ҚАЗАҚ ТІЛІ - БАСТЫ БЕТ

110
3 М.Ж.ХУСАИНОВА, А.Ш.ЖЫЛҚЫБАЕВА, А.М.САПАНОВА ҚАЗАҚ ТІЛІ ОҚУ ҚҰРАЛЫ Өскемен 2010 УДК 811.512.122(075.8)

Transcript of ҚАЗАҚ ТІЛІ - БАСТЫ БЕТ

3

М.Ж.ХУСАИНОВА, А.Ш.ЖЫЛҚЫБАЕВА, А.М.САПАНОВА

ҚАЗАҚ ТІЛІ

ОҚУ ҚҰРАЛЫ

Өскемен

2010

УДК 811.512.122(075.8)

4

Пікір жазғандар:

Ф. Оразбаева п.ғ.д., профессор

А.А.Амангелді ф.ғ.к.

Оқу құралы студенттерге, өз бетімен тіл үйренушілерге, сонымен қатар

Біліктілікті жетілдіру институтының тыңдаушыларына мемлекеттік тілді

үйрету курстарында сабақ беру барысында пайдалануға арналған.

Оқу құралында лексикалық тақырыптар мен грамматикалық тапсырмалар

қамтылған. Әрбір лексикалық тақырып тіл үйренушінің ауызекі сөйлеу тілін

одан әрі жетілдіруге, еркін пікір алмаса білуіне бағытталған.Ал

грамматикалық тапсырмаларды орындау арқылы тіл үйренушілер қазақ тілі

мен орыс тілін салыстыра отырып, өз ойын қазақ тілінде дұрыс жаза білуге

дағдыланады.

Хусаинова М.Ж. /Қазақ тілі оқу құралы студенттерге және өз бетімен тіл

үйренушілерге арналған/Өскемен: 2009, 127 бет. А.Ш.Жылқыбаева,

А.М.Сапанова.

Практикалық қазақ тілі курсы кафедрасының 01.04.09. №7 отырысында

бекітілді.

5

І бөлім

ТУҒАН ЖЕРІМ

1.1 ТУҒАН ЖЕРІМ МЕНІҢ – ҚАЗАҚСТАНЫМ

16 желтоқсан 1991 жыл еліміздің тарихында алтын әріптермен

жазылды. Қазақстан республикасы бұл күні тәуелсіз мемлекет

ретінде дүние жүзілік қауымдастықтан өз орнын алды.

Өлеңді мәнерлеп оқыңыз.

ҚАЗАҚСТАН КАРТАСЫ

Алматы — абат астаналық облыс.

Ақтөбе — өлке, ақ тарысы — мол ырыс.

Атырау — мол Қазақстан мұнайы.

Жамбыл — жайлау қазыналы, шұрайлы.

Жезқазған — кең, бұзылмаған қаймағы.

Көкшетау — көп көгілдір көл аймағы.

Қарағанды — қара алтынның қоймасы.

Қостанай — құт, қызыл бидай қамбасы.

Қызылорда — күрішті Сыр сағасы.

Орал — көне Ақ Жайықтың жағасы.

Өскемен — ер, шығыста Алтай аясы.

Павлодар — Қара Ертістің саясы.

Петропавл — солтүстігім орманды.

Семей — аңыз, Шыңғыстаудай қорғаны.

Талдықорған — жер жаннаты, көп бағы.

Ақмола — Арқада астық алқабы.

Шымкент — ыстық оңтүстігім мақталы.

Е.Өтетілеуов

Сұрақтарға жауап беріңіз.

Қазақстан Республикасында неше облыс бар?

Облыс орталықтарын атаңыз, өлеңнен осы аталған қалалар туралы

жазылған шумақтарды тауып оқыңыз.

Түсті металлургия орталығы деп қай қаланы атайды?

Өзіңіз тұратын облыс туралы әңгімелеп беріңіз.

♫ Өлеңді мәнерлеп оқыңыз, жаттап алыңыз.

6

Елім менің

Сөзін жазған: Н.Назарбаев

Әнін жазған: Б.Тілеухан

Арайлап таңым, асқақтап тауым,

Ән ойнап көгім, күй тартып көлім.

Қол жетті міне, аңсаған күнге,

Жасай бер, жаса, қазағым менің!

Қазақстаным-жасыл орманым,

Қуанышымды жасыра алмадым.

Аңсаған бабам, аңсаған елім,

Бостандық еді- ау, асыл арманым.

Қайырмасы:

Елім менің аңсаған,

Тас бұғаудан босаған.

Құтты болсын отауың,

Берік болсын босағаң.

Бабамньң қаны, анамның жасы,

Сіңірген бұл далам, қымбатсың маған.

Береке, бірлік - қамалдың басы,

Ұрпаққа мәңгі тіл қатшы, далам!

Күйінсін жауың, сүйінсін досың,

Жиылсын қауым, құйылсын көшің.

Ертеңің үшін аянба, ерім,

Ояншы, елім, жиылсын есің!

Қайырмасы:

Ұрпақ үшін ел үшін,

Атамекен жер үшін.

Берекең мен бірлігің,

Таси берсін ырысың.

Өлеңнің мазмұнын қысқаша әңгімелеңіз.

Отан, туған ел туралы қандай өлеңдерді жатқа білесіз?

Мәтінді мәнерлеп оқыңыз.

Біздің Республикамыз

Менің Отаным - Қазақстан. Бұл ел Еуразияның орталығында

орналасқан. Қазақстан - таңғаларлық әдемі ел. Мұнда ұлы Іле Алатауы, Ертіс,

Сырдария, Амудария өзендері және шетсіз-шексіз дала жатыр. Қазақстан

7

республикасы солтүстігінде Ресеймен, оңтүстігінде Өзбекстан, Қырғызстан

және Түркіменстанмен шектеседі. Республика шығысында Қытай

мемлекетімен, ал батысында Каспий теңізімен шектеседі. Жер көлемі 2,7

млн. шаршы шақырым. Халқының саны 15 млн. асады.

Қазақстан - әр түрлі халық өкілдері бейбіт тұрып жатқан ел. Еліміздің

ұлан-байтақ даласында есепсіз байлық бар, бұл сирек кездесетін жануарлар

мен өсімдіктер. Қазақстан жері пайдалы қазбаларға өте бай. Олар: темір

рудасы, түсті және асыл металдар (мыс, қорғасын, калайы, күміс, алтын,

көмір, мұнай, фосфориттер және т.б.). Осыларды игеру барысында жаңа

қалалар: Арқалық, Балқаш, Жезқазған, Қарағанды, Қаратау, Теміртау, Ақтау

пайда болды.

Қазақтар бұрын көшпенді ел болып, мал шаруашылығымен айналысқан.

Бүгінгі Қазақстан ауыр индустриясы мен ауыл шаруашылығы дамыған, жоғары

мәдениетті де білімді елге айналды.

Қазақстан - егеменді, тәуелсіз мемлекет. 1991 жылы 1-желтоқсанда

Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті болып

сайланды. Саяси тәуелсіздікке қол жеткізген Қазақстан президенттік

жүйемен басқарылатын демократиялық республикаға айналды. Қазақстанның

елордасы - Астана қаласы.

1-тапсырма. Берілген сұрақтар бойынша мәтінді толықтырыңыз.

Қазақстан қай жерде орналасқан?

Қазақстан қандай мемлекеттермен шектеседі?

Қазақстанда қандай өзен-көлдер бар?

Қазақстанда қандай ұлт өкілдері тұрады?

Қазақстан жерінде неліктен Менделеевтің периодтық,

жүйесіндегі элементтердің барлығы бар деп айтамыз?

Қазақстан қалаларын атаңыз, өзіңіз тұратын немесе өзіңізге ұнайтын

қала туралы әңгімелеп беріңіз.

2-тапсырма. Төмендегі сөздердің антоним, синонимдерін табыңыз

және олармен сөйлем құрастырыңыз.

Антонимдер: Терең, сирек, құрғақ.

Синонимдер: Халық, әдемі, қалың.

3-тапсырма. Жақша ішіндегі сөздерді қазақ тіліне аударып,

сөйлемдерді аяқтаңыз.

Республиканың оңтүстік аудандарында (рис, хлопок, виноград, дыня)

өсіріледі. Республиканың солтүстігінде (пшеница, овощи) жақсы өседі.

Ертіс өңірінің қарағайлы орманы мен шөл даласында ( олень, волк, кабан,

бурый медведь, газель) кездестіруге болады. Қазақстанды әр түрлі кұстар

(скворец, жаворонок, журавль, летучая мышь, ворона, сорока, голубь)

мекендейді. Сонымен қатар Қазақстанда көптеген (лечебные травы и

растения) өседі.

4-тапсырма. Сіздің тұрған жеріңізді мекендейтін аңдар, құстар

туралы әңгіме құрастырыңыз.

5-тапсырма. Шетелден келген қонаққа Қазақстан туралы айтып

беріңіз.

8

6-тапсырма. "Менің Отаным - Қазақстан" тақырыбына шағын

шығарма жазыңыз.

7-тапсырма. "Қазақстан" тақырыбына сөзжұмбақ құрастырыңыз.

Мақал-мәтелдерді жаттап алыңыз, мазмұнын түсіндіріңіз.

Отан - елдің анасы

Ел — ердің анасы.

Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас.

Кісі елінде сұлтан болғанша,

Өз еліңде ұлтан бол.

Ел іші — алтын бесік.

Туған жердің ауасы да шипа.

Туған жердің қадірін,

Шетте жүрсең білерсің.

( "Қазақтың мақал-мәтелдері " кітабынан).

ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ!

Теңге, күміс, тиын, ақша, бейне, алтын

түсті, ұлттық ақша, ұсақ, майда, қорғаныс

белгілері

Ұлттық ақша - ел тағдыры, ел байлығы

Мәтінді оқыңыз, сұрақ қойыңыз, мәтінді толықтырыңыз.

Әрбір дербес мемлекеттің тәуелсіздігін білдіретін басты белгілерінің

бірі - ұлттық ақша. Мысалы: Қырғызстандікі - сом, Ресей Федерациясынікі

- рубль, Үндістандікі - үнді рупиясы. Қазақстан да тәуелсіздікке қол

жеткізгеннен кейін өз ақшасын шығаруды қолға алды. Сөйтіп, 1993

жылдың қараша айынан бастап өз теңгеміз айналымға енгізілді.

9

"Теңге" сөзі орысша "деньги" сөзіне ұқсайды. "Деньги" деген сөз

түркі сөзі "теңгеден" шыкқан. Ерте заманда түркілерде көлемі үлкен

күмістен жасалған ақша болған. Оны "теңге" деп атаған. Оның бағасы 100

тиін терісіне сай келген.

"Теңге" осынша үлкен болғандықтан оны бірнеше бөлікке бөліп

шапқан. Осыдан "шабу" сөзін "рубить" деп аударған. «Рубить» сөзінен

«рубль» пайда болған. Ал біздің ұлттық теңгеміз - «деньги» болып кетті.

«Тиін» сөзі «тиын» болды.

1993 жылы айналымға енгізілген теңгеміздің ерекшелігі - мықты, тез

тозбайтын қағаздан, арнайы тапсырыс арқылы шетелде дайындалды және

жалған ақшаға қарсы он алтыдан аса қорғаныс белгісі көрсетілген.

Теңгенің шеттері қазақтың ою-өрнектерімен нақышталған,

халқымыздың салт-дәстүрін бейнелейтін суреттер көрсетілген. Бірінші

бетіне қазақ халқының кейбір ұлы тұлғаларының бейнелері басылған.

Екінші беті ою-өрнек, табиғат көріністері және елтаңбамызбен

безендірілген.

(Қазақ календарынан).

☺ 2006 жылы айналымға енгізілген ұлттық ақша туралы досыңызбен

сұхбаттасыңыз.

1-тапсырма . Қазақ тіліне аударыңыз.

У каждого самостоятельного государства имеется своя национальная

валюта. На купюре в достоинстве 500 тенге изображен великий мыслитель,

философ, ученый, энциклопедист Аль-Фараби. Национальная валюта РК была

выпущена в Великобритании на фирме "Харриссон".

2-тапсырма. Суреттерде кімдер бейнеленген? Олар жайлы әңгімелеп

беріңіз.

Неге «Ұлттық ақша ел тағдыры, ел байлығы", - деп айтылады?

3-тапсырма. Басқа елдердің ақша бірліктері туралы әңгімелеңіз.

10

1.2 НАЙЗАСЫЗ ЕР БОЛМАЙДЫ, ТАҢБАСЫЗ ЕЛ БОЛМАЙДЫ

9 - бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері - Туы,

Елтаңбасы және Гимні бар. Олардың сипаттамасы және ресми

пайдалану тәртібі конституциялық заңмен белгіленеді.

Қазақстан Республикасының Конституциясынан

Мәтінді мәнерлеп оқыңыз, толықтырыңыз.

Қазақстан елтаңбасы

Қазақстан Елтаңбасындағы шаңырақ халқымыздың ынтымағы

жарасқан бір отбасындай өмір сүру белгісін көрсетеді. Шаңыраққа

шаншылған алтын уықтар Қазақстанда тұратын басқа ұлт өкілдерінің де

бірлігін, татулығын, достығын бейнелейді. Елтаңбадағы тағы бір ерекше

белгі - ай мүйізді, алтын қанатты қос пырақ бейнесі.

Арғымақ бейнесін пайдалану - өте ертеден келе жатқан дәстүр. Ол

геральдистер тілінде: арыстанның жүректілігін, қыранның қырағылығын,

өгіздің ғаламат күшін, еліктің ғажайып көзге көрінбес шапшаңдығын,

қырмызы қызыл түлкінің қалайда болса жауын жер соқтырар айлакерлігін

білдіреді. (геральдистер - герб жасаушы адамдар) Елтаңбаның авторлары:

Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.

Қазақстан жалауы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы тік бұрышты көгілдір

мата. Тудың ортасында күн орналастырылған. Оның астында қыран кұс

бейнеленген. Тудың түсі көк. Ол - еркіндік белгісі, биік армандарға қол созу.

Туымыздағы бүркіт бейнесі - тәуелсіздік, алып қанатын қомдаған қазақ

елінің әлемдік өркениет биігіне талмай ұмтылу ниеті. Тудың бір шетінде

"Қошқар мүйіз" деп аталатын өрнек салынған. Өрнек халқымыздың қол өнері

мұрасынан талай ұрпақтың ақыл-ойы мен шеберлігінен хабар беріп тұр. Көк

байрағымыздың авторы - Шәкен Оңдасынұлы Ниязбеков.

♫ Әнұранды жаттап алыңыз.

Әнұран

11

Әнін жазған: Ш.Қалдаяқов

Сөзін жазғандар: Ж.Нәжімеденов,

Н.Ә.Назарбаев

Алтын күн аспаны,

Алтын дән даласы.

Ерліктің дастаны,

Еліме қарашы.

Ежелден ер деген,

Даңқымыз шықты ғой.

Намысын бермеген,

Қазағым мықты ғой.

Қайырмасы:

Менің елім, менің елім,

Гүлің болып егілемін.

Жырың болып төгілемін, елім,

Туған жерім менің - Қазақстаным.

Ұрпаққа жол ашқан,

Кең байтақ жерім бар.

Бірлігі жарасқан,

Тәуелсіз елім бар.

Карсы алған уақытты,

Мәңгілік досындай.

Біздің ел бақытты,

Біздің ел осындай.

Әнұран Әнұран - асыл қазына. Онда халық жүрегінің лүпілі, қазақ

халқының бастан өткен тағдыры, келешекке зор үмітпен қарайтын ойы

өрнектелген. Әнұран - әрбір Қазақстандықтардың келешек ұрпаққа

аманаттайтын әнтұмары.

Әнұранда қазақ халқының данасын құрметтеген, барша адамзат

баласын бауырына тартқан бауырмал халық екені, қасиетті ана тілімізді,

салт-дәстүрді ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу қажеттігі туралы айтылады.

Әнұранның салтанатты жиындарда, Елбасының басқа мемлекеттердің

басшыларымен кездесуінде беташар ән болатыны содан.

ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ!

Ту, байрақ, елтаңба, әнұран,

қос пырақ, шаңырақ, уық,

жұлдыз, бостандық, алтын

түсті, көк.

12

1-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойыңыз.

Күннің төменгі жағында ... ... бейнеленген. Шаңырақты

айналдыра күн сәулесіндей тарап, ... ... шаншылған. Елтаңбаның реңі ...

және ... түсті. Тудың ортасында … ... орналастырылған. Мемлекеттік

тудың ... 1 метр, ... 2 метр.

2-тапсырма. Қазақ тіліне аударып, сөйлем құрастырыңыз.

Голубое полотнище, символ мира, национальный орнамент,

зоркость и дальновидность, государственные символы, пятиконечная

звезда, мифические кони, символ единства.

3-тапсырма. Бір сөзбен қалай айтуға болады?

Үлгі: тік бұрышты көк мата — ту.

