыз. Ол талантты өнерпаз, мəскеулiктердi қалай баурағанына куəсiң, танымал опера əншiсi, бұл салада əлi күнге дейiн əйелдерден Күлəштан бөлек ешкiм жоқ. Күлəш бақилық. Розаның болашағы алда. Қалай ойлайсың?” – дедi. Үлкен басымен ақылдаса келген жоғары лауазым иесiне бұл идеяны екi қолымды көтере қостайтынымды айттым. Жəне мұным бiреудiң ырқына жығылу емес, керiсiнше, өзiндiк байлам, жеке көзқарас, адал ниетiм едi. Кейiн Ю.Митустың “Ульяновтар семьясы” опера-сында ол Лениннiң анасы Мария Ильиничнаны, мен қырықта болсам да, жасөспiрiм Ульянов-Лениндi орындадық. Тағы да

22

сол автордың “Жас гвардия” операсында мен Олег Кошевой-ды, Роза Громова ма екен, басты рольдердiң бiрiн орындадық. Екеумiз де Мемлекеттiк сыйлық алдық.

Аллаға тəуба, Розамен достық, əрiптестiк қарым-қа-тынасы мыз қалпында, қатар жүрiп, бiрге қартайып келемiз. Қазiр ол да, мен де тəлiмгер-ұстаз, профессормыз. Сəтi түс-кенде, сахнаға да шығып қоямыз. Бибiгүл екеуiнiң кейде “өйт, бүйт” деп ақыл үйрететiнi бар. Ондайда азу көрсетiп, кейiп тастаймын. Онан соң жайларына кетедi. Бiздердiкi наз ғой, кек сақтау болмайды.

– Сiз бiрiншi рет қатысқан қазақ əдебиетi мен өнерiнiң екiншi онкүндiгiнде қандай операларда көрiндiңiз? Орыс-тар сiздi жоғары бағалады. Үлкен театрда қалу жөнiнде ұсыныс болғаны шын ба? Неге қалмадыңыз? Кiм кедергi жасады? Сол тұстағы КСРО Мəдениет министрi Е.Фурцевамен қалай едiңiз? Сол адам артына жақсы өнеге, дұрыс iз қалдырған дейдi ғой.

– Сұрақтарыңның сықпытынан бiраз нəрседен бейхабар-лығың көрiнiп тұр. Мен онда ешқандай спектакльге – опе-ра деп түсiн – қатысқан жоқпын. Ə-ə, бiрiншi онкүндiкте “Қыз Жiбек” операсы көрсетiлгенiн меңзеп отырсың ғой. Екiншi онкүндiкте “Бiржан Сара” қойылды. Ондағы бас-ты рольдердi Б.Досымжанов, Р.Жамановалар сомдады. Бiз үкiмет мүшелерi қатысатын күндi күттiк. Оған дейiн топ-топқа бөлiнiп, түрлi мекеме, кəсiпорын, жоғары оқу орын-дары, Бүкiлодақтық көрме т.б. жерлерде концерт, кездесу-лерге барып жүрдiк. Онкүндiктегi қорытынды концертте “Севиль шаштаразындағы” өзiм келiмiне келтiре меңгерген “Фигароның каватинасы” мен “Иоланта” операсындағы Роберттiң ариясын орындадым. Көрермендер дуылда-та қол соғып, айқайлап, ысқырып, көпке дейiн жiбермедi. Н.С.Хрущев бастаған үкiмет мүшелерi де маған қарап қолдарын көтерiп, қошемет бiлдiрдi.

Сол онкүндiкте орыстар сiздi жоғары бағалады дегенiңдi қалай түсiнемiз? Өнерiмiздi тамашалаған тек орыстар ма екен? Мəскеулiктер десең сөз басқа. Бiздi залдағылардың бəрi бағалады, бас идi, қол шапалақтады.

Үлкен театрда қалу жөнiнде ұсыныс жасалғаны шын ба? Неге қалмадыңыз, кiм кедергi жасады деп кесiп-пiшесiң. Олай деп кiм айтты? Онкүндiктен кейiн маған үлкен театр-

23

да қалу жөнiнде ешқандай ұсыныс болған жоқ, болуы да мүмкiн емес-тi. Өйткенi, ондай ұсыныс баяғыда-ақ айты-лып, мен көнбей кеткенмiн. 1953 жылы Бухаресте өткен дүниежүзiлiк фестивальға қатыстым дедiм ғой, əне, содан Мəскеуге қайтып оралғанда бiздi үлкен театрға алу үшiн Бетховен залында тыңдап, 8 адамнан бiр еркек, бiр əйел – Галина Олейниченко екеумiз – сыннан шауып өттiк. Тiптi, келiскен-келiспегенiмiзге қарамастан, анкета да толтыртты. Алайда, мен ойланып-толғана келе, Мəскеуде қалуға құлқым соқпады. Туған елдi, халқымды қимадым. Мен үшiн Абай атындағы театрдан артық өнер ордасы жоқ-тын.

– Əйтсе де, егер сонда, 1953 жылы үлкен театрға қалған болсаңыз, КСРО Халың артисi бола алар ма едiңiз, Мəскеудiң аты Мəскеу дегендей. Бөтен ел, бөтен жұрт...

– Көптiң бiрi боп қала берер ме едiң, небiр шортандардың арасында iзiм-қайым жұтылып кетер ме едiң дейсiң ғой. Жоқ! Жұтылмас едiм. Ең жоғары атақты да, басқасын да алар едiм. Бұған иманым кəмiл.

Ал ендi КСРО Мəдениет министрi Е.Фурцеваға келсек, ол бiр асқан зиялы, абзал жүректi, бiлiмдi, ақылды, ала қойды бөле қырықпайтын, жаны таза, iзгi адам едi. Шапағатын та-лай көрдiк. Пəлендей қандай байланыс болсын?! Қызмет бабында риясыз сыйласып жүрдiк. Бiр-бiрiмiздi жақсы бiлдiк, түсiндiк. Əттең, шiркiн, бүгiнде сондай басшы-лар кемшiн ғой, кемшiн. Жоқ десе де болады. Қазiр қайда да Фурцевалардың тырнағына тұрмайтындар қаптап жүр жəне олар ештеңенiң исi мұрнына бармаса да, мəдениетке төрелiк айтқысы келетiндерiн қайтерсiң?! Абай айтпақшы, “қайнайды қаның, ашиды жаның”.

– 1936 жылғы бiрiншi онкүндiкте Күлəш Байсейiтова 23 (кейбiр деректе 24) жасында КСРО Халық артисi атан-ды. Күллi ұжымнан бiр өзi. Сол үшiн оны күндегендер көре алмай, аяқтан шалғандар болған құсайды. Ол кiсiнiң өлiмi де жұмбақ, əлдекiмдер қастандық жасады дегендей сы-быстар ызыңдайды. Қалай ойлайсыз, солар шындыққа жанаса ма? Күлəш өмiрiнiң соңғы жылдарында iшiмдiкке салынды деп жазылғандарды оқыдық. Онымен сахнада əрiптес (партиялас) болдыңыз ба? Адам ретiнде қандай едi? Қанабек ше? Екеуi қалай тұрды?

24

– Бiрiншi онкүндiкке қатысқан өнер шеберлерiнiң көбi тума талант иелерi екенiнен хабарым бар. Солардың ара-сынан Күлəштiң жалғыз өзi топ жарып, жоғары атаққа ие болғаны керемет жай, əрине. Ол кезде республикада кейбiр жаңадан ашыла бастағандар болмаса, арнайы бiлiм беретiн музыкалық оқу орындары мүлдем жоқ есебi-тiн. Сон дық-тан Күлəштiң биiк шыңға шырқап шыққанына шүкiр деме-ске əддi жоқ. Ал қатарының алды болғаны үшiн Күлəштi кiм дер күндеп, аяқтан шалғанын бiлмеймiн, бiлгiм де кел-мей дi. Маған аяны: ол ғаламат əншiлiгiмен қоса, драмалық бейнелердi актриса ретiнде де сəттi шығаратын (Роза Жа-манова да солай дедiм ғой). Осы жерде ұмытпай тұрғанда айтып қояйын, бiз консерваторияда актерлiк шеберлiктен дəрiс алдық. Күлəш апамызға ондай сыбаға қайдан тисiн. Бəрiбiр актрисалық өнерi ерекше-тiн. Бiрақ Күлəш сияқты ол да кəсiби оқу орнында оқымаған Үрия Тұрдықұлованың актрисалық алғырлығының жөнi мүлде бөлек едi. Оны ұмытпаймын, пiр тұтамын. Əттең, жолы болмады, атау-сыз, ескерусiз қалды, iз-түзсiз ұмытылды. Оған кiнəлi кiм, тағдыр ма, бiлмеймiн. Əлбетте, амплуасын тапқан Күлəш апамыз өз дəуiрiнiң ерен тұлғасы. Тбилисиге барғанда З.Палиашвилидiң “Даиси” операсындағы басты партияны керемет орындап, күллi қауымды табындырғаны қандай ғажап! Пуччинидiң “Чио-Чио-Сан” операсында мадам Бат-тер фляйдi қалай ойнаушы едi?! Қыз Жiбек, Сара, Ажар, Ақжүнiс т.б. айтпағанда.

Күлəшпен аз уақыт əрiптес болдым. Ол Ақжүнiстi ойнағанда, Ер Тарғын əлi менiң маңдайыма жазыла қоймаған-ды. Алайда, “Абай” операсында мен Абай, ол Ажардың пар-тиясын қатар орындадық. “Ер Тарғында” жанама рольдерде көрiндiм. Менiңше, Күлəштiң опера ерекшелiктерiн жақсы бiлiп, шебер меңгеруiне Е.Брусиловскийдiң əсерi аз болма-са керек. Е.Брусиловский туралы айттық қой. А.Затаевич екеуiнiң қазақ музыкасының өркендеп-өсуiне, халықтық мұралардың сақталуына қосқан үлестерi таудай десе жара-сады.

Күлəштi iшiмдiкке салынды деп ғайбаттаудың керегi жоқ. Қызметiне жауапты қарайтын адамның оған уақыты қайда? Жұрт қатарлы iшсе, iшкен шығар, сол үшiн мiндеттi

25

түрде маскүнем бола қала ма? Түсiнбеймiн! Күлəштiң пендешiлiктерi деген не? Хабарым жоқ. Қанабекпен қалай тұрғанын бiлгiң кеп бара жатса, Қанекеңнiң кiтабын оқы, сонда бəрi айтылған. Оның өлiмiне бiреу-мiреу себепкер болды деп те ойламаймын.Телефон шыр еттi. Ермек Бекмұхамбетұлы асықпай ба-

рып тұтқаны көтердi. Əлдекiмге: “Жұмыс iстеп жатыр-мыз, қазiр бiтемiз”, – деп орнына келiп отырған бойда:

– Саған ұмытпай тұрғанда айтайын, мен қазақтың ая-улы перзентi Сəкен Сейфуллиндi көргенмiн. Көршiмiздiң үйiне су жаңа қара машинамен келген. Қатып киiнген, ба-сында жiбек шашақты түрiк телпек, қолда таяқ, қарағанда көз тойғандай сымбатты, сырбаз. “Қазақ кiм?” – десе, “осы” дейтiннiң өзi. Сен бiлмейсiң бе, Сəкеннiң руы кiм?

– Арғын болса керек, бауырыңыз.– Мен арғын емеспiн.– Онда кiмсiз?– Кереймiн, бiрақ өзiң құсап менi екiнiң бiрi арғын дейдi.

Шамасы, шыққан жерiмiз, туған өлкемiз Арқа болған соң, солай ойлайтын болар. Арқада кiм жоқ, өздерiн ақсүйекке балайтын төрелерден бастап уақ, найман, керей, қыпшақ... толып жатыр. Кiшi жүз, үйсiн тайпалары да болса керек. Əйгiлi күш иесi, бiртуар əншi Балуан Шолақ үйсiн екен ғой. Көкше айналасында тумалары бар көрiнедi. Ал маған рушылдық жат, қазақтың бəрi бiр қазақ, қаны бiр туысқан. Осы күнге дейiн бiреуге сен керей екенсiң деп iштартып, əмпей-жəмпей болған емеспiн. Əйтпесе, толып жүр ғой керейдiң де аузымен құс тiстеген небiр ығай мен сығайлары. Мен таза сыйласқанды ұнатамын.

– Рақмет, Ереке! Ендi сөзiмiздi əрi қарата жалғастыр-сақ. КСРО Халық артисi атанған шақта қандай күй кештiңiз? Жоғары мəртебеге ие боларыңызды алдын-ала бiлдiңiз бе? Сiздi де жоғары атақты неге бiз алмастан ол алды деп күндегендер ұшырасты ма? Олар тобықтан шал мады ма? Үстiңiзден домалақ арыз-құрыз жазылған жоқ па?

– Сұрақты қардай бораттың ғой тегi! Бiздер, сол шақтағы қазақ өнерiнiң жас өскiндерi, ең алдымен онкүндiкке терезе-мiз тең дəрежеде қатысқанымызға марқайдық, шаттандық,

26

қуандық. Сол жылдың алғашқы айларында “Қазақстанның Халық артисi” атанған өз басым бұл жолы да қандайда бiр ма-рапаттан құр қалмасымды iшiм сезгенмен, пəлендей ештеңе дəмете қойған жоқ болатынмын, сондықтан алдын-ала бiлдiм деп қалай айтамын. Рас, онкүндiктiң соңына таман “пəленге пəлен”, “түгенге түген атақ берiледi-мыс” дегендей күбiр-сыбыр айтылып жүрдi. Ал ендi онкүндiк қорытындысында бабым да, бағым да жанып, аспандағы Айға қолым бiр-ақ жеткендей болған сəтте қатты ыңғайсызданып, қолайсыз жағдайда жүргенiмдi жасыра алмаймын. Тiптi, ұялғандай күй кештiм. Неге? Апырай, жас басыммен Тарханов, Кача-лов, Черкасов сынды алыптармен теңескенiм бе деймiн ғой, баяғы. Даусым, артистiгiм ғаламаттығына қарамай, өзiмдi олармен бiрдей санауға бiртүрлi жүрегiм дауаламайтындай сезiндiм. Бiрақ дос-жаран, жора-жолдас, əрiптестерiм арқа-жарқа, мəз-мəйрам, əлбетте. Құрмет-қошемет, құттықтау, ас та тек қолпаштау, шет те, шек те жоқ əспеттеу. Бiр тəуiрi, өзiмдi сабырлы ұстадым, басым айналып, мастанған жоқпын. Оған ақылым жеткенiне құмбылмын, құдайға шүкiр. Қандай күй кештiңiз деген соң айтып жатқаным да, ұғып отырсың ба?

Кiмдер күндеп, iштарлық жасағанын байқамаппын. Əйт-се де, бəрiмiз де пендемiз, күңкүл-шүңкүлдер болуы бек мүмкiн. Көзiм көрiп, құлағыммен естiмеген соң, кiмдi жаз-ғырайын. Ешкiм үстiмнен арыз жазып, тобықтан шалған жоқ. Бiлетiнiм бiр-ақ нəрсе: мен үлкен ақын Хамаң, Ха-мит Ерғалиев “iрiлердiң iшiнде iрiктелген” деп баға берген əншiмiн. Одақ кезiнде атақтары жер жарған А.Бабаджанян, Т.Хренников, З.Долуханяндардан бастап, Мəскеуде тұратын атақты композиторлардың бəрi “Ермек, менiң əнiмдi айтшы” деп қанша қиылса да, өз қолайыма келетiн туындыларды ғана орындаудан танған емеспiн. С.Туликовтың “Отан” əнiн ұзақ жыл шырқадым. Өз республикамыздағы партиялық фо-рум, жиындар мен үкiметтiк концерттердi мен бастап, мен аяқтайтынмын. Мəскеуде өткен мерекелiк концерттерге де сан рет шақырды. Содан ба, бiреулер менi “саяси əншi” деп те айтатын. Одан түгiм кеткен жоқ. Менi одақтағы саяси басшылардың бəрi сыйлайтын. Бəрi дегенде, мен олардың ешқайсысымен табақтас не ауыз жаласқан дос-жар болғаным

27

жоқ. Партияның кезектi сьезi, конференциясы сияқты үлкен форумдарда Н.С.Хрущев, Л.И. Брежнев, Н.А.Косыгин, М.А.Суслов, А.А.Громыко т.б. қайраткерлердiң менiң өнерiме риза боп, жылы шырай байқатқандарын айтып отырмын. Саяси бюроға ұзақ жыл мүше болған Д.А.Қонаевтың орны өзге. Өткен жолы да айттым-ау деймiн, Димаш Ахметович менi баласындай еркелетiп, қолынан келген жақсылығын аяған емес. Өте жақсы пəтер бердi. Атақ-марапаттар алуыма көп септiгi тидi. Есiме түскенде тағы да айтармын, ендi көп ежiктеме.

– Қазақ композиторларымен шығармашылық байла-нысы ңыз туралы не дер едiңiз?

– Мен репертуар таңдауға қатал қарайтынмын, əлi күнге солай. Осының көңiлiн табайыншы деп ешкiмге жалпақтамаймын, жалыну атымен жоқ. Қазақ композитор-ларымен қарым-қатынасым қалпында. Е.Хасанғалиевтiң “Сағындым сенi”, С.Байтерековтiң “Жан досым” т.б. əндердi орындадым. С.Мұқамеджановтың əндерiн де шырқағаным бар. Аттарын атамай-ақ қояйын, маған бiраз ақынның əнге жазған мəтiндерi ұнамайды, жасанды, iркiс-тiркiс, кедiр-бұдыр. Нұтфолла Шəкенов тамаша едi, марқұм “Ермекжан” деп iшi-бауырыма кiрiп тұратын. Өлеңдерi тез жатталатын, түсiнiктi, үйiрiмдi болатын.

Композиторлар да солай. Олардың кез-келгенiнiң əнiн қабылдаған да, айтқан да жоқпын. Өзiн классикпiн дейтiн бiр композитор досым бар, оның да əндерi қолайыма онша келе бермейдi, шығармалары вокальдық талаптан төмен, шектеулi, тар шеңберден шыға алмайды. Жеке пiкiрiм ғой, бəлкiм, қателесетiн шығармын.

Арғы-бергi дəуiрдiң бəрiнде қазақта əн мен күйдiң небiр төресiн шығарған дарындар көп болған, мүмкiн, көрмей-бiлмей, танымай жүрген шығармыз, қазiр де аз де-уге хақымыз жоқ. Иса Байзақов қандай едi! Үйiмiзден та-лай дəм татқан. Нұрғисаның бiр өзi бiр əлем iспеттi емес пе едi?! Соның бiр қызығын айтайын. Бiрде маған “əй, мен сен қатысатын спектакльдерге дирижерлiк етпеймiн, сенде ырғақ жоқ”, – деп дүңк еткiзсiн. “Менде ме?” – деппiн ашу қысып. “Əй, əзiл ғой”, – деп жуып-шайды. Мiнезi аумалы-төкпелi болса да, қайтымы тез едi. Сол күндердi қазiр қатты аңсаймын, сағынамын. Е, шiркiн, өттi ғой бұл жалғаннан

28

неше алуан бұлбұлдар мен дүлдүлдер. Дина Нүрпейiсованың домбыра тартысына қайран қалатынмын. Неткен шеберлiк! Ахмет Жұбанов оны “домбыраны құдайдай тартады” десе, мен теңеуге сөз табылмайды дер едiм. Айтпақшы, Дина-ны Құрманғазының шəкiртi дегенге түсiнбеймiн. Екеуi екi ғасырдың перзентi емес пе?

– Базбiр дереккөздер бойынша, олардың бiр-бiрiн бiлгенi, жасы егде тартқан Құрманғазы өзiнен көп кiшi Динаның ғаламат өнерiне ерекше тəнтi болғаны анық. Бертiнде баспасөздiң бiрiнде дəулескер апамыздың бiр ет жақыны Дина бақиға аттанар алдында оған Құрманғазыдан ұлды болғанын аманат етiп айтқанын жазды.

– Мiне, мəселе қайда!?– Онкүндiктен кейiн сiздi Алматыдағы күллi қоғамдық

ұйым, мекеме, жоғары жəне орта дəрежелi оқу орындары аяқ-колыңызды жерге тигiзбей, кезек-кезек кездесуге ша-қыр ға ны на куəмiз. Ондайда сiз көбiнесе “Фигароның кава-тинасын” орындайтынсыз. Сұрақтарға орысша жауап бе ре тiн сiз, iлуде болмаса, қазақша əн, ария шыр қа май тын-сыз. Дү рiл де те қол шапалақтаған қауымға болар-болмас бас иiп немесе елемегендей боп, сахнадан шы ғып ке те тiн-сiз. Неге өйтушi едiңiз, бұл менмендiк пе, əлде қа ла да өс кен-дiк, орысқа табыну немесе кеңестiк тəр бие нiң ық па лы ма?

– Онкүндiктiң айналасынан шықпай қойдық қой. Иə, шақыратын, баратынбыз. Жалғыз емес, топ болып.

Сахнаға бағдарлама бойынша шығатынбыз. Фигароны айт-сам, халықтың қалауы солай-тын. Сен аңғармаған шығарсың, қазақша да шырқайтынбыз. Репертуарымда “Сырымбет”, “Сұрша қыз”, Абайдың “Айттым сəлем, Қаламқас” т.б. əндер болатын. Ал ендi бiрыңғай орысша не қазақша сөйлеу мақсат емес-тiн. Əнсүйер қауымға болар-болмас бас ию көпшiлiктi менсiнбеу не елемеу емес. Менiң дағдым солай, өзiмнiң бе-тегеден биiк, жусаннан аласа, кiшiпейiл, қарапайым екенiме шəк келтiре алмаймын. Адамға iзеттiлiк жарасады. Бiрақ бiлiп қой, мен қолымды көкiрегiме басып, жөндi-жөнсiз екi бүктеле беретiндердiң қатарына жатпаймын, ондайға қаным қас. Бұл жерге кеңестiк тəртiптi қыстырып керегi жоқ. Қажет десең, бiздi адам еткен сол кеңестiк қоғам. Роза Жаманованың əкесi халық жауы боп, өзi балалар үйiнде тəрбиеленгенi немесе Семейдегi ет комбинатының ешкiмге

29

беймəлiм жұмысшысы Бибiгүлдiң оқып-тоқып, ел таныған өнерпаз болғаны да Кеңес үкiметiнiң арқасы. Так что, кеңестiк қоғамға күйе жақпа, жала жаппа!

Одан да сен Фигаро ел-жұртқа қалай танылып, жан дү-ниелерiн қалай баурады, соны сұрамайсың ба? Айта беретiн онкүндiктен кейiн халық менiң Құдай берген аты-жөнiмдi былай қойып, қайда барсам да Фигаро дейтiн болды. Сахнаға шығатыным жария етiлiсiмен көрермендер дуылдата қол соғады да, көпке дейiн басылмайды, 5-6 минут музыка ой-найды, шапалақ сонда да толастамайды, тiптi арияны бас-тап кетуге мүмкiндiк болмайды. Екi қолымды көтерiп, əрең тежеймiн. Аудан, ауылдарға барғанда да сол. Бiр ауылда əлдебiр кемпiр: “Пигараны айтшы, балам”, – дедi кейiпкердiң атын бұзып. “Ол не керек, апатай?” “Қайдан бiлейiн, барлық жұрт пигара, пигара деп жатыр ғой. Дəмiн татайыншы деп едiм”, – деп ішек-сiлемдi қатыра күлдiргенi бар.

Сəбит Байжанов дейтiн азамат болды. Орталық партия комитетiнде, кейiн Байланыс министрi боп iстедi. Əне, сол жiгiт қазiргi Кемеровадағы Аман Төлеев екеуi студент боп жүргенде мен гастрольдiк сапармен Новосибирскiге барып-пын. Олар спектакльге билет таппай, театрға өрт сөн дiре тiн саты арқылы кiрiп, залдың қақ ортасынан бiр-ақ шы ғып ты. Сəбит жақсы жiгiт едi, ертелеу қайтыс болды. Ұзақ жылдан берi Ресейдiң бақандай бiр облысын басқарып отыр ған Аман Төлеев те қазақтың кiм екенiн танытып жүр ген азамат.

Бiрде Ленинградқа жол түстi. Билеттер алдын ала саты-лып кеткен. Театрға қалай кiрудi бiлмей, сенделiп жүрген қазақ жастарына 100 билет алып бердiм. Мұндай оқиғалар көп. Бəрi өнердiң арқасы. Қайсы бiрiн айтайын.Түр-түсi түтiгiп, бiраз қажығаны байқалған Ермек Бек-

мұ хамбетұлы “сұрағың бiттi ме?” дегендей, жағын сүйеп, оңға қарай жантайды.

– Əкеңiздiң 1915 жылы Қазан ба, Уфа ма, солардың бiрiнде “Ғазиза”, “Бақсы”, “Жер дауы” деген үш пьесасы жарық көрiптi ғой, – дедiм таяуда естiген деректi көл-денең тартып.

– Ай, ол шынымен солай, рас, рас, қара басып, ұмытып кеткенiмдi қарашы-ай! – дедi көздерi күлiмдеп. – Оны кiм айтты?

– Əшiрбек iнiңiз.– Сығай ма, ол бiледi, өзiн жақсы көремiн. Əзiлiң жарас-

са, атаңмен ойна деп, менiмен қалжыңдаса бередi. Ал ендi бiздiң əкейдiң кiм болғанына көзiң толық жеттi ме?

– Ненi айтасыз?– Мұхтар Əуезовтың сенiң əкең дүрiлдеп тұрғанда менiң

бұтымда жыртық дамбал да жоқ болатын дегенiне.– Жеткенде қандай! Мұхтар Əуезов 1915 жылы оқып

жүрген жасөспiрiм болса керек қой.– Əкемнiң толып жатқан мұрасы iнiм Мұратта. Соларды

талдап, шығармашылығын зертейтiн адам табылар ма едi, ой, Алла-ай!

– Табылады, Ереке! Игiлiктiң ерте-кешi жоқ. Ойла-ныңыз.

– Ойланамын, өйтпей болмайды, – дедi күрсiнiп. – Апы-рай, бiздiң əлi күнге дейiн жеткенiмiзден жетпегенiмiз көп пе, немене өзi?!.

* * *Əңгiме бiтiп, орнымыздан түрегелдiк. Ермек Бекмұ-

хамбетұлы рояльға барып отырды. Өткенде бiр əн сал-са, бұл жолы үш-төртеуiн бiр-ақ бүктедi. “Сұрша қыз”, “Қарғам-ау”, “Қарғаш”, “Жиырма бес”. Кiл халық əнi. Зор ықыласпен, шабытпен шырқады. Шаршамағандай.Халық əндерiн алабөтен қастерлейтiнi көрiнiп те,

байқалып та тұр. Дарабоз ғой! Хас тарлан!

31

“Менi тiзiмнен алып тастапты”

Кезектi сұхбатты жалғастыру үшiн өткенде Омбы, Көк шетау, Петропавлға жүрмекпiн дегенiн меңзеп: “Ере-ке, сəлеметсiз бе? Қалай барып қайттыңыз? Шаршап-шалдықпай оралдыңыз ба?” – дей бергенiм мұң екен, ол бiр ден: “Журналда дəлсiздiктер кетiптi. Менiң iнiм Мұрат “Қа зақстанның өнерге еңбегi сiңген қайраткерi” боп жүр, шын мəнiнде ол “Қазақстанның халық артисi”. Мiнезi менен де қатты, тəжiкелесуi мүмкiн, саған қиын тиiп жүрмесiн, байқау керек едi”, – деп бастырмалата жөнелсiн. “Мен қол қойғаным жоқ” дегендi де қосып қойды. Қапелiмде абды-рағандай боп қалған мен: “Iнiңiздiң мiнезi қатты болса қай темiз, басқа салғанды көрермiз, қол қоймадым дейсiз, қасақана қоймап па едiңiз, мен байқамаппын”, – дегiм келiп бiр тұрдым да, айтуы да, қайтуы да тез тектiлiгiн ойлап, үндемей қоя салдым. Екi-үш күннен кейiн келсем, жарқылдай есiк ашқан Ерекең айтқандай-ақ жайдары күлiмсiреп, ақ ниет, адал пейiлмен қарсылады. Өткендегi өкпе-наздан iз жоқ, арқа-жарқа.

– Несiн айтасың, сапарым сəттi болды, – дедi отырар-отыр-мастан. – Ел көру, жер көру жақсы ғой, көрермендердi мен де, олар менi де сағынып қаппыз. Шаршау деген болған жоқ. Алматыдан Астанаға Абай атындағы театрдың ұжымымен бiрге аттанып, онда барған соң көп бөгелмей Омбы, Пе-тропавл, Көкшетау жаққа тартып кеттiм, оларда бiр-бiрден концерт бердiм. Бəрiнде де көрермен көп жиналып, залға сыймай кеттi. Жасым сексенге таяса да, көсiле шырқап, əлi бабымда екенiме, сыр алдырмағанына көңiлiм толып, риза болдым. Халықтың құрметi бұрынғыдай, тiптi, одан да зор ма деп қалдым. Барған жерлерiмде əуелi классикалық романстар орындадым. Омбылықтар “қазақша айтыңыз, қазақша!” деп едi, мен “қазақша соңынан болады, сары май-

32

дай сақтап тұрмын” дедiм де, сəтi жеткенде рояльға отырып, бiрнеше халық əнiн айттым. Онда концертмейстрiм болмай, жергiлiктi музыкант сүйемелдедi. Өз концертмейстрiммен Петропавлда қауыштық.

Петропавл мен Көкшетаудан кейiн Зерендi ауданына бар-дым. Жерлестерiм төбелерiне көтерiп қуанды. Əттең, ту ған жерiмдi емiн-еркiн аралауға мүмкiндiк болмады. Сол са-пардағы төрт концертте тiкеден тiк тұрған күйде демалыс-сыз, үзiлiссiз (антрактсыз, антуражсыз) 100-ден астам əн са-лы п, соған осы қазiр де өсiп отырмын. Қалай дейсiң, керемет пе?

– Айтары бар ма, лайым да ылғи солай бола берсiн. Айтқандай, Петропавлда балалық шағыңыз өткен, əже-апа, нағашыларыңыз тұрған ғимараттар не олардың орны, құлын тайдай шапқылаған көшелердi көруге зау-қыңыз соқпады ма?

– Неге соқпасын, бiрақ даусымды сақтау үшiн қайда да бөлмеден шықпау, дұрыс тынығу, сақтық қажет болды. Мен о бастан əр концертке шығуды үлкен сынақ деп бiлемiн. Осы күнге дейiн солай. Əжемдi айтып қалдың ғой. Магишакар əжем мен үшiн Пушкиннiң тəрбиешiсi Арина Родионовна-дан бiр де кем емес. “Балам, келшi, тамақ iшсейшi” деп үнемi бəйек болатын, өлiп-өшiп, асты-үстiме түсетiн. Не деген мейiрiм! Əдемi ғана, аласа бойлы, ұялшақтау, ешкiмге қатты сөз айта алмайтын Əмина жеңгем де жүрегiмнiң төрiнде. Петропавлда ата-анамнан бастап, сол қымбат жандардың барлығымен ойша сырласып, рухтарына бас идiм, бала кездегi кейбiр қылықтарымды еске алдым. Жамбыл жырау айтпақшы, бұл өмiр “ойхой, дүние серуен, адам бiр көшкен керуен” ғой. Фəни жалғанда тоқтау бар ма?

– Сұрақтарға көшсек кайтедi?– Сұрақтарың таусылмайды екен. Əлi көп пе, немене? – Жетедi. Мəселенки, сiз театрда iстеп жүргенде қа зақ

операларында жалындап, жанып кететiнсiз. Бiз дiң ше, Ер Тарғын ролiн даусы ащылау Əнуарбек Үм бет баев тан тұшымдырақ орындайтынсыз. Абай да ғаламат-тын. Абай бейнесiн КСРО халық артисi атағын сiзден бiраз кейiн иеленген Ришат Абдуллин екеуiңiз кезектесiп сом-дайтынсыздар. Айтыңызшы, олармен араларыңызда бақ-

33

та ластық, бəсеке болмаушы ма едi? Жақсы мағынада, əрине. Үмбетбаев пен Абдуллин сiздi қалай бағалайтын? Өздерi бiр-бiрiмен қалай едi?

– Тағы да iштегi қатып жатқан дерттi қозғамақсың ба? Туған театрымды ойлағанда қашанда Құрекең, Ғарекең, Қанекеңдей дарындар көз алдыма елестейдi. Бəрi де ұлы, бiртуар. Қай-қайсысынан да үлгi өнеге, тəлiм алдым. Қызу қанды, тура мiнездi, кiм-кiмге де шапағаты мол Құрманбек тiптi ашуға басып ұрысса да, бəрiбiр менi баласындай мəпелейтiн, аялайтын, ақылын айтатын. Көп сөзге жоқ Ғарифолла нағыз артист, сахнаның құйыны iспеттi едi. Ұлы Мұхтар Əуезов “Ғарифоллада бақсылық басым” дейтiн. Əрiптестерiнен саяқтау жүретiн, не болса да iшiнде жататын Қанабектiң де құдай берген өнерi бiр басына жетiп артыла-тын. Ал Əнуарбектiң, əсiресе, қазақ операларындағы орнына ешкiм таласа алмайды. Бұл жағынан менi одан биiктетемiн деп əуре болма. Ришат жөнiнде де солай. Тыңдарман қауым Абайдың ролiн Ришаттай орындайтын ешкiм жоқ деп са-найтын (оны өзiм де талай естiгенмiн). Қосыламын, бiрақ мəселе онда емес, Əнуарбек те, Ришат та жалпы операда менiң өздерiнен биiк екенiмдi iштей болса да мойындай-тын, гəп сонда. Əрiптес ағаларыма құрметпен қарап, сiрə, оларға оғаш қылық, бөтен мiнез көрсетпесем керек. Бəсеке, бақталастықты атама. Бiр Фигаро үшiн менiмен кiм тайта-ласа алады?! Ондай перi күллi əлемде болса болған шығар, бiрақ сол кездегi Одақтың өзiнде сирек-тiн. Мазурок деген болған, оны қазiр кiм бiледi? Көңiлiңе келмесiн, Əнуарбек пен Ришат бiр-бiрiмен қалай едi, не байқаушы едiңiз деуiң орынсыз. Не байқауым керек? Көрген-бiлгеннiң бəрi есте тұра бере ме? Меселiң қайтпау үшiн айтайын, олар өз жол-дары, өз жөндерiмен жүретiн дегдар, сақ жандар едi.

Осы сұрақтарыңа орай əлгiде “қозғайсың қатып жатқан iштiң дертiн” дедiм бе? Неге? “Абай” операсын тұңғыш рет тыңдағаным жадымда. Студентпiн. Театрда көрермендер аузы-мұрнынан шығып, ине шаншар орын болмайды. Би-лет ұшпайды. Амфитеатрға əрең iлiктiм. Ұзаққа созылатын спектакльдi соңына дейiн жалықпай тыңдадым. Айтайын дегенiм, ол кезде спектакльдер о баста қалай дүниеге келсе, солай қойылып, кесу, қырқу, үзiп-жұлқу болмайтын. Қазiр

34

ғой, қай спектакльдi алма, қысқарған актiлердiң екi-үшеуiнен бiр көрiнiс жасап, шат-шəлекейiн шығаратындары. Екi аяқты бiр етiкке тыққаннан не ұтатындарын бiлмеймiн. Уəждерi – көрермендерге ыңғайлы болсын, зерiкпесiн, жалықпасын, уақыттарын үнемдесiн. Ау, түйсiк-талғам, рухани нəр, тiптi, авторлық құқ қайда қалады сонда? Көрермен не түсiнiп, не ұғады, не қабылдайды? Анау бiр жақтарда солай етедi деп өңеш кередi. Егер анау бiр жағы батыс болса, өркениеттi елдердiң көбiнде ешқашан да олай емес. Əңгiме спектакльдi шебер қойып, үйлестiре бiлуде, рольдердi мiнсiз орындауда. Деңгейi жоғары спектакльден ешкiм жалықпайды, демалуға келген жұрт уақытты үнемдемек түгiлi, қайта оның қалай өткенiн аңғармай, үйлерiне бiр жасап, жадырап қайтпай ма? Мiне, бүгiнгi түсiнiктiң түрi. Жетесiздiк деуге аузым бармай отыр, бiрақ бiлместiк екенi күмəнсiз.

Мейлi, Əнекеңдi, Əнуарбек Үмбетбаевты ауызға алған екенбiз, ендеше соның бiр-екi қызық хикаяларын айтып бе рейiн. Бiрде, iшiмiзде Əнуарбек, Кəукен, театрдың ди-ректоры Айташ Жұбанышəлиев, т.б. бар, күздегi қусаң да кетпейтiн бал аралары құсап, бiр жерге үймелей қалдық. Əзiл, қалжың, күлкi. Мен Үмбетбаевқа: “Əнеке, мына таңба не осы?” – дедiм денесiндегi көздерi үңiрейген адамның ба сы мен айқасқан екi сүйектi нұсқап. “Сен əлi баласың, жұмысың болмасын!” – дейдi ол. Бiр шеттен Кəукен: “Ер-мек, тағы сұра!” – деп кеу-кеулейдi. Тағы сұраймын. Əнекең: “Қап, болмадың ғой, байқа, аналар естiмесiн, əйтпесе сөз етедi”, – дейдi де, екi иығын қомдап қойып:

– Бұл күштiлiктiң белгiсi. Сен менiң əйдiк боксшы еке-нiмдi бiлмейсiң-ау, шамасы. Баяғыда осы Алматыға өң шең мықтылар келiп, үлкен жарыс болды. Менiмен сайысуға Ресейдiң ешкiмнен жеңiлмеген чемпионы шықты. Төрешi жарысты бастаңдар деп белгi берер-берместе оны бiр соққаннан сұлатып салдым, – дедi бетi бүлк етпей. – Сор-лының жағы бiр жаққа қарай ұшып кеттi.

Əнекең “аналар естiмесiн” дегенмен, бəрi естiп, тыңдап отыр. Не күлерiмiздi, не жыларымызды бiлмей отырғанда, директорымыз Айташ Жұбанышəлиев: “Апырай, байғұстың жағы босап тұрған болды ғой”, – дедi мырс етiп.

Жұрт ду күлдi. Əнекең мiне, мен қандаймын дегендей, қораздана түседi. Айтқаны рас па, өтiрiк пе, жұмысы жоқ.

35

Мəрттiгi де болатын. Бiрде əлдеқайда ұшу үшiн əуежайда жүгiмiздi өлшетiп тұрдық. Əнекеңнiң жүгi 3 кг артық болып, 1 сом төлеу керек болды. Жарықтық төлемеймiн деп қиғылық салсын. “Оу, Əнеке-ау, 1 сом деген не, төлей салмайсыз ба?” – дедiм. Ол тұра ұмтылды, мен тұра қаштым. Екi-үш аттап қуып жеттi де, алып денесiмен қабырғаға қапсыра тұрып: “Мойныңды жұлып алайын ба осы?” – деп шүйiле бердi. Қалтырап-дiрiлдеген мен: “Жұла алмайсыз, сiзден бұрын Құрекең жұламын деп уəде еткен, бұл сол кiсiнiкi, жұлсаңыз соған жауап бересiз”, – дедiм Құрманбектi тұспалдап.

Əнекең:– Əй, ит-ай, тауып кеткенiн қарашы! – деп күлiп жiбердi

де, содан бастап менi көрген жерде: “Ермекжан, осы сенiң мойның кiмдiкi, а?” – деп қалжыңдап жүретiн болды. Əне-кең туралы айтатын нəрсе көп. Жалпы, сен оны дұрыс еске түсiрдiң. Тəртiптi, ұқыпты, сыпайы, таза адам едi.

– Сонау жылдарда қазақ радиосында сiз орындайтын қазақ əндерi де, ариялар да басқалармен салыстырғанда кемдеу сияқты көрiнетiн. Неге? Əлде фонограммаға жа-зудан бас тартушы ма едiңiз?

– Сенiң бiлмеуiң мүмкiн, əдетте, радионың да, теледидар-дың да басы ашық бағыт-бағдары, мақсаты болады. Мендей əншiлерге ол кезде ертелi-кеш жөн-жосықсыз көрiне беру шарт та, мiндет те емес-тi. Бiрақ Байғали, Əнуарбек, қос Роза, Шабал, Ришат, Мүсiлiм т.б. радиодан менен көбiрек естiлгенiн жоққа шығармаймын. Фонограммаға жазудан бас тартушы ма едiңiз дегенде, соларды меңзейсiң ғой. Неге бас тартамын? Эфирге жекелеген əндердi жазудан гөрi, классикалық шығармаларды жазу əлдеқайда күрделi, қиын. Дегенмен, радио мен теледидардан менiң орындауымда да əндер, ариялар берiлiп тұратын. Сиректеу десең, сөз басқа. Ал бүгiн қарашы, сол шақтардағы өнер жұлдыздарынан iлуде болмаса, кiмдi көрiп жүрмiз? Ұмытылмаған кiм қалды? Нағыз бейшаралық осы. Жас ұрпақ аға буын дарабоздарды тыңдап, бiлiп, көкейлерiне түйiп өсулерi қажет. Құрманбек, Ғарифолла, Күлəш, Үрия, Шабал, Байғали, Əнуарбек, Ма-нарбек, Жүсiпбектердi айтпағанда, драмалық актерлер ара-сында да кинорежиссер Шəкеннен бастап таңдайына бұлбұл ұялаған қаншама мықтылар бар едi, шiркiн!? Екеумiз алғаш жолыққанда мен сенi бұрын танымасам да, көзiм тiрi кездiң

36

өзiнде елеусiз қалып бара жатқандаймын, пессимистiк се-зiм, сары уайым еңсемдi езедi де тұрады, мына түрмен ертең олай-бұлай бола қалсақ, көмусiз қаламыз ба, қайтемiз дегенiм есiңде ме? Соны неге айттым, дұрыстап ойлашы! Мəселе жалғыз менде емес, бауырым!...

– Алматыға бiр келгенде əзiрбайжан əншiсi, атақты Рашид Бейбутовтың концертiн жазып алуға рұқсат ет-пей, қыруар ақша талап еткенi бар. Гастрольге барғанда сiз өйтпеушi ме едiңiз? Жалпы Бейбутовтiң сонысы дұрыс па?

– Рашид Бейбутов ғаламат əншi-тiн. Өзiн де, əзiрбайжан халқын да күллi əлемге танытты. Əзiрбайжандарда одан басқа да бiртуар дарындар аз емес, қазiр көзi тiрi Мүсiлiм Магомаевтiң бiр өзi не тұрады. Сөз ретiне қарай айта кетейiн, Мүсiлiм менiң əншiлiк өнерiмнiң өзiнен жоғары екенiн та-лай рет аңғартты. Бұл мəрттiк. Оны мен де осал деп отырған жоқпын. Батыстық үлгiде терең бiлiм алған, мамандығының майын iшкен əншi.

Ал Рашид Бейбутовтың Алматыға келгенде концертiн жа-зып алуға ақша талап еткенiн көзiм көрген жоқ, бiрақ рас болса, талабы дұрыс, ол уақытта атақты тұлғалардың кешiн не концертiн жазу үшiн бағасы үкiмет тарапынан белгiленген кесте болатын, сол бойынша төлейтiн. Бiреу-мiреулер сол заңды белден басқысы келдi ме, қайдан бiлейiн. Бiрақ Бей-бутовты кiнəлаудың қажетi жоқ. Кiм де болса, солай ету-ге хақылы. Əлгi Бейбутов қыруар ақша талап еттi деуiң де жөнсiз, бəлкiм, қыруар емес шығар, қайдан бiлесiң?!

Мен де ондай гастрольге талай рет шықтым. Бiрақ, еш жерде ақша сұрап, қиғылық салған жоқпын. Егер берiп жат-са, бас тартпайтынбыз, бермесе, өздерi бiлсiн дейтiнмiн.

– Жас уақытыңызда сiздiң көпке дейiн “Сырымбет-тен” бөлек қазақша əн салғаныңызды байқамаушы едiк. Тiптi, фильм-концерттердегi кейбiр қазақ əндерiнiң мə-тiнi көбiнше орысша болатын. Рас, “Надо мной небо синеенi” қазiр бəрiмiз сағынамыз, аңсаймыз. Десе де, кеңестiк кездiң əкiмқаралары сiзге қазақша əн айтпа де-ген жоқ шығар.

– Сен менi тағы да орысшыл болдың, қазақшаға бүйрегiң бұрмады дегелi отырсың ба? Жоғарыда қазақша диктор бо-лып, “Абай” операсының мəтiнiн өз бетiмше жаттап алдым,

37

əкеме “менi неге қазақша мектепке бермедiң” дегенiмдi айттым емес пе? Оның үстiне, мен қысқа мерзiм iшiнде өзгелерден дараланып үлгердiм, кең танылдым. Абайдың “орыстың тiлi – дүниенiң кiлтi” дегенi бар, ин тер на цио нал-дық тəрбие бар. Қалай ойлайсың, тек қазақ əндерiн салып, қазақ операларынан аспасам, биiк дəрежеге жетер ме едiм, жетпес пе едiм? Лениндiк сыйлық беру жөнiндегi комитетке мүше болар ма едiм, болмас па едiм? Рас, үлкен бiр ел бол-ған соң, жаппай орысша сөйледiк, əн шырқадық, талай елге, жерге орыс тiлiнiң арқасында танылдық, қазақты таныттық.

Ал ендi “көпке дейiн “Сырымбеттен” бөлек қазақша əн салғаныңызды байқамадық” дегенiң қиянат. “Шапи-баяу”, “Сұрша қыз” ше? Ұмытпасам, менiң орындауымда Абайдың жəне сол тұстағы белгiлi қазақ композиторларының əндерi, қазақ операсынан ариялар аз болмайтын. Концерттiк кеш-терде де қазақ əндерiн де бiр кiсiдей орындайтынмын. Жал-пы бəрiбiр, радио, теледидарға онша көп əуестенбегенiмдi жоққа шығармаймын.

Дұрыс айтасың, əсiресе, бiздей адамдарға өткеннiң бəрi сағыныш, “Надо мной небо синеенi” қазiр өзiм де қатты аңсаймын. Одақтың қай түкпiрiне немесе шетелдерге бар-сам да жұрт менен əуелi “Фигароның каватинасын, онан соң “Небо синеенi” сұрайтын. “Фигароның каватинасы” секiлдi, сол əндi де осы мезгiлге дейiн менен өзге ешкiм орындағанын естiмеппiн. “Кеңестiк кездiң əкiмқараларды сiзге қазақша əн шырқама деген жоқ шығар” дегенiң артық. Əкiмқара болмақ түгiлi, аспанды тiреп тұрса да, кiм маған олай деуi мүмкiн? Менiң өзiндiк ұстанымым бар, содан тайған емеспiн.

– Əзiрбайжан (əкелi-балалы) Полат Бюль-Бюльоглы, Шəукет Алекперова, эстон Георг Отс, қырғыз Болат Мың жылқиев, өзбек Батыр Закиров, армянка Гоар Гаспа-рян, украинка Белла Руденко, молдаванка Мария Биешу, Анатолий Соловьяненко т.б. белгiлi əншiлер бөтен елдер-ге гастрольге барғанда бiрiншi əндi (көбiнесе) өз тiлдерiнде орындап, өзге тiлдегi шығармаларға одан кейiн ауыса-тын. Қытайдың ел артисi (бiзше халық артисi) Хамит Ысқақұлы Пекин, Шанхай, Гонконгтан бастап, дүние жүзiнiң қай түкпiрiне барсам да, бiрiншi əндi қазақшадан бастаймын дейдi. Бiздегi қазақ əншiлерiнде сондай дəстүр бар ма, болды ма? Өзiңiзде ше?

38

– Ойыңның төркiнi түсiнiктi. Қай əншi болмасын, өзге көрермен алдында өз ұлтын ұлықтап, ардақтаса, құптарлық үрдiс. Алыс-жақын ел-жұртқа гастрольге барғанда бiрiншi шығарманы ана тiлiнде орындаса, ол да жарасымды, ешкiм терiс демейдi. Бiрақ оны қатып қалған қағида деуге тағы бол-майды. Бəрi нақты жағдайға байланысты. Мəселен, Полат Бюль-Бюльоглы (əкесiн айтамын) бiрiншi əндi əзiрбайжанша шырқаса, жөнi бар. Батыр Закиров, қытайлық Хамит Ысқақұлы ма, оған да сыйымды. Маған да сөйтуге болар едi.

Бiрақ үнемi олай бола бермейдi дедiм ғой. Əлгi Белла Ру-денко немесе Георг Отсты алсақ, олар да, басқалар да үнемi сен айтып отырған үрдiстi ұстанды дей алмаймын. Базбiр əншiлер жеке концерттерiнде əуелi (бiрiншi бөлiм) шетелдiк əн, романс, арияларды шырқап, екiншi жартысында өз ұлтының шығармаларына көшедi. Қазiргi əлемге белгiлi ресейлiк жас əншi Николай Басков кейде сөйтедi. Сол арқылы да оның орыс өнерпазы екенi барынша айшықталып, аспан-дай түседi. Айталық, мен Римде концерт берiп, бiсмiллəмдi классикалық туындыдан бастасам, сонда не, италиялықтар қазақ екенiмдi бiлмей қала ма? Соған өз басымнан өткен бiр нақты мысал айтайын.

Бiр жолы Бельгияда болғанымда, əлдебiр бизнесмен жаныма келiп: “Сiз қайда оқыдыңыз? Италияда ма?” – деп сұрады. “Жоқ”, – деп басымды шайқадым. “Бəлкiм, Мəскеуде оқыған шығарсыз?” “Жоқ”, – дедiм тағы да. “Ендi қайда?” “Өз отаным Қазақстанда”, – дедiм. “Ол қандай мем-лекет, қай жерде?” – дедi таңданғанын жасырмай. “Мұнда карта жоқ қой, көрсете алмаймын”, – деймiн. “Дегенмен, айтыңызшы, қайсы құрылықта, қай өлкеде?” – деп одан сайын қиылады. Сонан соң кеңiрек түсiндiрдiм: “КСРО дейтiн мемлекет бар, 16 республикадан құралады, солардың бiрi менiң елiм Қазақстан, жер көлемi жағынан Ресейден кейiнгi екiншi орында, Франция сияқты 5, Бельгия сықылды ондаған мемлекеттiң аумағымен пара-пар. Орналасқан жерi Азияда, Еуропамен де еншiлес, бiзде ғылым-бiлiм дамыған, өркендеген, құзырлы музыкалық оқу орындары, ұлттық кон-серваториямыз бар, менен өзге де танымал əншi, айтулы му-зыканттар толып жатыр”, – деп.

Аң-таң болған ол:

39

– Қалай дегенде де, сiз ғаламат əншiсiз, елдерiңiздiң биiк өркениетi көрiнiп тұр, осы уақытқа дейiн қалай бiлмегенбiз. Ғафу өтiнемiн, бүгiннен бастап Қазақстан жайлы мəлiмет жинап, жан-жақты танысамын, бiлуге болатын нəрсенiң бəрiн бiлуге ұмтыламын – дедi басын шайқап.

Жаңа сен украинка Белла Руденко, молдаванка Мария Биешудi де атадың. Белла ғажап əншiлердiң бiрi. Жоғарғы атақ-марапаттың бəрiн түгел алған. Əне, сол айтады: “Ер-мек, мен сенi əрқашан пiр тұтамын, екеумiз бiрге өткiзген күндердi ұмытпаймын”, – деп. Бiрге өткiздiк дегенде, ай-тулы байқау-жарыстарға қатысқан кездерiмiздi айтады да. Кезектi бiр үлкен сында ол да, мен де алтын медаль иелендiк. Қазiр баяғыдай барыс-келiс жоқ. Анда-санда интернет не хат арқылы хабарласып тұратынымыз болмаса.

Ал молдаван əншiсi Мария Биешу баяғыда маған жолдаған бiр хатында: “Əлi ешкiм емес, қаймана көптiң бiрi кезiмде радиодан сенiң даусыңды естiдiм де, барлығын тас-тап, опера əншiсi жəне қатардағы қара жаяу емес, атақты əншi болуға бел будым”, – деп жазды.

Солай болды да, өнер айдынында шолпан жұлдыздай жарқырап шыққан Биешудың атағы əне-мiне дегенше жер жүзiнде де дүркiредi. Лениндiк сыйлыққа ие бол-ды. Жапония да Мадам Баттерфляйдiң ариясын орындап, тыңдарманды тамсандырды. Биешу өзiне де, өзгеге де қатаң талап қойып, өнерге барынша жауапкершiлiкпен қарайтын əншi. Мен де солаймын, бiрақ жұрт дұрыс түсiне ме, жоқ па, айта алмаймын..

Колоратуралық сопрано дауысты атақты əншi Евгения Мирошниченко да маған: “Антон Рубинштейннiң “Нерон” операсындағы эпиталаманы дəл сендей орындайтын ешкiмдi көрген емеспiн”, – деген-дi бiр жолыққанда. Бұларды мақтан үшiн емес, жоғарыдағы сұрақтарыңа орай ауызға алып отыр-мын.

Айттым ғой, шет жұрттарға шыққанда алдымен өз ұлтың-ның əуенiн өз тiлiңде шырқа, шырқама, əңгiме он да емес, гəп хас өнер, шеберлiкте. Құдайға шүкiр, таби ғат сыйлаған баритон даусымның арқасында елiмдi халықара лық деңгейге көтердiм дейтiн менiң өзiм де əлем жұрты Қазақстанды əлi күнге дейiн жарытып бiлмейтiнiне жаным ауырады. Ше-

40

телдерде жиi болатын немерем де “олар неге Қазақстанды бiлмейдi?” деп менен жиi сұрайды. Демек, бұл əлi бiз өзiмiзден басқа ешкiмге танылған жоқпыз, бiрдеңе жетпейдi деген сөз. Қазақ халқын əлемге кеңiнен əйгiлеу оңай-оспақ нəрсе емес. Көп жұмыс iстеу керек. Елдiң даңқын шығаратын алдымен əдебиет, мəдениет, өнер екенiн ұмытпауымыз қажет. Ал айтшы, Ұлыбритания дегенде есiңе алдымен кiм түседi? Шекспир, Байрон ба? Иə! Басқалары да аз емес. Франция ше? Дюма, Бальзак, Мопассан. Италия: Россини, Пуччини, Верди, Карузо, Паваротти. Германия: Гейне, Гете, Бетховен. Австрия: Штраус. Кете бередi. Қазақстан – Сер-кебаев дейтiнге əлi жеткемiз жоқ. Бiрақ жетуге тиiспiз. Сер-кебаев болмаса, басқалар. Ең бастысы, халқымыз дарынды, жүйрiктер əр салада жетiп жатыр.

Əлбетте, саяси жағынан жағдайымыз жақсы. Нұрекең, Нұрсұлтан Əбiшұлының арқасында Қазақстан жер жүзiне танылып, даңқы артқан үстiне артып келедi. Шуылдақтар не десе, о десiн, өз басым Нұрсұлтан iнiме тəнтiмiн. Лай-ым да, осы қалыптан танбаса екен деп тiлек тiлеп жүремiн жаратқаннан.

– Елбасымызды атап қалдыңыз. Ендеше, сол кiсi жө-нiндегi ой-пiкiрiңiздi кеңiрек айтсаңыз қайтедi? Бүгiнгi саясатына көңiлiңiз тола ма, қай нəрсеге ризасыз, қай нəрсеге наразысыз дегендей. Тимесе бұтаққа деп, ыза-лана сөйлейтiн, қит еткендi жiпке тiзiп, түймедейден түйедей жасауға бейiм, өзара кикiлжiң, дау-жанжалы таусылмайтындарға көзқарасыңыз қалай?

– Бауырым, мен саясаттан алыс адаммын. Батпаққа бас та ма. Нұрекең жайлы айтсам, ол бəрiмiз бiрауыздан сайлаған тұңғыш президентiмiз болғандықтан аз-мұз лебiз бiлдiргенiм деп түсiн. Жалпақшешейiң мен емеспiн. Атақ-дəреже, марапаттың бəрiн кеңестiк дəуiрде Нұрекеңсiз де алып қойғанмын. Нұрсұлтанның тұсында алғаным – мем-лекетiмiздiң қазiргi ең жоғарғы наградасы – “Отан” орденi. Əрине, Нұрекең менi бiледi. Жұрттың көзiнше елпiлдеп-желпiлдемесе де, ыстық ықыласын ылғи да сезiп жүремiн. Бiр дидарласу үстiнде тiптi: “Ереке! Мен сiздiң əндерiңiздi тыңдап өскен ұрпақ өкiлдерiнiң бiрiмiн. Сiздi шын жүре-гiммен құрметтеймiн. Менi қашанда өзiңiзбен бiрге деп

41

есептеңiз. Егер де базбiр жерлерде өң-түсiм бұзылып, көңiлсiз жүрсем, оның сiзге қатысы жоғы қаперiңiзде бол-сын”, – деп таусыла сөйлегенi бар. Жиi болмаса да, оқта-текте телефон соғып, хал-жағдайымды сұрап тұрады. Бiр жолы машинада бара жатқанымда мерейтойыма байланысты телефон соғып құттықтады.

Нұрсұлтанның бүгiнгi ел басқаруы ұнайды. Бiлiмдi, ше-шен, алғыр, өткiр. Анау нəрсеге ризамын, мынау нəрсеге на-разымын деп жiлiктеп жатпаймын.

Бiздiң Нұрекеңмен жер жүзiндегi мемлекет басшылары-ның бəрi санасады, мақтауға кенде емес жəне бəрiн де əдiл деп есептеймiн. Назарбаевтың арқасында қол жеткен жақ-сы лықтардың қайсы бiрiн айтайын. Ертеде қасиеттi Арқадан басқарылған байтақ елдiң қақ ортасынан Астанадай қала тұрғызып, солтүстiктегi қазақ рухы сөнуге айналған қала-лар дан бiр-бiр театр, жоғарғы оқу орындары, ағарту, мə-дениет орталықтарының көптеп ашылуы не тұрады!? Нұрсұлтан да ет пен сүйектен жаралған, кемшiлiктерi болуы мүмкiн. Заманында Абайды бағаламаған қазақ ендi бүгiнде Назарбаевтың орасан кемел iстерiн көзге iлгiлерi келмей, көлеңкелi жақтарына үңiле берсе, таңданатын дəнеңе жоқ. Əлде, олардың көңiлдерiн күптi еткен кем-кетiктi бiз көрмей, бiлмей жүр ме екенбiз? Мəселе əдiлiн айтып, ақ сөйлеуде. Əлбетте, олқылықтар жетедi, кейбiрiн ойлағанда жүрек сыз-дайды. Сонда не, бəрiне кiнəлi жалғыз Нұрекең бе?

Бiр нəрсе арқама аяздай батады. Елбасының маңайында табанының бүрi жоқ, “бойы бұлғаң, сөзi жылмаңдар” кө бе -йiп бара ма деп қорқамын. Ойы дана, ақылы сара, қара қыл-ды қақ жаратын сайыпқыран серiктерi болмаса, өзiң айтшы, Елбасы қанша мықты болса да, жалғыз өзi не iстей алады? Бұ лар жеке пiкiрiм. Ретi келгенде сыртқа шығарып жат қа-ным да.

– Зиялылардың көбi ара-тұра президенттiң қабыл-дауын да болып, сыр бөлiсiп, пiкiрлесiп жатады. Сiз де онымен жолығып, осы ойларыңызды өзiне көзбе-көз айт-пайсыз ба? Астана алыс десеңiз, Алматыда кездесуге бо-латын шығар дегендей.

– Ол нəрсе ойымда жоқ емес, бiрақ онсыз да жетпей жатқан уақытын алып неғылайын деймiн де. Егерəкиде,

42

өз тарапынан ұсыныс болып жатса, қарсылық жоқ. Онда жоғарыда айтқандарымнан бөлек те бiраз жайларды алдына жайып салар едiм.

– Мəселен, қандай? Бiр-екеуiн айтыңызшы.– Бiрiншiден, асып-тасқан байлығым жоқ екен деп, күлше

сұрамасым анық. Екiншiден, сен шетелдердегi əдебиет, мəдениет, өнер өкiлдерi қалай тұратынын бiлесiң бе? Шеттерiнен мыңғырған бай. Тiптi, анау гастрольге барған сапарында Парижде қалып қойған Рудольф Нуриев дейтiн балет бишiсiнiң тұрмыс құрып, бала-шағалы болмаса да, соқа басында 24 бөлмелi пəтер, ұжмақтай аралдар мен теңiз жағалауларында толып жатқан үйлерi болғаны айдай əлемге аян. Үшiншiден, мен Нұрекеңе, əрине, олар туралы емес, өнер адамдарына көзқарасты өзгерту, дарынды жастар күнкөрiс үшiн шетелдерге топ-тобымен кетпейтiндей жағдай тудыру, халықтың арыз-шағымына жiтi қарау хақында айтар едiм. Өзiң ойлашы, басқасын былай қойғанда, күнделiктi газет беттерiнде президенттiң атына қаншама ашық хат, өтiнiш, тiлек жарияланады. Солар оған түгел жете ме, жеткiзе ме, алдына қойыла ма, əй қайдам, күдiгiм бар. Президенттiң қабылдауына барған адам мiне, мен қандаймын деп өзгелерге қыр көрсетпей, халықтың мұң-мұқтажын қаузасын, жабу-лы қазанның қақпағын ашсын, жұмбақ түйткiлдерге көзiн жеткiзсiн. Нағыз азаматтық сол болады, менiңше.

– Əйтсе де, кейбiр сөз сыңайларыңызға қарағанда, өкпе-наз, ренiштерiңiз де жоқ емес сияқты ғой. Кiмге? Президентке ме, қоғамға ма?

– Əй, өкпе-наз, ренiшi жоқ адам бола ма? Менде де бар. Бiрақ, президентке де, қоғамға да емес. Жаңадан қаз тұрып келе жатқан қоғамды көркейтемiз, көгертемiз, төрт аяқтан тiк тұрғызамыз деп өздерiнше өрекпiп жүрген əкiмқараларға, пысықайларға, жартыкештерге, шикiлерге, тиiстi мiндетiн мiнсiз атқарарлық шамасы жоқ бос белбеу, болбырлар мен əлiге дейiн масылдықтан дəмелi бейбақтарға! Қайсы бiрiн айтайын. Алысқа бармай-ақ, осы күнде шынайы өнердiң шырайын кетiрiп бiткен фонограмма дегендi алайықшы. Қазiргi дауасы жоқ бiр дерт осы. Баяғыда мұндай пəле жоқ едi. Тiптi, радиодан берiлуi тиiс дүниелердiң өзi алдын-ала жазып алған таспалардан емес, тiкелей эфирден таралатын,

43

оқылатын. Яғни, микрофон алдында əншiлер қысылып-қымтырылмай əн салып, спектакльдер қойылып жатқан күйiнде берiлетiн. Сұхбаттың бас жағында айтқанмын, Мұқан Төлебаев сұраған арияны мен де оркестрге қосылып, тiкелей эфирден шырқадым деп. Қай данагөйдiң тапқанын қайдам, фонограмма дейтiн шықты да, шырықты бұзды. Бiр қарағанда, бəлкiм, орындаушыға жеңiл, ыңғайлы, қосымша күш түсiрмейтiн шығар, бiрақ көзбояудың көкесi. Қайсыбiр жылы сахнадан “Шапибаяуды” орындайды деп хабарлаған менiң орныма фонограммадан Байғали Досымжановтың да-усы естiлiп масқара болғанбыз. Осы күнде концерт залда-рында аузын ашып, секеңдеп жұретiн əншiлердiң кешiне жа-пырыла баратын көрермендерге жаным ашиды. Шақырғанға барғаны үшiн ақша алатын əншiлер жиын-тойларда да сөйтедi. Өнерге əсiре-қызылдық жат. Рас болса, Қытайда фонограммаға қатаң тиым салынған дейдi, бiзде де ойланып көрсе артық болмас едi, бұл бiр.

Екiншi, қазiр үлкен болсын, кiшi болсын, атқаратын қызметiне салдыр-салақ, жауапсыз қарау белең алулы. Қайда барма, есiнеп, қалғып-мүлгiп отыратын, ең жаманы жұртты менсiнбейтiн шарт мiнез, шамшылдарды жиi көресiң. Жұмыссыздық азайып келедi деп жүрмiз ғой, ендеше, əр-кiм бұйырған жұмысын қамшы салдырмай атқаруы керек емес пе? Мына бiр сорақылық есiмнен кетпейдi. Қайсыбiр жылы өмiрбақи қаралып жүретiн құзырлы емханаға бар-сам, мен жайлы деректер iзiм-қайым жоқ. Ақ халатты би-кеш бiр парақ қағаз ұсынып: “Өзiңiз жөнiнде қысқаша мəлiмет жазыңыз, онан соң көремiз”, – дейдi бетi бүлк ет-пей. “Қалқам-ау, компьютерде бəрi болу керек қой, жазып қайтемiн”, – дедiм ашуымды əрең тежеп. Ол көнбейдi. Сонан соң амалсыз “Социалистiк Еңбек Ерi” деген атағымды ғана айттым. Сол-ақ екен, əлгi пақыр қайта-қайта кешiрiм сұрап, бұрынғы құжаттарды қас қағымда тауып алды. “Ешкiмге айта көрмеңiз, бiз кiшкентай адамбыз” деп жыларман болды.

Шағымданып қайтейiн. Осында есепте тұруы тиiс адамдарды қысқартып, қайта тiркеу кезiнде жiберген ша-лағайлықтарын өздерi түзедi, есiмiмдi есуастықпен сызып тастаған компьютерге қайта жазды, сол жетедi. Əлбетте, бұл жерде əңгiме менде ғана емес, менiң жарам жеңiл, осын-

44

дай салғырттықтар көбейiп барады. Ал, айтшы кəне, ең құзырлы емханада солай болған соң, қалғандарға не жорық. Ағайындар-ау, тындырымды, тиянақты болайық та, оған не кедергi, не бөгет, əлде қылыштан қан тамған қатаңдық қажет пе? Ондайдың бетi аулақ.

– Сөйтiп, сiздi тiзiмнен алып тастады деңiз.–Иə, жүйкеме тидi. Əлi күнге ұмыта алмай жұрмiн.Осы жерде Ермек Бекмұхамбетұлы сөзiн доғарды да,

томсырая қалды. Өңi бiресе қызарып, бiресе қуарады. Шар-шай бастағандай. Iзiнше басын кiлт жоғары көтердi де: “Жас ұлғайып, бос уақыт көбейгеннен бе, ойдан ой туындап, кейде үйге сыймай кетемiн. Ата-анамды жиi ойлаймын. Амандық болса, олар туралы алда да айтамын. Онан соң халық му-зыкасы жиi толғантады. Өзiң де маған халық əндерiн көкке көтере дəрiптейсiз деп көпшiк қойып тастадың ғой. “Қорлан” ойыма орала бередi. Мақтаудың да мақтауы бар, “өлiктi көп жусаң осырады” болмасын, менiңше, “Қорлан” Гуноның “Ромео мен Джулъеттасынан” бiр де кем емес, тең десе тең, артық десе артық. Бiрiншi түрiн айтамын. Осы бiзде – қазақта “Қорланды” сорғалатып орындайтын кiм бар? Жақсы бiлмейдi екенмiн. Екiншi түрi – “Хұсни-Қорланды” Ришат орындағаны есiмде. Өлтiретiн. “Қорланның” үшiншi түрi де бар дей ме?”

– Сiзден артық бiлу қайда, – деймiн сыпайылап. “Қор-лан ның” бiрiншi түрiн де, екiншi түрiн де келiстiре шырқайтын Ришат Абдулиннен басқа ешкiмнiң атын атап, түсiн түстей алмаймын. Сондықтан қазiр олар-ды бiреу-мiреу орындағанда не жақсы, не жаман деп баға беру қиын. Себебi, салыстыратын бастау жоқ. Өткен ғасырдағы 40-жылдардың аяғында бiр əншiнiң соғыстан бұрын пластинкаға жаздырған “Қорланның” бiрiншi түрiн тыңдағаным бар. Əншiнiң кiм екенi жадымда жоқ, естуiмше соғысқа кетпей тұрғанда Алматыда артист болса керек. Тумысы павлодарлық секiлдi. Нақты дерегiн ешкiм айтпайды. Орындауы ғажап болатын, тегiнде, бүгiнгi бiзге мəлiм нұсқа сол ма, кiм бiлсiн. Е.Брусиловский “Ер Тарғын” операсына “Қорланды” увертюра еткен ғой, хормен орындалады, есiңiзде ме?

– Есiмде. Айта бер!

45

– Екiншi түрi “Хұсни-Қорланды” – өзiңiз айтпақшы, – марқұм Ришат Абдуллин керемет салатын. “Қорлан” əнi нiң алдыңғы екеуден бiр мысқал кем түспейтiн, аты да “Бiр мысқал” деп аталатын үшiншi түрi бары да рас. Оны ертеректе радиодан павлодарлық қарт əншi Байғабыл Жылқыбаев орындап жүрдi. Қазiр де оқта-текте естiлiп қалады.

– “Қорланды” шығарған Естай ма?– Естай Беркiмбаев. Павлодарлық. Соғыс жылдарында

Алматыға келiп қайтқан көрiнедi.– Əне, көрдiң бе? Бiз Əмiренiң даусы жазылмады деймiз,

Естай соғыс жылдары Алматыға келсе, барлық əнiн өз аузы-нан жазып алуға болмас па едi? Əй, енжарлық-ай, ешкiмнiң есiне келмеген, құнттамаған ғой, сiрə. Əлде, жазылып, бiр қуыста шаң басып жатыр ма екен? Жазылмаған шығар. Ол тұрмақ, Алматының қақ төрiнде алшақ басып жүрген Иса Байзақов жазылған жоқ. Неткен сорлылық!

Иə, “Қорлан” əннiң төресi. Классика! Теңеуге сөз жоқ. “Қорланды” түсiну үшiн ғаламат сезiм, түйсiк қажет. Қазақ-тың маңдайына бiткен жалғыз ол емес. “Қорланнан” аспаса да, иықтасатындар жетерлiк. Атап айтайын ба? “Алтыбасар”, “Қызыл бидай”, “Бурылтай”, “Жанбота” ... “Зəурештiң” өзi тұтас дəуiр, тұнып тұрған драма емес пе? Сол əндер қазiр неге сирек естiлетiн боп кеттi? Неге?Өң-түсi алабұртып, даусы қаттырақ шыққан Ерекеңе:– Оны айта алмаймын – дедiм. – Ендi бiр сұрақ қалып

тұр, қалай көресiз?Бетiме қабағын түйiңкiреп қараған Ермек Бекмұхам-

бетұлы келiскен сыңаймен бас изегендей болды.– Ереке! Қазақтың бiртуар əншiлерiнен кiмдердi баға-

лай сыз? Көзi тiрiлерден тонның iшкi бауындай араласа-тын дарыңыз бар ма? Роза Бағланова, Бибiгүл Төлегенова туралы нақты не айтар едiңiз? Бибiгүлмен бiраз фильмге түсiп, бiр сахнада қатар өнер көрсеттiңiз. Басылымдарға берген сұхбаттарында Бибiгүл үш рет тұрмыс құрып, үшеуiнде де сəтсiз болғанын айтады (өз сөзi). Бұған не дейсiз? Екеуiңiздiң басыңыздан өткен, есте қалған ерекше оқиғалар бар ма?

46

– Арғы-бергi заманның бəрiнде бұл қазақта аспандағы аққумен үн қосқан əншiлер аз болмаған. Сонау Бiржан сал, Ақан серi, Мұхиттан бастап, кешегi Əмiре, Күлəш, Жүсiпбек, Манарбек, Ғарифолла... Бүгiнде қатарымызда жүрген Роза Бағланова, Бибiгүл Төлегеновалар да ешкiмнiң тақиясына тар келмейдi. Кезiнде көбiмен аралас-құралас болдық, əзiл-қалжыңымыз жарасып, бiрге жүрдiк, бiрге тұрдық. Қазiр шау тарттық, оңашалықты көбiрек қалаймыз. Оның үстiне, қатарымыз сиреп барады, күнi кешегi асыл-дардың көбi бүгiнде бақилық. Екi Роза (бiрi Жаманова) мен Бибiгүлдi көргенде қауқылдасып, шүйiркелесiп (ашуыма тисе, зекiп тас таймын деп те айтқанмын) қаламыз. Роза Бағланова өз жанрында дара əншi, елдiң еркесi, сүйiктiсi. “Халық қаһарманы” атануы əдiл, орынды. Сен “Ах Самара городоксың” деп қалжыңдайтыным болады кейде.

Бибiгүл де кең танымал, өзiндiк бет-бағдары бар айрықша тұлға екенiн бiлесiң. Аса еңбекқор, iзденiмпаз. Үш рет тұрмыс құрса, ол өз шаруасы. Бəрi бiрдей сəтсiз болса, себебiн менен емес, өзiнен сұра. Төрт рет үйленген мен өзiм жайлы олай демес едiм. Төрт əйелдiң əрқайсысымен өзiмше бақытты ғұмыр кештiм. Төртеуiн де қадiрлеймiн, қастерлеймiн, есте сақтаймын. Төртiншi жарым – қазiр бiрге тұрып жатқан ая-улы Əлфия, алдыңғы үшеуiмен ажырасқаным – тағдырдың iсi. Өз ариясында “850 испан, 700 италия, 300 түрiк қызымен көңiл қостым” деп шырқайтын атақты Дон-Жуан бар емес пе, əне, сол сабаз ойнап-күлген қыз-келiншектерiнiң бiрде-бiрiн төмендетпей, бəрiн аялап, ардақтаған деген тəмсiл бар. Өз басым əйел затын, əсiресе тағдыр қосқан қосағының көңiлiн жаралап, қабағына кiрбiң ұялататын еркектi сыйла-маймын да, түсiнбеймiн де.

Бибiгүл екеумiздiң жас шағымызда басымыздан өткен қызықты хикаяттар қисапсыз. Алайда, ындыныңды сезiп отырмын, арамызда сен дəметкендей ешқандай “ерекше оқиға” болған жоқ, ұқтың ба, болған жоқ! Ерекше дейдi! Тапқан екенсiң!!!

* * *Əңгiме аяқталды. Асып та, тасып та сөйлейтiн Ерекең

аузын бұртитып, түнерiп отыр. “Бiр-екi əн саласыз ба?”

– деймiн мүлəйiмсiңкiреп. “Салмаймын, – деп гүр еттi. – Шама жоқ, шаршадым. Сен шаршаттың”.

– Сəл бөгел, – дедi кетуге ыңғайланып, орнымнан тұра бергенiмде (о, тоба, əп-сəтте жүзi жадырап, көздерi кү-лiм дей қапты). – Əн болмаса да, əнге бергiсiз бiр қалжың бар, соны айтып берейiн, жарай ма, онан соң жүре бер.

– Құлақ сiзде, – деймiн, əрине.– Баяғыда бiр танысым қоярда-қоймай əлдебiр жиынға

шақырды. Барған соң бiлдiм, мəнi шамалы, алып бара жат -қан ештеңесi жоқ, күнде көретiн көп дырдудың бiрi екен. Со-ған қарамай, келгендерде есеп жоқ, опыр да топыр. Жалпыл-дай қарсы алған танысым: “Оһ, жақсы келдiңiз. Өр ке нi ңiз өссiн! Көп жасаңыз! Абырой болды!” – деп жiк-жапар. Мен сəл ойландым да:

– Бəрi дұрыс екен, мұнда тек Николай Васильевич Го голь-дің жоқтығы болмаса! – дедiм.

Танысым ыржақ-ыржақ еттi. Ал мен жаратылысымнан əзiл-қалжыңды ұнататын қылжақбастау адаммын.

* * *Ерекеңнiң бұған дейiн де бiр-екi рет əзiл-қалжың айт -

қа ны бар-тын. Мазмұнын қағазға түртiп, сақтап кой ған-мын. Бiрде бие, бiрде түйе боп отыратын оны бұлай деп кiм ойлаған. Адам баласы неткен күрделi. Оның iшiнде Ере кең. Маэстро Ермек Серкебаев!...

48

“Жасыратын ештеңем жоқ”...

Келесi сұхбаттасатын мезгiлдi бiлу үшiн телефон соғып, сəлемдесе бергеннен Ерекең: “Əй, сен немене осы, ананы айт, мынаны айт, кiммен керiстiң, кiммен тебiстiң, жа-сырма, қорықпа, қаймықпа деп тықақтай бересiң? Айта-тынды айтамын. Құдайдан да, адамнан да жасыратын ештеңем жоқ”, – деп бұрқ-сарқ еттi де, iзiнше сабасына түсiп: “Iншалла, саулық та, көңiл-күй де жақсы. Бұйырса, тағы бiр гастрольдiк сапардың сəтi түскелi тұр. Кеше Асанəлi Əшiмовтың қолқа лауымен “Шəкен жұлдыздары” фестивалiнiң ашылуына қатыстым. Қысқасы, шаруа бас-тан асады, – дедi түк болмағандай. – Барамын деймiсiң? Келе бер, есiк ашық”.Мiне, əдеттегiдей, мұнтаздай таза, қоңыр салқын кең

бөлмедегi үйреншiктi орнымызда қарама-қарсы отырмыз. Ерекеңе көзiмнiң астымен қарап қоямын. Қабағын түйiп, томсырая қалған маэстро бiресе қызарып, бiресе сұрланып, сан құбылады. Əн де салып жiбередi. “Назқоныр” ғой, – дейдi мен бiлмейтiндей. “Жағдайың қалай?” – деп гүж еттi. “Жақсы, рақмет”, – деймiн. Байқауымша, бiрдеңенiң ұштығын iздеп, таба алмай отырғандай.Басын сəл шалқайтып: “Өткендi аңсап, торыға берудiң

жөнi жоқ”, – деп бiр қойды.– Өткен оралмайды, – дедi онан соң күрсiнiп. – Алдағыны

ойлау керек. Бұған дейiн көрген-бiлгендер ғибрат үшiн. Ке-шеден берi бiр нəрселер көкейiмдi қозғап жүр. Ана жолы ата-анам туралы алда да айтамын дегенiм есiңде шығар? Онда былай. Оқта-текте зиратқа барып, қабiрлерiне гүл қоямыз, еске аламыз. Сонда айналадағы төбелерi көк тiрейтiн күмбездер мен көз арбайтын неше түрлi кесенелерге ғажап қаламын. “Ау, бұл не, əлемнiң түкпiр-түкпiрiн аралағанда, мұндайды ешбiр жерден, ешбiр елден көрген жоқпыз ғой.

49

Қанша керемет болса да, мұны жарыс, бəсеке-бақталастық, тыраштық па, бiлмеймiн, жақсы нышан дей алмаймын. Тонналаған тастың астында қалған бейбақтарға жаның аши-ды. Ескерткiш пе, құлпытас па, қою керек, əр нəрсенiң ретi, жөнi бар. Аспандаған мавзолей, айшықты үй-тамдардың қажетi бар ма? Қасиеттi “Құран кəрiмде” де марқұм болған мұсылман баласының басына аты-жөнi жазылған көк тас қойса жетедi демейтiн бе едi? Бұл бiр.

Екiншi, мен Таллинн қаласына жолым түскенде атақты əншi, əрiптесiм Георг Отстың қабiрiне барып тағзым еттiм. Сонда байқағаным, оған қойылған ескерткiш-белгi қымбат та, жұпыны да емес, жарасымды, қонымды, қарапайым. Өз ата-анама қойылған ескерткiш те ешкiмнен кем емес, бiрақ алаулап-жалаулап тұрған жоқ.

Эстон жұртының Георг Отсты соңғы сапарға аттандыр-ғандарын да теледидардан көргенмiн. Таллиннiң бүкiл халқы зиратқа дейiн жаяу шығарып салды. Алда бiркелкi киiнген қатар-қатар дауылпазшы. Оқта-текте “бум, бум” деп ұрып қояды. Абыр-сабыр, айқай-шу, автоинспекторға iлескен қым-қуыт жеңiл машина, автобус дегендер атымен жоқ. Құрмет пе? Құрмет. Жəне қандай құрмет!? Үйренетiн үрдiс пе? Олай деп айта алмаймын, себебi, бұл жерде мен бiздiң қазақтар неге эстон болмайды деп отырған жоқпын. Қанағат, нысап, қарапайымдылық айтайын дегенiм. Өркениетке бет бұрдық па, дұрыстап бұрайық, ойланайық. Дарақылықты қояйық.

Кейде бiреу əрi, бiреу берi тартып, əркiм өзiнше бiлгiш-сiнетiнiн көргенде осы қазақтардың өлiк жөнелтуiнде де кiнəрат бар ма деп қаламын. Бiрақ бiр нəрсенiң басы ашық: марқұмның көзi жұмылысымен “қаза – бардың малын шаша-ды, жоқтың артын ашады” деп, түнеме, қонақасы, шығарып салу, үшi, жетiсi, қырқы, жұзi т.б. сылтаулармен жөн-жо-сық сыз төгiп-шашылады. Олардың сыртында жыртыс, ақ-ша, жағалы киiм үлестiру дейтiндер бар. Бақилық болған пенденiң артында қалғандар ертең қалай күн көредi, оны ой-ламайды. Марқұмдардың жетiсiн, қырқын, жылын бергенге таласым жоқ, солардың өзiн де ақылмен жасаған дұрыс қой деп ойлаймын.Қызына сөйлеген Ерекең сəл тыныстап, үнсiз қалды.

Соны пайдаланып қомдана бастаған маған:

50

– Тұра тұр, – дедi бiрдеңе дегiм келгенiн қалт сезе қойып. – Тағы да бiр-екi ауыз сөз бар, аузым қышығаннан емес, iшке сыймағандықтан. Айтайын ба?

– О не дегенiңiз, құлағым сiзде, – деймiн Ерекеңнiң бұрын-соңды бұлайша көсiлгенiн көрмегендiктен қуана құптап. – Қыз-келiншектермен романдарыңызды айтсаңыз тiптi қатып кетер едi.

– Ол кейiн, – деп саңқ еттi. – Қазiр... əнеукүнгi əңгiмеге қайта соққым кеп отыр. Көрермен мəдениетi... Қозғауын қозғадық та, айғақ айтпадық қой. Мəселен, бiр атақты жайсаң өнер кешiн өткiздi дейiк. Оның қуанышын бөлiсуге келген əрiптестерiнiң iшiнде тұлпар да, тұқыл да бар. Кеш аяқталды. Көрермендер сахнаға лап қойды. Көбi құшақ-құшақ гүлмен тұлпарға емес, тұқылға ұмтылады. Ең болмаса, солардың бiреуi бiр тал гүл ұсынбаған тұлпар елеусiз қала бередi. Ау, тұлпардың аты тұлпар емес пе? Оған да, залдағыларға да ыңғайсыз. Əрине, бұдан тұлпардың бағасы төмендеп қалмайды. Əңгiме сахнаға жапа-тармағай шыққандарда. Егер олар өнердi жан-тəндерiмен сүйсе, тұқыл қанша екi туып, бiр қалғандары болса да, ілтипаттарын қонақтарға көрсетпес пе?! Жəне олар осындай кеш не концертке ұдайы келiп тұра ма, жоқ па? Мiне, түсiнiктiң түрi! Осыған ұқсас жағдай таяуда өз басымнан өттi.

– Онда, соны нақтылыңқырап айтыңызшы.– Егер турасын айтып, туғанға жақпай қалмасам, ай-

тайын. Сен қатыстың ба, жоқ па, биыл белгiлi компози-тор Сейдолла Бəйтерековтi еске алу кешi өттi. Марқұм сы пайы жiгiт едi, талантты едi, көзi тiрiсiнде сыйластық, əндерiн орындадым. Еске алу кешiне атап шақырған соң бардым, əрине. Кеш жақсы өттi. Бiрақ қалай аяқталды, со-лай опыр-топыр басталды да кеттi. Сахнаға көздерi ежiрейе ұмтылған тобыр бiр-бiрiн иықтап, қағып-соғып, қоғадай жа-пырылады. Сахнада менен басқа да арнайы шақырылғандар аз емес-тi. Əлгi сабаздардың ешқайсысы оларға мойын бұрмақ түгiлi, пысқырып та қарамады. Менiң өзiм де былай қалдым (өкпелеп отыр десең, қателесесiң). Той иелерiне де, ұйымдастырушыларға да қояр кiнəм жоқ. Мəселе түсiнiк-пайымның төмендiгi, оң-солды танымауда. Бұрын-соңды ондай-ондайдың небiр əкелерiн көрiп жүрсем де, дəл сол жолы қатты қарным ашты, дұрыс түсiнiп отырсың ба?

51

– Дұрыс тұсiнiп отырмын.– Түсiнсең дұрыс, жетiстiк ешқайда қашпайды, сенiң əлгi

таусылып бiтпейтiн сұрақтарың килiкпей тұрғанда, көңiлiмдi күптi қып жүретiн тағы да кейбiр мiндерiмiзге тоқталайын. Алдымен өнер саласындағы. Өткенде фонограмма жай-лы айттым, сахнада аузын ашып, оңды-солды қисаң-қисаң ететiндердiң мультфильмдегi қуыршақтардан несi кем деп. Баяғыда менiң орныма Байғали Досымжановтың да-усын жiберiп ұят жасап едi, жақында тағы да оңдырмай жерге қаратты. Айттым ғой, таяуда “Шəкен жұлдыздары” фестивалының ашылуына бардым деп. Əне сонда сахнаға мен шықпай жатып əнiм естiлiп, оның өзiнде бас-аяғы бы-тысып, үзiлiп тынды. Мейлi, болар iс болды, ашу шақырмай-ақ, Шəкен туралы бiр-екi ауыз естелiк айтайын деп, кештi жүргiзушi қыз бен жiгiтке қолымдағы микрофонды алып кетiңдер десем, кергiп келмейдi. Онан соң, беттерiне қарай лақтырып жiбердiм де, сөзiме кiрiстiм. Фонограммаға Қы-тайда тиым салған дедiм. Таяуда түрiкмендер де солай еттi. Менiкi қате болса, олар неге өйтедi? Демек, фонограм маның қажетi жоқ. Бiзге де ойлану керек.

– Айтыңызшы, оны қалай тоқтатуға болады?– Түрiкмендерде президенттiң арнайы жарлығы шыққа-

нын өзiң де бiлесiң. Қытайда да солай деп естiгенмiн.– Сөзiңiздi бөлгенiме ғафу етiңiз. Мiнiмiз көп дедiңiз,

тағы да бiр-екеуiнiң атын атап, түсiн түстеп айтсаңыз қайтедi?

– Бiреуi былай, əрi ол өзi тым күрделi. Осы күнде – драмалық туындыларда шаруам жоқ – опералық спектакль-дердiң құлағын кесiп құнтитып, мұрнын кесiп шұнтитып тастаған. Екi (не үш) актiден бiреу жасап, екi аяқты бiр етiкке тығады. Бұдан не ұтамыз дегенге уəждерi – бүгiнгi көрермен бөлек, жалығады, зерiгедi, театрға сирек келуi содан. Бұл бос сөз. Жақсы қойылып, шебер орындалатын спектакльден ешкiм жалықпайды да зерiкпейдi. Қайта, көрерменнiң көкiрек-көзi кеңiп, көп нəрсенi бiлiп-түйсiнiп, уақыттың қалай өткенiн байқамай, тынығып, рухани бай-ып қайтады. “Қыз Жiбек”, “Ер Тарғын”, “Бiржан Сара”, “Абай” операларын тыңдаушылардың спектакльдiң ұзын-қысқалығында жұмысы қанша? “Аққу көлi”, “Риголет-то”, “Севиль шаштаразы” т.б. айтпағанда. Қазiр, менiңше,

52

өнердi насихаттау, санаға құю жетiмсiз. Олқылықты содан iздеген дұрыс. Əйтпесе, көрiп жүрмiз ғой, үзiп-жұлқып, түйедейден түймедей еткен спектакльдерге де жұрттың қалай баратынын. Ең өкiнiштiсi, ондай дүниелерден талғам төмендемей ме? Мəселен, “Фаустағы” Мефистофельдiң келiстiре орындалған бiр ариясын тыңдаған адамның атал-мыш операға iздеп жүрiп барарына өз басым кəмiл сенемiн. Мұны осымен тамамдайық.

– Демек, мiндер əлi таусылған жоқ қой?– Таусылған жоқ, немене, күнде сөз етiп жатырмыз ба, ау-

ызша айтылған сөз айтылған жерде қалады. Қағазға түссе, ақынның “кiм таныса, сол алсын” дегенiндей, бiреу болма-са, бiреуге жетер деп жатқаным да. Өзiң айтшы, осы бiздiң қазақ əншiлерi өз елiмiзде де, өзге мемлекеттерде де басқа тiлде əн айтуға неге əуес? Əуес болғанда да, көк тамыры бiлеуленiп, қылмың-жылмың етiп, нақ бiр сол халықтың ба-сын айналдырып, көзiн тұндырып тастайтындай əулекiленiп айтады. Əсiресе, шетелдерге барғанда. Оларды жəне елге оралған соң пəлен жерде пəлен халықтың, түген жерде түген халықтың тiлiнде əн шырқады деп жер-көкке сыйғызбай далақтата мақтаймыз. Турасын айтсам, жақсы бiлмейтiн тiлде əн салу өз-өзiңдi сыйламау, сайқымазақ етумен тең. Онымен ешкiмдi таңдандыра алмайсың, бəлкiм, тыңдарман қол соқса соғар, бiрақ ол сыпайы сыйлау, көңiл жықпастық қана. Оған мəзденетiн түк те жоқ. Қазақ қанша мықты бол-са да, италиялықтарды да, француздарды да ешқашан та-бындыра алмайды, ол мүмкiн емес. Одан да, шамаң жетiп жатса, Энрико Карузосы, Марио Лансосы, Рафаэлi, Эдит Пиаф, Армстронгi, Пол Робсоны болған озық халықтарға өз елiңнiң, халқыңның баға жетпес iнжу-маржандарын дəрiпте, майын тамыза құлақтарына құй, жүректерiне жеткiз. Сана-ларын жаулап ал. Елiктеме, шалықтама. Осы күнде кейбiр қазақтар өз сахнамызда да италяша, ағылшынша, француз-ша əн салғансып, балқып-кебедi. Жарасса бұйырмасын, бiр түйiр лəззəт алмайсың. Базбiреулер сондайларды арқадан қағып, қолпаштап, қазақы “можантопайлардың” шекесiнен қарауға дiлгір. Адасу, алжасу, өзгелерге күлкi, мазақ болу де-ген осы!

– Өзiңiз ше? Өзге тiлде əн салмайсыз ба?– Мен жақсы бiлмейтiн тiлде əн салған емеспiн, салмай-

53

мын да. Сен бiр сəт өзге тiлде əн салған бейбақтарға сол тiлдi бiлетiндердiң көзiмен қарашы. Бəлкiм, бiрдеңе ұғарсың. Өз басым осы өмiрiмде үш тiлде ғана əн шырқап келемiн: қазақша, орысша, татарша. Солар арқылы əлемге танылдым. Еще как!

– Татарша айтқаныңызды естiмеппiн.– Естiмеуiң бек мұмкiн, бiрақ айтқанмын, қажет болса,

əлi де айта аламын дегенiм ғой. Мəселен, “Фигароның ка-ватинасын” италия тiлiнде мен де айтар едiм жəне онша жа-ман айтпауым да мүмкiн. Қалай ойлайсың, италиялық ұлы əншiлердiң кез-келгенi бiр қазақ əнiн шырқай алмас па едi?! Əн қадiрiн кетiрмеу керек.

– Мiндер əлi бар ма?– Табылады!– Ең болмаса, бiр-екеуiн бұрын неге айтпадыңыз?– Оған мұрша бердiң бе? Қардай бораған сұрақтармен ба-

сымды қатырып (қарқылдап күлiп алды). Операға халықтың – əсiресе жастардың – ынтасын арттыру үшiн насихат ке-рек дедiм ғой, ə? Оның түрi де, тəсiлi де көп. Құрғақ қасық ауыз жыртады дегендей, көп алдына шығып алып, опера деген олай, бұлай деп ақыл айтудың көк тиынға керегi жоқ. Бiрiншiден, мектептерден бастап, барша орта дəрежелi, жо-ға ры оқу орындарында ашық сабақ түрiнде болса да, не анау Кельберг тəрiздi мамандарды шақырып, жалғыз опера емес, жалпы өнер хақында жастармен дүркiн-дүркiн əңгiме өткiзу пайдалы-ақ болар едi. Алматы мен Астанада айына бiр-екi рет опера театрына ұйымдасқан түрде барып тұруды ұйымдастыру да қиын шаруа емес. Онан соң жоғары оқу орын дары жанынан – мейлi, сағаты аз бола берсiн, тiптi бол ма сын – өнер пəнiнен неге дəрiс жүргiзбеске?! Түркiс-тандағы университетте арнайы театр факультетiн ашып, те-атр құрғанын көзiмiз көрiп отыр ғой. Құдай бiледi, кезiнде оған қарсы болғандар жоқ болмауға тиiс. Қорықпау керек дейтiнiм сол.

Марғаумыз, оянар түрiмiз жоқ. Айта берсе сөз көп, мəсе-лен Абай атындағы театрдың оң жақ, жол жағынан неге өмiр ден озған бiрегей өнер жұлдыздарына ескерткiш ор-натып, аллея жасамасқа!? Күлəштан бастап Жұмат, Əмiре, Иса, Құрманбек, Қанабек, Шара, Үрия, Ғарифолла, Байғали, Əнуарбектiң мүсiндерi сап түзеп тұрса, жарасымды бол-

54

мас па едi?! Үлкен-кiшi тəу етiп, жаңадан отау құрған жас жұбайлар аруақтарға тағзым ету үшiн барып тұрмас па едi?! Əрi-берiден соң, ол деген қазақ деген халықты əлемге əй гiлеп, абыройын асырмай ма? Шiркiн-ай, сондай күнге жетемiз бе, жоқ па? Бұл өзi соншалықты қиын нəрсе емес қой, түсiнетiн азаматтар табылып қолға алса, бiр не жыл жа-рым уақытта бiтiруге болатын шаруа (мейлi, тiптi көбiрек болсын).

– Апырай, Ереке! Мiндердiң қайнар көзi сiзде екен ғой, қалай бiлмей келгенбiз?

– Қылжақтама. Мен саған жарапазан айтып отырған жоқ-пын. Айт, айт дейдi де, қара өзiн. Мен жер шарын тү гел аралаған адаммын. Отан деген не, қалай түсiнесiң? Бiр-екi ауыз пiкiр айтсам бола ма?

– Құдай үшiн, құлағым сiзде, əдемi келе жатырсыз.Бетiме қабағын шытып, сүзiле қараған маэстро “көп-

шiк қойма, жаратпаймын” деп күңк еттi де:– Ертеректе Францияға барғаным есiме түсiп отыр, –

дедi көздерi жасаураңқырып. – Онда баспанамыз жоқ, iшi тар, күңгiрт, еденi сыз пəтер жалдап тұрамыз. Жалындаған жаспыз. Француздар өнер десе iшкен асын жерге қоятын халық қой, менi де, басқаларды да алақанға сап əлпештеп, асқақтатып бақты. Музыкаға аударманың керегi жоқ, мен орындаған қазақша, орысша əн, арияларға дуылдата қол соғып, ризалықтарын паш еткен үстiне ете түстi. Француз тiлiнде айтпадың деп ешкiм бетiме салық еткен жоқ. Өйткен болсам, төрдегi басым есiкке сырғып, құным көк тиын болар едi. Бiрақ айтайын дегенiм ол емес. Сонда арадан апта ара-ламай жатып, елдi сағынайын. Айдауда жүргендей қамығып, жүрегiм сыздайды, ертелi-кеш ас батпай, көңiлiм босайды. Iшi-сырты ұжмақтай бес жұлдызды қонақ үйден жалығып, Алматыдағы жаңбыр жауса, төбеден су сорғалап қоя беретiн шымшықтың ұясындай күркеме жеткенше асығамын. Мiне, туған жердiң құдiретi!

Осы тақылеттес пiкiрдi сонау бiр жылы Мəскеуде өткен жаңа жылдық “Огонек” кешiнде америкалық ұлы музы-кант, атақты пианист Ван Клиберннен де шет пұшпақтап естiгенмiн. Өйткенi, ол америкалық болғанмен, ұлты орыс, бiр замандарда сол елге жер ауған эмигранттың ұрпағы көрiнедi. (Ван деген Ванядан шыққан дегендей). Содан

55

ба, тайпаластарына неге бүйрегi бұрмасын, оның үстiне қан деген бар. Ретi келгенде айта кетейiн, Ван Клиберн алғаш рет Мəскеуде өткен П.И.Чайковский атындағы 1 ха-лықаралық конкурсте бiрден жарқ еттi. Онда жап-жас едi. П.И.Чайковскийдiң (оркестрге қосып) фортепьянаға арналған 1 концертiн ғаламат орындап, бас бəйгенi иелендi. Елiне оралғанда оған дейiн ешкiмге белгiсiз музыкантты мемлекеттiң президентi қарсылап, əуежайдан Ақ үйге өзiмен бiрге ашық машинамен алып барды. Көше-көшеге сыймаған ел-жұрт тiк тұрып құрмет көрсеттi. Ғибратты үрдiс емес пе?

– Сөз бар ма? Сiз де қадiр-құрметтен кенде бол ған жоқсыз, шүкiр. Қонаевқа да, Назарбаевқа да ризалығы-ңызды өткен жолы айтқансыз.

– Қонаев туралы бұйырса, əлi де айтамын. Əуелi əлгi сөздi аяқтайын. Неден бастап едiм? Ə, туған ел, өскен жер. Мəселен, мен өнер есiгiн аттағаннан Мəскеу, шетел болсын, басқа болсын, қайда да мақтау-марапат, жылы-жұмсақ сөздi бiр кiсiдей естiп келемiн. Əрине, табиғат берген өнердiң арқасында. Солардың барлығын да жеке басыма емес, туған елiмнiң, қазақ халқының атына айтылған ақ тiлек, iзгi ниет деп бiлемiн, солай қабылдағанмын. Мысалы, 1949 жылы Мəскеуде əншiлердiң конкурсы өтетiн боп, Қаукен Кенже-таев, Бекен Жылысбаев үшеумiз аттандық. Уыздай жаспын əрi консерваторияда оқып, əрi театрда iстеймiн. Кəукен мен Бекеннiң де қылшылдап тұрған кезi. Мен орыстың “Не бушуй-те вы, ветры буйные” деген əнiн шырқадым. Керемет шыққан болуы керек, сол шақта бiраз жасқа келiп қалған самдағай əншi Антонина Васильевна Нежданова: “Ғажап орындадың, балақай!” – деп арқамнан қақса, тұс-тұстан қаумалап қолтаң-ба сұраған, аты аңызға айналған ұлы əншi Иван Васильевич Козловскийге қайтсек жақындаймыз деп шеткерiлеу тұр ған Қаукен, Бекен үшеумiзге ол көп iшiнен мойнын соза қа рап: “Анау жас жiгiттерге қолтаңбаны кезексiз беремiн”, – деп мерейiмiздi асырды. Ерекше ықыластанып тұрғаны – мен, əрине. “Қазақтар, жарайсыңдар!” – дегенде төбемiз көк ке жеттi. Қазақ екенiмiзге мақтандық, шаттандық. Өзiң бi ле-сiң, одақтық үлкен форум, айтулы жиындарда орыстың да, қазақтың да, белгiлi композиторларының “Отан”, “Отан ту ра лы” əндерiн көп орындадым. Мұны науқандық үрдiс дегенде де, бəрiбiр, отанның аты – отан, орны бөлек. Отан-

56

ды əнсiз де сүюге болады. Күллi жақсылық отанға деген махаб баттан басталады. Бүгiнгi жастар осыны ескерсе деп жатқаным ғой...

– Сiз қашанда батыл, өткiрсiз. Тiптi, кұнi кеше Шəкенге арналған жиында өздерi бəрiн бүлдiрiп (фоно-грамманы сiз сахнаға шықпастан бұрын iске қосып жəне бас-аяғын былықтырып) алып, ала қойыңдар дегенде кер-дең сi ген кеш тi жүргiзушi қыз бен жiгiтке микрофонды лақтырып жi бергендей морт мiнезiңiз де бар екен. Екi сөзiңiздiң бiрi – “ешкiмнен қорықпаймын”. Неге олай дейсiз? Шынымен де ешкiмнен қорықпайсыз ба?

– Қызық екенсiң, ол əшейiн ауыспалы мағынадағы сөз ғой. Бiлмейсiң бе, жорта айтамысың? О заманда бұ заман, ештеңеден қорықпайтын адам бола ма? Бəрiмiз де əйтеуiр бiрдеңеден қорқамыз. Менiң де қорқатын нəрселерiм аз емес. Мысалы, бақилық болған өнер адамдарын бұдан бы-лай театрдан шығармайды-мыс деген сыбыс естiледi, содан қорқамын. Сонда қалай, о дүниелiк болғанда халық менiмен туған театрымда қоштаса алмай ма? Екiншi, биыл менi Рай-ымбек бабамыздың тойына шақырмады. Қартайған соң шы-нымен қадiрiм қашқаны ма деп, содан қорықтым. Онан соң, өмiрiмше Сəбеңнiң, Сəбит Мұқановтың бəйбiшесi Мəриям апай мен Димаш Ахметұлы Қонаевтың үйiндегi жеңгемiз Зухра Шəрiпқызынан қатты қорқатынмын. Мариям апайдың көзi тiрi ғой, егер нансаң, осы күнге шейiн телефон соғып, хал-жағдайын сұрауға бата алмаймын.

– Неге?– Себебiн өзiм де бiлмеймiн.– Сəбит Мұқановпен араласушы ма едiңiздер?– Жерлес қой, əкеммен сөйлесiп тұратын. Маған жылы

қарайтын. Көрген жерде айтатыны: “Қонаққа қашан ша-қырасың?” – болатын.

– Шақырдыңыз ба?– Ретi келмедi, бiз артиспiз, спектакль, гастроль деп ша-

уып жүремiз. Əйтпесе, бiр шəугiм шай табылады. Оның үстiне, айттым ғой, Мариям апамнан өлердей қорқушы едiм деп. Ол кiсiде сыры беймəлiм бiр құдырет бар-ау деймiн, менi қорқытатын адам тегiн бола ма?

– Зухра Шəрiпқызынан неге қорқушы едiңiз?– Оны да бiлмеймiн, əйтеуiр мысы басып тұратын.

57

– Қолынан шай iшiп пе едiңiз?– Iшуiн iштiк қой, оны қайтесiң. Болды, басқа əңгiмеге

көшейiк.Телефон шыр еттi. “Уақыт жоқ, – дедi Ерекең əлдекiмге.

– Айттым ғой сендерге, “Парасат” журналымен жұмыс iстеп жатырмын. Кейiн!” – деп тұтқаны атып ұрды.

– “Айқын” деген қандай газет? – дедi онан соң.– Қазiр шығып жатқан жаңа басылымдардың бiрi.

Жақсы газет, – деймiн. – Сiз туралы жазамыз дей ме?– Иə, қыр соңыма түсiп алды. Түбi мақұл десем бола ма?– Болады.– Ал айта бер, қай жерге келiп ек? Əлiбек деп пе едiң?– Қарсы болмасаңыз, журнал оқырмандарына Тбили-

сиде өткен халықаралық конкурста бiрден жарқ етiп бұкiл одаққа, одан шетелдерге танылған Əлiбек Дiнiшев туралы сiздiң пiкiрiңiздi бiлу артық болмас едi. Iзiңiздi басқан iнiңiз, зайырлы атақтардың бiразына иегер, қазiр өз атында дербес театры бар, ол да опера əншiсi деген-дей. Не айтасыз?

– Ешкiм жалғыз шауып бəйге алмайды, менiң өз жолым, оның өз жолы бар рухани iнiм. Талабына да, талантына да тəнтiлердiң бiрiмiн. Аздап менмендеу болғанмен, менi сый-лайды, бағалайды. “Ермек аға” деп құрақ ұшып тұрады. Əкесi Мұса Дiнiшевтi де бiлетiнмiн. “Қазақфильмде” жау-апты лауазым атқарған, Мəдениет министрiнiң орынбаса-ры, осы өздерiң шығарып жатқан “Парасаттың” “Мəдениет жəне тұрмыс” кезiндегi негiзiн салып, редакторы болған. Мұсекең де менi жақсы бiлетiн. Мұсекеңнiң əйелi Кəмилə Мұқымқызы өзiмнiң үзеңгiлес əрiптестерiм Ришат жəне Мүсiлiм Абдуллиндердiң туған əпкесi. Əлiбек оларға жиен.

– Əлiбектi қазақты əлемге танытқан əншiлердiң бiрi дегенге қосыласыз ба?

– Осы сендер көпiрте сөйлеуге құмарсыңдар. Əлем деген үлкен ұғым. Мен өзiмдi де қазақты жер жүзiне танытып тас-тадым дедiм бе? Керiсiнше, қазақты күллi адамзат бiлуi үшiн əлi көп жұмыс атқарылуы тиiс, кез-келген халық əдебиетi өнерiмен өркендейдi деп өткенде айтпадым ба, дəлелдер келтiрмедiм бе? Мен сияқты, Əлiбектi де көптеген ел-жұрт бiледi, əрине, бiрақ ол аз. Əлiбек амплуасы айқын, дара тұлға. Дауым жоқ. Елбасымыздың оған жеке театр ашып бергенi зор

58

сенiм, үлкен үмiт белгiсi. Нұрекеңнiң: “Əлiбек, осы театрдан сен ең болмаса өзiң құралпас бiр əншi тəрбиелеп шығарсаң, сол да тақиямызға тар болмас едi”, – дегенiн журналдарыңда өздерiң де жазғансыңдар. Сол үмiт ақталды ма? Мəселе сонда. Мен байқамадым. Ол театрдың қазiр не iстеп, не қойып жатқанын бiлмеймiн. Бұл бiр. Екiншi, о жер, бұ жер-де əн салып, мейлi, мəскеулiк беделдi оркестрмен концерт берсе де, қазiргi орындау мəнерi, ырғағы солғын, тынысы бұрынғыдай емес, даусы бiршама отырғандай сезiледi. Ма-ман ретiнде оның себебiн де шамалаймын, бiрақ айтпаймын, өзi елеп-екшегенi жөн. Бiр өкiнiшiм, Əлiбектiң қазақтың төл əншiсi ретiнде жыл санап түлеп-жаңғырып, шырқау биiкке самғай алмай келе жатқаны. Ол орындайтын сол бес-алты əннен бөлек те қазақта iнжу-маржандар толып жатқан жоқ па? Репертуарын солармен неге байытпасқа, жаңғыртпасқа?! Батыл-батыл қозғалыс, серпiлiс қайда? Не кедергi, не тұсау? Өзiң қимылдамасаң, кiм саған шайнап бередi?

Онан соң Əлiбек iнiмнiң ұзақ жылдан берi қазақ əндерiнiң мəтiнiне мəн бермейтiнiне таңмын. “Қ” мен “Н”-дi айы-ратын мезгiл болмады ма? Егер айтар уəжi “қалада өстiм, орысша оқыдым” болса, мен де солай емеспiн бе? Оның да, менiң де əкемiз қазақтың белгiлi қаламгерi, журналист болған. Бұл жерде Əлiбек iнiм өкпелейтiндей артық ештеңе айтып отырған жоқ болсам керек. Сөзге тоқтау, мəрттiк де-ген бар. Мен бiлетiн Əлiбек əдiл, мəрт жiгiт! Болашағы алда. Менiң де, халқымыздың да одан əлi де күтерiмiз көп. Əлiбек жөнiндегi кейбiр түйiндеу-пайымдауларым осындай.

– Ендi дағдылы сұрақтарға келейiк. Сонау 50-жыл дар-дың соңы мен 60-жылдардың бас шамасындағы “Əншi ауыл” фильмi қалай түсiрiлдi? Сiздi басты рольге актер ре тiн де ме, жоқ əншiлiк қабылетiңiздi ескергендiктен ша-қыр ды ма? Жалпы, сол фильмнiң желiсi сiзге арнап жазыл-ды деген шын ба? Рая Мұхамедияроваға əрiптес ретiнде көңiлiңiз толып па едi? Шəкен Айманов жөнiнде не ай-тасыз? Қандай адам едi? Сол кездердегi “Қазақфильм” шығаратын фильмдерде басты кейiпкер ер адам ұлты қазақ болса, əйелi мiндеттi түрде орыс, керiсiнше, қазақ болса, күйеуi орыс болатын үрдiс есiңiзде ме? Сондайға қалай қараушы едiңiз? Кейiн киноға неге тұспей кеттiңiз? Себебi не? Бiржола киноактер болғыңыз келген жоқ па?

59

– Мына сұрақтардан адам адасады ғой. Есте сақтал-ғандарды айтып көрейiн. “Əншi ауылдан” бұрын мына бiр жайға тоқтала кетейiн. Отан соғысы аяқталған соң, күллi одақта əдебиет пен өнердiң өсiп-өркендеуiне, дамуына жақ-сы ма, жаман ба, бiршама жағдайлар жасалды. 1949 жылы Мұхтар Əуезовтiң “Абай” романы үшiн 1 дəрежелi Сталиндiк сыйлық алуы да соның көрiнiсi. Басқадай əртүрлi марапатқа ие болған ақын-жазушыларды айтпағанда, артистердiң де айлары оңынан туып, Сталиндiк сыйлыққа ие болғандардың бiразы өткен жолы аталды, қайталап керегi жоқ. Тоқтағалы отырғаным, сол шақтарда басты рольдi əйгiлi əншi Сер-гей Лемешов орындаған “Музыкалы хикая” (“Музыкаль-ная история”) атты фильмнiң күллi одақ көрермендерiнiң жүрегiн жаулап, мəдени өмiрiмiздегi елеулi құбылыс болға-ны. Онда бойында тумысынан музыкалық дарыны бар қара-пайым жiгiттiң (ұмытпасам, мамандығы шофер) əртүрлi қиын-қыстаулардан өтiп барып, елге белгiлi əншi болғаны жайында баяндалатын. Əрине, оқиғасы нанымды, тартымды, оның үстiне, бастан-аяқ əн, музыка. Əне, арадан аз жылдар өткенде соған ұқсас фильмдердi өзге одақтас республикалар да бiрiнен соң бiрi жасап, өздерiнiң маңдайалды əншiлерiн басты рольге түсiру арқылы насихаттау қарқын алды. Бə-рiнде де басты кейiпкер бiртiндеп бағы ашылған, оған дейiн ешкiм бiлмейтiн ғаламат əншi. Армяндар Артур Ай-динян, əзiрбайжандар Рашид Бейбутов, эстондар Георг Отс, өзбектер Батыр Закировтерiн солайша əуелеттi. Түрiкмен, қырғызда болды ма, бiлмеймiн, якуттер де бұғы бағатын əншi жiгiттiң Мəскеуге келiп, П.И.Чайковский атындағы консерваторияға түскенiн, одан əлемге аян əншi болғанын дəрiптейтiн фильм жасады. Сол нəрсе дəстүрге айналды десе де болады. Қазiр сол “үрдiс” шетелдерден жұқпады ма деп те ойлаймын, өйткенi сол кездерде испандық “Рафаэль” фильмi мен Ив Монтан түскен француздық, басты рольдi Лолита То-рез атқарған аргентиналық, Энрико Карузо, Марио Лансоны əспеттейтiн италиялық фильмдер шетiнен керемет-тiн.

Мiне, бауырым, қазақ кинематографистерiне де “Əншi ауыл” фильмiн жасау, басты рольге менi шақыру идеясы солардан ауысты ма, оны дөп басып айта алмаймын. Тегi, солай-ау деймiн. “Əншi ауылда” да басты рольде – ауылдағы көркемөнерпаздар үйiрмесiн басқаратын əншi жiгiт. Сылқым

60

сұлу бикеш те бар (Рая Мұхамедиярова). Əйтсе де, былай жақсы деп бағаланғанмен, “Əншi ауыл” жоғарыда аталған фильмдердiң шаңына да iлескен жоқ. Дүние жүзi тұрмақ, одақты бiр серпiлте алмаған соң, солай демегенде не дейiн. Жəне оған ешкiм кiнəлi емес. Театрдан киноға ауысқанына көп болмаған, кəсiби бiлiм-дағдысы аз Шəкен Аймановтың əлi балаңдау кезi (кино үшiн, əрине). Оның үстiне, бiлгiш көп, айтқыш көп. Сценарий қайта-қайта жазылады, өңделедi, мамандар кұн құрғатпай ауысады, аралары ылғи да ырың-жырың. Анау Раяны киноға түсiп бiткен кезде фильм жара-майды деп үйiне жiбердi де, кейiн шақырып алып, екiншi қайтара түсiрдi. Осы тiрлiк пе? Мен де көп нəрсеге наразы болдым, бас тартқым келдi. Бiрақ – шынымды айтсам – Шəкеннiң ыңғайына қарадым, сағын сындыра алмадым.

– Қазiр сол замандарда түсiрiлген “Шабандоз қыз”, “Алдар көсе”, “Тақиялы перiште” т.б. фильмдердiң те-ледидар экрандарынан жиi көрсетiлiп, “Əншi ауылдың” байқалмауы содан екен ғой, қалай ойлайсыз?

– Бiлмедiм. Рая Мұхамедиярова жөнiнде айтарым, ол кiшiпейiл, адал, таза, жiгерлi, ынталы, қайсар қыз болатын. Аяқ алысына көңiлiм толып, болашағынан көп үмiт күтушi едiм. Жолы болмады ма, теперiшке ұшырады ма, пəлендей биiктен көрiне алмады. “Ермек аға” деп сызылып тұратыны есiмде.

Ал Шəкен Аймановты өзiң де бiлесiң, көп болмаса да, бiраз уақыт қатар жүрдiк, əрiптес ретiнде сыйластық, ұғыстық, түсiнiстiк. Жоғарыда атаған бiрқауым алыптар секiлдi, Шə-кен де табиғи дарын иесi, сом жаралған iрi тұлға. Театрды тас тап киноға баруы ерлiкпен тең болатын. Кiшiпейiлдiгi, адамгершiлiгi, қарапайымдылығы, жомарттығы қандай едi!? Мəскеулiк алпауыттарды сондай қасиеттерiмен баурап, хас шеберлермен дос болды, сырласты, мұңдасты, ақылдасты, кеңестi, үлгi-өнеге, тəлiм алды, қажетке жаратты, қазақ ки-носын биiкке көтеруге ұтымды пайдалана бiлдi. Мұндай нəрсе екiнiң бiрiнiң қолынан келмейдi. Шəкенге бəрекелде!

Ендi сол шақтарда кинодағы ұлты қазақ бас кейiпкер ер-кек болса, əйелi орыс, əйел болса, күйеуi қазақ болуы ның се бебiн менен несiне сұрайсың? Кеңестiк кездiң құйтыр-қы сы емес пе? “Қазақфильм” шығарған фильмдерде рас, Рая Мұхамедиярова Сафоновтың “əйелi” немесе Ыды-

61

рыс Ноғайбаев Куркинаның “күйеуi”, Фричинский Лола Əбдiкəрiмованың “ғашығы” секiлдi жалпақшешейлiк болма-ды емес, көп болды. Жəне мəскеулiк бастықтар фильм сай-ын солай етуге жарлық бердi деп те ойламаймын. Көбi өз iшiмiздегi шолақ белсендiлер мен ұлттық мүдде, халық намы-сынан гөрi тақ үшiн тасыраңдайтын жырындылардың анайы-лығы екенiне күмəнiм жоқ. Ендi бүгiн шетiнен мүсə пiр, бəрi батыр, уақыт құрбаны. Өткенге топырақ шаша бермеу керек. Шаш, бiрақ бiлiп шаш. Өз көзiңдi соқыр етiп алып жүрме.

Кейiн киноға түспеген себебiм, басыбайлы киноактер емеспiн. Жоғарыда атаған Сергей Лемешев те солай. Бас-қалар да. Өтiнiш еткен соң, бiрдi-екiлi түстiк. Бiржола ки-ноактер болу түсiме де кiрген емес. Мен опера əншiсiмiн, бiлдiң бе? Жəне қандай əншi! Ұлы əншiмiн!

– Газет-журналдардағы арғы-бергi сұхбаттарыңыз-дың бiразында өзiңiздi үнемi ұлымын дейсiз. Ыңғайсыз емес пе? Əлде, əдейi айтасыз ба?

– Ыңғайсыз болса, қайтейiн. Əдейi де айтамын. Көпсiнесiң бе? Пəтерiмдi күнде көрiп жүрсiң ғой. Қуықтай-қуықтай үш бөлме. Алыс-жақын елдердегi мен құралпас əншiлердiң бəрiнде патшаның сарайындай қос-қостан баспана. Бiр Рас-тропович пен Архиповада қанша үй барын бiлесiң бе? Менiң ең болмаса, жоғарыдағы кең залда рояль тұратын екi қабатты бiр үйiм болса, көптiк етер ме едi? Мейлi, айтты не, айтпа-ды не? Əйтеуiр, өкпелеп отыр деме. Бiреуге мiндет артқанды жек көремiн. Елiм, жұртым аман болсын.

Ерекең керiле шалқайып, бiрауық үнсiз қалды. Өңi қату, қабағы түюлi. Ыңылдап қояды.

– Александр Зацепин қандай композитор едi? – деймiн онымен ертеден таныс екенiн аңғартып.

– А, Зацепин бе? – дедi əнтек қозғалып. – Ол осы өзiмiздiң Алматылық. Басында кəдiмгi жай музыкант едi, кейiн оқып-iзденудiң арқасында атақты композитор болды. Алғаш жазған əндерiнiң бiрi – “Бiздiң сүйiктi дəрiгер” фильмiндегi өзiң аузыңнан тастамайтын атақты “...Надо мной небо синее”, бiлдiң бе? Сол арқылы аты шығып, үлкен композитор бо-лып кеттi. Қазiр Мəскеуде тұрса керек. Бүгiнде кiмсiң, əйгiлi Зацепин. Əндерiнiң бəрi танымал. Ресейлiк талай фильмге жазған музыкалары ғажап, құлағыңның құрышы қанады. Ескi досым ғой, заман мынау, оның да жасы бiразға келдi, көп

хабарласа алмаймыз. Алматыны, қазақ елiн сағынатынына шəгiм жоқ. Əй, сенiң ол туралы сұрағаның жақсы болды. Бұған дейiн айтуым керек едi, неге есiме келмей қалды екен? Зацепин халыққа кеңiнен белгiлi композитор. Баяғыда Ал-маты консерваториясында Құдыс Қожамияровпен қатар оқыған. Ал бiттiк пе, бұдан əрi сөйлесуге құлқым да, шамам да жоқ.

– Соңғы сұрақ, Ереке! Бiр сөзiңiзде осы жасыңызға дейiн төрт рет үйлендiм, төрт əйелiмнiң əрқайсысымен сəн-салтанат құрып, өзiмше бақытты ғұмыр кештiм деп едiңiз. Басқа қыз-келiншектермен романдарыңызды қоя тұрып, сол некелi əйелдерiңiз хақында егжей-тегжейлi айтсаңыз қайтедi? Олардан қанша перзент көрдiңiз, ба-ла ларыңыз қалай ержеттi, кiм болды, iшiнде сiздiң iзiңiздi қуғандары бар ма, олармен қарым-қатынасыңыз қалай де-гендей.

– Əй, сен тағы да шұбырта бастадың ғой. Бұл мəселе сенi ме, əлде елдi қызықтыра ма? Қажет болса, келесi жолы ма, тағы бiрде айта жатармын. Ал, сау бол, демалуым керек, кешке бiр жерге барамын.

* * *Орнымыздан түрегелдiк. Жиынып-терiнiп, қош айты-

сайын десем, Ерекең көрiнбейдi. “Мұнда кел!” – деген дауыс шықты рояль тұрған бөлмеден. Жетiп бардым. “Отыр”, – дедi. “Бiр-екi əн салайын, ə? Қайсы əндi айтайын?” – дедi көздерi күлiмдеп. “Он алты қыз”. “Оны өзiң айт”, – дедi де, күйсандықта ойнай жөнелдi. Абайдың “Айттым сəлем, Қаламқасы” бөлменi жаңғыртып, буын-буынды балқытып барады. Одан кейiн “Қарғаш”, “Назқоңыр”, Мəдидiң “Қаракесегi”. Қырық болса, қырық бiр деп, iзiн ала “Тiлеуқабақ” кеттi. Ерекең арқалана түседi, шамырқана түседi. Неткен ғажап, Абай айтқандай, жұмбақ адам. Қазақтың бақытына жаралған таудай тұлға. Арыстандай айбатты, ақиық қыран.

63

“Қаһарлансам, қамал бұзамын...”

– Ермек Бекмұхамбетұлы, сəлеметсiз бе? – деймiн те-лефон соғып. – Ауру-сырқаудан саусыз ба? Көңiл-күйiңiз жақсы ма?

– Əй, сен қайда жүрсiң? – деп саңқ еттi. – Жоғалып кеттiң ғой!

– Жүрмiз. Өткендегi сұхбатты жаңа жылдан бастап қайта жалғастырамыз деп едiк.

– Есiмде, келе бер.Əдеттегiдей (əйелi жұмыста), үйде өзi екен. Есiктi өзi

ашты. Қимылы нық. Өңi ширақ. Көздерi күлiм қағады. Желсоққышты өшiрдi. Шам жақты. Үйреншiктi орнымызға жайғастық. Маэстро əлдебiр əуенге салып ыңылдайды.

– Құттықтаймын, Ереке! – Не үшiн? Ə, президент сайладық қой. Сол үшiн бе? – Əрине. Даусыңызды кiмге бердiңiз? – Кiмге болсын, Назарбаевқа! Сайлауға көтерiңкi көңiл-

күймен бардық. Оған дейiн түн ұйқымды төрт бөлiп ұзақ ойландым, елдiң жағдайын сараладым, сараптадым. Оппо-зициямыз деп жүргендердiң топшылауын електен өткiздiм. Президент сайлау оңай-оспақ нəрсе емес, бажайлау, тара-зылау лазым. Нұрекеңдi ақыл тоқтатқан ақсақалдардың сүйемелдегенiне тəнтi болдым. Өзiм де солардың бiрiмiн ғой. Қазiр ел тұтқасын ұстайтын Нұрекеңнен лайықты тұлға жоқ. “Жақсының артынан сөз ередi, жаманның артынан бөз ередi” дегендей, сайлауға байланысты неше алуан қисынды да, қисынсыз да сөздер, пiкiр-пайымдаулар айтылып жатыр ғой. Ол заңды құбылыс, басқаша болмайды. Басты нəрсе – халықтың қалауы, көзқарасы. Шүкiр, қазiр көзқарас бiр iзге, бiр қалыпқа түстi.

– Оппозицияны ауызға алып қалдыңыз, айтыңызшы, олар неге жеңiлдi, қай жерден мүлт кеттi деп ойлайсыз?

64

– Бұл жайлы онша бас қатырғым келмейдi, əйтеуiр əң-гiме көп. Таласым жоқ, тəуiр жақтары бар да шығар, тит-тей төмендетпеймiн. Бiрақ нақты жағдай, болмыспен санаспауға тағы болмайды. Менiңше, қазiргi оппозицияның мүмкiндiгi қораш, өз басым олар елдi ұшпаққа шығарады дегенге иланбаймын, сенiмiм аз. Əуелi ширасын, жетiлсiн, дəлелдесiн, өздерiн көрсетсiн. Кiмнiң кiм екенi шың басы-на шыққанда бiлiнедi. Анау билiкке қып-қызыл дау-дамай, ызғын-шу, ұрыс-керiспен жеткен Ющенко, Саакашвили, Ба-киевтердей “көсемдерден” сақтасын... Бiздегiлер асықпасын, аптықпасын, олардың көшелерiнде де той болатын сəтке ақыл-парасатпен жетсiн. Сонда оларға да ақ бата беретiн кез келуi ықтимал.Лезде өңi-түсi бозарып, сұрлана қалған Ерекең бiрауық

үнсiз отырды. Қабағы қату, басын (жайлап) оңды-солды шайқайды. Қас пен көздiң арасында қандай шыбын шағып алғаны белгiсiз. Iзiнше түйткiлдi өзi шешiп: “Бүгiн саған айтсам ба деген екi қуанышым бар едi. Ананы сұрап, мына-ны сұрап, миымның əңкi-тəңкiсiн шығардың”, – дедi аузын бұртитып.

– Ғафу өтiнемiн.– Жо-жоқ, орынды, ренжiме. Өткен сұхбаттарда Нұрекең

туралы бiраз ойымды айтқан соң, ендi қайта сайлағанда қалай үндемеймiн? Əлгi екi қуанышымның бiреуi сол.

– Екiншi қуанышыңыз не, онда соны айтыңыз.– Өзiң бiлесiң, өткен жаздың соңы мен күздiң алғашқы

айларында бiраз гастрольдiк сапарларға шықтым. Омбы, Қызылжар, Көкшетау... одан Ақтөбе. Астанаға бiр-екi қай та-ра бардым. Алматыда да күнде жиын, күнде той. Президент сайлауы қарсаңындағы концерт, кездесулерге қатыс қа ным өзiн ше. Солардың салдарынан ба, ара-тұра шiкiрттенiп те қа лып жүрдiм. Таяуда зайыбым Альфиямен бiрге Астанада өт кен Күлəш Байсейiтова атындағы əншiлер байқауына ба-рып қайттық. Мен оған көп жылдан берi төрағамын, Альфия жа уап ты хатшы. Барлық құжатты қаттап, реттеп, жөнге сала-тын сол. Бұл жолғы байқау бұрынғылардан жақсы өттi, көп-те ген дарын иелерiнiң көзiн аштық. Бiлiктi, сауатты, əлем нiң кез келген түкпiрiнде өздерiн биiк деңгейде көрсете алатын кə сi би əншiлер қатары толығып келе жатқанына мар қай дым,

65

масаттандым, кейбiр күдiк-күмəндар сейiлгендей болды. Жүлделi орындардың денi алматылықтарға бұйырды. Гран При сыйлығын алған Дина Хамзина қызымыз, менiңше, алысқа шапқалы тұр. Болашақта жер жүзiнде Қазақстан десе, Динаның аты-жөнi қоса атала ма деген үмiт басым. Бi рiн шi орынды иеленген Жан Тапин деген жiгiт те жүз-ден озған жүйрiк ретiнде көрiндi. Ал ендi түркiстандық əй-бəт əншi Оразкүл Есiмбекқызы Дəулетоваға – екiншi орын алса да – жан-тəнiммен риза болдым. Алматы, Астана ғана емес, алыс елдi мекендерiмiзде де сондай дарындар бары-на қуандым. Мен, өзiң бiлесiң, анау-мынауға елп етiп, оңай иi ле тiн кiсiң емеспiн. Жастар жан дүниемдi баурап, кө ңi лiм сенген соң айтып отырмын. Екiншi қуанышым сол. Қа лай, арзи ма, жоқ па?

– Ойбай-ау, сiздей ғұламаның қаңтардың аязындай қа-тал сынына төтеп берген өскiндерге бiз не айтайық. Ал-дарынан жарылқасын.

– Үшiншi қуанышым да бар. Қырық болса, қырық бiр болсын деп, соны да айтайын. Сендер бiлесiңдер ме, жоқ па, өткен жылғы қазан айының 7 мен 9 күндерi қазiр шетел-дерде жүрген бiр топ қазақ өнерпазы туған топыраққа келiп, Алматы мен Астана қалаларында “Шығыста бүр жарып, Батыста шешек атқан” деген девизбен батысқазақстандық филармонияның оркестрiмен бiрге өнер көрсеттi. Iштерiнде Америкада тұратын өзiмнiң ұлым Алмас та бар.

Əлгi батысқазақстандық оркестрдiң жанашыры қазiр Англияда тұратын М.Бисенғалиев. Əне, “Отанымыздағы концерттер” деп аталатын сол шерудiң де жөнi бөлек бол-ды. Бiрегей скрипкашы М.Бисенғалиевтан бастап, əншiлер Э.Құрманғалиев, М.Мұхамедқызы, бишi С.Рахмедова, ди-рижер А.Торыбаев, пианист Т.Ержановтарға көрсетiлген көрермендер құрметiнен көзге жас алардай күй кештiк. Көбi менiң Алмасымның шығармаларын орындады. Оның үстiне, шетелдерден бiрге келген қандас əрiптестерi Алмасты мақтап, жылы ықыластарын бiлдiрiп жатты. Оған бəрекелде. Алмастың екiнiң бiрi, егiздiң сыңары емесiн өзiм де бiлемiн. Қайсы күнi түннiң бiр уағында Нью-Йорктен – шамасы, сон-да командировкада жүрген болса керек – анау əлгi өзiмiздiң Мəдениет министрi болған iнiмiз Дүйсен Қасейiнов теле-

66

фон соғады. “Ереке, солай да солай, жаңа ғана Нью-Йорктiң симфониялық оркестрi Алмастың фортепиано үшiн жазған концертiн орындады. Қазiр содан шығып тұрмын, халық көп жиналды, концерт тамаша өттi, құттықтаймын”, – дейдi. “Дирижерi кiм?” – дегенiме, америкалық атақты бiреудi айтты, аты-жөнi есiмде жоқ, үшiншi қуанышым осы. Туған ұлыңның туындылары өз отандастары, онан соң əлем жұртшылығының кəдесiне жарап жатса, қуануға болатын шығар деймiн, қалай ойлайсың?

– Құтты болсын. Жақында скрипкашы Жəмилə қызыңыз “Қазақстанның еңбек сiңiрген қайраткерi” атанды. Ол да құтты болсын.

– А, иə, рақмет. Жəмилə туған iнiм, Қазақстанның халық артисi Мұраттың перзентi ғой, бiрақ менiң де қызым. Фа-милиямыз бiр. Iншалла, ол да Серкебаевтар əулетiнiң бiр жұлдызына айналып келедi, ұлтжандылығы қандай. Тала-бына нұр жауа берсiн. Жəмилəнi көбiне əжесi (менiң анам) тəрбиелеген болатын.

– Мұраттың əйелi қазақ па?– Бiз өзi əкемнен бастап барлығымыз интернационалдық

отбасы болдық қой. Мұраттың үйiндегi келiнiм белорус қызы. Жақында, теледидардан көрген де шығарсың, Мұрат басқаратын оркестрмен өзiмнiң жас кезiмнен сүйiктi əнiм “...небо синеенi” орындадым. Менен кейiн Жəмилə скрипкада ойнады.

– Ереке, əлгiде өзiңiз айтқан “Шығыста бүр жарып, Ба-тыста шешек атқан” қазақ жастарына қатысты тағы да бiрер сұрақ келiп тұр көкейге. Өткендегi əңгiмелерiмiзде қазақ халқы əлемге əдебиет пен өнер арқылы танылуы тиiс, соңымыздан ерген жеткiншектер бар, алда не күтсек те солардан күтемiз дегендей пiкiр айтып едiңiз. “Бiз болмасақ сiз барсыз, үмiт еткен шырағым” деп Ыбы-рай Алтынсарин айтқандай, сол жастардың iшiнде сенiмнен шыға бастағандары бар ма?

– Əзiрге бiрдеңе деуге ерте. Оларды бiр-бiрiнен бөле жа-ратындай ерекшелiктi байқадым дей алмаймын. Əйтеуiр, шеттерiнен дарынды екенi даусыз. Егер “асыл пышақтың қап түбiнде жатпайтыны” шын болса, бiрi болмаса бiрi əлi-ақ шырқау шыңға шығып қалуы ғажап емес. Уақыт көрсетедi.

67

– Ендеше, мынаны айтыңызшы. Орыс тiлдi газет-тердiң бiрi сол жұлдыздарға елдi сағынасыңдар ма, қашан ораласыңдар деген сауал қойыпты. Оған М.Мұхамедқызы: “Қайда шақырса, сонда барып əн саламын”, Т.Ержанов: “Қазақстанның азаматы емеспiн”, Э.Құрманғалиев: “Мен қазақпын, бiттi”, А.Торыбаев: “Шақырса келемiн”, С.Рахмедова: “Қай қиырда жүрсем де өзiмдi қазақпын деп сезiнемiн”, ал сiздiң ұлыңыз Алмас: “Ниеттерi ақ бол-са, бiрiншi шақырғанда-ақ оралуға əзiрмiн”, – деп жауап қайырыпты. Осы пiкiрлерге қалай қарайсыз?

– Қалай қараймын, дұрыс қараймын. Өзiң ойлашы, əрқайсысы əр елде жүрген сол қыз-жiгiттердiң бiр-бiрiн iздеп тауып, атамекенге ат басын бұрулары ғажап емес пе? Байқауымша, сен оларды қара бастың қамы үшiн мұхит асқандар қатарына қосқың келетiн сияқты. Дұрыс емес. Туған елдiң кiм-кiмдi де магниттей тартып тұратын киесi болады. Ол ешкiмдi де жiбермейдi. Əне, өздерi де айтып-ты ғой бiрауыздан “келемiз” деп. Қазақтық қаны болмаса, Англияда тұратын М.Бисенғалиев Оралға келiп оркестр ұйымдастыра ма? Австрияда оқитын Алан Бөрiбаевты Астанадағы симфониялық оркестрдiң бас дирижерi болды деп өздерiң жазғансыңдар.. Ал анау Темiржан Ержановтың “Қазақстанның азаматы емеспiн” дегенiне шамданатын дəнеңе жоқ. Мен бiлемiн, ол шынында да бiздiң елдiң аза-маты емес, Мəскеуде туып-өскен. Əлде, шетелде тұратын миллиондаған қандастарымыздың бəрi Қазақстан азаматы ма? Қайта Темiржанның үйiрiн тауып, ата тегiн ұмытпай, қастерлеп жүргенiне бəрекелде. Алмасқа келсем, “өйт, бүйт” демеймiн, өзi бiледi.

– Рақмет, Ереке! Келесi сұрақ. Достарыңыз бар ма, көп пе, кiмдер? Жалпы, дос дегендi қалай түсiнесiз?

– Бiз сенiмен өмiрiмде iз қалдырған қымбат та аяулы адамдардың барлығы жөнiнде – осы əңгiмемiз бiткенше – есiме түскендердi айта беремiн деп келiскенбiз. Бiр айтқанды екi айтып, қайта күйсеместен, əлбетте. Қазiр қатты сезiнетiн бiр нəрсе, адам қартайғанда бала болады деген рас па деп қалдым. Орыстар “стар и млад одинаковы” дейдi. Достардың бəрiнен дерлiк айырылып бiттiм десем болады. Бала кезде – мектепте бiрге оқыған – Сəбит деген досым бар едi. Сол

68

екеумiздiң жүрген-тұрған, қисық-қыңыр қылықтарымыз еске түскенде көңiлiм босайды. Өзiмдi жалғыз сезiнемiн.

Ал ендi, бауырым, дос дегендi əркiм өзiнше түсiнетiнiн менсiз де шамалайсың ғой. Мағынасы терең, күрмегi күр-делi философиялық ұғым. Мен саған бiр тəмсiл айтайын, бəлкiм, содан бiрдеңе ұғарсың. Ертеректе Н.Завадский деген Мəскеулiк көрнектi режиссер болды. Атақ-даңқы одан да биiк Галина Уланова деген бишi болды. Олардың арасындағы аңызға бергiсiз махаббат хикаясы жұрттың бə -рiне бес саусақтай мəлiм-тiн. Əне, соларды жастары ұл-ғай ған шақтарында бiр көргенiм есiмде. Завадскийдi жа-қы ны рақ танитынмын да, Уланованы сырттай бiлетiнмiн. Үшеу мiз жолыққан сəтте Завадский Улановаға соншалық нəзiк сезiммен елжiрей қарап: “Друг мой! Я хочу познако-мить вас с великолепным певцом из Алматы Ермеком Серке-баевым”, – дедi оған “сiз” деп сөйлеп. Сол-ақ екен, жанары сөне бастаған көздерiнде кiлт жарқыл пайда болған Улано-ва маған қарай кiлт бұрылып: “Солай ма? Өте тамаша. Ай-ты ңыз шы, қымбаттым, пəлен қыраттың үстiндегi пəлен үй орнында ма, бұзылған жоқ па?” – деп жiк-жапар болсын, со ғыс жылдары Алматыда тұрғанын меңзеп. Бiр ол емес, сол бiр қиын шақтарда Алматыға ұлы кинорежиссер С.Эй-зен штейн, М.Рошаль, ұлы актер Н.Черкасов, белгiлi жазушы А.Толстойдан бастап көптеген Мəскеулiк əдебиет, өнер қай-рат кер ле рi уақытша көшiп келген-дi. Iштерiнде Г.Уланова да болатын, əрине. Басқалар бiрнеше отбасы боп бiр үй, тiптi бiр подвалды (онда көптеген жеке меншiк, барақ үйлердiң асты толы пəтерге лайықталған подвал болатын) мекендесе, Г.Ула но ва ға жеке ғимарат берiптi. Айтып тұрғаны сол.

– Ой, ол үй орнында, бұзылған жоқ, бұзбайды да. Көрген сайын сiздi еске аламыз, – деп жатырмын.

– Байқап отырсың ба, Н.Завадскийдiң сол жолғы Улановаға “друг мой” деп сөйлегенiн. Бiле бiлгенге, шын пейiлден зор iзеттiлiкпен айтылған сол сөзде қаншама құрмет, нəзiк сезiм, терең астар жатыр. “Дос” дегеннiң осындай ма құдыретi бо-лады.

Ал ендi осы жасыма дейiн менде дос болды ма, болды əрине. Олардың iшiндегi бiр де бiрегейi – жас арамызда едəуiр алшақтық болғанмен – Шəкен Айманов едi. Маңдайға

69

сыймай кеттi ғой. Ойлағанда əлi күнге дейiн сай сүйегiм сырқырайды.

Онан соңғы бiр досым ұзақ жыл опера театрында ди-рижер болған Халық артисi Тұрғыт Османовпен жұбымыз жазылмайтын. Бiрге жүрiп, бiрге тұрдық, арамыздан қыл өтпейтiн. Ол да кеттi бақиға. Мүсiлiм Абдуллин де кеттi.

Қазiр қуаныштан жабырқау басым, құлазу жиi. Мұ-ны дұрыс ұғын. Шүкiрлiк ететiн жайлар да жетедi. Тал-дықорғандағы – əкемнiң бiрiншi əйелiнен туған – Ғалия апам жиi хабарласып, хал-жайымды сұрап тұрады. Таяуда осындағы органда iстейтiн полковник қызының үйiнде бас қосып, арқа-жарқа болдық. Қыз деген мейiрiмдi ғой, Ғалия апам менi əлi күнге сол баяғыша басымнан сыйпап аялай-ды, еркелетедi (сексендегi шалдың қалай еркелейтiнiп көз алдыңа елестете бер, ха-ха-ха!). Бұл да болса зор медеу, сүйенiш. Өзiм ешкiмдi онша көп iздемеймiн, бара бермеймiн, елпiлдеп-желпiлдеуге жоқпын. Туабiттi мiнезiм солай болса, қайтейiн. Бiрақ жаным жұмсақ.

– Ермек Бекмұхамбетұлы, ендi өткендегi кейiн жауап беремiн деген сұракқа келсек.

– Есiмде жоқ. Ол не сұрақ? – Бiр сөзiңiзде осы жасыма дейiн төрт рет үйлендiм,

төрт əйелiмнiң əрқайсысымен өзiмiзше бақытты ғұмыр кештiм дегенсiз. Сол некелi əйелдерiңiз хақында егжей-тегжейлi баяндасаңыз қайтедi? Олардан қанша пер-зент көрдiңiз? Балаларыңыз қанша, iштерiнде сiздiң жолыңызды қуғандары бар ма? Олар қазiр қайда, не iстейдi? Барлығы да алыс, жақын шетелдерде тұрады деген рас па?

О, тоба! Аяқ астынан нiлдей бұзылған Ерекең жиырыла қабағын түйiп: “Олардың не керегi бар, iшкi мəселеге арала-сып қайтесiң, түк те айтпаймын”, – деп шарт кетсiн. “Сiздей тұлғаның iшкi болсын, сыртқы болсын, өмiр иiрiмдерi қалың оқырманға, қала бердi өзiңiзге керек, мен үшiн қажетi аз” дегiм келiп бiр тұрдым да, тiлiмдi тiстеп, үнiмдi жұттым. “Айтпасаңыз айтпаңыз, – дедiм сəлден соң. – Кейбiреуi тура-лы айтып қойғансыз, жазылған да. Мəселен, бiрiншi əйелiңiз жөнiнде. Ең болмаса, соларды толықтырмайсыз ба? Жұрт барлығын өз аузыңыздан бiлгенi дұрыс емес пе?”

70

Сол-ақ екен, айтуы да, қайтуы да тез жарықтық: “Ə, мейлi, айтсам айтайын, – десiн бiрден шөлден көлге айна-лып. – Бiрiншi жаным қалап үйленген əйелiм Тамара Ефи-мовна. Мамандығы химик болатын, химия институтында iстеген, мəдениеттi, тəрбиелi жан едi. Одан Алмас, Байғали деген екi ұлымыз болды”.

– Сөзiңiз аузыңызда, не үшiн ажырастыңыздар? – Не үшiн болсын, дəм-тұзымыз жараспады да.– Соны былай тарқатыңқырап айтсаңыз қайтедi?– Əй, өзiң бiр сүлiктей жабысқан неме екенсiң. Айтқыз-

басты айтқызатын болдың ақыры. Сiрə, жастықтың əсерi болу керек, əйтеуiр көрiне жолдан таю, көрсеқызарлық не ке ңестiк жүйенiң тiлiмен айтсақ, моральдық азғындау емес, мен бiр əйелге өлiп-өшiп ғашық болдым, бiлдiң бе? Бала-ша ғалы екенiме қарамастан, жан-тəнiммен сүйдiм. Ол бар жерде өмiр құлпырып, жоқ болса, қараңғы қапасқа айнала-ды. Көбiне үйге қонбай, түзде болуым жиi. Соны Тамара да сезiп жүрдi, бiрақ сыр бiлдiрмейтiн. Оған да, маған да қиын. Ақыры жаңадан тапқан жан қалауыма бiржола кетуге бел бу-дым. Киiм-кешегiмдi арқаладым да, үй-жай, дүние-мүлiктiң бəрiн қалдырып, соқа басым шығып жүре бердiм. Қайтейiн, тағдыр солай екен, өзiмдi тежеуге, тоқтатуға əл-дəрменiм жетпедi.

– Əйелiңiз сотқа жүгiнiп, дау-жанжал шығарған жоқ па?

– Ойбай-ау, айтып отырған жоқпын ба бəрiн соған таста-дым деп. Не деп жүгiнедi сотқа?! Өз басым кейбiреулердей қазан-табақ, көйлек-көншекке таласып, ит-ыржың болуды жек көремiн. Сол үшiн соттасатындарға түсiнбеймiн. Пəленi бастадың ба, мойныңмен көтер. Некеден ажырау басқа əңгiме.

– Iргелерiңiз бөлiнген соң балалар кiммен қалды, оларға көмектесiп тұрдыңыз ба?

– Балалар анасымен қалды. Көмектеспей не көрiнiптi, көмектестiм, əрине. Тамара қайтқан соң да балаларды же-тiмсiреткен жоқпын.

– Бiрiншi əйелiңiз қашан, неден қайтыс болды? Ауырды ма?

71

– Ой, одан берi не заман. Əлдебiр қиын дерттен айыға ал-мады ғой. Жерлегенде басы-қасында боп, топырақ салдым, рухынан кешiрiм өтiндiм.

– Сiздi отбасыңыздан ажыратып, есiңiзден танды-ра ғашық еткен əйел кiм? Елден-ерек сұлулығына қы-зықтыңыз ба, əлде ақылы асқан данагөй ме едi?

– Бiрiншiден, отбасымнан ажыратқан ешкiм емес, өзiм-мiн. Екiншiден, мəселе сұлулықта емес, “сұлу сұлу емес, сүйген сұлу” демей ме? Үшiншiден, көркiне ақылы сай бол-маса, жолап нем бар? Күйдiрiп-жандырған ғашығымның аты-жөнi – кейiн екiншi əйелiм болған – Лидия Сергеев-на. Қазiр Америкада тұратын қызым Иринаның анасы. Мамандығы педагог болатын. Жоғары жəне орта дəрежелi оқу орындары министрлiгiнде инспектор боп iстедi. Кеше ескi фотосуреттердi қарап отырып, Лидияның бейнесiне ұзақ үңiлдiм. Жан-дүнием толқып, жүрегiм шымырлады. Қарғашым едi ғой, аяулым, асылым. Дəм-тұзымыз келiспедi, жазмыш шығар.

– Лидиямен неге ажырастыңыз?– Оны айтпаймын, əуре болма.– Үшiншi зайыбыңыз кiм едi? Одан неге ажырастыңыз?– Оның есiмi Раушан, ештеңе бiтiрмеген, үй шаруасындағы

адам болатын. Перзент көргемiз жоқ. Үйлендiк, ажырастық. Жаман тұрдық дей алмаймын. Басқадай қосып-аларым жоқ, бiттi.

Сұрамасаң да айтайын, бəрiбiр сұрайсың ғой, өзiң көрiп жүрген төртiншi əйелiм Альфия ақылды, нəзiк, сезiмтал, қонақжай, жаным сүйетiн ардағым. Бiлiмдi, сауатты. Консерваторияның хор дирижерлiгi факультетiн бiтiрген, қазiр опера театрында, басқа салада iстейдi.

– Ендеше, балаларыңызға келейiк. Қанша балаңыз бар, не бiтiрдi, iштерiнде сiздiң iзiңiздi қуғандары бар ма? Немерелерiңiз қанша? Қазiр қайда тұрады дегендей.

– Үш перзент сүйдiм. Алғашқы əйелiмнен көрген Алмас пен Байғали əке жолына түсiп опера əншiсi болмағанмен, екеуi де музыкалық бiлiм алды. Қазiр Американың Бостон қаласындағы балетте (солай аталады) iстейтiн Алмастың мамандығы пианист, композитор ретiнде де танымал. Класси калық бағыттағы шығармалары əсiресе батыстық ел-

72

дерде жиi орындалады. Бiр қуанарлығы, шығармаларының ұлттық нақышы мен қазақы бояуы қанық деседi айтушылар (өзiм де байқаймын). Шетелдердегi қазақ музыканттарының денi Алмастың шығармаларын орындауға бейiл, шеттерiнен мақтайды.

Алмас Америкаға 1999 жылы кеттi. Алғашқыда əлқи-сас сын фортепианодан бастап, ептеп музыкатанумен де айналысқан-ды. Үйленген. Келiнiмнiң ұлты орыс. Анастасия деген қызы, (есiмiн менiң келiскен-келiспегенiме қарамастан қойған) Ермек атты ұлдары бар.

Мəскеуде тұратын екiншi ұлым Байғали сондағы “А сту-дио” ұжымының жетекшiсi. Байғали Күлəш Байсейiтова атындағы музыка мектебiн, одан соң консерваторияны бiтiрген. Оның да мамандығы пианист. Кəмилə, Сана дейтiн қыздары бар. Раушан келiнiм қарапайым қазақ қызы. Сəтбек, Сұлу есiмдi құда-құдағиым бар, осында тұрады.

– Ирина ше? Қайда, не iстейдi, тұрмыс құрды ма?– Ол менiң Лидия Сергеевнадан көрген перiштем ғой,

айналайын. Əке үшiн қыз деген тəттi болады екен. Ири-на Мəскеу университетiн бiтiрген. Белгiлi жазушы Са-пар Байжановтың Ерлан деген ұлымен тұрмыс құрған едi, əлденеден ажырасып кеттi. Бiрақ Дидар атты ұлдарын бiрге тəрбиелеп, қарым-қатынастарын үзбейдi. Ирина қазiр Америкадағы аса құзырлы саналатын мүгедектер пансио-натында iстейдi. Алмас ағасымен араласып тұрады. Дидар немерем де сонда, сауда флотында оқиды, бұйырса, кеме ка-питаны болатын шығар.

Ал Сапар құдам бүгiнде бақилық. Күлəш құдағиым зей-нетке шықса да, жұмыс iстейдi деп естимiн. Айтқандай, кеше Сапарды еске алу мəзiрiне қатыстым.

– Əсiресе, қыз-келiншектердiң сiздiң көрiктi де көркем келбетiңiз бен ерекше əншiлiгiңiздi меңзеп “бiр басына құдай бəрiн үйiп-төгiп бере салған” дейтiнiн талай естiдiк, куə болдық. Ендеше, үй сыртында да нақсүйерлерiңiз аз болмаған шығар? Қалай дейсiз? Бармақ басты, көз қысты махаббат дастандарыңыз жайлы айтарыңыз бар ма?

– Сен, бауырым, менiмен кездескелi берi осы сұрақты тi келей де, жанамалап та қоюдай қойып келесiң. Алғаш ға шық болған қызыңыз болды ма дедiң, айттым. Сiзге ға-

73

шық болған қыз-келiншектер болды ма, олардың сезiмiне сезiммен жауап бердiңiз бе дедiң, айттым. Жас кездегi кө-ңiлдес болған кейбiр бикештердiң аттарын да атадым. Ендi неғыл дейсiң? Тамара Ефимовнаның көзi тiрiсiнде – құпия түрде басталып – (Лидия Сергеевнаға) үйленумен аяқталған күйдiм-пiстiм ахуалдан басқа кейiн менде атын атап, түсiн түстеп айта қоятындай махаббат романы болған емес. Болса, жасырып қайтемiн, қорқамын ба? Шамасы, сендер батыстық жұлдыздар емiн-еркiн сiлтей беретiн ғашық-машықтыққа естерiң кете елтiп, менен де сондай бiрдеңе-шiрдеңенi дə-метесiңдер-ау деймiн. Əлбетте, бəрiмiз де басы жұмыр пен-демiз, бəлкiм, арғы-бергiде кездейсоқ көз түйiскен арулар мен қас қағымдық ыстық сəттер болса болған шығар. Оларды сөз етiп керегi не? Ешкiмнiң аты-жөнi де есте жоқ. Егер көкейiңдi тесiп отырған – мен жоғарыда атаған – Уланова мен Завадскийдiң ұзақ жылдық құпия махаббатына ұқсас хи каят болса, иегiң қышымай-ақ қойсын. Жоқ, жоқ, тағы да жоқ. Бiз қалай дегенде де, отбасына адал болу керек дейтiн кеңестiк идеалды берiк ұстандық, бауырым. Сол есiңде бол-сын.

– Түсiнiктi, Ереке! Кешегi кеңес кезiнде қазақ музы-ка өнерi айтарлықтай өстi, дамыды. Өзiңiздей əншiлер шықты. Музыкалық сауаты бар композиторлар пайда болды. Олардың шығармаларын бiрнеше буын өкiлдерi тыңдап, шырқап, патриоттық, ұлттық тəлiм-тəрбие, рухани нəр алды. Бүгiнде көбi орындалмайды, авторла-ры аталмайды. Жазықтары не сонда? Кеңестiк қоғам, социалистiк үрдiс, компартияны əздектегенi ме? Мəтiнi болмаса да, жүз толғатып, мың ойланудан туындаған музыкалық жəдiгерлiктер мəңгi сақталуы үшiн не iстеу керек? Қазiр қайта жаңғыртылып жатқан алтын қорға солар қосылар ма екен? Ғұмырынша өнерге қызмет еттiк, соңымызға өлмейтiн-өшпейтiн үлес, мұра қалдырдық деп бақиға аттанған тұлғаларға обал емес пе? Рас, сiздiң қолыңызда тұрған пəрмен жоқ. Сонда да... Жаныңыз ау-ыра ма?

– Түсiнемiн. Жаным неге ауырмайды, жаным түгiл, жүрегiм де ауырады. Мiне, сен ескi жараның бетiн тырнап, тағы да ауыртып отырсың. Бiрақ өзiң айтқандай, бұл жөнiнен мен-

74

де қазiр не қайран бар. Ойланса, анау мəдениеттiң тұтқасын ұстап, өнерге қорған боп жүрмiз дейтiн əкiмдер ойлансын. Солар өздерi Т.Жүргенов, I.Омаров, Ө.Жəнiбековтердiң iстегенiн iстемек тұрмақ, аты-жөндерiн бiлер ме екен?

Əлде, кеңестiк кезеңдегi көл-көсiр музыкалық туынды-ларды мұртын бұзбай сақтау үшiн социализмге қарай керi шегiнемiз бе? Олай болмайды ғой. Сен кеңес дəуiрiндегi қазақ композиторларын айтсаң, осы күнде сол замандағы ұлылардың ұлысы Исаак Осипович Дунаевский бастаған алыптардың өзi назардан тыс қалып тұрған жоқ па? Айтшы, қазiр Шостакович, Пахмутова, Соловьев-Седой, Островский, Блантер, Бабаджанян, Хачатурян т.б. кiм бiлiп, кiм ескерiп жатыр? Қаншама құлақтан кiрiп, бойды алатын жеңiл му-зыкасы бар Дунаевскийдiң “Капитан Гранттың балалары” фильмiне жазған музыкасы қандай едi, шiркiн. (Осы арада көзi жасаураған Ерекең аталмыш фильмнен бiр-екi əндi айтып жiбердi). “Широка страна моя роднаясы” ше?! Мен оны Чайковскиймен қатар қоямын.

Өзiмiзге келсек, егер қазақтың халық əндерi өлмесе, бiрiншiден, өз əндерi ұмытылса да, бiрақ Брусиловский өлмейдi, соны бiлiп қой. Ахмет, Мұқан да солай. Ахмет демекшi, “Абай” операсының афишасына амалсыз жазыла-тыны болмаса, қайран Ахмет Жұбановтың аты да аталмай-тын боп барады емес пе? Не еске алу кешi, не байқау, жарыс, жүлде өтпейдi. Бiрнеше бөлiмнен тұратын “Тəжiк билерi” нелiктен насихатталмайтынына таңмын. Ол деген классика ғой. Ахаң марқұм сол үшiн Тəжiкстан ғылым академиясына толық мүше боп сайланбап па едi?

Қой, айта берсе сөз көп, ренiш-нала көп. Менiңше, кеңес дəуiрiндегi қазақ композиторларының, ең болмаса, лирикалық сарындағы шығармаларын жиi-жиi насихаттағаннан ұтпасақ, ұтылмаймыз. Жақында, ұмытпасам, сондай бiр кеш өттi-ау деймiн. Шақырса барар ма едiм, кiм бiлсiн, шақырған жоқ. Бiрақ соны ұйымдастырған азаматтарға алғысым үлкен.

Менiң ұстанымым: темiрқазық, тамыр мықты болсын. Əне, анау Иосиф Кобзон, Лев Лещенколар Алматыға келген сайын зал толы көрерменге қасқия қарап тұрып: “Сендер-де Ермек Серкебаев деген əншi бар, бiлесiңдер ме?” – дейдi.

75

Тамырдың мықтылығы деген сол емес пе? Бəрiне төрешi уақыт. Орнына қояр, не қоймас, бiрақ үмiтсiз сайтан.

– Елiмiз тəуелсiздiк алған тұстарда тозығы жетiп, ұсқыны қашқан опера театрының есiгi ұзақ жыл кiлттенiп, өнер сүйер қауым оны бiржола жабылып, құрдымға кете ме деп дағдарды. Абырой болғанда, қайта қалпына келтiретiн мүмкiндiк табылып аман қалды. Сол кездерде сiзге де оңай тимеген шығар, қандай күй кештiңiз?

– Ау, бүкiл өмiрi сол театрда өткен адам қандай күй кешушi едi, жүрдiк қой ашық күнде төбемiзге жай түскендей “а, құдайлап”. Жалпы, театрдың жыры одан көп бұрын басталған-ды. Сахнасы салдырлап, еденi шiрiп, қабырғасы қаусаған ғимарат жөнiнде Қонаевқа барып: “Димеке, те-атрды күрделi жөндеуден өткiзбесе болмайды, нобайын жаңалау керек”, – деп дабыл қаққанмын. Ол: “Қарсы емеспiн, жаңа жоба бар ма, болса көрсет”, – дедi. Мен: “Архитектор емеспiн, қалай көрсетемiн, менiкi ұсыныс қой”, – дедiм. “Бiр амалын жасармыз”, – деген Димекең кейiн ұмытып кеттi ме, басқадай себеп болды ма, оң нəтиже шықпай, ақыры жабы-лып тынды ғой. Күн көрiсi қиындаған артистер бiрi ойға, бiрi қырға кетiп, базбiреулерi барған жақтарында қалып та қойды. Театрдың iшi-сырты сауда дүңгiршектерiне то-лып кеткен шақтағы ахуалымды сен сұрама, мен айтпайын. Шүкiр, бəрi артта, соған тəубе етемiн.

– Өткендегi бiр сөзiңiзде Италиядағы опера театрының төменгi қабатынан ресторан көрдiм деп едiңiз.

– Түсiндiм. Бiзге де керек пе демексiң ғой. Оларда ре-сторан болса, жоқшылықтан емес, баршылықтан. Өйткенi, ол Италия. Бiз Италия емеспiз. Италияда өнердiң қай сала-сы болмасын, күштi дамыған. Əсiресе опера. Барлығының байырғы дəстүрi, тарихы бар. Бiз үйренушiмiз. Əлбетте, үй-ре не алсақ. Сонау жылдары Қонаев пен Имашев Жамбыл облы сын да ғы əлдебiр шаруаның баласын айтулы əншi бола ма деп Италияға жiбердi. Қамқорлықтарын аямай, барлық жағ дай ды жасады. Əттең, не керек, ол жiгiт үмiттi ақ та ма ды, ақ тай алмады. Мəскеуде бiр жолыққанымызда Димекең “сол баладан көңiлiм қалыңқырап жүр” деп едi, айтқаны айдай келдi. Ол кiм деп сұрама, аты-жөнiнде тұрған ештеңе жоқ,

76

былтыр ма екен, марқұм боп кеттi. Сөзiмiз ауыр болмасын, жұрт бiлетiн жай болған соң айтып жатқаным да.

Бiрақ сен осы сұрағыңмен есiме қай-қайдағыны түсiрiп отырсың. Италияда арғы-бергi замандарда небiр күмiс көмей, майталман əншiлерi көп болған. Қазiр де жетедi. Мысалы, бiрiнен бiрi өтетiн Паваротти, Доминго, Карарестi алайық. Үшеуi бiрiгiп (трио) те, жекелей де шырқайды. Маған бiр өзi мың əншiнi жолда қалдыратын теңдесi жоқ тенор Лучано Паваротти көбiрек ұнайды. Əне соған өз орындауымдағы əн, романс, ариялар жазылған компакт-дискiнi қалай жеткiзсем екен деп жүргенде, қайсыбiр жылы құдай жарылқап, үлкен ақынымыз Олжас Сүлейменов Италияға елшi боп бара қалмады ма?! Көп ұзамай Олжасқа “Павароттиге тапсыр” деп қолына компакт-дискiнi ұстаттым. Елшi ақын: “О, бол-ды, сөз жоқ, орындаймын”, – деп алып кеттi.

Алғашында қайдан бiлейiн, өнердi бiр адамдай сый-лайтын, түсiнетiн, бiлетiн, Олжас iнiме сендiм. Ай өттi, жыл өттi, не Олжас, не Павароттиден лəм-мим деген дерек жоқ. Олжас тапсырмады дейiн десем, ол мүмкiн еместей. Павароттидiң қолына тиген жоқ шығар дейiн десем, ол да мүмкiн еместей. Неге десең өзiмнiң топшылауымша, егер ондай iрi тұлға алыстағы қазақ əрiптесiнiң аманатын алған болса, үн қатпауы ақылға сыймайды. Содан анық-қанығын бiлейiн деп сөйлесiп байқасам, айтқандай-ақ, жөн-жобаға жетiк Олжас мырза: “Болады дедiм ғой, болады, жiгiттерге тапсырып қойдым, күтiңiз”, – дейдi.

Осыны естiгенде, саған өтiрiк, маған шын, қатты қапаландым.

– Бəлкiм, содан кейiн табыстаған шығар?!– Жоқ, жоқ! Табыстаса, барлық адрес, телефон нөмiрi

түгел жазылған, құдай бiледi, Павароттиден бiр хабар болар едi. Болған жоқ, демек, алған жоқ. Римге жетiсiмен тындыра салатын шамалы бұйымтайды соншама созбақтап, пəленбай уақыттан кейiн жiгiттерiне “тапсырған” Олжасқа қатты ренжiдiм. Тiптi, Павороттидi елшiлiкке шақырып қолына ұстатса көптiк етер ме едi?! Онда қайта өзiне де, Қазақстанға да абырой болмас па едi?!

Əйтсе де, сен дұрыс айтасың, Олжасқа ескерту жасаған соң, басында мен де солай ойлап, Павароттиге тапсырған да

77

болар, бiлмей жүрген шығармын, онда құдай кешiрсiн, Ол-жастан ғафу өтiнермiн деп көп уақыт əрi-сəрi күйде жүрдiм. Бiрақ олай болмады. Бiлдiм Олжаспен ойда жоқта аэропорт-та жолыққанда.

Мұны сəл əрiден бастайын. Мен саған Астанада жыл сай-ын өтетiн Күлəш Байсейiтова атындағы байқауға тұрақты төраға екенiмдi айттым, ə? Əне, сондай кезектi байқаудың бiрiнде Тамара Өтеғалиева деген қыз Гран При бас жүлдесiн жеңiп алды. Бұл дарындылардың дарындысына бұйыратын мəртебе. Тамара ендi əрi қарай Италияға барып оқимын деп қиғылық салды. Өзiнiң тұрмыс халi онша емес пе, қайдам, бағын сынасын, меселi қайтпасын деп, жолына билет алып бердiм. Содан ол Римге аттанды. Жат жер, бейтаныс қала. Бiраз машақат көрiп, қиналса керек. Бiрде суықтан пана iздеген торғай құсап, Италиядағы қазақ елшiлiгiне барыпты. Ондағылар не iстеген? Қазақстандықпын, қазақпын дегенiне iш тартып елең ете қоймапты. Соны естiгенде қаршадай қызға жылылық, мейiрiм-шапқат, ыстық ықылас көрсетпегендердi қалай? Бұлары қалай деп ойладым. Сен бiлiп қой, мен қанша кiшiпейiл болғанмен, керек кезде қызған темiрдей қарып түсетiн қаһарлы адаммын. Қажет болса, қамал бұзамын. Қаһарыма ешкiм кезiкпесiн. Қажет пе, айта берейiн бе?

– Айтыңыз, айта берiңiз, Ереке!– Неге тартынады екенмiн. Тартынбаймын. Бiр жолы

аэропортқа барсам, кiрсе шыққысыз бөлмеде – бəрi жина-лып бiр жаққа ұша ма, немене, iштерiнде Ақмарал Арыстан-бекова бар – кiл қазақстандық елшiлер қатар түзеп, қаздиып отыр. Қол қусырып, бас иетiн мен емес. Сəлем де бермей, сəлем де алмай, тура Олжас Сүлейменовтың алдына бардым да:

– Сен не iстеп жүрсiң, а? – дедiм терiме сыймай. – Елшiлiкке елжiреп барған қазақ қызына неге көмек қолын ұсынбадыңыздар? Қызметкерлерiңе неге ескертiп қоймайсың? Кiмдi айтқанымды бiлiп тұрсың ба? Бiлесiң!.

Айттым да, келген iзiммен керi бұрылып кете бардым. Былай шыққасын да қалтырап-дiрiлдеп, өз-өзiме келе алма-дым.

– Олжас қалай қабылдады? Бiрдеңе дедi ме?– Не десiн, сұп-сұр боп отырды да қалды.

– Басқа елшiлер ше? Арағайындық бiлдiргендер болған жоқ па?

– Мен айтарымды Олжасқа айттым. Басқалардың ша та ғы қанша? Бiреуi құқ еткен жоқ, етсе сыбағасын алар едi. Сол жолы Олжас менi, шамасы, Павароттиға байланысты ұрыс-ты деп те ойлауы ғажап емес. Ойлай берсiн. Егер ол ама-натты орындаса, Алматыға сан рет келiп жүр, бiр хабарын айт пас па едi?! Бiрақ, өзiме аян, Олжасқа аэропорт басында шү йiл ге нi ме Павароттидiң қатысы жоқ. Тiптi, ол аманатым-ды Павароттиге тапсырған күнде де, қазақтың қар ша дай қы-зы на жылы қабақ танытпағаны үшiн ренжiген болар едiм. Тағы да сұрағың бар ма?

– Бар.– Онда келесiде. Қазiр бiр-екi əн салайын, қарсы емессiң

бе?– Қарсы боп, қаһарыңызға ұшырайын ба? Сала берiңiз,

құлақ сiзде.Орнынан қалт көтерiлген Ерекең көршi бөлмедегi рояль-

ға барып отырды да, пернелердi басып-басып жiбердi. Кет-тi əннiң небiр төрелерi бiрiнен соң бiрi əуелеп: “Ғайни”, “Тi-леу қа бақ”, “Родина”, “Ақ бақай”, “Көзiмнiң қарасы”...

Бүгiн онша шаршамағандай. Кiрпияздық, зекуi кем. Қи-мас тық басым. Жылы қоштасып, жайдары тарастық. Ұлы-ның аты ұлы ғой, шiркiн. Қазақтың бақыты үшiн ұзақ жасап, аман жүре берiңiзшi, Ереке!

79

“Мен қазақпын”

Кезектi кездесу. Маэстро көпке дейiн үндемей, тұнжырап отырды. Мұндайда сананы ренжiтiп алмадым ба деген күдiк билейдi. Жоқ. Құдай сақтасын, ождан таза.

– Президенттi ұлықтайтын күнi өнер көрсететiн жұлдыздар iшiнде сiздi де бар деп едi, қатыстыңыз ба, қалай өттi?