Бостандық белгісі —

Бірліктің белгісі —

Бес құрлықты біріктіретін белгі —

Тудың сол жағындағы жолақ —

Бейбітшілік белгісі —

Рәміздердің реңдік бейнесі —

4-тапсырма. Қазақстан Республикасы рәміздерінің авторлары

Мәтінді толықтырыңыз, мазмұндаңыз

ҚР-сы Елтаңбасының авторлары

Жандарбек Мәлібекұлы Мәлібеков

Өзбекстанға еңбегі сіңген суретші. Әндіжан қаласындағы әуежай,

Ташкенттегі үкімет қонақ үйі және т.б. ғимараттардың құрылысын жобалауға

қатысқан. Қазір Л. Гумилев атындағы Евразия университетінде дәріс береді.

композитор үш жүзге жуық ән шығарды.

Шот-Аман Ыдырысұлы Уәлихан

Қазақстанға еңбегі сіңген сәулетші. Республика мемлекеттік

сыйлығының иегері, белгілі қоғам қайраткері.

Негізгі шығармашылық жұмыстары: Алматыдағы Ш.Уәлиханов,

Ә.Жангелдин ескерткіштері. Тәуелсіздік монументі авторлар тобының

жетекшісі.

ҚР-сы Туының авторы

Шәкен Оңдасынұлы Ниязбеков

Мәтінді толықтырып, сұрақ құрастырыңыз

Қазақстанға еңбегі сіңген өнер қайраткері, Қазақстан дизайн өнерінің

негізін қалаушылардың бірі. Алматы қаласының бас суретшісі.

Негізгі шығармашылық жұмыстары: Тараз қаласындағы Ш.Уәлиханов

атындағы кинотеатрдың кешенді дизайны, Б.Момышұлы ескерткіші, М.

Әуезов көркем полотносы, т.б.

ҚР-сы әнұранының авторлары

Мәтінді толықтырып, досыңызбен сұхбаттасыңыз

Жұмекен Сабырұлы Нәжімеденов- өрнекті ақын, Қазақстан Жастар

13

одағының иегері. Шығармалары: “Балауса”, “Сыбызғы сыры”, “Өз

көзіммен”, “Жоқ, ұмытуға болмайды” және т.б. еңбектері бар.

Шәмші Қалдаяқұлы Қалдаяқов- көрнекті сазгер, Қазақстан

Республикасы халық әртісі, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының иегері.

1950 жылдан бастап шығармашылық жұмыспен айналысты. “Қазақ вальсінің

королі” атанған.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев- Қазақстан Республикасының

Елбасы. Бірқатар халықаралық және отандық қоғамдық ұйымдардың арнайы

сыйлықтары мен атақтарының иегері. Ғылыми және әдеби шығармашылық

жұмыстарымен айналысады. “Әділеттің ақ жолы”, “Ғасырлар тоғысында” т.б.

кітаптардың авторы, “Елім менің”, “Үш қоңыр"т.б әндердің өлеңін жазған.

ҚР-сы рәміздерінің авторлары тақырыбына слайд құрастырыңыз

5-тапсырма. ТМД елдерінің рәміздері туралы (қалауыңыз

бойынша) досыңызбен сұхбаттасыңыз.

☺ Өлеңді мәнерлеп оқыңыз.

Қазақстан жалауы

Көк аспандай көкпеңбек,

Қазақстан жалауы.

Көк емес ол, тектен-тек,

Елдің ашық қабағы.

Ақ ниетті — алтын күн,

Асқақ арман – қыраны.

Жалауы бұл халқымның,

Мәртебесі, мақтаны.

С.Қалиұлы

Елтаңбасы елімнің

Елтаңбасы елімнің,

Неткен әсем, әдемі.

Тынығындай көңілдің,

Орта аспан әлемі.

Құт-береке — шаңырақ,

Орын алған ол төрден.

Қанатты қос арғымақ,

Екі жақтан көмкерген.

Тәуелсіздік жолында,

Талай-талай тер тамған.

Билігім өз қолымда,

Еркіндігім — елтаңбам!

С.Қалиұлы

1.3 ҚАЗАҚ ТІЛІ - МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ

4 - бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі.

14

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - қазақ тілі.

Мемлекеттік тіл — мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық

қатынастардың барлық саласында қолданылатын басқару, заң шығару,

сот ісін жургізу және іс қағаздарын жүргізу тілі.

Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып

табылатын мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының

әрбір азаматының парызы.

Қазақстан Республикасының тіл туралы Заңынан

☺ Өлеңді мәнерлеп оқыңыз.

Туған тілім — тіршілігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сыр ойдағы.

Өссе тілім, мен де бірге өсемін,

Өшсе тілім, мен де бірге өшемін.

Ә.Тәжібаев

1-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.

Өлеңде не туралы айтылған?

Өлеңнің 1-2 жолдарын қалай түсінесіз?

Тіл туралы тағы қай ақынның өлеңін білесіз?

"Қос тіл - қос қанатың" дегенді калай түсінесіз?

Тіл туралы қандай мақал-мәтелдерді білесіз?

Туыстас тілдер тармағы

Түркі тілінің түп тамыры көне дәуірден нәр алады. Олар: хазар,

бұлғар, ғұн, көк түрік, сақ, авар. Бұлар көне түркі тілдеріне жатады. Оның

тармақтары: оғыз, қыпшақ, аралық топ, қарлұқ тобы. Бұған чуваш пен якут

тілдері жеке тіл болып кіреді.

Оғыз тобына балқан түріктері, ғағауз, түркімен, түрік, әзербайжан тілдері

кірсе, қыпшақ бұтағына қырым, қырым татарлары, қарашай-балқар,

қарайым, құмық, қарақалпақ, қазақ, башқұрт, татар тілдері жатады.

Аралық топты қырғыз, алтай, хакас, шор, сары ұйғыр, тува, ал қарлұқ

тобын ұйғыр, өзбек тілдері құрайды.

(Қазақ календарынан).

1-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.

Түркі тілдер тобына қандай тілдер жатады?

Чуваш және якут тілдері қай тілдер тобына жатады?

Оғыз тобына қаңдай тілдер жатады?

Қыпшақ тобына қандай тілдер жатады?

2-тапсырма. Суретке қарап тілдердің түп тамыры қайдан шыққаны

жайында айтыңыз.

15

3-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.

Қазақстандағы мемлекеттік тіл қай тіл?

Қазақ тілі қай жылы мемлекеттік мәртебе алды?

Біздің республикамыздан басқа тағы қай жерлерде қазақ тілінде

сөйлейді?

► Нақыл сөздердің мағынасын түсіндіріңіз.

Тілден артық қазына жоқ,

Тілден артық қасиет жоқ.

Н.Назарбаев

Тіл мен сөз — көңілдің айнасы.

Ж.Баласағұн

Өз тілің — өскен өркенің .

Ананың берген ақ сүті,

Мақтаның ұлттық ол сенің.

А.Тоқмағанбетов

Тіл жоқ жерде ұлт жоқ.

Ш.Айтматов

Мәтінді оқып, мазмұндаңыз.

Тілдер туралы мағлұмат

Дүние жүзінде бес жарым мыңдай тіл бар деседі. Тілдердің саны бұдан

көп болуы да, сәл аз болуы да мүмкін. Сондықтан дүниеде қанша тіл бар

дегенді әзірше дәл айту қиын. Өйткені Африканы, Азияны, Американы,

Австралия мен Океанияны мекендеуші толып жатқан жергілікті халық тілі

әлі де жете зерттелген жоқ. Жер шарында көптеген мемлекет бар. Әрбір

мемлекет ішінде неше түрлі халық болуы мүмкін.

Тіл саны мемлекет халқының аз-көптігіне де байланысты емес.

Мысалы, Жаңа Гвинеяның екі миллиондай ғана адамы бар. Олар төрт жүзге

16

тарта тілде сөйлейді. Бұл елде бір ауыл тұрғындары екінші бір көрші ауыл

тұрғындарының тілін шала-шарпы ғана түсінеді де, деревня аралары

қашықтаған сайын бір-бірінің тілін мүлдем түсінбейтін көрінеді.

Біздің Республиканың негізгі халқының тілі — қазақ тілі. Қазақстанда

сонымен бірге орыс, украин, неміс, ұйғыр, татар, дұнған, карачай, балқар,

өзбек, чуваш, цыған, тәжік және тағы басқа тілдерде сөйлейтін халықтар

бар.

"Қазақтың мақал-мәтелдері" кітабынан тіл туралы 5 мақал-мәтел

жазыңыз, мазмұнын түсіндіріңіз.

Мәтінді мәнерлеп оқыңыз. «Астана», «Бәйтерек»

жорналдарын пайдалана отырып, мәтінді толықтырыңыз.

1.4 АСТАНА - БАС ҚАЛА

Астана — тарихи қала. Астана қоныс тепкен мекеннің негізі 1830

жылы қаланған. Ол киелі Сарыарқа даласында, Есіл өзенінің жағасында

орналасқан. Халқының саны 700 мыңнан асады, 80-нен аса ұлттың

өкілдері тұрады. Жер көлемі 96,8 шаршы шақырым. Астана —

Қазақстанның елордасы және Ақмола облысының орталығы. Алғашында

Ақмола әскери бекінісі атанған елді мекенге 1862 жылы қала мәртебесі

берілді. 1960-1962 жылдар аралығында Ақмола қаласы Н.С.Хрущевтің

ұсынысымен Целиноград (Тың қала) болып өзгертілді.

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін, астананы көшіру шешімі

қабылданды. 1997 жылы 24-қазанда Ақмола Қазақстан Республикасының

астанасы болып жарияланды. Қаланың аты жаңаша — Астана деп аталды.

10- маусымда 1998 жылы Астананың салтанатты ашылуы болды. "Астана"

сөзінің түп-төркіні "көпшілік жиналатын ая" дегенді білдіреді. Астанада

тоқыма, жеңіл және баспа өнеркәсібі өте жақсы дамыған. Көптеген

университеттер, институттар, колледждер бар.

Астана — алып құрылыстар қаласы. Қысқа мерзімнің ішінде мұнда

Үкімет үйі, "Континенталь" қонақ үйі салынып, орталық көшелер қайта

жаңаланды. Еліміздің бас қаласы Астанамыз — XXI ғасырдың ең

көрікті, сәулетті, салтанатты қаласына айналмақ...

17

Сұрақтарға жауап беріңіз.

Қазақстанның ел ордасы қай қала?

Астананың негізі қай жылы қаланған?

Ол қазақтың қандай киелі даласында орналасқан?

Халқының саны қанша?

Қандай ұлт өкілдері тұрады?

1832-1960 жылдар аралығында қала қалай аталды?

Қаланың салтанатты ашылуы қашан болды?

"Астана" сөзі нені білдіреді?

Астанада қандай өнеркәсіптер дамыған?

Астана неге алып кұрылыстар қаласы деп аталады?

Астана болашақта қандай қала болады деп ойлайсыз?

Қазақ тіліне аударыңыз.

В Казахской советской энциклопедии написано, что "Акмола-сооружение

из белого камня, над четырехугольными стенами которого возднигнут

купол, напоминающий верхнюю часть юрты или половинку шара.

Сверкаюший на солнце купол был виден издалека, что и придавало особую

красоту берегам Есиля в течение V-VI вв. Поэтому название Акмола и

стало названием того края". (ҚСЭ)

1-тапсырма. Қаланың Ақмола аталуы туралы сіз тағы қандай

мәліметтерді білесіз?

2-тапсырма. Берілген сөздер мен сөз тіркестерін қолданып,

"Астана қаласына саяхат" атты тақырыпта жолдасыңызбен

сұхбаттасыңыз.

Бас қала, қазіргі заманның қаласы, жасыл, қаланың бас көшесі, кең, биік

ғимараттар, ұлттық өрнектермен көркемделген, орталық алаң ,ескерткіш,

«Бейбітшілік және Келісім» сарайы, музыкалы бұрқақ, «Қазақ елі» монументі,

министрліктер, т.б.

3-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.

Сіз тұратын қала қалай аталады, ол еліміздің қай бөлігінде орналасқан?

18

Өзіңіз тұратын қаланың тарихын білесіз бе?

Қалада сізге ұнайтын жерлер бар ма?

Қала халқының саны қанша?

Қаланың көрікті орындары туралы айтып беріңіз.

Еліміздің басқа қандай қалаларыңда болдыңыздар?Алған әсерлеріңізді

әңгімелеңіз.

Сөзжұмбақ «Астана»

Берілген сөздерді қазақ тіліне аударып, бос торларды толтырыңыз.

1. парк

2. продавец

3. нация

4. мечта

5. большой

6. район

ӨЗДІК ЖҰМЫС

Тапсырма 1. Берілген сөз тіркестерімен сөйлем құрастырыңыз,

мағыналарына көңіл аударыңыз.

Дем алу, рұқсат алу, көңіл аудару, мәтін аудару, көмек беру, дауыс беру, қол

қою, сұрақ қою, ақша түсу, көзге түсу.

Үлгі: Әсет үстелдегі тамақтан ауыз тиді. Оның жұмысы көп болғандықтан,

концерт көруге қолы тимеді.

Тапсырма 2. Тиісті септік жалғауларын қойып, сөйлемдерді

аяқтаңыз.

Қайныш жолдастары... оқу залы ... бара жатыр. Менің құрбым

көркемөнерпаздар үйірмесі... қатысады. Қарлығаш... қазақ драма театры...

барғысы келеді. Студенттер емтихан... дайындалып жатыр. Қуат пен

19

Меруерт түс... кейін " Алтай" стадионы... коньки тебуге барады. Мен сіз...

тыңдап отырмын.

Сәкен ағылшын тілі... үйреніп жүр. Сіздер өнер мұражайы... болдыңыздар

ма? Дәурен, әжең... хат жаздың ба? Жеті... он бес минут қалғанда

мейрамхана... алды... кездесейік.

Тапсырма 3. Қалауыңыз бойынша тақырыптың бірін таңдап, шағын

мәтін құрастырыңыз.

Қазақстанның бұрынғы астаналары.

ҚР-сының тұңғыш Президенті.

ҚР-сының тұңғыш ғарышкері.

ҚР-сы рәміздерінің авторлары.

Қазақстанның табиғаты.

Қазақстанның өнер қайраткерлері.

Қазақстанның спорт шеберлері.

ГЛОССАРИЙ

Туған жерім менің - Қазақстаным

атамекен - земля предков, отечество, отчий край, родина, родные места

басқару - управлять

байлық - богатство

дүниежүзі - весь мир, земной шар, весь свет, мир

дүниежүзілік - мировой, всемирный

еркін - свободный, свободно; непринужденный; вольный

егеменді - суверенный

мекендеу - населять

созылып жатыр - простирается

дамыған - развитой

көшпенді - кочевой

20

жоғары мәдениетті - высококультурный

игеру барысында - во время освоения

жануар - животный

жүйе - система

кешен - комплекс

кен - ископаемое, руда, рудник, залежи, недра, месторождения

көрікті - красивый; изящный

қауымдастық - ассоциация

орталық - центр, центральный

түсті металлургия - цветная металлургия

тәуелсіз - независимый

өсімдік - растение

пайдалы қазбалар - полезные ископаемые

сирек - редкий(-ое,ая)

шаршы шақырым - квадратный километр

шет ел - заграница

еркіндік - свобода

таңғаларлық - удивительный(ое,ая)

шетсіз-шексіз дала - бескрайняя степь

шектеседі - граничит

өкіл - представитель

мал шаруашылығы - скотоводство

саяси - политический (-ая, -ое)

Найзасыз ер болмайды, таңбасыз ел болмайды

аманат - поручение

айлакерлік - хитрость; изворотливость

асыл қазына - сокровища

бірлік - единство; сплоченность; общность

достық - дружба

ер - герой, отважный, храбрец; супруг, муж; седло

ел - население, народ; страна; родной край

байрақ, ту, жалау - флаг, знамя

жүректілік - смелость, храбрость, мужество

жүрек лүпілі - сердцебиение; стук сердца

күш - сила

қол өнері - ремесло; рукоделие

қос пырақ - мифические кони

қыран құс - беркут; орел, сокол

қырағы - бдительный; зоркий

қырағылық – бдительность; зоркость

мата - ткань, материал

мұра - наследие, памятник, наследство

найза - копье, пика, штык, рапира

ниет - намерение, замысел, побуждение, устремление

21

орта - среда, середина; центр

өркениет - цивилизация

өрнек - узор, орнамент, теснение

ресми - официальный

салтанат - торжество

салтанатты жиын - торжественное собрание

сипаттама - характеристика; описание

татулық - дружба; мир; согласие

таңба - знак; клеймо; отметка; тамга; маркировка

тағдыр - судьба

ұрпақ - поколение; потомство

шапшандық - быстрота; стремительность

Қазақ тілі - мемлекеттік тіл

азамат - гражданин; подданный

аумақ - территория

аймақ - регион

жергілікті халық - коренное население

заң шығару - издание закона; издавать закон

зерттеу - изучать; исследовать

қоғам - общество

мемлекеттік басқару - государственное управление

парыз - долг; обязанность

сала - отрасль; сфера; раздел; разветвление

сот ісін жүргізу - судопроизводство

топтастыру - группировать; сплотить; классифицировать

дүние жүзі - весь мир

қиын - трудно

сан - число, количество

тұрғын - житель

мүмкін - возможно

түсіну - понимать

дәл - точно

ара қашықтық - дистанция

негізгі - основной (-ая, -ое)

Астана

балалық шақ - детство

болашақ - будущее

жағалау - набережная

жастық шақ - молодость

жариялау - объявить

жарлық - указ

елбасы - президент

жақын шетел - ближнее зарубежье

22

қол қою - подписывать

жеңіл өнеркәсіп - легкая промышленность

киелі жер- священное место

көшіру – перевозить; переписать; списывать; откочевать; перевести

қоныс тебу - устраиваться; заселяться; поселиться

мерзім - срок

сәулет - архитектура

ашылу рәсімі - церемония открытия

Ұлттық ақша – ел тағдыры, ел байлығы

безендірілген - украшенный

бейне - образ; облик; вид

бөлік - часть

дербес мемлекет - самостоятельное государство

ұлы тұлға - великая личность

ұлттық ақша - национальные деньги (валюта)

қорғаныс белгісі - защитный знак

бейнеленген - изображено

айналымға енгізілді – был введен в оборот

кесене – мавзолей

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы.— Алматы: Жеті жарғы,1998.

2. Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы Заң.-Алматы: Жеті жарғы, 1997.

3. Алтайбаева М. Интенсивный курс казахского языка/ М.Алтайбаева,

Т.Аренова, К.Исинова. -Алматы: Ана тілі, 1998.

4. Аққозин М. Қазақ мақал-мәтелдері /М.Аққозин - Алматы:

Қазақстан, 1990.

5. Бектуров Ш. Қазақ тілі. /ІШ.Бектуров, М.Серғалиев.-Алматы: Білім,

1994.

6. Бектуров Ш. Қазақ тілінің қалталық оқулығы

/Ш.Бектуров,А.Бектурова.-Алматы, 1997.

7. Бектуров Ш. Қазақ тілі для начинающих./Ш.Бектуров, А.Бектурова.-

Алматы: Рауан, 1994.

23

8. Бектурова А.Казахский язык для всех./А.Бектурова, Ш.Бектуров.-

Алматы: Атамұра, 2004.

9. Бектаев Қ. Үлкен орысша-қазақша сөздік/Қ.Бектаев.-Алматы: Алтын

Қазына, 1999.

10. Жылқыбаева А.Ш., Хусаинова М.Ж. Қазақ тілі /А.Ш.Жылқыбаева,

М.Ж.Хусаинова, А.А.Айтқазина, Ж.А.Сейфолданова, Б.А.Қырықбаева. -

Өскемен, ШҚМУ, 2003.

11. Қазақстан: ұлттық энциклопедия.-Бас ред.Ә.Нысанбаев.-Алматы: Қазақ

энциклопедиясы, 1998.

12. Маманов Н. Қазақ тілі/ Н.Маманов.- Алма-Ата:Мектеп, 1989.

13. Сариева К. Қазақ тілі/ К. Сариева.-Алматы:Білім, 2000.

14. Сариева К. Мы говорим по-казахски/ К.Сариева.-Алма-Ата:Казахстан,

НЛЦ, Балқия, 1992.

15. Салиева У. Қазақша сөйлеп үйренейік/У.Салиева.-Алматы:Рауан, 1995.

16. Сүлейменова Э.Д. Сұхбат: Қазақ тілі-Казахский язык. Учебный

комплекс/Э.Д.Сүлейменова, Қ.Қ.Қадашева, Д.Х.Ақанова.-Алматы: ИД. Жібек

жолы, 1996.

17. Сүлейменова Э.Д.Анықтағыш: Қазақ тілі- Казахский язык. Учебный

комплекс/Э.Д.Сүлейменова, Қ.Қ.Қадашева, Д.Х.Ақанова.-Алматы: ИД. Жібек

жолы, 1996.

18. Сағынтаев Ы. Қазақстан Республикасының рәміздері/ Ы.Сағынтаев,

З.Сағынтаева. -Алматы:Санат, 1998.

19. Табылдиев Ә. Жеті жүз жұмбақ. /Құрастырған Ә.Табылдиев. -Алматы.

Жалын, 1985.

20. Тоғысбаев Б., Сужикова А. Тарихи тұлғалар /Құрастырушылар:

Б.Тоғысбаев, А. Сужикова. -Алматы, 2005.

21. Қазақстан Республикасының Ұлттық Валютасы /Құрастырған

Ж.Ж.Абдигапарова -Алматы:"Қаржы-қаражат", 1995.

22. //Байтерек. -2003. -№1. -38, 46-47 б.

ІІ бөлім

БІЗДІҢ ҚАЛА

2.1 ҚАЛА

1-тапсырма. Қазақ тіліне аударыңыз. Сөйлем құрастырыңыз.

24

На востоке города, на западе города, на севере, возле дома, в центре

города.

2-тапсырма. Көп нүктенің орнына жатыс септігінің жалғауларын

жалғаңыз.

Мен қала... тұрамын. Сен ауыл... тұрасың. Біз Арқалық... тұрамыз.

Сендер бөлме... отырсыңдар. Олар азық-түлік дүкені... жүр. Олар

Көкшетау қаласы... тұрады. Сіз Шығыс Қазақстан Мемлекеттік

университет... оқисыз. Мен "Заңғар" сауда үйі... болдым.

3-тапсырма. Бағыт атауларын есте сақтаңыз, сөйлем

құрастырыңыз.

Оңтүстік, солтүстік, батыс, шығыс, оң жақта, сол жақта, оңға

бұрыласыз, солға бұрыласыз, алға жүресіз.

4-тапсырма. Төмендегі сөздерді жатыс септігіне қойып, сөйлем

құрастырыңыз.

Кітапхана, шаштараз, зауыт, оқу залы, әмбебап дүкені, мұражай, саябақ.

5-тапсырма. Жай сөйлемдерден сұраулы сөйлем жасаңыз.

Әбілхан Қастеев Талдықорған облысының Жаркент ауданында туған.

Өскемен қаласында Жамбыл атындағы облыстық драма театры бар. Бүгін

біз өлкетану мұражайына барамыз. Өскемен қаласы Алтай тауының

бөктерінде орналасқан.

6-тапсырма.Сөйлемді аяқтаңыз.

Бүгін мен театрға (бару). Менің нағашым Қазмырыш зауытында (жұмыс

істеу). Ботагөз келесі айда Астана қаласында өтетін "Әнші балапан"

байқауына (бару). Өскемен қаласында 7-8 желтоқсанда республикалық

ақындар айтысы (болу).

7-тапсырма. Сөйлемдердегі көмекші есімдерді табыңыз.

"Әсем" тұрмыстық қызмет керсету үйі орталық базардың қасында

орналасқан. "Әйгерім" кафесі көп қабатты үйдің жанында. Орындықтың

астында доп жатыр. Мейрам күндері саябақта адам көп жиналады. Үстелдің

үстінде компьютер, телефон тұр.

8-тапсырма. Берілген сөздердің антонимдерін табыңыз. 3 сөйлем

құрастырыңыз.

Бару - көп - жоғары - оңтүстік - кең - биік -

жас - қымбат - іші - шығыс - ұзын - ақ -

қисық - әкел - асты - оң жақ - күн - суық -

Мәтінді толықтырыңыз.

Өскемен қаласы

Өскемен қаласы Шығыс Қазақстан облысының өнеркәсіп, мәдени

және әкімшілік орталығы. Ол Қазақстанның солтүстік шығысында Ертіс

және Үлбі өзендерінің қиылысында орналасқан. Жер көлемі 54.4 мың га.

Қаланың негізі 1720 жылы қаланған. 1868 жылы Өскемен қала мәртебесін

алды. 1952 жылы Ертісте Өскемен СЭС-ы салынды. Өскемен еліміздегі түсті

металлургия орталығы. Қалада үш мұражай, бір драма театры бар.

25

Сіз білесіз бе?

Өскеменде автомобиль жолының ұзындығы 630

шақырым. 25 көпір, 8 бұрқақ және бірнеше

ескерткіш бар. Көшелерді жарықтандыру жүйесі

468 шақырым.

1-тапсырма. Берілген сөз, сөз тіркестерін пайдаланып, өздеріңіз

білетін мекемелердің, қоғамдық, өнеркәсіп, демалыс орындарының

қай жерде шоғырландырылғанын түсіндіріңіз.

Ірі қалаларды үш бөлікке бөледі: орталық, тұрғын үй кешені, өнеркәсіп

аймағы.

2-тапсырма. Мына суреттерде қандай мекемелер, демалыс

орындары көрсетілген. Олар қаланың қай жерінде орналасқан?

3-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып,

сөйлемдерді аяқтаңыз.

Спектакль көру үшін ... .

Демалу үшін ... .

Әлеуметтік мәселелерді шешу үшін ... .

Семинар сабақтарына дайындалу үшін... .

Түрлі спорттық ойындарды тамашалау үшін ... .

Азық-түлік алу үшін ... .

Керекті сөздер: Спорт сарайы, театр, саябак, әкімшілік, кітапхана, дүкен.

☺ Сөйлеу үлгісі:

- Өскеменде демалыс орындары өте кеп. Қанат, Семейде қандай

демалыс орындары бар?

- Семейде екі драма театры, мәдениет сарайы, саябақтар,

бірнеше кинотеатрлар бар.

- Бізде тарихи өлкетану және этнографиялық мұражайлары бар.

Сендерде ше ?

- Біздің қаламызда Абай мұражайы бар. Ол орталық саябақтың

жанында орналасқан.

- Шолпан, Өскеменде қандай кинотеатрлар бар?

- Өскеменде "Юбилейный" және "Эхо" кинотеатрлары

бар. "Юбилейный" кинотеатры Қазақстан көшесінде, орталық

мешіттің қасында, ал "Эхо" кинотеатры Киров көшесінде

"Дөнер" дәмханасының қарсысында орналасқан.

26

* * *

- Сіз қай даңғылда тұрасыз?

- Мен Абай даңғылында тұрамын. Абай даңғылында "Әділ" акционерлік

қоғамы. Үлбі металлургия зауыты, облыстық прокуратура, автобекет

бар.

- Кітапхана ше?

- Кітапхана Қазақстан көшесінде.

4-тапсырма. Жоғарыда берілген үлгілер бойынша

досыңызбен қала туралы сөйлесіңіз.

5-тапсырма. Берілген сөздерді пайдалана отырып "Өскелең қала

- Өскемен" тақырыбына әңгіме құрастырыңыз.

Қала - жаңа, ескі, көне, үлкен, кішкене, әдемі, ғажайып, қазіргі

заманның, өнеркәсіпті, жасыл, оңтүстік, теңіз жағалауындағы қала,

балалық шақ өткен қала, жастық шақ өткен қала, сүйікті қала, болашақтың

қаласы, қалалық, қала саябағы, қала сыртына бару, қала шетінде тұру.

Көше - кең, тар, жасыл, тыныш, таныс, тұйық көше, даңғыл, жағалау,

қиылыс, бұрылыс, қаланың бас көшесі, көшені кесіп өту, көшенің аты.

Ғимарат - қазіргі заманның, көне, тарихи, жаңа, үлкен, биік, тұрғын,

ерекше, әдемі, ұлттық өрнектермен көркемделген.

Алаң - үлкен, ескі, тарихи, гүл, орталық алаң, Республикалық.

Мақал-мәтелдерді жаттап алыңыз:

Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас.

Елсіз ер болмайды,

Жұртсыз жігіт болмайды.

( "Қазақтың мақал-мәтелдері" кітабынан).

2.2 ҚАЛА ІШІН БАҒДАРЛАУ

Мәтінді оқып, қазақ тілінде мазмұндаңыз, ат қойыңыз.

Прежде это был переулок Базарный. Начинался он у протоки

Иртыша, точно стрела, пересекал все старинные городские улицы и

выходил на берег Ульбы. Название свое переулок получил из-за базара,

который занимал целый квартал, на месте которого сейчас разбит парк

Кирова. Здесь же стоял Покровский собор. Фасадом на Базарный

переулок выходил Народный дом, ныне драматический театр имени

Жамбыла. В Народном доме разместились библиотека, музей. В этом же

переулке в начале XX века был построен большой двухэтажный дом купца

Меновшикова. Позже в нем расположилась типография, а затем, после

значительной реконструкции, открылся Музей Искусств.

С 1935 года весь этот район стал меняться. Сместили базар. Снесли

Покровский собор. Разбили парк. И некогда очень шумный переулок

превратился в тихую улочку, которой в 1943 году присвоили имя

земляка-героя Советского Союза Тулегена Тохтарова.

Сұрақтарға жауап беріңіз.

27

Қазір көше кімнің есімімен аталады?

Т.Тоқтаров туралы не білесіз?

Өзіңіз тұратын көше жайлы әңгімелеп беріңіз.

☺ Сұхбатты толықтырыңыз.

- ... ... ... ?

- Бұл Қазақстан көшесі.

- ... .... ... ?

- Трамваймен жетуге болады.

- ... ... ... ?

- Үшінші аялдама.

- ... ... ... ?

- "Астана" шаштаразы Виноградов көшесінде орналасқан.

- ... ... ... ?

- Жақын ғой, жаяу баруыңызға болады.

- ... ... ...?

- Орталық байланыс үйі Қазақстан және Қабанбай батыр

көшелерінің қиылысында орналасқан.

- ... ... ... ... .?

- Үлкен бір қабатты қызыл үй.

Сөйлеу үлгілерін қолданып сұхбат құрастырыңыз.

☺ Сөйлеу үлгілері:

* * *

- Айтыңызшы, драма театры қай жерде орналасқан?

- Жамбыл атындағы драма театры «Жастар» саябағының ішінде

орналасқан.

- Театр алыс па?

- Бірталай жер.

- Нешінші автобуспен баруға болады?

- Нөмір 60 автобуспен баруға болады.

- Қай аялдамадан шығу керек?

- "Бота" дүкені аялдамасынан түсесіз де, көшенің екінші жағына өтесіз.

Саябақтың ішімен тура жүрсеңіз театрды көресіз.

- Көп рахмет.

* * *

- Кешіріңіз, мен "Заңғар" сауда үйін таба алмай жүрмін. Қай бағытқа

қарай жүру керек?

- Осы көшенің бойымен тура жүресіз де оңға бұрыласыз. "Заңғар " сауда

үйі Қазақстан көшесі мен Қабанбай батыр көшесінің қиылысында

орналасқан, Орталық базардың жанында.

- Рахмет, енді табармын.

* * *

- Айтыңызшы, жақын маңда сағат жөндеу шеберханасы бар ма?

28

- Бар. Мына Тұрмыстық қызмет көрсету үйінің ішінде, бірінші қабатта.

- Өте жақсы, рахмет.

* * *

- Сәлеметсіз бе, студенттер қалашығына қалай жетуге болады? Осы

жерден алыс па?

- Онша алыс емес, жаяу баруыңызға болады. Серікбаев көшесінің

бойымен тура жүре берсеңіз, оң жақта көпір бар. Көпірдің аржағында

студенттер қалашығы орналасқан.

☺ Сұхбатты ары қарай жалғастырыңыз

- Алло, Әлішер! Кешіріңіз, мен адасып жүрмін. Орталық байланыс үйіне

қалай жетуге болады?

- Сіз қай жерде тұрсыз?

- Мен МАИ-дың қасындамын.

- Сіз қазір Тәуелсіздік даңғылына жаяу шығып, орталық базар бағытына

жүретін кез-келген автобусқа отырыңыз.

- ... ... ... .

☺ Сұхбатты аяқтаңыз. "Пойызбен жол жүру" тақырыбына

жолдасыңызбен сөйлесіңіз.

- Сіз оқу жағдайыңызға байланысты сапар шегесіз бе?

- ... ... ... .

- Өткен жолы пойызбен қайда бардыңыз?

- ... ... ... .

- Жүрдек пойызға міндіңіз бе?

- ... ... ... .

- Қай бекеттен түстіңіз?

- ... ... ... .

- Сіз пойызға кешігіп қалған жоқсыз ба?

- ... ... ... ... .

- Билетті алдын-ала алдыңыз ба?

- ... ... ... ... .

- Сізді кім шығарып салды, кім қарсы алды?

- ... ... ... ... .

- Неше сағат жүрдіңіз?

- ... ... ... ... .

- Сапарыңыз сәтті болды ма?

- ... ... ... ... .

2.3 КІТАПХАНАДА. ОҚУ ЗАЛЫНДА

29

1-тапсырма. Сөз, сөз тіркестерін пайдаланып, сұрақтарға жауап

беріңіз.

Қандай кітап? - қалың, қымбат, арзан, қызық, ғылыми, әдеби, көркем,

фантастикалық.

Кітапхана қайда орналасқан? - Кітапхана Қазақстан көшесінде, Абай

даңғылында, Ғарышкер көшесінде.

2-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойыңыз.

Ғылыми техникалық кітапхана ... ... орналасқан. Балалар және

жасөспірімдер ... Ғарышкер көшесінде. ... Қазақстан көшесінде

орналасқан.

Керекті сөздер: Абай даңғылында, кітапханасы, Пушкин атындағы

кітапхана.

3-тапсырма. Көршіңізбен қаладағы кітапханалар туралы

сөйлесіңіз.

☺ Сөйлеу үлгілері:

- Маған І.Есенберлиннің "Көшпенділер" романы керек еді.

- Сізде оқырман билеті бар ма?

- Жоқ.

- Онда сізге оқырман билетін алу керек.

- Қандай құжаттар қажет?

- Фотосурет, кітапхана директорының атына өтініш, жеке бас куәлігі.

- Ертең келуге бола ма?

- Болады.

- Олай болса, мен құжаттарымды алып ертең келейін. Сау болыңыз!

* * *

- Маған Абайдың "Қара сөздері" керек еді.

- Оқырман билетіңіз бар ма?

- Иә, бар.

- Оқу залында жұмыс істейсіз бе?

- Рұқсат болса, үйге алайын деп едім.

- Неше күнге аласыз? Кітапханада кітап үш күнге ғана беріледі.

- Жақсы, онда мен үш күнге алайын.

☺ Сұхбат құрастырыңыз.

Балалар және жас өспірімдер кітапханасы қайда орналасқанын сұрап

біліңіз.

Университет кітапханасына жазылыңыз.

30

Өзіңізге қажетті кітапты сұрап алыңыз.

Мәтінді мәнерлеп оқыңыз, толықтырыңыз. Мәтінге ат

қойыңыз.

... ... ...

Өскемен педагогикалық институтының кітапхана қоры 1952 жылы

қалыптаса бастады. Бастапқы қоры 10 мың оқулықтан ғана тұрады.

Алғашында кітапхана Ворошилов көшесіндегі жатақханаға лайықталған

институтта орналасты. 1967 жылы кітапхана институттың жаңа ғимаратына

көшірілді. Онда абономент, кітап қоймасы, студенттер мен оқытушыларға

арналған оқырман залы болды. Кітапхананың қазіргі қорында 1 миллионнан

астам бірлік бар. Бүгінгі таңда 6 филиал мен 3 оқырман, ақпараттық-

информациялық залы бар.

Кітапхананың құрылуына белсенді ат салысқан кітапхана

басқарушылары - Т.Г.Храмушева, К.Г.Балаева, Л.А. Пакина, В.И. Костюк.

Кітапхана қызметкерлері жаңа ақпараттық технологияларды өз

жұмыстарына енгізуде. Олардың ең маңыздысы В.И.Костюктің «Сорос-

Қазақстан» және «Открытое общество» институттарымен сүйемелденген

«Перевод раритетных фондов на электронные носители» және «Расширение

доступа к редким и наиболее ценным единицам хранения» жобалары.

Библиографиялық ақпарат орталығының білікті мамандары

оқырмандарға қажетті ақпараттарды іздеуге көмектеседі. Олардың мақсаты

– оқырмандарға ақпарат кеңістігінде жұмыс істей білуге бағыт беру, курс,

диплом, ғылыми жұмыстарын рәсімдеуге көмектесу.

Бүгінгі таңда университеттің кітапханасында көбі on-line түрінде

берілетін ғылыми электронды ресурстардың 250 мың құжаты бар.

1-тапсырма. Өзіңіз жиі баратын кітапхана, оқу залы туралы

әңгімелеңіз.

2-тапсырма. Сіз өте қызық кітап оқыдыңыз. Ол жайлы

досыңызға айтып беріңіз.

ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ!

Оқырман билеті, тапсырыс қағазы,

шыққан жылы, оқу залы, шифрын

көрсету, тапсырыс беру

☺ Сөйлеу үлгісі:

- Сәлеметсіз бе? Маған "Қазақ тілі және елтану" деген кітапты тауып

беріңізші.

- Тапсырысыңызды өткізіңіз. Сіз кітаптың авторын жазбапсыз.

- Бұл кітаптың авторы Күләш Сариева. Тапсырыс қағазын беріңіз, мен

толықтырып жазайын. Тапсырыс қашан дайын болады?

- 15 минуттан кейін дайын болады. Тапсырысыңызды күте тұрыңыз.

31

- Жарайды.

* * *

- Сіздің кітаптарыңыз дайын. Оқырман билетін қалдырып, оқу залына

өтіңіз. Тағы кітаптар керек болса, қосымша тапсырыс беріңіз.

- Рахмет, ол жайында білемін.

1-тапсырма. Сөйлеу үлгісін, төмендегі сөздерді, сөз тіркестерін

пайдаланып сурет бойынша "Оқу залында" деген тақырыпқа шағын

әңгіме жазыңыз.

Оқу залы, тапсырыс беру, шифрын көрсету, шыққан жылы, баспасы,

көркем шығарма, тарихи кітаптар, лирикалық өлеңдер, салт-дәстүр, әдет-

ғұрып, толтыру, күту, қосымша тапсырыс беріңіз.

2-тапсырма. Тапсырыс қағазын толтырыңыз.

ТАПСЫРЫС ҚАҒАЗЫ

Оқырман билетінің № _________________

___________________________________ оқырманның аты-жөні, тегі

кітаптың шифры _________________

Авторы ____________________

____________________________

____________________________

Кітаптың аты ____________________________

Шыққан жылы, томы, басылым ________________

Тапсырыс берілген күні_______________________

Оқырманның қолы _________________

Берілген мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндіріңіз.

Кітап - білім бұлағы,

Білім - өмір шырағы.

Кітапты жастан оқы,

Басыңа жастап оқы.

("Қазақтың мақал-мәтелдері" кітабынан).

► «Кітап - ең әділ, ең шыншыл, ең сенімді досың» деген В.Гюгоның

сөзін қалай түсінесіз?

2.4 ТҰРМЫСТЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ҮЙІ

Мына сөзді және сөз тіркестерін пайдаланып, төмендегі сұрақтарға жауап

беріңіз.

32

Тұрмыстық қызмет көрсету үйі, шеберхана, химиялық тазарту,

шаштараз, сағат жөндеу, аяқ киім жөндеу, киім тігу, бөлім , зергерлік

салон, фотосалон, көшенің қиылысында, көшенің бойында.

Тұрмыстық қызмет көрсету үйі қай көшеде орналасқан?

Оған қандай көлікпен баруға болады?

Тұрмыстық, қызмет көрсету үйі неше қабатты?

Тұрмыстық қызмет көрсету үйіне жиі барасыз ба?

Қай қабатта қандай бөлімдер орналасқан?

☺ Сөйлеу үлгісі:

- Маған шаш қиғызу керек.

- Қандай үлгімен?

- Өткен айда шашымды "карэ" үлгісімен алғызғанмын, ал енді

басқаша қиғызсам деп едім, сіз қандай кеңес бересіз?

- Келбетіңізге қарай сізге "сессон", "гарсон" үлгілері жарасады деп

ойлаймын.

- Онда "Сессон" үлгісімен қиыңыз.

- Шашыңызды боятпайсыз ба?

- Сіздерде шашты қию және бояу қанша тұрады?

- Бізде шашты қию 500 теңге, шаш бояуы өзіңіздікі болса 100 тенге.

- Жақсы, қымбат емес екен, бояңыз.

- Қандай түске бояйсыз?

- Қараға бояңыз.

Шаштаразға барып шашыңызды боятыңыз, қиғызыңыз.

"АЯҚ КИІМ ЖӨНДЕУ" ШЕБЕРХАНАСЫНДА

Сөйлеу үлгісін және сөздерді пайдаланып, сұхбат кұрастырыңыз.

Қапсырма, өкше, табан, етіктің қонышы, ұлтарақ, нәлі қағу,

желімдеу, шегелеу, өкше қағу, қапсырманы ауыстыру, тігу, биік өкше,

аласа өкше, жайлы, жайсыз, аяқ киім, етік, бәтеңке, туфли, пима, мәсі.

☺ Сөйлеу үлгісі:

- Сіздердің шеберханаларыңызда қандай қызмет түрлері көрсетіледі?

- Мына кестеде қызмет түрлері және бағасы көрсетілген. Сіз

не жөндетейін деп едіңіз?

- Мен етігімнің өкшесіне нәлі қақтырайын деп едім, нәлі қанша тұрады?

- Екі жүз елу теңге.

- Менің аяқ киімім қашан дайын болады?

- Кешке таман келіңіз.

- Сағат нешеде келейін?

- Сағат бес жарымда.

- Жарайды.

Етігіңіздің ұлтаны жыртылып қалды, шеберханаға апарып,

жөндетіңіз.

САҒАТ ЖӨНДЕУ ШЕБЕРХАНАСЫНДА

33

Берілген сөз тіркестерін, сөйлеу үлгілерін пайдаланып жағдаяттар

бойынша сұхбат құрастырыңыз.

Сағат жөндеу, бұзылып қалу, тоқтап қалу, қабырға сағаты, қол сағаты,

қалта сағат, сағаттың тілі, әйнегі, бауы, қалып қояды, озып кетеді, тазалау.

☺ Сөйлеу үлгілері:

- Анар, қайда бара жатырсың?

- Сағат жөндеу шеберханасына барамын, жақын маңда сағат

шеберханасы бар ма?

- Тұрмыстық қызмет көрсету үйінің ішінде 1-қабатта, кіре берісте, оң

жақта.

* * *

- Маған сағат жөндету керек.

- Әкеліңіз, көрейін.

- Сағатыңыздың үлкен тілі майысып қалыпты, түзетіп берейін,

сағатыңыздың ішін тазалау керек.

- Қай уақытта дайын болады?

- Екі күннен кейін дайын болады, біз сағат 6-ға дейін істейміз.

- Қызметіңізге қанша аласыз?

- 270 теңге.

- Ақшасын алдын ала төлеуге бола ма?

- Иә, төлеңіз, сізге түбіртек жазып беремін.

- Рахмет, сау болыңыз!

Жағдаяттар:

Сіздің сағатыңыздың әйнегі сынып қалды.

Сағатыңыз қалып қояды.

Сағатыңыз озып кетеді.

КИІМ АТЕЛЬЕСІНДЕ

Төмендегі сөздерді қолданып, тақырыпқа байланысты әңгіме

құрастырыңыз.

Көйлек, жейде, шалбар, костюм, кеудеше, белдік, жең, жаға, түйме,

қынама бел, жырық, етек, астарлы қалта, мата, жібек, барқыт, шыт, бәтес,

пумази, шағи, пүліш, тігу, тіккізу, қысқа, кең, ұзынырақ, қысқалау, тік

жағалы, гүлді, гүлсіз, бір түсті, ашық түсті, кең иықты, етегі бүрмелі,

қапсырма.

1-тапсырма. Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді жазыңыз.

Мен апама ... шәлі сатып алдым.

Ол ағасының туған күніне ... костюм сыйлады.

Жаңа жыл мейрамына ... матадан кешкі көйлекке тапсырыс бердім.

Құрбыма ... жеңді, қалталы кеудеше ұнайды.

☺ Сөйлеу үлгісі:

- Мен құрбымның үйлену тойына көйлекке тапсырыс берейін деп

едім.

- Өз матаңыздан ба?

- Жоқ, сіздердің маталарыңыздан.

34

- Қандай үлгімен тіккізесіз?

- Ұзындығы тобыққа дейін, белі қыналған, жеңсіз, мойны ашық,

арқасында қапсырмасы бар, ашық түсті жұқа матадан болғанын қалаймын.

- Онда сіз шілтер немесе шифон, барбара маталарын көріңіз. Ұнатқан

матаңыздан тігейік.

- Маған шифон ұнап тұр, осының қызғылт түстісі бар ма?

- Иә, бар. Оның ені 1,40 см, сізге 1,60 см керек.

- Матаның метрі қаншадан?

- Бір метрі 480 теңге.

- Менің тапсырысым неше күнде дайын болады?

- Көйлегіңіз 10 күн ішінде дайын болады. 2 күнен кейін өлшеуге

келіңіз.

2-тапсырма. Суреттен ұнаған киімді таңдап, сол үлгімен ательеге

барып тапсырыс беріңіз.

3-тапсырма. Сөйлемді аяқтаңыз.

Егер костюмнің/көйлектің өлшемі сізге келетін болса, онда ол сізге ….

Егер костюмнің/көйлектің түсі сізге келетін болса, онда ол сіздің ... .

Егер сіз өте жүдеп кетсеңіз, онда көйлек сізге ….

Егер сіз толып кетсеңіз, онда көйлек сізге ….

Егер сіздің балаңыз өсіп кетсе, онда бұрын киген костюмі/көйлегі ... .

Керекті сөздер: дәл, өңіңізді ашады, тар, кең, кішкене.

☺ Сөйлеу үлгісі:

- Мынау не?

- Бұл тон.

- Оны қай кезде киеді?

- Қыста.

* * *

35

- Мынау не?

- Бұл ... .

- Қандай ... ?

- Жібек ... .

- Оны қай уақытта киеді?

- Оны ... киеді.

* * *

- Мынау не?

- Бұл ...

- Қандай ... ?

- Күзгі ...

- Мұны қай кезде киеді?

4-тапсырма. Жазда, қыста, күзде, көктемде киетін сырт

киімдеріңізді сипаттап жазыңыз.

5-тапсырма. Мына сөздермен сөз тіркестерінен сөйлем

кұрастырыңыз.

Биік өкшелі, ұзын жеңді, қайырма жағалы, шалбар, ішік, тымақ, бөрік,

қолғап, шәлі, жібек, көйлек, қысқа қонышты етік.

6-тапсырма. Төмендегі сөздердің антонимдерін табыңыз.

Кең, ұзын, қымбат, көп, жаңа, биік, жеңді, жағалы, сапалы.

7-тапсырма. Дос қызыңыздың киімін сипаттаңыз.

8-тапсырма. Сөйлеу үлгілерін пайдаланып, өзіңізге анаңызға,

іні-қарындасыңызға киім сатып алыңыз.

☺ Сөйлеу үлгілері:

- Не аласыз?

- Маған мәсі керек.

- Нешінші өлшем керек?

- 37-өлшем.

- Мінекей, көріңіз.

- Қара түстісі бар ма?

- Тек қоңыр түстісі қалды.

- Қанша тұрады?

- Екі мың теңге.

- Түсі қоңыр болса да алайық, апам қуанып қалсын.

* * *

- Қандай көйлек аласыз?

- Маған Наурыз мерекесіне киетін әдемі көйлек керек еді.

- Бізде көйлектің түрлері өте көп. Таңдағаныңызды алыңыз.

- Мына көйлектің ашық түстісі бар ма?

- Бар. Көресіз бе?

- Әрине, көрейін. Қай елдікі?

- Польшанікі. Польшадан әкелінген киімдерге сұраныс көп.

- Қандай матадан тігілген?

36

- Жібек матадан тігілген. Айтыңызшы 46-өлшемі бар ма?

- Бар. Киіп көріңіз

- Маған жараса ма? Кең емес пе?

- Сізге құйып қойғандай.

- Қанша тұрады?

- Сегіз мың теңге.

- Мен бұл көйлекті алайын, маған өте ұнап тұр. Өңімді де ашады екен.

- Игілігіңізге киіңіз.

- Рақмет.

Берілген мақалдың мағынасын түсіндіріңіз. Өзіңіз білетін мақалдарды

жазыңыз.

Ағаш көркі жапырақ,

Адам көркі шүберек.

("Қазақтың мақал-мәтелдер" кітабынан).

Мәтінді оқыңыз, аударыңыз.

Сән мен жастар

Жастар сәнінде өзгерістер аз емес. Жасөспірімдерге арналған киім

нұсқаларында классикалық және халықтық үлгілер спорттық стильмен

жарасымды ұштасқан. Қыздар мен жігіттердің киіміндегі жақсы

бетбағыттар барынша сақталған. Кешкі уақытта киіп жүруге қонымды

костюмдер, тар юбкалы жакеттер, шалбарлар мен басқа киім түрлерін кию

кеңінен қолданыс табуда.

Сән үлгілері жұртшылықтың биік талғамын қанағаттандыруға қызмет

етеді. Әрине, барлық адамның талғамына сай дайын үлгі болуы мүмкін

емес.

("Парасат" журналынан).

Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

Соңғы кезде жастар қалай киінеді?

Кешкі уақытта киетін киім үлгілері қандай болуы мүмкін?

Барлық адамдар бірдей киінуі мүмкін бе?

Қазіргі кездегі киім киюде қандай ерекшеліктер байқалады?

Қазақтың ұлттық киімдерінен сізге қайсысы ұнайды?

Сәнді киінетіндердің барлығын мәдениетті адам деуге бола ма?

Жағдаяттар бойынша сұхбат құрастырыңыз.

Сіз дүкенге келдіңіз. Іздеп жүрген бұйымыңыз дүкенде сатылып

жатыр. Ол қандай бұйым? Сол туралы әңгімелеп беріңіз.

Сіз кешкі көйлек сатып алдыңыз. Көйлектің тігілу үлгісі туралы

құрбыңызға айтып беріңіз.

Танысыңыз Алматыға бармақшы. Өзіңізге құндыз жағалы пальто

әкелуін өтініңіз. Оны сипаттап айтыңыз. Ол сізге қандай сұрақтар

қоюы мүмкін?

Достарыңызбен "Сән" журналын көріп отырсыз. Өзіңізге ұнаған киімді

сипаттаңыз.