– Жоқ, концерт кейiнге қалды. Ұлықтауды теледидардан көрдiм. Өте тамаша. Дос сүйiнiп, дұшпан күйiнетiндей бол-ды. Ризамын.

– Өткенде келесi жолы жеке басыңызға қатысты бiр-екi сұрақ қоямын деп ем.

– Айта бер.– Бiр қарағанда батыл көрiнгенiңiзбен, солқылдақсыз.

Қорқақтық, жалтақтық десе де болғандай. Өзiңiзге бай-қала ма?

– Дəлелiң бар ма?– Қай нəрсенi де жап-жақсы айтасыз да, артынша

өз сөзiңiзден өзiңiз айнып, жалт беретiнiңiздi айтып жатқаным да. Неге? Сақтық па? Əлде айтқандарыңызды ұмытып қаласыз ба?

– Мiне, мiне, сақтық. Қазақ “Турасын айтып, туғаныма жақпаймын” дейдi ғой. Кейде шындықты айтып, бiреу-мiреудi жəбiрлеп алам ба деп қысылатыным рас. Əрдайым жүз ойланып, мың толғанып сөйлеген абзал. Бəрiмiз де ет пен сүйектен жаралғанбыз, бəлкiм, кейде базбiр мүкiстер кетсе кететiн шығар. Бiрақ менi солқылдақ, қорқақ, жалтақ деуге қақың жоқ, бiлдiң бе? Мен қорқақ емеспiн. Жəне ештеңенi ұмытпаймын.

– Онда мынаны айтыңызшы. Кейде қазаққа қаһарлана кiжiнiп, жерден алып, жерге саласыз. Бұл не, қағынан жеру ме?

80

– Қағынан жеру дегендi атама! Жерiсең өзiң жери бер! Егер маған қазақты жек көресiң десең, ашып айт. Бабалар рухына адал бiр адам мендей-ақ болсын. Сенiңше қалай, халқымыз жақсы екен деп, кемшiн жақтарын айтпауымыз, жасырып-жаба беруiмiз керек пе? Əлде, мiн жоқ па? Болғанда қандай! Оларды “қайнайды қаның, ашиды жаның” деп қинала айтқан Абай емес пе? “Даладағы аңдарсың”, “өңшең қырт” деп күңiренген де Абай. “Қалың елiм, қазағым...” деп қамыққан ұлы ақынды туған халқын даттады, мансұқтады деп кiм айта алады?! Қайрады, қамшылады десе, басқа гəп. Көп болса, менiкi де сондайдың бiр пұшпағы шығар. Бiрақ бiлiп қой, мен халқымнан артық емеспiн. Ешкiм артық емес.

Айтқандай, сен 1997 жылы Мұхтар Əуезовтiң 90 жылдық мерейтойында Олжас Сүлейменовтiң қазақтар туралы не дегенiн бiлесiң бе? Бiлмеуiң мүмкiн. Мен естiгенмiн, бiлемiн. Олжас сол жолы Мұхтар Əуезовке өле-өлгенше күн көрсетпеген өзге емес, өзiмiз екенiн өткiр айтты, батыл айтты, батырып айтты. “Сендер, қазақтар, алауыздықтан алдарыңа жан салмайсыңдар, халық емессiңдер” дегенге дейiн барды. Ашынғаннан, əлбетте. Əйтпесе, мына мен-дей, Олжастай дарын тудырған қазақ халық емес пе? Əлде, қазақтың дана халық екенiн Олжас бiлмей ме?

Сол сəт, сол көрiнiстер əлi күнге көз алдымда. Олжасқа жан-тəнiммен риза болғаным да есiмде. Ал өткен жолы Ол-жас жайлы айтқандарым өкпе емес, наз. Шындық. Бар бол-ға ны. Олжастың көзiне түсер-түспес, оқыр-оқымас, қа лай қа был дай ты нын өзi бiледi, менiңше, дұрыс түсiнуге тиiс. Ол айтқандардан пайдадан бөлек зиян жоқ. Əсiресе, бы лай ғы қа уым ға. Олжас – тұлға. “Қазақ əдебиетi” газетi ол туралы “Қа дiр лей мiз, мақтаймыз, кiнəлаймыз, даттаймыз, Олжас – Олжас қашанда, ондай қазақ таппаймыз” деп əдемi жазып-ты. Осында бəрi айтылған.

– Құрманбек, Қанабек, Ришат, Мүсiлiм, Байғали, Əнуар бек, Шабал, Рахима Мұсабековалар тұлға едi. Бұған дейiн олардың бəрi болмаса да, кейбiреулерi хақында бiршама айттыңыз, мен айтпағанда кiм айтады, еске түскендерiн алда да айтамын дегенсiз. Қазақ операларын-да жұлдыздай жанып тұратын Эра Епанешникова деген орыс қызы болды. Сiздiңше, ол қандай əншi едi? Мұрат

81

Мұсабаев ше? Аты көп айтыла бермейдi, ол жайында аз-маз айта кетсеңiз... Кеңес Бақтаев туралы не айтар едiңiз дегендей... Бұларды еске алу себебiмiз, олар жайлы да бiле жүрсiн деп жатқанымыз ғой.

– Бала жастан орысша оқығандықтан ба екен, мен осы күнге шейiн көбiнше орысша ойлап, орысша сөйлеуге бейiмдеумiн. Бiрақ ана тiлiмдi бiр кiсiдей бiлемiн, ойлай да аламын. Əкем бұл жағынан қатал болды. Анау Мұрат iнiмдi бiреулер жазатайым Марат десе, шыр-пыры шығатын. Онан соң қазақтың неше алуан мақал-мəтел, астарлы афо-ризм, қанатты сөздерiн үйретiп, баулыған адам Құрекең, Құрманбек болатын. Əлдебiр сөздi айтады да: “Осының мағынасы не, айт” – дейдi. Мен төмен қараймын. Онан соң өзi түсiндiредi. Миға қона кететiндей етiп. Мiне, ұстаз! Тау-ып көр осындай жанашырды.

Эра Епанешникова. Анасы мыс қорыту цехының жұ-мысшысы болғандықтан ба, мiнезi ұрдажықтау едi. Əншi, актрисалығы ғажап-тын. Қазақ операларының көбiне қатысты. “Дударайдағы” Мариям Жагорқызының рөлiн қалай орындаушы едi. Мəскеуде өткен вокалистер конкурсiне қатысқан сəтi де болды, бiрақ өте алмады.

Мұрат Мұсабаевпен ұзақ жыл бiрге жұмыс iстесек те, пəлендей əмпей-жəмпейлiгiмiз болған жоқ. Обалы не, операның қыр-сырын түсiнетiн, табиғатын бiлетiн тəп-тəуiр əншi едi. Əлгi бiр оның керiс-бұрыс мiнез-құлқынан хаба-рым аз. Шəлкес-шалымдық кiмде жоқ, азды-көптi бəрiмiзде де бар. Марқұм ерте кеттi, иманы саламат болсын. Одан да оның ағасын айтайық та. Рашид Мұсабаевты. Көп уақыт радио мен телевидениеде iстеген Рашид əндi талғаммен шырқайтын, баритон дауысы құлаққа жағымды өнер иесi. Қазiр зейнеткер деп естимiн. Осы күнi опера театрында Мұсабаевтардың тағы бiрi – əншi Марат Мұсабаевтың ұлы Талғат деген жас əншi шығып жүр. Егер бiрлi-жарым мақтау-марапаттауға елiгiп, сабадан асып жүрмесе, жақсы санатқа iлiгуi мүмкiн-ау деп ойлаймын.

Кеңес Бақтаевты айтып қалдың ғой, “əркiм əлiне қарай” дегендей, заманында ол да шамасынша еңбек еттi, бiраз опе-рада ариялар орындап, сахна, радио, теледидардан халық əн де рiн шырқап жүрдi. Жақында көрдiм, жұдырықтай қара

82

шал бопты. Өткен-кеткендi еске түсiрiп, бiраз қауқылдасып алдық.

– Көп ағайынның көкейiндегi мынадай бiр түйiткiлдi сезiп те, естiп те жүремiз. Мəселен, о баста халық арасы-нан дарынды əншi ретiнде шыққан Қанабек, Құр ман бек, кейiнiрек Байғали опера театрына бас режиссер болды. Əне, солар режиссерлiк мiндеттi қалай атқарды, кə сi би маман еместiктерi бiлiнiп, байқалмады ма, сүрiнiп-қа-бын ған кездерi болды ма? Қалай дегенде де, режиссер де-ген режиссер ғой.

Өзiңiзге режиссер болу жөнiнде ұсыныс айтылды ма? Айтылса, қалай қабылдар едiңiз?

– Бұл сұрағың орынды. Ол жайында өзiм де айтпақшы едiм. Өйткенi, менен де əркiм-əркiм сұрап жүредi. Құрекең мен Қанекеңнiң табиғи дарын иелерi екенi даусыз, олар-ды кезiнде танып, таба бiлген Жұмат Шанинге бəрекелдi. Құрекең де, Қанекең де өнерге жан-тəндерiмен берiлген, жай əншi емес, актерлiгi де, артистiгi де шыңдалған, үнемi iзденiп, алысты болжай бiлетiн адамдар едi. Екеуiнiң қанша фильмге түскенiн бiлесiң бе? Түбiн түсiрушi едi ғой. Режиссерлiкке солар арқылы келдi. Жəне өз дəуiрлерiнiң талабына сай, жа-ман режиссер болған жоқ. Талай спектакльдер қойды.

Байғали сəл басқалау. Егер Құрекең мен Қанекеңдi көкке көтерген халық əндерi болса, Байғали халық əндерiмен қатар, классикалық партияларды да орындады. Əншiлiк бiлiмi бар, алғырлау, бiлiктiлеу болды. Бiрақ бəрiбiр, режиссер ретiнде ол да кəсiби маман емес-тi. Соған қарамастан, ол қойған спектакльдердiң қайсыбiрi жүлде алып, мақталған сəттер де болды. Опера театрында үшеуiнiң де режиссер ретiнде де ат-тары қалды. Оны ешкiм жоққа шығара алмайды.

Өзiме келсем, маған ешкiм режиссер бол деген жоқ, десе бас тартар едiм. Демегендерiне тəуба. Көтере алмайтын шоқпарды белiме қыстырып нем бар?

– Ұзақ жыл əрiптес болдыңыз, белгiлi əншi Ғарифолла Құрманғалиевтiң кейiнгi тағдыры жайлы не бiлесiз? Ол кiсiнiң кызы Сəуле қандай əншi, əкесiнен оза алды ма?

– Ғарекең де халықтан шыққан табиғи дарын иесi еке нiн айтқанмын. Артистiгi жақсы болатын. Айтылмаған не қал ды дейтiн болсаң, батыс өңiрдiң көп əндерi Ғарекең нiң ар қа сын-

83

да сақталып, өшпес қазынаға айналды. Əсiре се Мұ хит тiң əн-де рi: “Үлкен Айдай”, “Кiшi Айдай”, “Пан көй лек”, “Зəу реш”, “Ақ иiс”, “Айнамкөз”, “Дүние-ай” т.б. Сахнада жанып кеткен-мен, былайғы жерде қой аузынан шөп алмайтын момын жан-ға ұқсайтын. Кейiнгi тағдыры жайлы не бi ле мiн, жасы келдi, зейнетке шықты. Дəм-тұзы таусылған соң, дүниеден озды. Сол. Қызы Сəуле белгiлi əншi, көптеген атақ-марапаты бар. Əкесiнен озды-озбады деп ештеңе айта алмаймын.

Жалпы, сөз ретi келгенде айта кетейiн, батыстың əн-күйлерi өз алдына мектеп iспеттi. Серпiндi, жiгерлi, екпiндi əндерiне екiнiң бiрiнiң тiсi батпайды. Күйлерi де солай. Ба-тыс өңiрiнен шыққан Қали Жантiлеуов, Лұқпан Мұхитов, Рүстембек Омаров, Самиғолла Андарбаев, Əзидолла Ес қа-лиев, Бақыт Қарабалина сынды өнерпаздардың жөнi бө лек. Құрманғазы, Дина, Дəулеткерей, Қазанғаптарды айт па ған-да. Анау Əзидолла күйшiлiгi бiрсыдырғы, тұйықтау адам едi, əлi сондай. Қаршыға Ахмедияров iшкi мəдениетi бай, сыпайы, таза жiгiт. Айгүл Үлкенбаева құбылыс. Домбыра қағысы Дина апамызды еске түсiредi.

– Ұмытпасам, сiз бiр кездерде Абай атындағы театр-да партбюро (əлде партком) секретары болдыңыз. Сол кездегi үрдiске сай, ол деген ұжымдағы бүкiл ыстық-суық, жақсы-жаманның барлығына теңдей жауап бе ре тiн екi басшының бiрi. Елдi ашса алақанда, жұмса жұ ды ры ғын-да ұстайтын Орталық партия комитетiнiң атына күн құрғамай түрлiше арыз-шағым, домалақ хаттар тү сiп жататын. Бiр жолы театрға қатысты жазылған сон-дай домалақ арызды тексеруге (сiрə, журнал Мə де ниет ми нистрлiгiнiң органы болғандықтан шығар) қатыса жаздап, “аман” қалғаныма шүкiр. Арызда театрда мо-раль дық ахуал нашар, пəленше, түгенше кiнəлi дей келiп, бi раз адамның аты-жөнi аталған-ды. Iшiнде сiз де бар-сыз. Сөзiмiз ауыр болмасын, маркұм Ришат Абдуллин де тыс емес-тi. Сол есiңiзде ме? Партбюроның секретары бол ған да не байқаушы едiңiз? Қалай атқардыңыз?

– Бiраз жыл партбюроның секретары болғаным рас. Бi рақ өзiмдi басшымын деп ойлаған емеспiн. Керек десең, сек ре-тар лық мiндет басы артықтау жұмыс сияқты көрiнетiн. Ком-му нис тер дi айрандай ұйытып, алабөтен белсендiлiк таныта

84

алмадым. Жыл сайын өтетiн есеп беру, сайлау жина лыс-тарында баяндаманы алдын ала түртiп алған мəлiмет тер ге қа рап тұрып жасай салатынмын. Жиналыс бiткен соң орын-басарым баяндаманы да, қаулы-қарарларды да қас қағымда қат тап, аупарткомға өткiзетiн. Əрине, жоғарыдан неше алуан бұй рық, нұсқаулар түсiп жататын. Бiрақ, бiз шығармашылық адамдар болғандықтан, партиялық қасаңдыққа онша көндiге де, икемделе де алмадық. Ұжымдағы моральдық ахуалдың құ дай қалайтындай емесi, өзара кикiлжiң, дау-дамай, талас-тартыс болуы бек ықтимал, алайда олармен директор айна-лысып, мен музыкалық шығармашылық жағына ден қоя тын-мын. Сондықтан бiреу-мiреудiң атын атап, түсiн түстеп, анау олай едi, мынау былай едi, сүттен аппақ, судан таза мен едiм де уiм орынсыз. Өттi, кеттi. Жеке басыма ешкiм бүйректен си рақ шығарып, беталды ұрынған жоқ. Ұрынса, көре жатар едiк. Əттең, арыз тексеруге келмеген екенсiң.

– Театрда өткен ғұмырыңызда бiрнеше директор, бас режиссермен бiрге жұмыс iстедiңiз, дəм-тұздас та болған шы ғар сыз. Солардың iшiнде биiк адамгершiлiк, iзгiлiк, iс кер -лiк қасиеттерiмен ерекше есiңiзде қалған кiмдер, бар ма?

– Неге болмасын, сен тағы да менiң iшкi шеменiмдi қоз-ғап, көңiлiмдi ұйқы-тұйқы еткелi отырсың ба? Талай бас-шымен қызметтес болдым, тəлiм-тағлымын, қамқорлығын көр дiм. Бiреуiн асқақтату үшiн екiншiсiн төмендетiп, бөле-жарудан аулақпын. Оның үстiне, бүгiнде көбi бақилық. Қазақ тегiнде марқұмдардың жақсы жақтарын ғана ауызға алады. Көзi тiрiлер де аз емес. Сенсең де, сенбесең де өзiң бiл, еш бi-рi мен артық-ауыз сөзге бармай, тiл табысып, сыйласып жұ-мыс iстедiк. Өз мiнезiм өзiме белгiлi, қиын жақтарымды да бiлемiн, əйтеуiр жалынып күн көретiн жалпақбай емеспiн. Ештеңенi бүкпестен, ешкiмнiң бет-жүзiне қарамай, ойым-ды тiке айтатын əдетiм бар. Оны дұрыс түсiнетiндер де, керi ұғатындар да жеткiлiктi. Адам өз кемшiлiгiн бiле бере ме, өз басыма өзiм тiлеп алған пəле-жала, қақ-сұқтан аман өтуiме құдай берген талантым көмектесiп келедi-ау деймiн. Жұртқа жасаған жақсылықтарым да аз емес. Олар да алдымнан шығып жүретiн шығар, қайдан бiлейiн.

Артта қалған жылдарды саралап, өткенге зер салғанда, өмiрiмде бiр-ақ рет сөгiс алғаным еске түседi. Сөгiстiң аты –

85

сөгiс. Бұл ендi менi алғаш рет қызметке қабылдаған тұңғыш директорым, зиялы тұлға Райхан Жұминнiң тұсында. Ол шақтарда кiм-кiмнiң де түзу жолмен қия баспай жүруiне, салиқалы азамат, салауатты еңбек иесi болып қалыптасуына бiр сөгiстiң өзi жетiп жататын. Салмағы жүз батпан. Ұятын айтсайшы. Қара жерге кiрiп кетуге тесiк табылмайды. Та-лай күн ел бетiне қарай алмай, бəрiнен де əке-шешемнен қысылып, жанымды қоярға жер таппаған шақтарым ұмытылмайды. Сонда не үшiн дейсiң ғой. Арзымайтын нəрсе. Жұмысқа бiрдi-екiлi кешiгу, əлдекiммен шекiсiп қалу дегендей. Мiне, тəрбие!

Айрықша есте қалған кiмдер деп отырсың ғой. Бiр-екеуi-нiң атын атасам атайын. Тағы да Райхан Жұмин. Соғыстан кейiнгi қыруар қиындықтарға қарамай, опера театрының мəр те бе сi асқан үстiне аса түсуiне өлшеусiз үлес қосқан Ра-хаң орасан ұйымдастырушылық қабылетiмен бiрге, жаны сара, ожданы таза адам едi. Өзiнен жасы кiшiлердiң бəрi оны ұс таз тұтты. Өнердi терең түсiнетiн, ұғатын. Оның осы күн-де есiмiн есте қалдыру шаралары мардымсыз ба, қалай деген ой келедi. Осы жөнiнде мықтап ойланатын, мəселе кө те ре тiн кез келдi-ау деймiн.

Онан соң онша көп араласпасам да, бiлiктi министр болған адам – Iлияс Омаров, əлбетте. Онан соң қазiр көзi тiрi, өнермен көз ашқан кəдiмгi Жекең, Жексембек Еркiнбеков. Былтыр өткен мерейтойына қатысып, жылы сөзiмдi айттым, теледидардан сөйледiм. Мен саған айтайын, Жекең мiнезi жiбектей, аса сыпайы, қарапайым болғанмен, керек кезiнде қатал, табанды да бола бiлетiн. Өнер үшiн, əрине. Опера театрына директор болған кезiнде де, министр кезiнде де тындырған iстерi ұлан-ғайыр. Қайсы бiрiн айтайын. Жекеңе ұзақ ғұмыр, бақыт тiлеймiн. Режиссерлердiң кейбiрi хақында бұған дейiн айтқанмын, қайталамаймын.

– Жас кезiңiзде скрипкада ойнағаныңыз жайында жур-налдан бiлген оқырмандар телефон шалып, сiздiң қа зақ-тың қыл қобызы жөнiндегi көзқарасыңыз, ой-пiкiрiңiздi бiл гi сi келедi. Қобызшы болуы да мүмкiн бе едi деседi.

– Бiлгiсi келсе, айыбы жоқ, мен де бiлгенiмдi аянбайын. Бiрiншiден, қыл қобыз көнеден келе жатқан ұлттық музыка аспабы. Ұлы баба Қорқыттың аты бiзге қобыз арқылы жеткен.

86

“Қорқыттың күйiн” тыңдағанда сай сүйегiң сырқырамай ма? Кеңестiк дəуiрде Дəулет Мықтыбаев, Жаппас Қаламбаевтай дарабоз қобызшылар болды. Екеуi де жампоздың жампо-зы едi, қобызға арналған күйлердiң бiразы солар арқылы сақталып қалды десем, артық айтқандық бола қоймас.

Екiншiден, қобыз тым күрделi, қиын аспап. Байқайсың ба, онда перне жоқ. Саусақ сəл тайса, күйдiң нақышы бұ-зы ла ды. Онан соң, домбыраға лайық күйлердiң кейбiрiн қо быз да ой нау ға бола ма, жоқ па, бiлмеймiн, бiрақ қобызға ар нал ған күй лер дi – егер мамандар нотаға лайықтап қайта тү сiр ме се – домбырамен орындау мүмкiн емес. Қателессем, құ дай ке шiр сiн.

Сонау жылдары Құрманғазы атындағы оркестр құ ра мын-да Гүлнəфiс Баязитова, Фатима Балғаева деген қо быз шы лар қызмет iстедi. Сол кездiң өлшемiмен қарағанда, екеуi де ше-бер қобызшы саналды. Гүлнəфiс қобызда жеке орындайтын “Зұлқия”, “Қара торғай” əндерi де құлпырып сала беретiн. Қобыз үшiн жаралғандай едi. Жастар мен студенттердiң дү-ние жү зi лiк фестивалына қатысып, лауреат атанған Фатима Бал ғае ва ұстаздыққа ауысып, шəкiрттер тəрбиелеумен айна-лысты. Жақында дүние салды, иманы саламат болсын.

Үшiншiден, қазiргi небiр саңлақ қобызшыларға көңiлiм толады. Қазақтың қыл қобызы солар арқылы жасай бередi. Қобызды əлемдiк деңгейге қалай көтеруге болады? Бiр ойла-натын нəрсе осы.

Өз басым қобызды қатты ұнатқаныммен, қобызшы болу жөнiнде ойланған емеспiн. Өткенде домбырашы болуың мүмкiн бе едi деп ең, ендi бəлкiм, етiкшi болғың келген жоқ па дейтiн шығарсың. Мен əншiмiн! Соны ұмытпа!

– Бiр сөзiңiзде көп жылдан берi əншiлiкпен қатар дə рiс оқып, шəкiрттер дайындап жүрмiн деп едiңiз. Сол ең бе гi-ңiз дiң жемiсiн таттыңыз ба? Жолыңызды қуып, сiз дiң дə-ре же ге жеткен iзбасарларыңыз бар ма? Кiмдер? Өзi ңiз дi қан дай ұстазбын деп санайсыз? Балауса шағында Ал ма-ты ға келiп, жас əншiлер байқауынан шауып өткен бү гiн гi ха лық артисi Роза Рымбаеваға бата бергенiңiздi, ақ жол тi ле ге нi ңiзд i көрiп едiк. Қазiр Роза шəкiртiңiзге көз қа ра-сы ңыз қалай, көңiлiңiз тола ма? Сенiмiңiздi ақтады деп ойлайсыз ба?

87

– Бұлардан бұрын ғұмырымша есiмде жүрген мына бiр жайды айтайын. “Ұяда не көрсең, ұшқанда соны iле сiң” дейдi. Мұны айтып отырғаным, əкем Көкшетаудан Алма-ты ға (анам мен менi алып) көшерде сондағы бiр танысы: “Астанаға барған бойда Ахмет деген адамды тауып ал да, соның үйiне түс, менен сəлем айт, арғы жағын өзi бiледi”, – дептi. Əкем, əрине, солай етедi. Үйiлiп-төгiлiп Ахметтiң үйiне кiрiп барады. Сəлем бередi. Ахмет “төрге шық” дейдi. Төрге шығады. Ахмет жақсылап қонақ етедi. “Қысылып-қымтырылмаңдар, өз үйлерiңдей алаңсыз тұра берiңдер”, – дейдi. Бiз тұра берiппiз. Аттай он бес жыл, яғни, қашан Ахмет жарықтық басқа пəтер алып, өз үйiн бiзге қалдырып кеткенше. Ал не айтасың осыған? Бiр бейтаныс қазақ екiншi бейтаныс қазақтың үйiне көшiп келедi жəне солармен бiрге бiржола тұра бередi. Үй иесiнiң əйелi анау-мынау деп қиқаңдаған екен, Ахмет тиып тастапты. Мiне, қонақжайлық, дарқандық! Халқымыздың “еншiсi бөлiнбеген қазақпыз” дейтiнi осындайдан туындаса керек.

Осыны ойлаған сайын жаным жадырап, бойымды мақтаныш кернейдi. Қазаққа деген. Өзiм де сондай болғым келедi. Шама жеткенше болып та жүрмiн. Мəселен, əлгi сұрақтарыңа жауапты соңғысынан бастасам, алыс ауданнан келiп Ленин атындағы сарайда өткен конкурс жүлдегерi Роза Рымбаеваға ағымнан жарылып, оң сапар тiлегенiме қазiрге шейiн ризамын. Сондағы тұлым шашы желбiреген Роза бүгiнде өз бетi, өз орны бар, өнерге берiлген танымал əншi. Талаптанды, талпынды, шыңдалды, өстi. Елдiң де, менiң де үмiтiмдi ақтады. Өсiп келе жатқан адам. Бүгiнгi жеткен биiгiне тоқмейiлсу ретсiз. Болашағы алда. Бiрақ менен оқып, дəрiс алған жоқ. Сондықтан шəкiртiм дей алмаймын. Ол бiр ауыз қайрау сөзiмнен қанаттанған қарлығаш, тума дарын. Жоғарыда атаған Ахмет деген адамның бiздiң отбасымызға жасаған ылтипатын қадiрлеп өскен мен осы жасыма дейiн жалғыз Роза Рымбаева емес, талай жас өскiннiң қолтығынан демеп, сүйеу болдым. Сенiмдi кiм ақтады, кiм ақтамады, бөлек əңгiме. “Өзi болған қыз төркiнiн танымайды” деген-дей, жақсылықты бағалайтын да, бағаламайтын да мiскiндер болатынын, ханға сəлем берместей кекiрейiп жүретiндердiң талайын көрiп те, бiлiп те келемiз.

88

Құдайға шүкiр, шəкiрттерiм жоқ емес, бар. Менiң ақыл-кеңесiме сүйенiп, адам болғандар қаншама. Серке-баев мектебi – жақсы мектеп. Жаратылыста неше қилы ке-реғарлық, кемiстiктер болады. Өнер əлемiнде үмiт күтерлiк жастар аз емес, жетедi. Өкiнiшке қарай, 15 жастағы жасөспiрiмдi əншiлiк оқуға қабылдауға болмайды. Себебi, аталмыш жастың о жақ, бұ жағы өтпелi кезең. Ол шақта дауыс күрт өзгередi. Не құлпырады, не құртылады. Ерте-ректе Италияның Робертино Лоретты деген бала əншiсiнiң даусы күллi əлемдi таңдандырғаны есiңде ме? Əне, соның дауысы өтпелi шақта бұзылды да, қайтып жұлдызы жанба-ды, еш жерде айтылмайтын, аталмайтын болды, өсу орнына өштi. Жаратылыста неше қилы кереғарлықтар бар дейтiнiм сол. Менiң даусым да алғашында жiңiшке бас-баритональды болған. Сондықтан əншi болғысы келетiн шəкiрттерiмдi ал-дымен қатаң сүзгiден өткiземiн. Өйтпейiнше класыма алмай-мын. Мен тау бұзып, тас жармасам да, ең болмаса, сауатты əншiлер тəрбиелегiм келедi.

Ашығын айтсам, əншiлiктi бiр кезде мен де дөрекiлеу бастағанмын. Мен əн шырқағанда кейбiр арпабайлар “халық əндерiне икемi жоқ, өгiздей өкiредi” дейтiн. Əншiлiктiң қыр-сырын (жылдам) меңгерiп алған соң ондайларға өзiм де кезiктiм. Сан рет. Бiреулер тiптi “Ермек деген кiм, Серкебаев деген кiм, бiздiң де өз Серкебаевымыз бар” деп күпiнетiн. Тiптi, менiмен аты да, фамилиясы да ұқсас əн салатындарды көрдiм. Даусы күштi əншiлер болады, бiрақ əндерi жүрекке жетпейдi. Неге? Iшкi сезiм (нутро) жұтаңдықтан. Ырғақтың жөнi басқа. Кiмнiң қандай əншi екенi дауыс ырғағынан бiлiнiп тұрады. Сонау жылдары Мəскеуге жиi баратынбыз. Түсетiн жерiмiз – “Россия” қонақ үйi. Кiрген бойда бас əкiмшiге “сəлеметсiз бе?” десем, ол бетiме қарар-қарамастан “сəлеметсiз бе, жолдас Серкебаев” дейтiн. Бұл ненi бiлдiредi? Бiр адамға ғана тəн, қайталанбас дауыс ырғағын.

Əлбетте, мен классикпiн, бiртуар əншiмiн. Менi ешкiм де басқа бiреумен шатастыра алмайды. Сөйте тұра, мен халық əндерiн Манарбек, Жүсiпбек құсап айтпаймын. Өз мəнерiм, амплуам бар. Мың жерден мың шəкiрт тəрбиелесем де, өзiмдей əншi шығара алмауым бек мүмкiн. Себебi, дарын-ды табиғат бередi. Жоқтан бар жасай алмайсың. “Вокал де-

89

ген не?” дегенге, орыстың халық əндерiн шырқаумен аты шыққан ұлы əншiсi Лидия Русланова: “Сұлу дауыс болу үшiн iшкi сұлу сезiм керек. Ондай дарын иесi айналаны өзiнше түйсiнедi, өзiнше сезiнедi. Егер iшкi сезiмi керзi етiкке ұқсаса, даусы да сондай болады”, – деп жауап бередi. Маған “сiздiң дауысыңызды (ырғақ, тембр) миллион адамның iшiнен бiрден бiлуге болады” дейтiндер көп. Мұны мақтану үшiн емес, əншiлiктiң иiрiмдерi терең екенiн бiлдiру үшiн айтып жатырмын. Өз класыма даусы қалыпқа түскен жастар-ды аламын. Қыздарды алмаймын. Қайтемiн басты қатырып. Мен сабақ бергенде басқа кластардан келiп тыңдайтындар болады. Ондайға қарсы боп, тиым салғысы келген педа-гогтар да кезiктi. Мəселен, бiр жолы Бекен Жылысбаевтың сөйткенi бар. Менiң мақсатым, кафедра кiмдi ұсынса, соны əншi етiп шығаруым лазым.

– Сiзден оқып, өнер көрсетiп жүрген шəкiрттерiңiздiң атын атамайсыз ба?

– Қажетi жоқ. Айрықша топ жарып жатса, айтуға болар едi. Ондай болмай тұр ғой. Менде оқыған Бақытжан Ыс қа-қов дейтiн əншiге аз-мұз көңiлiм толған дай болушы едi, жа-қын да қайтыс болды.

– Əншiге не керек?– Керек нəрсе көп. Талант, қабылет, еңбексүйгiштiк.

Онан соң қарапайымдылық, кiшiпейiлдiк. Кейiнгi əн шi лер-дiң көбiн құртып жүрген болмай жатып болдым, толмай жатып толдым дейтiн астамшылық, өзiмшiлдiк, менмендiк. Жасанды мiнез, iс-əрекетпен алысқа ұзамайсың. Мұны бiр деп қой.

Екiншi, тоқмейiлсу, iзденбеу түбiмiзге жетiп келе жатқан. Тайыздықтан тоқырағандар қаптап жұр. Ой, Алла-ай!Ерекең осылай деп күрсiндi де, сөзiн доғарып, орынан

тұрып кеттi. Өңi боп-боз, қабағы түюлi.– Сөзден шаршаймын, – дедi креслоға қайта жайғасқан

соң. – Менде өнер адамдарының өмiрiнен есiмде қалған нəрсе көп қой. Солардың бiр-екеуiн айтсам қайтедi? – деп бетiме қарады. “Оған не сөз”, – деймiн. “Мəселен, Мұқан Төлебаев. Көп кездестiк. Өң-түсi қап-қара, көздерi өткiр, сырттай тəкəппар, сұсты көрiнгенiмен, жаны сергек, күлдiргi адам болатын. Қожанасырлығы да жетiп артылатын. Үйде

90

тырдай жалаңаш жүредi. “Неге өйтесiз?” – дегенге: “Денем ауа жұтсын”, – дейдi. Кейде тауға барамыз. Сонда айтаты-ны: “Ой, мына желдiң иiсiн-ай! Жұпар аңқиды-ау, жұпар аңқиды”. “Қазiр қара күз. Қайдағы жұпар”, – деймiн. “Ой, сенiң мұрның мұрын емес. Иiс сезбейтiн мұрынды ауыстыру керек қой”, – деп шиқылдай кұледi.

Кел деген соң, үйiне барамын. Кешке дейiн ұстайды. Қараңғы болады. Жiбермейдi. Бiр кезде əйелiне: “Дариға, партитура композиторлар одағында қалып кетiптi. Барып алып кел!” – дейдi қабағын түйiп. Сағатқа қараймын. 12-ден ауып барады. “Мен барайын”, – деймiн. “Жоқ, Дариға ба-рады”, – деп көнбейдi. Дариға шығып кетедi. Партитураны алып келедi. Мұқан оны керек те қылмай, анадай жерге атып ұрады. Солай едi ғой марқұм.

Бiрде опера театрының директоры Райхан Жұминнiң ка-би не тi не кiл ығай мен сығайлар жиналды. Жиналыс. Қызу талас. Мен үнсiз тыңдап отырамын. Керiлдесу кезегi Бруси-ловский мен Хамидиге келедi. Əлденеге таласады. Екеуi де кекеш. “Евгений Григорьевич, сенiкi дұрыс емес”, – дейдi Хамиди сөзбен жеткiзе алмағанын қолмен жеткiзiп. Оған Брусиловский: “Латиф, сенiкi дұрыс емес!” – деп орнынан атып тұрады. Сөзбен жеткiзе алмағанын ол да оңды-солды сермеген қолымен жеткiзбек боп, Хамидидiң көзiн шұқып ала жаздайды. Солайша екi кекеш бiр-бiрiмен таласады. Қа-шан қалжырағанша басу айтқанға көнбей, əйтеуiр бiр тоқ-тай ды. Бiреулер терiс қарап, (ауыздарын басып) күледi. Күл-кi ден тарс жарыла жаздайтын мен де отырамын зорға шыдап.

Айқасқа қызу қанды Құрманбек, адуынды Қанабек, Ма-нарбектер түседi. Ерсiлi-қарсылы атқылаған отты сөздер. Ай қай, ашу, ыза. Бiреудi-бiреу тыңдамайды, бiреуге-бiреу дес бермейдi. Манарбектiң аузы толы ботқа ма, пiшен бе, шаң қыл да ған даусы болмаса, не сөйлеп жатқанын тү сiн бей-сiң, ұқпайсың. Ешкiмге тiзгiн бермей, бəрiн жеңiп шығатын да сол. Басынан сөз асырмайтын Құрманбек, жан баласына бет қаратпайтын Қанабектер “сенiкi дұрыс” деп зорға құ ты-ла ды. Əрi əншi, əрi композитор, əрi артист, “Қыз Жi бек те-гi” Шеге ролi арқылы абыройы асқақтаған Манарбектiң кiм екенiн сен бiлесiң, басқаларды да, ал пенделiктерi осындай. Бə рi бiр, мен үшiн қайта айналып келмейтiн қымбат сəт тер.

91

Есiң де болсын, бiр-бiрiмен бет жыртысып, жағаға жарма-су, сөз таластырудың да өзiндiк тағлымы болады, ба уы рым. Кiм дi кi дұрыс, кiмдiкi бұрыстығын көрiп-бiлiп отырасың. Бай қа, бағамда, сарала, сарапта, жақсысынан үйрен, жама-нынан жирен. Тағлым деген сол.

– Ереке, ер адамдардың арасында жiңiшке дауыспен əн салатындар кездеседi. Бiзде қазiр Эрик Құрманғалиев. Басқа елдерде де бұрын-соңды аз болмаған. Əсiресе, Ита-лия мен Францияда. Өткен ғасырдың орта шенiнде Ре-сейде Глеб Романов (басқаларын айтпағанда) “Почему?” деген əндi əйелдерше орындайтын. Осы не? Бiз, мыса-лы, журналда Эрик Құрманғалиевтiң даусын “алып” деп жазғанбыз. Сол дұрыс па?

– Болды, жетедi. Түсiндiм. XIX ғасырда жiңiшке да уыс-пен əн салу мода болған. Жəне ондай əншiлер сан жа ғы нан көп болған. Бiреулердiң даусы өмiрбақи жiңiшке кү йiн де қа ла ды. Бiреулердi өтпелi кезеңде – бала күнгi əдемi даусы сақ та лып қалу үшiн – қасақана пiштiрiп тастаған. Бұл қа ты-гез дiк. Соның əсерiнен небiр қайғылы оқиғалар орын алған. Ай та лық, жас кезiнде пiштiрiлген жiгiт ержетiп, көр се көз тоя тын көрiктi жiгiт болмай ма? Сұлу қыздар ғашық болмай ма? Ұмыт па сам, осындай ахуалды бейнелейтiн фильм болды ғой деймiн.

Менiң ұғымымда, ер адамның жiңiшке дауыспен əн са-луы ұнамсыз. Немене, дарынды əйелдер аз ба? Солар салса да жеткiлiктi емес пе? Эрик Құрманғалиевке келсек, жүзбе-жүз танымаймын, бiрақ афишадан көрдiм, үнтаспадан əн де-рiн тыңдағаным бар. Ұстазы Дорлиаг. Эриктiң даусы – сен айтқандай – алып емес, альтино. Басқа даусы болмаса қайт-сiн, айта берсiн. Шетелде жүр ғой, қазақ əлi мұндай дауыс-сыз да əлемдiк деңгейге көтерiледi, көресiң. Сен дұрыс түсiн, Эриктi де, даусын да мансұқтаудан аулақпын. Глеб Романов дедiң бе? Емiс-емiс жадымда, өткен ғасырдың ортасында жiңiшке дауыспен əн салатын сондай əншi болды-ау деймiн, нақты бiлмеймiн. Бiлетiнiм жiңiшке дауыспен əн шырқап алысқа бармайсың. Жеке пiкiрiм деп бiл.

– Опера театрында қазiр есiмдерiн ешкiм онша еске ала бермейтiн Тұрғыт Османов, Роберт Шiркiтбаев, Ти-мур Мыңбаев деген дирижерлер жұмыс iстеген. Солар

92

қандай маман едi, дирижер ретiнде жарқырай алды ма? Кейiнгi тағдырлары қалай болды? Нұрғиса Тiлендиевтiң дирижер болғаны рас па? Руттер ше? Кiм едi? Қазiргi дирижерларға көңiлiңiз тола ма? Жалпы, дирижерлiк қандай мамандық? Ой-пiкiрлерiңiздi ортаға салсаңыз.

– Көрермендер опера тыңдайды, əн тыңдайды да, орын-даушыларды музыка үнiмен сүйемелдейтiн жеке концерт-мейстр немесе оркестрге жəне оның дирижерi болатынына терең мəн бере бермейдi. Дирижердi (бiреулер) қолын əрi-берi сермеп тұратын оңай жұмыс деп есептейдi. Сондықтан бұл сұрақтарың орынды. Мысалы, мен. Сахнаға көптiң бiрi ретiнде шығып əн, романс, ария орындағанда, болып жат-са оркестр, болмаса бiр концертмейстрдiң сүйемелдеуi жетедi. Ал балет пен опералық спектакльдерге мiндеттi түрде оркестр керек. Ол дирижерсiз қарыс сүйем баса ал-майды. Себебi, оркестр құрамындағы музыканттардың бəрi дирижердiң көз қырында, қатаң бақылауында болады. Бiрi зəредей мүлт жiберсе, музыкант емес, дирижерге сын, сол жауап бередi. Оркестр музыканты қашанда дирижерге, оның қаншалықты талантты, сезiмталдығына тəуелдi. Дирижердiң кiм екенi де осы жерде бiлiнедi, сараланады. Оны ғұлама ма-мандар ғана байқап ұғады, түсiнедi, баға бередi. Дирижерлiк хақында осы. Ол үлкен əңгiме.

Ендi сен аттарын атаған, атамаған дирижерлерге кел-сек, əлбетте, бəрiмен де қызметтес болдым. Барлығымен бiрдей тонның iшкi бауындай араласып, қарым-қатынас жасамағанмен, əрқайсысы жөнiнде өзiндiк көзқарасым, азды-көптi бiлетiндерiм бары айтпаса да белгiлi. Тұрғыт Ос-мановты арамыздан қыл өтпейтiн досым ретiнде де, қандай дирижер болғаны туралы да айтқанмын. Шiркiтбаев дегендi атама, аз уақыт iстесе iстеген шығар, кейiн қайда жоғалып кеткенiн бiлмеймiн, сөз етуге тұрмайды.

Тимур Мыңбаевтың бiр ерекшелiгi, дирижерлiктi қырын-дысына шейiн меңгерген, сауатты, бiлiктi, қалыптасқан маман болатын. Қазақтың ұлы перзентi, əуе апатынан қаза тапқан əйгiлi ғалым Кəрiм Мыңбаевтың ұлы. Əкесi қайтыс болған соң анасымен бiрге Ленинградқа көшiп барып, сон-да музыкалық бiлiм алған. Қазақстанға қаны тартып келген болу керек. Бiрақ тым кiрпияз, өзiмшiл, менiң айтқаным

93

ғана заң дейтiн өркөкiрек едi. Бiр жолы мен орындайтын шығармаға дирижерлiк етiп тұрғанда қасақана қиястығы үшiн оркестр мүшелерiнiң көзiнше қатты ескерту жасадым. Ол iштей шамырқанып қалды. Əн бiткен соң маған екiлене бiрдеңе айта бастап едi, жанымдағы белгiлi композитор ме-нен бұрын ескерту жасап тыйып тастады.

Содан қайтып шығармашылық байланысымыз болған жоқ, күнделiктi тiрлiкте де араласқан емеспiз. Айттым ғой, таланты да, мүмкiндiгi де мол едi деп. Басына қонған бақты бағалай алмаса, амал қанша. Кейiн симфониялық оркестрге ауысып, онда да пəлендей мандытпады, iз қалдырмады. Ұзақ та iстемедi. Ол кеткен соң орнына Төлепберген Əбдiрашев келдi. Кейiнгi тағдырынан ештеңе бiлмеймiн. Iзiм-қайым жоғалды. Өкiнiштi!...

Опера театрында ұзақ жыл абыройлы да жемiстi қызмет атқарған дирижерлердiң бiрi – Руттер, əлбетте. Бiлiмi терең, орнықты, зиялы адам-тын. Үлкен де, кiшi де риясыз сыйлап, құрметтедi, қадiрледi. Театрды бiраз биiкке көтердi. Жас кезiнде теңiз флотында капельмейстр болыпты.

Театрда табысты жұмыс iстеген басқа дирижерлер де аз болған жоқ, барлығының аты-жөндерiн тiзбелей беру шарт та, мiндет те емес шығар. Нұрғиса Тiлендиев те iстедi. Ол ке-ремет композитор, музыканттығымен бiрге, дирижерлықтан да шаң iлестiрген емес-тi. Бiлесiңдер ғой анау “Отырар са-зын”, оны ұйымдастырған да, тұңғыш дирижерi де Нұрғиса!

Опера театрының қазiргi бас дирижерi Ринат Салаватов. Белгiлi маман, мiндетiн жан-тəнiмен атқарады. Үйде отыру жоқ, қашан көрсең Қазанмен екi арада шапқылап жүргенi.

Бiздiң театрдың өсiп-өркендеуiне еңбек жолын Қазақ радиосының қарапайым оркестрiндегi қарапайым музы кант-тықтан бастаған Фуат Мансұровтың қосқан үлесi ұшан-теңiз. Кейiн Мəскеуге ауысты. Бүгiнде Ресейдiң де, Қазақстанның да халық артисi. Оны əлем кезушi деп қалжыңдаймыз. Шыны да сол.

Дирижерлер туралы сөз еттiк қой, сөзден сөз туады, Ресейдегi симфониялық оркестрдiң бас дирижерi, есiмi күллi əлемге мəшһүр Владимир Федосеев деген бар. Əне, сол екеумiз жас кезде жан аямас дос болдық. Өзiнде жөндi киiм де жоқ, жыртық бəтеңкесiнен башпайлары шығып жүретiн.

Мен оны аузымдағыны жырып берiп, бақтым, қақтым. Адам болуына əйелi көмектестi. Бiрақ өте дарынды едi, баянда ке-ремет ойнайтын. Соның арқасында – пəлендей бiлiмi жоғына қарамай небiр асулардан асты, шырқау биiкке көтерiлдi.

Бiр жолы Парижден ұшып келе жаттық. Iшiмiзде Фе-досеев те бар. Əдетте, аспан төрiнде артық-ауыс қимыл-əрекетке бармай, сақ отыру керек. Тəртiп солай. Кенет Федя баянын алсын да, аңырата жөнелсiн. Оған мен қосылайын. Əннiң төресiн шырқап. Екеуiмiз де қоғам қайраткерiмiз. Сəл ыңғайсыздау. Бiрақ жұрт түсiндi, кешiрдi. Дуылдата қол шапалақтады. “Мұның қалай?” – деймiн оған соңынан. Ол маған айтады “мұның қалай” деп.

– Ереке, соңғы сұрақ.– Құлағым сенде. – Екi сөзiңiздiң бiрiнде шындық жоқ, аз айтылады,

бiреуге бiрдеңе дей бастасаң, жатып тұрып өкпелейдi, күңкiл-сүңкiл көбейедi дейсiз. Өзiңiз ше? Шындықты айтқанға ренжiмейсiз бе?

– Шындықтың шындығы бар. – Жарайды, онда былай. Екеумiз алғаш жолыққанда

“мен татармын” дедiңiз. Мəн бермедiм. Кейiн де айтып қалып жүрдiңiз. Елемедiм. Ендi ретi келген сияқты. Себебi не?

– Қайтесiң ондайға мəн берiп?! Көңiлдiң кейбiр кездерi шығар. Осы сендердiң бояушы, бояушы дегенге, сақалын бояйды дегендей, кейде ұсақтанып кететiндерiң жаман. Өзiң ойлашы, Серкебаев қазақ емес дегенге кiм нанады, а? Олай болса, оң құлағыңмен де, сол құлағыңмен де естiп ал: Мен қазақпын! Бiттi!

* * *Солай дедi де, маэстро орнынан қалт көтерiлiп, ас үйге

кiрiп кеттi. Бiрдеңе сыңғыр еттi. Таблетка жұтып жатыр ма, немене. Ренжiтiп алмадым ба деп зəрем ұшсын. Ерекең қайта шықты. Өңi жайбарақат. Көздерiнен ұшқын жарқылдайды. Жүрегiм орнына түстi. Қош болыңыз дедiм де, сыртқа зып бердiм.

95

“Сексен есiк қағып тұр...”

Таңертең “кейiн хабарлас” деп едi, бiр сағаттан соң телефон соқсам, “демалып жатырмын, мазамды алма” деп гүр еттi. Ертеңiне де, оның ертенiне де жолыға ал-май: “Əй, бiр қадалған жерден қан алатын қу екенсiң” де-ген үйреншiктi сөзiн тағы бiр естiп барып дидарласудың сəтi түстi-ау, əйтеуiр. Өткен жаздан берi бiр-бiрiмiзге қаншама етiмiз үйренiп, үйiрсектенсек те, кейде қабағын қарс жауып, “отыр” дегендi зорға айтады жарықтық. Кейде “отыр” демесе де қонжия кетемiн. Бұл жолы жылы жүзбен қарсы алды. Бiр-бiрiмiзге қарама-қарсы жайғасқан бойда:

– Мiне, сексенге де келiп қалдық, есiк қағып тұр, – дедi қабағын керiп. – Мерейтой қалай ұйымдастырылады, қалай өтедi, қайда өтедi, қауым алдында не сөйлеймiн, қандай əндер айтамын, даусым қалпында бола ма, бабым келiсе ме, қазiр күнi-түнi соларды ойлаймын. Ойламасқа болмайды. Естуiмше, құзырлы орындар сексен жылдық мерейтойым-ды алдын-ала ойластырып, қарап жатпаса керек. Шамасы, Мəскеуге баратын шығармын. Қазiр ол деген арман ғой. Егер бара қалсам, бұдан елу жетi жыл бұрын тұңғыш рет əн салған құзырлы консерваторияның салтанатты залында мəскеулiктерге есептi концерт берер едiм.

Шама-шарқым өзiме белгiлi, сүрiнбесем керек. Əлбетте, қазiр ол шақтағы тыңдармандар азын-аулақ болмаса, тiптi қалған да жоқ шығар, əңгiме онда емес. Олар болмаса, кейiнгi ұрпақ, жас өскiндер бар. Мақсатым – солардың на-зарын сахнаға тұңғыш рет шыққан уақыттағыдай – өзiме ау-дару, кiм екенiмдi, əншiлiк қарымымды айшықтау, бiлдiру, қала бердi, жасы сексенге келген əншiнiң əлi де тау бұзардай талабы барын аңдату, айғақтау. Жəне мен жеке концертiмдi бастаудан бұрын былай деген болар едiм: “Қымбатты

96

мəскеулiктер! Достар! Сiздердiң алдарыңызға ұзақ жыл-дардан кейiн аса сағынышты, iңкəр сезiммен келiп тұрмын. Бұл қалада, осы залда сан рет əн шырқап, шексiз iлтипатқа бөленгенiм есiмде, ешқашан ұмытылмайды. Мəскеу мен үшiн өте қымбат, ғаламат шаһар. Бұл қала, күллi орыс елi, орыс жұрты кезiнде менiң екiншi отаным, туған анамдай болған едi, қазiр де солай, қадiрлi мəскеулiктер! Бұл қалада алдымен орыстың, онан соң бүкiл əлемге əйгiлi ғажайып өнер шеберлерiмен таныс-бiлiс болдым, табыстым, қаншама ұлы тұлғалармен қимас дос болдым. Үлкендi аға, кiшiнi iнi тұттым. Айтулы ғұламалардың ақыл-кеңестерiн тыңдап ша-быттандым, шарықтадым. Бiлмегендi бiлдiм, толмағанды толтырдым. Қазiр сол аяулы жандардың рухына тағзым етiп, басымды иемiн. Рақмет сiздерге! “Қалай ойлайсың, дұрыс бола ма, осылай дегенiм?

– Бек дұрыс, ниетiңiзге жетiңiз. Мəскеуде қандай шығармаларды орындамақ ойыңыз бар?

– Негiзiнен орыс, батыс композиторларының кең танымал əн, романс, ариялары. Мəскеуде тұратын өз қандастарымыз да аз емес, əне, соларға (басқаларға да, əрине) қазақтың халық əндерiн шырқау да ойымда.

– Шүкiр, денсаулығыңыз керiм, бəйгеге қосатын тұл-пар дай құлшынып тұрсыз.

– Көпшiк қойма. Сексеннiң аты – сексен. Менiкi – адам өзi қартайса да, көңiлi қартаймайдының кебi ғой. Əйтсе де, денсаулыққа өкпе жоқ. Жақсылықтан үмiттiмiн.

– Көңiл-күйiңiз орнында ма?– Сен не, манадан берi не айтқанымды тыңдамай

отырсың ба, əлде мазақ еткiң келе ме? Айттым ғой жақсы деп. Бiрақ көңiлдiң алай-түлей болатын кезi де жоқ емес. Ой, өкiнiш, мұң-нала да жетедi. Жас кездегi жазатайым жiберген бiлместiк, қателiк-кемшiлiктерге де күйзелемiн, соғыс қиындығын есiме алсам, жүрегiм өртенедi.

– Соғысқа қатысқан жоқсыз ғой, неге олай дейсiз? – Мəселе қатысу-қатыспауда емес, сенi қайдам, мен өзiм

кейде осында жүрiп те бiз тартқан соғыс зардабынан гөрi, майданға барып бiр оқтан шейiт кеткен жауынгер бақытты ма деп ойлаймын. Қателессем, құдай кешiрсiн. Айтпақшы, сен дұрыс түсiн, мен тек қара басымды айтып отырған

97

жоқпын, жесiр ана, жетiм бала, аш-жалаңаштық, сол кездегi көзiм көрiп, куə болған дүйiм жұрттың мүшкiл халi жаны-ма қатты бататын. Əке-шешемiз жанымызда бола-тұра, қиындықтың небiр көкесiн көрдiк. Отбасымызға көмектесу үшiн радиоға диктор боп барғанымды айтқанмын, бiлесiң. Ал ендi сен бiлiп қой. Халықтан əулие ешкiм жоқ. Бəрiмiз халықпен адамбыз. Халықтан қол үзсең – шаруаң бiттi. Алдағы уақытта халық туралы тағы да айтатындарым бар, бəрi ретiмен, жарай ма?

– Келiстiк. Бiр-екi сұрақ боп тұр.– Қысылма.– Сiз əншiлiкпен қатар, белгiлi қоғам кайраткерi де

болдыңыз. Республика Жоғарғы кеңесiне депутат боп сай лан дыңыз. Ұмытпасам, қатарынан бiрнеше рет. Л.И.Брежнев, Д.А.Қонаевтармен жақын жүрдiңiз. Бiреу-лер сiзге Д.А.Қонаев оң көзбен қарағандықтан жеңiл маши-насын бес-алты жылда бiр рет ауыстырып тұрды дейдi. Бiрiншiден, депутаттық мiндеттi қалай атқардыңыз, сайлаушылардың аманаттарын қалай орындадыңыз? Екiншiден, жеңiл машина жөнiндегi сөздер шын ба, лақап па?

– Қазақстанның Жоғарғы кеңесiне төрт рет депутат бол-дым. Ол кезде қазiргiдей алашапқын жоқ, депутаттыққа ешкiм бүгiнгiдей көздерi шарасынан шыға таласып-тартыс-пайтын, қырқыспайтын, билiк кiмдi жөн көрсе, соны сай-лай салатын (сайлаттыратын деген дұрыстау шығар). Бəрi күнiлгерi кесiп-пiшiлiп, тiптi, сенiң келiскен-келiспегенiңе де қарамайтын. Менi де, шамасы, бiр атақты артист қажет болғандықтан сайлады ма екен, анығын бiлмеймiн. Бiрақ депутаттық атқа таңба түсiргенiм жоқ. Аса белсендi боп кетпесем де, өзiмдi сайлаған аймақтарда Мəдениет үйлерiн салуға, оларды музыкалық аспаптармен қамту, оркестр ұйымдастыру, ұлттық киiм-кешек алуға қаржы бөлдiрдiм, базбiр əрiптестерiмнiң пəтер алуына көмек жасадым. Қыс-қасы, кеңестiк дəуiрдегi депутаттық мiндеттердi жаман атқардым дей алмаймын. Совет аудандық партия комитетiне мүше боп сайланған тұста да принциптi мəселелерден тыс қалмай, ұсыныс-пiкiрлерiмдi ешкiмнiң бедел-мансабы-на қарамай, өткiр айтатынмын. Аупартком хатшыларын

98

сынаған кездерiм болды. Сондықтан ба екен, бiреулер менен алыстау жүруге құмбыл-тын.

Ал ендi саған Қонаевпен жақын болғандықтан жеңiл машинасын жиi-жиi ауыстырды деп кiм айтқанын бiл-меймiн, бiлсең өзiң айт. Димекеңнiң көмегiмен бiр машина алғаным шын, бiрақ қайта-қайта жөндетiп, тозығы жет-кенше мiндiм. Қазiргi машинамды көрiп жүрсiң, салдыр-гүлдiр салдаба.

Жасырмаймын, Қонаевпен қарым-қатынасым жақсы бол-ды. Орысша айтқанда, он мог отличить шило от мыла. Туған ұлындай еркелетiп, айтқанымды екi етпей, өнерiмнiң өрге басуына қажет жағдайдың бəрiн жасады. Атақ-марапаттан кенде болмағаным да əуелi бiр құдай, онан соң туа бiткен дарын, қала бердi Димекеңнiң арқасы. Жақын араласпасақ та, менi Л.И.Брежнев те жақсы бiлетiн, ол Алматыда қызмет iстеген шақтарда жолыққан сəттерiмiз болды. Алды ашық, мiнезi кең, қазақтарға оң қарайтын адам едi.

Бiр оқиға еске түседi. 1958 жылы Мəскеуде қазақ əдебиетi мен өнерiнiң онкүндiгi өтпедi ме? Əне, сонда үкiмет бас-шылары Кремльде онкүндiктiң аяқталуына орай қабылдау жасады (соңынан банкет). Оған қазақстандықтардан санау-лы адам қатысты. Мысалы, ағайынды Абдуллиндерден Ри-шат қатысатын боп, Мүсiлiм қалып қойды. Қабылдау бiттi. Банкетке дейiн үзiлiс. Тыныстайын деп коридорға шықсам, жападан-жалғыз Мүсiлiм жүр. Өңi алабұртып, қызара бөртiп алған. “Əй, мұнда нағып жүрсiң!” – десем: “Неге жүрмеймiн, осы қазiр Брежневпен бiрге тұшпараға тойып шықтым”, – дейдi бетi бүлк етпей. “Қалайша?” “Қалайша болсын, оңаша бөлмеде екеуден-екеу тамақ iштiк, басқасы да болды”. “Қабылдауда болдың ба?” “Болған жоқпын”. Ал мен столға алма, жүзiм қойылған қабылдаудан iшегiм шұрылдап, қарным ашып шыққан едiм. Мүсiлiмнiң əлгi сөзiнен кейiн сiлекейiм шұбырып қоя бердi.

– Брежневпен қалай жолықтың? – дедiм тағы да. – Сендер Хрущевпен мəре-сəре боп жатқанда мен Бреж-

невтiң кабинетiне кiрiп бардым. Ол дəмге шақырды. Оның қонақжай екенiн бiлесiң ғой, – деп кеңк-кеңк күледi.

Күлкiсiнде астар бар. Брежневпен бiрге тамақ iшкенiне емес, басқа бiрдеңеге күлетiнiн шамалаймын. Ə, иə, бұл

99

қағынғыр мұнда қалай кiрген, кiм кiргiзген? Соны сұрасам, одан сайын күледi, тiптi, менi мазақ ететiндей.

Онда одақтың бiрiншi басшысы Н.С.Хрущев. Ұмытпасам, Қазақстаннан Мəскеуге таяуда ауысқан Л.И.Брежнев Жоғарғы Кеңестiң Төрағасы. Қабылдауда бəрiмiздiң есiл-дертiмiз Хрущевке ауып, Брежнев болды ма, болмады ма, мəн бермеппiз. Есесiне, түр-түсi Ришаттан аумайтын Мүсiлiм КГБ-ның қырандарын тақырға отырғызып, Кремльге кiрiп кетiптi. Сол бойда Брежневке барады. Ар жағы белгiлi, айт-тым. Онкүндiкте осындай да болған.

– Қонаев жөнiнде бiраз жылы лебiзiңiздi бұрын да бiлдiрiп едiңiз, қазiр де ағыңыздан жарылып айтып отыр-сыз. Димекең орнынан алынған соң қандай жағдайларға ду-шар болғанын да бiлесiз. Азаматтың басына ауыртпалық түсiп, бұрынғы дос-жаран, əрiптестер бiр-ақ сəтте терiс айналғанда, кiмнiң жағында болдыңыз? Аяулы тұлғаның жанына жалау, көңiлiне медеу бола алдыңыз ба? Хабарла-сып тұрдыңыз ба? Қара бұлт сейiлiп, Димекең жадыраған күн нұрына қайта бөленген шақтарда ше?

– Димаш Ахметұлы ұлы тұлға, iрi тұлға. Елдiң ел, жұрт-тың жұрт, қазақтың қазақ болуына сiңiрген еңбегi орасан. Ал ендi ер жiгiттiң басына не келiп, не кетпейдi, ол да бiр кезең. Димекең орнынан түскенде қызметтен кеткенiне емес, қалай кеткенiне, мансап үшiн ештеңеден тайынбай-тын жымысқылардың аттан түспей жатып жағаға жарма-сып, төске шапқанына күйiндiк, налыдық. Қолдан не келедi. Өз басым Қонаевқа қай жағдайда да ешбiр пəле-жала, күйе жұқпасына кəмiл сенушi едiм. Өзiң айтқандай, Қонаев ел-жұрттың бетiне жарқын жүзбен қарап, жаппай құрмет-қошеметке бөленетiн шақ көп күттiрген жоқ. Сол күндерде өз тарапымнан мен де жылы сөздерiмдi айттым, ақ ниетiмдi бiлдiрдiм. “Маған адал екенiңдi бiлемiн, шырағым. Екеумiз де Алматыда өстiк, мұңымыз да, сырымыз да, жырымыз да бiр”, – деп ризалық бiлдiрдi! Зухра Шəрiповна қайтыс болғанда көңiл айттым, қайғысына ортақтастым. Димекең өмiрден озғалы он жылдан асты. Иманы жолдас болып, рухы мəңгi жасай берсiн, басқа не дейiн.

– Əке-шешеңiз, отбасы мүшелерiңiз хақында бiраз мағлұматты өз аузыңыздан азды-көптi таратып

100

айтты ңыз. Жұртшылық ендiгi жерде ұлдарыңыз Ал-мас пен Бай ғали, қызыңыз Иринаның қайда тұрып, кiм болып iстейтiндерiн нақтырақ бiлетiн болады. Əсiресе, Алмас тың америкалықтарға композитор ретiнде та-нылып, шығар ма ла рын шетелдiк өнерлi қазақтардың орындап жүргенi т.б. Бiздiңше, туған iнiңiз Мұрат та осал еместей. Сөз арасында арагiдiк аты аталғаны бол-маса, бұған дейiн Мұрат жөнiнде пəлендей əңгiме болған жоқ. Сол туралы кеңiрек айтсаңыз. Не бiтiрген, қандай жетiстiктерi бар, қазiр не iстейдi дегендей.

– Мұрат соғыстың алдында туылды. Сол шақтардағы ауыртпалықтарды бəрiмiзден көбiрек көрген сол. Киер киiм, iшер асқа жарымай өстi. Бiрақ сағы сынып, мойыған жоқ. Əке-шешемнiң арқасында бiлiмдi, алғыр, мəдениеттi жiгiт болып өстi. Қазақша менен гөрi жақсы сөйлейдi. Оған се-бепкер ана тiлiмiздi ардақта, қастерле деп үйреткен əкем бо-латын.

Мұрат əскерге барып, азаматтық борышын да өтеп қайтты. Консерваторияда оқып, жоғары музыкалық бiлiм алды. Аспирантураны бiтiрдi. Жаман музыкант емес. Жан-жақты сауатты. Халық музыкаларын өңдейдi, аранжировка жасай-ды, орындауға лайықтайды. Ертеректе скрипка ойнаған. Ұзақ жыл Қазақ радиосы мен телевизиясы жанындағы Нүсiпов басқарған камералық оркестрде жұмыс iстедi. Кейiн Нүсiповтiң орнына бас дирижер болды. Өзi жазған төл туын-дылары да баршылық.

Мiнезi əкеме тартқан, тұйықтау. Онша көп ашылмайды. Алайда жаны таза, жүрегi кең, қатқылдығы да жоқ емес.

– Сiзге ұқсайды екен де.– Бiздi салыстырма. Мен өзiмше, ол өзiнше. Оны əлгiде

жаман музыкант емес дегенiмдi қорашсынба. Тегiн адам “Қазақстанның Халық артисi” болмайды. Басқадай мара-паттары да жетедi. Қазiр Алматы қаласының əкiмшiлiгi жанындағы оркестрдi басқарады.

– Жəмилə да сонда iстейдi деп пе едiңiз?– Сонда. Жеке концертке де шығып жүредi.– Елiмiз егемендiк алған жылдары ма, əлде сəл бұрын

ба екен, Музыка қайраткерлерi одағы құрылып, сiз соған басшы болдыңыз. Сол туралы айтыңызшы, қажет пе едi,

101

кiмдер iстедi, қазiр бар ма, жағдайы қалай? Орналасқан үйден айырылып қалды деген рас па?

– Аты дардай ондай одақ болды. Төраға мен едiм. Қаржы да əжептəуiр едi. Iшiмiзде бұрынғы Мəдениет министрi Жексенбек Еркiнбеков, өнер қайраткерi Iзбасар Өтешев бар бiраз адам бiр жағадан бас, бiр жеңнен қол шығара еңбек етiп, тəп-тəуiр жалақы алып жүрдiк. Жер-жерде кездесу, Айман Мұсақожаева, Жəния Əубəкiровалардың концертiн ұйымдастыру т.б. шараларды жүзеге асырып, жұмыс қайнап жататын. Бiрақ бертiн келе əуелi үйден, онан соң күйден ай-ырылып, қаржы сұйылып, қатты қожырады. Қазiр бiржола тарап кетпесе де, өлместiң күнiн көрiп отырған жай бар. Жағдай мəз емес. Таяуда есепшот ашылды. Не шығып, не қоятынын келешек көрсетедi.

Сондай одақ қажет пе едi дейсiң, əрине, қажет едi. Қазiр тiптi қажет. Əлде, қазақта музыка қайраткерлерi аз ба? То-лып жатқан жоқ па? Қаржы табылса, жұмысты бұ рын ғы-дан да жандандыруға болар едi, өйткенi, бiзде тəжірибе бар, қалыптасқан дағды бар. Бұл одақты мен ғана басқаруым керек деген сөз емес, егер қоламтасы қалған мекеменiң оты қайта лаулап жанатын болса, бастық табылады, iсте десе, өзiмнiң де iстей беретiн шамам бар.

– Сiзде бiз бiлетiн атақтың бəрi бар да, бiр ғана “Əлем артисi” деген атақ жоқ сияқты. Оны қашан аласыз?

– Сондай бiрдеңенi құлағым шалады, ол қандай атақ өзi, кiм бередi, қайда бередi, түсiнсем бұйырмасын. Қашан ала-сыз деп мəймөңкелемей-ақ қой. Зəру емеспiн.

– Бүгiнде қазақ опера ардагерлерiнiң көбi бақилық. Сау-саламат жүргендер Кəукен, Бибiгүл, Роза Жаманова, өзiңiз барсыз, iншалла. Сiздерден соңғы буын өкiлдерi Нариман Қаражiгiтов, Бақыт Əшiмова, Шолпан Тоқсановалар да зейнет жасында болса керек. Қазiр көзi тiрi үлкен-кiшi əрiптестерiңiздiң iшiнен кiмдермен араласасыз? Кəукенмен сырласып-мұңдасасыз ба? Кəукен жазады, сiз ше? Сiзде де көл-көсiр дүние аз болмауы керек, ең болмаса, орысша жазуға талпынып көрдiңiз бе?

– Ендi бiздiң жасымызда бұрынғыдай күн демей, түн де-мей сайран құрып, екiнiң бiрiмен араласу қиын. Оңашалыққа iңкəрмiн. Өткенде айттым ғой, өзге түгiлi, өзiмнiң ет жақын

102

тума-туыстарыма да көп елпiлдемеймiн, iздей бермеймiн деп. Сол айтқаным – айтқан. Бiрақ көңiлiмнен шығып жатса, сахнадан əлi де бас тартпаймын. Қалған күш-жiгерiмдi соған жұмсауға құмбылмын. Өзге қалаларда өтетiн салтанатты мереке-жиындарға баруға, гастрольдiк сапарларға шығуға да мүмкiндiк тауып, құдай содан айырмасын деп тəубе етiп жүремiн.

Менiмен танысқалы Кəукендi жиi айтасың, ол неме-не, құдаң ба, жекжатың бе? Мен де айтайын. Кəукен əншi десең əншi, актер десең актер (кинода ойнағандарын ай-там), əзiл-қалжыңға ұста, жазушылығы да бар, ғажап жа-ратылыс. Кiшiпейiл, кiсiлiгi мол. Əйгiлi “Алтыбасарды”, “Бiржан-Сарадағы” Жанботаны Кəукендей орындайтын ешкiмдi бiлмеймiн. Қазiр жасы ұлғайды. Маған қай жағынан да қымбат, аға досым Шəкеннiң iнiсi ретiнде тiптi қымбат. Жақсы қартайып келедi, қазымыр емес, қазына деуге лайық.

Бибiгүл мен Роза Жаманова туралы жетерлiктей айт-қан мын, қосып-аларым жоқ. Бақыт Əшiмова, Шолпан Тоқсанова, Қорлан Халиламбекова, Нариман Қаражiгiтовтер жайында не дейiн, шамаларына қарай еңбек еттi, танылды, атақ-дəрежеге ие болды. Театр есiгiн алғаш аттағанда бəрiне де шын пейiлден ақ жол тiлеп, жақсы ниетiмiздi бiлдiргенбiз. Өзгелердiң көңiлдерiне келмей-ақ қойсын, Қорлан ауқымы кең, амплуасы жоғары, сауатты, операны терең игерген əншi. Кейiнгi толқын iнiлерден театрдың ыстығына күйiп, суығына тоңып жүрген Шора Үмбетəлиев пен Ғафиз Есiмовтiң өнер десе iшкен астарын жерге қоятыны құптарлық. Мəселе елден алабөтен ерекшеленуде емес, жаның қалаған мамандыққа жан-тəнiңмен берiлiп, күш-жiгерiңдi аямай қызмет етуде.

Өзiмнен жасы кiшi əрiптесiмнiң барлығына шығарма-шылық табыс, игiлiк тiлеймiн. Кiм-кiмге де құшағым ашық.

– Əкеңiзбен қатар оқып, дəм-тұздас болған Мағжан Жұмабаевтың өмiр жолы, шығармашылығы, кейiнгi тағдыры туралы кеңiрек мағлұмат бiлуге талпындыңыз ба? Ақынның “Батыр Баян” дастаны бойынша түсiрiлген фильмдi көрдiңiз бе?

– Əкем ашып айтпаса да, отызыншы жылдарда репрессияға ұшыраған қазақ зиялыларының көбiн жақсы бiлетiнi байқалатын. Əсiресе, Мағжан Жұмабаевты. Өз басы сол

103

зобалаңнан аман қалғанына тəубе етiп, артық сөйлемейтiнiн, айналаға екi қарап, бiр шоқитынын бұдан бұрын да еп-теп айтқан секiлдiмiн. Ал оның жалғыз Мағжанмен таныс болғаны үшiн де пышаққа iлiгiп кете баруы бек мүмкiн едi. Бiзге, балаларына сақ жүру керегiн жанамалап бол-са да ескертуден жалықпайтын. Өкiнiшке қарай, Мағжан басқалардан кештеу ақталғандықтан ба, кiтаптарын оқыған жоқпын. Оның үстiне, қазақша емiн-еркiн оқи алмаймын. Мұхтар Əуезовтiң “Абай жолы” романының аудармасын оқыдым. Орысшасы мынадай болған соң, қазақшасының қандай екенiн шамалауға болады. Кiтаптан тек Абайдың емес, күллi қазақ жұртының болмысын көрдiм, сездiм, та-ныс тым. Ғаламат!

Мағжанның “Батыр Баян” дастаны бойынша фильм тү-сi рiл ге нiн естiгенмiн, бiрақ көрген жоқпын. Көргiм ке ле дi-ақ.

– Спортқа қалай қарайсыз, жанкүйер дейдi ғой.– Спортты ұнатпайтын ешкiм болмаса керек. Бiрақ спорт-

тың да спорты бар, жанға жақыны, жақын емесi дегендей. Мəселен, мен спорттың бiр-екi түрiне ғана құмбылмын, басқасына уақыт жоқ. Сондықтан жанашыр десе бiрсəрi, жанкүйер деу артықтау болады.

Ертеректе гастрольдiк сапармен Индонезияға бардық. Ондайда спектакль қойылмайтын, қойылғанмен мен қатыспайтын қол бос күндер болады. Сондай күндердiң бiрiнде ел астанасының спорт клубында бокстан əлемдiк жа-рыс өтiп жатқанын естiп, тамашалауға бардым. Тiлдi жақсы бiлмеймiн, ешкiммен сөйлесе алмай, өзiммен-өзiм отырмын. Сайыскерлер сапындағы Қазақстандық жiгiттердiң алаңға шығуын тағатсыздана күтемiн. Шынымды айтсам, бұған дейiн қазақ боксшыларының бiразын – сырттай болмаса – көрген де, бiлген де емес едiм.

Бiр кезде шаршы алаңға екi бiрдей ауыр салмақты бок-сшы шыға келдi. Өз тiлдерiнде сөйлесе де, хабарлаушының Қазақстан, Əбдiсалан Нұрмаханов дегенiнен жерлесiмiздiң айқасқа түсетiнiн ұқтым. Шашы кiрпiдей, қабағы қату, қасы қалың, түсi суық, шомбал қара жiгiтке əлi жұдырық түйiстiрмей жатып жападан-жалғыз қалай қол соққанымды бiлмей де қалдым.

104

Жарыс басталды. Екi көзiм Əбдiсаланда. “Е, Алла, е, Аруақ, жар бола көрiңдер!” – деп жалбарынамын. Абырой болғанда, қазақ жiгiтi өзiнен əлдеқайда iрi зəңгiнi екiншi ра-ундта сұлатып салып, өзiнiң де, бiздiң де мерейiмiздi асырды. Көзiмнен жас ыршып кеттi. Бұл сол кезде кең танылған ауыр салмақты боксшы Əбдiсалан Нұрмаханов едi. Ол сайысқа түсетiн күннiң бəрiнде барып, жанашырлық көрсетiп жүрдiм. Танысып алдық. Ақтық сайыста жеткен жеңiсiне куə болдым. Құттықтадым. Танысып алдық дегенiммен, ол менi сыртым-нан жақсы бiлетiн болып шықты. Мен қатысатын опералар-ды тыңдап жүредi екен. Мұны өз өмiрiмдегi айрықша оқиға болғандықтан айтып отырмын. Одан кейiн де Əбдiсаланның өнерiне талай тəнтi болдым. Бокс ғажап спорт.

Таяуда Астанада тағы бiр боксшымен ұшырастым. Шағын денелi, шымыр келген, бұлшық еттерi қатқан қайыс-тай, орта бойлы. Көзi өткiр, өңменнен өткендей. Жуырда Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында кəсiпқой бокстан чемпион атанды. Оны сонда ұлтжанды азамат Иманғали Тасмағамбетовтың жерден тiк көтерiп алып, елден-ерек құрмет көрсеткенi, жаңа пəтер кiлтiн сыйлағаны жарасым-ды болды. Марат Мəзiмбаев қой айтып отырғаным, бiлетiн шығарсың. Əне, сол жолы Маратқа бүйрегiм бұрып, риза болғаным сонша, ақ батамды берiп, ақшалай көрiмдiк ұсындым. Шын пейiлден. Қазағым үшiн. Халқымның батыр ұлына деп.

Анау жылдары – жасырақ кезде қолым қалт етсе, фут-бол көру үшiн стадионға баратынмын. Онда да “Қайрат” ойнағанда. Басқасына зауқым соқпайды. Мəскеуге жолым түскенде, атақты Лужникиге бiр соқпай кетпейтiнмiн. Оның жөнi бөлек қой. Нағыз рахат. Немене дейсiң, жанкүйер дедiң бе, жанкештi жанкүйер болмасам да, спортқа жанашырлығымның сиқы осы. Қазiр жас ұлғайды, үйден көп шықпаймын. Көңiлiм қалайтын спорт хабарларын теле-дидардан көремiн.

Қызыл сөз деймiз бе, ақылды сөз деймiз бе, сөзден жалығамын, тез шаршаймын. Бiр-екi əзiл айтайын. Бiрде бiр қу менi не айтар екен дедi ме, кiм бiлсiн, кездескен бойда: “Сүйiншi, “Севиль шаштаразын” қазақшаға аудардым”, – десiн. “Иə, музыкасын кiм аударды?” – дегенiме: “Оны ма,

105

италия тiлiнен” “Сыдық Мұхамеджанов аударды”, – деп ұстатпай кеттi.

Ендi бiр жолы баяғыда Мəдениет министрi болған Лəйлə Ғалымжанова бар емес пе, тумысы көкшетаулық, маған апа боп келедi, əне, сол кiсi өзiмсiне сөйлеп: “Ермек, құлағым ша-лып жүр, iшедi екенсiң, оныңды қой”, – деп ескерту жасады. “Жарайды, айтқаныңыз болсын, бұдан былай жоламаспын”, – дедiм. Ол ескертуiм текке кетпедi, айтқаным орындалатын болды дегендей əжептəуiр масаттанды. Соны байқадым да: “Иə, iшпеймiн, бiрақ глубокое подпольеге кетемiн”, – дедiм. Өңi сəл бозарған ол: “Əй, саған дауа жоқ, көзге түспе, түссең обалың өзiңе”, – деп жымиған болды.

– Көптен берi сiзден бiлгiм келiп жүрген бiр түйiт-кiл бар едi. Ертеректе түсiрiлген “Бiздiң сүйiктi дəрi-гер” фильмiнде сiзбен бiрге дəрiгердiң туған күнiн ұйым-дастыруға жанын сала жүгiрiп жүретiн қыз ба, келiншек пе, жас əйел бар едi ғой. Кейiн көрiнбей кеттi. Театр ак-трисасы ма, əлде киноға кездейсоқ келген адам ба, белгiсiз. Сол кiм едi, бiлесiз бе?

– Ə, ол кiм ғой əлгi, анау атақты суретшi, əрi киноак-триса Гүлфайрус Ысмайылованың туған сiңлiсi, аты – ұмытпасам – Рая. Фамилиясы Исмайылова. Ол жөнiнде ме-нен басқалар да сұрайды. Ептеп бiлуiмше, фильм экранға шық қан соң ұзамай Рая үйiнен шыққан да, керi оралмай, iз-түзсiз жоғалып кетiптi. Солай деп бiреулерден естiгенмiн. Көп жылдардан кейiн тағы бiреулер Раяны Ташкент жақта əлдебiр өзбектердiң үйiнен көрдiк дептi. Шын ба, жалған ба, бiлмеймiн. Өте ибалы, кiшiпейiл, сезiмтал қыз едi. Анық-қанығын бiр бiлсе, апасы Гүлфайрус бiлсе керек. Бiрақ он-сыз да сыздап жүрген жүрек жарасын тырнағандай боп керегi не? Əрине, аянышты. Кинодан көрген сайын менiң де жүрегiм сыздайды. Ой, дүние-ай! Опасыз жалған деген осы екен де.

– Арғы-бергiдегi сiз құралпас iрi тұлғалар əртүрлi мамандық иелерiмен, өндiрiс пен шаруашылықтағы белгiлi адамдармен, қоғам қайраткерлерiмен əмпей-жəмпей араласып, сыр бөлiсiп, бiр-бiрiнiң ыстық-суығына ортақтасып жүргенiне айғақтар мол. Сiз ше? Осы жасыңызда кiмдермен қарым-қатынас жасайсыз?

106

– Өндiрiс, шаруашылық адамдарымен араласым жоқ есебi. Өнердегi қатарластарым сиредi ғой. Жүректерi дауала-май ма екен, мен ықылас бiлдiрмесем, жастар өз беттерiнше жолай бермейдi. Бiз сол – негiзiнен үлкен-кiшi əрiптестерiмдi айтып отырмын – салтанатты кеш-жиын, ресми бас қосу, мерекелiк концерт, қала бердi, консерваторияда дидарла-сып, əңгiме-дүкен құрамыз, сырласамыз, пiкiр алмасамыз. Роза Бағланова телефон соғып, аман-саулық сұрап тұрады. Бибiгүл де. Оқта-текте Роза Жамановамен жолыққанда бiр жасап қаламыз. Обалдары қайсы, көз көргеннiң аты – көз керген, менiң кедiр-бұдырымды олар көтерiп, олардың ер-ке-назын мен көтерiп дегендей, өзiмiзше рахаттанамыз, мəз-мəйрам боламыз. Iзiмiздi басқан iнi-қарындастарымыз ақыл-кеңес сұраса, бiлгенiмiздi айтамыз, аянбаймыз.

Ал ендi ақын, жазушы, сəулетшi, суретшi, тағы басқа-лармен де, шыны керек, онша əмпей-жəмпей емеспiн, тiл табуым да қиын. Бiрақ бұл өзiмдi олардан мүлде аулақ ұстаймын деген сөз емес. Ыңғайына қарай, сирек те болса жүз көрiсiп, бiр-бiрiмiзге iлтипат бiлдiрiп жүретiн ағайындар табылады.

– Сiз өнер əлемiне қадам басқалы мəдениет сала-сын басқарған талай министрдi көрдiңiз, бəрiн бiлесiз. Олардың бiразы туралы осы сұхбат барысында азын-аулақ көзқарасыңызды бiлдiрiп, құдайлық сөзiңiздi айттыңыз да. Бұл жолғы сөз төркiнi басқа. Мысалы, анау бiр ауыс-түйiс жылдарда репетицияны тренировка, декорацияны фейерверк дейтiн министрлер хақында ел аузында неше қилы алып қашпа, күлкiлi əңгiмелер айтылып, тiптi бұқаралық ақпарат құралдарында да жазылып жүрдi. Хабарыңыз бар ма?

– Барлығын өзiң бес саусақтай бiлiп отырып, несiн сұ-рай сың, əлде арандатпақ ойың бар ма? Шөптiң басы жел тұрмаса қимылдамайды. Өз басым аузынан сөзi, қойнынан бөзi түскен министрлердi көрмедiм, бiлмедiм деп күнəкар бола алмаймын. Ондайлармен сөйлескен де емеспiн, басқа айтарым жоқ.

– Осы уақытқа дейiн “Фигароның каватинасын” орын-дайтын Сiзден бөлек қазақ əншiсi жоғына өкiнетiндер

107

жеткiлiктi. Осы олқылықтың орнын қалай толтыруға болады? Бұл туралы əлi ештеңе айтқан жоқсыз.

– Айтпаған себебiм, оны мен де, басқа да бiлмейдi. Əйтпесе, даусы да, бiлiмi де жетерлiк жастар аз емес. Бiрақ əзiрше олқылық орны толып тұрған жоқ. Менiңше, күрделi опералардағы күрделi партияларды орындау үшiн дарын қуаты сұрапыл, бiртуар əншiлер керек. Тағы да мақтанды дейсiң ғой, десең дей бер, мəселен, мен сияқты əншi əлi күнге шықпай жатса, амал не? Себебi əрқалай. Бiрiншiден, ондайларды Мұқан Төлебаев секiлдi дер шағында тани бiлу, көре бiлу, баулу лазым. Екiншiден, ол жас талапкер мейлiнше еңбекқор, алғыр болуы, жатпай-тұрмай iзденуi шарт. Тумай жатып атаққұмар, салбөксе, керенау-кердең, елiкпе-желiкпе болса, түк те шықпайды. Онан кейiн мендегiдей ерекше үн, бiртуар ырғақ сирек кездеседi. Қолдан жасай алмайсың. Өзiм де қиялдап жүремiн. “Шiркiн-ай, талантты бiреу көзiме түспей, назарыма iлiкпей жүр-ау, егер кеудесiнде оты, шыбы-ны бар жас болса, ештеңемдi аямай, бағып-қағып, көзiмнiң тiрiсiнде қатарға қосар едiм”, – деп. Иə, екiнiң бiрi Серкеба-ев бола алмаса, ол менiң кiнəм емес, тағы қайталаймын, хас дарынды табиғат жаратады. Ондайлардың көп болуы мүмкiн емес, көп болса, қадiрi кетiп, əрi жер бетiне сыймай кетпес пе едi?! Мəселе сонда.