37

Сөйлемдерді толықтырыңыз.

Толық әйелдерге ... жарасады.

Толық әйелге ... жараспайды.

Керекті сөздер: Ұзын кеудеше, куртка, кең етекті киім, ұсақ гүлді матадан

тігілген киім, жалпақ белбеу, белдіксіз (без пояса) көйлек, ірі гүлді матадан

тігілген.

Мәтінді мәнерлеп оқыңыз,толықтырыңыз.

КИМЕШЕК

Кимешек - қазақ әйелдерінің киелі бас киімі. Кимешек ақ матадан

немесе ақ жібектен молдау пішіліп, адамның басын, иығын, кеудесі мен

жауырынын жауып тұрады. Кимешек тек бас киім ғана емес, әйел

адамның "мінездемесінің" де орнына жүреді. Кимешекке қарап әйелдің

шырайын, жас мөлшерін, тұрмысын, жүріс-тұрысын ажыратуға болады.

Аналарымыздың ұқыптылығы мен салақтығы да кимешектен көрінеді.

Кимешектің түрі мен тарихы әр түрлі. Олар көбінесе рулық, тайпалық

өмір ерекшеліктеріне байланысты.

Кимешекті әшекейлеп те, ою-өрнектермен безендіріп те киген. Ол да

әйелдің жас мөлшеріне, тұрмысына байланысты болған.

("Ана тілі" газетінен).

БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСЫ

1 - нұсқа

1. Берілген сөздерді жекеше және көпше түрде жіктеңіз.

Мүсінші, аудармашы, қаржыгер.

2. Етістіктерді ауыспалы осы шаққа қойып сөйлем құрастырыңыз.

Қыдыру, қарсы алу, үйді жинау, телефон соғу, тамақ әкелу, кітап оқу.

3. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, сөйлемдерді аяқтаңыз.

1. Мен тойға әдемі, жаңа үлгімен тігілген көйлек ... .... . 2. "Заңғар"... ... қай

жерде орналасқан? 3. Ұлжан ертең баяндама ... . 4. Менің театрға ... ... .

5. ... , жылдың ең жақсы мезгілі - қыс. 6. Таңертең қар жауады, жел ... . 7.

Зәуре дүкеннен азық-түлік ... ... . 8. Маржан, Сымбат сені мұражайдың

қасында ... .... . 9. Бүкіл қаланы аралап шығу үшін көп ... керек.

Керекті сөздер: соғады, сауда үйі, іздеп жүрмін, әкеле жатыр, жасайды,

уақыт, меніңше, барғым келеді, күтіп тұр.

38

4. Қарамен жазылған сөздердің қай септікте тұрғанын белгілеңіз.

1. Шоқан әжесінің бауырында өсті. 2. Қазақтың ұлы жазушысы М. Әуезов

"Абай жолы" эпопеясын ақын өміріне арнады. 3. Қағазды біздің

заманымыздың бірінші ғасырында қытайлықтар ойлап тапты. 4. Ине

ағаштан, сүйектен, қоладан, содан соң темірден істелген. 5. ХІХ

ғасырдың ортасында осы күнгі қолшатырды енгізгені үшін ағылшын

Г.Фокске патент берілген. 6. Мақпал Қуанышпен Ертіс өзенінің

жағасында қыдырып жүр. 7. Олжас базарға жеміс-жидек алуға кетті. 8.

Бүгін жиналысқа барудың қажеті жоқ, өйткені келесі аптаға ауыстырды. 9.

Оңал өзінің туған күнін достарымен "Жайлау" дәмханасында өткізді. 10.

"Алтай" стадионынан келе жатырсыз ба?

5. Мақал-мәтелдерді аяқтаңыз және өзіңіз оқу-білім туралы 5 мақал-

мәтел жазыңыз.

Ағайын тату болса ат көп , ... ... ... ... ... .

Отан-елдің анасы, ... .... ....

Дұшпан күлдіріп айтады, ... ... ... .

Ет- етке, .... .... .

(«Қазақтың мақал-мәтелдері» кітабынан).

2 -нұсқа

1. Берілген етістіктерді жедел өткен шаққа қойып, сөйлем

құрастырыңыз.

Айту , ішу, тыңдау .

2. Берілген сөздерге жіктік жалғауын жалғаңыз, сөйлем құрастырыңыз.

Бағдарламашы, тігінші, кәсіпкер.

3. Көп нүктенің орнына тиісті септік жалғауларын қойыңыз.

1. Спорттың қай түрі... шұғылданып жүрсіз? 2. Мейрамгүл жеңгесінің туған

күні... алтын сырға сыйлады. 3. Бүрсігүні тауға шаңғы тебу... барамыз.

4. Еркінбек... қыздары ағылшын тілін бала кез... меңгерген еді. 5. Өскемен

қаласы... көрікті жерлер көп. 6. Жамбыл саябағы... бару үшін жолдан өту

керек. 7. № 44 автобусқа қай аялдама... отыруға болады? 8. Кеше біз

өлкетану мұражайы... дейін жаяу бардық. 9. Сіз І.Есенберлиннің

"Көшпенділер"романы... оқыдыңыз ба?

4. Етістіктердің қай шақта тұрғанын анықтаңыз.

1. Бейбіт пен Жанұзақ шахмат ойнап отыр. 2. Сен ұйықтап отырсың ба?

3. Ұлжан өзенге шомылуға бара жатыр. 4. Сіздер Қостанайдан қашан

келдіңіздер? 5. Кәрім биыл математика пәнінен жарысқа қатысқан жоқ. 6.

Жұмыстан кейін моншаға бармақпыз. 7. Менің сағатымды әлі жөндемепті.

8. Қырмызы Жаңа Жыл мейрамына көйлек тіккізбекші. 9. Айзада, сен

39

қысқы емтиханды қалай тапсырдың? 10. "Ән мен әнші" бағдарламасы сізге

ұнай ма?

5. Мақал - мәтелдерді аяқтаңыз. Оқу-білім туралы 5 мақал-мәтел

жазыңыз.

Ас адамның ... .

Еңбектің наны тәтті, ... .... .... .

Туған жердің қадірін, … .... .... .

Көп сөз – күміс, ... .... .... .

(«Қазақтың мақал-мәтелдері» кітабынан).

ГЛОССАРИЙ

Қала

әкімшілік орталығы - административный центр

ғимарат - здание

даңғыл - проспект

демалыс орындары - зоны отдыха

мұражай - музей

өнеркәсіп - промышленность

қарсысында – напротив

алдында - перед

қасында, жанында - возле, около, рядом

ескерткіш - памятник

балалар және жас өспірімдер кітапханасы - библиотека детей и подростков

орталық кітапхана - центральная библиотека

азық-түлік дүкені - продовольственный магазин

40

алаң - площадь

әмбебап дүкені - универсальный магазин

жоғары оқу орындары - вузы

орталық мәдениет үйі - центральный дом культуры

саябақ - парк

Жамбыл атындағы саябақ - парк имени Жамбыла

жастар қаласы - город молодежи

Қала ішін бағдарлау

айтыңызшы - скажите пожалуйста

аялдама - остановка

аяқ киім - обувь

қай жерде орналасқан - где находится, где расположено

қалай жетуге болады - как можно добраться

бағыт- направление

артында - за

жаяу - пешком

зергерлік салон - ювелирный салон

көлік - транспорт

сауда үйі - торговый дом

тапсырыс - заказ

тұйық көше, көлденең көше - переулок

түбіртек- квитанция

шаштараз - парикмахерская

шаш қию - стрижка

шеберхана - мастерская

химиялық тазарту - химчистка

ақпарат - информация

аялдама - остановка

баспа - издательство

оң жақта - справа

сол жақта - слева

бұрылыс - поворот

бұрылу - поварачиваться

жолақы - плата за проезд

Тұрмыстық қызмет көрсету

сағат жөндеу - ремонт часов

қол сағаты - ручные часы

шыны, әйнек - стекло

түсіріп алу - уронить

қабырға сағаты - настенные часы

озып кету - спешить

қалып қояды - отстают

41

көрсету - показывать

сынып қалу - сломаться

салып беру - вставить

тоқтап қалу - останавливаться

қапсырма - замок, застежка

етікші - сапожник

етік - сапог

қысқа қонышты етік - полусапожки

қоныш - голенище

нәлі - набойка

өкше - каблук

тарылту - сузить

ұлтан - подошва

ұлтарақ - стелька

мерзім - срок

төлеу - платить

түбіртек - квитанция

түстен кейін - после обеда

қашан дайын болады - когда будет готова

алдын ала төлеу - предоплата

кешке - вечером

Киім ательесі

молдау пішілу - свободный покрой

нұсқа - фасон

жарасымды - сочетаеться

қонымды - подходящий

талғам - вкус

қалау - выбор

жауып тұру - покрывать, укрывать

әшекейлеу - украшать

тігу - шить

өлшеу - примерять, примерить

өлшем - размер

киім өлшейтін орын - примерочная

жаңа үлгімен тігілген, сәнді - модный

қысқарту - сократить,укорачивать

қысқы тон - полушубок

қызыл қошқыл - вишневый

қызғылт сары - оранжевый

алқызыл орамал - алый платок

сізге жарасады - Вам к лицу

түсі қандай - какого цвета

қоңыр - коричневый

қара көк - темно синий

сұр - серый

42

сапа - качество

ашық түсті - светлый

гүлді - цветной

бір түсті - однотонный

мата - ткань

тапсырыс беру - заказать

кешкі көйлек - вечернее платье

жейде - рубашка

түйме - пуговица

киім - одежда

пішін-тігін - кройка и шитье

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Алтайбаева М. Интенсивный курс казахского языка/ М.Алтайбаева,

Т.Аренова, К.Исинова. -Алматы: Ана тілі, 1998.

2. Аққозин М. Қазақ мақал-мәтелдері /М.Аққозин - Алматы: Қазақстан,

1990.

3. Бектуров Ш. Қазақ тілі. /ІШ.Бектуров, М.Серғалиев.-Алматы: Білім, 1994.

4. Бектуров Ш. Қазақ тілінің қалталық оқулығы /Ш.Бектуров,

А.Бектурова.-Алматы, 1997.

5. Бектурова А.Казахский язык для всех./А.Бектурова, Ш.Бектуров.-Алматы:

Атамұра, 2004.

6. Бектаев Қ. Үлкен орысша-қазақша сөздік/Қ.Бектаев.-Алматы: Алтын

Қазына, 1999.

7. Жылқыбаева А.Ш., Хусаинова М.Ж. Қазақ тілі /А.Ш.Жылқыбаева,

М.Ж.Хусаинова, А.А.Айтқазина, Ж.А.Сейфолданова, Б.А.Қырықбаева. -

Өскемен, ШҚМУ, 2003.

43

8. Маманов Н. Қазақ тілі/ Н.Маманов.- Алма-Ата:Мектеп, 1989.

9. Матей Л.П. Русский язык /Л.П.Матей, Чон Ган, Г.А.Маткаримова,

С.А.Лирцова, В.Б.Матей, К.П.Огородникова.-Усть-Каменогорск, 1997.

10. Оразбаева Ф. Ускоренный практический курс обучения казахскому

языку/Ф.Оразбаева.-Алматы: Білім, 1996.

11. Сариева К. Қазақ тілі/ К. Сариева.-Алматы:Білім, 2000.

12. Сариева К. Мы говорим по-казахски/ К.Сариева.-Алма-Ата:Казахстан,

НЛЦ, Балқия, 1992.

13. Салиева У. Қазақша сөйлеп үйренейік/У.Салиева.-Алматы:Рауан, 1995.

14. Сүлейменова Э.Д.Сұхбат: Қазақ тілі-Казахский язык. Учебный

комплекс/Э.Д.Сүлейменова, Қ.Қ.Қадашева, Д.Х.Ақанова.-Алматы: ИД.

Жібек жолы, 1996.

15. Сүлейменова Э.Д.Анықтағыш: Қазақ тілі- Казахский язык. Учебный

комплекс/Э.Д.Сүлейменова, Қ.Қ.Қадашева, Д.Х.Ақанова.-Алматы: ИД.

Жібек жолы, 1996.

16. Кратенко А. Усть-Каменогорск на стыке веков /А.Кратенко.- Усть-

Каменогорск: Автор, 1999.

17. Қожахметова Х.Қ. Қазақша-орысша фразеологиялық сөздік

/Х.Қ.Қожахметова, Р.Е. Жайсақова, Ш.О. Қожахметова -Алма-Ата "Мектеп",

1988.

18. Ахметжанова Ф.Р. Қазақ тілі /Ф.Р.Ахметжанова, А.Х.Сағитова.-

Өскемен:С.Аманжолов атындағы ШҚМУ баспасы, 2006.

19. Усть-Каменогорск 1720-2000 /Усть-Каменогорск. На стыке веков. Ред.:

А.Кратенко. Изд.: "АВТор", 1999.

20. С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың энциклопедиясы. Өскемен, 2007,67-

68бет.

ІІІ бөлім

ШЫҒЫСТАҒЫ БІЛІМ ОРДАСЫ

3.1 ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Мәтінді толықтырып, ат қойыңыз.

... ...

44

Жұмаш Кәрімұлы Уәлиев өмірінің 40 жылдан астам уақытын

Қазақстанның Шығысындағы алғашқы жоғары оқу орны - Өскемен

педагогикалық институтының (ӨКПИ), қазіргі Шығыс Қазақстан

мемлекеттік университетінің құрылуы мен дамуына арнаған.

Қажырлы да жемісті еңбегі үшін ол үш мәрте "Құрметті" деген атаққа

ие болды: "Құрмет белгісі" (1961 ж.); "ШҚМУ-дың Құрметті профессоры"

(1993 ж.); "ШҚМУ-дың Құрметті ректоры" (2000ж.). 1981 жылдан -

Қазақстан жоғары мектебінің еңбек сіңірген қызметкері.

(М.Г. Дементьев "Ж.К.Уәлиев - тұлға, ұстаз, ғалым" кітабынан).

Мәтінді қазақ тілінде мазмұндаңыз, сұрақ құрастырыңыз,

толықтырыңыз.

ВКГУ

История вуза началась 5-го июля 1952 года с распоряжения Совета

Министров СССР, согласно которому Семипалатинский учительский

институт был переведен в г. Усть-Каменогорск и в педагогический институт.

На протяжении четырех десятилетний институт был одним из ведущих вузов

не только в Республике, но и в СССР. В 1991 году Усть-Каменогорский

педагогический институт был преобразован в Восточно-Казахстанский

государственный университет, который стал третьим университетом в

Казахстане, ровесником суверенного государства.

В октябре 2003 года Постановлением Правительства Республики

Казахстан Восточно-Казахстанскому государственному университету

присвоено имя Сарсена Аманжолова - известного ученого лингвиста-

тюрколога, профессора. Наш университет по праву считают

образовательным, культурным, научным и экологическим центром

Восточного Казахстана. Подготовку специалистов осуществляют 8

факультетов, на которых работают 800 высококвалифицированных

преподавателей, среди которых свыше 40 профессоров, докторов наук, 200

доцентов, кандидатов наук.

Университет - активный член трех Международных ассоциаций:

Евразийской ассоциации университетов, международной академии Высшей

школы и Ассоциации университетов Западной Сибири. Это подтверждение

его высокого статуса. В учебном процессе активно используются

инновационно-образовательные технологии обучения ... (Абитуриенту 2008,

Усть-Каменогорск).

Өскеменде тағы да қандай жоғары оқу орындары бар? Олардың

тарихы туралы сіз не білесіз?

Өзіңіз оқу-білім туралы қандай мақал-мәтел білесіз?

Мақалдардың мазмұнын түсіндіріңіз.

Білімнің басы — бейнет, соңы — зейнет.

Жеті жұрттың тілін біл,

Жеті түрлі білім біл.

Білегіңе сенбе, біліміңе сен.

45

( "Қазақтың мақал-мәтелдері " кітабынан ).

Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

Сіз қайда оқисыз? Өскемен қаласында қандай жоғары және арнаулы орта

оқу орындары бар? Сіздің әке-шешеңіз қандай жоғары оқу орындарын

бітірген? Сіздің досыңыз (ағаңыз, ініңіз, қарындасыңыз т.б) қай оқу

орнында оқып жүр?

☺ Сөйлеу үлгілері:

- Арман сен қайда оқисың?

- Мен Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде оқимын.

- Ал сен ше, Қайсар?

- Мен Гумилев атындағы Еуразия университетінде оқимын.

* * *

- Әйгерім қай оқу орнында оқып жүр?

- Ол Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-да оқып жүр.

- Аяулым, өзің қайда оқып жүрсің?

- Мен "Әділет" жоғары құқық мектебінде оқып жүрмін.

* * *

- Менің әкем 1976 жылы Өскемен педагогикалық институтының

математика факультетін бітірген. Анам да жоғары білімді адам. Ол

дәрігер.

- Менің де анам дәрігер, ал әкем инженер. Ол Өскемен педагогикалық

институтын 1980 жылы сырттай оқып бітірген.

Жоғарыда берілген 1-2 үлгі бойынша сұхбат құрастырыңыз. 3-үлгі

бойынша ата-анаңыз туралы әңгімелеңіз.

ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ!

Білім — жоғары, арнайы орта, техникалык,

гуманитарлық, педагогикалық, орта.

1-тапсырма. Сөйлем құрастырыңыз.

Оқимын, оқу, жоғары, орнында, мен. Факультетінде, және, математика,

техника, оқимын, физика. Құрылғанына, жыл, 10, университеттің, 2001,

толды, жылы. Қауымдастығының, мүшесі, университет, біздің, Еуразия.

2-тапсырма. Сөйлемді толықтырыңыз.

Өскемен жастар қаласы, себебі мұнда бірнеше ... бар. Біздің университетте

12000 ... білім алады. ШҚМУ ... өзенінің оң жағында орналасқан.

Университетте жыл сайын ..., ..., ..., ... өткізіледі. Студенттердің көпшілігі ...

жұмыспен айналысады.

3-тапсырма. Мына сөздерді жатыс септігіне қойып, сөйлем

құрастырыңыз.

Ғылыми Кеңес, оқу залы, кітапхана, жатақхана, университеттің қасы (маңы),

кітапхананың іші, дәрісхана, баспахана, қабылдау.

4-тапсырма. Тиісті етістікті қойып, сөйлемді аяқтаңыз.

Университет әкімшілігі бас ғимараттың екінші қабатында (жатыр,

орналасқан). Университет баспаханасы студенттерге қажетті оқу құралдарын,

46

оқытушылардың ғылыми еңбектерін баспадан (шығарады, жазады). Біздің

университет жоғары білімді заң, экономика, информатика, тарих мамандарын

(даярлайды, жібереді). ШҚМУ-да информатика орталығы бас ғимаратта

(орналасқан, көрсетілген). Бірінші ғимаратта тарихи мұражай (бар, тұр).

5-тапсырма. Берілген етістіктерді ауыспалы осы шаққа қоя

отырып, сөйлем құрастырыңыз.

Тапсыру, дайындау, өткізу, жаздырып алу, шұғылдану, тексеру, жазу,

тыңдау, беру, көру, жаттау, үйрену.

6-тапсырма. Сөз, сөз тіркестерін пайдаланып, шағын мәтін

құрастырыңыз.

Семей қаласы, мұғалімдерді даярлау, А.Н.Трунов атындағы денсаулық

орталығы, көпсалалы колледж, алғашқы директор, ҚР-сының тұңғыш

Президенті атындағы жоғары инновациялық білім беру орталығы,

В.И.Петров атындағы Қазақстан тарихы әдістемелік кабинеті, ректор, 1952

жыл, Бажов көшесі, "Имидж" газеті, мерейтой, бас ғимарат, 1991 жыл,

құрылды, ашылды, жатақхана, Шығыс өңірі, университет, 2003 жыл,

С.Аманжолов-түркітанушы, баспахана, ескерткіш, мамандық түрлері, оқу

залы, кітапхана, мұражай, 2007 жыл.

Жағдаяттар бойынша сұхбат құрастырыңыз.

Сіз талапкерсіз. Университеттің қабылдау коммиссиясынан мамандық

түрлері туралы сұрап біліңіз.

Басқа қаладан келген досыңызды/құрбыңызды университет

мұражайымен таныстырыңыз.

Сіз басқа оқу орнынан ауысып келдіңіз, ШҚМУ туралы

топтастарыңыздан сұрап, біліңіз.

3.2 СӘРСЕН АМАНЖОЛОВ

47

Мәтінді оқыңыз, жоспар құрастырыңыз, мазмұндаңыз.

Қазіргі қазақ тілі негізін салушылардың бірі, түркітанушы, филология

ғылымдарының докторы, Қазақ ҚСР ҒА корреспондент мүшесі. Сәрсен

Аманжолов Шығыс Қазақстан облысындағы Ұлан ауданының Егінсу

ауылында дүниеге келген. 1930 жылы Орта Азия мемлекеттік университетін

бітіргеннен кейін, 20 жыл бойы Қазақтың Абай атындағы педагогикалық

институтында қазақ тілі кафедрасын басқарды.

Сәрсен Аманжоловтың тікелей қатысуымен орта және жоғары оқу

орындары үшін бірнеше оқулықтар мен оқу бағдарламалары шығарылды. Ол

жасаған жаңа алфавит пен орфография жобасы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің

5-сессиясында қабылданды.

Аманжоловтың терең айналысқан ғылыми мәселелерінің ауқымы

айтарлықтай кең: қазақ тілінің тарихы мен диалектологиясы,

терминология, грамматика, орфография. Әсіресе қазақ диалектологиясы

саласындағы зерттеуі айрықша құнды. Ол ұлттық әдеби тілдің диалектілік

айырмашылықтарын зерттеуді бастағандардың алғашқысы еді.

1942 жылы Аманжолов майданға аттанды. Әскери журналист болды.

Соғыстан соң Аманжолов Қазақ ҚСР ҒА Тіл және әдебиет институтында

істейді. Оның ұзақ жылғы зерттеуінің нәтижесі - «Қазақ тілі диалектологиясы

мен тарихының мәселелері» туралы кітабы өз кезінде ғылыми ортада үлкен

оқиға болды. Бұл еңбегінде ғалым қазақтың халық тілі мен әдеби тілі

арасындағы байланыс сырын ашты, ұлттық жазба әдебиетіміз тарихын зерттеді.

Аманжолов отандық тарих ғылымына да аз үлес қосқан жоқ.

1-тапсырма. Сөз тіркестерімен сөйлем құрастырыңыз.

Білікті маман, ұлы адам, атақты ғалым, дарынды бала, ұлы ойшыл, тамаша

ақын.

2-тапсырма. Берілген сөз, сөз тіркестерін септеңіз, сөйлем

құрастырыңыз. С.Аманжолов, оқу залы, С.Аманжолов оқулары, ескерткіш,

түркітанушы.

3-тапсырма. Мәтінді пайдаланып, сөйлемдерді толықтырыңыз.

С.Аманжолов Мәскеу қаласында "Қызыл Армия үгітшісі блокнотының" ...

... болды. Ол - алғаш рет ғылым кандидаттығы дәрежесін алған ... болды.

Ғалымның тікелей қатысуымен 1946 жылы 2 томдық ... жарық көрген.

48

С.Аманжолов - отандық ғылым үшін бірнеше ... даярлаған ұстаз. Біздің

университетте жыл сайын ... атты халықаралық ғылыми-практикалық

конференция өткізіледі.

Керекті сөздер: тілші - ғалым, жауапты редакторы, С.Аманжолов

оқулары, маман-шәкірттер, орысша-қазақша сөздігі.

4-тапсырма. "С.Аманжолов - ғалым, түркітанушы" тақырыбына

шағын шығарма жазыңыз.

5-тапсырма. Жағдаяттар бойынша сұхбат құрастырыңыз.

Сізге "С.Аманжолов - қазақ тіл ғылымының негізін салушы "

тақырыбына реферат жазу керек. Кітапханаға тапсырыс беріңіз.

Тобыңызбен университет мұражайында болдыңыз. Алған әсеріңіз

туралы досыңызбен сұхбаттасыңыз.

3.3 МАМАНДЫҚ

Мәтінді оқыңыз, сұрақтарға жауап беріңіз.

Менің атым - Қайсар. Біздің отбасымызда әр түрлі мамандықтың

иелері бар. Әкем - жоғары білімді заңгер, анам - тәжірибелі ұстаз, ағам -

тілші. Ол ағылшын-неміс тілдерінде еркін сөйлейді. Жеңгем

бағдарламашы. Ол компьютерді жақсы меңгерген. Олар өз істерінің

шебері. Мен де соларға ұқсағым келеді. Мен студентпін. Филология және

журналистика институтының орыс тілі филологиясы бөлімінде оқимын.

Мен болашақ тілшімін. Тіл тарихы мені өте қызықтырады. Арманым

жоғары білімді тіл маманы болу. Ол үшін тиянақты білім алу керек. Қазір

біз тәжірибелі ұстаздардан дәріс аламыз. Менің мақсатым болашақта

шетел авторларының көркем шығармаларын қазақ тіліне аудару және қазақ

классикалық әдебиеті мен фольклорының тарихын зерттеу.

Отбасы мүшелері қандай мамандықтың иелері?

Қайсар қайда оқиды?

Оның болашақ мамандығы қандай?

Оның болашақтағы мақсаты қандай?

Мәтінде берілген мамандықтарды атап, оларды толықтырыңыз.

1-тапсырма. Төмендегі сөздерді жіктеңіз.

Заңгер, тілші, аудармашы, құрылысшы, мұғалім.

Кім не істейді?

Үлгі: Балықшы балық аулайды.

Дәрігер адамдарды емдейді.

Аудармашы эколог

құрылысшы наубайшы

заңгер жұмысшы

суретші тәрбиеші

бағдарламашы мұғалім

жүргізуші жаттықтырушы

сатушы сәулетші

Керекті сөздер: кеңес береді, нан пісіреді, зауытта жұмыс істейді,

бала оқытады, бала тәрбиелейді, болашақ спортшыларды жаттықтырады,

49

сурет салады, машина жүргізеді, ғимараттың жобасын жасайды,

аударады, үй салады, ауаның тазалығын қадағалайды, дүкенде жұмыс

істейді, компьютермен жұмыс істейді.

2-тапсырма. Кестедегі берілген мамандықтың біреуін таңдап, сол

туралы әңгімелеңіз.

тігінші

шаштараз бағдарламашы

сәулетші аудармашы

жүргізуші наубайшы

наубайшы

Мына үлгі бойынша көршіңізбен, әріптесіңізбен мамандық туралы

сөйлесіңіз.

Үлгі:

- Сіздің мамандығыңыз қандай?

- Мен экономистпін.

- Ал, сіздің мамандығыңыз қандай?

- Мен дәрігермін

* * *

- Сәлеметсіз бе, танысуға бола ма?

- Танысайық, менің атым Айсұлу, ал сіздің атыңыз кім?

- Менің атым Мұрат. Айсұлу сіз қайда жұмыс істейсіз?

- Мен асханада жұмыс істеймін.

- Сіз даяшысыз ба?

- Жоқ, аспазбын, ал сіз кім болып істейсіз?

- Мен Ауыл шаруашылығы министрлігінде заңгер болып жұмыс

істеймін.

3-тапсырма. Мына суреттерде қандай мамандық иелері

бейнеленген? Олар немен айналысады? Досыңызбен отбасы

мүшелерінің мамандығы туралы сөйлесіңіз.

Мамандық

50

4-тапсырма. Сөз тіркестерінің орыс тіліндегі баламасын табыңыз.

Сөйлем құрастырыңыз.

Өз жұмысын істемейтін, біреудің жұмысына кірісіп жүретін; өз

білгенімен істемей, жоғарыдан нұсқау күтіп отыратын; өте жай

қимылдайтын, үнемі көңілсіз жүретін; барлық жұмысқа белсенді

қатысатын; өзінше шешім қабылдай алатын.

Жұмысты бес саусағындай білетін; жұмысқа білегін сыбанып кірісіп

кететін; ауырдың үстімен, жеңілдің астымен жүретін.

Сөйлемді оқып, сұрақтарға жауап беріңіз.

Жас жігіттің мамандық таңдаудағы ойлары (К.Маркстің гимназияны

бітірерде жазған шығармасы).

... Егер адам тек өзі үшін еңбек етсе, ол, шамасы, атақты ғалым, ұлы

ойшыл тамаша ақын бола алады, бірақ ешқашан нағыз жетілген

білікті әрі ұлы адам бола алмайды.

("Қазақ күнтізбесінен").

Маркс мамандық туралы не айтты?

"Адамның баласы - бауырың, әкесінің баласы - дұшпаның" деген

Абайдың сөзін сіз қалай түсінесіз?

Сіздің мамандығыңыз өзіңізге ұнай ма?

5-тапсырма. Мамандық атауларын сала бойынша қойып

жазыңыз.

а) Ой еңбегі саласы -

ә) Өндіріс саласы -

б) Ауыл шаруашылық саласы -

в) Тұрмыстық қызмет көрсету саласы -

г) Өнер саласы -

Керекті сөздер: жазушы, жұмысшы, құрылысшы, балташы, іскер, малшы,

қойшы, есепші, кенші, даяшы, тоқымашы, тілші, жүргізуші, әртіс, ғалым,

бағбан, суретші, аспаз, сауыншы, ақын, тігінші, мақташы, ұшқыш, егінші,

бояушы, теңізші, сәулетші, пошташы, жауынгер, жорналшы, әнші, зергер,

тракторшы, мүсінші, биші, орманшы, аудармашы, хатшы, филолог, сағат

шебері, экономист, металлург, инженер, геолог, сатушы, мал дәрігері,

агроном, дәрігер, балықшы, шаштараз, қобызшы, заңгер, мұғалім,

домбырашы, композитор, менеджер, сырнайшы, аяқ киім жөндеуші.

51

Өзіңіздің болашақ мамандығыңыз туралы "Менің арманым"

атты тақырыпқа шағын шығарма жазыңыз.

☺ Өлеңді мәнерлеп оқып, жаттап алыңыз.

Кім болғым келеді?

Тау мен тасты қопарар, Алар озып бәйгені,

Кенші болғым келеді. Малшы болғым келеді.

Достық сәлем апарар, Жеткен жыры ғаламға,

Елші болғым келеді. Ақын болғым келеді.

Темір жонар екпінді, Ақ ниетті адамға,

Токарь болғым келеді. Жақын болғым келеді.

Жолда өткізер көп күнді, Ғарышқа ұшқан ағамдай,

Шофер болғым келеді. Көкке жеткім келеді.

Ұлағатты атанған, Елім үшін аянбай,

Ұстаз болғым келеді. Еңбек еткім келеді.

М.Құрманалин.

Мақал-мәтелдердің мағынасын қалай түсінесіз?

Шешеннің сөзі мерген,

Шебердің көзі мерген.

Шебердің қолы көпке ортақ.

Жігітке жеті өнер аз,

Жетпіс өнер көп емес.

Сөзжұмбақ "Мамандық"

Берілген сөздерді қазақ тіліне аударып, торларды толтырыңыз.

1. специалист

2. повар

3. животновод

4. агроном

5. инженер

6. переводчик

7. продавец

8. маляр

ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫ

52

Сұрақтарға жауап беріңіз.

Ана тілін адамдар кішкене кезінен (анасынан,

әкесінен, апасынан, атасынан)

ер жеткенде (мектепте,

кітаптан, газеттен, журналдан,

радиодан, теледидардан, кинодан,

театрдан)

үйренеді.

Сіздің ана тіліңіз қай тіл?

Сіз қай тілде сөйлейсіз?

Сіз ана тілін кімнен үйрендіңіз?

"Ана тілі" деген ұғымды қалай түсінесіз?

Ана тілінен басқа тағы қандай тілдерді білесіз?

Қазақ тілін қашаннан үйреніп жүрсіз?

Сөйлем құрастырыңыз.

Қазақ қазақ тілі

Ұйғыр ұйғыр тілі

Неміс халқының тілі неміс тілі

Орыс орыс тілі

Ағылшын ағылшын тілі

Өзбек өзбек тілі

Кәріс кәріс тілі

☺ Сөйлеу үлгілері:

- Сіздің ұлтыңыз кім?

- Мен ағылшынмын (орыспын, неміспін, украинмын).

- Сіз қазақша сөйлей аласыз ба?

- Жоқ, онша жақсы білмеймін.

- Сіз менің сөзімді түсініп тұрсыз ба?

- Аздап түсініп тұрмын.

* * *

- Сіз қазақша сөйлей аласыз ба?

- Иә, мен қазақша жақсы сөйлеймін.

- Қазір сіздерде қай сабақ?

- Қазір бізде қазақ тілі сабағы.

* * *

- Мәншүк, қазақ тілі сабағынан қандай тапсырма берді?

- Қазақ тілі сабағынан "Су құдіреті" деген мәтінді оқып, мазмұнын

әңгімелеу, денсаулық туралы 5 мақал-мәтел жазып, жаттау берілді.

Тапсырма. Сөздерді және сөз тіркестерін пайдаланып, сөйлем

құрастырыңыз.

Түсіну, білу, жетік білу, аудару, сөйлеу, сөйлесу, жауап беру, сұрақ қою,

мәнерлеп оқу, мазмұнын айту, емтихан (сынақ) тапсыру, менің ойымша, қиын,

оңай.

53

Мәтінді мәнерлеп оқыңыз, сұрақтарға жауап беріңіз.

Қазақ тілі сабағында

Мен биыл қазақ тілін оқып жүрмін. Өйткені біздің Республикамызда

тұратын барлық ұлттардың өкілдері мемлекеттік тілді білуге тиіс. "Қос тіл -

қос қанатың" дейді халық. Бізде қазақ тілі сабағы аптасына екі рет

болады: дүйсенбі және сәрсенбі күндері. Қазақ тілі қазақ халқының ана

тілі. Ол 1989 жылы мемлекеттік мәртебе алды. Біз қазақ тілі сабағында

жаңа сөздермен сөйлем құрастырамыз, бір-бірімізге сұрақ қоямыз және

сұрақтарға жауап береміз, сұхбат құрастырамыз, әңгімелесеміз, мәтіндер

оқимыз, оларды аударамыз, ән үйренеміз, мақал-мәтел, жаңылтпаштар

жаттаймыз, сөйлемдерге грамматикалық, фонетикалық талдаулар

жасаймыз. Кейде шағын шығарма немесе мазмұндама жазамыз. Сурет

бойынша әңгіме құрастырамыз. Сабақта қазақша сөйлейміз. Қазақ тілі

пәнінің оқытушысы Қарлығаш Қуанышқызы. Қазақ тілі менің екінші ана

тілім. Мен қазақша аздап /жақсы, жетік/ білемін.

Қазақ тілін сіз қашаннан оқып жүрсіз?

"Қос тіл - қос қанатың" дегенді қалай түсінесіз?

Сіздерде қай күндері қазақ тілі сабағы болады?

Қазақ тілі - қай халықтың ана тілі?

Ол қай жылы мемлекеттік мәртебе алды?

Сіздер қазақ тілі сабағында не істейсіздер?

Қазақ тілі пәнінің оқытушысы кім?

1-тапсырма. Жолдасыңызбен қазақ тілі сабағы туралы

әңгімелесіңіз.

2-тапсырма. Оқу, оқушы, оқулық, оқытушы, оқырман сөздерінің

мағынасын түсіндіріңіз.

Сұрақтарға жауап беріңіз.

- Аты-жөніңіз кім?

- ................................................. .

- Сіз қазақша сөйлей аласыз ба?

- ............................................... .

- Мәтінді қазақ тіліне аудара аласыз ба?

- ........................................................... .

- Онда жазушы, сөз тіркестері, сөйлем, дәстүр сөздерін орыс тіліне

аударып беріңізші.

- ..................................................... .

☺ Оқыңыз, қызық!

Планетамызда полиглоттар (көп тіл білетіндер) өте көп. Рим

университетінің профессоры Карло Тагливани 35 тілді білген. Дания

ғалымы Расмус Раск 230 тілді білген. Шютце деген неміс 270 тілде

сөйлеген. Совет академигі Н.Я.Марр 100 тілді білген. В.И.Ленин ондаған

тілдерде жақсы сөйлеген: орыс, ағылшын, француз, грек, латын, поляк,

54

итальян, швед және фин тілдері. Ұлы қазақ ағартушысы, ғалым, саяхатшы,

зерттеуші Шоқан Уәлиханов ұйғыр, қырғыз, татар, араб, француз, неміс,

қытай, монғол, орыс тілдерін білген.

Тілді қалай үйрену керек? Сіздің ойыңыз?

♫ Ән үйренейік!

Ұстазым

Әнін жазған: А.Еспаев

Сөзін жазған: А.Шамкенов

Тұлғаңды арманыма ұқсатқанмын,

Үлгіңді көңіліме қыстатқанмын.

Есімде жаттатқызып әліппені,

Ең алғаш қолға қалам ұстатқаның.

Қайырмасы:

Ұстазым менің, ұстазым,

Өзіңмен өткен қыс-жазым.

Қалдырған ізің мәңгілік,

Жадымда тұрар жаңғырып,

Ұстазым менің, ұстазым.

Зердемді сен ашпасаң не етер едім?!

Өмірден сыбағасыз өтер едім.

Ғажайып дүниенің сырын шертіп,

Қияға қызықтырып жетеледің.

Қайырмасы:

3.4 СТУДЕНТТЕР ҚАЛАШЫҒЫНДА. ЖАТАҚХАНА. БӨЛМЕ.

ПӘТЕР

...

Студенттер қалашығында бес қабатты екі жатақхана және тоғыз қабатты

бір жатақхана бар. Жатақхана бөлмелері қонақ үй үлгісінде салынған кең,

жарық, таза, жылы. Жатақханада студенттер үшін барлық жағдай

жасалған. Мына бөлмеде болашақ химиктер Нұрай мен Құндыз тұрады.

Олардың бөлмесінде екі төсек, төрт орындық, үстел, теледидар, үнтаспа бар.

Қабырғада кітап сөресі, әдемі кілем, сағат, фотосуреттер ілінген. Ас

бөлмесінде оң жақта тоңазытқыш, сол жақта - ас үстелі, оның жанында

электр плитасы және ыдыс-аяқ қоятын шкаф тұр.

Мәтінге ат қойыңыз.

Мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңыз.

Курстасыңыз жатақханада тұрады. Бөлмесі туралы сұраңыз.

Өз бөлмеңізді сипаттап жазыңыз.

☺ Құрбыңызбен оның бөлмесі туралы әңгімелесіңіз.

55

Жатақханада.

- Сәлеметсіз бе! Мен Семейден досыма қонаққа келіп едім.

- Досыңыздың аты-жөні кім?

- Шолпан Ақылбекқызы.

- Ол үшінші қабатта отызыншы бөлмеде тұрады.

- Шолпан қазір бөлмесінде ме?

- Иә, бөлмесінде.

- Кіруге бола ма?

- Кезекшіге құжаттарыңызды қалдырып, кіруіңізге болады.

Жаттап алыңыз.

Кешіріңіз. Кіруге бола ма?

Төрлетіңіз. Төрге шығыңыз.

Отырыңыз. Жоғары шығыңыз. Кіріңіз.

Рұқсат беріңізші. Айтыңызшы.

☺ Жоғарыда берілген сөйлеу үлгісін пайдаланып, жағдаяттар

бойынша сұхбат құрастырыңыз.

Құрбыңыздың қай бөлмеде тұратынын кезекшіден сұрап, біліңіз.

Бейтаныс адамға №6 жатақхананың қай жерде орналасқанын түсіндіріңіз.

Ауылдан ата-анаңыз келді, кезекшіден бір түнге қонуға рұқсат сұраңыз.

ӘДЕПТЕН ОЗБАЙЫҚ

Сәлеметсіз бе? Есенсіз бе? Амансыз ба?

Қайырлы таң! Қайырлы күн!

Есен-сау жүрсіз бе?

Ассалаумағалейкум, ата!

Уағалейкумассалам, балам!

Құдайға шүкір!

ҮЙ. ПӘТЕР. БӨЛМЕ. ЖИҺАЗ

1-тапсырма. Сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып,

пәтеріңізді, бөлмеңізді, ондағы жиһаздарды сипаттаңыз.

Үй - киіз үй, үлкен, кішкене, биік, аласа, ағаш үй, кірпіш үй, жаңа,

ескі, панельді, көне, жаңа заман талабына сай, әдемі, он екі қабатты үй,

56

жер үй, жеке меншік үй, қазыналық үй; үй салу, сатып алу, үйді сату,

жөндеу; демалыс үйі, сауда үйі, сән үйі.

Пәтер — жаңа, үлкен, ескі, кең, кішкене, бір бөлмелі, төрт бөлмелі,

жақсартылған, жайлы пәтер, жайсыз пәтер, пәтер сатып алу, жекешелендіру,

сату, айырбастау, жөндеу, жиһаздалған үй, пәтерақы, пәтер жалдаушы.

Бөлме - үлкен, кішкене, кең, тар, жарық, таза, жатақханадағы бөлме,

жұмысшылар жатақханасындағы бөлме, студенттер жатақханасындағы

бөлме, қонақ үйдегі бөлме, ас үй, жатын бөлме, жуынатын бөлме, балалар

бөлмесі, дәліз, демалатын бөлме, қонақ бөлме.

Жиһаз — жұмсақ, әдемі, ескі, жаңа, қымбат, шетелдік, жергілікті

жерде жасалған, сатып алу, орнын ауыстыру, орналастыру.

ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ!

қарашаңырақ, үй шаруасындағы, әйел, үй иесі, отағасы

2-тапсырма. Сөйлемді толықтырыңыз.

- Сен қандай үйде тұрасың?

- Мен ... үйде тұрамын. Ал өзің ше?

- Мен ... тұрамын. Сендердің аулаларыңда біздікіндей ..., ... бар ма?

- Жоқ, біздің көп қабатты үйдің алдында балалар ойнайтын ... бар.

- Қай ... тұрасың?

- Т.Тоқтаров ... тұрамын.

- Нешінші ...?

- 65-пәтер.

- Иә, бар, жазып ал, 42-25-91.

- Рақмет, жазып алдым. Айтпақшы, қай үйде тұрасың?

- 13 ... тұрамын.

3-тапсырма.Бір-біріңізден қандай үйде тұратындарыңызды

сұрап біліңіздер.

4-тапсырма. Өз үйіңіз туралы әңгімелеп беріңіз.

Мен көп қабатты үйде тұрамын. Мен жер үйде тұрамын

________________________ ____________________

________________________ ______________________

________________________ ______________________

57

________________________ ______________________

Маған көп қабатты үй ұнайды. Маған жер үй ұнайды.

5-тапсырма. Қарсы алдында, оң жағында, сол жағында, кейін

қасында, жанында көмекші сөздерін қолданып, сұрақтарға жауап

беріңіз.

қонақ

бөлме

дәліз жатын бөлме

жуынатын бөлме

ас үй

демалатын

бөлме

балалар бөлмесі

дәліз

балалар бөлмесі жуынатын бөлме

дәретхана

Үй неше бөлмелі?

Жатын бөлмесі қайда орналасқан?

Балалар бөлмесі қайда орналасқан?

Ас үй қайда орналасқан?

Жуынатын бөлме қайда орналасқан?

Барлық бөлмелер қандай?

Үлгі: - Жатын бөлме қайда?

- Жатын бөлме демалатын бөлменің оң жағында.

6-тапсырма. Төмендегі берілген сөздерден дұрыс сөйлем

құрастырыңыз.

Оң жағында, қонақ бөлмесінің, менің бөлмем. Жатын бөлменің, қонақ бөлмесі,

сол жағында. Дәліздің, қарама-қарсысында, демалатын бөлме, жанында,

жуынатын бөлме, ас үйдің. Жеке меншік үй, тұр, қаланың орталығына жақын.

Балалар бөлмесінде, кітап сөресі, орындық, жазу үстелі, бар. Үйі, ата-

анамның, Абай көшесінде. "Көктем" ықшамауданында, біздің үй, орналасқан.

Тоғыз, үй, үлкен, қабатты, үйім, менің.

7-тапсырма. Тұрақты сөз тіркестерінің мағынасын түсіңдіріңіз.

Үй арасында, үй жоқ; қос үйді қоса қондырмау; есік көрсету; өз үйім - өлең

төсегім.

8-тапсырма. Сурет бойынша әңгіме құрастырыңыз.

58

БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСЫ

1 - нұсқа

1. Берілген сөздерді жекеше және көпше түрде жіктеңіз.

Мүсінші, аудармашы, қаржыгер.

2. Етістіктерді ауыспалы осы шаққа қойып сөйлем құрастырыңыз.

Қыдыру, қарсы алу, үйді жинау, телефон соғу, тамақ әкелу, кітап оқу.

3. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, сөйлемдерді аяқтаңыз.

1. Мен тойға әдемі, жаңа үлгімен тігілген көйлек ... .... . 2. "Заңғар"... ... қай

жерде орналасқан? 3. Ұлжан ертең баяндама ... . 4. Менің театрға ... ... .

5. ... , жылдың ең жақсы мезгілі - қыс. 6. Таңертең қар жауады, жел ... . 7.

Зәуре дүкеннен азық-түлік ... ... . 8. Маржан, Сымбат сені мұражайдың

қасында ... .... . 9. Бүкіл қаланы аралап шығу үшін көп ... керек.

Керекті сөздер: соғады, сауда үйі, іздеп жүрмін, әкеле жатыр, жасайды,

уақыт, меніңше, барғым келеді, күтіп тұр.

4. Қарамен жазылған сөздердің қай септікте тұрғанын белгілеңіз.

1. Шоқан әжесінің бауырында өсті. 2. Қазақтың ұлы жазушысы М. Әуезов

"Абай жолы" эпопеясын ақын өміріне арнады. 3. Қағазды біздің

заманымыздың бірінші ғасырында қытайлықтар ойлап тапты. 4. Ине

ағаштан, сүйектен, қоладан, содан соң темірден істелген. 5. ХІХ

ғасырдың ортасында осы күнгі қолшатырды енгізгені үшін ағылшын

Г.Фокске патент берілген. 6. Мақпал Қуанышпен Ертіс өзенінің

жағасында қыдырып жүр. 7. Олжас базарға жеміс-жидек алуға кетті. 8.

Бүгін жиналысқа барудың қажеті жоқ, өйткені келесі аптаға ауыстырды. 9.

Оңал өзінің туған күнін достарымен "Жайлау" дәмханасында өткізді. 10.

"Алтай" стадионынан келе жатырсыз ба?

5. Мақал-мәтелдерді аяқтаңыз және өзіңіз оқу-білім туралы 5 мақал-

мәтел жазыңыз.

Ағайын тату болса ат көп , ... ... ... ... ... .

Отан-елдің анасы, ... .... ....

Дұшпан күлдіріп айтады, ... ... ... .

Ет- етке, .... .... .

(«Қазақтың мақал-мәтелдері» кітабынан).

2 -нұсқа

1. Берілген етістіктерді жедел өткен шаққа қойып, сөйлем

құрастырыңыз.

Айту , ішу, тыңдау .

2. Берілген сөздерге жіктік жалғауын жалғаңыз, сөйлем құрастырыңыз.

Бағдарламашы, тігінші, кәсіпкер.

59

3. Көп нүктенің орнына тиісті септік жалғауларын қойыңыз.

1. Спорттың қай түрі... шұғылданып жүрсіз? 2. Мейрамгүл жеңгесінің туған

күні... алтын сырға сыйлады. 3. Бүрсігүні тауға шаңғы тебу... барамыз.

4. Еркінбек... қыздары ағылшын тілін бала кез... меңгерген еді. 5. Өскемен

қаласы... көрікті жерлер көп. 6. Жамбыл саябағы... бару үшін жолдан өту

керек. 7. № 44 автобусқа қай аялдама... отыруға болады? 8. Кеше біз

өлкетану мұражайы... дейін жаяу бардық. 9. Сіз І.Есенберлиннің

"Көшпенділер"романы... оқыдыңыз ба?

4. Етістіктердің қай шақта тұрғанын анықтаңыз.

1. Бейбіт пен Жанұзақ шахмат ойнап отыр. 2. Сен ұйықтап отырсың ба?

3. Ұлжан өзенге шомылуға бара жатыр. 4. Сіздер Қостанайдан қашан

келдіңіздер? 5. Кәрім биыл математика пәнінен жарысқа қатысқан жоқ. 6.

Жұмыстан кейін моншаға бармақпыз. 7. Менің сағатымды әлі жөндемепті.

8. Қырмызы Жаңа Жыл мейрамына көйлек тіккізбекші. 9. Айзада, сен

қысқы емтиханды қалай тапсырдың? 10. "Ән мен әнші" бағдарламасы сізге

ұнай ма?

5. Мақал - мәтелдерді аяқтаңыз. Оқу-білім туралы 5 мақал-мәтел

жазыңыз.

Ас адамның ... .

Еңбектің наны тәтті, ... .... .... .

Туған жердің қадірін, … .... .... .

Көп сөз – күміс, ... .... .... .

(«Қазақтың мақал-мәтелдері» кітабынан).