– Астанадағы опера жəне балет театрының аяқ алы-сы қалай, болашағына сенесiз бе, кадрларына көңiлiңiз тола ма? Жалпы пiкiрiңiз, көзқарасыңыз қандай?

– Алдымен мынаны айтайын. Елiмiз тəуелсiздiк алға-лы берi бұрын өнер ордасы болмаған бiрқатар облыс орта лықтарында драмалық, музыкалық-драма театрлары ашылғаны орынды. Оны көрегендiк деп те айтуға болады. Ал жаңа астанада жаңа опера жəне балет театры ашылма-са не болғаны?! Ашылды, ол да орынды. Рас, бiрден ашу оңай емес, көп дайындық, жан-жақты əзiрлiк қажет едi. Осы өзiмiздiң Абай атындағы опера театрының қандай қиындықпен шаңырақ көтергенiнен хабарың бар шығар. Бүгiн жағдай басқа, мүмкiндiк басқа. Астана қаласында елiмiздегi екiншi опера театрының жылдам ашылуы соның арқасы. Аяқ алысы қалай дейсiң, қалай болады, əлi отау тiккенiне көп болмағанын ескерсек, жаман деуге келмейдi.

108

Онда жиi барып, тығыз араласпасам да, сырттай шамала-рын байқап жүремiн. Қазiр кəсiби мамандар жеткiлiктi, көп қиналмай аяқтанып кетулерi содан болар деп ойлаймын.

Кадрлардың бiразы бiзден – Алматыдан барды. Режиссер, дирижер, əншi, бишiлердiң бiлiгi, тəжірибесi баршылық. Iздену, шыңдалу, əрi қарай өсiп-өркендеу бөлек əңгiме. Айт-пақ шы, ол театрға халқымыздың ғаламат əншiсi Күлəш Байсейiтованың есiмi берiлгенi қандай ғанибет болды десейшi!

Астанаға жолым түссе, соқпай кетпеймiн. Таныс-бiлiстер-мен əңгiмелесiп, ақыл-кеңес сұрайтындарға бiлгенiмдi ай-тамын. Жыл сайын өтетiн Күлəш Байсейiтова атындағы əншiлер байқауында да көп нəрсеге көз жетiп, дарын көздерi ашылады. Əзiрше жас ұжым мүшелерi iшiнен ешкiмнiң аты-жөнiн бөле жарып атамай-ақ қояйын. Олай ету мендей адамға жараспас та. Ең бастысы, мемлекетiмiзде екiншi опе-ра театры бар ма, бар. Күндердiң күнiнде əйгiлi өнер ордасы атануына алғышарт бар ма, менiңше, ол да бар. Алдарынан жарылқасын.

– Қазақ арасында руға, жүзге бөлiну бар, одан қайтсек құтыламыз деп дабыл қағатындар аз емес. Тiптi, ешкiм сұрамаса да, салған жерден өз-өзiнен мен руға, жүзге бөлiнбеймiн, ондайға қарсымын немесе “рушылдық дендеп тұр”, “жүзшiлдiк өршiп тұр” деп көлгiрситiндер жыр-тылып айырылады. Сiз не дейсiз? Бөлiну бар ма ? Кiмдер бөлiнедi? Қалай бөлiнедi? Бөлiнудiң көрiнiсi қандай? Өзiңiздi руға, жүзге бөлгiсi кеп, үгiттейтiндер болды ма, олардың шылауына ерiп кеткен жоқсыз ба?

– Көңiлiңе келмесiн, бұл айтып отырғаныңның бəрi құлақты əбден мезi етiп, жауыр болған нəрселер. Не сонда, ру мен жүздi ойлап тапқан бабаларымыз ақылсыз ба? Бiле бiлгенге, ру мен жүз ұлан-байтақ жердi сақтау, тұтастық, бiрлiк үшiн қажет болмады ма? Қаны бiр қазақ қашанда бiр халық, солай болған, бола да бередi. Үш арыстың баласы тiзе қоса ғұмыр кеше бередi. Ал ру мен жүздi сан саққа жүгiртiп, жоқ жерден астар iздеп, қолдан жасаған қоқырсықты шар-шамай қаузайтындарға обал жоқ. Адам болғасын, халық болғасын, русыз да, жүзсiз де өзара дау-шар, кикiлжiң, бақталастық, түсiнбестiк туындамай, белең алмай тұрмайды.

109

Оларды ру мен жүзге тели беру əбестiк. Солай екенiн ру, жүз тұрмақ, бiр əкеден туған үш ұлдың арасындағы салқындық, күншiлдiк, қырғи-қабақтан да аңғару оңайдың оңайы емес пе? Өзiң ойлашы, кез-келген отбасы мүшелерiнiң арасынан үш жүздiң өкiлдерiн көрiп жүрген жоқпыз ба?

Əлгi сен айтқан “мен руға да, жүзге де бөлiнбеймiн”, не “жүзшiлдiк өршiп тұр”, “рушылдық ұлып тұр” дейтiндер өз атын өзi шақыратын көкектер. Айрандай ұйыған қауымды сүттей iрiтiп, алатайдай бүлдiретiн де солар, менiңше. Он-дайлардан сақ болу керек. Руласын, жүздесiн ардақтау, аялау, сыйлау, азды-көптi қолғабысын тигiзу бөлiнуге жатпайды, қайта ағайынгершiлiк, туыстықтың бiр белгiсi. “Өзi жақсыға бiр кiсiлiк орын бар” дейтiн қазақ жақсыларды ешқашан жатсынбаған. Сондықтан өзiң жақсы бол, екi көзiң жымси-ып, мен кереметпiн деп сызданба, көлгiрсiме, көпiрме, қой терiсiн жамылма, сақалыңды бұлдама.

Өз басым руға, жүзге бөлiнудiң қандай болатынын, не екенiн бiлмеймiн, бiлгiм де келмейдi. Бəлкiм, адами бол-мыс, мiнез-құлқымда пендешiлiктер, кемiстiк, кемшiлiк, шəлкем-шалыстықтар бар шығар, бiрақ Серкебаев жүзшiл, рушыл дегендi бiр пенде айтқан емес, айта да алмайды. Рас, оңтүстiк, солтүстiк деп қалатыным бар, алайда, бұл да бөле жарылудың нышаны емес, оңтүстiк, солтүстiк, батыс, шығыс – барлығы өз отанымыз, қазақтың отаны, кiндiк қанымыз тамған атамекен. Оны бiр кiсiдей бiлемiн.

Менi руға, жүзге бөлгiсi кеп үгiттегендер болды ма дей-сiң, кiм үгiттейдi, қалай үгiттеуi мүмкiн?! “Жетi атасын бiл меген жетесiз” дегендей, құдайға шүкiр, ата тегiмдi бiлемiн, орта жүз, абақ кереймiн. Күбiр-сыбырын қоздатып, керейсiнiп кердең қағатындар маған жолай алмайды. Ақ ни-етпен келетiн қай қазаққа да құшағым ашық, төрiм дайын, дəм-тұзым əзiр.

– Қазақстанның дербес мемлекет болғанына қалай қарайсыз? Қазақ халқының болашағы туралы не ойлай-сыз?

– Осы сұрақ үнемi алдымнан шығады. Саясаткер бол-мағандықтан, жеке пiкiрiмдi айтайын. Мiне, қазiр мен ешкiмге есеп бермей, жалтақтамай, жалынбай, еркiн ғұмыр кешулiмiн. Киiмiм бүтiн, ас-суым əзiр. Кiмге болса да ой-

110

пiкiрiмдi бүкпестен ашық айтамын. Бұрын қалай деген-де де өзiмiздi əлдебiр көзге көрiнбейтiн тар қапас, бұғауда жүргендей сезiнушi едiк қой. Қазiр олай емес. Мұның бəрi тəуелсiз ел болғанымыздың арқасы. Бiрақ өткенге топырақ шашпау керек. Өткендi қаралау, барлығы жаман болды деп күстаналау арға сын болады.

Ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, қолдарын жеткiзе алмаған тəуелсiздiгiмiздi жан-тəнiмiзбен құптай оты-рып, кеңестiк дəуiрдiң ұнамды жақтарын қалай ұмытамыз? Мəселен, жастарды алсақ, сəбилер алдымен бала бақшада тəрбиеленiп, онан соң мектеп есiгiн ашысымен октябрят, пи-онер, комсомол қатарында адамдық, тазалық, бауырмалдық, патриоттыққа баулынбаушы ма едi?! Қазiр солардың бiрi жоқ, экономика дамып, əл-ауқат жақсарғанмен, жастар тəрбиесi ақсаулы. Менiңше, бiр бетбұрыс жасамаса, жағдай ушыға түсуi мүмкiн. Осыны көп ойлаймын, толғанамын, тебiренемiн. Көшеде ауыздарына келгендi сөйлеп жүретiн бейбастық жастар көбеймесе, азаятын түрi көрiнбейдi. Неге?

Онан соң кеңестiк кезде тұрмыстық тұрғыдан қанша қиналсақ та, оқып бiлiм алдық, мақсатқа жеттiк, атақ-абыройға ие болдық. Оны қалай жоққа шығарамыз? Əсiресе, менiң жасымдағы адамдардың көңiл-күйiн дұрыс түсiну ке-рек. Əр сөзге жармасып, өткендi көксейдi дей беру жарамай-ды. Ақ пен қараны бiз де айыра бiлемiз.

Ал халқымның болашағы жарқын екенiне кəмiл сенемiн. Қазақ небiр қиындықтарды бастан өткерген. Ендiгi жерде төзiм берсiн. Ынтымақ болсын.

– Егер кеңес өкiметi болмаса, осындай дəрежеге жетер ме едiңiз десем, шамданбайсыз ба?

– Əй, қазiр ғана айтқан жоқпын ба, неге шамданамын? Кеңестiк дəуiрден бұрын Ресей патшалығының боданын-да өмiр сүрген қазақтар iшiнде де сауатты тұлғалар болды, бiрақ халық жаппай сауатты бола алмады. Ол кеңес дəуiрiнде жүзеге асты. Төңкерiстен бұрын мендей адам шықты ма? Шыққан жоқ. Неге? Мүмкiндiк болмады. Бəлкiм, Ақан серi, Бiржан салдардың əншiлiк шеберлiгi менен əлдеқайда жоғары, табиғи дарындары артық болған шығар, бiрақ олар-ды опера əншiсi деп ешкiм айтпайды ғой. Сондай-ақ, мен сол

111

заманда ғұмыр кешсем, анау қуғын-сүргiннен көз ашпаған Балуан Шолақ, Мəди, Иманжүсiп, Құныскерейлердiң жолын құшуым мүмкiн бе едi? Əлбетте. Сондықтан əр нəрсенiң аражiгiн ажырата бiлу, қай нəрсеге де бiржақты қарамау ке-рек. Жарылсаң жарылып кет, егер Кеңес өкiметi болмаса, мен мұндай дəрежеге жетпес едiм. Бəрiн бiлiп отырып, ағысқа қарсы жүзесiң, ə? Бiлемiн, менi бақылдатып сөйлеткiң келедi.

– Қалай ойлайсыз, сiздiңше, мемлекетiмiзде басы ашық идеология бар ма, əлде жаңа идеология қажет пе?

– Қазiр идеология бар деп те, жоқ деп те айта алмай-мын. Бiр қарағанда, күнделiктi айтылып жүрген əңгiмелер, үгiт-насихат, бұқаралық ақпарат құралдарындағы мəлiмет-мағлұматтардың барлығы əлдебiр аузы-мұрны бiтеу идео-логия ға ұқсайтын тəрiздi. Бiрақ басы ашық емес, бұл-дыр, бұлыңғыр. Менiңше, əлемге танымал боп отырған мемлекетiмiзге кiмге болса да ұғынықты, төрт құбыласы тең, кешендi идеология қажет. Оны жалғыз мен емес, бəрiң ай-тып жүрсiңдер. Айшықты идеологияны қалай жасау керек? Мəселе сонда. Жалғыз адам жасай алмайды. Шүкiр, аузын айға бiлеген бiлiктi ғұламалар аз емес, солардың жəне басқа қауым өкiлдерiнiң ақыл-көмек, атсалысуымен iске асырған жөн шығар деймiн. Сұраған соң айтып жатырмын, əйтпесе, бұл менiң ақылыммен тынатын шаруа емес.

– Есiткен құлақта жазық жоқ, сiздiң əулетiңiздi орыс-танып кеткен дейтiндер ұшырасып қалады.

– Оттай берсiн. Мен саған айтқанмын, бiз əкемiзден бастап интернационалдық отбасы болғамыз деп. Қарша-дайымыздан орыс мектебiнде оқып, тəлiм-тəрбие алдық. Балаларымның бəрiнiң анасы орыс. Iнiм де солай. Бiр келi-нiм орыс. Есесiне, бiздерде қазақы рух, ұлтжандылық ба-сым. Ал сенiң əлгi ауыздарына ие бола алмайтындарың ше? Өзi де, əйелi де ауылда туып-өссе де, қалаға орныққан соң бала-шаға, немере-шөбересi түгел орысша сөйлейтiн, тiлден де, дiлден де мақұрым пақырлар өрiп жүр ғой. Немене, олар сенiңше, орыстанған емес пе? Қарап тұрсам, бiзден де мүшкiл. Үй-iштерiнде тек кемпiр мен шал тақылдап қазақша сөйлейтiн ондайларды зиялы деуге аузым бармайды. Олар-мен салыстырғанда бiздiкi қайта заңдылау ма деп ойлай-

мын. Кейбiр керауыздар сондай бықсықты маған да айтады. Жығылып жатып, сүрiнгенге күлетiн бейбақтар алдымен өз жөндерiн жөндеп алса, қатып кетер едi.

* * *Осылай деген маэстро бiразға дейiн жұмған аузын аш-

пастан, оқтау жұтқандай сiресiп отырды да, “бүгiнге жетедi” деп маңдайын сүрттi. “Жүр, шұбат iшейiк”, – дедi. “Шұбат таза, алкоголы жоқ, денсаулыққа пайдалы, қымызда шалық болады”, – дедi тағы да.

Шұбат iштiк. Онан соң Ерекеңнiң Мəскеудегi “А студио-да” жетекшi болып iстейтiн ұлы Байғали жiберген үнтаспаны тыңдадық. Кiлең романс. Орындаушы – Ерекең. Шетiнен ғажап.

– Мұндай үнтаспа еш жерде, Алматыда да жоқ, тек менде бар, – дедi маэстро.

– Əй, сенiң сұхбатың таусыла ма, жоқ па? – дедi қоштасарда.

– Тағы бiр рет сұхбаттассақ сонымен бiтедi, – деймiн.– Ал жақсы, қош бол!– Сау тұрыңыз, Ереке!Далаға шықсам аспан түнерiп, жаңбыр сiркiрей бастап-

ты.

113

“Көргенiм де, бiлгенiм де көл-көсiр”

Бұл жолы араға бiраз уақыт салып барып жолықтық. Бiрақ бұған дейiн Кəукен Кенжетаевтың мерей кешi, Нау-рыз мерекесi т.б. жерлерде дидарласып, сəлемдесiп жүрдiк. Ұлы əншiнiң көңiлi қош, қабағы ашық. Күлiм қаққан көздерi мейiрiм төгiп, жадырай қарсы алды. Менi отырғызған бой-да жапсарлас бөлмеден əлдебiр айшықты қағазды əкелiп столға қойды да: “Бүгiн төбем көкке жетiп, шаттық құшағында отырмын, – дедi даусын сəл көтере сөйлеп. – Мə, қарап шық. Қалғанын сонан соң сөйлесемiз”, – деп тере-зеден сыртқа көз жiбере қырындай отырды.Қағаздағы мəтiннiң мазмұны шамамен былай: “Екiншi

курс студентi Анастасия Алмасқызы Серкебаева айрық-ша еңбекқорлығы, табандылығы жəне үздiк өнерi үшiн көп қауым жоғары бағалайтын Лео Флинндi еске алуға арналған байқаудың жүлдесiмен марапатталады. Тэд Коскорес. Директор”.

– Өзiң бiлесiң, ұлым Алмас Америкада ас iшiп, аяқ бо-сатып жүрген жоқ. Талмай iзденiп, үйренiп, шыңдалып, өзiн танытып, қала бердi, жер бетiнде қазақ деген дарынды халық барын əйгiлеп, шама-шарқынша талпынуда, – дедi Ерекең ерекше əсерленiп. – Төл шығармаларымен де та-нылуда. Өткенде құзырлы өнер ордаларының бiрiнде өткен концертте қандай табыстарға жеткенiн айттым, Нью-Йоркте iссапарда жүрген Дүйсен Қасейiнов сол концерттен шыққан бойда қуанып телефон соқты деп.

Ендi мiне, Анастасия немерем де əкесiнiң iзiмен аме-ри ка лықтардың назарына iлiнiп, қанаты қатайып келедi. Бұған дейiн қара басып, саған айтуды ұмытып кетiппiн, бұл Анастасияның бiздi бiрiншi қуантуы емес, осыдан үш жыл бұрын да үлкен биiктен көрiнiп, мəз-мейрам еткен. Оның

114

дəлелi мынау, мə, таныс, – деп екiншi қағазды алдыма таста-ды. Оқып шығысымен:

– Мəссаған, мұны осы күнге дейiн неге бiлмегенбiз, – дедiм қуанып. – Құттықтаймын, Ереке! Қарапайымсыз ғой, мақтануға жоқсыз. Сiздiң, орныңызда басқа бiреу болса алдақашан-ақ...

– Жеттi! – деп сөзiмдi бөлiп жiбередi. Даусы ызғарлы. – Мипаздауға шеберсiң. Оқыдың ба, соны айт.

– Оқыдым, – деймiн жасқана сөйлеп.Мақтансаң қазақ, мақтан дегендей, Ерекеңнiң де, жылы

хабарды алыстан қас қағымда жеткiзген оның ұлы Алмастың да жан сезiмдерiн түсiну қиын емес. Екiншi қағаздағы сөздердiң салмағы алғашқыдан артық болса артық, бiр мысқал төмен емес. Мiне, қараңыз.

“Президенттiк грамота.Оқудағы ерекше үлгерiмi үшiн Анастасия Серкебаеваға

2003 жылы берiлдi. АҚШ Президентi”.– Қалай? – дедi маэстро саңқ етiп. – Солай, бауырым.Түр-əлпетiнен əлгiдегi жекiргенiнен мысым басылып,

жүнiм жығылыңқырап отырған менiң еңсемдi жазып, көңiлiмдi көтермек ниетi байқалады. Бетiме мейiрлене қарады да, сөзiн жалғастырды.

– Балаларым қайда жүрсе де ұмытпай, хабарласып тұ-рады. Жақсылықтарын алдымен Əлфия екеумiзбен бөлiсе-дi. Бiрақ гəп онда емес, мəселе Америка секiлдi үлкен елдiң бiрiншi басшысы қатардағы көп оқу орнының бiрiнiң қарапайым оқушысына жоғары үлгерiмi үшiн iлтипат бiлдiрiп, iзгiлiк танытуында. Оның үстiне, алыстағы қазақ жұртынан барған қызға. Алайда, Америка президентi олай деп қарамайды, оған кiм болса да бəрiбiр. Тек үздiк оқыса болды. Өзiң ойлашы, онда үлкен-кiшi оқу орындары толып жатқан жоқ па? Солардың бəрiне ден қойып, көз қырында ұстау үшiн қаншалық ыждаһат керек? Бұл нағыз көрегендiк, тектiлiк десе де артық емес. Мүмкiн, Анастасияның оқуға түскен соң үш жылдан кейiн атаулы жүлдеге ие болуы-на АҚШ Президентiнiң сол ыстық ықыласы, қолдауы дем берген шығар. Бiзде ше? Демiне нан пiскен, өңшең рефор-машыл уəзiрлер осындай үрдiстердi неге жүзеге асырмай-ды, неге дер кезiнде Нұрекеңнiң есiне салмайды. Айна-

115

ласындағы аларман-шабармандары алысты болжайтын сайыпқыран болмаса, жалғыз Нұрсұлтан қайсы бiрiне же-тедi, бiр өзi не iстей алады деп айтып едiм ғой. Аты кiм едi, орта мектептердi он жыл емес, он екi жылдық етемiн, жоғары оқу орындарындағы студенттердiң төлемақысын еселеп көбейтемiн деп орнынан түсiп қалған бiреу бол-ды ғой, əй, сондағы қарнымның ашқаны-ай. Қашан көрсең көсiлiп сөйлеп жататын қазiргi министрдiң де не тыңдырып, не қойып жатқанын жақсы бiлмеймiн, əйтеуiр, өзi орнынан тайғанша жүзеге асуы қиын тағы бiр реформаны қоздатып жiбермесе болғаны да. Одан да жастардың тиянақты бiлiм алуын қадағалап, көкейге қонатын iстермен айналыссын, бақыласын, елбасымыздың құлағына жеткiзсiн, мəселе көтерсiн. Саған екi бiрдей қағазды көрсеткендегi мақсатым немеремнiң жақсы оқығанына жалаң масаттану емес, сол нəрселердi де айту едi. Батыс елдерiндей болғымыз келедi екен, дұрыстап болайық, елiктеп-солықтамай, жақсы жақта-рын алайық, дарақыланып далбақтамайық.

– Апырай, Ереке, он түйеге жүк болардай сөз айт-тыңыз-ау.

– Сен дұрыс түсiнiп отырсың ба, соны айт, – деп қабағын түйдi. – Артық болса, жазбай-ақ қой.

– Жо-жоқ, артығы несi, белгiлi жайлар ғой, құдай сақтасын. Рұқсат етсеңiз, бiр-екi сұрақ бар едi.

– Сұрақ кейiн. Менiң де көрген-бiлгендерiм бар. Соларды айтуым керек. Неге үндемейсiң?

– Айта берiңiз, құлағым сiзде.– Əлi есiмде, жасым алпысқа толғанда Социалистiк Еңбек

Ерi атағын алдым. Əзiрге айтарым, сол оқиғадан кейiн көп ұзамай Алматыда Республика Жоғарғы Кеңесiнiң кезектi сессиясы шақырылып, оған Кеңес мемлекетiнiң АҚШ-тағы елшiсi (аты-жөнi жадымда жоқ) Добрынин келдi. Мен Рес-публика Жоғарғы Кеңесiне депутатпын. Отыратын ор-ным – президиумның артқы жағы. Соған өте бере алдыңғы қатарда – iшiнде Д.А.Қонаев та бар, отырғандарға басымды идiм. Сол-ақ екен, Қонаев орнынан жылдам тұрды да, ма-ған қарап қол соқты. Басқалар да тұрып, зəулiм сарайдың iшiн шапалақ кернеп кеттi. Бұл менiң жақында Еңбек Ерi болғаныма жəне Қазақ мəдениетiне деген құрмет едi. Жұрт

116

тынышталған соң орныма барып отырдым. Кенет сессияны жүргiзушi əй-шəй жоқ, “сөз КСРО Жоғарғы Кеңесiне де-путаттыққа Қазақстаннан ұсынылатын кандидат, Кеңес елi-нiң АҚШ-тағы өкiлеттi елшiсi Добрыниннiң сенiмдi өкiлi Е.Серкебаевқа берiледi” деп, менi мiнбеге шақырды. Əлгiнде Қонаевтың жанында отырған мəртебелi елшiнi көргенмiн, басымды иiп жасаған iлтипатым оған да ортақ-тын, əрi оны жақсы танитынмын. Жуырда ол Нью-Йоркте қазақстандық бiр топ делегацияны қабылдағанда, iшiнде мен де болғанмын. Сондықтан асып-саспай мiнбеге көтерiлдiм. Сенiмдi өкiл ретiнде əрiптестерiмдi Добрыниннiң кандидатура сын бiр-ауыз дан қолдауға шақырдым, сөзiм протоколға ендi.

Ендi Нью-Йоркке барғанда не көрдiм, бiздi Добрынин қалай қабылдап едi, солар хақында бiр-екi сөз. Айналасы аса биiк темiр шарбақпен қоршалған зəулiм ғимараттың iшi ұзын-ұзын айқыш-ұйқыш коридор. Добрынин сол коридорлардың ортасына орналасқан, бiрде-бiр терезесi жоқ, брондалған томаға-тұйық кабинетте отырады екен. Бiздi жылы шыраймен қарсы алып, көбiнше елiмiздiң сыртқы саясаты жөнiнде əңгiмеледi. Ол қырғи-қабақ соғыс қаупiнiң бiрде өршiп, бiрде бəсеңдеп, бүкiл əлемнiң тағдыры КСРО мен АҚШ-қа тəуелдi боп тұрған кезi. Америкада не көп, кiм екенiңе қарамай, жайбарақат атып тастап жүре беретiн жалдамалы жендет көп. Президент Кеннеди, оның министр iнiсi Роберт Кеннеди, қоғам қайраткерi Мартин Лю-тер Кингтi тапа-тал түсте жайратып салғанын өзiң де бiлесiң ғой. Сондықтан кеңестiк елшiнiң осы кабинетiнiң өзi де қатерлi екенiн сезiнiп, қашанда сақ жүрiп, сақ тұратынына таңданған жоқпыз. Ол тұрмақ, бiздiң өзiмiздi қаншама белгiлi-белгiсiз оққағарлар кiрпiк iлмей күзетiп жүргенiн бiр тəңiрiм бiлсiн. Сол жолы Добрынин маған елден-ерек ықлас көрсетiп, əншiлiк өнерiме қанық екенiн айтқан-ды. Ендi мiне, не саясаткер емес, не Орталық комитетке мүше емес мен ойда-жоқта аса көрнектi кəнiгi дипломатқа сенiмдi өкiл боп шыға келдiм. Америкадағыдай емес, бұл жолы қысылып-қымтырылмастан, емен-жарқын сөйлесiп, Алма-тыдан аттанғанша жанында болдым.

Қазiр ойласам, соның барлығы Димаш Ахметұлының маған, мен арқылы бүкiл қазақ өнерiне деген ыстық ықы ла-

117

сы, қамқорлығы, жанашырлығы екен. Əттең, не керек, сон-шама көлдей көңiл, кiршiксiз ықлас-пейiлдi дер кезiнде рия-сыз түсiнiп-түйсiнiп, қадiрiне жетпеу, бағаламау, жеңiлтектiк жетегiнде жүрiп, солай болуы тиiс дегендей астамшылықтан аса алмау неткен даңғойлық, бiлместiк, өкiнiш едi, дүние-ай. Ендi бас шайқап, бармақ шайнағанмен орнына келе ме, не пайда, не қайыр?! Бұл жайларды сол үшiн еске алып отыр-мын. Ең болмаса, жұрт бiлсiн, бiреу болмаса, бiреуге тағлым болсын деп. Бiр жағы ұлы тұлғаның рухынан ғафу өтiну. Аруағыңнан айналайын, Димекеңнiң жаны жаннатта боп, мендей тентек iнiсiнiң бiлместiгiн кешiрсiн. Қазақ барда – сен барсың, ғұлама аға. Мəңгiлiк ұйқың тыныш болғай, ла-йым да!

Мұны бiр деп қой. Екiншi, қартайған адамның ыңқыл-сыңқылы болмай тұра ма, таяуда дəрiгерге барғанда бұрын танымайтын бiр ақсақалмен ойда жоқта жолығып қалдым. Қарапайым, дегдар жан екенi көрiнiп тұр. Жасын сұрап неғылайын, менен не аздап үлкен, не кiшi, əлпетiне қарап жас мөлшерiн айыру қиын адамдар болады ғой, ол сондай екен. Зейнеткер, əрине. Байқаймын, менiмен сөйлескiсi, сыр тиегiн ағытқысы келедi. Кеңес дəуiрiнде министрдiң орын-басары боп iстептi. Санасы сара, ойы айқын, сөзi мығым, өн бойында зипалық табы сақталған адам (қария деуге ау-зым бармай отыр, өйткенi, өзiм де қариямын) болған соң, сұхбаттасудан бас тарта алмадым. Əйтпесе, көп мылжыңға жоқпын. Сенiмен де лажсыздан бəдiк сапырып жүргенiмдi бiлесiң.

Əне, сол кiсi маған: “Ермек, – дедi өзiмсiне атымды атап. – Бiлесiз бе, бiлмейсiз бе, сiз жөнiнде əңгiме көп. Қызмет бабымен шетелдердi жиi араладым. Қай елге, қай жұртқа бармайын, бiрден сiздi сұрайды, бəрiнiң де сiздiң талантыңызға тəнтi екенiне сан рет көзiм жеттi. Өзiмiз де сахнадан да, радио, теледидардан да талай көрiп тыңдадық қой. Көзге мақтады демеңiз, сiздей əншiнi мен де ешқайдан көрген де, бiлген де емеспiн. Расы керек, шет жұрттарда сiздiң есiмiңiздi атағанда, төбемiз көкке бiр елi жетпей, өсiп қалатынбыз. Тiлектес жандардың көп болғаны жақсы. Ендi соларға бiр мысал келтiрейiн.

Ертеректе Қазақстанның атынан Болгарияға жолым түстi. Онда Болгария Кеңес Одағымен (Варшава шарты дейтiн)

118

бiр топта. Басқа елдерден де көп адам барған, солармен бас қосқан ресми жиында үлкен лауазым иесi, əлдебiр бол-гар менiң қазақстандық екенiмдi бiлiсiмен: “Айтыңызшы, Ермек Серкебаев сiздiң елден бе?” – дедi соншалық нəзiк сезiм, зор iлтипатпен. “Иə, бiздiң елден, қазақ əншiсi”, – дедiм. Сол-ақ екен, əлгi болгар: “Ендеше, бiлiп қойыңыз, оны бiз де жоғары бағалап, қадiрлеймiз, мақтаныш етемiз. Сонау жылы бiзге гастрольмен келгенде, зор табысқа жетiп, құрметке бөлендi. Сiздерде сондай əншiнiң болуы үлкен мəртебе”, – деп қолымды қысты, басқа да бiраз жылы сөздер айтты. Қысқасы, Ермек, сiздiң арқаңызда кейде бiз де өсiп, арқаланып қалатын шақтар көп болды.

Болгар азаматының бұл сөздерiн сол жиынға қатысқан басқалар да естiп, құптайтындары байқалып отырды. Жиын соңында кавказ тектi бiр салиқалы адам жаныма келiп: “Танысайық, мен азербайжан елiнiң министрiмiн. Ермек Серкебаевтың сирек дарын иесi екенi бiзге де белгiлi, өз ба-сым Мүсiлiм Магомаевтың немере ағайы боламын, туыспыз. Мүсiлiм бауырым Ермектi жақсы бiледi”, – дедi жайдары жымиып.

Əзiрбайжан министрiне алғыс бiлдiрiп, табыс тiледiм. Арадан бiр жыл өтер-өтпесте Мүсiлiм Магомаев гастрольдiк сапармен Алматыға келдi. Концертiне бардық. Үйге қонаққа шақырдым, Министр ағайының амандығын сұрадым. Не дер екен деген оймен: “Серкебаевқа қалай қарайсыз?” – дедiм. Ол: “Серкебаевты ұстаз санаймын”, – дедi. “Фигаро ше? Ең жақсы орындайтын кiм?” – дегенiме де: “Серкебаевтан басқа кiм болушы едi”, – деп келтесiнен қайырды. Естиiн дегенiм де солар едi. Мүсiлiмнiң əдiлдiгiне риза болдым. Мiне, солай, Ермек. Өнерiңiз өрге басып, ұзақ жасай берiңiз, – деп сөзiн аяқтады емханада кездейсоқ ұшырасқан ақсақал. Өкiнiшке қарай, аты-жөнiн айтып едi, бiзде қазiр не ес бар, ұмытып қаппын. Тағы да кездесетiн шығармыз, көрсем танимын. Бет əлпетi жадымда. Күлiмсiреп сөйлейтiн мəдениеттi адам.

– Сөзiңiз аузыңызда, сол жолы Мүсiлiм Магомаев Алматыға келгенде жолыққан шығарсыздар?

– Сол жолы ма, басқа жолы ма, Мүсiлiм Магомаев Алматыға қашан келсе де жолығуға тырысатынбыз. Кей-де КСРО халық артисi, əншi əйелi Тамара Синявская екеуi,

119

кейде жеке өзi келетiн. Маған жолықпай қайда барады?!. Жолыға қалсақ, сұхбаттасып, сырласып, мұңымызды да, жы-рымызды да ортаға салып, əңгiме-дүкен құратынбыз. Мен Мəскеуге барғанда да мүмкiндiгiнше дидарласуға тырыса-тынбыз. Кейде уақыт жетпей қалатын. Мүсiлiм талғамы биiк, сауатты əншi. Өткенде ол менi мойындайтынын айтқанмын.

– Сұраққа ауысамыз ба?– Қоя тұр. Тағы бiр оқиғаны айтайын. Бұл өзi алмағайыптау

нəрсе. Сонда да болса. Қашанғы iште сақтаймын. Жұртшылық шындықты бiлсiн, таразыға салсын, бағамдасын. Ертеректе атаулы мерекелер кезiнде алаңнан өтетiн халықты мiнбеге көтерiлетiн ат төбелiндей бюро мүшелерi ғана қол бұлғап құттықтаушы едi ғой, есiңде ме? Басшылыққа Назарбаев келiсiмен ол үрдiс өзгерiп, мiнбеге бiз секiлдi адамдар да топ-тобымен шығатын болды. Əркiм алдын-ала белгiленген орында тұрамыз. Бiр жолы жаза басып тұрмайтын жер-де тұрып қалған екенмiн, екi көзi сыртына шыққан зəңгi күзетшiнiң бiрi сұп-сұр боп жетiп келдi де, қарқ етiп, сенсең де, сенбесең де өзiң бiл, менi “анда бар” деп итерiп жiбердi. Иба-iзеттен жұрдай, нағыз шаш ал десе бас алатынның өзi. Ар-ұятты бiлмейтiн тiлсiз, мылқау, қалайы солдатқа жұрттың көзiнше не дейiн, ашуымды тежеп, ешкiмнiң бетi-жүзiне қарамай, орныма əрең жеттiм. “Апырай, – деймiн, – мына түрмен қайда барар екенбiз, қашан оңаламыз, қалай түзелемiз? Неткен көргенсiздiк, дөрекiлiк”.

Сол сəттерде Қытайда болған бiр жай сап етiп есiме түсе кетсiн. Оны мына сорақылықпен салыстыруға тiптi де болмайды. Онда да (Қытайға барғанда) үкiмет мiнберiнде тұрғанбыз. Бұл ендi ертеректе. Мао-Цзедунның тiрi кезi. Жамбыл атындағы филармонияның директоры Қапланбеков бастап, Құрманғазы атындағы оркестр, оның дирижерi Шамғон Қажығалиев, мен жəне Бибiгүл бəрiмiз 1 Май мерекесi қарсаңында Пекинге бардық. Қытайлықтар жiк-жапар боп қарсы алды. Неге екенiн бiлмеймiн, бiздiң делегацияға жауапты Қытай мəдениет министрiнiң орын-басары – жүзiктiң көзiнен өткендей пысық əйел – Бибiгүл екеумiздi елден-ерек əспеттеп: “Ертең мейрам, Мао-Цзедун-ды көргiлерiңiз келе ме?” – десiн. “Əлбетте, көргiмiз келедi”, – деймiз жарыса. “Онда ертең ерте тұрып, жуынып-шай-

120

ынып, дайын отырыңыздар, мен сiздерге көсем шығатын мiнбеге қалайда екi шақыру билетiн тауып келемiн”, – дедi.

Ертеңiне алаңға барып, министрдiң орынбасары əйел, Бибiгүл үшеумiз толып жатқан қадiрлi қонақтармен бiрге мiнбенiң бiр шетiнде тұрдық. Мiнбе ұзын, биiк. Атақты Тя-ньаньмэнь алаңында оңды-солды бастарын шайқап, малдас құрып отырған қара құрым халық. Есебiн бiлу қиын. Милли-оннан артық болса артық, кем емес. Гуiлдеген үннен аспан айналып, жер шайқалғандай. “Ана жерге барып, халыққа қараған боп тұрыңыздар”, – дедi жетекшiмiз. Солай еттiк. Билеттегi орнымыз басқа тұста, бұл жетекшiмiздiң бiз Мао-ны жақсылап көру үшiн жасаған айласы екен. Мао бiз дiң ту сыртымыздағы есiктен шығады екен. Бiз халыққа қа рап тұрмыз. Арамызда үлкен қызметкерлердiң ештеңеде ша руа-сы жоқ балалары екiлене асыр салып, ойнап жүр. Əл бет те, құтымыз қашып, қобалжып тұрмыз. Қорқыныш-үрей де жоқ емес. Кенет артымыздағы есiк ашылып, Мао-Цзедун шық-ты. Жанында К.Е.Ворошилов пен өзбек басшысы Ш.Ра ши-дов. Оларға жол берген боп бұрылған бiз Маоны анық көр-дiк. Бибiгүл екеумiзге кезек-кезек қараған Маоның өңiн де “бұлар кiм” дегендей таңдану бар. Соны сезе қойған Раши-дов: “Бұлар Қазақстаннан келген өкiлдер”, – деп тез таныс-тырып жiбердi. Мао: “Е, Қазақстан ба?” – деп қа быр ға да ғы картаға қарады. Ворошилов та қарап тұрмай: “Мен онда болдым ғой, орден тапсырдым”, – дедi қосарлана тiл қа тып. Мао бiзге болар-болмас бас изеп, жылы шырай бiл дiр ген-дей болды да, өзiнiң орнына қарай қозғалды. Бар бол ға ны бiрнеше секундтың айналасы. Осы қас қағым сəтте екi жақ та бiраз нəрсенi бiлiп үлгердiк. Шамасы, жетекшiмiз арнайы ескерткен болса керек, онда да қырағы күзетшiлердiң бiз дi сыртымыздан бақылап тұрғанын соңынан бiлдiк. Ше тi нен қарапайым, кiшiпейiл. Мао кетiсiмен жанымызға ке лiп ба-сын иген екi күзетшi ендi өз орнымызға бару керегiн бiл дi-рiп, сыпайы жымиып, жол көрсеттi. Бiз мiнбердiң шет жа-ғын да ғы орнымызға бардық.

Ал не айтасың, Қытайда қалай, бiзде қалай? Қытайлық-тардың кiшiпейiлдiгiне ғажап қалған мен сол оқиғаны ұмытып та кеткендей едiм. Алматыдағы жиында ерiксiз ойы-ма оралды. Өзiмiздiң мəртебелi мiнбеде талай болып жүрмiн

121

ғой. Бiзде үлкендi сыйлау, жалпы адамды сыйлау жөнi бөлек. Өйткенi ауан бөлек. Көрдiң бе, сəл жаза басқаным үшiн ұрдажық, көрсоқыр күзетшi жағаға жармасып, тексiздiк та-нытты.

Айтқан соң түгел айтайын, сол оқиғадан кейiн тағы бiр мерекеде ел басшыларымен бiрге бiраз адам Республика алаңындағы мiнберге көтерiлдiк. Мен қасақана ең шеткерi орынға барып, қитығып тұрдым. Кенет сонадай жерден маған қарап тұрған Назарбаевқа көзiм түстi. Сəлемдесу ишарасын жасап, бас изедiм. Сол-ақ екен, ол топты жарып жаныма жетiп келiп, қол берiп амандасты. Хал-жағдайымды сұрап, жылы сөздер айтты. “Ренжiмеңiз, Ереке!” – деп те қойды. “Ренжiгенi несi, сiзге көп рақмет”, – деймiн ғой ағым нан жарылып. Сөйтсем, ол бiтеу көкiрек күзетшiнiң өткендегi қылығын алыстан аңғарып, көрiп қалған екен. Соны ишаралап айтқанда мен: “Нұреке, сiз өте үлкен аза-матсыз. Адамгершiлiгiңiз мол. Жан дүниеңiз мөлдiр, iшiңiз ақ. Бəрi көрiнiп тұр”, – дедiм. Нұрсұлтан Əбiшұлы: “Менi құртатын да сол ғой”, – деп күлдi. Жалпы, мен биiк мiнберге құштар да, құмар да адам емеспiн. Əрi-берiден соң ұяламын, қысыламын. Ертеректе мəртебелi мiнберде халықаралық қайраткерлер, саяси бюро мүшелерi, қолбасшылар тұратын. Ол кездегi мiнбер мен бүгiнгi мiнберде айырма үлкен. Сонда да бəрiбiр, құлқым соқпайды. Сен бұл айтқандарымды қаз-қалпында жаз. Жəне бас жаққа бара бермей, астарлаңқырап жаз. Түсiнетiндер түсiнер, түсiнбейтiндер өздерi бiледi. Мен-де өтiрiк көлгiрсiп, бiреу-мiреуге көпшiк қояйын деген ниет жоқ. Бiзде бiр-бiрiмiзге құрмет жетпейдi. Сөзiмнiң түйiнi сол.

– Басқа да айтатындарыңыз бар шығар?– Асықпа. Ұлы Моцарт қайыршылықта өлдi. Қаңғыбастар

жерленетiн қорымға қойылғандықтан, қабiрiнiң қайда екенiн де ешкiм бiлмейдi. Сенесiң бе? Ұлы композитор, дарабоз тұлға. Мiне, тағдыр.

Бiрде Австрия королi атақты композитор Ференц Лист-ке “сарайыма келiп концерт қойып берсiн” деген бұйрық жiбередi. Сонда Лист не деп жауап бердi дейсiң ғой. Корольдiң шабарманына: “Ұлы мəртебелiге айта барыңыз, жұртпен бiрге келiп, залға билет алып кiрсiн”, – дейдi. Мiне, тектiлiк! Қыңырлық емес, қайсарлық!

122

– Ереке, ендi бiр-екi дəстүрлi сұраққа ауыссақ.– Айта бер.– Сiз Кеңес өкiметi тұсында жоғары атақ-ма ра пат-

тың бəрiне ие болдыңыз. Олардың бiрқатары туралы айтылды, жазылды. Сары майдай сақтап жүргенiмiз – Социалистiк Еңбек Ерi атағын қашан алдыңыз? Кү тiл-ме ген кедергi қырсықтар, жолыңызға көлденең тұр ған дар бол ған жоқ па? Еңбек Ерi болғаныңызды қалай қа был да-ды ңыз?

– Мен саған айтқанмын, тағы да мəжбүрлеп отырсың, Ал-ла ға шүкiр, үлкен-кiшi қандай атақ алсам да, ешкiм күн дес-тiк-бақастық, кедергi жасаған жоқ. Бəлкiм, ол Д.А.Қо наев-тың маған əрдайым оң қабақпен қарағанынан шығар.

Жасым алпысқа толар қарсаңда Социалистiк Еңбек Ерi атағына ұсынылғаным мəлiм болды. Алуын алдым, бi рақ қа лай алдым, мəселе сонда. Жарғы бойынша Ленин ор де-нi мен наградталған адамға арадан бес жыл өткенше Еңбек Ерi атағы берiлмейдi екен. Себебi, Еңбек Ерi атағымен қоса, марапат иесiне Алтын жұлдыз бен Ленин орденi қоса тап-сырылады. Ал мен содан төрт жыл бұрын Ленин орденiмен ма ра пат тал ған едiм. Сондықтан Мəскеуде саяси Бюро мү-ше ле рi нiң арасында кереғар пiкiрлер болғанға ұқсайды. Əсi-ре се, М.А.Суслов “бiрiншiден, уставты бұзуға болмайды, екiншiден, ол əлi жас, Еңбек Ерi болуға ерте” деп қа са ры-сып ты. Əйтсе де, сол кездегi КСРО Жоғары Кеңесiнiң (аты-жөнi есте жоқ) төрағасы табандылық танытып, кеңшiлiк жа-са йық дептi. Тағы да бiреулер қолдаған көрiнедi.

Еңбек Ерi болғанда қандай күй кешейiн. Кəдiмгiдей. Сал-қын қан ды лық пен қабылдадым. Қуанған жоқпын де мей мiн. Мақтау, мадақтау, құттықтау жетiп жатты. Еңбек Ерi атану – еңбегiң жанғанның шырқау шыңы. Сол биiкке қы ран дай самғап көтерiлдiм. Марапаттың бағасын бiлемiн, тү сi не мiн, төмендетпеймiн.

– Əрiптестерiңiздiң арасында қызғаныш бiлдiрiп, көре алмағандар болған шығар.

– Неге болмасын, болады ғой. Мен ондайдан биiк тұрамын, мəн бермеймiн. Оның үстiне, бiреу-мiреулер сыр-тымнан сыпсың сөздер айтса айтқан болар, бiрақ ешкiм көзiме пəлен деген жоқ.

123

– Сiз КСРО-дағы Лениндiк жəне Мемлекеттiк сый-лықтар жөнiндегi Комитетке мүше болдыңыз. Оған кiмдер ұсынды, қызмет бабында қандай ыстық-суықтар ұшырасты? Қазақстандық жерлестерiңiзге бүйрегiңiз бұратын ба едi, көмектесуге зауқыңыз болды ма? Қысқасы, сол шақтардағы есiңiзде қалған жайлардың басты-бас-тыларына тоқталсаңыз.

– Саған оңай, сұрақ бересiң де қарап отырасың. Маған қиын. Көкейде тұнып жатқан небiр қызықты да қастерлi оқиғалар ойға түседi. Өмiрiмнiң аса мəндi де мағыналы тұстары едi ғой ол. Əрi, үлкен сенiм. Ондай аса мəртебелi комитетке ұлы Мұқтар Əуезовтен кейiн Қазақстан атынан мүше болудың қаншалық жауапты екенiн өзiң де бiлесiң. Менi онда əйгiлi композитор Д.Шостакович, жазушы Л.Соболев онан соң əлгi Хрущевтiң күйеу баласы, “Изве-стия” газетiнiң редакторы Аджубей жəне де басқа дөкейлер сайлады. Комитет төрағасы Н.Тихонов едi.

Ол заманда Лениндiк сыйлыққа ұсынылу қиынның қиыны болса, топ жарып шығу одан да қиын болатын. Хас талант сынға түскенде əдiлдiк салтанат құруы тиiс-тiн. Бұра тарту, сiз-бiзге жол жабық. Кiм лайық, соның бағы жанады. Соңғы шешiм дауыс беру арқылы айқындалады. Мəселен, комитет мүшелерiнiң жартысы қолдап, жартысы қарсы болғандықтан Солженицынге берiлмедi. Өзiм қатты сый-лайтын əншi Георг Отстың өте алмағанына жаным ауыр-ды. Бiрақ комитет мүшелерiнiң бəрi мен емес, iлкiш тапты, пəлен дей алмайсың. Əшейiнде қысылып-қымтырылмай жа-нып тұратын армян əншiсi Гоар Гаспарян ақтық сында асып-сасып, өзiн сахнада дұрыс ұстай алмай, абдырады да қалды, оңбай сүрiндi. Атақты ала алмады.

КСРО халық артисi, əйгiлi балет бишiсi Майя Плисецкая бiрiншi этапта келмей қалып, екiншi этапта концерттiк про-граммалары үшiн Лениндiк сыйлықты қалпақпен ұрып алды. Украин əншiсi, КСРО халық артисi Дмитрий Гнатюк те шау-ып өттi. Менiң кезiмде бiздiң республикадан ешкiм Лениндiк сыйлық алған жоқ. Бибiгүл Төлегенова ұсынылып едi, бiрақ ол жолы Лениндiк сыйлықты Людмила Зыкина алып кеттi де, Бибiгүлге Мемлекеттiк сыйлық берiлдi. Бүйрегiңiз бұратын ба едi, көмектесуге зауқыңыз соғушы ма едi дейсiң, ол үшiн

124

əуелi лайықты деп саналған талапкер ұсынылуы керек, онан соң бүйрегiм мың жерден бұрып, көмектесуге зауқым соқса да, мəселе менде емес, дарында. Кiмнiң өнер қуаты мығым, соның мерейi үстем.

– Комитетке бiздiң республикадан кiмдер мүше болды?– Мұхтар Əуезов, Ғабит Мүсiрепов, Қанафия Телжанов

жəне мен. Қанафия атақты суретшi. Қатар жұмыс iстедiк. Өте зипа, зиялы жан.

– Ұмытпасам, сiз КСРО Мемлекеттiк сыйлығына сол кезде ие болмадыңыз ба?

– Солай. Өзi мүше боп отырып, сыйлықты жамбасқа бас-ты деп пыш-пыштағандар да табылмай қалған жоқ. Бiрақ шындық басқа. Сыйлықты мен қызмет бабымды пайда-ланып, не қол жайып, сұрап алған жоқпын, олай болуы мүмкiн емес, биiк марапат өнердегi биiк жетiстiктерiм үшiн бiрауыздан берiлдi.

– Бибiгүл Ахметқызы ше?– Ол КСРО Мемлекеттiк сыйлығын да, Социалистiк

Еңбек Ерi атағын да менен кейiн алды.– Сiздiңше, Бибiгүл сол атақтарға лайық па? – Сен не, арандатқалы отырсың ба? Əрине, лайық. Бибiгүл

есть – Бибiгүл. Роза Бағланова, Роза Жаманова үшеуiнiң қазақ өнерiндегi орындары бөлек. Əрқайсысы тұлға. Жас кезiмнен қатар келе жатқан қымбат жандар. Менде қайбiр оңған мiнез бар, еркелiгiмдi түсiнедi, көтередi, рақмет!

– Қазiргi теледидар жөнiнде кейiн айтатын пiкiрлерiм бар деушi едiңiз, соның сəтi келгендей.

– Бары бар, кейде ағыл-тегiл айтқым келедi, кейде келмейдi. Айтқан соң оны солар дұрыс қабылдап, сөз төркiнiн ұқса жақсы. Жасы үлкен адам бiрдеңе бiлетiн шығар деп шын пейiлден құмбылдық танытып, қорытынды жасаса, ай-налып кетпейсiң бе? Өйтпейдi ғой. Сонда да айтып көрейiн. Тоқ етерiне келсем, қазiргi көрсетiлiмдерде сайқымазақтық басым. Көрерменге ой салар, тағлым аларлық нəрсе шама-лы. Бұл тоқмейiлсу, iзденбеу, таптаурындыққа селт етпеудiң көрiнiсi, бiрiншiден. Екiншiден, эстрада дегенiмiз жарты-лай жалаңаш. Ендi түгелдей жалаңаштану ғана қалып отыр. Осы ма жеткен жерiмiз? Əлде, мен ештеңе түсiнбейтiн халге жеттiм бе? Айтшы өзiң, қайда бара жатырмыз. Анау

125

құрттай құжынаған шала сауат журналистердiң сөздерiнде де құлаққа қонатын, ой салатын нəрсе шамалы. Өткiрлiк, бiлгiрлiк тапшы. Бiреулерге қоятын сұрақтары қабыспайды, тайыз, қараптан-қарап қарның ашады. Интеллект бай болу үшiн iздену, еңбектену керек. Кейде əлдебiреулер сөйлесейiк деп маған да келедi. Сөз саптауларынан шошып, сендермен қазан қайнай қоймас деп босағадан аттатпаймын. Мəскеулiк əдебиеттанушы, музыкатанушылар кiммен болса да тең дəрежеде сөйлеседi, ұғысады. Олардан қымсынып, аяғыңды тарта əңгiмелесесiң. Ең ғажабы, бiрдеңе аласың, үйренесiң, нəр табасың. Бiзде ше? Қарағым-ау, басқасын қайдам, бiзде неге осы күнге шейiн пышаққа сап болардай музыкатанушы жоқ?! Анау Кельберг, Аравиндердiң өресi белгiлi. Қазақтан неге жоқ, қайда? Соны айтамын.

Қала бердi, қазақша хабарлар неге жұтаң, сұрғылт? Тоқ етерiне келсек, iнжу-маржан, асылдарды өз iшiмiзден та-уып, тəрбиелейтiн кез алдақашан жеткен. Шетелдiк, тiптi анау мəскеулiк эстрада шалапайларына таңданып, там-сана берудi, қол қусырып табыну, жаппай насихаттауды доғаратын уақыт жетпедi ме? Өзiмiзден, бəрi өзiмiзден бол-сын. Бұған дейiн өзгеге табынсақ (мəртебе көрсек), ендi бұдан былай олар бiзге қарай мойын бұрсын, табынбаса та-бынбасын, бiрақ санасатын болсын, аттап өте алмайтын бол-сын. Қазақ өнерпаздарының мүмкiндiгi оған толық жетедi. Əттең, қолда барды ұқсата алмай отырмыз ғой, ұқсата ал-май. Жанашыр ұйымдастырушы қайда, намысты қолдан бермейтiн ұл-қыздарымыз қайда? Ендi сұрағыңды доғар. Тағы да бiрдеңелер ойыма түсiп отыр. “Ақылбайдың əнiн” тыңдап па едiң?

– Талай тыңдадық. Кəукен Кенжетаевтың орындау-ында.

– Мiне, мiне, өзiм де солай дейтiн шығар деп отыр ған-мын. Ол əндi тұңғыш орындаған мен болатынмын. Мұхтар Əуезовтiң айтуынан нотаға түсiрдiм деп Хамиди алып келген-дi. Əннiң төресi. Кейiн Мұхаң көрген жерде маған ризалығын бiлдiрiп жүрдi. Кəукен де жақсы айтады. Таяуда жасы тоқсанға толып, кешi өттi ғой. Жалпы, қай əндi бол-масын жеке (сольный) орындағанда ариялық мəнерге бұру ретсiз. “Қыз Жiбек”, “Ер Тарғын” операларындағы халық

126

əндерiн ария ретiнде шырқау бiр басқа да, сахнада жеке орындау бiр басқа. Əр əннiң өзiндiк болмысы, рухы, тiптi дəмi, иісi деп те айтайын, философиясы сезiлiп тұруы тиiс. Осы талаптан кейбiр тəуiр деген əншiлерiмiз де шыға ал-май жатады. Əсiресе, халық əндерiн арияға тəн мақаммен айту əннiң əрiн кетiредi, өңiн бұзады. Əн жүрекке жетуi үшiн жүректен шығуы лазым. Ертеректе одақ кезiнде “да-уысты қажет етсең Козловскийдi, жүрекпен айтылатын əн қажет болса Утесовты тыңда” дейтiн сөз бар-тын. Екеуi де мықты əншi. Мен олардың кəсiби өзгешелiктерiн айтып отырмын.

Мен де опера əншiсiмiн. Жасырақ кезiмде жасырмаймын – кейбiр халық əндерiн ариялық тəсiлмен шырқайтыным үшiн бүгiнгi ғұлама ғалым, академик Рахманқұл Бер дi баев-тай азаматтардан аздап сын да естiгенмiн. Əдiл сынды жат-сынбау керек, шамырқанбай қабылдау керек. Ал терi тонды терiс айналдырып жiберетiн шалағай сын жанды қажайды, пұшайман қылады.

– Өкiнiштерiңiз бар ма?– Кiмде болмайды, өкiнiшсiз өмiр жоқ, қайсы бiрiн айтай-

ын, бiразы айтылды. Кейбiр iрi тұлғалар халыққа, қоғамға сiңiрген ұлан-ғайыр еңбегiне қарамай, көзi тiрiсiнде-ақ ұмыт қалып жатады. Өлген соң екiбастан. Мiне, сол өкiнiш. Социалистiк Еңбек Ерi, КСРО Мемлекеттiк сыйлығының иегерi, КСРО халық артисi, екi рет Ленин, бiр реттен Октябрь революциясы, Еңбек Қызыл Ту ордендерiмен марапатталған, қаншама халықаралық, бүкiлодақтық байқаулардың же-ңiм пазы атанған менiң өзiм де (олай емесiн бiле тұра) елеусiз қалып бар жатқан жоқпын ба деп қауiптенемiн. Оған себеп те жоқ емес. Базбiр құзырлы орындар менi аса қажетсiнгендiктен емес, өз мүдделерiне керек болған соң шақыратынын бiле тұра (шақырған жерден қалма дегендi де ескерiп) барамын. Сый-құрмет шын көңiлден болғанға не жетсiн.

Тəуелсiз мемлекетiмiздiң ең жоғары наградасы “Отан” орденiмен марапатталғанымда Нұрсұлтан Əбiшұлы көп iшiнен оны маған бiрiншi тапсырды. Бiр жолыққанда Ресейдiң бұрынғы Мəдениет министрi Швыдко: “Ермек ту-ралы көп айтудың керегi жоқ, ол халықтың сүйiктi əншiсi, та-

127

рихи тұлға”, – дедi. Соған қарамай, қазiр менi айналадағылар бiле бермейдi. Бiр мысал келтiрейiн. Машинамды бұрын өзiм айдаушы едiм, қазiр Ербол деген шоферiм бар. Əне, сол кейде өз подьезiмiздiң алдында балалар ойнап, не қым-қуыт көлiктен босамайтындықтан машинаны бiресе онда, бiресе мұнда қоятын кез болады. Бiрде көршi үйдiң алдында бiр-екi минут кiдiрсе, əлдебiр көкбет əйел “тұрма мұнда, əкет” деп дiгiрлептi. Шоферiм: “Оу, бұл Ермек Серкебаевтың көлiгi, қазiр кетемiн”, десе де құлақ аспай: “Ол кiм сонша, бiлмеймiн ондайды”, – дептi. Осы жақын маңдағы басқа үйлердiң алдында да солай бопты. Кейбiр жол полиция-сы қызметкерлерiнiң де менi бiлмейтiнiн көрiп жүрмiн. Көңiл-күйiмнiң астаң-кестең болуына солар да жетiп жа-тыр. Қасым Аманжоловтың “Бiреудiң аспандағы асылымын, бiреудiң жерде жатқан жасығымын” дейтiнi тегiн болмаса керек. Мəденитi жоғары, өркениетi өскен елдерде ондай жоқ. Мəселен, италиялықтар Энрико Карузо, Марио Лансо, Лучано Паваротти секiлдi ұлы əншiлерiн еңбектеген бала-дан еңкейген кəрiге дейiн бiледi. Жə, менi қазiргi мəдениет саласын басқарып жүрген пысықтардың да бiрi бiлсе, бiрi бiлмейтiнiне шəгiм жоқ. Мықтаса, аты-жөнiмдi бiлер, бiрақ шығармашылығымнан толық хабардар дей алмаймын. Кiм бiлсiн, қартайдым ба екен, əлде тым нəуетектенiп кеттiм бе, бiр Аллаға аян. Бұлар өкпе ме, өкiнiш пе, наз ба, өзiң бағамдай бер.

Басы ашық бiр өкiнiшiм бар, ол анық. Соғыстан бұрын да, майдан қызып жатқан тұстарда да үйге жиi келетiн Иса Байзақов əкеммен сырласып, арқа-жарқа боп отыратын. Сөз саптауы мен өлең айтуынан жəй бiреу емесi көрiнiп тұратын. Даңқы да аспандап тұрды ғой, бiрақ мəн бере алмасам, не амал. Əне, сол ғаламат адаммен өз бетiмше əңгiме-дүкен құрып, əндерiн өз аузынан үйренiп, əн салу мəнерiн бойыма сiңiре алмағаным ағаттық болыпты. Ендi өкiнгеннен пайда жоқ.

– Əдеби кiтаптар оқисыз ба?– Мектепте жүргенде көп оқушы едiк қой. Бiртiндеп

сиредi. Жұмысқа араласқан соң уақыт жетпедi. Қазiр қартайдық. Бiрақ бұл мүлде оқымаймын дегендiк емес. Əне, көрiп отырсың, қабырғадағы қайысқан сөрелердiң iшi

128

толы кiтап. Көңiлiм қалағанда кез-келгенiн суырып аламын да оқимын. Бiраз қазақ жазушыларының шығармаларын орысша аудармадан оқыдым. Орысша жазатын қазақ ақын-жазушыларының туындыларымен бiр кiсiдей таныспын. Ана тiлiмде мүдiрмей сөйлеп, қаншама жақсы бiлемiн дегенмен, оқуға шорқақтау екенiмдi мойындаймын. Айтқандай, əлгiде қандай өкiнiшiң бар деп едiң ғой, өкiнiштiң бiрi осы. Бiрi емес, бiрегейi десең де өз еркiң.

– Қонақжайсыз ба? Қонаққа баруды ұнатасыз ба? Қандай тағамдарды жақсы көресiз?

– Қонақжаймын деп мақтанайын ба? Оны ел айтсын. Қонақтан қашатын қазақ болмайды. Үйiне келген адамға қай қазақ болмасын, құрығанда нан ауыз ти деп дастарқанға шақырады. Тамақты көп талғамаймын. Бiрақ қазы, қарта, жал-жая, қуырдаққа не жетсiн. Бұрын қымыз iшушi едiм, қазiр негiзiнен шұбат. Анам тамақ iстеуге шебер болатын. Соларды аңсаймын.

Жас кезде қонаққа баруды жек көрмейтiнмiн жəне жиi баратынбыз. Осы кезде жас ұлғайғандықтан аяғым тарта бермейдi, шаршаймын. Əр нəрсе өзi уақытында деген рас екен. Ал бiттiң бе? Мен бiттiм.

* * *Көргенi де, түйгенi де мол, тыңдай берсең, бiрiнен-бiрi

ғажайып хикаяттар лек-легiмен шыға беретiн, тұла бойы небiр асыл iнжу-маржандарға толы Ерекеңдей аяулы жанмен бiр жылға таяу созылған сұхбат осымен тамамдалып, əзiрге ол да, мен де соларды қанағат етуге тəн берiстiк. Маэстро:

– Мұнда жүр, – дедi.Фортепиано тұрған бөлмеге кiрдiк. Мұнда саусағың тиiп

кетсе сайрай жөнелетiн радио, магнитофон тақылеттес аппараттардың неше түрi сықа толып тұр.

– Жақында Мəскеуде тұратын ұлым Байғали менiң дау-сым жазылған жаңа үнтаспалар жiберiптi. Солардың бiр-екеуiн тыңдайық, – дедi Ерекең. – Алматыда қазiр бұлардың ешқайсысы жоқ. Кезiнде Мəскеуде жазылған.

Сөйттi де, бiр тетiктi басып қалып едi, ашық та тұнық, өткiр де күштi, əсем үн бөлменi керней жөнелдi.

– Бұл əйгiлi С.Рахманиновтың Д.Мережковскийдiң сө зi-не жазған “О, жоқ, кетпе, кете көрме, өтiнем” деген ро ман сы, – дедi əн бiткен соң.

– Бұл да С.Рахманинов. Сөзiн жазған А.Фет, – дедi “Мен сенi күтемiн” деген екiншi романс аяқталған соң.

– Ендi мынаны тыңдайық. Басқаларды қайдам, соғыс кезiн еске түсiретiндiктен бе, өзiме ұнайды. Вениамин Баснердiң “Аты жоқ асу үстiнде” (На безымянной высоте”) атты əнi, – дедi үшiншi үнтаспаны қосып жатып.

– Мынау мен съезд, форум т.б. салтанатты жиындарда сан рет шырқаған кəдiмгi “Родина”. Музыкасы С.Туликовтiкi, сөзi Ю.Полухиндiкi, – деп төртiншi əндi тыңдадық.Екi бүктелiңкiреп отыр, мүлгiп отыр. Көздерi жұмулы,

кiрпiктерi дымқыл тартып барады.– Пах! – дедi əн бiткенде. – Қалай екен? Əйбəт, ə?– Əйбат, – деймiн. – Жас кездегi даусыңыз. Теңеуге сөз

жоқ.– Немене, қазiр даусым жоқ па, əлi сондай, – дедi бала

мiнез маэстро.– Əрине, Ереке! Осы қарқыннан таңбаңыз. Ұзақ жасай

берiңiз, – деп қолын қыстым.– Рақмет, – деп гүр еттi.Орнымнан тұрып, сыпайы қоштастым да, сыртқы есiкке

қарай беттедiм.

130

“Өмiр ғой, өмiр...”

Маусым айының орта шенiнде маэстроға телефон соғып: “Ереке, сiзбен танысып, əңгiмелесiп жүргенiмiзге бiр жыл толды. Денсаулығыңыз жақсы ма? Үй-iшiңiз аман ба?” – дей бергенiм мұң екен, сөздiң соңын күтпей: “Əй, сен ха-барласпай кеттiң ғой. Өкпелеп жүрсiң бе, немене? – деп бастырмалай жөнелдi. – Шүкiр, бəрi дұрыс! Мерейтойға дайындық үстiндемiз. Мойын бұруға уақыт жоқ. Осы əлгi бiздiң сұхбатымыз бiттi ме, əлде тағы да жалғастырамыз ба?” – дедi онан соң.

– Сұхбаттың соңғы нүктесi қойылып, бұйырса, кiтап болып шыққалы жатқанын бiлесiз ғой, – деймiн.

– Иə, бiлемiн, – дедi жайбарақат. – Бiр нəрселер қалып қойған сияқты, көңiлiмдi күптi етiп жүр, соларды қоссақ кеш болмас па екен, үлгеремiз бе?

– Бұрын айтылмаған жайлар ма? Тың нəрселер бар ма?

– Қалай десем екен, əуелi тыңдасайшы.– Сөйлесуге дайынсыз ба? Қашан жолығамыз?– Қашан десең де əзiрмiн, – дейдi жұмсақ үнмен. Кiтапқа

кiрсе жаман болмас едi.– Ақылдасайық.– Келiстiк, күтемiн.– Солайша арадан екi-үш күн өткенде редакцияда бас

қосып, əңгiме-дүкен қайта жалғасты. Қазақ “жақсы адам қартайса қазына, жаман адам қартайса қазымыр” деп текке айтпаған. Қашанда қысқа қайырып, тоқ етерiн ай-татын Ерекең: “Не айтуды ойланып-толғанып, кесiп-пiшiп келдiм. Сөздi бөлмей тыңдай бер”, – дедi.

Қабағын түйiп, даусы бұзылынқырап шықты. Көзi жасаурағандай болды.

131

– Сен күткендей көп жаңалық жоқ. Есiңде ме, өткендегi сұхбаттардың бiрiнде Отан соғысы кезiнде елде тiрi жүрiп, қыруар қиындық көрген бiз секiлдiлерден қан майданда бiр оқтан мерт болған қатардағы солдат бақытты ма деп ой-лаймын дегенiм. Сол сөзiм – сөз. Соғыс кезiндегi тартқан азапты, басқаларды қайдам, өз басым əлi күнге ұмыта алар емеспiн. Бəрiмiз басы жұмыр пендемiз, сол қасырет-қайғы, сiрə, сүйектен өтiп, жүрекке шемен боп қатып қалған болса керек.

Бəлкiм, бiреулер ойлайтын шығар, Ермек Серкебаев өмiрбақи мұңсыз-қамсыз ғұмыр кешiп, рахатқа кенелiп жүрдi деп. Олай емес. Киер киiм, iшер асқа жарымай, құрқылтайдың ұясындай тар үйде қысылып-қымтырылып, қыста жағатын отын болмай, суықтан бүрсең қағып, май шамға да жарымай, қараңғыда қарманған сəттердi ешкiмнiң басына бермей-ақ қойсын. Дұшпаныма да тiлемес едiм.

Əуелi сол соғыс өзi қайдан шықты, қалай басталды, тарихшы-зерттеушi болмасам да, өз пайымдауларымды бiлдiруге бел буып отырмын. Сен қаласаң да, қаламасаң да. Қазiр бiз де өмiрдiң бiраз түйiткiлдерiн өзiмiзше саралап ұғатын, түсiнетiн халге жеттiк. Бұрын бiлмеген беймəлiм, ақыл жете бермеген құпия құбылыстардың бiразын ендi бiлетiн болдық. Соғыс хақында кəнiгi тарихшылар да көрпенiң шетiн ендi-ендi ашып жатыр. Сталин деймiз, Гит-лер деймiз. Сталиндi мақтаймыз, Гитлердi даттаймыз. Бiрақ екеуi көпке дейiн одақтас, бiтiмгершiлiкте болды дегеннiң жаны бар ма? Мен бар деп ойлаймын. Əйтпесе, Гитлердiң соғыс ашатынын дер кезiнде хабарлаған адамдарға Сталиннiң сенбей, күдiкпен қарағанын қалай түсiнуге бо-лады? Жапониядағы барлаушы Рихард Зоргенiң мəлiметiне неге иланбады?

Түсiнемiн, Сталин мiнезi қиын адам болды. Сен дұрыс түсiн, мен тiптi де Сталиндi жамандайын деп отырғаным жоқ. Айтайын дегенiм, қай заман, қай дəуiрде де Сталин мен Гитлердей билеушiлерден қарапайым халықтың аяу-сыз зардап шеккенi.

– Сөзiңiз аузыңызда. Сталин елдi қорғау үшiн соғыспады ма?

132

– Айттым ғой Сталиндi жамандағалы отырған жоқпын деп. Бiрақ Сталин Гитлермен соғысқанға дейiн Финляндия, Манжурия, Жапонияға ұрынып, Бессарабия, батыс Украина, Балтық бойы елдерiн Кеңес үкiметiне күшпен қоспады ма? Сенiңше, бұл не? Арғы-бергi тарихта қашанда солай болған. Соларды ойлағанда “Пани дерутся, у холопов шуб трещат” деген поляк мəтелi ойыма келе бередi.

Соғыс кезiнде əке-шешемiз жанымызда болса да, бiз көрмеген құқай аз. Ауырдың үстi, жеңiлдiң астымен өмiр сүрген жоқпыз. Сол қияметтен қалай аман қалғанымды өзiм де бiлмеймiн. Бiз үшiн шыбын жаны шырқыраған анамды ойлағанда, жүрегiм ауырады. Марқұм соғысты тұспалдап “Кiм тышты, Ғарып тышты, қара жердi жарып тышты” деп отырушы едi. Мəнi терең, түсiндiң бе?

– Түсiндiм. Ғарып деген не?– Адамның аты ғой. Соғыс басталған соң тұрмыс-тiршiлiк

төмендеген үстiне төмендеп, жағдайымыз ауырлай түстi. Əкем мұғалiм. Мұғалiмде қайбiр жаритын жалақы бар? Рас, соғыстан бұрын жағдайымыз бiршама жақсы боп келе жа-тыр едi. Соғыс басталды да, жер қауып қалдық. Екi бөлме деген аты ғана, үйiмiз шын мəнiнде бiр бөлме болатын. Кiре берiс қуыста от жағатын пеш, ескi диван. Жастық шағым сонда өттi. Ойын баласы болғандықтан үйге түнгi сағат бiр не екiде келемiн. Əкем төргi бөлмеде ұйықтап жатады, ше-шем менi күтiп отырады. Қарын аш. Күн сайын бəрiмiзге тиесiлi – 400 грамм қара нан. Анам қант салған бiр кесе суды қайнатады, əлгi нанды соны ұрттап отырып жеймiз.

Төсекке жатқанда анам неше түрлi қызық ертегiлер ай-тады. “Ермек, егер көшеден бiр дорба ақша тауып алсақ не iстер едiк?” – дейтiнi бар. Жауабын да өзi айтады: “Базардан ет алар едiм, бəрiңе жаздық, қыстық киiм-кешек алар едiм”, – деп. Мен əзiрше табылмаған ақша жайлы қиялдап жатып ұйықтап кетемiн.

Үйiмiздiң қандай болғанын айттым. Оның өзi де əлдебiр мекемеге тиесiлi болғандықтан, басшылары шығыңдар деп дiгiрлеп, əкемдi сотқа шақырады. Үйде Лениннiң кiтаптары көп болатын. Сотта əкем солардан дəйектеме келтiре оты-рып, үнемi жеңiп шығады. Көрдiң бе, бұл өз алдына бiр хи-кая. Жылда солай.

133

Соғыс бiттi. Бiрақ қиыншылық баяғы қалпы, тiптi одан да сорақы деуге болады. 1946 жылы консерваторияға түстiм. Екiншi курсты аяқтаған соң ба екен, жазға қарай студенттердi Сарқанд ауданына жұмысқа апарды. Сарқанд ауылында нан, жемiс, көкөнiс мол. Бiрақ онда көп бөгелгемiз жоқ, “Аманбөктер” дейтiн совхозға кеттiк. Ол да таулы жерде. Төрт бөлiмше бар. Төртiншi бөлiмше таудың арғы бетiнде. Бiз екiншi бөлiмшеде жұмыс iстедiк. Жұмыс болғанда астық жинап, шөп шабамыз. Шөп шабатын машинаны екi өгiз, екi ат тартады. Одан басқа жұмыстар да шаш етектен. Аман дейтiн бригадир бiзге қатал қарады. Өзi соғысқа барып кел-ген екен, түсi жылымайды, қит етсе ашу шақырады, жөндеп тамақ та бермейдi. Тəулiгiне iшiп-жейтiнiмiз бiр бөлке нанның төрттен бiрi жəне бiр кесе көкшiл түстi ашқылтым сүт пе, қатық па, бiрдеңе.

Шөп шапқанда машинаның алдыңғы жағында жергiлiктi орыс бала отырады. Ол шөппен бiрге басы қиылатын семiз бөденелердi маған байқатпай жинап алып, үйiне əкетедi екен де, күн сайын етiн жеп, сорпасын iшiп, тыңқиып тойып жүредi екен.

Солайша үш ай өттi. Күздiң қара суығы басталып, қар жа-уатын кез жеттi. Бiздi қайтаратын түрлерi жоқ. Шешем маған қайта тiгiп кигiзген əкемнiң ескi костюмiнiң быт-шыты шықты, бəтеңке жыртылды. Əлгi бөлiмше қожайыны Аман деген бүгiн-ертең қайтамыз деп отырған күнi маған “ей, бала, сен анау таудың арғы жағында батпаққа батып қалған лобогрейканы барып алып кел, əйтпесе жiбермеймiн” деп қиғылық салсын. Күн бата жетiп, лобогрейканы жүргiзейiн десем, екi өгiз тарта алмайды. Айдала. Тас қараңғы түн. Қасқырлар қамай ма деген қорқыныш өз алдына. Ақыры болмаған соң, қос өгiздiң бiрiне мiнiп, түн ауа бөлiмшеге жеттiм. Келсем Аман маған қарап күлiп тұр. Найсапты келiстiрiп боқтадым. Ұзамай арбаға отырып, Сарқандқа кеттiк. Мұнда жеткен соң санитарлар бит пен сiрке басқан киiмдерiмiздi отқа қақтап, қағып-сiлкiп тазартқан болды. Əлi есiмде, отқа қақталған биттердiң сырт-сырт етiп жарылып жатқаны. Мұндайды кiм көрген?! Ертеңiне жүк машинасына отырып Алматыға тарттық. Қалаға жеткен соң алба-жұлба түрiме қарап милиция ұстап ала ма деген қауiппен қараңғы

134

түскенше машинадан түскен жерде жасырынып отырдым. Түнделетiп үйге келсем, əкем жоқ. Жаркентке қызмет ауыс-тырып кетiптi. Шешем менi күтiп, бармай қалыпты. (Ол мен келген соң да онда барған жоқ.) Менi көрiсiмен жылап-сықтап, бетiмнен сүйiп, шай-суын бердi. Жуындырып-шай-ындырды. Кейiн айтатын: “Егер мен сонда əкеңмен бiрге Жаркентке кетсем, мына жаман үйден де айырылып, сен далада қалар едiң”, – деп. Сөйтiп, анамның арқасында бас-панамыз аман сақталды.

Мына бiр фактiнi де айтайын, сен ұмытпай жаз. Содан кейiн келесi жылы Алматының iргесiндегi Дмитриевка (қазiр Байсерке) селосына жұмысқа бардық. Үш ай жүрдiк. Қайтарда “iштiңдер, жедiңдер, тапқан ақшаларың соған кеттi” деп бiр тиын бермедi. Алматыға жаяу қайттық. Жол-шыбай бiреу бiр бас қызылшасын бердi. Отыз шақырым жерден соны үйге əкелдiм. Анам содан ас пiсiрдi. Мiне, менiң көргендерiм. Өмiрiм қиындықсыз өттi дей алмаймын. Жақсылығы да қиындығы да аз болған жоқ. Өмiр ғой, өмiр...

Уақыт өтiп жатты. Шешем бiздi (iнiм, қарындасым бар ғой) асырау үшiн қазiргi республика сарайы тұрған жер-ден əрiректегi диiрменге барып еденге, қабырға жақтауына қонған ұнның тозаңын жинап əкелетiн де, содан табаға нан пiсiрiп жегiзетiн. Нан деген аты ғана, дəмi жоқ. Шайнасаң – қиыршық тас, құм. Шешеме “қалай жеймiз” десек, “шай-намай жұтыңдар” – дейдi. Сумен қоса шайнамай жұтамыз. Апырай, сонда бiреу-мiреумiздiң ауырып-сыр қа ма ға ны мыз-ға таңым бар.

Əкем қайтып келдi. Тұрмыс бұрынғыша, шықпа жаным шықпа. Бiр күнi шешем əкеме: “Əй, Бекмағамбет, аштан қырылатын болдық қой, нағып отырсың, Шаяхметовке бар-сайшы», – дедi. Əкем қинала-қинала келiстi. Онда Жұмабай Шаяхметов Қазақстан компартиясы орталық Комитетiнiң бiрiншi хатшысы. Əкем қабылдауға жазылдым деп келдi. Көп ұзамай “Беке, сiздi бүгiн түнгi сағат 11-де Шаяхметов қабылдайды, келесiз бе?” деген хабар жеттi. Əкемде бар-маймын дейтiн шама қайда, қараңғы көшемен түртiнектей жүрiп Орталық комитетке барды. Жұмабай Шаяхметов əкемдi келiскен уақытта қабылдап: “Беке, амансыз ба? Неге көрiнбей жүрсiз?” – дептi. Əкем: “Үлкен адамсың, бiр

135

жағы ұялып, келуге батылым жетпей жүрдiм ғой”, – дептi. Жұмекең: “Беке, мен сiзден оқыған шəкiртiңiз емеспiн бе?! Неге ұяласыз? Қандай шаруамен келдiңiз, қысылмай айта берiңiз”, – дептi. Əкем шынын айтады: “Жалақы аз, үй суық, отын жоқ, шам жоқ, тамақ жоқ, киiм жоқ, əзер жүрмiз”, – деп. “Жарайды, түсiндiм”, – деген Шаяхметов бiр тетiктi ба-сып қалғанда, жалма-жан бiреу кiрiп келедi. Жұмекең оған: “Мына кiсiнi ертiп бар да, не сұраса, бəрiн бер, мекен-жайын жазып алып, жағдайын бiлiп, маған айтып тұр”, – деп табыс-тайды. Əкем рақметiн айтып, Жұмекең тапсырған адамның соңынан ередi. Ол əкеме бiрнеше метр əртүрлi матаға талон, бiзге, шешеме, өзiне бас киiм, аяқ киiм, басқа да қажеттi зат-тар бередi. Шешемдi ет комбинатынының асханасына ыдыс жуушы етiп жұмысқа орналастырады. Шешем айтатын: “Үйiлiп жатқан ыдыс-аяқ. Нəн ыдысқа майданға жөнелтетiн ет пiсiредi. Тереңдiгi екi метрдей. Маған соны жуғызады. Оны тазарту құдайдың азабы”, – деп.

Əйтсе де, бұл да болса бiзге Құдайдың жасаған көмегi едi. Шешем күн сайын үш литрлiк шелекпен сорпа əкеледi. Ет болмайды. Бермейдi. Ебiн тауып ала қалғанда да, қарауылдар өткiзбейдi. Өткiзбеу өз алдына, қылмыстық жауапқа тарта салу түк емес. Онда тəртiп қатаң. Сорпа iшiнде ептеген өкпе, бауыр, жүрек, iшек-тұшақтар болады, бiзге сол да ғаламат тағам. Капустамен қосып соғып аламыз.

Шешем, əрине, үйге жетiсiмен бiзге шелектi көрсетедi де, өзi сүрiне жығылады. Жұмысы ауыр, шаршайды.

Шаяхметовтiң арқасында үйiмiзге 1 тонна сексеуiл, 2 тон-на көмiр түсiрiлгенi де бар. Əкем сексеуiлдi тасқа ұрып жара-ды, мамам үнемдеп жағып, үстiне там-тұмдап көмiр салады. Үй жылиды. Көмiрдiң қызуынан плитаның кiрпiштерi жары-лып кетедi. Жақсының шарапаты дегендей, иманды болғыр Жұмабай Шаяхметовтың арқасында сөйтiп, тұрмысымыз сəл де болса түзелдi, үйiмiзге береке кiрдi, ырзық молай-ды. Ростовтан келген көршi еврей кемпiр бар едi, бiр күнi шешемдi өзi басқаратын “тағам дəмi” деп аталатын артельге жұмысқа қабылдап, ол да өз тарапынан қайырымдылық жа-сады. Анам ол жерден де неше түрлi тағам алып келiп жүрдi. Көршi кемпiрдiң үрiп ауызға салғандай сұлу қызының маған көңiлi ауып, ықылас бiлдiретiн. Мен салқындау қарадым ғой

136

деймiн. Кейiн олар Ростовқа көшiп кеттi. Алматыдан бiраз байлық жинап алып кеттi-ау деп ойлаймын.

Ендi бiр қызығы, бiздi тұрған үйiмiзден шығару əрекетi тиылмады. Олар сотқа бередi. Лениннiң айтқандарына сүйенетiн əкем ақтығын дəлелдеп, құтылып кетедi. Үйдiң меншiк иесi – мекеме бастығы да көршiмiз. Аты Шəкен, қызының аты Клара. Араласып-құраласып, тату-тəттi тұрдық. Шəкенде жаман ой болмағанмен, бiреулер айдап сала ма, қайдам, “тəртiп солай ғой, қайтейiн, көңiлге алмаңдар, менi де түсiнiңдер, мен сендердiң жағыңдамын ғой” деп ағынан жарылатын байғұс. Бiз сондайды да көргенбiз.

Анау əлгi Сарқанд ауданындағы шолақ белсендi Аман де-ген əлi күнге дейiн есiмнен кетпейдi. Себебiн жоғарыда айт-тым. Шiркiн-ай, сол неме кейiн менiң кiм болғанымды бiлдi ме екен деп ойлаймын.

– Бiлуi де, бiлмеуi де мүмкiн. Онда сiз жас жiгiтсiз.– Жас болғанда, жиырмадан асқан шағым ғой.Теледидар,

кинодан көрсе, тануы мүмкiн. Соғысқа қатысқандардың көбi кiшiпейiл, қарапайым болғанмен, Аман сияқты көкiрегiн көтерiп, майданда болғанын мiндетсiнетiндер аз емес-тi. Жаныма жара салған сондайлардың тағы бiреуi есiмде. Консерваторияны бiтiрiп, театрда жұмыс iстеп жүргенде Синьцзяньға гастрольдiк сапармен бардық. Онда бiрiншi əйелiм...е..е...е, аты-жөнi кiм едi, тоқта тоқта...

– Тамара Ефимовна Лебедева.– Иə, дұрыс айтасың, Тамара Ефимовна Лебедевамен

ажыраспаған кезiм. Бiрде Тамара телефон соғып, екi бөлмелi пəтер берiлгенiн хабарлады. Iссапардан асығып-аптығып келсем, Тамара жылап отыр. Не болды десем, “жүр, бiзге берген пəтерге барайық, сонда бiлесiң” дейдi. Онда барсақ, бөтен еркек отыр. Түсi суық, бiр аяғы ағаш, шүңiрейген көзi өңменiңнен өтедi. Сəлемiмдi дұрыс қабылдаған жоқ. “Бұл қалай?” – дегенiме: “Бұл солай, мен соғыс ардагерiмiн, мүгедекпiн, сендер үшiн қан төктiм, аман-сау жүргендерiң менiң арқам, – деп бет қаратпайды. – Маған ешкiмнiң əмiрi жүрмейдi, қай құдайың болса да келе берсiн, бұл пəтерден өлмей шықпаймын”, – дейдi.

Амал қанша, заңды пəтерден қағылдық. Бiрақ сол подъез-де мамандығы рентгенолог жасы келген бiр адам бар-тын.

137

Əйелi де, балалары да жақсы жандар болатын. Əне, сол адам маған: “Бiз басқа пəтерге ауысамыз, сен бiздiң пəтерге кiрiп ал”, – деп ақыл бердi. Кiрiп алдық. Үй комитетiнiң бастықтарына бiзге берiлген үйге əлдебiр соғыс мүгедегi кiрiп алып, шықпай қойғанын, ендi мына босаған пəтерден бiздiң де шыға алмайтынымызды айттым. Əлгi соғыс мүгедегiмен бiраз уақыт көршi тұрдық. Өте қытымыр, ай-наласын тұқыртпай жүре алмайтын, дүкендерден нан, сүт, қант сияқтыларды таяғын шошаңдатып үнемi кезексiз ала-тын, айқай-шуы көп пенде едi. Ау, соғысқа қатысқан жалғыз сол ма? Өз басым майданда алған орден, медальдарын омы-рауына бiр рет те тақпай, ешкiмге көрсетпей өткен сыпайы жандардың талайын бiлемiн. Ұмытпасам, өзiмнiң жерлесiм, Кеңес Одағының Батыры Мəлiк Ғадбуллин ағамыз да сон-дай болды-ау деймiн. Əттең, былайша бiлгенiмiз болмаса, жақын араласып, сырлас-мұңдас бола алмадық. Ол жазушы, əдебиетшi-ғалым, мен əншi, рухани тұрғыдан алыстық жоқ, тонның iшкi бауындай болып-ақ жүретiн жөнiмiз бар едi, амал қанша?!

Өмiрдiң жартысы өкiнiш дейтiн кiм едi, Қадыр Мырза Əлі ме, иə, сол ғой деймiн. Кiм айтса да дұрыс айтады. Ол шiркiнiң – өкiнiштi айтам – бəрiмiзде де аз емес, қайтемiз. “Алды – үмiт, арты – өкiнiш алдамшы өмiр” дейдi Абай ата-мыз. Алла жар болсын баршамызға. Өткен сұхбаттардың бiрiнде екiншi жарым Лидия Сергеевнадан ажырасқанымды айтқанмын, қалай десең, олай де, мен үшiн ол да өкiнiш. Бiраз жыл бiрге тұрған адамыңмен ажырасып кету оңай бола ма? Естi адамға бұдан асқан қиындық болмайтын шығар. Өзегiңдi өкiнiш қариды, қиналасың.

– Онымен не үшiн ажырасқанымды жарылсаң да айт-паймын дегендей едiңiз. Əлде, таратып айту ниетiңiз бар ма? Күбiр-жыбыр болмау үшiн барлығын өз аузыңыздан естiген дұрыс болмас па екен?

– Ары ойлап, берi ойлап, өзiм де сондай байламға кел-гендiктен Лидия Сергеевнаның атын атап отырмын. Айт десең, мен дайын. Қажет пе өзi? Алдымен соны айтшы!

– Бiлiп отырып, несiн сұрайсыз?!– Əй, қусың-ау. Ұстатпайсың. О баста Лидия Сергеевнаға

сүйiп қосылған некелi əйелiмнен кетiп, өлердей ғашық

138

боп (екiншi рет) үйленгенiмдi айтқанмын. Ажырасуымның себебi не? Оны айтқан жоқпын. Тоқ етерi былай. Алтын дегенiм жез болып, Лидия да ер азаматты сыйлай алмайтын, жел сөзге еретiн шайпау мiнездi, ұрыс-керiске бейiм бiреу боп шықты. Лидияны жамандайын деп отырған жоқпын.

Жасыратыны жоқ, сол бiр кездерде не көп, жора-жол-дас көп, дос көп, той-думан, ойын-сауық көп, iшу жиiрек. Iшкенде ақылыңды iшпейсiң ғой. Алайда, Лидия басқаша қарайды. Бiреулердiң азғырғанына бой алдырды. Новосiбiр облыстық партия комитетiнде жауапты қызмет iстейтiн əкесiне менi маскүнем деп шағымданды. Əкесi Қонаевқа хат жазды. Қонаев ол хатты менiң көзiмше қоқыс салатын қорапқа лақтырып тастады. Мiне, қазақ. Димекең нағыз аза-мат едi ғой. Ешқандай шара қолданбады. Бəрiнен өкiнiштiсi, Лидияның басқа бiр еркекпен жүретiнiн сездiм. Оның үстiне, бiр күнi үйге қызу күйде келсем, анасы екеуi есiктi iштен iлiп алып, ашпай қойды.

– Əкесi обкомда iстейтiн едi дедiңiз, сонда анасы не, күйеуiмен ажырасқан ба едi? Сiздермен бiрге тұрғаны қалай?

– Сен бiлмейсiң, ол кезде ресейлiктердiң көбi кедей бо-латын. Лидияның ата-анасы да жарыған адамдар емес-тi. Сондықтан жазға қарай, əсiресе, анасы Мира Осиповнаны шақырып алатынбыз.

– Түсiнiктi. Сiзге есiк ашпады. Онан соң не болды? Есiктi бұзып кiрдiңiз бе?

– Не тантып отырсың? Бұзып кiретiн бұзақы ма екенмiн? Қатты сырқаттанып, реанимацияға түстiм. Бiраз уақыттан кейiн Лидия Қазақстан Орталық партия ұйымының хатшы-сы Саттар Имашевқа барып, “Три богатыря” дейтiн үйлерден екi бөлмелi пəтер алып, қызым Ираны жетектеп сонда кеттi. Мен жоқта үйде ештеңе қалдырмай, дүние-мүлiктiң бəрiн сабақты инеге дейiн үптеп кетiптi. Лидия КазПИ-де iстейтiн. Айтпақшы, соңғы жылдары маған ылғи да “сен менiң арқамда адам боп жүрсiң” деп ыңылдай беретiн. Өзiң де бiлесiң, күйеулерiнiң миын шұқудан жалықпайтын қатындар көп қой. Лидия да солардың бiрi боп шыққасын амалым қайсы. Ол менi азып-тозып, құрып кетедi деп ойла-ды. О баста өлдiм-өштiм деп ұрынған өзiм. Ендеше, кiмдi

139

кiнəлаймын? Бұл солай. Немене, айтпасын айтқыздым деп мəз болып отырсың ба?

– Не десеңiз де еркiңiз, ренжiмеймiн. Лидия қазiр қайда, осында ма? Сiзден кейiнгi күйеуiнен бала-шағалы болды ма? Ол күйеуi қазақ па едi?

– Айтады екенсiң. Қайдағы бала-шаға?! Күйеуi бiр институтта оқытушы боп iстейтiн орыс болатын, екеуi Днепропетровскiге көшiп кетiп едi, онда барған соң ажы-расыпты. Күндердiң күнiнде маған қайта қосылайық деп емеурiн бiлдiрген. Сынған шыны қайта қалпына келе ме? Қызым Ира да шешесiнiң сырын жақсы бiледi. Кейiн өзiме келдi. Лидия қазiр қартайған, жалғыз тұрады. Ретi келгенде Лидиямен қазiрге дейiн сөйлесiп тұрамын, Альфиямен де таныстырғанмын.

– Қателессем Құдай кешiрсiн, өткен сұхбаттарда Лидияға шаң жуытпай, аһылап-үһiлегенiңiзге қарағанда, бəрiбiр, оны шын сүйгенге ұқсайсыз.

– Мүмкiн. Бəрi мүмкiн. Орыстар “Любовь зла, полюбишь козла” дейдi.

– Үшiншi əйелiңiз жөнiнде де таратыңқырап айта-рыңыз бар шығар?

– Раушан ба? Бар. Жасырып-жабатын ештеңе жоқ. Ли-диядан ажырасқан соң бойдақтық өмiрдiң қиыншылығын бiр кiсiдей көрдiм. Раушан опера театрындағы бiр цехта iстейдi екен. Спектакльдерден қалмайтын. Əдемiше аруға аңсарым ауып, бiрде үйге алып келдiм де, ерлi-зайыпты боп тұрып қалдық. Бiрнеше жыл отастық. Күндердiң күнiнде əлденелерден көңiлiм суып, Раушанды жаным қаламайтынын сезiп жүрдiм. Күндердiң күнiнде тағдыр Аль-фияны кезiктiрдi. Ол менi, мен оны ұнаттым. Раушанға “мен басқа адамды жақсы көремiн” деп ашығын айттым. Онан соң Қонаевтан алған керемет үйдi бөлiп, үш бөлменi Раушанға берiп, үш бөлме өзiме қалды. Сенсең де, сенбесең де өзiң бiл, мiнəйi себеппен 20 мың долларды Раушан иеленiп, мен бiр тиынсыз қалдым. Мүмкiндiгiм мол адаммын, кедейлен-ген ештеңем жоқ, ұзамай ақша да, дүние-мүлiк те қалпына келдi. Бiрақ бiрде Раушанның маған санаторийге жолдама əперiп, қалтаңа қаржы салайын дегенiне риза болғанымды жасырмаймын.

140

Қазiргi жарым Альфия жайлы айтқанмын, бiлесiң, əке-шешесi Павлодарда тұрады. Альфия сауатты, алғыр, маған шын берiлген, iсiне мығым. Бұрынғы күйеуi Мəскеуде оқыған тəуiр музыкант болғанмен, iшiмдiкке əуес едi, қайтыс болған. Одан ұлы бар. Оны мен өз ұлымдай көремiн. Былтыр үйлендiрдiк. Жақында немере сүйдiк.

– Сыбырлағанды Құдай естiмей ме дегендей, өткен сұхбаттарда бiр кезде сiз туралы республикалық газет-тердiң бiрiнде “Қонақүйдегi гастрольдер” деген фельетон жарияланғаны туралы сұрағым келгенмен, ренжiтiп ала-мын ба деп үндемей қоя салып едiм. Есiңiзде бар шығар, ол қай газет едi, жазған кiм?

– Сенiң де бiлмейтiнiң жоқ екен. Болған ондай фельетон. “Ленинская смена” газетiнде жарияланған. Жазған сабаз – Брейгин дейтiн бiреу. Қазiр ата-бабасының ежелгi отаны Израильде деп естимiн. Менiңше, оны маған айдап салған бiреулер болған-ау, сiрə. Өзiмше қазақтың əн-би ансамблiнiң жетекшiсi боп ұзақ жыл iстеген, КСРО Халық артисi Лидия Чернышева ма деп шамалаймын. Қит етсе, жұртты Брежневтi айтып қорқытатын. Одан тiптi Димаш Ахметов жарықтық та аяғын тартады дейтiн. Оңай ма, Брежнев деген Брежнев. Құдай емес, құдайдан былай да емес.

Ал фельетонның жазылу жайы былай. Əлдеқайдан ко-мандировкадан оралып, қазiргi “Жетiсу” қонақүйiнде тұрып жатқанмын. Бiрде бөлмеге қадiрлi достар келiп, ештеңе бүлдiрмесек те, бiраз гуiлдестiк. Түннiң бiр уағында қонақүйдiң əкiмшiлiк қызметкерi келiп: “Серкебаев жол-дас! Сiз мұнда тұрғаныңыз үшiн ақша төлеген жоқсыз. Де-реу төлеңiз!” – деп дiгiрлесiн. Мен: “Əй, əуелi таң атсын да, сендер немене, менi түн жарымда қашып кетедi деп ойлайсыңдар ма? Жоғалыңдар!” – деп қуып шықтым.

Содан бiреулер құлақтанып, анадан мынаған, мынадан анаған жеткен. Чернышева бiлген. Брейгин килiккен. Сол.

– Ол кезде, əсiресе, кез-келген фельетон ресми орындарда талқыланып, сыналған адамдардың мəселесiн қарап, шара қолданатын үрдiс болушы едi. Сiзге жаза берiлдi ме?

– Не үшiн? Ешқандай жаза берiлген жоқ. Берiлуге тиiс те емес-тi. Əлгi өзiң айтқан ресми орындар да, басқалар да ауыздарына су толтырып алғандай, бiрде-бiрi құқ еткен жоқ.

141

Жалпы, мен ол нəрсенi күле отырып есiме аламын. Қопалдау айтқанда, кiл шуылдақтардың текке шəуiлдегенiнен қылым да қисайған жоқ. “Атың шықпаса, жер өртенiң” керi ғой бұл. Өмiрде не болмайды. Тiршiлiкте жақсы мен жаман, күн мен түн сияқты алмасып тұрады. Өмiр ғой, өмiр...

– Сексен жылдық мерейтойыңызға дайындық барысы қалай? Ел-жұртта серпiлiс бар ма?

– Аллаға шүкiр, ел-жұрт та, билiктегiлер де алдын-ала елеп-ескерiп, шама-шарықтарынша қарап жатпаған сыңайлы. Оның үстiне, мен де онша көп бiрдеңе дəмететiн сұғанақ, сұрамсақ емеспiн. Тек ұмытпаса болды, сол жетедi. Былтырдан бергi екеумiздiң сұхбаттарымыздың ба-сын қосып, кiтап етiп шығарамыз деп жатқан сендерге де алғыстан бөлек не айтайын. Бəрекелдi! Бұларың “өсер елдiң балалары бiрiн-бiрi батырым дейдiнiң” көрiнiсi. Құдай өшер елден аулақ қылсын.

– Өмiрбақи отан, туған ел, жер туралы неше алуан ғажайып əндер шырқап келдiңiз, əлi де шырқайсыз. Отан туралы не дер едiңiз?

– Бiздiң отанымыз – Қазақстан! Қазақтың елi, жерi! Өз басым анау балаларым мен немерелерiм тұрып жатқан Американың өзiнде жетi күн жүре алмас едiм. Өйткенi, төзе алмаймын. Түсiнiктi ме? Мiне, менiң Отан хақында айта-рым. Қазақ аман болсын! Қазақстан жасасын. Нұрсұлтан iнiмнiң абыройы биiктей берсiн! Осымен əңгiмемiз бiттi ме? Бiттi! Ал сау бол.

* * *Ермек Серкебаев. Бұл есiм елдiң аузына iлiнiп, жалғыз

қазақ емес, бүкiл əлем жұртшылығының назарын аудар-ғанына алпыс жыл. Аз ба, көп пе, бағамдай берiңiз.Сондықтан да Ермек Серкебаев десе елең етпейтiн

құлақ, селт етпейтiн жүрек жоқ. Оның орындауындағы небiр əйгiлi романс, ария, халық əндерiн сан рет тыңдап, те-атр сахнасында орындаған рөлдерiн тамсана тамашалаған бiз де əйгiлi əншiнi бұған дейiн сырттай бiлiп, сырттай табынып, сыйлап жүретiнбiз, Жүзбе-жүз дидарласып, ауыз ба-ауыз сұхбаттасу мүмкiн емес деп те ойлайтынбыз. Себебi, атақ-даңқы тым алысқа ұзап, бiр жағы ғарышқа,

бiр жағы жер планетасының кiндiк шегiне жеткен дара-боз тұлғаның сыртқы сұсы мен айбыны мысымызды басып тұратын.Ол жөнiнде айтылмаған, жария болмаған, əйгiленбеген

ештеңе жоқтай көрiнетiн. Том-том кiтаптар жазылған болар, бəлкiм, бiз аңдаусызда байқамаған шығармыз де-ген ой да қылаң беретiн ара-тұра. Əйтсе де, журнал оқырмандарының талап-тiлегiн ескерiп, Ерекеңмен кезде-суге, тiлдесуге тəуекел еттiк. Ол да шалқайып-шiренбей, зипалық танытып, бiрден келiсiм бердi.Бiз өзiн күллi дүниеден сырт қалғандай сезiнiп, жиi-

жиi мұңға батып отыратын əншiнiң жанының тереңiне бойлауға тырыстық. Бұған дейiн көрген-бiлген, түйсiнген-сезген оқиғалар мен кұбылыстарды қамту арқылы ғұ-мырнамалық бел-белестерiн айшықтау, тəлiмгерлiк-өне-гелiк тұстарын молырақ ашуды мақсат тұттық.Ермек Серкебаев! Бүкiл дүние таныған талант. Əлемге

қазақ ұлтын танытқан, талай-талай аламан бəйгеде оза шауып жүлде алған ерен жүйрiк.Ермек Серкебаев! Ұлтымыздың, Қазақстанның мақта-

нышы. Қазақ деген ұғыммен қатар аталар есiм.“Кiм келiп кiм кетпейдi бұл өмiрге”. Ұлы əншiнiң жан

дауысындай естiлiп, жүректегi шерiн, мұңы мен наласын ала шыққан осынау сөздiң астарын көкiрегiнде көзi бар кiм-кiмнiң де терең түсiнерi қақ. Шыңға бiткен жалғыз шы-нардай халықтың бағына туған, əнiн төрткүл дүние тiк тұрып тыңдаған Ермек Серкебаев бiреу. Ол баршамыздың мақтанышымыз. Ол бекзат болмысты əншi. Ұлы əншiнiң қайталанбас ғажайып өнерiне, халқына сiңiрген еңбегiне өлшем жоқ. Ермек Серкебаев – қазақ деген ұлы халықтың қайнары, сарқылмас рухани қазынасы.

ЖЫЛДАР СЫРЫ

публицистикалық портреттер мен толғамдар

144

СҰЛУЛЫҚҚА ІҢКƏР АҚЫНнемесе

Қуандық Шаңғытбаев туралы толғаныс

Күндер. Айлар. Жылдар. Тоқтауды білмейтін уақыт көші тынымсыз алға жылжыған сайын, күні кеше бірге тыныстап, бірге ғұмыр кешкен азды-көпті аралас-құралас, дəм-тұздас боп, жарық дүниеден бақилыққа ауысқан аяулы жандардың бет-бейне, тұрыс, іс-əрекеттері де бұлдыр тар-тып, көмескілене беретіні табиғи жай. Жүре келе олардың көзін көріп, рухын əспеттейтіндер де сетінеп, селдірей түседі. Мен білетін, сен білетін күллі бір кезең, дəуірде айшықты ізі қалған тау тұлғалар біртіндеп елес-жұмбақ, аңыз-əфсанаға айналады. Əсіресе, кейінгілерге. Əрине, олар халқына қыру-ар қызмет етіп, даңқын аспандатса, оларды халқы да жадын-да сақтап, есінде ұстайды. Əйтсе де...

Жалындап, дабылдап, жарқылдап, ішкі жан жарасын сез дірмей, сырт көзге қашанда шат-шадыман жүретіндей кө рінетін қадірменді Қуан аға, арқалы ақын Қуандық Шаң-ғытбаевтың бүгінде кім қай қылық, қай сыр, кісілік, адами кес кін-келбетін біледі, еске алады? Бұл тұрғыдан көкейді күп ті етіп, сыртқа шығаруды күтіп, жүрек түкпірінде жүретін азын-аулақ жəй-түйлерді ортаға салсақ деуші едік. Соның ре ті енді келгендей.

Қуандық Шаңғытбаевтың аты-жөні мектеп есігін ашып, қара танығаннан мəлім-тін. Өлеңдерін оқыдық, өлеңдеріне жазылған əндер тыңдадық, қазақ өнерін күрт құлпыртып, да-бы сын асырған “Беу, қыздар-ай”, “Беу, жігіттер-ай” пьесала-рын Алматыдан да, ауылдық сахналардан да талай рет көріп, рухани сусындадық. Өзін ше? Көремін, танысамын, тіпті, қатар жүріп қызметтес боламын, əзіл-қалжыңын естимін, базбір кəдесіне де жараймын деп кім ойлаған?

Соның бəрі де бастан өтті, шүкір. Осынау заманының сер кесі, халқының еркесі, сəнді де сымбатты, жан дүниесі ас пандай ашық, жүрегі кең, көңілі көл, зəредей кəкірсіз аза-мат ақынды тұңғыш рет 1958 жылы жазда мені астанаға

145

бас тап келген Апбаз Қаражігітов ағаммен бірге Жазушы-лар одағында сыртынан көрдім. Ол кезде қолы жеткендер əл дебір қымбат матадан тігілген ақ костюм-шалбар киетін. Қуекеңнің үстінде де сондай киім бар екен. Ұзамай Апбаз ағам Жұбан Молдағалиевті шайға шақырып, ол Қуандықты ер те келді. Мұны қазір там-тұмдап айтып жүретін себебім, со дан бастап Жұбан Молдағалиев маған жылы қарап, ра-дио ның бастығына жұмысқа ал деп араб əрпімен хат жа-зып берген-ді (бірақ маған басқа жерге орналасудың сəті түсті). Ол кезде Жұбан “Жұлдыз” журналының редакторы, Қуандық орынбасары екен.

Екеуін шайға шақырғанда Қуандық дастарқанға оты-рар-отырмаста Жұбанды меңзеп: “Бұл сам, мен зам”,– деп жайраңдай сөйледі.

Онан соң университетті Апбазбен бірге бітірген Ізтай Мəмбетов екі сөзінің бірінде Қуандықты мақтап, өлеңдерін жатқа оқитынына куə боп жүрдік. Ұмытпасам, “Шабандоз қыз” дейтін өлеңіне ерекше дəріптейтін. Қуандықтың Ізтайға – оның Жұбан Молдағалиевтің қарындасына үйленгенін тұспалдап – “Əй, Жұбанның күйеу баласы” дейтіні де жара-сып тұратын.

1964 жылы мамыр айында “Мəдениет жəне тұрмыс” жур-налына əдеби қызметкер боп қабылдандым. Журнал басшы-сы, мені 1958 жылдан білетін белгілі қаламгер Сапар Байжа-нов фельетон жанрын қатты қадірлейтін, соны қолға аласың деді (алайда, ұзамай ол жанр суалып, “Ара” журналының өзі шартты фельетон жариялайтын күн тумады ма?).

Уақыт өтіп жатыр. Үлкен қала. Анда-санда Қуандық аға ны көргенде ұшып барып амандасамын. Жатсынып-жа тырқамай “ой, аузыңды...” дейтін үйреншікті əзілімен жағдай сұрап, айналып-толғанады.

1966 жылы ма екен, Қуан аға Киностудияда істеп жүрген жауапты қызметінен босап, “Мəдениет жəне тұрмыс” жур-налына келді. Келді де, он шақты адам отыратын ескі бөлменің бір шетіне жайғасты. Ол кезде редактор – Мұса Дінішев. Бір бөлмеде қысылып-қымтырылып отыратындар – Жекен Жұмаханов, Ғаббас Жұмабаев, Жамал Байжанова, Бек Тоғысбаев, Өкім Жайлауов, Қажкен Ахметов, Жағда Бабалықов т.б. ақын жазушылар.

146

Ертеден-кешке дейін əңгіме-дүкен. Ортадағы жалғыз те-ле фон бір сəт босамайды. Он қызметкерге сырттан он адам, он қызметкер сыртқа он рет телефон шалғанның өзінде, есеп-тей беріңіз, жиырма қоңырау. Ал ол тіпті де жиырма емес. Міне, осындайда мақала жазу, хат қорыту, сырт авторлар мен сөйлесудің қандай боларын бағамдай беріңіз.

Редакцияның үйі ескі, тар. Редактордың кабинетінің ал-дын дағы қуықтай бөлмеде секретарь-машинистка, көр кем-деуші редактор, техникалық редактор, корректор, курьер, үй сыпырушы үйме-жүйме боп отырады. Қарсыдағы одан да шағын күңгірт бөлмеде редактордың орынбасары – жауапты секретарь мен бір əдеби қызметкер. Қалған кең бір бөлмеде – біздер, екі адам бір столдың екі жағына отыратын он сабаз.

Қуан ағаға қаламдас құрбы-құрдас, аға дос, іні достары жиі келеді. Көбірек келетін – екі пьесаны бірлесіп жазған – бұрын редакцияның маңына жоламайтын халық артисі Қа-набек Байсейітов. Қанабек анаған бір, мынаған бір “тиісіп” бол ған соң, Қуан аға екеуі шығып кетеді. Қуан аға Қанабек туралы небір қызық əңгімелер айтады. Қызметсіз қалған Қайнекей Жармағамбетов те Қуан ағаға жиі келіп жүрді.

Өзін қашанда ашық-жарқын ұстайтын Қуан ағаның біз біл мейтін сан түрлі “өнері” бар екен. Екі сөзінің бірі “Өй, Тахауи!”, “өй, Берқайыр!”. Еркелетсе де, кейісе де солардан бастап, солармен тамамдайды. Əлдекімдерге телефоннан дау сын өзгертіп сөйлегенде, олар түгіл, жанында отырған біздер танымай қаламыз.

Телефон шыр етті. Мен көтердім. Жас əйел сыңғырлаған дауыспен Жағданы сұрады. Тұтқаны Жағда Бабалықовқа ұсын дым. Ойда дəнеңе жоқ. Əшейінде бəсең үнмен қысқа сөйлеп, қысқа қайыратын Жақаң бұл жолы даусын сан құбылта шығарып, ұзақ сілтесін. Əдейілеп құлақ түрмесек те, бір бөлме болған соң еріксіз естіліп тұр емес пе? Жақаң “солай ма, қайда дейсіз?”, “енді көрейік” дегендей бірдеңелер айтып, сылқ-сылқ күледі, “болады, болады” дейді. Ең ақыры “ой!” деп кеңк етті де, тұтқаны орнына қоя салып, одан сай-ын күлсін. “Қуандық қой, Қуандық!” – дейді төрдегі Жекен-ге қарап. “Бойдақпын, жаспын, басыңыз бос па? Жігіттігіңіз қалпында ма? Онда танысайық. Осы бүгін кездесейік”,– дейді əйел дауыспен. “Енді қайтейін. Сеніп қалдым”,– дейді Жағда.

147

Асқазаным ауыратын мен түсте диеталық асханаға барып тамақтанамын. Басқалар осы үйдің бұрышындағы дүнген лапшасы бар кафеде түстенеді. Кейде мен де барамын. Ман-на боткасы, котлет секілді жеңілдеу тағам аламын. Қуан аға лап шаға қара бұрыш, қызыл бұрыш, сіркесу, тұзды аямай са-лып жатып, менің алдымдағы тағамға да бұрыш сеппек боп қол созады. Мен баж етемін. Басқалар жалт қарайды. Қуан ағаға да керегі сол. Қыран-топан күлкі.

Тағы да шыр еткен телефонды көтерейін. Ар жақтан кə-дім гідей сөйлеген біреу ананы-мынаны сөз етіп, соңына қа-рай: “Берқайыри”, Берқайыри, Берқайыри” деп тұрып алсын. Бұл не мазақ деп, тұтқаны тастай салдым. Бірақ ол жолы оны Қуағаң деп ойламаппын. Даусын өзгертіп сөйлеген сол екенін кейін білдім.

Əзілің жарасса, атаңмен ойна дегендей, əйтеуір менімен жиі қалжыңдасатын (мен өйтпеймін). Редактордың орынба-сары – жауапты секретарь ауысып, орнына Қуан аға та-ғайын далды. Республикада жаңадан тұрмыстық қызмет көр се ту министрлігі құрылып, жоғарының нұсқауымен жур-нал ендігі жерде мəдениетпен қоса, осы саланы да жазуы тиіс болды. Редактор Мұсекең оны маған жүктеп, жаңадан тағайындалған Тұрмыстық қызмет көрсету министрі Камал-бай Кетебаевқа ертіп барды. Журналдың əр санында тұрмыс комбинаты, етікші, шаштараз, сағат жөндеуші, тігіншілер жай лы мақалалар жазу қолға алынды. Қуан аға екі күннің бі рінде “шаштараз туралы материал керек, қазақ болсын, қайдан болса да тап” дейді. Қалада не көп, шаштараз көп, ал қазақ емге жоқ. Əйтеуір, бір күні “ДЭУ-15” жақтағы моншадан əлдебір ұсқынсыздау қазақ шаштараз табылып, сол жайлы шағындау мақала жазылды. Қазақ шаштаразды мақтап-мақтап келіп, “шаштараздық мəңгілік мамандық, адамдардың сақал-мұрты өспей тұрмайды, сондықтан шаш-тараздар ешуақытта жұмыссыз қалмайды” деп, басына “Таз-дардан басқаның бəрі риза” деген тақырып қойылды. Ар жағында “таздарға шаштараз не керек” деген Қуан аға үшін қылжақ бар.

Мақаламен танысқан Қуан аға кіріп келіп: “өй, аузыңды ұрайынын...” айтты да, жұртқа қарап: “Əй, мынау осылай етті, мазақтады”,– деп қарқ-қарқ күлді. Кейде “Осы неге əр-

148

бір адам өмірдің сұлу болуына ат салыспайды?” – дейтін əсемдікке, сұлулыққа мəңгі ғашық, іңкəр ақын.

Бір күні “бұдан былай сен маған қоғамдық негізде орын ба сарсың” деп, жауапты секретарьдың орынбаса-ры ретінде атқарылуы тиіс біраз мəселені қадап айтты, қызметкерлерге бұл менің орынбасарым деп хабарлады. Аға əдеби қызмет кер лікке бір саты жоғарылағаным таяуда, бастауыш партия ұйымының секретары, əрі саяси насихат-шымын. Қуан ағаның тапсыруына орай, айналадағыларға оны-мұны айт қан, талап еткен боламын. Пəлендей ештеңе жоқ. Сонда да Ғаб бас Жұмабаев болмашы нəрсеге мені “тырнадан жасауыл қойсаң, басыңнан қиқу кетпес” деп іліп-шалатын. Бір бөл ме дегі он шақты адамның үш-төртеуі темекіні орындарында отырып, езіп тартады жəне тысқа шығып тартқан жөн де ген ді құлаққа ілмейді. Олар жоқта Жекен Жұмаханов: “Əй, антұрған, партия жетекшісің ғой, мыналарға айтсайшы, бөл меде шылым шекпесін”,– дейді. Оны Жамал Байжанова, Жағда Бабалықов қостайды. Мен айтуын айтқанмен, нəтиже жағын өздері де көріп жүреді, сонда да мені қайрайды. Бірде тағы да сол Ғаббас Жұмабаев сөзуарлыққа салып: “Айналайын Асабаев, аз-дап қана қасарайық, кіп-кішкентай коллектив те, қырғи-қабақ жасамайық”,– деп түймедейді түйедей етті. Іншалла, көңілге алатын дəнеңе жоқ, ұждан таза, қайта осы ның бəрі бізді одан сайын жақындатып, табыстыра түсті. Қайран Ғабең, Ғаббас Жұмабаев асқан білімді, сауатты, қара сөздің алғыры, екі тілге жүйрік, аса қарапайым, текті адам еді.

– Əй, – деді бір күні Қуан аға оңашада. – Мынау жауап-ты секретарьлық жұмыс маған қол болар емес. Ол орынға Мұсе кеңе сені ұсындым, егер шақырып алып айтып жатса, бас тартпа, жарай ма, маған бөлім меңгерушілігі жетеді.

Мен ойланып қалдым. Ол қызметке дайын емесімді білемін. Тіпті, əлі бөлім меңгерушісі де емеспін. Бірақ Мұсе-кең ол жөнінде сөз қозғаған жоқ, Қуан аға бөлім меңге ру ші-лік ке ауысып, орнына Шəрбану Құмарова келді.

Партия ұйымының секретары болған соң, ай сайын жарна жинау менің еншімде. Сонда көріп жүретінім, қайдан алаты-нын да шаруам жоқ, Қуан ағаның айлық табысы кем деген-

149

де мың сомнан төмен болмайды. Басқаларда 200-300-дің о жақ, бұ жағы. Қаламақы алмай, таза жалақымен жүретін Мұсекеңде əрі де, бері де емес, тұп-тура 250 сом.

Қуан аға насыбай ататын. Насыбай болғанда, оңтүстіктегі Сарыағаш, Келес аудандарының насыбайларымен маған дей -ін де əмпей екен. Қуан аға бізге келген соң, насыбаймен қам-тамасыз ету толық маған ауысты. Жылына кемі екі-үш рет командировкаға барғанда шампан бөтелкесіне толтырып ала ке лемін. Қуан аға бірден тіл астына салады. Салады да: “Ой, қандай керемет, міне, насыбай деп осыны айт”,– деп басын шайқайды. Тағы бірде Ташкенттен ала келген насыбайдың бір шөкімін аузына салған бойдан рас па, өтірік пе, мойны сал бырап, талып қалсын. “Өте күшті екен” деді есін жиған соң.

Жоғарыда оны “ішкі жан жарасын сездірмей” деп қалдық қой. Бір басына ол жағы да жететін. Он төрт жыл төсек тар-тып ауырған анасын Қуан ағаның жар қосағы Мəриям жең-гей сыр білдірмей күтіп, қас-қабағына қарады, бағып-қақты. Енесі қайтыс болған соң Мəриям жеңгей де сондай аурумен ауырып, ұзақ жатып қайтыс болды. Бұл кездердегі Қуан аға-ның жан күйзелісін білдірмей, еңсесін тік ұстап жүруі ер-лік тің ерлігіне тең еді. “Дунган лапшасын Жəнібек (ұлы) екеу міз жасаймыз, қамырды өзім созамын” дейтін. Ол кезде дүкенде молынан сатылатын əрі дəмді, əрі тез пісетін “рус-ский пельмен” дейтін болды. Соны пайдаланатын. Үйіне бар ғанда Қуан аға созған лапшаның да, пельменнің де дəмін тат қанбыз.

Журнал редакциясынан Қазақ радиосына бас редактор боп ауысқан соң да, ара қатынасымыз үзілген жоқ. Онша-мұн ша жазған-сызғандарымды эфирден бергізіп, көмектесіп жүрді. Оның үстіне, бұл жақтан елге кім барса да, ол жақтан мұн да кім келсе де, менің тапсыруыммен насыбай ала келеді. Оны Қуан ағаға не мен, не əкелген адамның өзі апарып береді. Кейде телефоннан: “Əй, Тахауи!” – деп саңқ етеді. Бұл на-сыбай таусылғанда естілетін дауыс. Біле қоямын. “Бола ды, болады, келеді, алдырамын”,– деймін. Қайсыбір жылы біраз ағайын белгілі ақын Берқайыр Аманшинді еске алу кешінде бас қосып, сонда Қуан ағаның кенжесі – өзі Гаукамаш деп еркелететін – Гауһарды көріп, бір жасағандай болдым. Гауһар

150

онда Қуан ағаны өмірінің соңғы жылдарында сенімді серік бо лып, риясыз бағып-қаққан Мəриямнан соңғы қосағымен бірге келіп, екінші анасын мəпелеп-аялап отырды. Қуан аға-ның көзі тірісінде дидарласа алмаған екінші жеңгеймен сон-да танысып, жиын біткен соң Гауһар екеуін көш жерге дейін шығарып салдым.

Омар Хаямның рубаяттарын шебер аударған Қуандық Шаң ғытбаевтың қандай ақын болғанын ел-жұрт бізсіз де біле-ді. Мəриям жеңгей дүние салған соң, Қуан ағаның қайғысы қа лыңдап, мұң-наласы молая түсті. Оны өлеңдерінен де аң ға-ру қиын емес-ті. “Мені жан-тəніммен түсінетін адам та был-ды, екі бөлмелі пəтерге шықтым, үйге кел”,– деді бір жо лы телефон соққанымда.

Қу тірлік, жол түспеді, мұрша келмеді. “Ешкімде шатағым жоқ, өзіммен-өзіммін, сыйлағанның құлымын”,– дейтін Қу ан аға қашан тілдессек те.

“Əй, Тахауи!” – деп саңқ ететін өткір де ашық дауыс ес тіл-мейтін болғалы қай заман.

Біз де жаның жаннатта болсын, қайран аға дегеннен бөлек не айтайық.

Бір өзі бір əлем, бір дəуір деуге сиятын Қуандық Шаң-ғытбаевтай заңғарлар да, дүлдүлдер де кетіп жатыр, өтіп жа-тыр ғой фəни жалғаннан. Беу, дүние-ай!

ҚАЙТПАС-ҚАЙСАР ЖҮСЕКЕҢнемесе

Алтайбаев жайлы бір үзік сыр

Зейнет жасына жетіп, қатарда жүрген, кейбірі əлі де тəу -ел сіз еліміз, қазақ халқының мүддесі үшін қолдарынан кел -генше азды-көпті еңбек етіп жүрген бүгінгі аға буын өкіл-де рі де кезінде өздері пір тұта құрметтеп, солардай болсақ деп еліктеген, арман еткен, үлгі-өнеге алған, ұстаз санаған ға зиз жандар тіпті де аз болмаған. Олар КСРО деп аталған əлем дегі ең қуатты, айбынды мемлекет дəуірлеген шақтарда тер төккендері үшін жазықты емес. Ең бастысы, олар ар-ож-дан ды жоғары ұстап, азамат деген атқа лайық ғұмыр кешті.

151

Бастарын бəйгеге тігіп, қиыннан жол тауып, қазақтың қамын ойлады, тура жолдан таймады, ата-бабалар салтын берік ұс-та ды. Сөйтіп, бүгінгідей кезеңге жетті, тəуелсіздікке куə бол-ды. Ал, олар үлгі-өнеге алған жайсаңдардың көбі (өмір заңы бойынша) бүгінде бақилық. Айттық қой, енді өздері аға буын қатарында деп. Олардың алдындағы аға буын өкілдерінің бі-рі – төменде есімін еске алып, рухына тағзым етуді парыз са нап отырған белгілі қоғам қайраткері, қарымды қаламгер, өмір бақи басшылық лауазымдар атқарған, кісілік келбеті мен жарқын бейнесі көз көргендердің жадында сақталып ке-ле жатқан Жүсіп Алтайбаев.

Иə, сол тура мінезді, принципшіл, от ауызды, орақ тілді, (сол кездің сөзімен айтқанда) үкімет пен партия қайда жұм-саса, сонда барып, жүктелген міндет үдесінен зор абырой-мен шыға білуімен зор құрметке бөленген қайтпас-қайсар Жүсекең, жақсы мағынадағы адуынды Алтайбаев. Револю-ция алдындағы қазақ өмірінен білігі мол, халықтың інжу-маржан нақыл сөздері мен арғы-бергі тарихын терең білетін, өмірінің соңғы жылдарында (амалсыз) архаизмге айналса да, қолдануға болатын айшықты сөз, сөз тіркестері мен ата-уларды жинақтап, мерзімді баспасөз беттерінде жарыққа шығарғаны ерлікке пара-пар-тын. Басқаларды қай дам, əйтеуір, Жүсекең мен үшін осынысымен-ақ ерен көрі неді. Оны жəне басқаларды ойлағанда, Жүсекеңнің əлемдік клас-сикалық шығармаларды аудару арқылы да биікке көтерілгені не тұратын еді деп одан сайын марқая түсетініміз де рас.

Па, шіркін! Кеңестік кезеңдегі аударма үлгілері керемет еді-ау. Жас толқынның солар арқылы пісіп-жетіліп, қалып-тас қаны үлкен мəртебе-тін. Сауатты, шебер аударылған шы-ғармаларда қолданылған қазақтың небір бейнелі, шымыр, ұт қыр сөздері мен келісті тіркестер қазақ тілінің орасан бай екенін əйгілейтін. Оны жасағандар (бүгінгі аға буын өкіл дерінің алдындағы өңшең сақа сайыпқырандар) сонау Ш.Құдайбердиев, Ж.Аймауытов, С.Ерубаев, М.Жұмабаев, М.Əуезов, Ғ.Мүсіреповтен бастап, Елшібеков, Бектемісов, Өзденбаев, Жүсіп Жантурин, «Шыңғыс хан», «Батыйды» аударған Мұқаметжанов (Қалтай емес), Əбдіқадыров, бас қа да көп-көп қалам қайраткерлері еді. Біреуі – Жүсекең, Жү-сіп Алтайбаев. Сол шақтағы аға буын журналистер ішін де

152

əртүрлі газет-журнал, баспаларда редактор, директор бол-ған, радиокомитет, киностудияны басқарған К.Шалабаев, Қ.Сиранов, Қ.Шəріпов, С.Бəйішев, К.Үсебаев, Ə.Қарағұлов, М.Дінішев, А.Бейсембаев, Л.Ғалымжановалардың камқор-лы ғына бөленіп, кейін солардың ісін жалғастырушы бүгінгі аға буын өкілдерінде арман аз шығар дейсің.

Жүсекеңе қайта оралсақ, оған арнайы тоқталыңқырап отыр ғанымызға қарап, бəлкім, біреу-міреу мені онымен қоян-қол тық қызмет істеп, жақын араласқан шығар деуі мүмкін-ау. Ғазиз жандарды еске алып, аруағына тағзым ету үшін олай болу шарт та, міндет те емес. Өзім, мысалы, Жүсекеңді сырттай біліп, жүріс-тұрыс, сөйлеу мəнері, жұрттың бəрі бі-ліп, бағалайтын адами қадірі, жарық көрген шығармалары үшін сыйлайтынмын. Бетпе-бет дидарласып, ауызба-ауыз тіл дескенім бір-екі рет. Онда да қысқа ғана (əңгіме арқауы ол емес).

Осыдан біршама бұрын Жүсекеңнің туғанына жүз жыл толған мерейтойы ресми түрде аталып өтті. Сонда оның сах на төріндегі залға қасқая қараған суреті мен көзін көріп, аралас-құралас болған адамдар, жасы жүзге таяған, əлі көзі тірі əйелі, өзге де ет жақындары жəне (əсіресе) адал сүт ем-ген шəкірттерінің бірі, сатирик-ақын Қажытай Ілиясовтың сол күні бірнеше газетке қатар шыққан мақалалары мен ес ке алу кешінде жасаған тартымды баяндамасы көңіл құ-сын қиянға шарықтатып, кейінде қалған біраз жайларды еске түсірді. Бұларға еске алу кештің мақсаты да сол бол-ған соң тоқталып отырмыз. Дəл сол күні Жүсекеңнің та ғы бір ізбасары Мыңбай Рəшев сексенге толып, Əуезов атын-да ғы театрда өтетін болғандықтан, біраз жұрт сонда кет-се де, Жүсекеңді əспеттеп, əлпештеу, еске алу жоралғысы көңілдегідей өтті. Əңгіме кеште емес, оның былайғы қауымға берер тағылымдық мəнінде, рухани түлеуде. Жоғарыда аз-кем баяндалғандар солардан туындаған толғаныстар еке ні түсінікті шығар деп ойлаймыз. Қазіргі орта буын, аға бу ын қаламгерлерге тікелей де, былай да көзайым боп, сол шақ-тарда орта толтырып жүретін біраз жайсаңдардың аты-жөн-дерін атадық, оған осы жолғы бір себеп Жүсекеңнің мерей-тойы деп, айтулы қайраткердің аруағына тағзым етуді ортақ

153

парыз санап отырмыз. Өйткені, Жүсекең күллі алашқа ортақ перзент, артында мол мұра, өшпес із қалған тұлға болатын.

Қаршадайынан атқа мініп, облыстық газет редакто-ры, КазТАГ-та директор, директивтік органдарда жауапты қызметтер істеген, зейнетке шығардан алдын он жылдан астам «Ара» журналын басқарған Жүсекеңнің бүкіл жаз-ған-сызғанын тізбелеп, шығармашылығына талдау, саралау жа са мақ емеспіз. Оған тіс те батпайды, мақала көлемі де кө-тер мейді, олай ету əдебиет зерттеушілерінің міндеті болар деп қараймыз.

Жоғарыда там-тұмдап айтқанымыздай, Жүсекеңдер қыз-мет еткен жылдарда астанадан шығып, бүкіл республикаға таралатын қазақша басылымдардың жалпы саны, кейбір ве домстволық уақ-түйектеулерін қоса есептегеннің өзінде, саусақпен санағандай еді. Жəне де біразы соғыс лаңына бай-ланысты жабылып қалып, 50-60 жылдар аралығында қай та шыға бастады («Қазақ əдебиеті» газеті, т.б), кейбірінің кө-ле мі ұлғайды («Лениншіл жас», т.б.), кейбірінің аты өзгерді («Əдебиет жəне исскуство» – «Жұлдыз»), бірқатар басылым-дар жаңадан өмірге келді («Мəдениет жəне тұрмыс», «Бі лім жəне еңбек», «Спорт» газеті, т.б.), оларда өткір сын мақа ла-ларға қоса, сатира, юмор, фельетон, памфлет секілді уыт-ты жанрлардың өзіндік орны, үлесі болды. Сондықтан да, бəрінің де оқырманы мол, беделі зор, тиражы қомақты, ха-лыққа кеңінен танымал еді. Оқырмандарға олардың редак-торы нан бастап, қатардағы қызметкерлерінің де аты-жөндері етене таныс, бес саусақтай белгілі болатын. Пəленше кім де-се, пəлен газет не журналда істейді деп сақ еткізеді. Ақын-жа зушылардың атақ-даңқы тіпті бөлек. Кітаптары арқылы да, санаулы ұлттық басылымдар арқылы да халыққа жетіп жа татын. Əсер қандай! Мың-мыңдаған жас өскіндердің со-лар дың арқасында гүл жарып, шешек атқаны қандай ғажап құ былыс. Міне, руханият құдіреті! Өнер құдіреті!

Кез келген оқырман сатира, юморға ежелден ділгер. «Ара» журналының өмірге келуі сол жылдардың өркен жая түсуіне ықпал еткен, айта қаларлықтай жаңалық болды. Бұрын есімдерін газет-журналдардан ұшырататын қыр ғи тілді (А.Тоқмағамбетов, С.Төлешев, С.Адамбеков т.б) са-тириктердің аты-жөндерін енді «Арадан» жиі көретін бол-

154

дық. Пай-пай! Бір С.Адамбеков не тұратын еді. «Араның» алғашқы редакторы Ғ.Мүсірепов, Қ.Жармағамбетовтей алып тардан кейінгі редактор – жаңылмасам – Ж.Алтайбаев болды. «Араның» ұстанымы біреу, өзге басылымдардай еш-кімді мақтамайды. Тек сынайды. Нөмір сайын қос-қостан фель е тон не фельетонға бергісіз тұздығы ащы сыни материал. Тартқан жебесі нысанаға дөп тиетін сақа сарбаз-мергендер сол баяғы С.Адамбековтен бастап, М.Рəшев, Н.Байсеркеев, Ш.Смаханұлы, С.Əлжіков, И.Иманəлиев, Қ.Ілиясов... кете бе реді. Оқта-текте Кызылорда жактан А.Тоқмағамбетов ау-ыр артиллериядан «ататын» жойқын снаряд күллі елді дүр сілкіндіреді.

Жүсекеңді зейнетке шыққанға дейін сирек көретінбіз. Өз басым, шынымды айтсам, бет бейнесін жыға танымайтын-мын да. Редакция Жазушылар одағында болатын да, оқта-тек те сол жаққа жол түскенде кеңсесіне себепсіз кіруге жү рек сініп, сыртынан қарап өтетінбіз. Алайда, хат арқылы жолдаған бір неше шағын сықақ əңгімелерім жарық көріп, Жүсекең болмаса да, басқа кейбір қызметкерлерімен та-ныс болатынбыз. Бірақ, сонда да редакцияға бейсауат бас сұқпайтынбыз. Жүсекең мені біледі-ау деп те иек қы шы-майтын. Жазғаны басылған авторларды бас-басына қай-дан біле берсін. «Жоқ, ол сені біледі, – деді бірде Шона Смаханұлы. – Үш сықақ əңгімең бір нөмірде шығып, үшінші сыйлық алды емес пе, неге білмейді, бірақ, ол суық адам, ешкімге елпілдемейді, соған қарап, менменсіген біреу екен деме, мейірімді, кі ші пейіл, əділ. Ол бізбен де ресми түрде сөй леседі».

Өзім де солай шығар деп ойлағанмен, бірде алыс облыс-тардың бірінен (командировкаға барғанда) олжалап қайтқан фельетонды кабинетіне кіріп, өз қолына ұстаттым. «Жараса, басылады» болды бар айтқаны. Келген ізіммен кері шықтым да, жүре бердім. Фельетон ұзамай жарқ етті. Жай жарқ ет-пей, «бас кейіпкерін» – Шығыс Қазақстан облыстық «Каз-сельхозтехника» бастығы – жасындай жұлып түсті (ал, мен Жүсекеңе барып рақмет айтуға жүрексіндім).

Жүсекең пенсияға шыққан соң, ара-тұра Горький көше-сін дегі күллі газет-журналдар орналасқан тоғыз қабатты

155

(№50) үйге келіп жүрді. Ол кезде де тікелей қарсы жолығып қалмаса, бұрылып сəлемдесуге батпайтынбыз.

Бір жолы «Мəдениет жəне тұрмыс» журналына сықақ əң-гі месі шықты. Əдебиет бөлімі əзірлеп, бас редактор Мұса Ді нішевке ұсынса керек. Мен баспаханаға жіберер қарсаңда көріп, сурет салдырғаным есімде.

Ол кезде қаламақы белгіленген күні кідіріссіз беріледі. Сы қақ əңгімеге артық та, кем де емес, 30 сом тиесілі. Жүсе-кеңнің əңгімесі шыққан санның ведомосын қол қойдыру үшін Мұсекеңе алып бардым. Əншейінде кімге қанша қой-ыл ғанына мəн беріп, өзгеріс жасамайтын ол осы жолы Жүсіп Алтайбаевтың фамилиясының тұсындағы 30 деген цифрды ортасынан бір сызды да, өз қолымен 80 деп жазды: «Пенси-онер ғой», – деп күбір етті.

Бірнеше күннен соң кабинетіме Жүсекең келсін. Келсін де, қысқа аман-саулықтан соң: «Гонорарды алдым. Шамасы, аяғансыңдар ғой, көтеріп қойыпсыңдар», – деді бетіме ащы-лау жымия қарап.

Мен «Мұсекең» деп күмілжи беріп ем: «Білемін, – деді сөзімді бөліп. – Қазір оған да барамын. Бірақ, бұл туралы айтпаймын. Мен мінезі тік адаммын, ренжітіп алуым мүмкін. Сондықтан, саған айтып отырмын. Өйткені, гонорар қою се-нің міндетің. Бұдан былай олай жасама. Мейлі, кім болса, ол болсын, пенсионер ме, басқа ма, бəрібір, белгілі кестені бұз ба, бұл жолы кешірдім, алда солай етсең, гонорарыңды алмай кетемін», – деді.

Бұл Жүсекеңмен екінші рет дидарласып, тілдесуім еді. Бірақ, қандай!..

Өмірінің соңғы жылдарында «Ағыбай батыр» деген роман жазып, Кенесары-Наурызбайдың аттары аталатындықтан ба, басқа себептен бе, жарыққа шығуы оңай болмай, білетін дер-дің айтуынша, кітап редакторы Берік Шахановтың табан ды-лы ғы арқасында əрең жарияланған көрінеді. Онда да, жал-құй рығы күзеліп, біршама шырайынан айырылып...

Жүсекеңдей айбарлы тұлға, əріптес аға, қарымды қалам-гер еске түсіп, бейнесі елестегенде, əлдебір тылсым сезім жан ды баурап, өз-өзіңнен сергисің, серпілесің, арқаланасың. Жақсының аты өлмейді деп тегін айтылмаған-ау дейсің.

Қайран, Жүсекең! Текті тұлға! Рухың сөнбесін!

156

АТАҚТЫ АКАДЕМИКнемесе

Бақия Атшабаров жайлы мөлтек сыр

1964 жыл. Жаздың алғашқы айлары. Алматы сол баяғыша шағын қалпы (қысқа уақытта қанатын кең жайып, алып шаһарға айналғаны кейін). Ол кезде сенбі демалыс емес, сондықтан, жексенбі сайын жұрт Медеу жаққа ағылады. Он -да жұпыны, қарабайыр мұз айдыны, демалыс үйі бар. Жұ-пы ны мекенде (қызметкерлер тұратын) ескірген ағаш үйлер. Қаладан баратындарға мұз айдыны да, демалыс үйі де емес, жағасында зəулім терек, қайыңдар өскен асау өзен, тау бет-кей леріндегі қарағайлы орман, көгал керек. Таза ауада ты-ныс тау, тастай суық суға түсу, қоңыр салқын жел өтінде жел піну, күнге қыздырыну деген рахат. Күш-қайрат жинап, ты ңайып қайтасың.

Əрі-бері қатынайтын көліктер əрең сиятын, ені тар тас жол бойында Медеуге дейін де қала тұрғындары адым сай-ын жасыл ағаштар саясында топ-топ боп дастархан жай-ып, ұйылысып отырады. Медеуден бірер шақырым берідегі «Просвещенец» демалыс үйінің маңы да құжынаған халық. Алматы мен Медеудің орта шенінен оңға қарай бұрылатын тас жол «Каменское плато», «Түрксиб» санаторийлеріне апа-ра ды. Олар орналасқан жер де тұнып тұрған табиғат. Жол-шы бай қорапша автобустан түсіп қалып, солай қарай тарта-тын дар аз емес.

Əне, сол шақтарда орта жолдағы аялдамада үйме-жүйме боп тұратын олар Медеу жақтан келіп тоқтайтын іші тар қо рапша автобусқа лап қояды. Онсыз да лық толы көлікке жапа-тармағай ұмтылып, бірін-бірі кимелеп, басып-жан-шып, мінгендер мінеді, мінбегендер қалады. Кейде Медеуден келетін көліктегі жолаушылардың біразы жарты жолда түсіп қалады да, қиылыстан мінетіндер емін-еркін отырады. Сол шақтарда көлікке үнемі орта жолдан мінетін əлдебір жігіт ағасын көріп қалып жүрдім. Көбіне жексенбі сайын Медеу-ге бара жатқанда емес, кешкі салым қайтып келе жатқанда. Бойы ортадан төмен, тығыншық денелі, үлкен көзілдірік ас-тын дағы бадана көздері күлімдеген, қалыңдау қара шашы

157

тө гі ліп тұратын, жалпақ мұрын, бұжыр бет ол бірден артқа өте ді де, қашан межелі жерге жеткенше ешкімде, ештеңеде ісі болмай, ерні салбырап, қалғып-мүлгіп отырады. Қызық бол ғанда, онымен түсетін аялдамамыз бір боп шыққан. Ле-нин проспектісі мен Шевченконың бұрышы. Сол жерден ол да, мен (біз) де оңға бұрыламыз. Шағын өзеннің көпірінен өтіп, Городская көшесіне түсеміз. Оның бойында – оң жақта туберкулез институты, диспансер, ликер-арақ зауыты, та ғы-сын тағылар... Городскаяның сол жағында бау-бақшаға ма-лынған шағын көшелер, жеке меншік үйлер...

Медеуден қайтқанда жиі-жиі жолымыз түйісіп қала бере-тін жігіт ағасы да, сірə, сол көшелердің бірінде тұратын бо-лу керек. Қай тұстан бұрылып «ғайып болатынын» аңғар-маймын (қажет деп те санамаймын). Əйтсе де, тегін адам еме сі байқалып тұрады. Ол кезде қалада қазақтар селдір, жоқ пен тең десе де болады, əр қазақ арпа ішіндегі бір би-дай іспетті. Осынау бейтаныс қазақты өзімше ғалым шығар деп шамалаймын. Өйткені, сырттай білетін əдебиетші Бал-та бай Адамбаев, қашанда бірге жүріп, бірге тұратын дəрі-гер-жазушы Зейін Шашкин, сыншы Есмағамбет Исмайы-лов, əйелдер институтында істейтін Қапан дейтін азаматты ылғи осы маңайдан көремін. Ал, Медеу жақтан қайтқанда ұшырасатын жігіт ағасының əдебиет ауылынан емесі бірден көзге ұрады.

Жаз ортасы ауа (қара күзге дейін) автобусқа жарты жол-дан отыратын оның қолында дорба-дорба алма, шие, сəбіз, пияз, қияр, сарымсақ т.б. болады. Иə, ғылымның қай сала-сынан екенін қайдам, бірақ, ол ғалым. Түр-түс, жүріс-тұрыс, бəрі келіп тұр. Танысып, шүйіркелесетін рет жоқ. Ешкімде ісі болмай, қапшығын арқалап, өзімен-өзі жүретін адамға қалай жанасасың. Болады, ешкімде шатағы жоқ, міндеті жоқ мұндай адамдар болады. Оларға сен де оң қара, орыстар ай-татындай, «с выводом не торопись».

Уақыт өтіп жатты. Сол (1964) жылы көктемде «Мəдениет жəне тұрмыс» журналына орналасқан біз пақырыңыздың күзге шекті үш-төрт рет алыс-алыс облыстардың ұзақ-ұзақ аудандарына командировкаға барып, талай-талай шаруа тындырған боп жүретін жайы бар-тын. Ол кезде журналда əр тоқсан сайын редколлегия мəжілісі өтеді екен де, мен əлі солардың біріне де қатыспаған едім...

158

Бірақ, редколлегия мүшелерін жүзбе-жүз көрмесем де, бə рінің атақ-даңқына сырттай қанықпын. Бірі əдебиет, бірі мə дениет, өнер, архитектура, педагогика, музыка, медици-на – əр саладан сарапшы, кеңесші. Редакция қызметкерлері əзірлеген материалдардың бəрі болмаса да, кейбірін күні бұ-рын оқып, төрелік айтады.

Қара күздің соңындағы мəжіліске аппарат қызметкерлері – тəр тіп бойынша – редколлегия мүшелері түгел жиналған соң бардық. Редактордың кабинетінде жақсылар мен жайсаңдар əзіл-қалжың айтып, жайраңдап отыр. Көбін бетпе-бет таны-май ды екенмін. Əйтсе де, редактордың оң қапталында отыр-ған – шашы жан-жаққа төгілген, дүрдік ерін, қабағы сал бы-раңқы, орта бойлы, қара торы, денесі тығыншықтай, жа сы қырықтың о жақ, бұ жағындағы – адам көзіме бірден жылы-ұшырай кетті. Алғашында маған селт етіп қараған ол да əл-сін-əлсін көз тастап отырды. Редактор Мұса Дінішев редкол-ле гия мүшелерінің ныспыларын əкесінің атымен қосып ай та ды екен. Мəжіліс барысында: «Сіз не дейсіз, Бақия Ат-ша барович?» – дегенде, маған жүзі таныс адам ештеңе де-мей, басын бір жағына қисайта, селк-селк күлді де, «дұрыс» дей салды. Содан-ақ оның баладай пəк, артық сөзге жоқ, қарапайым, кішіпейілдігі аңғарылғандай еді.

– Енді сен сөйтесің ғой, – деп (редактор) Мұсекең жыми-ды..

Аты-жөні Бақия Атшабарович боп шыққан адам тағы да «дұрыс» деді де, жан-жағына қарап қарқылдай күлді. Қызық болғанда, тегі бұған дейін өтіп жүрген мəжілістерде де солай ма екен, қайдам, ортамыздағы біреу:

– Ау, Бəке, тым болмаса, бит туралы бірдеңе демейсіз бе? – дегенде, онсыз да жарылғалы отырған жұрт ду күлді.

Ал, Бақия Атшабаров болса, бет-аузын бір сипап тастап, «несі бар, бит туралы айтайын» деді де, бір-екі ауыз бірдеңе деумен қайыра салды. «Ауылда бит көп. Бит зиянды. Күресу керек», – дегендей.

Сөйтті де, үлкен іс тындырғандай, жұртқа қомдана қарап жы миды. «Енді рас қой, битті құртпаса болмайды», – деп қосымша пысықтаған болды өзінше.

Міне, бұған дейін демалыс күндері Медеу жаққа бір авто-бус пен барып, кейде бірге қайтып, бір аялдамадан түсіп

159

жүретін – бұған дейін кім екенін білмейтін – Бақия Атша-ба ровичпен осылай танысып едім. Ол журнал 1958 жылы жа рық қа шыққалы медицина саласына жауапты редколле-гия мүшесі, ғылым докторы, профессор, Өлкелік патоло-гия ғылыми-зерттеу институтының директоры екен. «Ба-тыр аңғал» демекші, ғылым қуғандар ішінде жұмысқа кейде аяқ киім орнына шəркеймен бара салатын не галстук, шалбарының ышқырын байлауды ұмытып кететіндер бола-ды деуші еді, Бəкең солардың сортынан сияқты. Бала мінез, аңғал, сəл қожанасырлау ма, қалай. Ешкімді жатсынбай, жатырқамай, шүйіркелесе кететіні өзінше. Ұзамай мені де көрген жерде атымды атап, бауырға тартып жүрді. Аңғалдау көрінгенмен, есте сақтау қабылетінің мықтылығына сан рет куə болдым. Жүре келе былай да араласып, дастарқандас, дəм-тұздас та болған жайымыз бар-тын.

«Мəдениет жəне тұрмыс» журналының қызметкерлері – Мұсекеңнен бастап Бақияның білетіні бит, тек битті айтады деп қалжыңдайтын. Ал...

Бақия Атшабаровичпен редакциядан тыс жақынырақ та -ны сып, араласқанымыздың мəнзəлəсі былай. Ұлы Отан со-ғы сына қатысып, майданнан аман-есен оралған Бақаң Алма-тыға келген бойда дəрігерлік мамандығы бойынша жұмысқа орналасады.

Ғылымға ден қойып кандидаттық, докторлық диссерта-ция қорғайды. Ұзақ жыл жоғарыда аталған ғылыми-зерттеу институтына директор боп, үлкен абыройға жетті, қазақ кадрларын көптеп өсірді. Солардың бірі оралдық жас жігіт – Төлеуғали Айтбаев та Бəкеңнің ұсынысымен журналда редколлегияға мүше боп, қажет мақалаларды көбіне сол жа-затын. Оны: «Төлеуғали жазуға менен шебер», – деп Бəкең де көтермелейтін. Екеуі де бертінге дейін, заман өзгеріп, қиюы қашқанша журналдан қол үзген жоқ...

Енді Бəкеңмен журналдан тыс жақынырақ аз-кем аралас-құралас болғанымызға келсек, ол басқаратын институтта өзінен бөлек Мақашев, Айдарханов, Қайрақбаев, Алда на-заров сынды бір қауым соғысқа қатысқан ғалымдар қыз мет істеді. Бəрі де Бəкең сияқты институт бітірген бойда майданға алынып, аман-сау оралғандар. Бірі – медицина ғы лымының докторы, профессор Əмір Тұрлыбайұлы Алдана заров ме ні-мен жерлес, жанашыр аға еді. Журналға жиі қа ты сып тұ-

160

ра тын Бүркіт Айдарханов, рак ауруы туралы маржан дай тізіп, көлемді, кесек мақалалар жазатын профессор Мəт-ха лық Қайрақбаевпен де мəмілеміз жарасып, сыйласатын-быз. Ғалымдық əлқиссасын (негізінен) Бəкең басқаратын ин ститутта бастаған сол кездердегі жас пері, ұлтжанды тұл ға, кейін Денсаулық сақтау министрі болған Төрегелді Шарманов та сол ғұламалардың алдын көріп, кісіліктеріне куəлердің бірі (деу артық емес). Төрегелді Шармановты Əмір Алданазаров та алақанда аялады, сыйластықтары ерекше-тін. 1975 жылдың басында 57 жасында өмірден озған Əмір Тұрлыбайұлының қазасында Төкең, Төрегелді Шарманов бү-кіл атшы-қосшыларымен бірге қызмет етіп, соңғы парыз да-рын өтегені есте. Бəкең, Бақия Атшабаров екібастан. Құр дас, сыйлас, майдандас, замандас, əріптес ретінде ғазиз жан ның жетісі, қырқы, жылын өзі басқарып, одан кейін де мар құмның семьясына көмектесіп, ілтипатын аямады. Бір оқи ға ойға ора-лады.

Əмір Тұрлыбайұлының қырқы өтіп, жұрт тараған соң, Ба қия бастаған біраз адам қалып, жылдығына дейін басын көтеру жайын сөз етті. Тізгінді қолына алған Бақия Атша-баров сонда:

– Лениншіл қанша дегенмен басқа қалада, жұмысбасты, уақыты бола бермейтін шығар, – деді Талдықорғандағы пе-динститутта ректор боп істейтін (Əмір Тұрлыбайұлының жақын бауыры) Лениншіл Рүстемовке қарап. – Немат інісі сырқат, – деп маған көз қиығын тастады да: – Сондықтан, қазірден бастап басын ашып алайық, осы міндетті саған жүктесек қайтеді? – деді менің атымды атап. – Қаржы өзі міз-ден, семьясына салмақ салмаймыз.

– Рақмет, Бақия Атшабарович, – деді талдықорғандық рек тор Лениншіл Рүстемов. – Бір адам жауапты болғаны жақ-сы, бірақ, бəріміз де қарап қалмаймыз ғой.

– Жөн-ақ, аға сенікі ғой, – деп күлімсіреді Бəкең. Осы тұста:– Бақия Атшабарович, естіп жатырмыз, ағамыз қайтқалы

өзіңіз бастап қызмет етіп жүр екенсіздер, сол үшін сізге Əмір Тұрлыбайұлы дүниеге келген топырақтың ел-жұрты аты-нан алғысымыз шексіз. Айып етпесеңіз, ағамыздың басын қарайтуға қажет қаржы бізден болсын, осыдан барған бой-

161

да жібереміз, – деді Əмір ағаның қырқына арнайы делегация бас тап келген Келес аупарткомының екінші секретары, əрі, жақын туысқаны Тазабек Есенов (марқұм). – Дұрыс айтасыз, бұл нəрсе кешеуілдемеу керек.

– Жарайды, онда солай болсын, – деп Бəкең орнынан кө те-рілді. – Атыңыз Тазабек пе? Сізге де рақмет, інім,– деді ел ден келген Есеновке қолын ұсынып.

– Ертеңнен бастап кірісе бер,–деді маған Тазабек қош та-сар да. –Тек тастың жақсысы болсын. Гранит дұрыс. Осыдан барған бойда қаржы қамдап, Сатыбалды не Сүйіндік екеу і-нің бірі алып келеді.

Айтқандай-ақ, бірер аптаның ар жақ, бер жағында Келес ауданының (сол кездегі) бас дəрігері Сүйіндік Дəулетов қа-жет қаржыны алып келіп, жаздың ортасында Əмір Тұрлы-байұлының басына сұр граниттен еңселі ескерткіш-белгі қойылды. Бақия Атшабарович бастаған бес-алты профессор екі машинамен зират басына барып, ескерткіш-белгіні көріп қайтты. Əмір Тұрлыбайұлының зайыбы дастарқан жайып, құран оқытты. «Ойдағыдай бопты, Əмір Тұрлыбайұлының жерлестеріне бəрекелде», – деп ризалық білдірді Бақия аға.

Өмір бар жерде – қаза бар. Қандай жағдайда да таза, шын сыйластыққа не жетсін. Осынау естелікті сол үшін де жазып отырмыз. Бақия Атшабаровичке қатысты болғандықтан да. Қалың қауым оның достыққа адал, кісілік келбеті қандай-лығын білген үстіне біле түсу үшін де. Қайран, Бəкең! Бақия Атшабарович!

Медицина институтын бітірісімен ел қорғауға аттанып, соғыстан аман-сау оралған бойда ғылыммен айналысып, (қазіргі кемсауат) «жасампаз» академиктердей емес, шын ғұлама, академик дəрежесіне жеткен, «Мəдениет жə не тұрмыс» журналында ұзақ жыл редколлегия мүшесі, оның басшысы, майдангер журналист Мұса Дінішевпен дос тық-та ры жарасқан Бақияның балалық шағы тіпті де оңай-оспақ болмапты. 1930-32 жылдардағы ашаршылықтан əупірімдеп аман қалған анасы екеуі Қарағанды облысының Қарқаралы ауданындағы əлдебір алыс ауылда ілдəлдалап ғұмыр кешіп, өйтіп-бүйтіп мектеп бітірген соң Бəкең Алматыға аттанып-ты, анасы ауылда қалыпты. Содан ана мен бала арадан он бір жыл өткенде (Бəкең соғыстан Алматыға келіп, жұмысқа

162

орналасқан соң) бір-ақ қауышыпты. Бұлар, бəлкім, айтуға оңай шығар, ал, жылдар бойы жалғыз тұяқты сарғая күткен ана мен оны бір сəт те жадынан шығармай, қаскөй жау-мен шайқасқан, одан ғылым жолында инемен құдық қазуға кіріскен Бақияның ыстық-суық алапат жан сезімдерін қай-да қоярсың. Соғыстан кейінгі (Алматыда) бастан кешкен мехнат-машақаттар қаншама. Барлығына тоқталмай, Бақия-ның сол қиын кездерде алдымен анасын көшіріп əкеп, уни-вер ситет бітірген Күлкенге үйленгені, үш ұл өсіріп, олардың бірінің өз жолын қуған ғұлама ғалым болғанын (қалған екеуі де өмірден өз орындарын тапқан) айтсақ та жеткілікті шығар дейміз.

Бақия майданда жүргенде жападан-жалғыз тіршілік еткен анасы өлең шығарып, дəтке қуат етеді екен. Бəкеңнің қазір зейнеткер ұлы Айдар солардың кейбірін былайша келтіреді:

Жылқының тарттым шылым қу басынан,Бозінген естім арқан шудасынан.Қазақтан екеу де емес, тым болмаса,Əкесі жалғыз еді-ау түу басынан Түнқатар тəтті болды тас бұлағың,Көзімнен бір-бір ұшты жас қыраным.Қу азап бір күнгідей болмас еді-ау,Фронттан аман қайтса шамшырағым.

Сұрасаң барған жерім Берікқара,Сайрандап жүруші едім екі арадаҚаңбақтай жел айдаған үйсін келдім,Тағдырға дəм-тұз тартса тоқтау бар ма?!

Ұлы Жамбыл атамыздың «Ойхой, дүние серуен, адам бір көшкен керуен» дейтініндей, өтіп жатыр, керуен көшіп жа-тыр ғой «... кезекпенен өлініп, баяғыдай көрініп...» (Абай). Аласапыран тіршілік, баяны жоқ уақыт. Тəйт! Неге бая-ны жоқ? Саналы ғұмырында халқының көзайымы, айбары боп, артына өлмес-өшпес мұра қалдырған арыстарды қайда қоясың? Жоғарыда аз-кем əңгіме арқауы болған қадірменді Бəкең, марқұм Бақия Атшабаровичтай. Олар көп, қара ор-мандай емес пе еді?. Қашанда, барлық кезде, бүгін де...

Беу, дүние-ай!..

163

ҚАЛАМГЕР ҚАНАХИНнемесе

Өтекеңнің екі қыры

1. Аңдамай сөйлеген қасқа

Өтекең деп отырғаным – Өтебай Қанахин, кəдімгі белгілі жазушы, біраз жыл бір шаңырақ астында қызметтес боп, бірге жүріп, бірге тұрған аяулы жан. Баянсыз уақыт, өмірден озғанына ширек ғасырға бет алыпты.

Жеңіл əзіл-қалжың айтатыны болмаса, беталды сөзге бар-майтын. Айтары болса, кім-кімнің де көзіне айтатын. Кейбір жайды «құрсыншы» деп жылы жауып қоя салатын. Бақиға озған соң да, кейін де есімі онша атала бермейді, алдыңғы жылы ма екен, жан жары Сағираның арқасында біраз көңіл жақын тума-туыс, дос-жарандар бас қосып, сексен бес жылдығын атады. Сол қарсаңда өз басым шағын естелік жазып, ол газетте жарық көрді. Мынау (одан да шағын) – екіншісі. Өтекеңнің көкейден кетпей жүретін екі қыры бо-лушы еді, соларды оқырман назарына ұсынуды жөн көрдім. Алдымен...

Өтекең өзі туралы да, басқадай жайлар жөнінде де айта бермеуші еді (дедік қой). Əйтсе де, айтатын. Мəселен, со-нау ашаршылық жылдарда бір əулеттен жалғыз қалып, ба-ла лар үйінде ержеткенін, одан майданға алынып, соғыс аяқталған соң, 1954 пе, 1955 пе, сол жылдардың біріне дей ін Порт-Артур қаласында əскери қызметкер болғанын са ғы-нышпен майын тамыза əңгімелейтін. Порт-Артур ертерек те патшалық Ресей, кейін Кеңес өкіметінің Қытайдың қақ орта-сындағы меншікті қаласы болған. Орыс тарихында орны үл кен. Кезінде «Порт-Артур» атты роман, пьеса, басқа да əде би шығармалар жазылған. Жалпы, бір мемлекет ішінде екінші мемлекетке тиесілі қала болу сирек кездеседі. Қазір өзге мемлекет жеріндегі ондай қала Қытайда ғана бар (Гон-конг). «Порт-Артурды» Кеңес өкіметі алдақашан Қытайға беріп жіберген.

– Əне, сол «Порт-Артурда» жүргенімде, – дейтін Өтекең. – Өзімді бір сынап көрейін дедім де, анау-мынау емес, соғыс тақырыбына роман жазайын («Ауыр күндер»). Жазайын да,

164

қолжазбаны Алматыдағы Жазушылар одағына жіберейін. Олардан жауап келсін: «Романың ұнады, «Əдебиет жəне ис кусство» журналында басылады, əскери қызметті тас тап, Алматыға кел», – деген. Бұл мен үшін күтпеген жай еді. Құстай ұшып, жетіп барғым келді. Бірақ, жоғары лауазым-ды, шені үлкен офицерді кім жіберсін. Қала коменданты қай ы рымды жан еді, соның кеңесімен КСРО Қорғаныс ми нис тріне қайта-қайта хат жазып жүріп, əйтеуір, рұқсат алып, бірден Алматыға тарттым. Обалдары не, мұндағылар жақсы қабылдады. Əсіресе, Сəбит Мұқановтың ықылас-пейілі ерекше болды. Уақытша пəтер жалдап, «Социалистік Қазақстан» газетіне қызметке тұрдым. Мұнда редак-тор Қасым Шəрі пов тен бастап, соғысқа қатысқан Жекен Жұмақанов, Хамит Ер ғалиев, Рақметолла Райымқұлов, Құрманғали Ұябаев, Есет Əукебаевтай бір қауым майдан-гер қаламгерлер жұмыс іс тей ді екен. Солардың қатарына қосылдым. Мен Мəскеудің рұқ сатымен əскерден босап, Алматыға келгенде оң қабақ көр сеткендердің бірі Ғабең, Ғабит Мүсірепов еді, ұзамай сол кісі жаңадан ашылған «Ара» журналына редактор болып, сонда шақырды. Сол кезде Ғабең үстінен қарап, өңдеген материалдарды əлі күнге дейін теберік ретінде сақтап жүрмін.

Алғыр, сауатты Өтекең содан соң «Жазушы» баспасын-да бас редактор, Орталық партия комитетінде бөлім меңге-ру шісінің орынбасары, «Жалын» альманағының (бірінші) редакторы секілді сатылардан өтіп... мəнəйі себептермен 1970 жылдың көктемінде «Мəдениет жəне тұрмыс» журна-лы на бөлім меңгерушісі боп келді. 1971 жылы барша га-зет-журнал Горький көшесі бойындағы тоғыз қабатты жаңа үйге көшкен соң, екеумізге бір бөлме тиді. Екеуміз де бөлім меңгерушісіміз. Түсте бірге тамақтанамыз, іргедегі парк-те бірге серуендейміз. Солайша төрт жыл өте шықты. Бұл аралықта мен Бас редакторға орынбасар, Өтекең Мəдениет министрлігіне бас редакторлыққа ауысты. Пенсияға шыққан соң оны редакцияға қайта қабылдап, тағы да бес жыл бірге жұмыс істедік.

Енді жоғарыда айтқан Өтекеңнің екі қырына келейік. Өтекеңмен алғаш танысқан, табысқан жылдар. Бір кабинетте отырып, түсте бірге тамақтанамыз, онан соң іргедегі паркке

165

барып шамалы серуендейміз (дедік қой). Бір жолы парктің оңашалау тұсында келе жатқанымызда, алдымыздан əлдебір жігіт шыға келсін. Бірден Өтекеңмен əмпей-жəмпей аманда-сып, жік-жапар болсын. Екі езуі құлағында. Өңі таныс, жаңа жаза бастаған жас перілердің бірі болса керек. Өтекең бірден оның сөзін бөліп:

– Əй, батыр, – деді сəл түсін суыта, салқын жымиып. – Сен анау жолы мені үйіңе не үшін шақырдың, аға деп сый-лап, қонақ ету үшін бе, əлде, қанша ішетінімді білу үшін бе?

Сөйтті де, мені қақпайлап, бұрылып жүре бердік. Қапе-лім де əлгі пақырдың не күйге түскенін аңғармай да қалдым. Состиған қалыпта бірдеңе деп міңгірлеп жатты. Қасымызға қайта жақындай алған жоқ.

«Апырай, бұл не болғаны деймін» Өтекеңе бірдеңе деуге мен де бата алмай.

Өзі пəлен демеген соң, себебін сұраған жоқпын. Бірақ, топ-шы лауымша, шамасы, ол жігіт Өтекеңді қонаққа шақырған, битін салып күткен, онан соң ішіне сыймай, əлдекімдерге мақтанған, солай да солай, Өтекең біздің үйде жақсылап ішті деп. Ол сөз əлдеқашан Өтекеңе жеткен. Өтекеңнің кейін ай-туынша, шынында да, солай болыпты. О, аңдамай сөйлеген қасқа-ай! Қазақ осылай қапылады емес пе?

2. «Қолтаңба бермеймін»

Өтекең былайша иі жұмсақ, қарапайым көрінгенмен, принципті қатты ұстайтын. Баукеңдей демесек те, офицерлігі байқалмай тұрмайтын. Сөйлеу мəнері, жинақылық, жүріс-тұрыс – бəрі. Өтекеңнің екі қыры деп отырмыз ғой, қыр ма, сыр ма, екіншісі былай. Оның алдында...

Өтекең «Мəдениет жəне тұрмысқа» келгенде бірнеше ро ман, повесть, əңгімелері шыққан сақа жазушы-тын. Кө-бін оқығанбыз. Айтпақшы, Орталық партия комитетінде жүр генде де осы журналға ауық-ауық əңгімелері жариялана-тын. Енді, міне, бір шаңырақ астындамыз, екеуміз бір ка би-неттеміз. Біреу телефон соғып, мені сұраса, тұтқаны ұсы-на ды да, өзі дереу коридорға шығып кетеді. Алғашында мұ нысы несі деп жүрдім. Сөйтсем, əдеті солай екен. Оны бір

166

жолы Бек Тоғысбаев айтты: «Жалын» альманағында Өте кең редактор, мен орынбасар боп, екеуміз бір кабинетте отыр-ған да солай ететін, мəдениетті адам ғой», – деп. Енді мен де сөйтетін болдым. Өтекең телефонмен сөйлесе бастаса, тез тысқа шығып кетемін. Бірақ, екінші қыры дегелі отырғаным ол емес.

Кітаптары шығуын шығады, алайда, олар жөнінде Өте -кең н ің өзі емес, көбіне басқалардан естиміз. Өтекең кі та бым шығады не шықты деп жар салмайтын. Əйтеуір, өз басым оның біреу-міреуге қолтаңба жазып, кітап ұсынғанын бай-қаған емеспін. Бəрін жүре келе білдік...

Күллі редакциялар жайғасқан тоғыз қабат ғимараттың ең төменгісінде жеңіл тағам, сусын, газет-журнал, дəрі-дəр-мек, баспалардан шыққан жаңа кітап т.б. сатылады. Ары-бері өткенде алдымен қарайтынымыз кітап, əрине. Бір жолы таңертең Өтекеңнің жаңа кітабын көріп, сатып ал дым да, кабинетке келген соң қолтаңба жазып беруін сұ рап, алды-на қойдым. Сонда жазғаны: «Пəленшеге автор дан» деген соң күн, ай, жыл, қойған қолы – бітті. Сəл қоңылтақсыдым ба екен, кітабыңызды неге өзіңіз бермедіңіз дегендей наз білдірдім. «Мен, шырағым, өз тарапымнан ешкімге кі-тап берген емеспін, бермеймін де», – деді. Алды-артын жұ мыр лап, кесіп айтты. «Неге?» – демедім. Дей алмадым. Əл де не санаға жеткендей болды. Іштей құптадым. Жүре келе мұнысының дұрыстығына көз жетіп, көңіл иланды. Өйткені, əлі шығып үлгермеген кітабын алдын-ала да-быралаумен қоймай, шыққан соң көл-көсір жылы сөзін үйіп-төгіп, кез-келгенге тықпалайтын ағайындарды көріп жүретінбіз. Базбір авторлардың əлдебір жоғары мансап иесі ме, менменсіген кеудемсоқ па, сондай біреулерге өліп-өшіп ұсынған кітабы қай жер болса, сол жерде шашылып қалып жататынына да куə болатынбыз. Қасқалдақтың қанындай қастерлеп, жастанып жатып оқыса, кітап сөресінің төріне қойса, не сөз, құдайдың бергені емес пе? Бəлкім, кітап ав-торы солай болады деп ойлайтын шығар, бірақ, ілкіде бол-маса, олай емес. Өтекең мұндайды өз басынан өткермесе де, жақсы білген болса керек. Менің білуімде, журналда біраз жыл қызмет істеген белгілі ақын Берқайыр Аманшин де өз кітабын ешкімге ұсынбайтын.

167

КӨКТЕН ТҮСЕ ҚАЛҒАНДАЙ КӨРІНЕТІН

немесе Мəдениет Ешекеев

туралы бір үзік

Байқаймысың, байқаймысың, мынау ғажап тамашаны, бір адамға байланысты

бір адамның болашағыМұхтар Шаханов

Халықты табиғат сыйлаған талантымен табындырып, руханият əлемінде өшпес із қалдырған (жəне жер басып жүрген көзі тірілердің де) тұлғалардың қай-қайсысының да алғашында көкейге аңыз адам ретінде орнығатыны ғажап-ақ. Оларды бір көрсем, сөзін тыңдасам, өмірде қандай екенін білсем деген іңкəрлік солардан бастау алса керек (дегіміз келеді). Мəселен, өз басым сахнадан да, былай да көре ал-май арманда қалған əйгілі Күлəш Байсейітованы əлі күнге сол аңыз адам ретінде қабылдап, аруағына тағзым етемін, оны көріп-білгендерге қызығамын, мұраттарына жеткендей көремін. Кейін білген Күлəш жайлы деректерден санаға то-қыл ғандар аз көрінеді, əлі де бірдеңе жетпейді. Əйтсе де, оның да қарпайым пенде ретіндегі бастан кешкен қызық-шыжықтары жайлы кейбір мағлұматтар əрі қуантып, əрі түңілдіреді. Əйтпесе, өз дəуірінде шығар биіктің бəріне шығып, жоғары атақтың бəрін (дерлік) иеленіп, кемеліне кел-ген шақта іші тар (аты-жөні белгілі) пасықтар оның үстінен домалақ арыз жазып, Қытайға одақ атынан барғалы тұрған өнерлі топтан қасақана қағылғанына не деуге болады. Ал, жазды. Ал, бармады. Бір мезетке зұлымдықтың жолы бол-ды. Күлəш бармай қалды (барғызбады). Ұзамай Мəскеудегі қонақүйде өлім құшты. Мақсат сол ма еді? Əрине. Басқа не? Тек жаны жауыз жайсаңдар одан кейін (содан бері де) қалай жер басып жүр екен демесе. Бəлкім, күллі ел аза тұтқан Кү-лəш тің қазасы үстінде олар да қоштасуға барған болар, тіпті, іштей айызы қана тұрып бір уыс топырақ салған шығар. Бə-рі мүмкін.

Қош, сөзді неге бұлай бастадық? Тоқ етерін айтсақ, да-рын иелерінің ешбірінің тағдыры шуақты, жолы даңғыл

168

бола бермейтінін тағы да қосымша еске салу ниетімен. Осы жолы қолға қалам алуға таяуда ойламаған жерден бір кітап-тан белгілі əнші Мəдениет Ешекеевтің мүлде Ешекеев бол-май қалуы мүмкін екенін аңғартатын айғақтың алдан шығуы болды. Біз белгілі дегенмен, кезінде Еңбек сіңірген, Халық артисі атанған семейлік Мəдениет Ешекеев белгіліден жоға-ры, бірегей əнші-тін. Оның орындауындағы қазақтың небір керемет əндері бүгінде сирек естілгенмен, алтын қорда аз бол ма са керек деп шамалаймыз.

Жоғарыда айтқандай, алғаш көргенде өнері ерен бұйра шаш ты, еңсегей бойлы, толықтау, жалпақ бет, ақ сары жі-гіт те аспаннан осы қалыпта түсе қалғандай, қамсыз-мұңсыз жан дай көрінген. Дəл осыған дейін басынан нендей құқайлар өткенін кім білген. Егер сол шақтарда іші тар, қызғаншақ бі-реу лерден жандарын сала араша түскен арлы азаматтар бол-ма са, пəленбай жылды арқалап не əншілік көз ұшындағы ар-ман күйінде қол бұлғап қала берер ме еді, қайтер еді?! Құдай сақтаған. Мəдениет əншіні тұңғыш рет көрген сəттер өзінше хикая деуге сиымды (қазір білесің).

1963 жыл. Март айының басы. Болмашы қар алдақашан жоқ болған. Жер көктей бастағанмен, ағаштар бүр жармаған. Күн салқындау. Бірақ, костюммен жүре беруге болады. Кей-де қысы да жазғытұрымға ұқсайтын Сарыағаштың көктемі. Аудандық Мəдениет университетінің қоғамдық негіздегі ди-ректоры Төлеген дос Айбергенов редакцияға телефон соқты:

– Павлодардан алты жігіт, үш қыз – бір топ өнерпаз ке ліп-ті. Кешке концерт. Барайық, – деп.

Бұдан бірер ай бұрын Алматыдан да кіл уыздай жас талап өнерпаздар келіп бір серпілткен. Ішінде есте сақталғаны – уыздай жас Сара Тыныштығұлова, Мекес Төрешев бар-тын. Асығыс болды ма, олардың ертеңіне қайда кеткенін білмей қалдық. Газетке мақала жазумен тындық та қойдық. Мына-лар...

Көбінің қазір аты-жөні есте жоқ, павлодарлық өнер паз дар да ғаламат екен. Орталарындағы аласа бойлы, арық, жə пі-рей ген қалқан құлақ, қара жігіт баяншыдан өзгелері тү гел əнші, үш қыз əнші əрі биші. Ал, енді жасы біз құралпас анау бұй ра шашты ақ сары жігіттің əншілік қарымы елден-ерек екен. Ашық, кең, мəнерлі əуендер бірден баурады. Айт қан-

169

да ры түгелдей Арқаның əні. Өздері Павлодардан келсе, олай болмай қайтушы еді. Əрине, бірлі-жарым Шəмші, Əб ла хат, Əсет Бейсеуов, Сейділ Шəріповтің əндері де ара лас пай қал-ған жоқ. Тек əн емес, күй, терме, сын-сықақ, тақ пақ орын-да ған павлодарлық өнерпаздардың мейлінше кі ші пе йіл, қа-ра па йым, білім-біліктілігі де көрініп тұрды. Олар сол жолы Иса Байзақов, əнші Майра туралы естеліктер айтты.

Ертеңіне тағы да Төлеген Айбергенов телефон соқсын: – Кешегі павлодарлық өнерпаздар қазір «Таскескенге»

жүруге дайындалып жатыр. Аудандық Мəдениет бөлімі сен екеумізге бірге барыңдар деп қолқа салып отыр. Аупартком-мен келісіпті. Орталық асханаға келе бер, сонда жолығамыз. Қонақтарға шай берейік, – деп.

Əй, Төлеген-ай! Өнер десе елпілдеп тұрады. Бармаймын деп көр. Жо...о...оқ! «Бармаймыны» несі, барамыз. Оның үс-ті не кешегі концертте ерекше көрінген анау бұйра бас, сары жігітпен жақынырақ танысқан тіпті де артық емес. Оның үстіне, Карл Маркс атындағы совхоздың бір бөлімшесі сана-ла тын «Таскескен» ауданға тиіп тұр, төрт-бес шақырым. Оның үстіне, бірыңғай Жағалбайлы тұратын бөлімше меңге-ру шісі Тағай Оспановтың өзі де өнерлі, көзі ашық, қонақжай, жайдары жігіт (бүгінде марқұм). Сондықтан, аудан бөлген авто буспен түстен кейін сонда аттандық. Айтқандай-ақ, Тағай Оспанов қойын сойып, қолын қусыра қарсы алды. Ау-зын ашса, жүрегі көрініп, алыстан ата-бабасы тіріліп келген-дей құрсан.

Дастарқанға отырар-отырмаста ауылдың алты ауызы деп өзі бастап, баянға қосылып бірнеше əнді төгіп-төгіп жіберді. Қонақтар да аянған жоқ. Кешкі концертке дейін де, кейін де. Менің есіл-дертім Мəдениетте. Біршама жақын танысқандай болдық. Сөйлесе келе білгенім, Алматыдағы «Қазақконцертте» істейді екен. «Мыналардың ортасында қайдан жүрсің?!» – дегеніме: «Қазір демалыстамын, тани-тын жігіттер ғой, өтініш еткен соң келісіп едім», – деді.

Концерттен соңғы қонақасыдан кейін алыстан келген ба-уырларды ауылдың тағы екі тұрғыны қоярда-қоймай шайға шақырды. Лаж жоқ, баруға тура келді. «Павлодарға барып тұ рамыз, ол жақта тума-туыстарымыз көп», – деушілер де

170

табылды. «Енді барсақ сіздерді тауып аламыз», – десті. Міне, қарға тамырлы қазақ!

Павлодарлық қонақтар Төлеген Айбергеновтің өлеңдерін тыңдап, ұзаққа сілтейтін жыр-термелерін тыңдап тəнті бо-лыс ты. Ертеңіне адрес алмасып, қимай қоштастық. Қонақтар келесі шаруашылыққа аттанды. Біз ауданға қайттық. Бұрын онша аңғармағанбыз ба, немене, анау əлгі Мəдениет Еше ке-евтің орындауындағы əндер, əлде, даусы тым ұқсас болған-дық тан Жүсіпбек Елебеков деп ойладық па, радио, телеви-зор дан жиі беріледі екен. Құлақ шалған сайын «Міне, біздің Мəдениет!» – деп елпеңдейміз.

Арадан бірер жыл өткенде Алматыға қоныс аударып, «Мə де ниет жəне тұрмыс» журналына қоныс аударған мен-де қым-қуыт тіршілікпен жүріп, Мəдениетті іздейтін мұрша бол мады. Астанаға менен кейін келген Төлеген де пəлен дей қой мады. Бірақ, концерт залдарында əндерін тыңдап, о жер, бұ жерде көріп қалатын Мəдениетпен арқа-жарқа аманда-сып, жағдай сұрасып жүрдік. Баяғыша қақ-сұқ, артық сөзі жоқ біртоға, ұстамды, қарапайым, бекзат қалпы.

Айтпақшы, еңбек сіңірген артист атағын алған соң өзі қа ты сатын концертке шақырып, гүл ұсынып құттықтаған сəт есте. Бір көргенде «Семейде істеймін», бір көргенде «Ал ма ты ға қайтып келдім» деп жүрді. Кейін Семейге біржола табан тірегенін білдік. Бірде Қазақ радиосындағы музыкалық редакцияның бас редакторы Илья Жақанов: «Осында Семейден Мəдениет Ешекеев келіп жүр. Білесің бе, білмейсің бе, жақында халық артисі атағын алды ғой. Сол туралы му зы калық очерк жазсаң қайтеді? Келсін десең, менде отыр, қазір барады, – деді телефон арқылы. – Бізде талай дүниең барын білесің, мұны да алтын қорға лайықтап жазғаның дұ рыс».

Бұған дейін Мұхтар Өтебаев, Əзидолла Есқалиев, Мəкен Əлиасқаров, Рақым Тəжібаев, Рəбиға Есімжанова т.б. əнші-күйшілер жайлы музыкалық очерк жаздырған Ильяға қалай жоқ дейін. «Келсін», – дедім.

– Еңбегің бағаланып жатыр, құттықтаймын, – дедім ұза-май редакцияға келген Мəдениетке.

– Рақмет, – деп жымиды бұрынғыдан біраз толысып, жігіт ағасы жастан аса бастаған Мəдениет. – Бір тілегім, радиоға жаз саң Жүсекеңе еліктейді демеші. Ұқсаса ұқсар, бірақ,

171

мен дегі өзіме тəн дауыс. Біреулер солай деп зығырыма тиіп бітті.

– Білемін, – дедім. – Мен олай ойламаймын. Соны шама келгенше айқындап, дəлелдеп көреміз, – дедім.

– Өзің Семейге барасың ба? Барсаң, соқпай кетпе, – деді ол маған.

– Жол түссе, сөйтеміз.Сол жолы жазылған музыкалы очерк радиодан көп жыл

бойы беріліп жүрді. Қазір білмеймін. Мəдениет Ешекеевтің шығармашылығы жайлы біраз деректер қамтылған-ды. Тек...тек... сол жолы...

Бақиға аттанғанына біраз жыл болған қайран əншінің та-ны мал өнер иесі болу өңі түгіл түсіне кірмей, тосаттан тап болған тағдыр талқысына бас иіп, келешектен біржола үміті үзілген шақтарынан басқа. Оларды несіне айтам деді ме екен, кім білсін.

Оны біз де кейін, соңғы екі-үш жылдың айналасында бі ліп жүрміз. Білгенде, белгілі музыка зерттеуші ғалым, сын сағттарда кейбір жас өскіндерге көмек қолын созып, желеп-жебеп жүретін қадірменді профессор Пернебек Момыновтың «Қазақ музыкасының қысқаша тарихы» кіта-бы ның ІІІ-томынан (базбірі хақында осы журналда бұған дейін де айтылған).

Мəдениеттің сырын білмейтін екінің біріне көктен аяғы салбырап түсе қалғандай көрінетін əншінің қандай тар жол, тайғақ кешулерден өткені жайлы ендігі сөзді оның əкесін-дей қамқоршы болған ұстазы Пернекеңнің өзінен тыңдайық: «1957 жылдың қыркүйек айында Семейдің Абай атындағы драма театрында облыстағы талантты жастардың (солай дей-ік) жарысы өтіп жатты. Осындағы музыкалық училищенің директоры маған қазылар алқасының төрағалығы жүктелген-ді. Əн, күй, би, акробаттық-цирк, көркемсөз бойынша бəрін зерделеп, елеп-екшеп, таразылап отырмыз. Бір кезде сахнаға еңсегей бойлы, бұйра шашты, қолында домбырасы бар өрім-дей жас жігіт шықты. Ауылдан келгені көрініп тұр. Киімі жұ-пыны, мақталы шалбар, күпəйке. Жүргізушінің хабарлауын-ша, аты-жөні Мəдениет Ешекеев, Абай ауданындағы бір ша руа шылықта тракторға тіркеуші екен. Ол Абайдың «Бойы бұлғаң», Біржан салдың «Жамбас сипарын» жеріне жеткізе орындады.

172

Елең еткен алқа мүшелерінің бірі: «Даусы Жүсіпбек Еле-бековтен аумайды екен», – деп күбір етті. «Ұқсаса ұқсар, бі рақ, көшірме емес, бұл аймақта əркімнің өзіндік орын-дау мəнері болады», – дедім мен. Шыны керек, оның орын-дау шеберлігіне таңданып əрі риза болған қазылар алқасы бірінші орынды сөзге келмей Мəдениетке берді, үзілісте өзі ме шақырып, жай-жапсарын сұрадым: «Қарағым, жасың қан шада, үйлендің бе?» – деп.

– Жасым жиырма бірде, бойдақпын, əкем қайтыс бол ған, шешем, қарындасым үшеуміз тұрамыз. Білімім бес клас тық – деді қысыла төмен қарап. – Əкеден жеті жаста қал сам да, анамның арқасында консерватория бітіріп, адам қа та рына қосылған өз жағдайымды ойлай келе, бұл балаға қайт сем де жəрдемдесуге бел будым. Себебі, ол Абай, Əміре сын ды асылдардың сынығындай көрінді. Егер оған қолдау жа сау қолымнан келсе, жаңылмайтыныма сендім. Сендім де, əң-гі менің ашығына көштім. Мен музыка училищесінде дирек-тор мын, сонда оқуға кел деп. Білімі бес кластық, училище-ге онжылдық бітіргендер алынады. Ол жағын өз мойныма алып, документтеріңді тез əкел де тапсыр дедім. «Орысша білмеймін ғой», – деді. «Білмесең үйренесің, ал сабақты өзім қазақша оқытамын», – деп қамшылай түстім. Əн салу ше бер-лігін игерсең жетті, – дедім.

Сөйтіп, оны оқуға қабылдадық. Дауыстан сабақ беретін ев-рей оқытушы бар еді, ол бірден «мынадай даусы бұзылмаған табиғи дарын тапқанымызға ризамын» деп, Мəдениетті өз қамқорлығына алды. «Сіз еуропалық əн айту дəстүрінде тəр-бие алғансыз, ал, бұл бала халықтық дəстүр өкілі, тыныс, де-ма лу техникасын үйретсеңіз», – дедім. Ол келісті.

Мəдениетті екі-үш ай əн айтқызбай даярлап, баптап, ма-мыр айында баяғы екі əнін айтқыздық. Осы аралықта ше бер -лігі арта түсіпті. Тыңдаушылар риза болды. Маған алғыс айт -қандар да аз болмады. Мəдениеттің алғысы өзінше.

Ол ұзамай еліне кетіп, біраз күннен соң ренжіп орал-ды. Себебін сұрап едім, еңсесі түсіп, көңілі жер болған ол: «Менің азын-аулақ жетістігімді газеттен оқып, іштері күйген ауыл басшылары не үй салуға алған қарыз ақшаны қайтар, не колхозға келіп жұмыс істе, əйтпесе, заңға тартыласың

173

деп шарт қойды. Енді əрі қарай оқи алмаймын, колхоз үйді алып қойса, анам мен қарындасым далада қалады», – деп мұ ңайды. Мынау шынында да күтпеген қырсық. Не істеу ке рек? Дереу облатком председателінің атына үш-төрт ұс-таз атынан хат əзірлеп, Ербосын Хасеновке өзім бардым. Хатты беріп, ауызша да айттым: « Елдің жұлдызы болатын əншіден айрылып қалмасақ игі еді», – деп. Е. Хасенов тү-сі ніп: «Өтінішің ерекше екен, қарағым. Сен сол болашақ əн ші нің екі машинаның құнына тең қарызы кешірілсін деп тұр сың ғой, солай ма?» – деді. «Дəл солай», – дедім. «Сессия да қараймыз», – деді. Ұзамай Мəдениет Ешекеевтің қарызы кешірілді деген шешім шығып, көшірмесі маған берілді. Мен Мəдениетке беріп, ауылына жібердім. Об-латком шешімі орындалды. Бірақ, біреулер менің үстімнен Мəскеуге домалақ арыз жіберіп, ол қара күйеден де құтылдық. Енді оны қалай да Алматыға жіберіп, Жүсіпбек Елебековтен тəлім алу жа ғын ойластырдық. Онсыз болмай-тынына көзіміз жетті. Мə де ниет министрі Əмір Қанапинге хат жаздық. Министр бізді қолдады. Мəдениет Жү се кеңнің класында оқып, кəсіби əнші боп шықты.

Табиғи талантының арқасында Мəдениет тез өсті, тез қатайды, тез танымал болды. 1981 жылы Еңбек сіңірген, 1987 жылы Халық артисі атанды. 1981 жылы есімі республиканың Алтын кітабына жазылды. Менің Мəдениеттің атақты əнші болуына қосқан үлесімнің кей парасы осындай. Алматы, Се-мей өнер ордаларында жемісті еңбек еткен Мəдениеттің есі-мі халық жадында. Жуырда Семей музыка училищесінің ата-у лы тойына барғанымда ондағылар мені хан көтеріп қарсы алды. Азын-аулақ еңбегімді ұмытпапты. Кейбірін атап айт-ты да. Барлығына рақмет. Сол жолы тірілермен қауышып, мар құмдарға құран оқыдық».

Пернекең осылай дейді. Саралай білсек, оның бұл сөзде рін де көп мəн-мағына жатыр. Пернебектің шарапат-шафхатын көргендер аз емес. Біреуі жоғарыда айтылған Мəдениет Ешекеев, əрине. Жақсылық ұмытылмайды, ерте ме, кеш пе, ал дан шығады. Жақсылардың мерейі шалқи берсін, лайым да.

174

ӨКІНІШКЕ ТОЛЫ ӨМІР немесе

Жамал Омарованың ұлы Шəміл, басқа да өрен-жарандары

жайлы үзік сыр

Белгілі əнші, халық əртісі, 1945 жылғы Мəскеуде өткен же ңіс парадына, əрі соның құрметіне берілген банкетке қа-ты сып, Сталиннің алдында əн салған соғыс ардагері Жа мал Омарова екеуміз апалы-сіңлілі əйелдерден туған қа рын бөле болатынбыз. Майданға бастан-аяқ (азын-аулақ үзі ліс тер-мен) қатысып, өзі басқарған өнер тобымен жауынгерлер-ге рух-жігер берген қайран апатайымның омырауы орден, ме дальдарға толы, жеткен абырой асуы биік, Мəскеуден ора лысымен СССР халық əртісі атағы берілетіндігіне кү-дік-күмəн жоқтай еді. Бірақ, тағдырдың жазуы шығар, Ста-лин нің оған «шаруаң болса, тікелей өзіме хабарлас» де ген сөзі, əріптестер мен жора-жолдас, ағайын-туыстар алдын-да ғы құрмет-бедел – барлығы бір-ақ сəтте жым-жылас боп, күлі көкке ұшты. Себебі, Жамал Мəскеуден Алматыға орал ғанда, туған ұлындай мəпелеп өсірген кенже інісі Абы -лай мен тұңғыш перзенті (менен бірер жас үлкен) Қаз бек қарақшыларға қосылып, кісі өлтіру, тонау, басқа да қыл мыс-тық істерге қатысқаны үшін түрмеге түсіп, сот жүріп жат-қан-ды. Ол туралы жақын-жұрағаттары Жамалға айтпай, көп уақыт бойы жасырып келген еді. Енді бəрі ашылды.

Сот аяқталып, ұйымдасқан қарақшылардың төрт-бес бас-шысы ату жазасына, қалғандары ұзақ мерзімге бас бос тан-дығынан айыруға кесілді. Ату жазасын алғандардың бі рі – Абылай. Қазбекке – он бес жыл. Белді бекем буып, жан-ұшыра жүгірген Жамал Сталиннің өзі көзбе-көз тапсырған кө мекшісі Поскребышевке телефон соғып, көмек етуін өті-не ді. Солайша, Абылай атудан аман қалып, Қазбектің түрме мер зімі қысқарады. Есесіне, Жамалдан (нақ бір қылмысты ба ла лары емес, өзі жасағандай) көп жұрт теріс айналып, Мəс кеуге де есік тарс жабылды. Ұзақ жылдардан кейін түр-ме ден оралған Абылай мен Қазбек жоғары білім алып, екеуі де құзырлы орындарда жауапты қызметтер атқарды, алайда, өмірден ерте кетті.

175

Бұл ұзақ хикая. Мен шетпұшпақтап қана тоқталып отыр-мын. Айтарым басқа. Мəселен, қазірге дейін алдақашан ба-қи ға аттанған Жамалдың атында ауыз толтырып айтардай ештеңе жоқ, есімі онша көп атала бермейді, «өлдің Мамай, қор болдыңның» кері келгелі не заман. Оны базбір көзі тірі аға буын өкілдері болмаса, кейінгі ұрпақ жөнді білмейді де. Жа мал кім еді, елге сіңірген еңбегі, қызметі қандай, бұларға егжей-тегжейлі тоқталмай, өзім білетін бір-екі өкініштілеу жайларға ден қоймақпын.

Жамал Ташкенттің іргесіндегі Қауыншы (Торқыс деп те аталатын) елді мекенінде ғұмыр кешкен, үш ұлының екеуін Пе тербор мен Берлинде оқытқан Қожамқұл деген алпауыт бай дың Омар есімді ұлынан туған немересі. Əкесі Омар Бер линде техникалық білім алып, Алашорда партиясының оң түс тік бөлімінің жұмысына араласқан, А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, М.Əуезов, т.б. жақсы білген қайраткер. 1937 жылы репрессия пышағына ілігіп, із-түзсіз кеткен. (Біреулер қа сақана сөйте ме екен, Омардың Алашордаға қызмет еткені жайлы айтылмайды). Жамалдың халық жауының қызы деп қа лайша қудаланбағаны таңқаларлық. Бəлкім, елден ерек да-ры нының арқасы ма, айта алмаймын.

1929-1930 жылдары барша мал-мүлік, дүние-жиһаздары тəркіленіп, ебін тауып Тəжікстанға өтіп кеткен өз əкем де 1941 жылға дейін сонда бас сауғалап тіршілік етті. Мен 1931 жылы Сталинабадта туылыппын. 1941 жылдың көктемінде Алматыға көшіп келіп, Жамал апатай мен Есей жездемнің үйі не түстік. Төрт бөлмелі кең-мол пəтерінде үш ай бірге тұрдық. Кейін Ботаника бағында директор боп істейтін Есей жездем əке-шешемді жұмысқа орналастырып, баспа-на берген соң, сонда үш жыл тұрдық. Жамал, Есей, əкем Əбді рахман бəрі соғысқа кетті де, біз Ташкент іргесіндегі атамекеніміз – Қауыншыға көшіп бардық. Сонда орысша ор та мектеп бітіріп, Мəскеуде жоғары білім алдым, Ленин-градта көп уақыт ұстаздық еттім (ғылым докторы, профес-сор ретінде).

Біз Тəжікстаннан Алматыға келген кезде Жамал апатай-дың үйінде анасы Жаңылыс, күйеуі Есей, ұлдары Абылай, Қазбек, Шəміл жəне де Жəмила, Тұрсынбек, Қатира деген іні-сіңлілері бірге тұрады екен. Былай алғанда, үлкен отба-

176

сы. Қазбек 9, Шəміл 3,5 жаста. Шымыр, өжет, қолды-аяққа тұрмайтын мазасыз, шекесі торсықтай, қара домалақ Шəмілді барлығы «тəтік» деп еркелетеді екен. Ауладағы үлкен-кіші-лер де солай атайды. Бірақ, бұл Шəмілге ұнамайтын. Біреу «тəтік» десе, аузын бұртитып, түсі сұрланып, мұрнының ас-ты нан міңгірлейді. Жасы кішкентайлықтан «тəтікті» бізбен бір ге ойнауға жібермейді.

Өзі əнші болғандықтан, Жамалдың үйіндегі басқалар да қа ра жаяу емес-ті. Жаратылысы бөлек, есту қабілеті (Ахмет Жұ банов слух дейтін) елден-ерек Шəмілді консерваторияның оқытушысы арнайы келіп, пианинода ойнауды үйретеді. Бас-қа балалар да үйреніп жүрді. Жəмилə, Тұрсынбек, Қатира дом быра тартады. Мен домбыра аспабын тұңғыш рет осы үй-де көрдім. Қатираның демеуімен Қазбек екеуміз де домбы ра тартуға қызыға бастадық. Қатира консерватория жанындағы музыкалық училищеде оқиды. Есей жездем бастап, кейде менен басқалардың бəрі қосылып əн шырқайды. Менің анам мен Жамалдың анасы қосылып шырқағанда ұшқан шыбын-ның ызыңы білінбейді.

Қатираның «тəтікке» күні-түні музыка үйреткені Қазбекке ұнамайды. Қатираны мазақтап, жынына тиетін сөздер ай-тып, сол үшін шапалақ та жеп жүрді. Бұл Шəмілді жақсы көр гендіктен екенін білеміз, сеземіз.

Кейін есейіп, ес жиғанда Қазбектің Шəмілді жай ғана жақ сы көріп қоймай, туған бауыры ретінде қызғанатынын да ұққандай болдым. Алдын-ала айта кетейін, Қазбекті Шə-міл де өле-өлгенінше жанынан артық санап, ешкімге бір ау ыз бөтен сөз айттырмай, қызғыштай қорғайтын. Қазбек қай т қан соң, оның маңдайындағы жалғыз ұлы Қуат пен əйе-лі Марияшқа Шəміл аузындағысын жырып беріп, көп қам-қорлық жасады, ыстық-суықтарына төзді, ортақтасты. «Тə-тік ті» жалғыз Қазбек емес, барлығы жандарындай жақсы кө ретінін жоғарыда айттым. Оның тағы бір себебі, «тəтікті» маң дайының көзге айрықша түсіп, жарқырап тұратын қас қа-сы болатын. Қазбек менің «неге бұлай?» дегеніме, «жұрт көп сүйгендіктен солай» дейтін.

Бұлар балалықтың бал дəурен шағы. Одан соңғы ержету кезеңдерімізді əрқайсымыз əр жақта өткіздік. Шəміл Қазақ-стан да, мен Өзбекстанда дегендей. Жоғары білім алып, қыз-

177

мет ке араласқан соң да бір-бірімізден қол үзбей, хат-хабар алы сып, барып-келіп тұрыстық. Алайда, Ленинградтан Алма тыға келген сайын мен Қазбекпен көбірек бірге жүріп, Шəмілмен онша əмпей-жəмпей бола алмайтынбыз. Оның та ғы бір себебі, Шəміл негізінен ағайын-туыс арасындағы ұйымдастыру жұмыстарын атқарады, тойбасылық жасайды, бір жағынан Тұрсынбек, Қазбектерден аса алмай, мені көп қо лына түсіре алмайтын-ды.

Шəміл Есейұлы Омаровпен шын мəніндегі қызықты да қи мас, туыстық, бауырластық қарым-қатынасымыз 1972 жыл дан бастау алады. Мəскеуде жоғары білім алып, техни ка ғылымынан кандидаттық қорғаған, доцент, құрылыс ма те-риал дары бойынша маман, қазіргі (сол кезде институт) Қа-зақ тың Бас Архитектура-құрылыс академиясының негізін қа лау шылардың бірі, аталмыш оқу орнының тұңғыш парт-ком секретары Шəміл сол жылы əйелі Лиза екеуі Францияға ба рып, қайтарында Ленинградта тұратын бізге соқты. Мен білдей ғылым докторы болсам да, меншікті баспанам жоқ, мекеніміз – жатақхананың қуықтай үш бөлмесі. Про-фессорлық аттестатты күтіп жүргенмін.

Шəміл мен Лиза Парижден Ленинградқа бір топ достары-мен бірге таң алдында «Қызыл жебе» пойызымен келді. Олар ды осындағы жора-жолдастары күтіп алып, түске дейін анда-мұнда апарып, қаланы аралатып, құрмет көрсетті. Түске қарай барлығы біздің шаңыраққа сау ете түсті. Дастарқан жасап, күтіп отырғанбыз. Мен осында оқитын бірқауым қа-зақ аспиранттарды да шақырған едім. Жамалдың баласын кө ру олар үшін де таңсық. Күліп-ойнап, көңілді отырдық. Шə мілдің баритон дауыспен нəшіне келтіре салған əніне сүй сінген қонақтар қайта-қайта қол соғып, алғыс жаудырды (бұл жайларға – негізгі айтпағым сол болғандықтан – алда кеңірек тоқталамын).

Қонақтар тарап, оңаша қалған соң, өмір көріп ысылған, тə жі рибелі доцент, танымал маман Шəміл маған өткір көз де-рі мен тесіле қарап: «Болды, жетті! – деп саңқ етті. – Ер туған же ріне! Мұнда қимайтын нең бар?! Туған елге, Алматыға қо-ныс аудар», – деді.

Бұл оның шын жанашырлық сөзі болатын. Мұндай ле-біз ді бұдан бір-екі жыл бұрын Алматыдан арнайы келген

178

Жамалдың інісі, сүйікті бөлем, Қазақ политехникалық Инсти-ту тының профессоры, əйгілі «Досмұқасан» ансамбілінің не гізін қалаушы ірі ғалым Тұрсынбек Омарұлы, сондай-ақ, Қатира əпкемнің күйеуі, милиция полковнигі Серік Қарық-бо лов та білдірген-ді. Басқа тума-туыстар да айтатын. Алай-да, «жазмыштан озмыш жоқ», дəм-тұз бұйырған жерде тағы да біраз жыл ғұмыр кештік. Алматыға Ленинградтан пəтер алып, кем-кетікті толық түзеген соң көшіп келдік. Қазақ уни-вер ситетіне (конкурстан өтіп) Гидрология кафедрасының мең герушісі боп қабылданған соң.

Ал, енді Шəміл мен Лиза Парижден Ленинградқа келген-де гі көрген-білгендерге қайта оралсам, ол күні қонақтың үй-ме-жүйме болғаны сонша, мен коридорда, əйелім Аннушка (Шəміл солай атайтын) асүйде, балалар далада түнедік. Кө-ңіл кең болса, бəрі сияды. Таршылық байқалған жоқ. Толас-сыз тост, əн, əсіресе, хормен айтқан «Менің Қазақстаным» ерекше есімде. Жұрт білетіндей, оны тұңғыш орындаған – Жамал Омарова. Шəмілдің анасы, менің бөлем.

Студенттік жылдар мен аспирантурада оқыған мез гіл -дерде, шамасы, мен Жамал Омаровамен жақын туыс ты-ғым ды онша көп айта бермесем, ұстамдылау болсам керек. Арадан көп жылдар өткенде Ленинградта аспирантурада бір ге оқыған армян жігітімен жолықтым. Ол бірден: «Əй, до сым, сен Жамал Омарованың інісі екенсің ғой. 1972 жы лы Ленинградқа келген оның ұлы Шəмілді маған неге көр сет-пе дің. Сен көрсетпесең де, мен бəрібір көрдім», – деді де, тө мендегі оқиғаны баяндап берді.

Бірде Шəміл құрылыс материалдары бойынша қорғалатын кандидаттық диссертация иесіне оппонент ретінде Ереванға барады. Бұл кезде ондай мəртебеге Мəскеу арқылы ғана қол же тетін. ВАК-тің ерекше көз қырындағы Шəмілді солар ұсы-на ды. Диссертация табыспен қорғалады. Қорғалған соң, ар-мян дар банкет береді. Тегі, қонақжай армяндардың шынайы ықылыс-пейілдеріне риза болғаннан ба екен, əншейінде суы-ры лып əн салмайтын, салса, көпшілікпен бірге шыр қай тын Шəміл сол жолы анасы Жамалдың репертуарындағы армян əнін сол тілде аңыратып қоя береді. Оны өзбек əншісі са на-латын СССР халық əртісі, ұлты армян Тамара-ханум да сү й-іп тыңдайтын. Біз де талай естігенбіз. Шəміл орындаған ар-

179

мян əніне банкетке қатысқандар түгел қосылып, екін ші рет оркестрмен бірге тағы айтқызады. Жұрттың көбі көзіне жас алады. Не керек, Шəміл сол жолы Ереваннан үлкен ға лым-ды ғымен қоса, əншілігімен де танылып, Алматыға қа зақ тың да, өзінің де мəртебесін аспандатып оралады.

Көшеде кездескен армян досым маған осыны айтып, Шə-міл дің кəсіби өнерпаздардан кем түспейтін шеберлігіне ри-за лығын жеткізуге сөз таба алмай, қақалып-шашалып тұрды. Міне, өнер құдіреті! Хас өнердің мəртебесі!

Шəмілдің өзіне тəн əншілік дарыны ақыл-ойы толысып, өмір лік көзқарасы қалыптасқан жылдарда бұрынғыдан те -реңі рек таныла бастады. Бала кезде алған музыкалық білімі-не орай, құлаққа жағымды, тыңдаушысын бірден баурайтын баритон даусының жөні бөлек-тін. Басқаларын былай қой -ғанда, анасы Жамалдың репертуарын түгелдей жатқа бі-ле тін. Олардың дені СССР халықтарының əні болатын да, əрқайсысын сол тілде орындайтын. Даусының ерекше ыр ға-ғы Жамалдан асып түспесе, кем соқпайтын.

Алматыға көшіп келген соң Шəміл бізді жақын туыстары-мен таныстырып, олар кезек-кезек ерулікке шақырды. Дос та-ры да аз емес екен. Солардың ішіндегі ерекше есімде қалған-да ры Қазақстанның Құрылыс индустриясының жетекші ма ма ны, цемент зауытының бұрынғы директоры, Құрылыс ма те риалдары министрінің орынбасары Кеңес Бекішев еді. Кеңестің мезгілсіз өліміне қатты қайғырған Шəміл қа за ға қатысты ғұрыптың барлығына белсене араласты, марқұм-ның отбасына қамқорлық-қолдау жасады. Шəмілдің үйінде ми нистр дің бұрынғы орынбасары, жаңадан ашылған Архи-тек тура жəне құрылыс институтының тұңғыш ректоры Сер -пек Байболовпен де танысқан жайым бар. Шəмілдің тə лім-тəрбиесін көрген Сайлау, Қанағат, Болат Қынатов сын ды шəкірттері бүгінде құрылыс саласының көрнекті қай рат -керлері, ұстаздарын құрметпен еске алып, ол жөнінде тебі-ре не айтады.

Қашанда құдайлығын айтатын Шəміл өсек-өтірік, ғайбат сөз, біреуді күстаналаудан бойын аулақ ұстады. 1988-1989 жыл дары 19 ғылым докторы, профессор жұмыссыз қалып, кеш ке қарай Есентай өзенінің бойына жиналатынбыз. Əр-түр лі əңгіме айтып, шахмат ойнап, уақыт өткізіп жүрдік.

180

Сол кездерде Шəмілдің қолтықтан демеп, қолдау-сүйеніш көр сет кенін қалай ұмытайын.

Жоғарыда Шəміл анасы Жамалдың репертуарын түгел бі-лу ші еді дедім. Жиі-жиі екеуден-екеу оңаша музыкалататын-быз. Əн салатын – ол, тыңдайтын – мен. Кейде Жамалдың маг ни тофонға жазылған əндерін тыңдаймыз. Ескі таспа қы-рыл дай бастаса, Шəміл өзі күшті даусымен қосылып, де меп жібереді. Опералардан орындайтын ариялары да кере мет-тін. Айтуынша, «Паяцы» операсынан орындайтын ария лар мен «Иоланта» операсындағы Робертоның ариясын тың да-ған марқұм Мұқан Төлебаев оған бірыңғай əншілікке ауыс де ген көрінеді.

Үйлерінен қонақ үзілмейтін. Жəне дастарқанға жинал-ған дар Шəмілдің зиялы ғалымға жарасты ғибратты əңгі-ме лері мен əн, арияларын тыңдап, бір жасайтын. Əндерді кө бі не жұбайы Лиза екеуі қосылып айтатын. Олардың орын дауындағы «Ақ бантик» əні əлі күнге құлағымнан кет-пей ді. Ардақты азамат, абзал дос, қымбатты бөлем Шəміл тұл пардың тұяғы, асылдың сынығы екенін отбасына шын бе-ріл ген адалдығымен де дəлелдей білді. Перзенттері Қайрат, Айгүл, Алмазды жанындай жақсы көрді. Айгүл тұрмысқа шы ғып, Дəмір деген немересі дүниеге келгенде бəріміздің көңі ліміз тасып-төгілді, шаттыққа кенелдік. Кішкентай Дə-мір Шəмілдің «тəтік» кезіндегі топ-томпақ, сүйкімді бейнесін еске түсіретін. «Тəтік» тəтті дегеннен шыққан (дедік қой).

Беу, опасыз жалған дүние-ай! Құдай қолдап, аруақ же бе-ген Шəмілден қапылыста айырылып қаламыз деп кім ой ла-ған?! Демалыс күні болатын. Таң бозарып атар-атпаста Шə-міл телефон соқты. Солайда солай, күндізгі сағат он екіде үй де бол, кешікпе, ақылдасатын мəселе бар деп. Былай да таңер тең ұйқыдан кеш оянатын мен демалыс күні түске де йін ұйық тап, төсектен жай тұратынмын. Бүгін олай болмайын деп тұр. Айтқан кезінен бір сағат бұрын барсам, таңертеңмен ба зар дан əкеліп, былқытып пісірген қойдың басы, ішек-қар ны дайын екен. Бір-бір рюмкеден коньяк ішіп, соңынан қой дың бас-сирақ, басқа да жылы-жұмсағын соғып алдық. Менің əйелім де, Шəмілдің əйелі де мұндайды өлсе жемейді. Сон дықтан, оларды шақырған да жоқпыз. Ақылдасатын мə-се ле бар деп еді, не айтар екен деп елеңдеймін. Шəмілдің

181

асы ғар түрі жоқ. Тек əн сала береді. Бірінен кейін бірін. Əн бол ғанда қандай, шіркін. Кіл інжу-маржан. Шəміл менің өтіні шім бойынша «Иоланта» операсынан Робертоның ария-сын шырқады. Сай-сүйекті сырқыратқан ариядан көңілім бо сап, өзімді ұстай алмай, еңкілдеп жылап жібердім. Ария-ны күрт доғарған Шəміл: «Көке, не болды саған?» – деп асты-үстіме түсіп жатыр.

Мен орнымнан тұрдым да, сыртқа шығып, аулада біраз серуендеп жүрдім. Үйге қайта кіріп, шай іштік. Шəміл тағы да əнге басты. Толассыз. Мен «əу» деуді білмеймін. Бірақ, тəу ір тыңдаушымын. Шəміл оны біледі. Бүгінгі тыңдаушы біреу. Ол – мен.

Шəміл Есейұлы ерекше дарын иесі еді. Бұл соңғы дидар-ласуымыз боп шықты... Енді ойласам, соғыс жылдарындағы жəне соғыстан кейінгі елді сансыратқан қиыншылықтардың салдарынан сол дарын иесіне кəсіби əнші болу бұйырмастан, жанбай жатып сөнді десе де болғандай екен. Ес жиып, етек жиғанда бəрі кеш еді. Оның үстіне, екі бірдей баласы түрмеге жабылып, көпке дейін машақат, қаңқу сөз, өсек-аяңнан көз ашпаған Жамал апатай мен Есей жездемнің Шəмілді айтулы əнші етіп тəрбиелеуге шамалары да, мүмкіндіктері де бол-мады... Əннен бағы жанбағанын Шəмілдің өзі де сезініп, жиі торығатын, мұңға бататын. Өкініші о дүниеге өзімен бірге кетті.

Бүгінде Алматыда алыс-жақын бірқауым тума-туыстар бармыз. Бəрі бірдей тату-тəтті, аралас-құралас дей алмаймын. Алайда, Шəміл екеуміздің достығымыздың жөні басқа еді. «Əкесі достың баласы дос» дегендей, оның əкесі Есей мен менің əкем Əбдірахман фəниден араларынан қыл өтпестей дос болып өтті. Сол үрдіс бізге де жұқса керек. Генетикалық жақ тан алғанда, екеуміз де Құлжан батырдың ұрпағымыз. Еңсегей бойлы Ер Есімнің атақты баһадүрлерінің бірі болған Құлжан батыр аруағының үнемі жебеп, жар боп жүретінін сезі немін, ұғынамын.

Ендеше, барлығымызды да аруақтар желеп-жебеп жүр сін, ағайындар. Анасы Жамалға ұқсап атақты əнші болу бұйыр-мас тан, өкініші ішінде кеткен менің қымбатты бөлем, белгілі ға лым Шəмілдің аруағы риза болғай.

182

ХАЛЫҚ АҚЫНЫИСА БИНАЗАРОВ

немесе ұлы Амантай хақында

Осынау санасы сара, ойы терең, кісілігі де, кішілігі де мол, қарапайым, кішіпейіл, еңбексүйгіш, жігіт ағасы жасындағы Амантай Исаұлы көп жылдан бері ежелгі атамекені Семей қаласында тұрады. Сондағы жоғары оқу орындарының бі-рін де дəріс береді, ғылыми-зерттеу жұмыстармен шұғыл да -нады. Ғылымға берілген, ізденімпаз ғалым бірнеше моно гра-фия лық, зерттеу кітаптардың авторы. Топтама жинақтарда да жиі жарияланады. Бұл жалпылама білетініміз, оның ғалым ретіндегі ұлан-ғайыр еңбегіне талдау жасау, баға беру – осы сала мамандарының еншісінде. Біз Амантайды қайдан, қалай білеміз, ол туралы сөз қозғап, есімін неліктен ауызға алып отырмыз, осыларға ден қоймақпыз (оқырман қауым со-лар дың өзінен де Амантай жəне ол шыққан əулет хақында тани түсуге болатын біраз дерек-мəліметтерге қанығар деп ойлаймыз).

Алдымен айтарымыз, Амантай қасиетті Арқа уəлаятын ме кендейтін, (тайпа ретінде) сан ғасырлық тарихы бар Арғын ның «Қаракесек» тармағына жататын текті тұқымнан тарайды. Əкесі сонау – өткен ғасырдағы 1943 жылы Алматы-да болған республикалық ақындар айтысында Жамбыл, Нұр пейіс, Саяділ, Кенен т.б. алыптар қатарында топ жарып, «Қазақстанның халық ақыны» атағын иеленген Иса Биназа-ров болатын. Амантайдың үлкен ағасы Мұрат Исаұлы Семей пединститутының қазақ тілі мен əдебиеті факультетін бі тір-ген соң, біраз жыл мектептерде ұстаздық етіп, кейін қауіп-сіз дік органдарында жемісті қызмет еткен отставкадағы пол ков ник. Алматыда тұрады. Жуырда сексен жасқа толып, тума-туыс, дос-жаран, əріптестерінің ортасында мүшел-тойын өткізді.

Өзі тіл-əдебиет маманы, əрі, халық ақынының баласы, бала жастан сергек, сезімтал, алғыр, ауыз əдебиет қазы-на ла рымен сусындап өскен Мұрат та кейінгі аса жауапты қызметін атқара жүріп, шабыты келгенде өлең жазып, олары бұқаралық ақпарат беттерінде жарияланып тұрды. Бес-алты

183

өлең кітабы жарық көрді. Тумысынан « мен пəленмін» деп күпінбейтін, аса кішіпейіл, қарапайым, жан дүниесі та за, бай, əділ Мұрат Исаұлы өз ортасында қашанда сыйлы қадір-лі. Əдеби кітаптар, газет-журналдар оқуға уақыт табатын əн ші, домбырашы Мұраттың да «əке көрген оқ жонар» ұл екені ылғи да байқалып, сезіліп тұрады (оның қарапайым-дылығы сонша, егер сəті түіп, осы жолдар көзіне түссе, өзін қолайсыз сезінетіні анық, иман кəміл, соған қарамай, тəуе-кел ге бел будық). Жақсының жақсылығын айт дегендей, ха-лық ақыны əкесінен бастап, осынау қазақ кім десе, мынау деу ге лайық жандар хақында (кешірім сұрай отырып) бір-екі ауыз лебіз білдіргенді жан санаған жайымыз бар. Ақ ниет, адал пейілден.

Мұрат пен Амантайдың əкесі Иса ақсақалдың көзін кө-ріп, дəмдес болғанымызды да айта кеткен артық емес. Олай дей тініміз, Мұрат 1960 жылдардың басында қызмет бабы-мен Алматыға көшіп келген соң, Иса ақсақал соның қолында тұр ды. Бір өкініштісі, тұрмыс қамымен жүріп, ол кісімен жөн деп, кең-мол əңгімелесе алмадық. Өзі де ашылып, көп еш теңе айтпайтын. Оның үстіне, Алматыға келген соң, бір жыл ға жетер-жетпесте дүние салды. Кеңсайға жерленіп, сон да жатыр.

Енді халық ақыны деген атақ екінің біріне беріле қойма-сы айтпаса да түсінікті ғой. «Иса ақсақалдың жазбаша шығармалары бар ма еді?» – дегенге, ақынның ұлы Мұрат: «Бар. Ғылым академиясының қорында біраз дүниесі жатыр. Əттең, соларды жинақтап, жарыққа шығаруға мұрша болмай жүр, шыққандары аздау», – деп ағынан жарылады.

Түсінеміз. Мұндай жай екінің бірінің басында болады. Осы Алматыда Иса ақсақалдың бірқауым елге таны мал жер-лес адамдары болушы еді, бүгінде Сапарғали Бе галиннен бастап, олардың да біразы бақилық. Ағартушы-бұ қа ра-шыл əйгілі ақын Сəбит Дөнентаевтың Ленин аудан дық ат-қа ру комитетінде председатель боп істеген қызы, мар құм Сəулеттің күйеуі, кəсіподақ саласында ұзақ жыл басшы қыз меттерде болған Дайырбеков қария тоқсаннан асса ке-рек. Өнерден хабары мол, əнші, домбырашы ол кісі қазір бір де ңе айта ала ма, жоқ па, пəлен деу қиын. Оның үстіне, қартайған (дедік қой). Бет əлпеті анасы Сəулеттен айнымай-

184

тын ұлдарын анда-санда көріп қаламын, бірақ, Алматының асфальтінде өскен ол не айта қояр дейсің. Өзі былай ақкөңіл, ашық-жарқын( жасы алпысқа жақын, не асып кеткен), ішкі мə дениеті мол, зиялы жан.

Мені о бастан ептеп мазалайтын – Иса ақынның мұрасы ха лыққа жеткен үстіне жетсе деген ой. Ештен кеш, əлі де мүмкіндік жоқ еместей. Осыған орай, Мұрат Исаұлымен сыйластығы бар белгілі ғалым С.Қасқабасовтың құлағына алтын сырға деу көптік етпестей көрінеді. Бұл бір.

Екінші, сөзіміздің бісміллəсін Амантай Исиннен баста-ма дық па? Текті тұқымнан дедік. Мұны жайдан-жай айт па -ғанымызға алда келеміз. Жалпы, Исиндер əулетінің текті лі-гі не дəлел іспетті жайлар толып жатыр. Біреуі былай.

Сонау 1960 жылдардың ортасында ма екен, аса қонақжай əйе лі Күлəнда екеуі де қаншалық жұмысбастылығына қарамай, дастарқандары жиылмайтын Мұрат Исаұлы бірде: «Ертең үйге кел, сен бұрын білмейтін бір жас əншімен таны-са сың», – деді. «Кім?» – деп сұрағаным жоқ. Ертеңіне бар-ған да бір-ақ көрдім. Шаштары тікірейген, қара торы, жылы жүз ді жас жігіт өзін бейне осы үйдің адамындай еркін ұстап, майда-шүйде шаруаларға араласып, құрақ ұшып жүрді. Сөйт сем, ол Мұраттың ет жақын немере інісі екен.

Мұраттың өзі де: – Менің əкем Иса, мұның əкесіҚайса. Мен Мұрат Исинмін, бұл Марат Қайсин, – деп та-

ныс тырды оны.Сəлден соң Марат Қайсин домбыра алып, қысылып-қым-

ты рылмай əнге басты. Құлаққа таныс Арқа əндері. Бірінен бі-рі өтеді. Гəп құлаққа таныс екенінде емес, қалай орындауда. Пəлі! Мұндай да хас шебер болады екен. Мүлде бөлек. Үлкен сахналарда ысылып-жетілген танымал, белгілі, беделді əн-ші лерден көш ілгері. Дауыс, ырғақ, мəнер мүлде бөлек, асып-саспай, бүлдірмей-бұзбай, тастай етіп шырқайды. Оқу-тоқу, үйренуді қажет етпейтін дап-дайын тума талант. Мұрат Исаұлы мені текке шақырмаған боп шықты.

– Маратты Жүсекең біле ме? – дедім бұл үйге анда-сан да келіп тұратын халық артисі, атақты əнші Жүсіпбек Елебековті меңзеп (ол кісі Мұраттың əкесі Иса Биназаров қайтыс болғанда, қаза рəсіміне бастан-аяқ қатысқан).

– Мараттың келгені бүгін ғой, көреміз, – деді Мұрат. Əне, сол Маратты көруімнің де, əнін тыңдауымның да алды-арты

185

сол болды. Бір жолы Мұраттан сұрағанымда: «Артист бол-май мын деп ат-тонын ала қашты ғой, мен де көп ежіктемедім, қа зір елде тұрады», – деді де қойды.

Бекер! Бекер! Марат өз еліміз емес, күллі əлемді тамсанды-ра тын əнші болары сөзсіз еді. Бəлкім, қателесермін, алайда, ма ған солай көрінді. Оған дейін де, одан кейін де дəл Ма-рат тай əншіні кездестірген емеспін. Жүсіпбек, Манарбек, Мə де ниет, Жəнібек... Бəрінің өз орны, жөні бар. Ал, Марат Қайсин... Ол басқа! Ғарышқа бір-ақ самғайтын хас жүйріктің өзі еді, амал нешік!? Оны сондықтан еске алып отырмын.

Енді Амантайға келейік. Тарих ғылымының кандида-ты, доцент, кейбір сөзі жылмаң желмаялардай емес, ғылым шы ңы на инемен құдық қазу арқылы өрлеп келе жатқан, екі тілге бір дей, айтарына да, жазарына да тек қана қасиетті қазақ тілі – ана тілді қолданатын намысты ғұлама (иə, солай, күмəнданба), таңдансаң өзің біл, ол əрі домбырашы, музыка та рихына жетік сегіз қырлы, бір сырлы өзгеше жаратылыс иесі. Асыра мақтап, əсірелеп отырған дəнеңе жоқ, шыны да, ақиқаты да солай, қайта, жеткізе алмай отыруымыз бек ық-ти мал. Өйткені, Амантай...

Көз ашқаннан халық ақыны əкесінің, онан соң, мектеп-ке барғаннан бастап – күллі тума-туыс, ет-жақындары «аға Мұрат» деп атайтын – Мұрат ағасы мен медицина ғылы мы-ның кандидаты, доцент, самдағай хирург, белгілі онколог-ги неколог жеңгесі Күлəнданың тəрбиесінде өсті. Алматыда қазақ мектебі емге жоқ кездерде оқуды бастан-аяқ орысша оқыды. Аржағы белгілі. Орысшаның аты – орысша. Ілуде бол маса, ондайлар қазақ екенін де зорға мойындап немесе біржола мансұқтап, тіл, діл, əдет-ғұрып, салт-санадан ма құ-рым қалғанын білмей, білгісі де келмей, жүгерінің сояуын-дай сойдиып «жетілгендер» аз ба, құдай-ау?! Амантай олай бол мады. Біраз жыл көрінбей кеткенде, Семей пединститу-тын да оқып жатыр дегенді құлақ шалушы еді, солай боп шық ты да. Бірде «Жазушы» баспасынан кезекті сатиралық əң гімелер жинағымның сүйінші даналарын алып, қанға біт-кен əдет бойынша, ешкімге дабыра етпей, тым-тырыс жүр-ген де, көп ұзамай Мұраттың үйінде əлдебір қуанышты бас қосу боп, соған бара қалайық. Бір кезде күтпеген жерден Аман тай қасыма келіп: «Аға, кітабыңыз шығыпты, құтты

186

бол сын, мана осындағы дүкеннен сатып алдым», – деп қол-таң ба сұрасын.

– Ой, айналайын, қайда жүрсің? – деймін бұрынғыдан есейіп, ақыл тоқтатқан (бозбала емес), сындарлы маман еке-ні көрініп тұрған жас жігітке.

– Семейдемін, аға.– Институтты бітіріп пе ең?– Бітіргенмін. Былтыр.– Қазір не істейсің?– Ғылыммен айналысып жүрмін, институтта дəріс бере мін.Ол бұрын Алматыда болғанда қазақша ма, орысша ма, қай

тіл де сөйлесетініміз есте жоқ, қазір бір-бірімізбен қазақша сөй лесіп жатырмыз. Амантай ана тілде ағып тұр. Орысша оқы ған деуге келмейді, олай десең, күнəһар болатындайсың. Мыс қылдай мүкіс жоқ. Кедір-бұдырды атама. Тіл ғана емес, мəнерлеп, өз-өзін ұстау, дауыс, екпін, ырғақ – бəрі та -за қазақша. Шіркін-ай, орыс мектебін бітірген қазақ жас та-рының барлығы осындай болсайшы деген ой сонда-ақ қы лаң берген-ді. Баяғыда. Бірақ, қайдан! Не көп, меңіреу мəң-гүрттер көбейген шақ емес пе қазір?! Сол жолы Амантай-дан институтта қай тілде оқыдың деп сұрамаған екенмін, əлі күнге дейін ойға келмейді. Себебі біреу. Қажеттілік жоқ. Институтта қай тілде бітірсе де, Амантай мектепте де, ин-ститутта да қазақша оқыған кез-келген мүмінді қалпақпен бір-ақ ұрып алады.

Сол күні Амантай мүлде күтпеген екінші қырынан тағы көрініп, бізді де, басқаларды да таң-тамаша етті. Ақын, əнші Мұрат ағасының бабында тұратын алтынмен аптап, күміспен күптелген домбырасын алсын да, Дина мен Құрманғазының күйлерін бірінен соң бірін төгіп-төгіп жіберсін. Пах! Дом-быра ны жай тартпай, əр күй жөнінде қысқаша түсінік-мəлі-мет бере отырып тартқанын қайтерсің. Кəнігі, кəсіби домбы-ра шылардан асып түспесе, бір де кем емес. Жоғарыда оның ға ла мат əнші ағасы Марат Қайсин туралы да солай деп ек қой. Амантай туралы да басқадай сөз жоқ.

Бүгінде жігіт ағасы болған Амантай монографиялық кі-тап тармен қоса, ара-тұра тұшымды, толғақты мақалалар жа-за ды. Ешкімге ұрынбайды, сұғынбайды, кітабы не өзге жаз-ған дарына мақтау дəметіп, не пікір сұрап көз сүзбейді, қол

187

жай майды, бір сөзбен айтқанда, иілмейді. Онсыз да ғылым-білім қайнары табиғи жолмен тау суындай сарқырап жатқан соң, өйтіп неғылсын. Бəрі табиғи. Осы айтылғандарды қа ғаз-ға түсіріп, тілеулес жандар назарына ұсыну көптен сəті түс-пей жүрген (арман іспетті) мақсаттың бірі еді. Тəуба! Бүгін ре ті келгеніне шүкіршілік. Рас, базбір ағайындардың асыра сіл теп жібермеді ме екен деуі бек мүмкін. Əсіресе, Мұрат жə не Амантайдың өздері. Келіспеймін. Себебі, келісе алмай-мын. Керісінше, жоғарыда жанамалап айтылғандай, Жам-был мен жүз көріскен Қазақстанның халық ақыны, марқұм Иса Биназаров ұрпақтарының басқаша болуы мүмкін емес. Қай та бізде олардың адами қадыр-қасиет, дарындылық, аза-мат тық парыз-міндетке адалдық, алымдылық, өрлік, ерлік, дег дарлық, ізгілікті іс-əрекеттерін жеріне жеткізе айта алдық па деген күдік-күмəн басымдау.

Əйтсе де, барға мəзір, əзірше осы боп тұр, Күлəнда. Ғұ-мыр болса, алда тағы көре жатармыз. Лайым да, сіздердей қазақтар көп бола бергей, құрметті Иса Биназаров ұрпақтары, Исиндер əулеті!

ӨТКЕН КҮНДЕР ЕЛЕСІ немесе

Нартай ақын келген күн

Өткен ғасырдағы екінші дүние жүзілік алапат соғыс жыл-да рының ауыртпалығын көтеру кім-кімге де оңай болған жоқ. Үй саны отызға жетер-жетпес «Ынталы» колхозындағы бас көтерер ер азаматтар майданға алынып, ауылда қалған кемпір-шал, бала-шағаның күні барлық жұмыс мойындары-на артылған əйелдерге қарап қалды. Мақта, бидай, арпа өсі-ріп, азын-аулақ жылқы, сиыр, қой-ешкіні бағып-қағатын со-лар. Колхоз бастығы, ферма бастығы, есепші, бригадирлер де əйелдер. Үш колхоз қарайтын ауыл совет пен біз тұратын кол хоз ға көбіне əлдеқайдан (партияның тапсыруымен) келе-тін əйелдер басшы болды. (Біреуі – Күлнəш дейтін əйел, бей-не сі ұмытылмайды. Тəкен Əлімқұловтың шығарма сында ғы Күл нəш содан аумайды, бəлкім, сол шығар деп ойлап жү ре-мін). Кемпір-шал, бала-шағаларға да жұмыс жетіп артылат ын.

188

Қиындық бастан асатын сол шақтарда жұрттың бір сəт те болса жұбаныш ететіні – кейбірінің əскердегі күйеулерімен қосылғанына бір жыл да болмаған жас келіншектердің сың-сып, өксіп, қосыла шырқайтын мұң-зарға толы əндері. Ау-ыл дан əудем жер алыстағы мақта алқабы жақтан күні ұзақ та лып естілетін əуендерге ойын балалары жиі елеңдеп, құ-лақ түреді. Кешке қарай қыз-келіншектер бір үйге жиналып, сығырайған шырақтың жарығында Бібəйшə жеңгеміз тарта-тын домбыраға саусақтарын сыртылдатып ойнайды. Ішіп-жей тін ештеңе болмайтындықтан, дастарқан жайылмайды. Əркім өз үйінде барымен өзек жалғайды.

Ең қызығы, айналадағы басқа ауылдарды қайдам, біздің ауылдағы үлкен-кішінің бəрі кіл бұрын естілмеген əндер ай-та ды. Ел басына күн туғанда екінің бірі жанынан əн (зарлы əуен) шығарып, жаппай өлең айтатынын сонда көргенбіз. Соғыс жылдарындағы сондай əуендердің бесеуін ұмытпай, жа дымда сақтап келемін. Өзімше оларды 1941,1942,1943, 1944, 1945 жылдарға теліп қойғанмын. Ол əуендер сол жылдардың сипатын аңғартатынымен бағалы (түбі нотаға жаз ды рармын деген үміт бар. Мыңжасар Маңғытаев досым талай уəде беріп, əлі күнге қолы тиетін түрі жоқ).

Соғыс жылдарында, əсіресе, қыс айларында ауылға анда-сан да əлдеқайдан дастан, қыса айтатын жыршылар келеді. Бірі домбыра, бірі гармонмен айтады. Жүгері ботқамен жа-са латын той-томалаққа қайдан болса да, міндетті түрде бір-екі жыршы келеді. Кейде Алматы ма, Шымкент пе, бір жақ-тар дан артистер келетіні де бар. Олардың əн-күйлерін есіміз кетіп, еліре тыңдаймыз. Құйма құлақ балалар «Қыз Жібек», «Қо быланды батыр» дастандарын естіген күннің ертеңіне-ақ зуылдатып айтып жүреді. Артистер айтатын əндерді күллі ауыл қағып алып, жарыса шырқайды. Əне, солардың ішінде ерекше есте қалғаны «Алтын көкем» атты өзгеше мəнермен со зып айтылатын, сұлу əуезді əн болатын. Кім шығарғанын қай дан білейік, ауыл адамдары бас қосқанда бірінші содан бастайды:

«Арыстандай айбатты алтын көкем,Жауды жеңіп есен-сау келер ме екен-ау»,– деп.Соғыс кезінің табы лапылдап тұратын бұл əндегі «алтын

көке» біреудің əкесі, біреудің ағасы, інісі, біреудің жар қо-

189

сағы, ғашығы. Сондықтан, «Алтын көкем» айтылғанда, үл-кен дер түгілі, балалар көз жастарына ие бола алмай, ағыл-тегіл жылайды.

Енді сəл шегініс. Арадан пəленбай жыл өткенде Шым-кен т ке жол түсті. Онда «Мəдениет жəне тұрмыс» журналын-да істеймін. Бір үйде облыстық партия комитетінің жауап-ты қызметкері, əрі, əн шығарып, кітап жазатын, баянмен та мыл жытып əн шырқайтын, қыз мінезді, артық сөзі жоқ Мұхаметжан Рүстемовпен дəмдес болдық (кейін өз үйінде де болғанбыз). Мұхаметжан, əрине, əн салды. Өз əндері де, халық əндері де шырқалып жатыр. Бірде баянды құлаштай со зып, келесі əнді əуелетті. Тоқта, тоқта! Əй, мынау таныс əуен ғой. Қайда, қашан, кімнен есіттім? Жə, еске түсті. Бұл сол соғыс жылдары елді күңіренткен алтындай ардақты «Ал-тын көкем» ғой. Одан бері не заман. Ұмытқалы қашан. Оның үстіне, аталмыш əнді одан беріде ешкім айтпаса, жаңғырт па-са. Міне, енді ұзақ жылдардан соң тыңдап отырмыз.

– Оу, Мұқа, мұны қайдан білесіз? – демейін бе əн бітісімен.– Неге білмеймін? Əкем мен туыс ағам шығарған емес

пе? Ол белгілі жыршы, жырау, əнші еді. Мүмкін, естіген шығарсың, Нартай Бекежанов, – деді Мұқаметжан сабырлы қалыппен.

– Солай ма? Сонда сіз Нартайға туыссыз ба? – Айттым ғой немерелеспіз деп.

– Кешіріңіз, Мұқа, білмейді екенмін. Бірақ, Нартайды бі-ле міз.

Жаратылысы қарапайым, сыпайы Мұқаң жымиды да қой-ды.

– Бала кезде «Алтын көкемді» көп тыңдағанбыз. Бүкіл ау-ыл айтатын, – дедім тағы да көп уақыттан соң естіп отыр ған таныс əннің əсерінен арыла алмай.

– Ал, мен Нартай ағамның тікелей өзінен үйренгенмін, – деді арқалана сөйлеген Мұхаметжан. – Жетпеген жерін түзеп, міне, енді өстіп айт деп бата берген. Содан бері айтып келемін. Қалай, жақсы ма? – Жақсы болғанда қандай, сонау кез дер дегі жабырқау жылдардың лебі есіп тұр ғой. Не айта-ры бар? – деймін ғой.

Сөйтіп, ойда жоқта əрі бала кезден таныс «Алтын кө кем-ді» тыңдап əрі көптен сыйласып, араласып жүретін Мұха-

190

мет жан Рүстемовтың Нартайдың жақын інісі екенін бірінші рет білдім. Апырай деймін өзімше, Мұқаң бұл жайлы осы кез ге дейін неге айтпаған, ішіне қалай сақтап келген? Басқа бі реу болса...баяғыда-ақ...

Енді соғыс жылдарына қайта оралсақ, көп соза беретін еш теңе жоқ, бірде аш, бірде тоқ, жұрттың көз жасы көл боп жататын, қайғы-қасіреті мол сұрғылт, сұрқай күндер, айлар, жылдар өтіп жатты. Елдің бар тірек-сүйенері – үміт, алдан күтетін жақсылық.

Арагідікте ауылға жыршылар келіп бір жасасақ, əлде қай-дан артистер келсе, екі жасаймыз. Жеңіс күні жеткенде, бала да болсақ, шаттықтан жарылуға шақ қалдық. Жеңістің не еке нін жан-жүрегімізбен сезіндік, білдік.

Міне, сол шақтарда киелі өнердің бір қауым самдағай өкіл дерін көріп, көңіл көкке шарықтаған сəттер күні бүгін гі-дей көз алдымызда, санада сайрап тұр, ұмытылмайды, ұмы-ты луы мүмкін емес. Себебі, ол – өнер!

Өнерсіз ешбір халық, тіпті, мың өліп, мың тірілсе де, өр-кен деп, өсе алмайды, гүлдемейді. Өнердің самдағай өкілдері дедік пе? Кімдер олар? Консерватория бітірмеген – Шəмшіге ұқсас – Құрманғазы, Дана, Мұхит, Қазанғап, Дəулеткерей, Ақан сері, Біржан сал, Сегіз сері, Балуан Шолақ па? Шүкір, олардың аты-жөндері ел есінде. Ал, олардан артық болмаса, кем емес, бəлəйі себептермен кейін аттары атала бермеген саңлақтар аз ба еді?

Онда арғы-бергіде ғұмыр кешкен аты-жөндері белгісіз да-рын иелерінің əндері мен күйлерін қайда қоямыз? Олардың шығармаларын ардақтап, аялап, халық əндері не халық күйлері дейтініміз жалған ба? Жалған емес. «Бипыл», «Нақ-нақ», «Ой көк», «Топан», «Аққу» секілді т.б. əн-күйлердің салмағы авторы белгілі шығармалардан артық па, кем бе? Артық дей алмасақ та, кем емесі шындық.

Ендеше, əн-күйлерді орындаушылар да солай. Кейбірі, тіпті, бүгінгі халық артисі, неше түрлі сыйлықтың лауреа ты, Еңбек Ері атанып жүрген əнші-орындаушылардан анағұр-лым биік, жоғары. Оны көз көріп, көңілде орныққан. Тек бүгін де есімдері «белгісіз» демесе. Енді ол да өмір заңы, əл-бет те. Фəни жалғанның үрдісі солай. Мысалы, Отан соғысы аяқталардан бірер жыл бұрын «Қоңыртөбе», «Комитерн», біз

191

тұратын «Ынталы» – үш колхозды біріктірген «Сары-жылға» ауыл советіне Төлеш Қармақбаев деген председатель келді. Еңсегей бойлы, толық денелі, үрпек шаш, көк көз, сарғыш өңді, халыққа жайлы, кішіпейіл Төлеш əншілігімен де таныл-ды. Домбыра, гармонды мінсіз тартады, əнді нақышымен айтады, даусы алты қырдың ар жағынан естіледі. Жəне мен осындаймын деп кеуде көтермейді, күпінбейді, қазіргі базбір таланты көк тірейтін кірпияз «ұлылардай» шытына сыздан-байды. Ешкімді жатсынбайды. Өз басым 1945 жылы əкем со-ғыс тан аман-сау келгендегі жұпыны тойда сол Төлештің не-ше түрлі халық əндерін құйқылжыта шырқағанына куəмін. Есімде қалғаны – «Екі жирен» (бірінші түрі). Солар жөнінде ертеректе жазған – соғыстан оралған əкемді оның інісімен бір ге тас жолда күтіп алғандағы оқиғаларды өзек етіп – «Тас жол дағы кездесу» деген деректі əңгіме «Қазақстан əйелдері» журналында басылды. Басты кейіпкер – Төлеш Қармақбаев. Жүрегінің түгі бар, қызу мінезді, ержүрек адам-тын. Соғыс-тан оралған əкеммен əңгімелері жарасып, біздің үйде жиі бо латын. Өзінің отбасы қайда екенін (онда) білмейтінбіз. Кейінірек Келес ауданына кіре берістегі қалың Шанышқылы мекендейтін Əжіке ауылындағы бес-алты үй түркістандық ағайындарының ортасында тұрғанын білдік. Екі араға ат-пен қатынапты. 1946 ма, 1947 жыл ма, сол аралықта біздің үй ге тосаттан кіріп келіп, əкеме «мені қызметтен босатты, пар тия дан шығарды, партбилетті президиумға апарып бер-мей, лақтырып жібердім» дегені есте. Бұл шындық еді. Оны сол кездерде Келес аупарткомында екінші секретарь болған (кейін Өзбекəлі Жəнібековке партбилет тапсырған) Қайып Жи де баев 1993 жылы Алматыдағы үйінде жолыққанда өз аузы мен айтты. Қайып Алматы облысының тумасы екен. Ке-лес ке дейін Арыс, Шəуілдір аудандарында басшылық қыз-мет те болған байырғы партия қызметкері (қазір марқұм).

Осы жайларды арқау етіп жазған «Партбилетін лақтырған əнші» деген көлемді мақала қазіргі берері жоқ, таралымы та-қыр басылымдардың бірінде тақ-тұқ жарық көрген болды. Құм ға құйған судай кетіп жатқан есіл еңбекті енді бұйырса, «Мəдениет» журналына ұсыну ойда бар. (Егер Төлеш жай-лы көлемді мақала осы журналда басылса, бұл айтқан қысқа деректер оған кедергі жасамайды. Керісінше, білген үстіне

192

білдіре түседі). Бұған дейін де Төлеш жайлы айтып, там-тұм дап болса да жазып та жүрген жайым барын айттым ғой. Келестіктер Төлешті ешқашан ұмытпайды. Тік мінезді, ба-тыр бітімді, ерекше əншілігі үшін.

Сол жылдарда менің анамның күйеуі соғыстан оралмаған сіңлісінің үш бөлмелі үйінің бір бөлмесінде (ол да түр кіс-тан дық) Қыдырбай дейтін жас жігіт тұрды. Керемет күйші бо латын. Динаның «Тойбастар» күйін содан бірінші рет есті-дім, үйрендім. Жайдары, кішіпейіл, қарапайым еді. Аудан да салық жинайтын агент боп істейтін. Ауыл аралағанда ара-тұра біздің үйге қонып кететін. Ондайда бір жасайтынбыз. Енді ойласақ, ауыр тіршілік еңсені езген сол шақтарда ха-лық ты үлкен тығырықтан алып шыққан құдіреттің бірі қа-сиет ті өнер, оның Төлеш Қармақбаев əнші, Қыдырбай күйші се кіл ді бірегей өкілдері екен ғой.

Сол бірегейлердің бірі Нартай екенін де құлақ шалатын. Аты аталғанда тегін адам емесін сезетінбіз. Оны көзбе-көз кө реміз, өнеріне куə боламыз деген қайда ол кезде. Қайда тұ ра тынын да білмейтінбіз. Бірақ, дəм бұйырып, жаратқан Алла Нартайдың өзін де, өнерін де көруге жазғанына шүкір-лік етеміз. Бір-ақ рет! Бірақ, қандай кездесу!

Соғыс біткеніне екі не үшінші жыл. Жаз. Марғау тірші-лік. Ыстық ми қайнатқандай. «Сары-жылға» ауыл советіне қа рай тын қатар орналасқан үш колхоздың біреуінде ғана іші тар, орындықтары алқам-салқам, (егер солай деуге болса) сахнасына ат айналмайтын клубсымақ бар. Сондықтан ки но келсін, артистер келсін, кеңсенің алдында көрсетіледі.

«Артистер келіпті, ішінде Нартай бар екен» деген хабар дүңк етті. Жəне концерт үш колхоздың біреуі – Коминтернде бо лады, қалған екі колхоздың адамдары сонда барады десті. Екі ара бірер шақырым. Енді ал кеп күн батуын күтейік. Кеш ке үш колхоздың адамдары тайлы-таяғымен кеңсе алды-на жиналды. Даңқы кең жайылған Нартайдың өнерін тама-ша лаудан гөрі, өзін көрсек деген қызығу басым. Электр жоқ. Сондықтан, бұған дейінгі концерттерде сол жұмысқа тө сел ген біреу солярка жағып жарық беретін. Ол деген бір жа нып, бір сөніп, артистердің дидарын əрең көреміз. Бұл жо лы құдай жарылқап, «Қоңыртөбе» колхозының жақында ал ған жүк машинасын əкеліп, концерт соның жарығымен көрсетілді.

193

Концерт жүргізуші біздің топта Нартай бар деп атын ата-ған да жұрт ду қол шапалақтап, дуылдап кетті. Əуелі бір-екі артист əн салып, күй тартты. Біздің есіл-дертіміз Нартай. Қа-шан шығады деп тағатсызданамыз. Міне, үш-төрт артистен кей ін ол да шықты. Орта бойлы, төртпақ, шашын тап-тақыр етіп алдырған, басы үлкендеу, қара мұртты, сұсты адам екен. Енді ойласақ жас шамасы сол кездерде елудің жуан ортасын-да болса керек. Иығында – гармоны (бізде сырнай демейді, сыр най басқа, музыкалық аспап емес).

Нартай басын сəл иді де, əнге басты. Əн болғанда, жыр ма, терме ме, түйдек-түйдек ағылып жатқан əсем əуен, ас-қақ лебіз. Алғаш сабырлы, салмақты көрінген хас өнер паз біртіндеп серпіліп, халықты əн-жыр емес, ұтымды əзіл -қалжың, күлдіргі əңгімелерімен де баурай түсті. Онан соң концерт жүргізуді қолына алып, өзі басқарды. Кезекті өнер-паз сахнаға шығарда: «Ғайни». Пəленше орындайды»,– деп қыс қа қайырады. Нартаймен кім көрінген бірге жүре ме, се ріктері кілең сен тұр, мен атайыннан. Бірінен бірі өтеді. Арагідікте тізгінді өзі алады да, жалтыраған етжеңді үлкен ба сын бір жағына қарай бұрып, ұзақ толғайды. Даусы сəл қар лығыңқы ма еді, есте жоқ. Есте қалғаны – бет-бейне, по-шым нұсқасы. Нартай тұлғасы.

Атышулы ақын Əбділдə Тəжібаевтың «Есімдегілер», тағы басқа кітаптарында Нартай туралы көп айтылады. Білме ген-дерімізді солардан білдік. Арқалы ақын сəл қиялға ерік бе-рің кірей ме, немене, Нартайдың гармонын суреттегенде іші бос, тозығы жеткен алабажақ қапшыққа теңейтіні бар. Иесі қол ға алғанда ғаламат үн шығады, былай тастай салса, мыж-мыж қапшық. Пах!

Жоғарыда тым жақын болмаса да, шама-шарыққа қарай бір шама араласқан, жастайынан оңтүстікте əртүрлі жауап-ты қызметтер атқарған, жазушы, композитор, əнші, жыршы, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, жуырда өмірден өт кен марқұм Мұхаметжан Рүстемовті текке атаған жоқпыз. Ең алдымен, сыпайы, кішіпейілдігі, онан соң, Нартай секілді бір туар өнер иесінің туысы болғаны үшін десек те. Оның аузынан бала кезден таныс «Алтын көкем» əнін естігенде, Нартай туралы баяндалған осы жайларды қысқаша есіне салғанмын. Жүзі жайнап, ризалық білдірген еді.

194

Ал, енді Нартайдың есімін мəңгі есте қалдыру, мұраларын жинақтау, кəдеге жарату, ардақтау, аялау аясында жүзеге асқан, асуы тиіс қандай шаралар бар? Əйтеуір, Қызылорда қаласындағы театр Нартай Бекежановтың атымен аталады, оған да шүкір, əрине. Басқа білетініміз шамалы. Олар жай-ында кеңірек бір білсе, Нартайдың жырларын шабыттана ай-татын классик жазушы Оразбек Сəрсенбаев білуі ықтимал. Оразбек болар, басқа болар, Нартай жөнінде ойланайықшы, ағайын.

НАТАЙ КЕНЕСАРИНГЕ РУХАНИ ІНІ БОЛҒАНМЫН...

немесе профессор Бағыбек Құндақбаевпен

соңғы тілдесу

Мəдениет қайраткері, өнертанушы. Тіпті ойламаған, өң түгіл, түске кірмеген жай. Күтпеген жерден соғылған телефоннан атымды атай сала апыл-ғұпыл сөйлеп жатыр (мені таныды деп ойлап тұрғаны анық). «Бүгін «Алматы ақшамынан» оқыдым» деп, Кенесары батыр Қасымұлының немересі туралы жазылған мақаланы атады: «Оқыған бойда көп нəрсе еске түсіп, қатты толқыдым. Натай Əзімханұлы Кенесариннің атын ешкім еске ала бер меуші еді, саған да, газетке де рақмет. Онымен өткен ғасыр дың 50 жылдарының басында Ташкенттегі театр-көр кем су рет институтында оқып жүргенде танысып, ағалы-інілі бол ған дай жайымыз бар еді. Солар есіме түсіп, əсерден ары ла алмай тұрмын. Қысқасы, екеуміз жолығуымыз керек екен. Е, жалған, Натай Əзімханұлы не көрмеді. Бірге түскен суреттеріміз де бар. Барлығын беремін. Кеңейтіп, қайта жаз ға ның дұрыс болар еді...»

Осы жерде сөзін бөліп: «Сіз Орталық партия комитетінде іс те ген жоқ па едіңіз?» – дедім бір түйткілді анықтамай бол-ма сына көзім жеткендей боп. «Орталық партия комитетінде істеген жоқпын, – деді жұлып алғандай. – Танымай қалдың-ау деймін ə? Бұл Бағыбек ағаң ғой».

– Сəл солай боп қалды, сізді басқа біреумен... даусыңыз ұқсас екен... – деп кешірім өтіндім.

195

Солайы солай-тын. Алғашында телефонда бастырмала та сөйлей жөнелген адамды Орталық Комитеттің ауыл ша руа-шылық бөлімінде ұзақ жыл жауапты қызмет атқарып, кей ін басқа да биік лауазымдарға жеткен, өзім жақсы білетін-бір қадірлі ағамыз деп түсінгенім рас. Сөз ауаны өзгеріп, тереңге бойлап бара жатқан соң, амалсыз Бəкеңнің сөзін бөлуге тура келді. Мен білетін қадірлі жан сірə да Ташкентте оқымаған адам болатын, оның үстіне, театр-көркемсурет институтына қатысы жоқ. Бірақ, өнер, əдебиет, мəдениетке жақын, Маң-ғыс тау облыстық атқару комитеті председателінің орынбаса-ры болғанда сол салаларға басшылық жасаған. Кейін зейнет-ке шыққанша Президент əкімшілігі аппаратында істегенде де солай. Əдебиет, өнер өкілдері арасында жақсы біліп сый-ла са тын, араласатын адамдары аз емес. Бағыбек екеуінің дау ыс ырғағы, сөйлеу мəнері егіздің сыңарындай болса, мен қай тейін. Бағыбекке соны аңғарттым (сыпайылап).

– Ондай болады, – деді Бəкең көңілдене қарқ-қарқ күліп. – Ал онда қашан кездесеміз, соны айт. Үй телефонымды жа-зып аласың ба? Академияда істеймін ғой, қызмет бар, бір ақ, онда көп бара бермеймін. Жұмысты үйде де тындыра бере-мін.

– Бəке, түсініп тұрмын, ұзамай кездесуіміз керек екен, ал қазір бір-екі сұраққа жауап беріңізші, – деймін қызығушылық жеңген мен шыдамсыздана. – Мақаланы оқысаңыз, Натай Кенесаринді менің бір-ақ рет көріп, содан алған азын-ау лақ əсер аумағында жазғанымды да білген болдыңыз. Байқа уым -ша, сіз осы кісімен ұзақ уақыт қоян-қолтық араласып, сыр-лас-мұңдас болған сияқтысыз...

– Солай, – деді енді ол да менің сөзімді бөлгеніне ғафу өті ніп. – Манадан бері не айтып тұрмын. Ол үлкен əңгіме. Те ле фонға сия қоймас.

– Сонда да, Бəке, Натай Əзімханұлымен тұңғыш рет қа-шан, қалай кездестіңіз? Ағалы-інілідей болдық дейсіз. Тым бол маса, солардың шет жағасын айтыңызшы.

– Жарайды, асығып тұрған ештеңе жоқ, – деді жайдары мі нез ді, жайсаң жан. – Сен шаршамасаң, айтып көрейін. Айта берейін бе?

– Алла разы болсын, құлағым сізде.– Онда былай. Сол 1950 жылдары жоғарыда айтқандай

196

Ташкенттегі театр-көркемсурет институтында оқып жүрдік. Аталмыш оқу орнында ұлты қазақ ұл-қыздар аз емес-тін. Олар дың ішінен кейін қазақ өнерінің даңқын асырған көп-те ген қайраткер өсіп шықты. Өзіміздің Нұрмұхан Жан тө рин, қа зір Шымкент театрында істейтін Ақсақал Қал мыр заев т.б. Нұрмұханмен жатақханада бір бөлмеде тұрғанбыз.

Əне, сонда Ташкенттегі алуан түрлі жоғары оқу орында-рын да қазақ жастары көп оқумен қатар, оқу орындары бас-шы ларының да біразы қазақ болатын. Өзің де Ташкентте оқып сың ғой, Натай туралы мақалаңда олардың біразының атын атағаның да содан шығар. Менің қосарым, Мелиорация инс ти тутында Қашқаров, Ауыл шаруашылығы институтын-да Насыров, Алманиязов, Өзенбаев, Майлыбаев, Үркімбаев, Əлібаев сынды профессорлар істеді. Барлығының да атағы да, айбыны да зор болатын. Біразы кейін Алматыға ауыс-ты. Бекіш Насыров пен Əбдікəрім Үркімбаев (əрқайсысы 14 жылдан) Өзбекстанның Ауыл шаруашылығы министрлі-гін басқарды (министр). Кейін ол қызметті Егемқұл Тасан-баев атқарды (ол облпарткомның бірінші секретары, об-лат ком председателі боп та істеген). Мангелдин Байланыс ми нис трлігінің тұтқасын ұстады. Қайсы бірін айтайын. Бі-раз қазақ ғалымдары жоғары оқу орындарының директо-ры (не орынбасары) болды (декан, кафедра меңгерушілері өзін ше). Солардың бірегейлерінің санатында Орта Азия политехникалық институтының (онда ректор демейді) дирек-торы Ниязовты ерекше атаған жөн. Нағыз ұлтжанды, ба тыл, кішіпейіл, қарапайым, мейірімді (қожа) қазақ еді. Өнер ге жақын болғандықтан ба, театр институтында оқитын бір топ студентті үлкен басымен іздеп келіп, үйіне апарып қо нақ етті, танысты. «Енді сен бұдан былай қысылып-қым ты рылмай, үйге емін-еркін келіп жүр, менің тумасаң да туған дай інім боласың», – деген соң, неге бас тартайын. Аптасына ке мі бір не екі рет көрінбесем, кəдімгідей ренжиді. Мен де оған бауыр басып, аға тапқаныма төбем көкке жете қуанып жүр дім.

– Ертең сабақтан шыққан бойда үйге жет, қонақ ке-леді, бір ге күтеміз, – деді бір жолы кешкілік телефон соққанымда.

«Кім?» деп сұрған жоқпын. Директордың үйіне осал қонақ кел месі белгілі. Ертеңіне айтқан уақытында бардым.

197

Сол үйдің бір адамындай болған соң, бірден үй шаруасына араласып, жүгіріп жүремін ғой баяғы.

Бұл жолғы қонақ Алматыдан Ташкентке таяуда қоныс аударған жігіт ағасы жасындағы еңсегей бойлы, қара то-ры ның сымбаттысы, қыран қабақ, қыр мұрын, өткір көзді, ат жақты, мінезі салмақты, байсалды адам екен. Жанында тал дырмаш денелі, үріп ауызға салғандай сұлу келіншегі, үй иесі солай ұйғарса керек, дастарқан басында олардан бө-лек ешкім жоқ. Неге екенін, маған қонақ жігіттің көңіл күйі тө мен, жүзі сынықтау көрінді. Олар да көп сөзге бармай, өз де рін сыпайы ұстап, онша көп жарыла бермейді. Ме ні кі – ауыз бағу, ағаның қас-қабағын бағу. «Əн сал» деді. Ептеп «əу» деген болдым. Анекдот айт деді. Оны да бірдеңе ет тім. Бірақ, бəрібір, арқа-жарқа, ашық-жарқын, көңілді отырыс бола қоймады. Ниязов ағам əлгінде қонақтың кім еке нін ай-тып, оны маған, мені оған таныстырған. Натай Əзім хан ұлы Кенесарин екен аты-жөні. Мамандығы геолог, ғылым кан-дидаты көрінеді. «Докторлығы дайын, амандық болса, ұза -май қорғайды», – деп те қойды үй иесі. «Бұл жер Алматы емес, қор қатын ештеңе жоқ», – дегенінің де түйінін кейін тү сін дім.

Содан, қысқасы, сен əңгімелеген Натай Əзімханұлымен мен алғаш рет Ташкент политехникалық институтының рек-торы Ниязовтың үйінде осылай танысып едім. Ниязов ағам ме ні босқа шақырмапты, ол жолы Натай Əзімханұлының «басбұзар хан» Кенесарының туған немересі, Абылайхан əу летінен болғаны үшін Алматыда қуғындалып, осында бас сауғалап келгенін ашық айтпаса да, барлығын түсіндім, ұқ тым. «Бұдан былай осы ағаңа да туған іні боп, ыстық-суығына ортақтасып, қасында жүр», – дегенін құп алдым. «Натайдың тұратын жері – қаланың шетіндегі бір өзбектің екі бөлмелі нашар үйі, азын-аулақ жөндеу керек, соған жəр-дем дес», – деп те тапсырды Ниязов ағам.

Ас-су ішіліп, бата жасалған соң, Натай Əзімханұлының үйіне олармен бірге бардым. Баспана Ниязов ағам айтқаннан да жұпыны, нашар екен. Жер еден, есік-терезесі алқа-салқа, төбесінен тамшы ағып, азынап тұр. Натай Əзімханұлының ыңғайымен күн сайын келіп жүрдім. Алғаш келген беттері ғой, тұрмыс жүдеу. Екі кішкентайы Қызылорда жақтағы

198

жеңгейдің төркін жұртында құсайды. Əр күні кеште жер ошақтағы қазанға картоп қуырамыз. Бірде май тапшы боп, жеңгейдің менің бетіме қарап: «Картоптың үстіне сүт тамызсақ қайтеді?!» – дегені есімде.

Сен Натай Əзімханұлы геология институтында директор боп тұрғанда Шыланзардан алған төрт бөлмелі үйінде бол-саң, мен əлгінде айтқандай, бірінен соң біріне көшкен, бі-рінен бірі жұпыны төрт жалдамалы пəтерінің бəрінде бол-ған мын. Шыланзардағы əйбəт үйін де білемін, əрине.

– Сіз алғаш көргенде Натай Əзімханұлы қандай жұмыс істейді екен?

– Ташкентке жаңа келген кезі ғой, қайбір жұмыс дейсің, ұмытпасам, лаборант сияқты еді.

– Кейін қалай тез өсті?– Енді өзің шамаламайсың ба, қалай тез өспейді, білімпаз

ғалым, текті тұқымнан, оның үстіне, қолдаушы қамқоры Ния зов болса. Ол өте беделді, айтқаны екі болмайтын, бетті адам еді. Обалы не, Өзбекстан басшысы Шараф Рашидов та лай қазақтың талантын бағалап, оң көзбен қарады. Оның тұ сында министрлердің екі не үшеуі міндетті түрде қазақ бо латын. Обкомда бірінші хатшы, облаткомда председатель бол ған Елібаев, Жанпайызовтай қазақтар қаншама. Жоғары оқу орындарында директор болған қазақтар жайлы əлгінде айттым.

– Натай Əзімханұлымен кейін де араласып тұрған шыға-рыздар?

– Онсыз бола ма? Туған жеріне сыйдырмай, қуғын-сүр-гін нің қырсығынан өмірден ерте кетті ғой. Бірақ, қысқа бол са да, ұлы аталары Абылай, Кенесарылардың атына лай ық ғұмыр кешті. Əй, сен дұрыс мəселе қозғапсың. На-тай Кенесарин атаусыз қалып барады. Мұны тез қолға алып, бір амал жасау керек. Осында Абылай ұрпақтары аз емес, олар неге үндемейтіндерін білмеймін. Натай Кенесарин қа-лай ардақтаса да болатын көрнекті тұлға. Жарайды, осымен доғара тұрайық. Қалғанын кейін. Сен бастаған екенсің, ен-ді жарты жолда тастама. Мен де қарап қалмаспын. Ең дұ-ры сы, алдымен менімен сұхбат жаса. Ар жағын көреміз. Айтпақшы, оның туған ұлы осында тұрады. Момындау жігіт. Көп көріспейміз. Сенімен жолықтырамын, жарай ма?

199

– Жарайды, Бəке. Натай Əзімханұлымен бірге түскен су-рет теріңіз де бар шығар?

– Бар, жетеді. Ал, сау бол.– Бəке, Бəке! Кешіріңіз, тағы бір сұрақ. Ташкентте Нұр-

мұ хан Жантөринмен бірге оқыдым дедіңіз ғой. Сол кісі жай-лы бірер ауыз айтыңызшы. Студент кезінде қалай оқыды?

– Сырықтай ұзын бойлы, даусы өткір, əуезді, мінезі қат -қылдау, бірақ, қайырымы мол, адамгершілігі жоғары Нұр мұ-хан басқалардай емес, біздер қызық қуып, сəкəкулеп жүр-ген де, күні-түні кітап оқитын. Оқымаған кітабы болмайтын. Кейін соның бəрі шығармашылығынан көрінді. Біліп қой, кітап оқитын актер мен оқымайтын актердің айырмашылығы жер мен көктей болады. Бұл жағынан Нұрмұханға жететін ак-тер жоқ деп кесіп айта аламын. Егер қателеспесем, ертерек-те Алматыда тұрған белгілі журналист Жүсіп Жантөринмен туыс сияқты еді.

– Рақмет, Бəке!– Көріскенше.Өткен жылғы күз айларының бірінде «Алматы ақшамын-

да» Натай Əзімханұлы туралы (болар-болмас) шағын естелік жарыққа шыққан соң телефон соққан Бағыбек аға онда бү-гін-ертең бақилық болар дегендей емес, тың, қайратты, жі-гер лі сияқты еді. Ғұлама ғалым, белгілі өнертанушы, теа тр зерттеуші, сыншы Бəкең қазақ газет-журналдарының бар-лы ғында талай-талай татымды, тұщымды дүниелер жазды. Енді, міне, ойламаған жерден өте шықты. Неткен өкініш. Бі-лімі терең, санасы сара, жаны таза тұлғалардың табиғи бол-мысы да, жүріс-тұрысы да, айналамен қарым-қатынасы да қарапайым, елеусіздеу болмай ма? Бағыбек те сондай ғұла-ма лардан болатын (біршама таныс, сыйлас болғанмен, бұған дей ін Бəкеңнің Ташкентте оқығанын білмейді екенмін). Мар-құм ның жаны пейіште, иманы саламат болсын. Енді амал жоқ, жоғарыда телефон арқылы болған азын-аулақ əңгімеге де шүкірлік дейміз де. Студенттік жылдарда танысып-та-бы сып, қиын кезеңдерде Кенесариндей тұлғаға табанды тірек, сенімді серік, жанына жалау болған Бəкеңнің Натай Əзімханұлы хақында өзі уəде еткендей айтары мол-ақ сияқ-ты еді, шіркін. Сұм ажал дегеніне жеткізбей, қиядан шал ды. Аманаты ішінде кетті. Əттең!..

200

ҚҰПТАНДАҒЫ ҚОҢЫРАУ

немесе ақиық азамат, аяулы аға

Əбілмəжін Жұмабаевқа арнау

Қазақ атам арғы-бергіде айтқан, айтып келе жатқан, ай-тып та жүретін ұлағатты да ұтқыр сөз тіркестерінің астарын-да терең философия, тағлымды толғаныс, ел мен жер, ұрпақ мүддесі, тəлім-тəрбиелік үлгі-өнеге барына мəн береміз бе, парқын пайымдап, зейінмен зерделеп, аңғаруға жеңіл-желпі атүсті қарау жағымыз басым емес пе дегендей ойлар иектейтіні де болады емес пе? Болады, болғанда қандай. Бірақ... бірақ, өзімізше бəрін қатырып жүрміз дейтін де өзіміз болмасақ неғылсын деп те қойсақ, ол да жарасатындай ма, қа-лай өзі. Жоқ, ағайын, сап-сап, бас жаққа бара берме. Одан да бір сəт «жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» дейтін тəм сілге көңіл аударайық. Ол не? Бақастықтан бес қадам, қызғаныштан қырық қадам, жамандықтан жарты көш алыс жүр, кең бол, кешірімді бол, бір жаманның (өзің білетін) жа-ман дығын бетіне баспасаң да түк етпейді, Құран-Кəрімде со лай айтылған деген салауат сол емес пе екен? Сеніңше қай дам, біздіңше солай (секілді). Десе де, жамандықты жел-дей естіріп, жақсылықты жария ету Қаратаудан қиын болып бара жатуы қалай? Жақсылықты (бағаламау демей-ақ қоя-йық) елемеу, елей бермеу, ұмытуға құмбылдық, «төркінін та ны майтын – өзі болған – қыздардың» (ұлдар деп те есеп-те) құрттай құжынап, ол да өзі секілді бұл ғаламға уақытша қонақ – өзгенің зəредей жетістігіне тырсию, көлгірсу, өтірік қуану, жалған қолпаштау, жалт беріп аунап кеткіш (марқұм Тұтқабай Иманбековтің сөзі) «бүгінгі дос, ертең жауларды» көрмей жүрген, білмей жүрген кім бар, сірə?

Осындай-осындайлар ғой кейде желкеге мініп, жігеріңді құм ететін, жаныңды жасытып, (əрі) пұшайман ететін. Он-дайда қайдан сая табуды білмей, саяқтана сабылатының-ай (десейші).

Бір жай еске түседі. Ертеректе («Мəдениет жəне тұр мыс» журналында) қызмет бабымен Денсаулық сақтау министр лі-гін де басқарма бастығы (əрі коллегия мүшесі) боп істейтін

201

Аб дуллаев дейтін азаматтың жұмыс орнына бардым. Кадр мəселесімен айналысатындықтан ба, қабылдауында кі сі көп екен. Хатшы қызға аты-жөнім жазылған қағазды ұсы -нып, бастығына беруді өтіндім. Ол солай етті. Бірақ, бас-тық көпке дейін қабылдамады. Əйтеуір, үш сағаттан кей ін кіріп, мақсатымды айттым. Қабағы тұнжыраңқы, өңі сол ғын, қарасұр жігіт мен қойған сұрақтарға қысқа-қысқа, тақ-тұқ жауап айтып, оларды блокнотқа түсіріп біткенше (жұ мыс уақыты алдақашан аяқталып) сағат тілі жетіге ауды. Бай-қауымша, бұл кабинет иесіне ұнамайтындай. Алдына кел ге-лі түсі бір жылымай, оқтау жұтқандай шіренген жасы өзім құралпас бастықтың қасаң қалпы маған да ұнамайды. Ша-та ғым нешік, шаруа бітсе болды емес пе деп мен отырмын. Шаруа бітті. Қағаз-қаламды қалтаға салып, қоштасу жорал-ғы сын жасауға ұмсына бергенім сол екен, о тоба, кабинет иесі: «Айыпқа бұйырмаңыз, бізде жұмыс қауырт, енді бір са-ғат тан соң сарапшылар келіп, түн ортасына дейін солармен отырамыз, күнде солай», – десін кенет бетіне қызыл қан жү-гі ріп, көздері күлім қаға.

Маған біртүрлі қимастықпен қарайтындай. Құдай жарыл-қа ғанда, бұған дейін айтпаған «журналдарыңыз жақсы, сіз ді білеміз» дейтін сөздер де аузына түсті. Жеке басына қа тыс-ты жайларды да жайып салды. Ұққаным: Түркістан ту ма сы екен, əйелі екеуі Африка елдерінде бес жыл жұмыс іс теп, елге оралғанына көп болмапты. Сол жақта жүргенде (мұн-дағы) ұлы қайтыс боп, бастарынан ауыр жағдай өтіпті.

– Шетелден келгелі осы қызметтемін, жұмыстың оңайы бола ма, ғылыммен айналыссам ба деп едім, көре жатар-мыз, – деді бəсең дауыспен. – Көңілім қабарып, жаным жа-быр қағанда тек Абайды оқимын. Абайдың кітабы үйде де, қызмет орнымда да бар, – деп тартпадан екі томдығын алып көрсетті де, қайта орнына салып қойды.

Мəссаған! Манадан бері «сықиған сықпытына» қарап, осы мүміннің кітап тұрмақ, газет-журналдың иісі мұрнына ба рар ма екен деп отырған жазекем мен ойлағаннан мүлде бөлек боп шықты. Қарай гөр, ə?! Алғашқы əсер алдамшы деп қалай дəл айтылған. Бірден ішім жылып сала берді. «Əлі түннің бір уағына дейін отырамыз» деген замандастың

202

жұмысына бөгет жасамайын деп, жылы қоштастым да, шы-ғып жүре бердім.

Онымен кейін əлдебір ресми мəжіліс, жиналыс, сал та нат -ты кеш, той-томалақтарда көрісіп, тілдесіп қап та жүрдік. Абдуллаевпен, əрине. Алғаш көргендегіден мүлде басқа, шат тықта да, жасып-жабырқағанда да Абайды оқып дəтке қу ат алатын, мамандығы дəрігер зипа да зиялы, ойы терең, өре сі биік жігіт ағасын. Соңғы уақыттарда көре алмай кет-ке нім болмаса.

Қиналып-қитыққан не қуаныш-қызыққа кенелген шақтар-да тек Абайды оқып жаным жай табады дейтін Абдуллаев-тан өзге де соған ұқсас ізгі жан иелерін талай ұшыраттық, көр дік. Мұңға батып, не көңілі тасыған шақтарда қолына Абай дың кітабын ұстаған ағайынды көріп, өзің де сергіп, бір жасағандай күй кешетініңді байқамай да қалатының қандай ғанибет десейші, шіркін!

Сондай-ақ, (аяулы Сапар Байжанов жиі айтатын) кеудесі жақсылардың – алтын сандық екені жəне əңгіме арқауы, өмір сөз басында айтылғандай, көлеңкелі, кежір құбылыстар емес, қашанда жақсылармен көркейіп, гүлденіп-көктеп, өркен жая ты нына пəлі демеске əдді жоқ жəне оған айғақ-дə-лел толып жатқаны да аян. Енді солардың біріне ден қойып кө релік. Алдын-ала айтып қояйық, алда сөз болатын əңгіме өзегі өз мамандығымызға үндес, бір майданда жұмыстанған əріптес аға, заңғар тұлға, замандас жайында болмақ.

Өткен ғасырдағы 60-шы жылдардың басында республи-ка жұртшылығына кеңінен танымал, ауылда болсын, қалада бол сын, екі үйдің бірінің төрінен табылатын «Мəдениет жə не тұрмыс» журналының редакциясы еден-қабырғалары шұрқ тесік, мейлінше ескірген, аса жұпыны үш-төрт бөлме-ге орналасқан-ды. Төрт бөлім меңгерушісі мен төрт əдеби қыз меткер сығылысып бір бөлмеде отырады. Жазу стол, орын дықтар тапшы (сол кездерде ғой марқұм Əбілахат Ес паевтың тек қаламақы емес, жалпы жағдайды ескеріп: «мəдениеттерің жақсы, тұрмыстарың нашар екен» дейтіні).

Солай болса да, журналда көрінгісі келетіндердің ішінде ақын, жазушы, ғалым, мəдениет серкелерінен басқа да ата ғы жер жаратын дөйлер жетіп артылатын. Айына бір рет шыға-

203

тын журналдың үштен біріне – көркемсуретті деген аты-на сай – түрлі-түсті (слаид) жəне жай фотолар орналасады. Ауыл-селодағы тілшілдерден бастап талапкер ақын-жазушы, композиторлар ескеріледі. Алматы өз алдына. Кенеулі дүниелер солардан. Əр санға бір мықты əңгіме, екі белгілі, алты не одан көп балауса ақындардың өлеңі, (нотасымен) бір əн, очерк, публицистикалық мақала, жай мақала, хабар-ошар, ке ңес тер, айтпақшы, үш арнаулы тілшінің іссапарға барып жазып келетін мақаласы міндетті түрде басылуы шарт. Əзіл-сықаққа бір бет. Ай сайынғы міндет (шамамен) осылай. Жаз-ға нын алып келетіндерге басылады-басылмайды дейтін уəж осы тұрғыдан айтылады. Əйтсе де, əдебиетші, тілші, бас қа да гуманитарлық салада жұмыстанатын үлкен-кіші ғалым-дар есік құрғатпайды. (Жарияланым оларға ғылыми кеңесте есеп беру үшін қажет екені жүре келе белгілі болды).

Ара-тұра бізді тікелей басқаратын Орталық партия коми-те тінде істейтін Сапар Байжанов, Ахмет Икенов, Өтебай Қа на хин сынды қаламгерлер де келіп тұрады. Бірі – белгілі көсемсөзші, жазушы Əбілмəжін Жұмабаев. Жазғаны мен бас қа ратын бөлімге тиесілі екенін алдын-ала біле ме, əйтеуір, сегіз-тоғыз қызметкер отыратын бөлмеге (өз аяғымен) келген бойда жалпы жұртқа бас иіп сəлем береді де, бірден ма ған үйірсектейді. Машинкаға əспеттеп басқан мақаласын сон-ша лық əдеп-ибамен бере тұрып: «Қажет десең, қысылмай қыр нап-сырнап, өңдей бер, қарсылық жоқ. Жарамаса өкпе жоқ, – дейді мейірімді, жұмсақ үнмен. – Редакция талабын бі ле міз, жұмыстың аты – жұмыс», – дейді де, жайлап шығып жүре береді.

Аң-таң боп мен қаламын. Біріншіден, үлкен үйде сектор басқаратын адамның мақаласын біреуден беріп жібере сал-май, өз аяғымен алып келетініне, екінші, редактор не орын-ба сарға бармай, бөлімді аттамайтынына, үшінші, жарамаса өк пе жоқ дейтініне.

– Əбілмəжін сондай, – дейді төр жақта отыратын Жекен Жұ мақанов ол шығып кетісімен. – «Социалистік Қазақстан» мен «Қазақ əдебиетінде» бірге істегенбіз. Онда астамсу бол-май ды, əзелден солай. Оның орнында басқа біреу болсын-шы, көрер ең бəлем...

204

Бір емес, қатарынан екі-үш рет солай болған соң, қа-лай таңданбайсың, қалай иланбайсың. Өз басым бұған дей-ін Əбекеңнің жазғандарын газет-журналдардан көре ті нім болмаса, былайша үнемі Мұқан Мамажановпен шатас ты ра-тындықтан, түр-түсін жөндеп ажырата алмай, көшеде көр-сем, бəлкім, танымас па едім, қайтер едім. Ал, ол болса, əр кел ген сайын атымды атап, іші-бауырыма кіре сөйлейді. «Ма қаламды өңдей бер, түзе, жөнде, жарамаса қайтып бер», – дейді. «Ренжімеймін», – дейді. Мұндайлар сирек, əрине. Бі рақ, болады. Өзім Əбекең сияқты тағы бір адамды білемін. Ол – Мамадияр Жақыпов. Ол да жазғанын əкелгенде: «Қажет болса, жөндей бер, реніш жоқ», – дейтін үнемі жайдары кү-лім сіреп. Əбекеңе: «Сізді жөндеп өле алмай жүрміз бе?» не Мамадиярға: «Сенің жазғаныңды редакциялап не көрініпті», – дейтін біз қайда! Екеуінің де жазғанын тек бөлімге тиісті жасайтынын жасап қана (əзірлеп), редакторға ұсынатынмын. Ол ұзамай нөмірге салады. Жақсы мақала ұсынғаным үшін мақтау еститін олжа – менікі. Міне, жақсының шарапаты. Айналаға сəуле шашып жүру деген осындай-ақ болар.

Айттым ғой, бұған дейін Əбекеңмен жақын біліс-таныс, аралас-құраластық болған жоқтығын. Одан кейін де... Тек...

Бір жолы Əбекең ОК-тен «Жазушы» баспасына директор боп ауысқан соң Сейдахмет Бердіқұловтың себебімен «Шол-пан» кафесінде бірге дəм татқанымыз болмаса (алды-арты да сол). Сондағы мені əлпештеген Əбекеңнің қайта-қайта атымды атап, іштарта сөйлегені ұмытыла ма?

Бүгінде қарап отырсам, күнделікті қауырт жұмыспен алы са жүріп жазған жеті-сегіз кітап, орысшадан аударған екі романның басым бөлігі «Жазушы», біразы «Жалын» баспа-ла рынан шыққан екен. Тіпті, қазір дəл есте жоқ, əйтеуір, со лар дың бəрін де директор не бас редакторға кірмей, тəр-тіп бойынша тиісті бөлімге өткізгенімді білемін. Жəне бə-рі де дер кезінде тақырыптық жоспарға еніп, кідіріссіз шы ғып жатты. Əрқайсысының көлемі 7 табақ екі бірдей са ти ралық əңгімелер жинағымның екеуі де 30 мыңдық ти-раж бен бірінен соң бірі «Жазушы» баспасынан жарық көр-ді. Осы жерде қадірменді Əбекең, сырттай таныс (десе де сый ымды) Əбілмəжін ағамның маған жасаған тағы бір ай та

205

қаларлықтай шарапатын ауызға алмау мүмкін еместей көрі-не тін жайы бар. Міне, жақсының жақсылығын айтатын тағы бір сəт те жеткендей. Ол былай...

Мақтанғандық емес, мен пақырда осы кезге дейін əлдене үшін біреу-міреуге жүз салу, бірдеңе сұрау деген бола қой-мап ты. Болса «Есім салған ескі жол» не «Қасым салған қас-қа жолмен» болған да шығар. Тек бір жолы бір жанашыр азаматтың «Жалын» баспасынан шыққалы тұрған 12 бас па табақ кітаптың əр баспа табағына тиесілі болмашы қала ма-қы ға күнілгері қол қоя салғанымды өздігінен біліп қап, өзі ара ласып, екі есеге көбейтіп қайта шарт жасатқаны болмаса. Ол кездегі директор кім жəне оның не ойлағанын білмеймін. Білетінім – өзімнің ол жайлы ешкімге тіс жармағаным, еш-кім ге шағым жасамағаным.

Ал, Əбекең, Əбілмəжін аға жөнінде ондай пенделікті еш-кім нен естіген де, білген де емеспін (осы уақытқа дейін). Керісінше, оның атына айтылатын алғысқа қашанда құлақ қанық. Үлкен жүректі Əбекеңнің кімге болмасын ішкі есеп-сіз жасайтын таза, риясыз шапағатын көргендердің бірі өзім де сем, оған куə Əбекеңнің өзі дер едім.

«Жазушы» баспасының жоспарына енген сатиралық əң -гі мелер кітабымның əне-міне шыққалы жатқанынан ха бар-дар болатынмын. Бірақ, тираж, қаламақы туралы ал дын -ала «қам жасау» қаперге кірмейтін. Бірде құптанда, яғ ни, түнгі сағат он бірден аса үйге телефон шалынды. Көтерсем – арғы жақтан атымды атаған əлдекім бейуақытта мазалағанына кешірім сұрап, «мен Əбілмəжін Жұмабаев едім» деді бəсеңдеу, жұмсақ үнмен. Үлкен адамның атын ес тісімен таңданып, əрі ризалығым тасып-төгілген мен: «О, Əбеке, ассалаумағалейкүм», – деп елп еттім. «Мəселе былай, – деді тоқетерін айтып.

– Бізден кітабың шыққалы жат қанын білетін шығарсың. Жиналғаны 25 мың тираж екен. Сондықтан ертең Қазақстан тұтынушылар одағының Кі тап саудасы басқармасының бастығы Аянға барып 5 мың сұ рашы. 30 мың болсын деп жатқаным да. Соны айтайын деп ем».

Əбекеңнің бұл сөзіне не деуді білмей сəл бөгелдім де: «Əбеке! – дедім тəуекелге басып.

206

– Мен үшін сіздің телефон соққаныңыз жетеді. Аянға бара алмаймын, тіпті, 10 мың да қанағат, ғафу етіңіз». «Солай ма?», «Солай, Əбеке, кешіріңіз». «Апырай, ə? Онда Аянның үстінен қарайтын Ақынбеков дейтін бар, соған барсаң қай-те ді?». «Оған да бармаймын. Сіздікі жанашырлық, рақмет». «Онда мейлі, шырағым», – деп телефонды қоя салды.

Əрине, Əбекеңнің ықыласына мерейім тасып, төбем кө к ке екі елі жеткендей күй кештім. Ертеңіне ол жайлы ірге міздегі «Жетісу» газетінің бас редакторы, Əбекеңнің қан дыкөйлек досы Пернебек Бейсеновке айттым. «Бекер етіп сің, Əбілмəжіннің көңілі үшін Аянға бара салмадың ба?» – деп күлімсіреді ол. «Менде ондай жоқ қой, Пернеке». «Білемін»».

«Аянға бару керек пе деп өзім де ойлағанмын. Зауқым бол маса қайтейін. Əбекең ренжімес деп көңіл жұбатқанмын. Бірақ, Əбекең соның ертеңіне... кешкілік екінші рет теле-фон шалды. Сірə, оған дейін жазу жаза ма екен, бұл жолы да сағат он бірден асқанда, құптанда. Қысқаша айтқаны: «Кешегі сөзге ренжіген жоқсың ба? Сен бармасаң, бүгін өзім бардым. Аянға емес, Ақынбековке. Əрі, сол маңда бір ша-руам да бар еді. Ақынбеков 5 мың берді. Енді кітабың 30 мың боп шығады. Бір-екі аптадан соң сигналдық даналарды алып қаласың. Мұндай кітап жатпайды, дұрыс болсын дедік те, шырағым», – болды.

Телефон түнгі сағат 11-ден асқанда шырылдаған соң, құптан болмай қайтеді?! Түн жарымда екі рет соғылған қоңырау сыры осындай. Кітап шығуын шықты, əрине. Тек, содан соң Əбекеңе əдейілеп барып рақмет айттым ба, жоқ па, мен үшін қараңғылау. Əлде, сол жолы өзі құсап түн жа-рым да үйіне қоңырау соғып алғыс білдірдім бе екен, ол да бұ лыңғыр. Егер жазатайым олай болмаса, осы айтылғандар төлеуі болсын.

207

ПАРЫЗ ПАРАСАТЫ немесе

Мұса Дінішев жайлы бір үзік сыр

Совет өкіметі орнап, сол кездерде дүние есігін ашқан ұр пақ та, əрине, алдарындағы аға буынға қарай бой түзеп, солардай болуға талпынып өсіп ержетті, шама-шарқынша тырбанып, қолы жеткен баспалдаққа табан тіреді, еңбек етті, ұрпақ жайды. Əркімге əртүрлі тағдыр бұйырғаны өз алды-на. Ес біліп, етек жиғанда көріп-білген, сезінген, қа был да-ған қоғамды бұрыннан қалыптасқан (екен) деп жəне оны мəңгілікке балағаны табиғи жай. Басқаша мүмкін де емес қой. Олай болса, ауыл, аудан, қала, совхоз, мектеп, пойыз, самолет, тағы басқалардың бəрі социалистік қо ғам тұ сын-да пайда болып, біртіндеп орныққанын жүре келе, ай на ла-да ғы болмыс, тірлік-тынысты саралау арқылы ба ғам дауы да заңдылық (дер едік). Бұл балалық шағы өткен ға сыр дың 40-шы жылдарындағы алапат соғысқа дөп келген бей бақ-тар ға да ортақ. Əй, олар арманшыл, қиялшыл, ішер ас, киер киімге жарымай жүріп, шеттерінен романтик болмады ма? Қиын дық тан қорықпады, қай машақатқа да қасқая тұр ды, оларды осылай жетелеген бірінші – сенім, екінші – ал да рын-да ғы аға ұрпақтың үлгі-өнеге, тəлім-тағлым, кісілік келбет, табиғи қадір-қасиеті, солардай болуға ұмтылыс, ынта-жігер, табандылық. Өз басым бүгінде осыларды терең сезініп, тəубе деймін. Өмір біртегіс даңғыл емесін біле тұрып, алдыңғы толқын – ағалар рухына іштей де, сырттай да тағзым етемін, бас июмен жүремін. Бұл, бір жағы, парыз да болса керек. Па-рызды ұмытпау – ол да парыз.

Сөзді бұлай бастау себебіміз, алдымыздағы аға буын өкілдерінің барлығымен жүзбе-жүз таныс-біліс, сырлас-мұңдас болмасақ та (ол мүмкін де емес), жақсы біліп, жақын жүрген, жасы үлкен, биік адамгершілік иесі, қамқор жандар тіпті де аз болмағаны тағдырдың сыйы емес пе еді? Қазекем қанша жерден екі туып, бір қалған болса да, əрісі бір əке-шешеден жаралса да, біреу-біреуге бірдеңе бөліп бере ме деп фəлсафа соқпаушы ма еді? Солай, оны кім білмейді?! Гəп зипа, зиялылық, тазалық, адалдық, жер шарының қиыр шетіне бірге бара алатын ірілікте. Ұмытылмас бекзаттықта.

208

“Мəдениет жəне тұрмыс” (қазіргі “Парасат”) журналының киелі шаңырағында өткен қырық сегіз (онша аз емес) жыл мерзім осылай деуге үндеп, қолтықтан демеп, жігерді жани-тындай жайы бар.

Е, сол жылдар ішінде кімдермен қызметтес, пікірлес, сыр-лас-мұңдас, дəм-тұздас, ағайын-туыстай болмадық де сей ші. Кө кі рек-көңілде барлығы сайрап тұр, жақұттай жайнап тұр, іншалла, жігерді қайрап та тұрғандай.

Енді қысқасына көшсек, өз қолымен ашқан аталмыш ба-сылымды ұзақ жыл басқарып, ұжым мүшелерінің рухани əкесі іспетті болған қадірлі Мұсекең, Мұса Дінішев хақында бұған дейін азды-көпті лебіз білдіріп, оларда оның жұмыс тəсілі, қамқорлығы, биіктігі, өзге де арғы-бергі біршама жай-лар қамтылған секілді еді. Бұл жолы осы күндерде туғанына жүз жыл толып отырған Мұсекеңнің өзіміз білетін (білген) жұмыр басты пенделердің бəріне тəн – кейбір пенделік түйткілдері, адами болмыс, тақуалық, бір қарағанда, бірден түсіну оңай емес, жеке басына ғана жарасты базбіо мінез-құлық, іс-əрекет, өзгешеліктер хақында аз-кем сыр шертуге құмбылдық танытып отырған жайымыз бар.

1964 жылы журнал редакциясы Төлебаев көшесі, 52 үйде болатын. Екіқабатты ескі ғимараттың үстінде “Казсталькон-струкция”, “Казмедтехника”, “Мектеп” баспасы, “Жетісу”, “Семиречье” газеттері, “Казводхоз” дей ме-ау, толып жатқан мекеме, кеңсе, ұйымдар. Бірі – “Мəдениет жəне тұрмыс”. Төменгі қабат – тұтастай дүкен. Ғимараттың қарсы алдында – №1 баспахана, автостанция, азық-түлік дүкені, сырахана т.б. Қазір бұл жерге ат шаптырым аумақты алып жатқан – “Сымбат” сəн академиясы орналасқан. Қарсы бетте зəулім универсам, оған іргелес екіқабатты сауда кешені.

Сол кездегі журналға тиесілі үш бөлме ғана-тын. Кіреберісі – машинкашы, көркемдеуші, техникалық редак-торлар, корректор, курьер отыратын – редактордың кабинеті, қапталда он шақты қызметкер, қарсыда жауапты секретарь мен көмекші отыратын едені шіріген, ашса əрең жабылып, жабылса əрең ашылатын есіктері алқам-салқам, қабырғалары жырым-жырым, тозығы жетіп, тоқырап біткен, тышқандар зулап жүретін шағын-шағын екі бөлме. Осында таң атып, тауық шақырады. Редакция үйінің қораштығында ешкімнің

209

жұмысы жоқ, мəселе – айбында. Журналдың айбыны (беделі) деген керемет. Екінің бірі жазған-сызғандарым шықса деп армандайды. Жұмысқа орналасу – көкке қол созумен тең. Мұнда істейтіндерге кім-кім де қызыға да қызғана қарайды. Жұмыс жүріп жатады. Редактор, жауапты секретарь (орын-басар), жалпы саны тоғыз бөлім меңгерушілер мен əдеби қызметкерлерді қосқанда, таза шығармашылықпен айна-лысатын он бір адамның кемі үш-төртеуі ай сайын міндетті түрде алыс облыстарға іссапарға шығып, су жаңа материал əкелу – бұлжымас заң. Сондықтан, шұрқ етуге уақыт жоқ, басылым беделі жоғары, тираж жыл, ай емес, күн санап көбейіп отырады.

Қызметке əдеби қызметкер боп қабылданған мен біртіндеп аға əдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, одан Мұсекеңнің (өзі үнемі айтатындай) оң қолы – жауапты се-кретарь-орынбасар боп тағайындалдым (1973 ж.). Бұл кезде редакция Төлебаев көшесіндегі шіріген кеңседен Горький көшесі бойындағы 9 қабат жаңа ғимаратқа ауысып, жырғаған тұс (барша газет-журнал да). Бұл енді кейінірек, əрине. Ал, Төлебаев көшесіндегі кеңседе жұмыс істейтін күндердің бірінде...

“Редактор шақырады” деген соң, дерек барсам, əлдебір қағазды жайып тастап, қаламын шошайтып отырған Мұсекең: “Сен мұнда Тимирязев депсің, Темирязев емес пе?” – деді алдынан көз алмай. “Жоқ, Тимирязев”, – дедім. “Темирязев емес пе?” “Жоқ, Мұсеке, Тимирязев”. “Онда мейлі, соны сұрайын деп ем, бара бер”.

Бұған мəн бермеген мен орныма келіп, жұмысыма кірістім. Түстен кейін біз отыратын бөлмеге тосаттан кіріп келген Мұсекең: “Сенікі дұрыс екен, – деді маған қарап салған жерден. – Əлгіде үйден түстеніп шыққан соң Ти-мирязев көшесіне барып, үйлердің сыртындағы жазуларды көрсем, солай екен”, – деп күлді де, шығып жүре берді.

Мен де аң-таң, басқалар да аң-таң. “Бастық жаңа не деп кетті өзі, түк түсінбей қалдық қой”, – деп Ғаббас Жұмабаев күңк етті. “Бірдеңені тексерген-ау, сірə. Сен білесің ғой, ол не?” – деді Жекен Жұмақанов маған қарап. Сонда ғана Мұсекеңнің мана түске дейін мені шақырып, Тимирязев ту-ралы сұрағаны есіме түсті де, мəн-жайды айттым. “Мұса

210

сондай адам”, – деді Жамал Байжанова апай. – “Бірдеңеге күдіктенсе, анықтағанша сөйтеді, тыным таппайды”. “Апы-рай, ол кісі сонда сол бір сөз үшін ерінбей-жалықпай жер түбіне барып келген бе?” – деп Қуандық Шаңғытбаев таңдайын тақ еткізді. “Əскет қой, Мұса əзелден солай”, – деп Қажкен Ахметов гүр етті. “Несі бар, дұрыс, қате кетсе, кім жауап береді?”. Бұл менің пайымым.

Осы жəне осы құралпас талай-талай қызықтар бол-ды емес пе? Қызық дейміз, қайдағы қызық?! Ол кездерде газет-журналдарда басқа тұрмақ, бірді-екілі əріп, тыныс қате жіберу үлкен мін. Бүгінгідей күн сайын өріп жүретін олар (əріп, тыныс қате) тұрмақ, өңі өзгерген сөз, сөйлем, Айбергеновтің өлеңін Қадырға тели салу, Абайдың “өлді деуге сыя ма” дейтінін “бола ма” деп торсаңдау, Қасым Аманжолов Оралда туды, Мұстақым Ықсановты Мұсабек Ысқақов, Поль Робсонды Ропсан, Кеңес Үсебаевты Қосбаев, Георгий Брянцевті Боярцев деп түзету, олақ аударма, тіс сын-дырар тіркестерді атама. Түске де кірмейді. Қалай десе де, журналда қате жібермеу керек. Жіберген бір не екі реттен соң қощ, қарағым. Жолың əне!

Сондықтан, Мұсекеңнің бір ғана Тимирязев атауына ат-тан сала “шүйлігуі” Қажыкең, Қажкен Ахметов айтқандай, тіпті де əскеттік емес, керісінше, қажеттілік (қалыпты жай) болатын. Көп білсең де, көптен артық білмейсің. Ол білгенді сен білмейсің, сен білгенді ол білмейді. Талап бірдей: сақ бол, сауатты бол, үйрен, үйрен жəне үйрен. Əйтпесе, құның көк тиын. Міне, ол кездегі редакторлардың ұстанымы. Қазіргі “Бас” деген “қосымшаның” қашан пайда болғаны белгісіз, əйтеуір, ол шақтарда “Бас” жоқ-ты. Бүгінгідей ысқырығы жер жаратын (бесеу емес) жеті ешкі айдаушылар көбейгенін көпсініп отыр деме, олай дейтін ешкім жоқ, ой-бай. Тек көбейген жақсы, ал сауатты болған одан да жақсы дейміз де, қайтейік.

Жоғарыда – мен қызметке орналасқан кезде (1964) – журнал редакциясын салдабасы шыққан ескі ғимараттың жоғарғы (екінші) қабатында болғанын айттық қой. Екінші қабатқа көтеріліп, оңға бұрылғанда, дəл бұрышта – жолды бөгеңкіреп тұратын тіреуіш болатын. Бірде асығып келе жа-тып, əлгіден сойдиып шығып тұрған ұзындығы қарыс сүйем

211

жаңқаға шекемді соғып алайын. Аздап қан шықты, бірақ, қан тоқтағанмен, жарақат орны білініп тұрса керек. Соған көзі түскен Мұсекең: “Шекеңе не болды?” – деді бірден. “Байқаусызда соғып алып...” – деп міңгірледім. “Қайда?”. “Осында, екінші қабаттағы бұрышта”. “Солай ма, жүр, бірге барып көрейік”.

Екеуміз кабинеттен шығып, сонда бардық. Мұсекең жаңқаға бір ауық қарап тұрды да, қолымен ырғап-ырғап жұлып алып, анадай жердегі жəшікке тастай салды. Сөйтті де: “Апырай, мұны неге ешкім байқамаған? Көзіңе тимепті, онда қиын болар еді”, – деп маған мейірім төге қарады.

Ал, мен өзімше бұл жолы да таңдандым. Мұсекеңнің “абайлап жүрмейсің бе?” деп дүрсе қоя бермей (басқа біреу болса, сөйтуі бек ықтимал еді), əдейі барып жаңқаны өз қолымен жұлып тастағанына таңданбай көр (əрине бұл жайлы ешкімге лəм деген жоқпын). Сонда бұл не? Оны өзің шамалай бер. Ал, меніңше, ізгілік, тектілік, кісілік, жанашырлық. Адами біліктілік. Аруағы шат болсын.

Енді аяулы жанмен қызметтес болған он екі жылда бар-жоғы бір рет қана аз-кем сөзге келіп, жүз шайысқандай болғанымыз бар еді, қысқаша, соны баяндайық та, нүкте қояйық. Ол былай.

1965 жылдың басында Мəдениет министрінің орынба-сары қызметінен журналға екінші рет редактор боп келген Мұсекеңмен риясыз түсінісіп, əмпей-жəмпей бола қалдық деу шындықтан алыстау болар еді. Сол жылдың мамыр айында Гурьев облысында республика тұңғыш рет алыс жайылымдардағы малшыларға мəдени-тұрмыстық қызмет көрсететін автопойыз ұйымдастырылып, оған фототілші П.Ф. Редько екеуміз бардық. Маңғыстау түбегіндегі – ба-руы үш, қайтуы үш, алты күндік – үстіртті мекендейтін малшыларға мəдени-тұрмыстық қызмет көрсеткен автопой-ызбен жарты ай бірге жүріп, Алматыға бір ай шамасында оралдық. Отыз беттік мəтін, мұқабаның төрт, ішкі арнайы төрт беттен тыс, басқа да көл-көсір фотосуреттермен қоса, журналдың үштен екі бөлігінде күнделік үлгісінде жазылған мақала жарық көрді. Содан бастап маған əдеттегіден əлдеқайда жылы қараған Мұсекең кіші əдеби қызметкерден аға əдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі етіп, жеті жылдан

212

асар-аспаста жауапты секретарь (орынбасар) болдым (мұны құптағандар да, құптамағандар да болғанын сөз ету артық).

Аппаратта таза шығармашалықпен айналысатындар – Мұсекең екеумізді қосқанда – он бір адам (дедік). Өзгелер – техникалық қызметкерлер. Ұжым мүшелері тату-тəтті, ынтымақпен жұмыс істейді (бəрі басшының арқасы).

Мұсекең екеуміздің де арамыздан қыл өтпейді десе бо-лады. Бұл кем-кетік жоқ деген сөз емесі түсінікті. Мұсекең күнделікті болмай тұрмайтын əттеген-айлардың қай-қайсысын да сабырмен, байыппен айтып, шамға тимей, түсіндіреді, ұғындырады. Жеке іс-əрекетімен пысықтап, нығарлайды. Мəселен, директивалық органдарға екі күннің бірінде жіберіліп жататын орыс тіліндегі іс қағаздарды мүкіссіз жазуды мен тек Мұсекеңнен үйрендім. Ондай тағлымдары да көп, қайсы бірін айтайын.

Қоғамдық-əлеуметтік мəселелерді былай қойғанда, республикалық мəдени өмірінде ірі оқиға, айтулы жаңалық, алуан іс-шаралар жиі болады. Сондайлардың бірі – 1974 жылғы желтоқсан айында Талдықорғанда жаңа облыстық музыкалық-драма театры ашылатын болды да, соған құрметті қонақ ретінде бару əрі мақала жазу үшін Мұсекең фототілші В.Мыльников екеуіне самолетке күнілгері билет алып, дайындалып жүрді. Сол күндерде оның Чайковский атындағы конкурста бас жүлде алған əнші баласы Əлібек Тбилисиден келуі керек екен. Бірақ, үш күннен бері аэро-портты қалың тұман тұмшалағандықтан, ұлын аэропорт басында тапжылмай күткен Мұсекең Талдықорған театры ашылатын күні маған телефон шалып: “Тбилисидің самолеті əлі Москвада, бері қарай ұшатын түрі жоқ, мен қайтсем де Əлібекті күтемін. Сондықтан, орныма сен бар. Талдықорған жақын ғой, ауа райы шамалы түзелсе, самолет ұша береді екен. Машинаны жібердім, тез жет”, – деді.

“Билет” дей беріп ем, “менің билетіммен барасың” деп бір-ақ түйді. Ол кезде аэропортта қазіргідей тықақтап тек-серу жоқ, барған бойда (ауа райы аз-маз мүмкіндік жа са ған-дық тан) Мыльников екеуміз ұшып кеттік.

Жаңа театр ашу рəсімі салтанатты жағдайда өтті. Халық көп болды. Мəдениет министрі М.Базарбаев, халық артисі Қ.Байсейітов, Р.Қаныбаева т.б. сөйлеп, тұңғыш спектакль

213

сəтті қойылды. Біз ол күні де, ертеңіне де Қ.Бейсембиев басқаратын театр ұжымын слайд, фотосуретке түсірдік, материалдар жинадық (қонақ болдық). Оның ертеңіне Алматыға келіп, Мұсекеңе баян еттік. Ол өте көңілді екен. Əнші баласы Əлібек үлкен табыспен оралыпты. Орталық партия комитетінің секретары С.Имашев Мұсекеңді теле-фонмен құттықтапты.

– Ал, енді мақаланы жылдам əзірле, Мыльников те сөйт-сін, нөмірге үлгеру керек, – деді Мұсекең.

Үш беттік мақаланы сол күні-ақ жазып, машинкаға басты-рып, Мұсекеңе бердім. Түн бойы көз ілмей жұмыс істеген Мыльников те ертеңіне суреттерін столға қойды.

Арадан бір-екі күн өтер-өтпесте Мұсекең, не сайтан түрткенін қайдам, мені өзіне шақырды да. “Мақаланы жарты бетке түсір, тегі, мұны суреттерге мəтін ретінде берген жөн болар, ойланшы”, – деді салқындау раймен.

Мұндайды күтпеген басым “мақала онсыз да шағын, бар болғаны үш бет, жаңа театр ашылғаны маңызды жаңалық емес пе, несіне қысқартамыз” дегім келсе де, ештеңе демей шығып кеттім.

Кабинетіме барған соң ойламаймын ба, “бұл қалай, неге?” деп. Түкке түсінбей, найшам пəсейіп, ренжісем де, ұзамай еңсемді жиып, “керек болса өзі қысқарта берсін, ал, мен іштен шыққан шұбар жыланды қидалай алмаспын” деп шештім өзімше. Сөйтіп, ол жайлы пəлен демей, пəруəйім пəлек боп жүре бердім.

Бір-екі күннен соң – Мұсекең екеумізге ортақ – қабылдау бөлмедегі қыздың алдынан театр жайлы өзім жазған мақалаға кездейсоқ көзім түссін. Анықтап қарап жіберсем, мені онша жақтыра бермейтін əдебиет бөлімінің меңгерушісі мақаланы нақ бір ала алмай жүрген өші бардай, аяусыз шимайлап, өшіріп-сызып, жарты беттей-ақ қалыпты. Мұсекеңнің кабинетіне кіріп бардым да: “Мұныңыз қалай? Мені қызмет бабы өзімнен төмен адамға неге жығып бересіз? Онда ашып айтайын, ол маған эталон емес. Мына мақалаға жарты бер болса да, қол қоймаймын, авторлықтан бас тартамын. Мені командировкаға барған жоқ деп есептеңіз, ақшасын қазір ба-рып, бухгалтерияға өткіземін”, – дедім тұла бойым дірілдеп, əрең сөйлеп.

214

Сөйтіп, кілт бұрылып, кетуге оңтайлана бергенімде “тұра тұршы” деді Мұсекең. Даусы жұмсақ, жайбарақат. Бетіне қарасам, күлімсіреп отырғандай. “Сен немене, ренжіп қалдың ба?” – деді түк болмағандай. “Ренжиін-ренжімейін, бəрібір”, – дедім əрең сөйлеп. – Мақалаға қол қоймаймын, командировканың ақшасын өткіземін. Өзіңіз қысқартсаңыз, бір жөн. Бөлім меңгерушісіне жығып бергеніңіз дұрыс емес”.

– Енді не істейік, соны айтшы.– Мақала қалай жазылды, солай барсын, не өзіңіз түзетіңіз.– Жарайды, мен араласпаймын. Қалай жібергің келсе, со-

лай жібере бер...Лəм демей шығып кеттім. Сəл де болса көңілім орнына түсіп, бойым жеңілдегендей

болды. Енді ғана “апырай, Мұсекеңді ренжітіп алмадым ба”, деген ой иектесін. “Оны ренжіткенше, тым-тырыс жұмыстан кете салғаны жақсы еді ғой. Өй, тайқы маңдай десе!”

Бұл жайға ол да, мен де қайтып оралған жоқпыз. Бұ рын-ғы дай жүріп жаттық. Мақала бұған дейінгі үш емес, төрт бет боп жарық көрді. Алғашқы нұсқаны армансыз айғыздаған сабаздың не ойлап, не қойғаны да белгісіз күйде қала берді. Ол сыр білдірмеді.

Бəрінен ғажабы, осы жолы Мұсекең екеуміздің арамыз-дан өтіп кетуі ықтимал қара мысықтың көлеңкесі де кө рін-бе ді. Қайта, əріптес аға-інілік сыйластығымыз арта түсті. Сирек құбылыс па? Əлбетте. Кісілік, тектілік осындай-ақ болар. Қайран, Мұсеке! Аяулы азамат! Лайым да Кеңсайда қа тар жатқан жар қосағыңыз Кəмила апа екеуіңіздің рух та-ры ңыз сөнбесін. Нұрларыңыз пейіште шалқысын!

ЖЫЛДАР ЖЫРЫ немесе

архитектор Əбдісағит Тəтіғұлов туралы үзік сыр

«Ел дегенде езіліп, жұрт дегенде жұмылып істе...» Ба-тыр Бауыржанның осы сөзі, неге екенін қайдам, өз басыма қырық жылдан астам уақыттан бері біліп, сыйласып келе жатқан аптал азамат, қадірменді Əбекең, белгілі архитектор Əбдісағит Тəтіғұлов жайлы айтылғандай болады да тұрады.

215

Биылғы жылдың алғашқы тоқсанында жасы жетпіске то-лып, сексенге бет алған Əбекеңнің ел үшін езіліп, жұрт үшін жұмылып жұмыс істегеніне жəне еңбегі жанып, көпшілік құр метіне бөленген зиялы да зипа маманның ештеңені мін-дет сіп, бəлсінбей, мейлінше қарапайым ғұмыр кешіп келе жат қанына куəлердің бірі ретінде (тұңғыш рет) аз-кем лебіз білдіруді парыз санап та жүретін жайым барын жасырып-жаппаймын. Алдын-ала еске салайық, көпшік қою, мақтау-марапат емес, ол жағы – Əбекең қаласын, қаламасын, бізсіз де жетіп артылады. Атақ-абыройды сұрап алған жоқ, бəрі та-би ғи, жөн-жобамен өріліп, беріліп келеді. Ал, болмашы бір же тіс тігін айтсаң қысылып қалатын Əбекең əлі күнге солай, бая ғы екеуміз алғаш танысқан кезден бір аумаған Əбекең. Сал мақты, сабырлы, білікті-білімді, мінезге бай, жайсаң, жай дары қалыптағы. Енді алда базбір айтатындарымыз мақ-тауға ұқсап кетсе, алдымен Əбекең, онан соң оқырман қау-ым нан кешірім өтінуге дайынбыз. Мына бір фактіге назар ауда рыңызшы. Əбекеңді білуге сол да жетіп жатқандай.

Кеңестік дəуірдегі қиын-қыстау жылдарда өз бетінше оқып-жетіліп, республикадағы қаншама құрылыс нысанда-рын да қолтаңбасы қалған, қазақтан шыққан тұңғыш кəсіби архитектор Төлеу Құлшыманұлы Бəсеновтің туғанына өт-кен жылы 100 жыл толғаны бүкіл ел деңгейінде кеңінен ата луы керек-ақ еді. Өкінішке қарай, олай бола қоймады, Тө леу Құлшыманұлының шəкірті саналатын Əбдісағиттың алдын-ала жер-жерге қаққан дабылы нəтиже бермеді. Онан соң қайтсін, Əбекең (тағы басқа ынталы топ мүшелері) өзі бастап қолға алып, алдымен Т. Бəсеновтің артында қалған күллі еңбегін (керемет фотосуреттермен айшықтап) қалың-қалың екі том етіп бастырып шығарды. Айтулы архитектор туралы барша бұқаралық ақпарат құралдарда айтылды, жа-зылды, көз көргендердің естеліктері жарияланды. Онан соң құзырлы мекен-жайда алыс-жақын шетелдерден бастап, бүкіл елден қонақтар шақырып, Т.Қ. Бəсеновтің 100 жылдық мерейтойын дүрілдетіп өткізді. Қаржы жағын (тек) өздері қамдады. Осы не, азаматтық па? Əрине! Мұндай шараны жүзеге асырмақ тұрмақ, біреуге біреу дұрыстап сəлем беруге құлықсыздық дендеген тұста, Əбекең ондай қадамға тіпті де ұпай жинау үшін барған жоқ. Жəне Төлеу Құлшымановты

216

ұстазы ретінде ғана емес, осы бір Алматының құрылысына өлшеусіз еңбек сіңірген тұңғыш ұлттық архитектор, алып тұл ға атаусыз, ескерусіз қалмаса деп күш салды, билікке де, басқаларға да өкпе-наз білдірмей, барлығын ың-шыңсыз тын дырды. Тағы бір нəрсе ойға оралады.

Соңғы жылдарда басқа проблема жоқтай, қазақта зиялы жоқ деп кесіп-пішу, суалдыра сайрау не осы! Шынымен солай ма? Бəлкім, бұл зиялыларды «жерлеушілердіңң жеке пікірі шығар, ендеше, олармен таласып-тартысып, арамтер бол-май, біз де жеке пікір ретінде айтсақ, олай емес. Қазақта зия-лылар бар, толып жатыр, іншалла. Бұрын да, қазір де. Зиялы-сыз халық болмайды. Батыс, шығыс, оңтүстік, солтүстіктің бəрінде жүзеге асқан, асып жатқан əдеби, мəдени, рухани-ят жемістері түгелдей зиялылардың арқасы емей не? Қазақ зиялыларын оларды екі күннің бірінде қармаққа ілігіп, қақ панға түсетін жоғары лауазымды құлқынқұмарлар мен мін деттерін жөнді атқара алмай шерменде боп жататын жо ғары шенді бейбақтармен шатастырма, көпке топырақ шаш па. Е, айтқандай, «зиялы жоқ деп кесіп-пішетіндер сол айтқандарына өздері сенер ме екен? Əлгідей «аксиомаң аста-рында зиялы мүлде жоқ емес, біреу болса да бар, ол мен» дегендей ишара болмаса неғылсын деңіз.

Ат жалын тартып, еңбекке араласқалы бері, бəрі болмаса да, бірқатар қазақ басылымдарына қаржылай да, моральдық та қолдау көрсетіп, жоғарыда атаған Төлеу Бəсеновтен бас-қа да көптеген айтулы тұлғаларға құрмет көрсетуін жал -ғас ты рып келе жатқан Əбдісағит Тəтіғұлов та бүгінгі қазақ зия лыларының бір де бірегейлері қатарында, əрине. Бірақ ол бұл жайлы дабыралау былай тұрсын, тіпті, ойламауы да мүмкін. Мүмкін емес, солай екеніне дау жоқ. 1930 жылы қазан айының 5-інде ұйымдастырылған «Казгоспроект» жо-балау институтына республика басшысы Д.А. Қонаев 1975 жылы Əбекеңді небəрі 35 жасында өз қолдауымен дирек тор еткені де тектен тек болмау керек. Əне, бұл күндері 80 жыл-ды ғын атап жатқан сол шағын институт қазір дүние жүзінің барлық елдерінен тапсырыс алатын, нормативтік-құқықтық жəне техникалық құжаттардың электрондық базасын əзір-леп шығаруға қабілетті «КАЗССЖ» жобалау академиясы-на айналған (акционерлік қоғам). Президенті – Əбекең.

217

Əлемдегі АҚШ-тан бастап, көптеген алып мемлекеттердің са ла бойынша сан алуан атақ-дəрежелеріне ие, ҚР Мемле-кет тік сыйлығының лауреаты, профессор, академик Əб ді са-ғит Тəтіғұлов. Осынау қасаң дерек-мəліметтерді жұрт біл ген үс ті не біле түссе деп көлденең тартқанымызбен, мен үшін олардан да қымбатырақ, жан-жүйеге жақынырақ, аса қас-тер лі, ыс тық, əсте ұмытылмайтын айшықты жайлар болушы еді, ен ді соларға ойысайық. Əбекең туралы тұңғыш рет қа-лам тартудағы негізгі мақсат та сол.

Бұл енді онша елеңдеп, тамсана қалатындай тосын əлде-не немесе елден-ерек оқыс, тылсым оқиға-құбылыс та емес, ке рісінше, сонау артта қалған ескі жылдар еншісіндегі қалай таныстық, қалай жақындастық, өзара сыйластық, қадір-құр-мет сыры неде, бұған себепкер кімдер дегендей елес тəрізді есте сақталып келе жатқан аяулы сəт, əсер-сезім, бастан кеш-кен, куə болған болмыс-бітім, жастық шақтың кейбір өрнек-нақыштары. Сол шақтардағы тыныс-тіршілік, дəуір қияпаты десе де болғандай.

Енді амалсыз «менге» ауысамыз (онсыз болмайтынын сіз де білесіз). 1958 жылы саусақпен санағандай (əрі кетсе 5-6 ғана) қазақша басылымдар «Мəдениет жəне тұрмыс» (қазіргі «Парасат») деп аталатын жаңа журналмен толығып, қа лың оқырман тағы бір рет жырғады. Олай демей не дейік, аздаған жыл ішінде тиражы күрт өсіп, екі жүз мыңнан артса (480 мыңға шарықтағаны кейін, суалғаны да сол тұстар).

1964 жылы көктемде дəм жазып аталмыш журналға қыз-мет ке тұрған мен алғашқыда біраз уақыт сын-сықақ, фелье-тон жағын қаузадым. Өйткені, редактор Сапар Байжанов соларды қатты ұнататын. Сапекең ұнатқанмен, сын тезі басқаларға жақпайтын. Тіпті, билік тарапынан «фель етонды қайтесіңдер, «Ара» бар емес пе» дегендей күң кіл-сүңкіл де жетіп қалатын құлаққа. Сондықтан, көбіне сы қақ өлең, əңгіме, бірқақпайлармен шектелеміз. Сондай се беп тен бе екен, анығын басшылар білген болу керек, бір жо лы Арал ауданынан журналдың екі тілшісі əдейілеп барып (тексеріп) алып келген материалды алғашында маған фельетон етіп жазу тапсырылды да, соңынан аяқ астынан сын мақалаға ай-налдырылып жарыққа шықты. Ол тұрмақ аузын айға білеген «Ара» журналының өзінде де фельетон сиреді. Дау тудыр-

218

майтын, басы ашық, фельетонға сұранып тұрған фактілердің сан рет өңін өзгертіп, штаттан тыс автор ретінде, шарт-ты фельетон етіп жазып беріп жүрдік. Сөйтіп, «Мəдениет жəне тұрмыс» бір бетке шақталатын құрғақ сын-сықақпен біржола қала берді. Кейде оларға да шүйілетіндер табыла-тын. Əлдебір қазақша оқитын далбағай министр жур нал-дың бас редакторы Мұса Дінішевке пəлен материалда біз ді сынапсыңдар, кəне, дəлелдеңдер, егер өтірік болса, кі нə ліні жазалаңдар деп дау салыпты. Мұсекең қолма-қол маған айтты. Мен өзімше «бұл сықақ əңгіме ғой» деп шыр-пыр боламын. «Бара бер, əлгіде министр (марқұмның аты-жөні есте, атамауды жөн көрдік) телефон соққанда жауабын кей ін айтайын дегенмін, қазір өзім хабарласамын, дегенмен, сақ болу керек», – деді Мұсекең күле сөйлеп.

Осынау жайларды тəптіштеп отырғанымыз, біріншіден, олар сол кездегі түсінік-пайым, қоғамдық ұстаным, дəуір ерекшелігі, өмір иірімдері, екіншіден, менің Əбдісағит Тə ті-ғұловпен танысып-табысуыма себі тиген дүмі диірмен тар-тадының кебі іспетті тұрпайылықпен туыстас анайылау бір жағ даяттар. Соңғысын сəл таратып баяндайық.

Димаш Қонаев 1960-1962 жылдары Қазақстан Компартия-сы Орталық Комитетінің бірінші секретары болған шақта құ зырлы министрлердің біразын қазақтан тағайындады. Бі-рақ, Қонаев ұзамай Хрущевтің «құдыретімен» қызметтен бо сады. Орнына оңтүстіктегі кіл қазақтар мекендейтін үш ау данды бармақ басты, көз қыстымен өзбектерге өткізіп жі берген, Шымкенттен Ташкентке жиі барып, Рашидов-пен шай ішетін қасқа сайланды да, бір демде қазақ минис-т р лердің алтауын бірдей тайдырып, ұлты бөлектерді қон-жит ты (сол кездегі газеттерді қарауға болады). Бұл қазаққа жа салған қиянат еді. Əйтсе де, құдай жарылқап, 1964 жы-лы Хрущев қуылды да, Д. Қонаев қайтадан бірінші болды. Көп қиындықты ақылмен жеңе отырып, екі обкомда ғана қалған қазақ бірінші секретарлардың қатарын көбей ту ге ден қойды, Орталық Комитеттегі он шақты бөлім мең ге ру-ші лерінің тек біреуі, (Тоқтағали Жангелдин), жиырмадан ас там министрлердің төрт-бесеуі ғана қазақ екеніне назар ау дарғаны іс жүзінде көріне бастады. Арадан бір-екі жыл өтер-өтпесте бұрын мүлде болмаған Жеңіл өнеркəсіп, Ет-сүт,

219

Село құрылысы, Тұрмыс қызметі, Құрылыс материалдары, Тас жолдар – барлығы алты министрлік құрып, басшылыққа қа зақтар сайланды. Шовинистік сырқаттан айығып бітпеген қы зыл империя тұсында, біле білгенге бұл да ерлікпен пара-пар іс еді. Республика өркендеу үшін бірінші кезекте құрылысты күшейту қажет болды. Тек құрылыс бойынша төрт түрлі министрлік, бір Мемлекеттік комитет жұмыс іс-те ді. Орталық Комитеттің құрылыс саласын басқаратын секре тары (Д.Қонаевтың сенімді серігі) М.Б. Ықсановтың ба тылдығы арқасында сол бесеудің төртеуін қазақтар бас-қар ды. Мұны айтып отырғанымыз, ол кездерде қазақтар мем лекеттік деңгейдегі құрылыс мекемелерін басқару былай тұрсын, бұл саладағы қатардағы жай қызметтерге де алына бермейтін. Басшылары қазақ болған соң, тек Алматыдағы екі құрылыс материалдар комбинаты, екі Темір-бетон зауы-ты, толып жатқан трест, СМУ, ДЭУ т.б. қазақтар жетекшілік етті. Бір əңгіме үстінде Ф2 Темір-бетон зауыты директоры-ның: «Мұнда мен келгенде жұмыс істейтін 5 мың адамның 30–40-ы ғана қазақ екен, кейін олардың санын 600-ге жет кі-зіп, алты орынбасардың 3-ін, бас инженердің 7, орын ба са ры-ның 4-ін қазақтан сайладым, – дегені бар-тын.

Еш жерде, ешқашан көп айтыла бермейтін мұндай дерек- мəліметтерді тектен-текке ауызға алып отырмағанымызды ша маларсыз деп ойлаймыз, дос. Республикадағы жаңадан бой көтерген қаншама қала, гүлденіп, көркейген аудан, ау-ыл, селоларды айтпағанда, ару Алматының қысқа мерзім ішін де қанатын кең жайып, адам танымастай өзгеріп шыға келгені сондай кешенді іс-қимылдардың арқасы болмағанда, өз-өзінен бола қалып па. Міне, бұларда сөз басында атаған қазақтан шыққан тұңғыш архитектор Т. Бəсенов пен оның М. Меңдіқұлов, А. Қапанов, Ш. Уəлихановтай үзеңгілес серіктері мен Ə. Тəтіғұлов сынды шəкірттерінің де үлес-қол-таң балары көл-көсір десек, титтей де артық болмайды.

Ал, енді Əбдісағитпен алғаш кездесіп, танысуымызға «дү мі диірмен тартатын» бір дəу себеп болған деп пе едік? Еш қандай боямасыз, қоспасыз, қаз-қалпында айтқанда, ол былай. Жоғарыда сол əлгі (жақсы есімде, 1966 жыл) Д.Қонаев билікке екінші рет оралған соң көп ұзамай алты жа ңа министрлік құрылғанын айттық. Біреуі – Тұрмыстық

220

қыз мет көрсету министрлігі. Министр – Камалбай Кетеба-ев. Оңтүстіктегі Киров ауданы, Бағара селосының тумасы екен. Камалбай қызметке келе сала бізді, бізді болғанда, «Мə дениет жəне тұрмыс» журналы мен бас редакторы Мұса Дінішевті біраз уақыт əуреге салып, кəдімгідей дүрліктірсін.

Бір күні коллективті кабинетіне шұғыл шақырып, осы қа-зір Орталық Комитеттен келіп отырмын деген Мұсекең: «Бір мəселе шығып тұр. Соны ақылдасып, жауабын тез айтуы-мыз керек», – деді өңі сəл сұрлана күлімсіреп. Құты қашып, əбіржіп қалғаны көрініп тұр.

– О не сонша?– деді редакторға қашанда қысылмай, еркін сөй лейтін Жекен Жұмақанов.

– Жаңадан ашылған Тұрмыстық қызмет министрі Кете-ба ев журналды бізге беріңдер, біздің орган болсын жəне қазақша-орысша шығару керек деп Орталық Комитетке ұсыныс-хат түсіріпті,– деді Мұсекең.

– Қалай сонда, Мəдениет министрлігінен тартып ала ма екен? – деп Ғаббас Жұмабаев аузын басып селк-селк күлді.

– Журналдың Тұрмыс министрлігіне не қатысы бар, қы-зық,– деді Жекен Жүмақанов.

– Мəселе сонда,– деді Мұсекең іле. – Журналдың аты «Мəдениет жəне тұрмыс» бол ған дық-

тан, сөйтсе керек.– Орталық Комитетке кімге жазыпты?– Кімге болады, Қонаевқа да. Ол Имашевқа беріпті. Бүгін

Имашев мені шақырып таныстырды.– Ол не деді? Береміз дей ме?– Олай деп кесіп айтқан жоқ, бірақ... бұл бір демде ше-

ші летін шаруа емес. Кетебаевтың екпіні қатты. Бүгін-ертең өзіміздің министрге барамын.

Коллектив мүшелері:– Сөйтіңіз, Мұсеке!– деп жамырап қоя берді. Кете баев тың

талабы ол кезде де, қазір де дұрыс па, бұрыс па, пəлен деу қиын. Əйтеуір, министрлік таққа қонжия сала ашыл ға ны на əлі он жыл толмаған журналға ауыз салғаны шындық. Жəне бір-ден басқа емес, Қонаевқа шыққан. Машақат содан бас тал ды. Мұсекеңе бəрекелде, «Мəдениет жəне тұрмысты» өз қолымен ашқан соң, үш жылдан кейін Мəдениет ми нис трлігіне орын-басар боп ауысты да, төрт жылдан кейін бұрынғы қызметіне

221

қайта оралды. Кіммен сөйлесіп, кіммен келіскенін өзі біледі, əйтеуір, журналды Тұрмыстық қызмет министрлігіне бермей, Мəдениет министрлігінің органы ре тін де сақтап қалды.

Е, бүл Мəдениет министрлігінің органы деген өзінше əң гі ме. Журналды барлық жағынан Орталық Комитет өзі бас қа ратындықтан, Мəдениет министрлігімен қатысымыз ша малы болатын. Тек бас редакторды анда-санда коллегия мə жілісіне шақыратыны болмаса, өйтіңдер-бүйтіңдер деп іш кі шаруаға араласа бермейтін. Əйтеуір, министрдің бір орынбасары тұ рақ ты түрде редколлегияға мүше болады, со-нымен əумин.

Ал, журнал Тұрмыстық қызмет көрсету министрлігіне ау-ыспай, (салымызды суға кетіріп) екі тілде шықпайтын бол-ған мен, олардың талабы біржола із-түзсіз қалған жоқ. Кол-лек тив мүшелері елеңдеп жүрген күндердің бірінде Мұсекең аяқ астынан жиналыс ашып:

– Кетебаев сөйтіп жатыр дегенде, Ілекең (Мəдениет ми-нистрі Ілияс Омаров) Имашевқа телефон соғып, үзілді-ке-сіл ді қарсылық білдірді. Шамасы, мені келсін десе керек, үш-төрт күннен соң Имашевқа өзің бар деді. Кеше сонда бардым. Имашев менің көзімше Кетебаевпен сөйлесті. Ке лі-сім былай. Бүгіннен бастап журналда тұрмыс бөлімін ашып, бұрынғыларға қосымша сол салаға қатысты жайларды жа-зып тұратын боламыз. Ол бөлімді сен басқарасың, – деп ма-ған қарады.

Мен үндемедім. Не жазамыз, не қамтимыз демедім. Ар-тын күттім. Есесіне, мұндайда қарап қалмайтын Жекен Жұ-ма қанов:

– Сонда бұл не жөнінде жазады?– деп менің атымды атады.Оған Мұсекеңнен бұрын Қуандық Шаңғытбаев жауап

бер ді:– Жеке, қызықсыз, не жазушы еді, анау əлгі шаштараз,

етік ші, тігінші, пішуші, өндірістік, тұрмыстық комбинаттар дегендер толып жатқан жоқ па? Соларды жазады да. Олар аз болса, асхана, дүкен, магазиндер бар,– деп.

Жұрт ду күлді. Қуан ағаның сөзін қалжың деп ойлады. Бі рақ, қалжың болмай шықты. Қалжың болмағаны:

– Дұрыс,– деп оны іле Мұсекең қостап,– Имашевпен де, Кетебаевпен де солай келістік. Тұрмыстық қызмет саласын-

222

да жұмыс істейтін қазақтар аз не мүлде жоқ. Жастарды соған үн деуіміз керек. Бұл маңызды мəселе. Тағы не қамтылады, ал да ойланамыз, – деді.

Сөйтіп, журналда ойламаған жерден ресми түрде тұрмыс бө лімі құрылды. Рас, тұрмысқа байланысты бұған дейін де тамақты столда отырып ішу, қолды сабындап жуу, тіс щет-ка, төсек-орынға ақ жайма, (қаптайтын) сейсеп пайдалану секілділер там-тұмдап болса да жазылып тұратын. Енді тұр-мыс тық мəселелер бұрын түске де кірмеген кең ауқымда жазылуы қажет болды. Ол үшін Мұсекең мені қасына ертіп, екеуміз Тұрмыс министрі Камалбай Кетебаевқа бардық. Ол бірден қабылдап, екі сағаттай сөйлестік. Бірі басқарма, бі рі бөлім бастығы боп істейтін екі қызметкерін шақырып біз-бен таныстырды. Оларға алда журналмен тығыз байланыс та болыңдар деп тапсырды. Қазақшылығы мол, ана тілге жүй-рік, ұлтжандылығы аңқып тұрған Камалбай Мұсекеңді сырт-тай білетінін қайта-қайта айтып, «аға» деп сөйлеп отырды.

«Сəл болмағанда, журналыңызды тартып ала жаздағаным үшін кешірім өтінемін»,– деп қалжыңдап та қойды. Мұсекең оған өз атынан мақала жазуды тапсырды. Бір аптадан соң дай ын дап, редакцияға жеткізіп те берді. «Камалбай Кетебае-вич мақаланы өзі жазды, біз қол тигізгеміз жоқ»,– деді ма қа-ла ны əкелген басқарма бастығы Жəрдемəлиев.

Бүгін қарап отырсақ, бұлардың барлығы да өткен жыл-дар дың өшпес іздері, сол шақтардағы тыныс-тіршіліктен де рек беретін жайлар екені сөзсіз. Қарбалас енді басталсын. Министрдің журналда ұлты қазақ шаштараз, етікші, тігінші туралы жазыңыздар дегенін іске асыру қиынның қиыны бол-ды. Қайдан іздесек те, бірлі-жарым аты қазақ, заты дүбəра тігіншілер демесе, ондайлар онша табыла қоймады.

– Енді былай етейік,– деді Мұсекең бір күні. Етікші, тігін-ші, шаштараздармен алысқа ұзамаймыз. Тұрмыс бөлімінің ая сын кеңейту керек. Ол үшін қазір ауылдық жерлердегі архи тектуралық жоба, тұрғын үй, мəдениет үйі, клуб, мон-ша ғимараттарының типтік жобасын жариялап, түсінік беріп тұр сақ. Сен осы жөнінде ойлан.

Апырай, бір саланы жарыта алмай жүргенде, бұл не тағы? Зəрем ұшсын, бірақ білдірмеймін. Ойлан дейді, ойланатын дəнеңе жоқ. Абырой болғанда, еңсесі түсіп, əрі-сəрі болған

223

мен пақырға бұл жолы да иманды болғыр Мұсекеңнің өзі даңғыл жол ашып жіберсін. Арадан бірер ай өтер-өтпесте:

– Ертең Госстройға барамыз, – деді Мұсекең мені ша қы-рып. (Госстрой дегені Мемлекеттік құрылыс комитеті).

– Сондағы председательдің орынбасары Төлеуге кіреміз. Білесің бе оны? Төлеу тұрмақ, Госстройдың не екенінен бей-хабар бейбақ не дей алсын.

– Білмеуші едім,– деп күмілжідім.Ертеңіне Госстройға бардық. Əлдебір бастықтың қа был-

дау бөлмесіне кірдік Есіктің сыртына «Председательдің орынбасары Төлеу Құлшыманұлы Бəсенов» деп жазылған.

– Төлеу Құлшыманұлы өзінде ме?– деді Мұсекең хатшы қызға орысшалап.

– Өзінде.– Онда біз келді деп айтыңыз. Келіскенбіз. Біледі. Лып

етіп бастығына кіріп кеткен хатшы қыз лезде кері шықты да:– Кіріңіздер, – деді.Кірдік. Тегі, Мұсекең бұрыннан таныс-біліс пе, Төлеу

Құл шыманұлымен арқа-жарқа амандасып, бірден шаруа жай ы на көшті.

Орынбасар үнсіз тыңдап болған соң, қапталындағы ра-дио телефондардың бірін басып:

– Маған келші,– деді жай ғана.Сол замат кабинетке кіріп келген орта бойлыдан сəл жоға-

ры, сымдай тартылған сымбатты қара торы жігіт Мұсекең екеумізге қол беріп амандасты да, қарама-қарсы орындыққа отырды. Байқаймын, бейтаныс жігіт жас жағынан менімен шамалас, ісіне жетік, бастығының сеніміне кіріп, ысылып-тө селген маманға ұқсайды.

– Түсіндім, – деді табиғатынан аз сөзді екені көрініп тұр-ған Төлеу Құлшыманұлы Мұсекеңе қарап.

– Алда мына жігітпен байланыс жасайсыздар. Бұл осын-да Азаматтық құрылыс басқармасының бастығы, коллегия мү шесі. Аты-жөні Əбдісағит Шаймұхамбетұлы Тəтіғұлов.

Əлқиссаны Төлеу Құлшыманұлынан бастаған Мұсекең оған да ауыл-селолардағы құрылыс жайлы мақала жазуға тап-сырыс беріп, кабинеттен шықтық. Жанымызда – Əбдісағит.

– Мен кете берейін, сен осында қалып, мына жігітпен жақ -сы лап таныс, сөйлес, ақылдас, – деген Мұсекең қайтып кет ті.

224

Мен Əбекең, Əбдісағитқа ілесіп, кабинетіне бардым. «Жыл қы кісінескенше» дегендей, ол екеуміз Бəсеновтің алдын дағыдай емес, тез шүйіркелесіп, талай мəселенің ба-сын шалдық-ау деймін. Бірер аптадан соң қолға тиген Төлеу Бəсеновтің мақаласы суретімен жарияланды.

Одан кейін Əбекең. Бір ғажабы оның құрылыстың ық-пыл-жықпылдары жайлы жатық тілмен қазақша жазатын ма-қалалары, əсіресе, күндіз ұшқан жапалақтай жартасқа соғы-лып быт-шыт болуы бек мүмкін менің міндетімді анағұрлым жеңілдетіп, тосын көзге сыр білдірмей, аяқты нық басып жү руге сеп жасады. Əбекең білді ме, білмеді ме, онымен танысқан күннен бастап, сондай күйде болдым. Оның үсті-не, қарапайымдық, кішіпейілдік, жібектей жұмсақ мінез қан-дай. Біліктілік, білім, қызметке адалдық, кəсіби шеберлік өз ал дына.

Ендігі жерде журнал бетінде тұрмыстық саланың ауқымы ұлғайып, шаштараз, етікші, тігінші, киім пішушіден бөлек, ауыл-селоларды көркейту, көгалдандыру, əр ауыл, ауданның архитектуралық бас жоспары, мектеп, тұрғын үй, клуб, мə -дениет үйі, монша ғимараттарының типтік жобалары үз бей жарияланатын болды. Олардың бірқатарын өзі жазса, бір-қа тарын жазуға ол тауып беретін Уховатов, Ратушный, Ким се кілді толып жатқан (автор) архитекторлар тартылды. То-лып жатқан жобалау мекемелерімен байланыс орнатылды. Əсіресе, «Казсельхозпроект» мекемесінің қолды ұзартып, көп кəдеге жарағаны керім болатын.

Енді бүгін титтей де қысылып-қымтырылмай жəне үл-кен мақтанышпен айтуға болар еді: солардың бəрі алдымен Əбдісағит Тəтіғұловтың арқасы еді деп. Онан соң басқа лар-дың.

Отыз жылдай мерзім ішінде жалпы тиражы 480 мыңға жетіп жығылған, қазақ қауымына кең тарап, рухани қайнары болған «Мəдениет жəне тұрмыс» (қазіргі «Парасат») журна-лы туралы əңгімелегенде, оның байырғы қамқор-қолдаушы, жанашырларының бірі, тұрақты авторы, осы күнге дейін қол үзбей келе жатқан Əбекең, Əбдісағит Тəтіғұловтың есі мін ата-мау ағаттық болар еді. Бүгінде – сөз басында айтқанымыздай – əлемдік мəн-маңызға ие «KAZGOR» Жобалау академиясы сынды құзырлы мекемені басқарып отырған Əбекең бұ рын

225

«Мəдениет жəне тұрмыс» журналына қаншалық оң қа бақ-пен қараса, қазір классик жазушы Дулат Исабеков бас қа-ра тын «Мəдениет» журналының да белсенді жанкүйер де-меу шілерінің қатарында. Аталмыш журнал жарық көре бастағалы ақылдастар алқасының мүшесі, тұрақты автор, оқырман.

Көкірегі ояу, көзі ашық, қазақтың ұлтжанды пер зен т-терінің бір де бірегейлерінен саналатын Əбдісағит Шай-мұхамбетұлы қалың елге танымал архитектор ғана емес, со нымен бірге, бірнеше əдеби, ғылыми кітаптар жазған қа-рым ды қаламгер де.

Əбекеңе алда да зор табыс, бақыт-береке, мықты ден сау-лық, ұзақ ғұмыр тілейміз.

ДАРЫНДЫ ДҮЛДҮЛДЕРнемесе

үш алыптың достығы туралы үзік сыр

– Жазу-сызу аздап қолымнан келгенмен, мен ақын да, жазушы да емеспін. Тек өнерге қатысты көзім көріп, куə болғандарды ғана əңгімелеуге құлқым бар, – дейтін қарт əнші, еңбегі сіңген артист, марқұм Бісміллə Балабеков. – Сендер 1930 жылдар ішінде қазақ өнерінің қалайша өсіп-өркендегенін онша біле бермессіңдер. Қазақтан шық қан тұңғыш театр режиссері Жұмат Шанин мен министр Темір-бек Жүргеновтің қазақ өнеріне қамқорлықтары ерекше еді ғой. Екеуі де «халық жауы» боп атылып кетті. Олар жөнінде қазіргі айтылып, жазылып жүрген дерек-мəліметтерде дəл-сіз дік, білместік, бұрмалау жоқ емес. Тіпті, олармен үзең гі-лес боп, жұмыс бабында қатар жүрген мен де бес саусақтай бі лемін дей алмаймын. Əйтсе де, есімде сақталған кейбір жай ларды ортаға салу парыз (деп білемін).

Бір таңқалатыным, халық таланттарының 1934 жылы өт кен республикалық слеті жөнінде егжей-тегжейлі айты-ла тын қомақты еңбек əлі күнге дейін неге жоқ? Слетті кім-дер ұйымдастырды, кімдер қатысты, кімдер қандай жүл деге ие болды, жалпы, қалай өткенін жан-жақты баяндай тын – қатысушылардың бəрінің суреті басылған кітап неге шы ғар-

226

масқа?! Əркімнің өз білгенінше тиіп-қашып сөз ететіні аз. Білместік, кереғарлық сондайдан туындайды.

Енді негізгі айтарыма келейін. Құдай берген дарынның арқасында 1932 жылдың басынан бастап Қарағанды радио-сында біраз уақыт Қали Байжанов, Иса Байзақов, Қосымжан Бабақовпен бірге əнші боп істедім (бұл жұмысқа мені компо-зитор Борис Ерзакович алдырған болатын). 1933 жылдың ба-сында Сібірге əкем, қарындасым Рахима үшеуміз гастрольге шығып, Кузбасстың айналасындағы қазақтарға үш ай кон-церт көрсеттік. (Əкем мен қарындасым Рахима Кузбасстың өз басында тұратын). Новосибирск радиосынан əн салдық. Ұлты орыс болса да, радио басшылары Алматыдағы жағдай-лар ға қанық екен. «Сендердің астаналарыңда «Айман-Шол-пан» деген спектакль қойылды. Режиссері Жұмат Шанин. Бұл хабарды біз Мəскеу радиосынан естідік, газеттен оқы-дық, сенің орның сонда емес пе?» – десті (мұндай сөзді өзі-міз түскен үйдің иесінен де естіп едік).

Сол қамшы болды ма, қайдам, ертеңіне əкем мен қарын-да сымды Кузбассқа аттандырып, бірден Алматыға тарттым. Бұрыннан жақсы білетін Жұматтың үйіне түстім. Оның үй-іші арқа-жарқа боп, қуана қарсы алды.

Жұмат таяуда Қырғызстаннан оралғанын, онда жаңа спек такль қойғанын айтты. Бұл 1934 жылдың көктемі еді. Жұ мат ертеңіне мені оқу-ағарту (мəдениет, өнер де соған қа рай ды) комиссары Темірбек Жүргеновке апарды: «Мен қыр ғыз ға кеткенде, бұл Новосибирскіде жүріпті, тауып ал-дым», – деп жатыр. Министрмін деп отырған Темірбек жоқ, өте қарапайым, сыпайы, ашық. Бұрыннан таныс болған-дық тан: «Кəне, «Қызыл бидай», «Алтыбасар», «Топай көк», «Қанапияны» айтып жібер», – деді. Домбырам жоғын бай-қа сымен, оң жағында қабырғаға сүйеулі домбыраны алып қолыма ұстатты (көрдің бе, қазір қайдам, ол кездегі минис тр-лер дің кабинетінде домбыра болатын). Темірбектің сұраған əндерін кабинеттің ішінде шырқап бердім. Министр ризалық сыңаймен Жұматқа қарады. Жұмат басын изеді.

Кабинеттен шығысымен театрға бардық. Қызметке қа был-дандым. Сəл күннен соң Жұмат: «Алматыда халық талант та-ры ның слеті өтеді, əкең де қатыссын, шақыр, біліп қой, бұл министрдің ұсынысы. Темкең əкеңді де біледі», – деді. Бір

227

жеті өтер-өтпесте əкем келді. Жұмат пен əйелін (Жанбике) дəмге шақырдық. Əкем Жұматтан Əбікей Сəтпаев, Əміре Қашаубаевты сұрады. Əбікей аман-сау, Əміре қайтыс бол-ды дегенде көз жасын төгіп жіберді. Əкем солығын басып, көңілі біраз жайланды-ау дегенде:

– Қазақстандағы күллі өнерпазды жинап байқау өткіземіз, озғандарға бəйге беріледі. Сіз сахнаға шыққанда Біржанның «Майда қоңыр», «Жамбас сипар» əндерін жиырма бес жасы-ңыз дағыдай айтыңыз, – деді Жұмат.

– Қартайдық қой, – деді əкем.– Алда Бейімбеттің «Шұға» пьесасын қоймақшымын.

Бұй ырса, сондағы қарттардың бірінің рөліне шығасыз, – деді Жұмат.

– Ол болмас, – деді əкем. – Қинама. Басқалар бар ғой. Мен əн салуға жарасам да

жетер.– Жарайды, онда əннен сүрінбеңіз. Алда өтетін слеттің

мə ні үлкен. Мақсат – халықтың əн-күйлерін мадақтау, жинау, кейінгілерге аманаттау. Жүргенов солай деп отыр, – деді Жұ-мат асықпай сөйлеп.

– Бұларың орынды екен, – деді əкем. – Ал, енді сен өзің де қара жаяу емес едің ғой, басқа жерде болмаса да, осы дас-тархан басында бір-екі əн салсайшы, біз де бір жасап, жыр-ғап қалайық.

Жұмат пен Жанбике сызылтып əн салды. Ой, сағынышты күн дер-ай. Енді қайтып келмейді-ау. Қайран Жұмат, арманда кет кен арысым-ай!..

Сонымен, Пушкин көшесіндегі музыка театрында (кейін ұзақ жыл «Қазақконцерт» сонда болды) өнерпаздарды тың-дау басталды. Елдің барлық түкпірінен ат сабылтып келген-дер жыртылып айырылады. Бір ғана Жамбыл ақын мен Дина күй ші не тұрады десейші. Екеуі де керемет екен. Біліп қой, Жамбылды мен əлі даңқы жер жармай тұрған, елден келген та лант иесі ретінде көріп, тəнті болғанмын.

Өнер өкілдері бірінен соң бірі шығуда. Үздік дегендерді қа зылар мен Жүргеновтің өзі жазып алып жатыр. Бір кез-де сахнаға үстінде үлкен жеңіл шапаны бар Жəкең (Жам-был) қырғыз қалпағын шалқайта киіп шыға келді. Даусы қо ңыраудай, өткір, ашық. Үзіліс кезінде оны Ораз, Кенен,

228

Сəкен, Жүргенов, Бейімбет, Ілияс, Мұхтар, Ахмет, Сəбит, За-таевич, Жұматтар ортаға алып, құрмет көрсетті. Ұлы ақын: «Əттең, осы күн жиырма бес жасымда келмеді-ау», – деп жымыңдайды.

Келесі күні Жамбыл бізді сөзін өзі жазған «Угайым», «Тоқсан бес» деген екі əнімен таныстырып: «Екеуін де сен айтасың, тез үйрен», – деді маған. Қорытынды концерт кү-ні бас жүлде алған Жамбыл, Дина жəне менің əкем Бала-бек жиналыс төрінде отырды, үшеуіне де бірінші дəрежелі дип лом, құрмет грамотасы тапсырылды, дербес пенсия та-ғайын далды.

Осы слетті ұйымдастырған, əрі музыка театрының келе-ше гін ойлаған Темірбек пен Жұмат жар құлақтары жастыққа тимей зыр қағып жүріп, байқауда көзге түскен айрықша дарын иелері – қобызшы, сыбызғышы, сырнайшы, күйші, биші, əншілерді слеттен кейін алып қалуға күш салды. Ғарифолла Құрманғалиев солардың ішіндегі шамшырақ іспетті еді. Жұмат Шанинді кəсіби маман ретінде опера жəне балет театрының да іргетасын қалаушы деуге əбден болады.

Бұл кездер Жұматтың Бейімбеттің «Шұғасын» сахнаға шы ғаруды ойластырып жүрген шағы-тын. Слет аяқталған соң көп ұзамай дайындыққа кірістік. Жұматтың режиссерлік тə сілі қарапайым, қонымды, актерлар мен актрисалардың тез түсініп, қабылдауына ыңғайлы. Жұмат əуелі оларды бір-екі күн қатар отырғызып, пьесаны не өзі оқиды, не бас-қа ға оқытып, тəптіштеп түсіндіреді. Əркімге тапсыратын кейіпкерінің мəтінін жаздырады. Сөйтеді де: «Ал, енді жаз-ған қағаздарыңа қарап отырмай, сөзді бірінен соң бірің іліп əкетіңдер, – дейтін. – Сөздерді жаттап алыңдар, суфлерге сен беңдер. Ол сендер сүрініп-қабынбас үшін шұңқырда бұ-ғып отыратын аңдушы. Екі көздерің суфлерде боп, құлақ та-рың ды түре бермеңдер. Кім қай жерде не айтады, қай жерде іркіледі, дауысты қалай шығарады, құбылтады, айқайлайды, күледі, жылайды – бəрін өзі біліп, өзі шешуі тиіс. Спектакль сонда ғана жұрттың көңілінен шығып, табиғи мəнге ие бола-ды», – дейді

Күнде дайындық, ақ тер, көк тер. 20-25 күннен кейін теа-тр залына дайындықты көру үшін Бейімбет Майлин келді. Бұл кезде артистер өз рольдерін түгелге жуық меңгерген.

229

Жұ мат: «Бейімбеттің алдында қысылып-қымтырылмаңдар, тіпті, оның отырғанын білмеген боп ойнай беріңдер», – деп кеңес берді.

Мен бақсы болып шыққанда Жұмат Бейімбеттің жанын-да отыр екен. Биағаның жүзіне күлкі үйіріліп, масаттанғаны көрініп тұр. Дайындықтан соң Жұматқа: «Пьесаны маған бере тұрыңдар, біраз ұштайын. Əсіресе, анау бақсының ау-зына өтімдірек сөз салайын, бірдеңе жетпейтін секілді, ша-мам жеткенше өткірлейін», – деп шығармасын алып кетті.

Ол күні біздің де арқамыз кеңіп, сыра ішіп, ырғап-жыр-ғап қалдық. Ертеңіне дайындық күндегіден əлдеқайда қы-зу жүрді. Ертелетіп келген Биағаң Шұға роліндегі Кү лəш Байсейітова, Əбіш роліндегі Ибəди Тəуекелов, оны ал мас-тырғыш Қанабек Байсейітовті қайта-қайта тексеріп, ше-бер лікті шыңдауға үйретті. Оған шамданған Жұмат жоқ, қай та жазушыны көтермелеп, дем береді, «мен ескермеген екенмін, мұныңыз орынды» деп жайраң қағады, алғыс біл-ді реді. Биағаңның жас кезінде өз ауылындағы қызыл отауда пьеса қойғанын да сол жолы: «Əй, Жұмат, егініме түсті деп өкпелеме, сендей сайыпқыран болмағанмен, менің де режис-серлігім бар», – дегенінен аңғардық.

– Əй, Бісміллə! – деді Биағаң маған бұрылып. – Бақсы ке ле ді дегенде қарапайым жұрт оның жыны болады деп былай да қорқады, білдің бе? Ауруды қарағанда бақсы халықты алдап, дүние-мүлікті көбірек қарпу үшін барынша құтырады. Шұғаның жанына барып, аузыңнан ақ көбігің бұрқырап зікір салғанда, өтірік сөйлеп, алдайтының сезіліп тұрсын. Айтатын сөздерді қайта жаздым, толықтырдым. Жақсылап таныс, жатта, құйындатып, зуылдатып, жұрт үркетіндей етіп сөйле!

– Құп болады, Биаға! – деймін қол қусырып. – Жаным са дақа!

Дайындық бітіп, «Шұғаны» халыққа көрсететін күн де жет ті. Жұмат бəрімізге жеке-жеке қосымша ақыл-кеңес, нұс-қау береді, пысықтайды. Тектілігінде шек жоқ, сабырлы, бай салды, сенімді.

Ойын басталды. Зал лық толы. Жұрт біресе Шұға мен Əбіш тің мөлдір махаббатына сүйсініп, қуана құптайды, бі-ре се бастарына түскен машақаттан торығып, қайғы-мұң да-

230

ры на налиды, көздеріне жас алады. Міне, айықпас дертке ұшыр аған Шұға төсекте жатыр. Кезек бақсыға жетті. «Жын-дарымды» шақыра жұлқынып шықтым да, қобыз тартып отырған бейбақтың қолынан аспапты жұлып алдым. Көзімді алақ-жұлақ еткізе барып, қабырғаға сүйеулі аса таяқты жер-ге салдыр-гүлдір атып ұрдым. Қайта көтеріп, еденді түйіп-түйіп қалдым. Қобызды жерге бір соғып, аурудың айнала-сында отырғандарды үркіте қуып жібердім. Біресе секіріп, біресе күжірейіп, Шұға болып «ауырып» жатқан Күлəшті екі айналдым. Аса таяқты оқтала сермеп, залда отырғандарға қарай екпіндей жүгірдім. Бар даусыммен «аллаһу-ақ, бəлекті қақ!» – деп зікір саламын. Аузымнан ақ көбік атыла-ды. Қайтадан қос аяқтап қарғып-секіріп, Күлəштің жаны-на бардым. Əлденелерді айтып, аса таяқты жоғары-төмен ұрғылаймын. Күлəшқа көзім түсті. Теріс қарап күліп жа-тыр. Мəн беруге болмайды. Одан сайын екіленіп: «Аллаһу-ақ, бəлекті қақ!» – деп барылдаймын, уілдеймін, секіремін, шыр айналып жүгіремін. Бір сəт дамылдап, залға қарадым. Қыран-топан. Орындарынан тұрып, қайта отырып жатқан адам дар. Маған ежірейіп, үрке қараушылар одан көп. Сарт та сұрт шапалақ. Жұмат мəз-мейрам. Жанбике жеңгем тіпті риза. Биағаның екі езуі екі құлағында. Əттең, не керек, Шұ-ға ны «бақсылықпен» жаза алмадым. Бақиға аттанды.

Ойын бітті. Артистер мен Жұмат, Бейімбет сахнаға шық-ты. Сəкен, Ілияс, Сəбит, Мұхтар, Ғабиттер олардың кезек-кезек қолдарын қысып, құттықтап жатыр. Арынымды ба са алмай, терімді құрғатып, аса таяғымды тауып алғанша «бақ-сы, бақсы!» деген айғай шықты. Аса таяқты көтеріп залға шық қанымда жұрт маған да құрмет білдіріп, дуылдата қол соқты.

Шымылдық жабылды. Жұрт тарап жатыр. Бейімбет Жұ -мат тың қолынан ұстап тұрып: «Бəрекелде, бауырым! Да-ры ныңа бас иемін. «Шұға» бұлай шығады деп ойлаған жоқ едім. Бір бақсының өзі-ақ анау-мынау кем-кетікті жойып жі берді», – деді. Біраздан соң маған да жақып кеп: «Саған үл кен рақмет. Мен де біраз бақсыны білуші ем, бірақ, сен бұ рын-соңды мен көрмеген тосын қимылдар жасап, пьесаға одан сайын жан бітірдің. Залға қарай тап берген тұсыңда бə-рі міздің төбе шашымыз тік тұрып, кəдімгідей шошындық.

231

Əсіресе, жеңешең орындықтың астына кіріп кете жаздады», – деп селк-селк күлді.

– Ал мен сені залдағы халықты айдап шыға ма, қайтеді деп ойладым, – деді Сəкен аға.

– Таңертең біздің үйге кел, Жұмат та келеді, – деді Биағаң қош тасарда.

– Ұмытып жүрме, келістік пе?– Ұмытпаймын, қазір жүр десеңіз де баруға əзірмін, – де-

дім əзілдеп.– Қазір болмайды, – деді біз қалжыңшыл деп ойлайтын

Биағаң бұл əзілімді түсінбегендей. – Дайындық жоқ, жеңгеңнің де осында келгенін көрдің

ғой. Айтпақшы, домбыраңды ала кел. Өз домбыраңмен əн сал ғаның дұрыс. Біздің домбыра саған жарамайтын шығар. «Ағаш аяқ», «Юран-ай»,» Сапар», «Қызыл бидайды» сенен артық айтатын ешкім жоқ қой, соларды тыңдап бір рахат та-на йық. Келмей қалма!

Шақырып отырған Биағаң болса, шалқаятын мен кіммін? Таңертең барсам, Жұмат менен бұрын барып, Биағаң екеуі əңгімелесіп отыр екен. Дастарқан алуан түрлі дəмді тағамға толы. Əне-міне дегенше, исі мұрын жаратын қызыл қуырдақ та келді. Қызыл дейтінім, сол кезде қала қазақтары асқа жап пай томат езіндісін пайдаланатын. Бірінен-бірі көріп, елік тейтін болса керек. «Тамақ жеуің онша емес қой» деген Биа ғаңа Жұмат: «Мынаның құйрығы қайсы, өкпе-бауыры қайсы, ажырата алмай отырғаным»,– деп бəрімізді ду күл-дір ді. Бірер сағаттан кейін дастарқанға əкелген бір табақ еттің көбі білем-білем құйрық екен, Биағаң елеусіз ғана «ал, міне, құйрық та келді, асай бер» деді тағы да Жұматқа қарап.

Осылай əзіл-қалжыңымыз жарасып, түс ауғанша отыр-дық. Биағаңның қалаған əндерін шырқап бердім. Жұмат пен Биағаң ертең Жүргеновке барып, елге гастрольге шығу жө-нін де сөйлесеміз десті. «Шұға» мен «Айман-Шолпанды» апарсақ, ұпайымыз түгел болады деп те қалды.

«Шұғаны» тағы да бір ай қойып, кем-кетігін түзеп ши рат-тық. Халық əр күні көп жиналады, бос орын болмайды.

Бір айдан кейін Қарағандыға аттандық. Бір күн «Шұға», бір күн «Айман-Шолпан» қойылады. Соңынан концерт көрсетеміз. Шахтерлер қаласында қазақ аз емес-ті. Зал бір күн

232

бос болмайды, халық азаю орнына көбейе берді. Құрманбек жасаған Көтібар, Күлəш жасаған Шұға, Айман, Манарбек жасаған Жарас бейнелері жұртқа ерекше ұнады. Күн сайын оларды да, басқаларды да іздеп келеді, қонаққа шақырады. Жұматқа құрмет мүлде бөлек. Сонау Қарқаралыдан іздеп ке-лу шілерде есеп жоқ. «Елге жүріңіз» дейді. Жұмат бара ал-майтынын айтады. «Онда бəріңді алып кетеміз» дейді. «Ол да мүмкін емес, алдын ала белгіленген жерлерге ғана баруы-мыз керек, тəртіпті бұзуға болмайды», – дейді Жұмат.

Қазақша, орысша газеттерде біз туралы күнде жазылады. «Шұғаны» жазған Бейімбет Майлин, «Айман-Шолпанды» жазған Мұхтар Əуезов, оларды сахналаған режиссер Жұмат Шаниндерге алғыс айтады. Құрманбек Жандарбековті көбі-рек дəріптейді. Оның артистігі де, дарыны да ғажап болатын. Əйе лі Шараның шыққан тегін ескеріп, екінің бірі «күйеу ба-ла» дейді. Жас қыз-келіншектер «жезде» дейді.

Гастрольдік сапар сəтті өтті. Театрға қыруар қаржы түс ті. Артистердің де қалталары томпайып, шала байыды-ау дей-мін. Бірақ, сол жолы Жұмат Шаниннің бір тиын алмағаны есім де. Қолы таза болатын, ақшаға қызықпайтын, аз ба, көп пе, жалақым бар, сол жетеді дейтін.

Келер жылы қырғыз ағайындарға бардық. «Шұғаны» олар да жылы қабылдады. Құрмет те, табыс та жеткілікті болды.

1937 жылдың лаңы басталып, Жүргеновтен бастап, Биа-ғаң да, Жұмат та атылды. Олармен бірге «Шұға» да құрдымға кетті. Біржола ұмытылды. Сондай пьеса болған еді деп атауға да қорқатын кез келді.

Солайша жолы кесілген «Шұғаны» қайта тірілтуге (онда да пьеса емес, повесть ретінде) Биағаң, Жұмат т.б. ақталған соң қол жетті. Осы күнде театрлардың «Шұғаны» неге қой-май тынын білмеймін. Ол деген кез-келген театрдың реперту-арын байытып, гүлдентіп жіберетін шығарма емес пе? Тиісті орындар мен мамандар осыны ескерсе қайтеді?

Міне, қазақтың халық əндері мен күйлерін жинап, екі рет кітап етіп шығарған аса құрметті Александр Затаевич-ке қазақтың небір інжу-маржан əндерін жаздырған, халық таланттарының тұңғыш слетінде жүлдегер атанған əйгілі əнші Балабектің ұлы, еңбек сіңірген артист, ол да əнші əрі актер Бісміллə Балабеков марқұм Бейімбеттің (өзі бастан-

233

аяқ қатысып, риза болған) «Шұға» пьесасының тұңғыш сахналанғаны жайлы əңгімесін осылай тамамдап еді. 1960 жылдардың соңына қарай «Мəдениет жəне тұрмыс» жур-налына келген орта бойлы, мығым денелі қартаң адам: «Танысып қояйық, – деді маған қолын ұсынып. – Сенің орындауыңдағы «Айнамкөз», «Бурылтай» əндерін радио-дан тыңдап жүремін, нақышымен айтасың», – деді салған жерден. Ол – жоғарыда əңгімелеген Бісміллə Балабеков еді. Зейнеткер, ұмыт қалғандай күй кешіп, жабырқап жүреді екен. Іргедегі Мəдениет мнистрлігіне ертіп барып, ми-нистр Ілияс Омаровтың қабылдауына жаздырдым. Министр жылы қабылдап, 70 сом мөлшерінде көмек бергізіпті. Бұл жайлы білетін көзі тірі куəлер қазір де баршылық. Мəселе онда емес. Алматыға жақын Жандосов совхозында тұратын өнерпазбен кейін де ұшырасып жүрдік. Кезінде елге таны-мал боп, қазақ өнеріне бір кісідей еңбегі сіңген əкелі-балалы хас өнерпаздардың арттарында қалған мұрасын жинақтап, кəдеге асырса, тіпті де артық болмас еді. Павлодар өңірінде туып-өскен Балабек пен Бісміллəдай өнер саңлақтары жай-лы сол аймақтағы көкірегі ояу, көзі ашық азаматтар да қозғау салса, нұр үстіне нұр болмақ.

СОЛ КҮНДЕРДЕнемесе

олар Арал үшін алысты

Өткен ғасырдың 30-40 жылдарында Кеңестік ғылымға жан-тəнімен қызмет етіп, аттары əлемге жайылған аса көр нек ті екі ғалым болды. Олар ағайынды Вавиловтар еді. Бірі – Сталиндік репрессияның құрбаны, бірі – КСРО Ғылым Академиясының президенті. Халық жауы (атан-ған) Вавиловтың «кінəсі» генетика саласында ашқан жа ңа-лықтарын қызғыштай қорғап, ымыраға келмегені. Сондық-тан да, жаулары үстінен қайта-қайта арыз жазып, ақыры тү бі не жетіп тынды. Вавиловтың жетістіктерін теріске шы-ға рып, өз дегенін дəлелдеп баққан Лысенко Сталиннің ша-па ғатына бөленді, жоғары атақ-абыройға жетті, бағы жан-ды. Ол өзін (жау атанған) Вавиловтың шəкіртімін дейтін. Ұс тазының орнын тартып алған бойда өзгеріп шыға келді.

234

Ста лин өлген соң əсіреқызыл, мансапқор екені əшкереленіп, із -түзсіз жоғалды.

Ағайынды Вавиловтардың екіншісі – КСРО Ғылым Ака-де миясының президенті боп, ғылымға мол үлес қосты, абы-рой биігінен көрінді. Бірінші Вавилов та ақталып, əділдік қал пына келді. Ағайынды Вавиловтардың есімі ресейлік ғы-лым тарихында алтын əріптермен жазулы.

Төменде баяндағалы отырған оқиға да, дəл солардай болмағанмен, базбір ұқсастық жақтары жоқ еместей. Əңгі ме Хрущевтің өктемдігіне көнбей, өз ұстанымдарынан қайт па-ған Өзбекстан жетекшісі Усман Юсупов пен оның сенімді се рі гі – оң қолы, Хрущевке ашық түрде қарсы шыққан одақ-тық мнистрліктің басқарма бастығы, қазақ ғалымы Мұрат Бə кірұлы Майлыбаев жайында.

Бұл хақында: – Біз Мұрат ағамен жай жерлес емес, бір ау-ылда туып, бір өзеннің суын ішкен тату-тəтті ағайын іспетті адамдар едік, – деп еске алады Ресей Ғылым академиясының мүше-корреспонденті, профессор, байырғы гидротехник-ме ли оратор, қазір де мамандығы бойынша еңбек ететін Абай Тұрсынов. – Өмірге келгеніне жүз жылдан асты. Рама-дан тайпасынан тарайтын Мұрат ағаның ата-ана, ағайын-туыс тары Ташкент айналасындағы біздің ата-бабаларымыз мекендейтін Қауыншы аймағында ғұмыр кешті. Біздің оны-мен қаншалықты жақын, бауырласып кеткеніміз алда ай-ты латындардан аңғарылар деп ойлаймын. Бұл жолы уақы-тын да ашып айтуға ешкімнің (менің де) батылы жетпеген ақи қаттың бетін ашып байқайық. Бастан небір қияметтер өтті ғой. Мұрат Бəкірұлының қалай аман қалғанына осы күн ге дейін таңқаламын.

Өзбекстанның Жаңажол ауданында туып-өскен Мұрат Бə-кір ұлы ес білгеннен мақта өсірудің жай-күйін зерделеп, сол са лада көптеген жаңалық ашып, жиырма бес жасында Ауыл ша руашылық ғылымының кандидаты атанды. Отызында ор да бұзды. Орда бұзбай не, 1940 жылдардың соңында сол кез дегі КСРО Ауыл шаруашылығы министрлігінде бас ма-ман, одан жаңадан құрылған КСРО Мақта шаруашылығы ми нистрлігінің Оңтүстік-Батыс өндірістік басқармасының бас тығы болса. Аталмыш министрлік тараған соң, қайтадан бұ рынғы қызметіне барды (КСРО АШ министрлігі).

235

Мұрат Бəкірұлы мақтадан табиғи жолмен жоғары өнім өн діретін технология авторларының бірі еді. Олар ұсынған тə сілмен қосымша игерілген тың жерлерден соғысқа дейін-ақ əр гектардан 100 центнерден, қандырып суғаруға (субир-ри гация) мүмкіндік аз алқаптардан 55 центнер сүйрік тал-шық ты мақта жиналды. Есесіне, жердің құнары сақталып, то пырақ тозбады, жер асты суларының деңгейі көтерілмеді, егіс тік сорланбады. Бұл мақта өсірудің залалсыз, тиімді үл гісі-тін. Бірақ, Хрущевтің тұсында мақта өндірудің жа-ңа тəсілін таптық деп даурыққан əпербақандардың қыр сы-ғынан бəрінің күлі көкке ұшты. Амудария мен Сырда рия дан мөлшерсіз бұрылған сулардың тоқсан пайызы жер ас ты-на кетіп, суармалы жерлер түгелге жуық жарамсыздан ды, мақта алқаптарын сор басып, көлдете суардық дегеннің өзін де əр гектардан алынған өнім 10-15 центнерден аспады (əлі сол төңіректе). Бұл нағыз қасырет, Мұрат Бəкірұлының сөзімен айтқанда, Арал апатының бастауы еді. Жөн-жобаны түсіндіріп, құдайлығын айтқандар жау атанды, қуғын-сүр-гінге ұшырады. Əлдекімдердің уағызына елтіп, өз беті нен қайтпаған Хрущев мақта өсірудің ғылыми негізде алда-қашан дəлелденген, əрі ғасырлар бойы жинақталған тəсіл-де рін басшылыққа алайық дегендерге тісін қайрап, дүмшеге ба лады, ал, өздерінше “жаңалық” тапқандарды білгір санап, қолдап-қуаттады. Бірақ, бəрібір бір топ адам қатты қар сы-лас ты. КСРО Мақта шаруашылығы министрі Усман Юсупов бастаған маман-ғалымдар пікірлерін Хрущевке ашық айтты. Бір емес, бірнеше рет өз ұстанымдарын дəлелдеуге күш сал-ды. Хрущев көнбеді. Усман Юсуповтан құтылғысы келді. Көз алдау үшін министрлік қызметтен Өзбекстан Компартия сы Орталық комитетіне бірінші секретарь етіп жіберген Ус ман Юсупов ұзамай одан да қуылып, шөлейт аймақтағы сов хоз-дардың біріне директор боп төмендетілді. Көрдіңіз бе, Одақ-тық министр, Республика басшысы... совхоз директоры (бұ-ған алда егжей-тегжей тоқталамыз).

Усман Юсуповтың оң қолы, сенімді серігі, мақта өсірудің қа лыптасқан тəртібін бұзғандарға қарсы топтың жетекшісі, Ташкентте өткен пленумда Хрущевке қатты-қатты сөздер айт қан Мұрат Майлыбаев та барлық атақ-марапаттан айыры-лып, партиядан шығарылды. Бас сауғалап Алматыға келді.

236

Оның туған құдасы, менің немере ағам, Өзбекстанның сол кез дегі Ауыл шаруашылық министрі, биология ғылымының док торы, профессор Ештай Өзенбаев «өз еркімен» қызметтен бо сағанмен, ол да Қазақстанға ауысуға мəжбүр болды. Ен ді осыларды ретімен баяндап, су шаруашылығы маманы ре тін-де өзім білетін (дəлсіздіктер болса, оны басқалардың түзе-туі не қарсылық жоқ) деректерге ден қояйық.

Болашақ ғалым-агроном, алдымен Өзбекстанда, онан соң Мəскеуде жоғары лауазымды қызметтер атқарған Мұрат Май лыбаев Ташкенттің іргесіндегі Рамадан махалласында дү ниеге келді. Халқының тоқсан пайызы қазақ Жаңажол ау-даны (əрі қала) Қазан төңкерісіне дейін патшалық Ресейдің мақта шаруашылығымен айналысатын ірі өндіріс орталығы-тын. Мұнда ХІХ ғасырдың соңында Орта Азиядағы мақта тазалайтын, (мақта шитінен) май жасайтын, қант өндіретін заводтар жұмыс істеді. Оларды электр қуатымен жабдықтау үшін қала ішімен ағатын Күркілдек өзенінен (күні бүгінге дейін жұмыс істейтін) электр станциясы салынды.

Біздің (Шанышқылы тайпасына жататын) ата-бабалары-мыз мұнда ХҮІ-ХҮІІ ғасырларда қоныстанып, кейін Мұ-рат тың ата-бабаларын қанаттарының астына алған екен. Мал өсіріп, егін салған. Ташкент ол кезде Орта Азия мен Қазақстанның оңтүстік өңіріндегі аса ірі сауда жəне өнді-ріс орталығы болған. 1864 жылы орыстар Ташкентті ба ғын-дырып, Ресейге қосқан соң құрылған Орыс-Австрия-Түзем-дік акционерлік компания жергілікті тұрғындарды мақта план тациясын кеңейтуге жұмылдырады. Жоғарыда аталған заводтар мен су электр станциясы салынады. Сондықтан, Ор та Азия, оның ішінде Ташкент уəлəятын артта қалған, ме шеу аймақ еді деуге болмайды, феодальдық құрылыстан бір шама алыстаған капитализм үлгісіндегі елдімекен-тін. Тұрғындар анау айтқандай қараңғы, сауатсыз емес-ті. Ме нің анамның ұлы атасы Қожамқұл секілді алпауыт байлар бала-ларын Париж, Берлин, Петербургте оқытты. Сол Қожам құл-дың бір баласы Омар (Жамал əнші-бөлемнің əкесі) Берлинде жоғары техникалық білім алса, тағы бір ұлы Нəшір (Қазан төңкерісіне дейін) Петербургте оқыды.

Жаңажол қаласындағы қызметкерлер мен жұмысшылар, баз бір диқандардың үйлеріне электр жарығы “Ильич ша-

237

мы” деген атау пайда болардан көп бұрын келген-ді. Қа-зақ ауылдарында мұсылман мектептерімен бірге, орыс-қа зақ мектептері ашылып, оларда жəне бірыңғай қазақ мек тептерінде Ыбырай Алтынсариннің əдістемесі, Ахмет Бай тұрсынов, Жұмабай Күдерин, Хұсайын Ибрагимов, бас-қа да қазақ ағартушыларының оқулықтары бойынша дə ріс жүргізілді. Солардың бірі – Жамал Омарованың неме ре ағасы, Петербургтегі педагогикалық институтты 1916 жы-лы бітірген Нəшір Қожамқұлов ашқан қазақ гимназия-сын бітіргендер арасынан кейін халыққа танымал адамдар шығып, бəрі де елге қызмет етті. (Бірыңғай орыс мектептері революциядан кейін пайда болды).

Осындай ортада туған диқандар əулетінен шыққан бо-лашақ ғалым-агроном Мұрат Майлыбаев мақта өсірудің қы зығы мен шыжығына бала жастан қанығып, барлығын көзі мен көріп, жердің құнарлылығын қалай сақтау керегін қа пы сыз біліп, сезініп өсті. Ол орыс-қазақ мектебінің түлегі-тін (кейін гимназияға ауысты). Орысша сауатты, еркін оқып, жа зып, сөйлейтіні үшін “молда бала” атанды.

Жамал Омарованың (1937 жылы халық жауы боп, ре пре-ссияға іліккен) əкесі Омар Алашорда партиясының оңтүс тік-тегі өкілі ретінде Ахмет Байтұрсыновпен тығыз қарым-қа-ты нас жасады. Ахмет Байтұрсыновтың кеңесімен Ташкент ай наласында ағарту жұмыстары кең дамыды (əсіресе 20-30 жылдарға дейін). Ұзамай Ташкент қазақтары қанда бар жай басарлық салдарынан өкінішке ұшырады: Түркістан рес публикасы тарап, оған қарайтын республикалар бөлініп кетті. 1924 жылы Ташкент қаласы Өзбек КСР-нің қарауына өтіп, астанаға айналды (өзбектердің астанасы оған дейін Са -марқан еді, Ташкент бейтарап қала болатын). Ендігі жерде қазақ жастары жаппай Ташкенттегі институттар мен ма ман-дандырылған техникумдарда білім алуға ұмтылды. Мұ рат Майлыбаев 1926 жылы Орта Азия мемлекеттік уни вер си-тетін (əйгілі САГУ) тамамдаған соң, Орта Азия мақта ша-руа шылығы (СоюзНИХИ) институтында жұмыс істеді. 1933 жы лы Мақтаарал тəжірибе станциясына ауысты.

Міне, осы жылдарда (1933-1939) Мұрат Майлыбаев аса қу ат ты ғылыми-зерттеу тобын құрып, оның құрамында кейін-нен биология ғылымдарының докторы, профессор, Қа зақ КСР

238

Ғылым Академиясының мүше-корреспонденті, менің немере ағам, Мұраттың құдасы Ештай Өзенбаев, аталмыш тə жі рибе станциясы негізінде құрылған Мақтаарал сов хоз-тех ни ку мы-ның директоры, САГУ-ді бітірген ғалым-профессор Бəкір Əлі-баев, Жаңажол мақта заводының бұ рын ғы жұмысшысы, кейін Өз бек стан компартиясы ОК-нің бірінші секретары болып, КСРО мақта шаруашылығы ми нистрі лауазымын атқарған, əлгіде аталған үш қазақ ға лы мын барынша қолдаған, мақта өсірудің тəсілін жеті атадан бері жақсы білетін, ұлты өзбек, бірақ, қазақтың тілі мен салт-дəстүріне жетік Усман Юсупов-тар болды. Аталмыш топ мү ше ле рі нің ұзақ жылдық табанды еңбегі арқасында қан дай табыстарға жеткенін сөз басында да шамалап айт тық. Олар жасаған технология жетістіктері күллі Орта Азия мен Қа зақ стан да басшылыққа алынып, су-армалы жерге еккен мақ талық алқаптың əр гектарынан 100, суы аз жерлердің əр гектарынан 55 центнерден өнім алынушы еді (дедік). (Ке йін гі ұзақ жылдар ішінде 20 центнердің өзі зор жетістік деп санала тын болды). Мұрат Майлыбаев бас қар ған топ мү ше ле рі нің тех нологиясы бойынша мақта жəне басқа да қыл дар егіл ген ал қап тар дың əр гектарына жұм са ла тын су мөл ше рі 3,5 мың м3 болса, кейін «жаңашыл» ай қай шы лар дың ар қа сын да 16,5 мың м3 болды (Арал қасіреті қалай бас тал ға-ны на назар сап, есте ұстайтын тұс осы).

Əлбетте, ертеден келе жатқан мыңдаған жылдық тəжіри-бе ге сүйеніп жасалған ғылыми-технологиялық ұстаным қа -таң сақталуы керек-ақ еді. Онда диқандар мақтамен бірге, бас қа дақылдарды да дүркірете өсіріп, асып-төгілген мал азығы, көл-көсір жем-шөп, жібек құртын өсіруге қажет тұт аға шы, құс шаруашылығы, ежелгі қолөнерді дамыту істері сəт ті жалғаса берер еді. Мақта плантациясына далиған ал-қап тың керегі болмай, жан-жағын тұт, басқа да ағаштар қор-ша ған шағын алқаптар жетіп артылар еді. Жəне ол “түнгі су-ару ға” қолайлы боп, жыл сайын тұрақты түрде жоғары өнім алу ға қол жетер еді. Бірақ...

Жергілікті ғалымдардың ата салт негізіндегі ұсыныстары Мəскеу мен ондағы мүйізі қарағайдай мелиораторларға ұна-мады. Ұнамақ түгіл, тұс-тұстан өре шапты. Лысенко “идея-сы мен” уланған кежірлер мақта плантациясынан механиза-ция ны кең қолдану тəсілімен суару арқылы бұрын-соңды

239

бол маған ас та төк өнім аламыз деп өршелене түсті. Ол деген бұған дейінгі мақта өсіру дағдысын түбірімен жойып, ұлан-ғайыр алқапқа техниканы қаптатып жіберу деген сөз бола-тын.

Бұл жөнінде ол кезде КСРО мақта шаруашылығы министрі боп істейтін Усман Юсуповпен жеке əң гі ме лес ке-нім бар. Мен Жаңажол қаласындағы орыс орта мектебін ме-дальмен бітіріп, Өзбекстан Комсомолы орталық ко ми те ті нің жолдамасымен Бауман атындағы жоғары техникалық учили-щеге түсу үшін Мəскеуге барған едім. Жолға шығар алдында ағайын дардың жасы үлкен ақсақалы, 1914 жылдан компар-тия мүшесі, Жаңажол қаласындағы кедейлер одағының бас-шы сы, жоғарыда аталған Акционерлік компанияға қа рас ты за водтар мен жер телімдеріне иелік еткен Оңғарбай бабам-нан бата алдым. Оңғарбай бабам сол кездегі өрімдей жас жі гіт Усман-аканың (оны күллі Өзбекстан солай атаған) жа-нашыр-ұстазы болатын. Қарт большевик Мəскеудегі шəкір ті-не мен арқылы сəлемхат жолдамақ боп, оны ежелгі түрік ғұр-пы бойынша өлеңмен жазды. Мен бастан-аяқ жаттап алып, Усман-акаға үш қайтара ауызша оқып берген соң, ұмы ту ға тиіс болдым.

Одақтық министрдің қабылдауына күздің ортасында бар-дым. Жұмыс мерзімі əлдеқашан аяқталғандықтан, Усман-ака кабинетінде бір өзі отыр екен. Оның мені ет жүрегі елжіреп, ашық-жарқын қабылдағаны сонша, өз-өзімді ұстай алмай, ең кілдеп жылап жібердім. Қайтейін, аңғалдығымның сал -дары нан басыма түскен қиындық та жоқ емес-ті. Өзімізге аян дəстүрге сай, ол мені алдымен жуынып-шайындырды, ар-наулы бөлмедегі дастарқанға шақырып, палауға тойдырды, шай ішкізді. Онан соң барып шаруамды айтуға рұқсат етті.

Оңғарбай бабамның тапсыруы бойынша, ол жазған өлеңді өзінің мақамына салып, бет құбылысымды өзгерте тұрып, нық тап-нықтап үш қайтара оқыдым. Қатты əсер етсе керек, Ус ман-ака басын төмен салып, көпке дейін үнсіз отырды. Менің аспай-саспай, тақылдап сөйлегеніме таңданса да ке-рек. Кейін ол өлеңді ұмыттым, əрине. Бірақ, жалпы мазмұны жадымда. Оңғарбай бабам өз шəкіртіне Одақтағы Еуропалық ай мақтың оңтүстігінде мақта өсіру тиімсіз, тіпті, зиян дей ке ліп, Усман-акадан бұл жұмысты тастап, Өзбекстанға ора-

240

лу ды талап еткен-ді. Мақтаны “шаршылап-ұялау əдісімен өсі ру” деген нəрсе төніп келеді, соның алдын алу сенен басқаның қолынан келмейді деп нығарлаған.

Усман-ака хат мазмұны мен таусыла сөйлеген Оңғарбай бабамның ашулы талабын маған ұзақ түсіндірді. Шамасы, жан дүниесін қозғап жіберсе керек, туған жерді аңсап, қатты сағынып жүргенін де жасырған жоқ. Жалшылықпен өткен жас тық шағын еске алды, (əкемнің əкесі) Тұрсын атам, əкем Əбдірахман, Торқыс ауылының басқа да үлкен-кішілері жай-лы жылы-жылы сөздер айтты. (Қазақша таза сөйлеуші еді де дім ғой, əйтпесе, Оңғарбай атам оған хатты өлеңмен жаза ма?).

Айтқандай, мен ойда жоқта басыма түскен қиындықтан бір ауыз сөзбен құтқарып, басқа оқу орны – Мəскеудің су ша ру ашылығы институтына түсуіме кеңес берді. “Ей, інім, се нің үрім-бұтағыңның бəрі мұрап болған, енді сен де ға-лым-мұрап боласың”,– деп арқамнан қақты. Одан бері 66 жыл дан астам уақыт өтті. Аса қадірлі Усман-аканың өсиетін қалт қысыз орындап келемін деп ойлаймын өзімше.

Оңғарбай бабамның сəлем хатында айтылған мақтаны “шар шылап-ұялау əдісімен” өсіру науқаны билік басына Н.С.Хрущев келген соң зор қарқынмен белең алып, кең түр де насихатталуға көшті. Кеңестік мелиораторлар мақта ша руа-шылығын жаппай “механикаландыру жəне автоматтанды ру” идеяларын əпербақан Хрущевтің миына құйып бақты. Ол туралы күллі басылымдар (одақтық газет-журнал) күн құр-ғат пай жазып, айтулы жиын (пленум, съезд), форумдарда көл-көсір табыс көзі деп аспандатты. Жəне (уақытша) мол өнім алушылардың аты-жөндері дəріптеліп, орден, медаль-дар мен марапатталды, кеуделеріне Алтын жұлдыз тақты, съез дерге делегат болды, шетелдерге барды. Бүкілодақтық Ауыл шаруашылық көрмелерде əздектелді. Толып жатқан ас-қақ əн, ода шығарылды. Не керек, насихаттың аты наси хат, мақтаны “шаршылап ұялау əдісімен” өсіру (егу), жаң быр ла-тып суарудың “ғажаптығы” тез арада халықтың санасына сі-ңіп те үлгерді. Алайда...

Егіс көлемін соншалық далитпастан, шағын алқаптарды ұтым ды пайдалану арқылы мол өнім алуға болатын ғасыр-лар бойы жинақталған тəжірибенің бір-ақ сəтте жоққа шы-

241

ға рылуына бұл саланың кейбір мамандары келісе алмады. Алдымен Хрущевтің өзі КСРО Мақта шаруашылығы ми-нистрі еткен қадірменді Усман Юсупов оған (Хрущевке) там-тұмдап айтып жүрді. Мұны партия саясатына қарсылық жəне ғылым мен техниканың жетістігін бағаламау, түсінбеу, көне көзқарастан айнымау, кертартпа-кещелік, мақта шикі-за тын əдеттегіден жүздеген есе көп өндіруге қастандық деп қа былдаған Хрущев ұзамай аталмыш министрлікті таратып, Усман Юсуповты еліне қайтарды. Бірден қатты кетпей, Өз-бек стан Компартиясы Орталық комитетіне бірінші секретарь етіп жіберді (партия саясатын қолдап, айтқанымыздан шық-пай сың деп, əрине).

Көп кешікпей Өзбекстан Орталық партия комитетінің бү кіл елді шулатқан əйгілі Пленумы болып, оған Хрущев қатысты. Оның түпкі мақсаты Пленум мүшелеріне “шар-шы лап-ұялау əдісін” шегелеп түсіндіріп, партия саясатының дұ рыстығына бүкіл жұрттың көзін жеткізу еді. Сондай-ақ, өзін жақтайтындар мен еңбекте үздік шыққандарды мақ тап-марапаттау да ниеті бар-тын (марапатқа лайық жам поз дар неге аз болсын, үш мəрте Еңбек Ері Хамрақұл Тұр сын құ-ловтай қасқалар жететін). Бірақ, Хрущев осы жолы өңі түгіл, түсіне кірмеген қарсылыққа тап болды. Ұзын-ырғасы былай.

Усман Юсупов бастаған мақта өсірудің майын ішкен бір топ агроном-ғалымдар мен ақ жолдан аттамаған кейбір аты-шулы диқандар “шаршылап-ұялау əдісінің”, басқаны айт па -ғанда, орны толмас сүргінге ұшырататынын алдын-ала біл ді (дедік қой). Усман Юсупов əсіресе Мəскеуде министр боп тұрғанда өз қарауында Басқарма бастығы, əрі коллегия мү-ше сі боп істеген Мұрат Майлыбаевпен оңашада қауіптің қа-лай алдын алу керектігі жөнінде жиі сөйлесетін. “Бұл апат, ди қан дардың тілімен айтқанда, топан су, – дейтін Усман Юсу пов Мұрат Майлыбаевқа. – Мен шамам жеткенше жол бер меуге тырысамын. Сен де солайсың, білемін. Өзбекстанда біз ді қолдайтындар жеткілікті. Əй, бірақ, Хрущевтің бет алы сы жаман, топан су күндердің күнінде өзімізді шайып кет песе неғылсын”.

Шынында да, Өзбекстанда мақтаны “шаршылап-ұялау əді сі мен” өсірудің зияндылығын ұғып, қиналып жүретіндер аз болмайтын. Жəне біразы қазақтан шыққан ғалымдар-тын.

242

Сонымен, Пленум басталсын. Сөз Хрущевке берілді. Түлкі бұлаңға жетік пақыр сөзіне анекдот араластырып, əл-декім дерді мақтап, əлдекімдерге көпшік қойып, ең соңында “шаршылап-ұялау əдісін” екі езуі көпіре дəріптеді. “Комму-низ мге жету үшін бұл төте жол, ғылымның үздік табысы, бірақ, арамызда бізді түсінбейтін, қолдамайтын жолдастар бар. Олар бұдан былай партия саясатына қарсы келмес деп ой лай мын”,– дегенді де қосып қойды. Онан соң бір топ “үз-діктердің” есімін атап, марапаттау жөніндегі жарлықты оқы-ды. Арасында Усман Юсупов мен Мұрат Майлыбаев та бар бо лып шықты. Бұл нағыз басынғандық, оларды өз жағына қа ратудың қитұрқы амалы еді.

Пленум жүріп жатыр. Хрущев сөйлеп тұр. Қайта-қайта ду қол шапалақтау. Айтарын айтып тауысуға айналды. Усман Юсупов пен Мұрат Майлыбаевтың атына да жылы лебіз біл-дірді. Енді кезек – еңбекте үздік шыққан ерендердің аты-жөн-дерін атап, трибунаға шақыру...

Осы кезде Усман Юсупов Мəскеуден кеткен соң да КСРО Ауыл шаруашылығы министрлігінде жоғары лауазымды қыз мет істейтін Мұрат Майлыбаев ұшып тұрып:

– Құрметті Никита Сергеевич! Жақсы сөздеріңіз үшін рақ-мет, бірақ, мен сізбен келіспеймін,– деді Хрущевке тіке қа рап.

– Мұнда “шаршылап-ұялау əдісіне” қарсы менен басқалар да бар. Бізге сөз беріңіз!

Хрущев абдырап қалғандай болды. Парт бола ісініп, ашуы мұрнының ұшына шықты.

– Бұл қалай?! – деп Усман Юсуповке бұрыла беріп еді, ол да асып-саспастан: – Сізге талай айттым. “Шаршылап-ұя лау əді сі нен” тартар зиян алда. Мен Майлыбаев жолдас ты қол дай-мын. Біз көзқарасы бір адамдармыз. Мақта өсіру ді еш кім нен ар тық болмаса, кем білмейміз. Рақым етіп, өзге лер дің пі кі рі-мен санассаңыз екен. Бұл сізге де, партия саяса ты на да қар сы-лық емес, құрметті Никита Сергеевич! – деді өңі тү ті гің кі реп.

Хрущев одан сайын жынданды. Пленумнан мəн кетті. Зал сіл тідей тынған. Хрущев “жарты сағат үзіліс!” – деп қарқ ет-ті. Қорқыныш, үрей. Пленум қайта жалғасты. Хрущев ашу -лы. Оны қолдаушылар табылды. Хрущев қорытынды сө-зін де: “Солай жолдастар. Осылай боларын білгенбіз. Кері бұратындарға кеңшілік жасамақ едік, амал қанша, болмады.

243

Партия жаңылмайды. Артқа шегінбейміз. Бұған дейін де, бұдан кейін де тек қана ғылым мен техниканың жетістіктеріне сай жұмыс істейміз! – деп дүрдиді. (Қол шапалақтау).

Пленум соңында ұйымдастыру мəселесі қаралды. Усман Юсу пов орнынан алынып, алыс аймақтағы совхозға дирек-тор боп баратыны айтылды. Мұрат Майлыбаевтың аты да атал мады. Тек партиядан шығарылып, жұмыстан қуылатыны хабарланды (“дəудің арты диірмен тартады” деген рас екен).

Осылай боларын Мұрат Майлыбаев та білген-ді. Халық жауы ма, басқа ма, əйтеуір, жақсы болмасы анық еді. Бірақ, ол тайсалмады, жалпылдап жан сақтау қаперіне де кірген жоқ. Себебі, өз білігінің дұрыстығына сенімі кəміл еді, одан айнуға ар-ұят, ожданы жібермеді. Сондықтан да тайсал мад ы, тартынбады, айтқан сөздері қаперге алынбасын біле тұ ра бүкіл қауымға жеткізді. Хрущевтің жылымшы сөзіне елік-педі, берем деген Қызыл Ту орденінен бас тартты. Қорық-пай тын адам жоқ, ал ол қорықпады (өз сөзі).

Жоғарыда айтқанымыздай, сол бір “қарғыс атқан” пле нум-ға “шаршылап-ұялау əдісін” қолдамақ түгіл, оны естуге жү-ректері дауаламайтын Усман Юсупов пен Мұрат Майлыбаев-тан басқа да жүрегінің түгі бар азаматтар қатысқан-ды. Бірі – Өзбекстанның сол кездегі Ауыл шаруашылық министрі, ме нің немере ағам, биология ғылымдарының докторы, про-фессор Ештай Өзенбаев-тын. Сол жолы репрессияға ұшы-рай тынына көзі жеткен ол да арызын жазып, қызметтен бо-сады да, ғылыми-зерттеу институтына жылжыды. Бірақ, он да тұрақтай алмай, амалсыз Алматыға қоныс аударды. КСРО Ауыл шаруашылық министрлігіндегі жоғары лауазым ды қызметінен айрылып, партиядан шығарылған Мұрат Май лы-баев та Алматыда аса үлкен болмаса да, шайлығына жетер-лік жұмысқа орналасып, адал қызмет етті.

Жалпы, мақтаны “шаршылап-ұялау əдісімен” өсіруді қол-да мағандардың дені қазақтар еді. Өзбек Усман Юсуповтан соң ғы қазақ Мұрат Майлыбаев, Ештай Өзенбаевтан кейін сол жөнсіздікке батыл қарсы шыққандардың төртіншісі – ол да менің туысым – белгілі ғалым, Орта Азия Мемлекеттік университетінің түлегі, Мақтаарал совхоз-техникумынның директоры, профессор Бəкір Əлібаев болатын. Аталған пле-нум шақырылғанға дейін өзі басқаратын одаққа мəлім аты-

244

шу лы шаруашылықта мақтаны жаңбырлатып суарудан бас тарт қан Бəкір де аяусыз жазаланды, қызметтен қуылып, пар тия қатарынан аласталды. Ауыртпалықты көтере алмай, қайғылы қазаға ұшырады. Артында əйелі, үш баласы қалды.

“Шаршылап-ұялау əдісін” қолдамағандар сазайын тар-тып, мақтаны жаңбырлатып суарудан бас тартқандар тал-қан далған соң, “жаңашыл” мелиораторларға кең жол ашы-лып, ойларына келгенін істеді: мақта өсірудің (егу) бай ыр ғы тəсілдері жойылды, бос жатқан алқаптар “тың иге ру” де-ген сылтаумен жыртылып, қым-қуыт атыздар қа зыл ды, диқандардың оларды суға қандыру мүмкін емес деп зар қақ-қанына ешкім құлақ аспады. Суландыру жүйесі толық тай бұзылды. Сырдария мен Амударияның сулары толассыз жер астына кетіп жатты. Топырақ сорланып, мақта өсіру қиын-да ды. Бəрінен сорақысы, Арал тартыла бастады. Арал теңізі құ рыды деп дабыл қағу кейін пайда болды ғой. Себебін бі-реу біліп, біреу білмейді. Ал, оның бірден-бір себебі, алыс ты болжауға шамасы жоқ, əлжуаз, жағымпаз, ұраншыл, нау қан-шыл топас мелиораторлардың мақталық алқап көлемін шек-тен тыс ұлғайтып, “шаршылап-ұялау əдісімен” өсіруді іске асырғаны еді. Жаңбырлатып суару деген кесапаттан да қан-ша ма су ысырап болғаны бір Құдайға аян.

Ленинградтағы политехникалық институтта сабақ беретін мен өткен ғасырдағы 50-ші жылдардың ортасында командир-ов камен Ташкентке бардым. Ештай Өзенбаевтың үйінде Ал-ма тыдан келген Мұрат Майлыбаевпен жолықтым (олар ба-уыздау құда еді). Дастарқан басында екеуі де томсырайып, көңілсіз отырды. Таяуда өткен пленумнан соңғы жай-түй бел гілі. Олар маған (орталықтың адамы деп қарағандықтан) өкпе-наз білдірді, тіпті, кеңестік “жаңашыл” мамандардың қа та рына қосып, “сендер ештеңе білмейсіңдер” дегенге дей-ін барды. Ал мен “шаршылап-ұялау əдісіне” о бастан қарсы бол ғанымды əрең ұғындырдым. Екеуінің онан соң ғана өң-де рі жылып: “Енді көресің, тағы бір он шақты жылдан кейін табиғаттың тепе-теңдігі бұзылғандықтан, Арал теңізі суа-лып, құрдымға кетеді», – деп мұңайды.

Арал теңізінің болашақ қайғылы тағдыры хақында əлі еш -кім ештеңе білмейтін кездегі олардың бұл болжамдарын кө ре-ген дік десе де болғандай еді. Ақыры айтқандары айдай ке ліп,

245

Өзбекстандағы қыруар егістік алқап дақыл өсіруге жа ра май қалды. Қарақалпақстандағы сор басқан алқаптардың мүш кіл күйінен қаншама халық əлі күнге қиындық көруде. Арал дың халі анау. Оны құтқару, қалпына келтіру жөніндегі ай қай-шу, дабырадан қайран аз боп тұр емес пе? Əлдебір ко ми тет, қор дейтіндерден не шығып, не қоярын уақыт көр се те жатар. Арал жоғалып тынды. Əсіресе, 1970-ші жыл дар да күрт тартылып, адам айтқысыз апатқа ұшырады. Өз ба сым “Арал – 88”, “Арал – 89” деп аталатын екі бірдей экспе дицияға қатысып, қолдан жа сал ған қиянатқа көзім жет ті, төбе шашым тік тұрды. Сонау бір жылдардағы надан, өркө кі рек ға лым сы мақ тар дың ұран-шыл айқайына еліккен Хрущев ке рен жі дім. Енді бұл қа те лік тү зе ле ме, табиғат тепе-теңдігі қал пы на келе ме, жоқ па, Арал теңізі тола ма, оны алдын-ала болжау оңай емес.

Рас, қазіргі кездерде Аралды қалпына келтіру жөнінде бір ша ма игі шаралар жүзеге асып жатқанын білеміз. Сəттілік ті лейік.

Əйтсе де, Аралдың неліктен тартылғанын көп жұрт əлі күн ге дейін нақты біле бермейтіні анық. Соған орай мы на-дай жайларды айтуға болады. Бұл – бұрынғы КСРО басшы-лы ғының су шаруашылығы жүйесіндегі аса ірі қателігі. Көк тен шұға жаудырып, көл-көсір өнім өндіреміз деген бос қия лы. Соның кесірінен Сырдария мен Амударияның жер ас ты на кеткен суларынан табиғат та, адамдар да өлшеусіз зи-ян шекті. Ұлан-ғайыр аймақ (тіпті, дүние жүзі десе де ар тық емес) суы тартылған Аралдың аспанға ұшқан тұзды то заңына бір тұншықса, суармалы алқаптардағы жер асты су ла ры көтеріліп, топырақ сорланып, дақыл өсірудің жолы ке сі ліп, опық жеуде. Бұларды көзі қарақты адамдар сол кездер де де айтты, дабыл қақты. Мəселен, “Арал-88” экспедициясы-на бізбен бірге қатысқан мəскеулік журналист “Правда” газетіне (15.ХІ.1988ж.) “Мақта алқабы адамдардың уақыты, күш-қайраты мен денсаулығын күйретуде” деп ашық жазды. Сол газеттің (ол да экспедиция құрамында болған) Се лю нин дейтін шолушысы: “Мақта өсірушілер өндірістік мүм кін дік-тен мақұрым қалып отыр”,– деп жар салды.

Міне, көріп отырғанымыздай, сонау 1950 жылдардың ор-та шенінде Хрущевке қарсы шыққан Усман Юсупов, Мұ рат Майлыбаев, Ештай Өзенбаев, Бəкір Əлібаевтай алысты бол-

246

жай білген ғалым-агрономдардың апаттың алдын-алу жөнін-де гі іс-əрекеттері далаға кетті, олардың қаупі тегін емес-ті. Олар сол үшін бастарын қатерге тігіп, қуғын-сүргінге ұшы-ра ды, жаманат жамылды. Алайда, өкінген жоқ.

Мұрат аға Майлыбаев 1992 жылы 26 мартта 86 жасында дүние салды. Ол көрсоқыр қорқаулардың шермендеге ұшы-рай тынын көзінің тірісінде-ақ жақсы білді, ұғынды. Бірақ, не пайда? Қаншама мақталық алқап бүлініп, Арал теңізі жо ғал ды, суалды. Бұл олқылықтардың орны қалай толады? Егер толтырамыз десек.

1978 жылы Ленинградтан Алматыға келгенде Мұрат аға-ның үйіне барып, сəлем бердім. Мені көргенде жүрегі жа ры-ла қуанып, əрі əлі күнге дейін қайғыдан қан жұтып жүр ге-нін жасыра алмай, қатты күйзелісте отырды. Ол кезде Арал те ңі зінің аянышты халі жер-жерде кеңінен сөз болып жата-тын. “Айтпадым ба, айтпадым ба?” дегеннен бөлек аузына сөз түспеген қайран ағам көз жасына тұншыққан-ды. Сол жолы менімен қоштасқанда да: “Обал-ай! Обал-ай!”– деп күр сінумен болды.

Сөз соңында айтайын дегенім, қайсыбір кездерде əлде бі-реулер: Арал теңізінің түбінен өркениет іздері, қала қал дық-та ры табылыпты деп жалаулатты. Баспасөздер жаппай жа-зып, жерден жеті қоян тапқандай шұнаңдады. Арал теңізінің тар тылуы табиғи құбылыс дегендей емеурін байқатты. Со-ған орай, Аралдан “Экологиялық қолайсыз аймақ” деген атау ды алып тастау керек деушілер де бой көрсетті. Бəрі бе-кер, бос сөз. Аралды зерттеген экспедиция мүшесі ретінде ме нің айтарым, кейбір археологиялық жұрнақтар Аралдың тү бі нен емес, керісінше, “Барсакелмес”, “Лазарево”, “Воз-рож дение”, “Ұялы”, “Кедерлі” аралдарының тастақты шо-қы ларынан табылған-ды. Онда да, болар-болмас, күмəнді жə ді гер лер (егер солай деуге болса, əрине)! Екіншіден, Жа-ға лау бұ ға зы ның өлшемімен салыстырғанда, Арал теңізінің дең ге йі – сонау тартылмай тұрған кездің өзінде – ешқашан 42,0 қалыптан өзгерген емес. Сондықтан, Арал теңізінің тү -бін де өр ке ниет іздері, көне қалалар қалдықтары болған-мыс де ген нің əфсана екенін ұмытпаған жөн. Нақты факт, ғы лы -ми-зерттеу нəтижелеріне иек арту лазым. Мұны кім-кім де ес те сақтап, жел сөздерге илана бермеу үшін айтып отырмын.

247

...Əйгілі ғалым-агроном Мұрат Майлыбаев ағамның “обал -ай, обал-ай!” деп күрсінгені күні бүгінгідей көз ал дым да. Аралдың құрдымға кетерін 10-15 жыл бұрын болжап: “Айт-падым ба? Айтпадым ба?” – дегені де есте. Иə, бұл фə ни жал ғанда небір ғазиз, көреген жандар ғұмыр кешті. Жа рық дү ние ден жаным арымның садағасы деген Мұрат Май лы -баев тай сайыпқырандар да өтті. Олар қолдан кел ге нін жаса-ды. Жасай алмағаны үшін жазықты емес. Олар жа сай ал ма-ған ды кейінгі ұрпақ жасауы лазым. Өз басым Арал қал пы на қайта келер деп үміттенемін. Оған Нұрсұлтан На зар баев тың қамқорлығымен бүгінгі жасалып жатқан іс-ша ралар куə деп қараймын. Сондай-ақ, ұзақ жыл башпайына «қо ңы рау бай-ланып», елеусіз жүріп-тұрған Мұрат Майлы баев тай ер жү рек ғалымның еңбегін ескеріп, əділ бағасын бе ре тін уақыт жетті. Өзбек халқы қашаннан аспандата қа дір леп жүрген Усман аға Юсупов секілді, Майлыбаев та тиісті ба ға сын алып, ке ңі нен дəріптелуі тиіс деп ойлаймыз.

P.S. Несін жасырамыз, Мұрат Бəкірұлының көзі тірісінде онымен сөйлесіп, ақиқатты анықтаған ешкім болмауы өкі-ніш ті. Біріншіден, ондай адам барын білмеді, екіншіден, бір лі-жарым білетіндер партиядан шығып, қызметтен қуылғаны үшін тайсақтады, сескенді (оларды түсінуге бо-лады). Е.Өзен баев, Б.Əлібаев жайлы да солай. Өзбектер де Усман Юсуповтың жеке басын құрметтегенмен, Аралға қатысты жан кешті əрекеті жайлы пəлен дегенін байқамаппыз. Бір өзбек, үш қазақ. Хрущевтен тайсалмаған төртеу (бұл бас қа лар ды мансұқтау емес). Олар Арал үшін алысты. Жоғарыда баяндалғандарды əлқисса деп түсінейік. Əрі қарай індетуге бастау деп қарайық. Егерəкиде, Арал апатының шын сырын білу қажет болса...

ӨТКЕН КҮНДЕР ЕСТЕЛІГІнемесе

соғыстан соңғы сойқандар

Айтулы ғалым, техника ғылымдарының докторы, профес-сор, РҒА-ның мүше-корреспонденті Абай Тұрсынов Мəскеу қаласындағы жоғарғы оқу орындарында дəріс берді. Сонда

248

үй лен ді, бала-шағалы болды. Біраз жыл бұрын Алматыға қо-ныс аударып, зейнетте болса да, ғылым саласында əлі де ең-бек етуде. Оның қоспасыз əңгімелерін ұйып тыңдау ға ни бет.

– Біреу біліп, біреу білмейтін бір ақиқат бар, – дейді қазір жа сы жетпістің ортасынан асқан Əбекең.

– Өткен ғасырдағы Қазан төңкерісіне дейін бүгінгідей Қазақстан, Өзбекстан дегендей қатып қалған қасаң атаулар бол маған. Болса да, сирек айтылады екен. Мəселен, осы күн гі Ташкент облысына қарасты аймақтарда сан жағынан қа зақ тар басым болатын да, өздерін сол жердің туды-бітті адам дары деп санайтын. Басқадай ой қаперлеріне кірмейтін (аталмыш облыста қазір де 500 мыңнан астам қазақ бар). Отырықшы қауымның көбі ауқатты, бай, бақуатты еді.

Жасырары жоқ, менің əкем, оның ата-бабалары да мың-ғыр ған малы бар, атақты байлар-тын. Сондықтан, үрім -бұ -тағымыздың көбі заман өзгерген соң ұсталғаны ұста лып, жер аударылып, атылғаны атылып, бас сауғалаған баз біреу-лері қашып-пысып ғұмыр кешті. Қызылдар атуға алып бара жатқанда жендеттерді жайратып, аман құтылған өз əкем Тəжікстанға асыпты. Мен сонда туылдым.

1941 жылы мамыр айының соңында Тəжікстаннан Алма-ты ға көшіп келдік. Мұнда əкеме жамағайын туыс, анаммен қа рын бөле, белгілі əнші Жамал Омарова тұратын. Жамал апа-тай мен күйеуі Есей жездем бізді құшақтарын жая қарсы ал-ды. Үш ай бірге тұрып, онан соң Есей жездем директор бо лып істейтін Ботаника бағына орнықтық. Бұл жерден Есей жездем əке-шешеме жұмыс, баспана берді. Айтып қоя йын, Жамал Омарова апатайым да алпауыт байлардың тұ қы мынан еді.

Жамал апатай мен күйеуі, өз əкем барлығы майдан ға алынған соң, анам, əжем, екі інім, бір қарындасым бəріміз ежел гі атамекеніміз – Қауыншыға көшіп бардық. 1945 жылы əкем аман-сау оралды. Бірақ, елді аштық жай ла ған сол кез-дерде құрттай құжынаған ұры-қары, баспашылар жұрттың зықын шығарып, зорлық-зомбылық, тонау, кісі өл ті ру белең алды. Міне, мен өз басым сондай сойқанның үшеуіне куə болдым. Алғашқысында – алдын-ала түсімде аян берген періштелер қорғап бір өлімнен аман қалдым. Жай-жапсары былай. Сол шақтағы тіршілік-тынысты нақты елестету үшін кеңірек айтайын.

249

Біз аудан орталығында тұрамыз. Бұл жерден Ташкентке шағын жолаушы пойызы жүреді. Бір күні үйімізге (бұрын Жабытай ауылы деп аталатын) Каганович колхозының бас-ты ғы «тұлпардай кекілі бар, қамыс құлақ» айғырға мініп кел ді де, атты біздің үйде қалдырып, өзі бір шаруам бар, екі күннен кейін келемін деп пойызбен Ташкентке кетті. Кеш-кілік жұмыстан келіп, атты көрген əкемнің өңі қашып, ары-бері адымдап, қатты мазасызданды. «Əттеген-ай, енді мұ ны қарақшылар түнге қарай көктей басып келіп, алып ке те ді. Ал, біз өмірбақи құнын төлейтін боламыз. Егер тірі қал сақ. Жоқ, балам, қазір атқа мін де, Каганович колхозының қо ра-сына апар. Сонда тұрса, ат иесіне де, бізге де жақсы, он да қарулы күзетшілер бар, қауіпсіз болады. Тұр кəне, кі дір ме», – деп бір-ақ кесті. Əкенің сөзі заң, жал-құйрығы тө гіл ген, арқыраған айғырға міндім де, он шақырым жердегі кол хозға бет алдым.

Шоралысыйға жеткенде алда келе жатқан адамдар аяқ асты нан бүйі тигендей дүрлікті де кетті. Енді байқадым, сай-да ғы қамыс арасынан қапылыста шыға келіп, базаршылар-ды тонауға кіріскен қарақшылар үш-төрт бозбаланы жығып сал ды да, қалғандарын ұрып-соға бастады.

Айқай-шу, жылап-сықтау. Менің жаныма жетіп келген, үс тін де ала шапаны бар, басына қазандай сəлде ораған жаяу қа рақ шының бірі жүгенді ұстай алып: «Үкажан! Аттан түс!» – деді жұмсақ үнмен.

Қарақшының бетіне қараған бойда төбе шашым тік тұ-рып, тұла бойым дірілдеп қоя берді. Менің алдымда кəдімгі күн де көріп жүретін өзіміздің учаскелік милиционер тұр ған-ды. Тек ол бұл жолы баспашылар кейпінде. Шымқай қа ра бетінде оймыш-оймыш шешек дағы бар, отыздар шама сын-да ғы зəңгі. Қателесуім мүмкін емес.

Қас пен көздің арасында нартəуекелге қалай барғанымды қайдам, қарақшының жүген ұстаған қолына қамшымен бір салдым да, атқа қамшы басып, сытылып шыға бердім.

Олар мені қолға түсіру үшін тырысып бақты. Бі рақ, дегендеріне жете алмады. Колхозға таяғанда егістік ал қап-тардан ешкім көрінбеді. Сондықтан, кеңсе алдына жете бе ре айқай салдым: «Шоралысайда тонап жатыр. Аттан! Аттан!» – деп.

250

Атты колхоз бастығының туған інісіне тапсырдым. Ол мені талдың көлеңкесіне салған жұмсақ көрпешеге отыр ғы-зып, бір кесе салқын көк шай берді. Бұл екі арада тез жинал-ған қарулы ересектер трактордың тіркемесіне отыра сала, Шо ра лысайға қарай жөңкілді, соңдарынан аттарына міне са ла мылтық асынған жас жігіттер аттанды.

Көп ұзамай жаныма осы ауылда тұратын Мақан нағашым, Мер тай, Дүйсенбек ақсақалдар келіп: «Құлжан ұрпағы! Ба-тыр дың аруағы сақтаған ғой!» – деп қауқылдасып жатты.

Мақан нағашым мені үйіне алып барып, асты-үстіме түсіп мə пеледі. Көрші-қолаңдар жиналып, неше түрлі сұрақтар бе-ріп жатты. Кешке Шоралысайға кеткен адамдардың дерегін біл дік. Көмекке аттанғандар жеткенде, қарақшыларды ашын ған колхозшылардың өздері-ақ екеуін өлтіріп, үшеуін өлім ші етіп қуып жіберіпті. Өлген екеудің бірі – менің атым-ды тартып алмақ болған милиционер екен. Қара құсқа тиген соққыдан мерт болыпты.

Ертеңіне үйге бардым. Əкем бірнеше күн бойы ешқайда жібермеді, тысқа шығармады, болған жай туралы ешкімге тісіңнен шығарма, егер өлген милиционер баспашылардың жансызы болса, онда бұл жерде басқа да сондай біреулер жүруі мүмкін деді. Базарлауға келіп, біздің қораға есегін қал дыратын Мақан тағама да соны айтты...

Əтсе де, баспашылардың əрекеті бəсеңсу орнына, одан əрі өршіген үстіне өрши берді. 1946 жылы май мерекесінен кейін біз тұратын Жаңа жол қаласының (əрі аудан орталығы) көшелерінде пайда болған төрт бірдей Кеңес Одағының Ба-ты ры əртүрлі кəсіпорын, мекеме, мектептерде кездесулерге қатысып, соғыста жасаған «ерліктері» хақында айтып жүр-ді. Олардың бірімен мен көзбе-көз ұшырасып, неше қилы сұ рақ тар жаудырып, қайда барса соңынан қалмай, ілестім де жүрдім. Бірде қант зауытының жазғы кинотетрында өт-кен кезекті кездесуден кейін əлгі «батыр» мені оңаша жерге шақырып алып, «бұдан былай маған жолама, егер тағы бір рет көрсем, жаныңды жаһаннамға жіберемін» деп құла ғым-ды бұрап-бұрап жіберді. Жаным шыға шыңғырып, азар құ-тыл дым.

Бірнеше күннен кейін қалада əлдебір қаскүнемдер со ғыс-тан қайтып келе жатқан төрт батырды өлтіріп, барша құ жат-

251

тары мен киім-кешегін тонап алыпты деген лақап тарады. Соның ізінше бізге келген батырлар да қараларын батырды. Жарты жылдан кейін ұсталып, ату жазасына кесілген олар ту ра лы мəліметті газеттен оқыдық. «Сауап болыпты, – десті қа лың қауым. – Қан жібермейді? Өздеріне сол керек, иттерге ит өлімі лайық».

Ол шақта Кеңес өкіметінің түкпір-түкпірінен жер ауып кел ген дердің қиямпұрыс қылықтары да бастан асатын. Шыдамның да шегі бар дегендей, халықтың ештеңеге қара-май бұрқ еткелі тұрған ашу-ызасына тосқауыл қойған іспетті болған мына бір оқиғаны да айта кеткенді жөн санаймын.

Мен əр жексенбі сайын базарда сататын мөп-мөлдір əрі тастай суық бұлақ суынан түсетін азын-аулақ қаржыға оқулық, түсті қалам, дəптер, сиясауыт секілді керек-жарақ-тар алатынмын. Əлгі бір баспашы атымды тартып ала жаз-да ған оқиғадан кейін бір ай шамасы базарға бармай кеткен бо ла тынмын. Жағдай біршама түзелді-ау дегенде базарға қай та шықтым.

Сол бір қарғыс атқыр күні суды үлкен базардың сабан ба-зар деп аталатын бөлігінде сатып тұрдым. Мұнда келетіндер негізінен Қызылқұмды мекендейтін дала қазақтары (степ-ные казахи). Шетінен мəрт, жомарт, əкелген айран, сүт, май, сүз бе, қатықтарын саудаласпай, болмашы ақшаға бере сала-ды. Жұрт оларды «қаңлылар» деп те атайды.

Əне, сол сабан базарға – мен айтқалы отырған – қайғылы оқи ға болатын күні таңертеңмен ат арбаға бау-бау жоңышқа, құ рт, май, сүзбе, қатық тиеген қартаң адам келді. Жанында он алты-он жеті жастағы ұлы бар. Қасы-көзі қиылған, сымбат-ты да келбетті, мұрты енді-енді тебіндей бастаған, дембел-ше келген жасөспірім. Киімі сəнді. Ашық даусы қоңыраудай сыл дырайды. Əке мен баланың саудасы бірден қызып сала бер ді. Екі езуі екі құлағына жеткен қартаң адам жоңышқадан түскен ақшаны қалтасына салуға əрең үлгереді. Құрт сатып тұр ған баласы да риза, көңілді.

Осы мезгілде Ниязбаш қыстағында тұратын бір топ бұ-за қы жастар баса-көктеп базарға кіріп келі де, əдеттегідей, са тушыларға жағалай тиісіп, бірінің бас киімін лақтырып, бі рінің тауарын шашып, теуіп, ақшасын тартып алып, қыз-келін шектерге өктемсіп, ойларына келгенін істей бастады.

252

Əзір ге ешкімнен беті қайтып көрмеген содырлар бұған дейін де көптігін малданып, барынша еркінсіп алған-ды.

Олар кенет жасөспірім қазақтың жанына барып, жарты-лай сатылған бір дорба құртты əй-шəй жоқ ала жөнелді. Бұ ған шыдамаған жас жігіт соңдарынан барып, дорбаны қай таруды талап етті. Сол-ақ екен, қоршап алған қорқаулар оны алып ұрып жерге жатқызды да, біреуі өткір пышақпен кеңірдектен орып жіберді. Қан бұрқырай атылды. Қыр-қыр еткен жасөспірім жігіт əп-сəтте жан тапсырды. Алғашында ешкім ештеңе байқай да алған жоқ. Жігіттің əкесі де, мен де не болғанын білмедік. Артынан белгілі болды. Ой бай-ын салған қартаң қазақ ботадай боздап қоя берді. Қані-шер лер тұс-тұсқа бытырап ғайып болды. Қартаң қазақ пен айналадағы əйелдердің зарлаған үні осы күнге дейін кұла-ғым нан кетпейді.

Бастапқыда ес-түстен айрылғандай болған қартаң қа зақ есін тез жинап, баласының мəйітін арбаға салды да, қані-шер лерді қарғап-сілеп, базардан шығып жүре берді. Онымен бірге басқа дала қазақтары да аттанды. Бұдан кейін базар да береке болған жоқ. Жұрт тез тарап кетті. Мен де үйге қайт-тым. Аулада осы оқиға жайлы құлағдар болған қазағы, оры-сы, татар, өзбегі аралас біраз адам отыр екен. Олар менен сұра ды: «Төбелес болды ма?» – деп. «Болған жоқ. Қазақ жігіт дор баны беріңдер деп қол созып еді, аналар қоршап алды да, жығып салып, бауыздап тастады», – дедім. «Қазақтардан еш кім болыспады ма?. «Ешкім болысқан жоқ. Тіпті, жігіттің əке сі де орнынан тұра алмай, дел-сал боп отырып қалды». «Бұзақылардың біреу-міреуі ұсталды ма?». «Ұсталған жоқ». «Бұ зақылар қанша адам?». «Білмеймін, оннан аспаса, кем емес».

Олар маған басқадай сұрақ берген жоқ. Шекелерін қолы-мен сүйеген ақсақалдар ақырын ғана қозғалақтап қойып, үн сіз отыр. Шеттерінен сыбырлап сөйлейді. Бір кезде үйден Ба рат бабам шығып: «Бұл барып тұрған бассыздық, орны тол мас қайғы. Соңы үлкен өкінішке соқтыратын лаң. Бірақ, біз дер, қазақтар, өзбектерден кек алмаймыз. Оның үстіне, ол қанішерлер таза өзбек емес, өзбекпіз деп жүрген сыпай-лар. Білесіңдер ғой, сондай нəсілділер бар екенін. Бұрын көп еді, қазір жұрнағы қалған. Қаскүнемдердің жазасын құ дай

253

берсін. Жеке-жеке. Қай-қайсың да тек жүріңдер. Сақ жүрің-дер! Айтарым осы! Бітті!» – деп бетін сипады.

Бұл оқиғадан күллі қала ішін тартып, бұрын-соңды бай-қал маған ауыр тыныштық орнады. Бұрынғыдай бір-бірімен ұр су, керісу, жанжалдасу да жоқ. Балалар көшеде ойнамай-ды, базарға бармайды. Қала үстінде ажал көлеңкесі қалқып жүргендей.

Шамамен, арада екі айдай уақыт өткенде қалада аса қатал, мей лінше жосықсыз, тағы бір жантүршігерлік қайғылы оқи-ға орын алды. Оған дейін базарда алба-жұлба киініп, үс-ті-басына темір-терсектен жасалған неше түрлі арзан сыл-дырмақ таққан əлдебір бақсы қазақ пайда болған-ды. Басын да сақал-мұртсыз сарғыш өңін қалқалап тұратын құмыра-қал-пақ. Қолында қайыр-садақа салатын темір тостақ. Күніне əл де неше рет ақырып-өкіріп, қилы-қилы дыбыс шығарып, ала сұра билейді, селкілдейді, қалтылдайды, дірілдейді. Қала ғандарға алдағы тағдырын болжап, біреулерді емдеген бо лады. Онан соң ара-тұра тал көлеңкесіндегі шаңы шыққан қа ра жерде өткен-кеткен адамдарға тесіле қарап жатып да-мыл дайды, тынығады. Онан соң тағы «жынданады». Қайыр сұ райды.

Базарда біраз күн болған соң, бақсы ауыл-ауылды аралап, онда да қайыршылық жасайды. Заттай алуға есегім жоқ деп, тек ақша сұрайды. Бірнеше күн қатарынан Ниязбаш қыш-ла ғында да болып, шайханада түнеп жүреді. Өңешін жырта да рылдап айтатын өсиет, көріпкелдік сөздермен халықтың кө ңілін аулайды. Сөйтіп жүріп, кенет ғайып болады. Аты-жө ні кім, қайдан келіп, қайда кеткенін ешкім білмейді. Осы жай лы айтқанымда əкем мырс етті де, теріс айналып кетті.

Бір күні түн ортасына таман жұрттың бəрі шырт ұйқыда жат қанда Ниязбаш қышлағына жүз қаралы атты адам келіп кіре ді. Аттардың тұяғына киіз қапталғандықтан, тырс еткен дыбыс білінбейді де, естілмейді де. Бірнеше топқа бөлін-ген аттылар алдын-ала белгіленген үйлерге үн-түнсіз кіріп ба рып, аулада құрылған масахана ішінде қаннен-қаперсіз ұйықтап жатқан кемпір-шал, еркек-əйел, бесіктегі сəбилерге дейін түгел қырып салады. Қырып салады да, келген ізде рі-мен жымдарын білдірмей, қышлақтан шығып кетеді. Ешкім ештеңе сезбейді, иттер де үрмейді. Қаннен-қаперсіз ауыл

адам дары бұл жайды ертеңіне бір-ақ біледі. Сол түні алдын-ала ен-таңба салынып, баласы қанды оқиғаға қатысқан 16 отбасы түгел опат болады. Анау жолғы сабан базарда бей-күнə қазақ жігітін бауыздаған бұзақылар саны қанша бол са, сонша отбасы өлім құшады. Тексеруге келген милиция лар мен тергеушілер айғақ таппай, қолдарын жайып, баста рын шайқаумен шектелген де қойған. Осылай деп Əли бабамыз-дың қызы Дариға əпкеме үйленген, тергеуші боп істейтін Əу ел бек жездем айтты.

Бұл туралы қала тұрғындары өзара сыбырласып қана ай-тып жүрді. Қалалық газет, радио, мектеп мұғалімдері, мешіт имамдары – бірде-бірі лəм деместен үнсіз қалысты. «Дала қазақ тары кек алыпты» деп естігенімді айтқанымда, əкем қат ты ашуланды. Бірнеше жыл өткен соң сол нəрсені қайта қоз датқанымда, əкем тағы да кейіп тастады: «Ей, балам, ол жө нінде ұмыт демедім бе?» – деп.

Осы оқиғадан кейін ел іші өз-өзінен тынышталып, ұры-қа рылар жоғалып, əркім өз жөнімен, аяғын аңдап басып жү-ре тін болды. Зорлық-зомбылық, сотқарлық, бұзақылық күрт тиыл ды.

МАЗМҰНЫ

МАЭСТРО(диалог-эссе)

“Мен Мұқанға қарыздармын” ............................................................4“Ой, дəурен-ай!” ................................................................................17“Менi тiзiмнен алып тастапты”... ....................................................31“Жасыратын ештеңем жоқ”... ...........................................................48“Қаһарлансам, қамал бұзамын...” ....................................................63“Мен қазақпын” .................................................................................79“Сексен есiк қағып тұр...” ................................................................95“Көргенiм де, бiлгенiм де көл-көсiр” ............................................113“Өмiр ғой, өмiр...” ...........................................................................130

ЖЫЛДАР СЫРЫ (публицистикалық портреттер мен толғамдар)

Сұлулыққа іңкəр ақын немесе Қуандық Шаңғытбаев туралы толғаныс ...........................................................................144Қайтпас-қайсар Жүсекең немесе Алтайбаев жайлы бір үзік сыр ......................................................................................150Атақты академик немесе Бақия Атшабаров жайлы мөлтек сыр ......................................................................................156Қаламгер Қанахин немесе Өтекеңнің екі қыры ..........................163Көктен түсе қалғандай көрінетін немесе Мəдениет Ешекеев туралы бір үзік .............................................................................. 167Өкінішке толы өмір немесе Жамал Омарованың ұлы Шəміл, басқа да өрен-жарандары жайлы үзік сыр .................................174Халық ақыны Иса Биназаров немесе ұлы Амантай хақында .....182Өткен күндер елесі немесе Нартай ақын келген күн ...................187Натай Кенесаринге рухани іні болғанмын... немесе профессор Бағыбек Құндақбаевпен соңғы тілдесу .....................194Құптандағы қоңырау немесе ақиық азамат, аяулы аға Əбілмəжін Жұмабаевқа арнау ......................................................200Парыз парасаты немесе Мұса Дінішев жайлы бір үзік сыр ........207Жылдар жыры немесе Əбдісағит Тəтіғұлов туралы сыр ........214Дарынды дүлдүлдер немесе үш алыптың достығы туралы үзік сыр ...............................................................................225Сол күндерде немесе олар Арал үшін алысты .............................233Өткен күндер естелігі немесе соғыстан соңғы сойқандар ..........247

Зəкiр АСАБАЕВ

ЖЫЛДАР СЫРЫ

(диалог-эссе, публицистикалық портреттер мен толғамдар)

Редакторы Ш. РақымбековаСуретшiсi Е.Қожабаев

Компьютерде беттеген Ж.Дəуренбекова,Г.Өтенова.

ИБ № 988

Басуға 10.06.2013 ж. қол қойылды. Пiшiмi 84х108 1/32 Офсеттiкбасылыс. Шартты баспа табағы 13,0. Көлемі 16 б.т. Таралымы: Мемлекеттік тапсырыспен 2000 дана + баспа есебінен 150 дана.

Тапсырыс №

“Ана тiлi” баспасы ЖШС, 050009, Алматы қаласы, Абай даңғылы, 143-үй.

тел.: (727) 395-51-71; 394-42-78.