ГЛОССАРИЙ

ШҚМУ

жоғары оқу орны - высшее учебное заведение

ғимарат - корпус

бас ғимарат - главный корпус

біліктілікті жетілдіру институты - институт повышения квалификации

баспасөз клубы - пресс клуб

жоғары инновациялық білім беру технологиялар орталығы - центр

высоких инновационно-образовательных технологии

жатақхана - общежитие

көпсалалы колледж - многопрофильный колледж

бұрқақ - фонтан

зертхана - лаборатория

әдістемелік кабинет - методический кабинет

әкімшілік - администрация

кадрлар бөлімі - отдел кадров

60

мұражай - музей

оқу залы - читальный зал

мерзімдік басылымдар бөлімі - отдел периодической печати

денсаулық орталығы - центр здоровья

мерейтой - юбилей

жаратылыстану ғылымдары және экология факультеті - факультет

естественных наук и экологии

экономика және қаржы факультеті - факультет экономики и финансов

хатшы - референт - секретарь-референт

деканның орынбасары - заместитель декана

күндізгі - дневной (-ая, -ое, -ые)

сырттай - заочное (-ая, -ые )

аймақ - регион

материалдық-техникалық база - материально-техническая база

ғылыми-зерттеу қызметі - научно-исследовательская деятельность

дәлел - подтверждение

мәртебе - статус

мамандық - специальность

мамандандыру- специализация

оқу орны - учебное заведение

орта арнаулы - средне-специальное

кешен - комплекс

талапкер - абитуриент

С.Аманжолов

түркітанушы - тюрколог

ғалым - ученый

ғылым - наука

жерлес - земляк

зерттеу - исследовать

әскери тілші - военный корреспондент

әліпби - алфавит

мәселе - проблема

жоба - проект

ұстаз - учитель, наставник

шәкірт - ученик

үлес -вклад

зор - большой, огромный

зор үлес қосты - внес большой вклад

кафедра меңгерушісі – заведующий кафедрой

оқулық - учебник

құрастыру - составить

данышпан - мудрый

ескерткіш - памятник

орнату - установить

61

ғылыми-практикалық конференция-научно-практическая конференция

жыл сайын - ежегодно

өткізу - проводить

жинақ - сборник

негізін қалаушы - основоположник

есімін беру - присвоить имя

Мамандық

аудармашы - переводчик

бағдарламашы - программист

ғарышкер - космонавт

елші - посол

заңгер - юрист

жаттықтырушы - тренер

жүргізуші - водитель

мамандық - профессия

наубайшы - пекарь

сәулетші - архитектор

тілші - языковед

мүсінші - скульптор

мәдени, мәдениетті - культурный (-ая, -ое, -ые)

болу үшін - чтобы стать

еңбек ету - трудиться

өндіріс - производство

зергер - ювелир

тігінші - портной

есепші -бухгалтер

сала - сфера, область

сағат шебері - часовой мастер

аяқ киім жөндеуші - обувщик

білім - знание

жоғары білім - высшее образование

маман - специалист

Қазақ тілі сабағы

ана тілі - родной язык

мазмұн - содержание

қазақша сөйлеу - говорить по-казахски

құрастыру - составлять

сұхбат - диалог

пән - предмет

аптасына - в неделю

бір-бірімізге - друг другу

әңгімелесеміз - беседуем

жетік- в совершенстве

62

талдау жасау - делать разбор

тақырып боынша - по теме

сұрақ қою - задавать вопросы

жауап беру - отвечать

жаттау - учить наизусть

орындау - выполнять

сурет бойынша әңгімелеу - описывать картинку

мәтін - текст

Үй. Пәтер. Бөлме

ас үй - кухня

айна - зеркало

дәліз - коридор

жатын бөлме - спальня

жиһаздалған үй - мебелированный дом

көп қабатты үй - многоэтажный дом

кітап сөресі - книжная полка

қабат - этаж

қонақ бөлме - гостиная

ықшамаудан - микрорайон

пәтерақы - квартплата

жуынатын бөлме - ванная комната

дәретхана, әжетхана - туалет

екі бөлмелі - двух комнатная

кіре беріс - прихожая

кілем - ковер

жұмсақ жиһаз - мягкая мебель

үй бұйымдары, жасау – убранство

жинау, жинап алу - уборка

төбе - потолок

еден - пол

қабырға – стена

қабырға бояуы ашық екен – окраска стен яркая

бояу – краска; окраска

аспалы шам – люстра

желдеткіш - вентилятор

қабырғада кілем ілулі тұр - на стене висит ковер

кереует, төсек – кровать

тоңазытқыш – холодильник

мұздатқыш – морозилка

электр пеш - электропечь

түсқағаз – обои

желімдеу – клеить

айна - зеркало

63

ортада - посередине

жеке меншік үй - частный дом

онша -не очень

онша үлкен емес - не очень большой

аула – двор

тал, бұта – кустарник

бұталы екпе өсімдіктер – кустовые насаждения

үйеңкі – клен

қайың – береза

терек - тополь

төсеніш - половик

бау-бақша - огород

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Бектуров Ш. Қазақ тілі. /ІШ.Бектуров, М.Серғалиев.-Алматы: Білім,

1994.

2. Бектуров Ш. Қазақ тілінің қалталық оқулығы /Ш.Бектуров,

А.Бектурова.-Алматы, 1997.

3. Бектурова А.Казахский язык для всех./А.Бектурова, Ш.Бектуров.-

Алматы: Атамұра, 2004.

4. Бектаев Қ. Үлкен орысша-қазақша сөздік/Қ.Бектаев.-Алматы: Алтын

Қазына, 1999.

5. Жылқыбаева А.Ш.,Хусаинова М.Ж. Қазақ тілі/А.Ш.Жылқыбаева,

М.Ж.Хусаинова, А.А.Айтқазина, Ж.А.Сейфолданова, Б.А.Қырықбаева. -

Өскемен, ШҚМУ, 2003.

6. Қазақстан: ұлттық энциклопедия.-Бас ред.Ә.Нысанбаев.-Алматы: Қазақ

энциклопедиясы, 1998.

7. Маманов Н. Қазақ тілі/ Н.Маманов.- Алма-Ата:Мектеп, 1989.

8. Матей Л.П. Русский язык/Л.П.Матей, Чон Ган, Г.А.Маткаримова,

С.А.Лирцова, В.Б.Матей, К.П.Огородникова.-Усть-Каменогорск, 1997.

64

9. Оразбаева Ф. Ускоренный практический курс обучения казахскому

языку/Ф.Оразбаева.-Алматы: Білім, 1996.

10. Сариева К. Қазақ тілі/ К. Сариева.-Алматы:Білім, 2000.

11. Сариева К. Мы говорим по-казахски/ К.Сариева.-Алма-Ата:Казахстан,

НЛЦ, Балқия, 1992.

12. Салиева У. Қазақша сөйлеп үйренейік/У.Салиева.-Алматы:Рауан, 1995.

13. Сүлейменова Э.Д.Сұхбат: Қазақ тілі-Казахский язык. Учебный

комплекс/Э.Д.Сүлейменова, Қ.Қ.Қадашева, Д.Х.Ақанова.-Алматы: ИД.

Жібек жолы, 1996.

14. Сүлейменова Э.Д.Анықтағыш: Қазақ тілі- Казахский язык. Учебный

комплекс/Э.Д.Сүлейменова, Қ.Қ.Қадашева, Д.Х.Ақанова.-Алматы: ИД.

Жібек жолы, 1996.

15. Түркістан: халықаралық энциклопедия /Бас ред. Ә.Нысанбаев.-Алматы:

Қазақ энциклопедиясы, 2000.

16. Қожахметова Х.Қ. Қазақша-орысша фразеологиялық сөздік

/Х.Қ.Қожахметова, Р.Е. Жайсақова, Ш.О. Қожахметова -Алма-Ата

"Мектеп", 1988.

17. Ахметжанова Ф.Р. Қазақ тілі /Ф.Р. Ахметжанова А.Х. Сағитова.-

Өскемен:С.Аманжолов атындағы ШҚМУ баспасы, 2006.

18. Дементьев М.Г. Тұлға, ұстаз, ғалым. /М.Г. Дементьев . -Өскемен, 2005.

19. Усть-Каменогорск 1720-2000 /Усть-Каменогорск. На стыке веков. Ред.:

А.Кратенко. Изд.: "АВТор", 1999. 20. // Пайдалы кеңестер. №4-12, 2006.

21. С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың энциклопедиясы. Өскемен, 2007

IV бөлім

АДАМНЫҢ СЫРТ БЕЙНЕСІ

4.1 АДАМНЫҢ КЕЛБЕТІ. МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫ

Адамның сырт бейнесін, жүріс-тұрысын, мінез-құлқын сипаттауда төмендегідей

сөздерді қолданады. Берілген сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып,

досыңызды (құрбыңызды) суреттеңіз.

Бойы: ұзын бойлы, орта бойлы, қысқа бойлы, тапал.

Дене бітімі: толық, арық, кең иықты, шымыр денелі, қыпша бел, еңселі,

жуан бел.

Қасы: қиғаш, қаламқас, қалың, жіңішке.

Көзі: үлкен, кішкене, қысық, бадырақ, бота көз, қой көз, шегір, күлім

көз, шүңірек.

Ерні: қалың, жіңішке, оймақ, қызыл, қызғылт, үлбіреген, шиедей

қызыл.

Тісі: ақ маржандай, сары, арасы ашық, түзу, ірі, ұсақ, күріштей, қисық.

Беті: дөңгелек, сопақ, жалпақ, аққұба, қараторы, ат жақты, шұбар.

Мұрны: қыр мұрын, пұшық, пісте, қоңқа, келте, жалпақ.

Шашы: ұзын, қысқа, бұйра, толқын, қара, сары, ақ, жирен, жұқа,

қалың.

65

Жүрісі: әдемі, баяу, жылдам.

Қабағы: ашық, түсіңкі, түйілген.

Мойны: қаз мойын, жуан, қысқа, алма мойын.

1-тапсырма. Берілген сын есімдерді салыстырмалы шырайға

айналдырыңыз.

Әдемі, ұзын, ірі, қысқа, жіңішке, қалың.

Мысалы: қызғылт-қызғылттау

2-тапсырма. Мына зат есімдерге мағынасына қарай сын есімді

тіркестіріп жазыңыз.

Бас, аяқ, көз, мойын, шаш, қол, саусақ.

3-тапсырма. Тобыңыздағы біреуді суреттеңіз. Төмендегі

сұрақтар сізге көмектеседі.

Оның түріне қарап неше жаста деуге болады?

Бойы қандай?

Көзі, шашы қандай?

Мұрны, беті қандай?

Мінезі қандай?

4-тапсырма. Пікірталас өткізіңіз.

Оқу бітіргеннен кейін 3 жылдан соң курстасыңызды көрдіңіз, сіз оны

танымай қалдыңыз.

Көршіңіз 2 айға шетелге оқуға барып келді.

Үлгі:

- Менің ойымша, ол отызда.

- Жоқ, олай емес. Менің ойымша, ол жас көрінеді.

5-тапсырма . Құрбыңыздың, атаңыздың, апаңыздың сырт

пішінін сипаттаңыз.

☺ Сөйлеу үлгісі:

- Ербол, сені бір жігіт іздеп келді.

- Қандай жігіт, Асан емес пе?

- Жоқ, Асан орта бойлы ғой, ал бұл жігіт ұзын бойлы, арық келген,

мұртты, қара шашты.

- Асқар емес пе, бірақ оның мұрты жоқ қой.

- Атын айтып еді, ұмытып қалдым, өзі инабатты, кішіпейіл адам екен.

- Оң жақ бетінде меңі бар ма?

- Иә, қара торы бетіне меңі жарасып тұр екен.

- Е, онда ол Ғалым ғой.

6-тапсырма. Суретте бейнеленген адамдардың сырт пішінін, мінез -

құлқын сипаттаңыз.

66

7-тапсырма. Төменде сырт пішіні сипатталған адамның суретін

салып көріңіз.

Орта бойлы, қолаң шашты, қос бұрымды маңдайы жазық, кең, қыр

мұрынды, қыпша бел, қасы қалың, кірпігі ұзын, беті домалақ,

қараторы, оймақ ауыз, қой көзді.

Ақ шашты, орта бойлы, толық, домалақ бетін әжім басқан, қара көзді,

мейірімді, қиғаш қасты, аққұба, келбетті адам.

Сұңғақ бойлы, талдырмаш, қалың жирен шашты, аққу мойын,

аққұба келген жүзіне үлкен көк көзі мен қыр мұрыны ерекше өң

береді, тістері аппақ маржандай, аузы үлкен.

Мақал-мәтелдерді жаттап алыңыз, мағынасын түсіндіріңіз.

Ашу-дұшпан, ақыл-дос.

Кекшіл болма, көпшіл бол.

Кішіпейілділік кішілік емес, кісілік қасиет.

Қайтып кірер есікті қатты жаппа.

("Қазақтың мақал-мәтелдері" кітабынан).

Өзіңіз адамның мінезіне байланысты қандай мақал-мәтелдер білесіз?

8- тапсырма. Сұхбатты аяқтаңыз.

- Ғалия, мен бүгін Зәурені көрдім.

- Өзгеріп пе?

- Иә, бұрын ақжарқын, көңілді, ашық, сыпайы

еді ғой, ал қазір ... .

Керекті сөздер: салмақты, дөрекі, көңілсіз, тұйық,

сабырсыз, тәкаппар, енжар.

Қазақ жазушыларының шығармаларынан

үзінді оқыңыз.

Авторлар өз кейіпкерлерін қалай сипаттайды?

Хамит ұзынша бойлы, жауырынды, тіп-тік сұр жігіт. Қыр

мұрынды, қара көзді, қырқып жүретін сақалы, мұрты бар. Жасы 25-26

шамасында. Сом, сұлу денелі. Бар денесі көк темірден құйып жасағандай.

Түйіліп - жазылған қиғаштау қасы мен шұңғылдау көзі Хамитте зор

қайрат, үлкен қайсарлық бар екенін керсетеді.

(С.Сейфуллин).

67

Дөңгелек біткен аппақ бет, маңдайдан тура түскен қыр мұрын,

үлбіреген жұқа ерін, оймақтай ауыз, ұзындау біткен аппақ мойын,

тостағандай қара көз, қара кірпік, қиылған қара қас, кең маңдай.

(Б.Майлин).

Қарт әженің әрбір қимылы, дөңгелек шырайлы реңі, сәл еңкіштеу

келген бойы сол қалпында көз алдында тұр қазір. Баяу қоңыр даусы да

құлағында. Ешқашан қабақ шытуды, болмаса дауыс көтеруді білмеуші

еді.Мақсұт ес білгелі сол қарт ананың мол мейіріміне бөленіп, еркелеу

болып өсті.

(С.Сарғасқаев).

Өзіңізге ұнайтын шығармалардың бірінен тақырыпқа байланысты

мысал келтіріңіз.

4.2 МЕНІҢ ҚҰРБЫМ / ӘРІПТЕСІМ

Мәтінді мәнерлеп оқыңыз, мазмұнын әңгімелеп айтыңыз.

Менің балалық шақтан бірге өскен құрбым бар. Оның аты Қаламқас.

Ол 1980 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Самар ауданында дүниеге

келген. Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің тарих факультетін

бітірген. Қазір мамандығы бойынша мектепте сабақ береді. Ол өз ісінің

шебері, сондықтан оны шәкірттері де, әріптестері де өте сыйлайды.

Қаламқас - сұңғақ бойлы, талдырмаш келген өте сүйкімді қыз. Ол қой көзді,

қиғаш қасты, қыр мұрынды, жазық маңдайлы, әдемі аққұба. Қаламқастың

қолаң қара шашы өзіне жарасып тұр. Ол әдемі, үлкен көздерін төңкеріп,

маржандай аппақ тістерін көрсете күле қарағанда ақшыл жүзінде қызғылтым

рең пайда болады. Қаламқастың мінезі байсалды, ұстамды. Ол - мейірімді,

өз ісіне жауапты, адал және іскер адам.

1-тапсырма. Мына сөздердің антонимдерін табыңыз. Досыңызға

тән қасиеттерді белгілеңіз.

көңілді - жас - сүйкімді -

мейірімді - білімді - батыл -

қабілетті - сезімтал - сыпайы -

2-тапсырма. Төмендегі сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын

түсіндіріңіз, сөйлем құрастырыңыз.

Қол, қолтаңба, қол соғу, қол қою, қол алысу, қолөнер, қолғап, қол бұлғау,

көзқарас, көз ілмеу.

3-тапсырма. Өзіңіздің әріптесіңіз (құрбыңыз) туралы әңгімелеңіз.

Мақал-мәтелдерді оқыңыз, мазмұнын түсіндіріңіз. Орысша баламасын

табыңыз.

Дос сыртыңнан мақтар,

Дұшпан көзіңе мақтар.

Дос жылатып айтады.

Дұшпан күлдіріп айтады.

Жақсымен дос болсаң,

Жетерсің мұратқа.

Жаманмен дос болсаң,

68

Қаларсың ұятқа.

("Қазақтың мақал-мәтелдері" кітабынан).

4-тапсырма. Фразеологизмдердің мағынасын түсіндіріңіз және

есте сақтаңыз.

Жүрек жұтқан; екі жүзді; жел өкпе; он саусағынан өнер тамған; қойдан

жуас; қой аузынан шөп алмас; тіл мен жаққа сүйенген; ала көз; көзі ашық;

көзбен ату; көз алмау.

Үлгі: Жүрек жұткан - өте батыл, ештемеден қорықпайтын, өжет, ер.

5-тапсырма. "Менің әріптесім" тақырыбына шағын шығарма

жазыңыз.

♫ Ән үйренейік

Қарлығаш

Сөзін жазған: И.Матақов

Әнін жазған: А.Жұбанов

Қарлығаш әннің аты, жырымды айтам,

Сүйген жар, сүйіскен дос сырымды айтам,

Қарлығаш.

Айныма, асыл сәулем, берген серттен,

Мен сендік, сен менікі, шынымды айтам,

Қарлығаш.

Қайырмасы:

Құралай көз, қолаң шаш,

Алма мойын, қиғаш қас,

Сүйген сәулем, Қарлығаш.

Ақ тамақ, қиылған қас, жарық мандай,

Әдемі ақша бетің, жауған қардай,

Қарлығаш.

Жайдары еркелеген жарқын мінез,

Жарқ етсең, жадыратар жаққан шамдай,

Қарлығаш.

Қайырмасы:

4.3 САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫ. ДӘРІГЕРДЕ

1-тапсырма. Берілген сөздермен және сөз тіркесімен сөйлем

құрастырыңыз.

Жөтелу, емхана, баспа, тексеру, тыңдау, қызу, қан қысымы.

Мысалы: Мен дәрігердің қабылдауында болдым. Самал баспа ауруымен

ауырып жатыр.

69

2-тапсырма. Сөйлем құрастырыңыз.

жүректі жазады

өкпені өлшейді

қызуды тексереді

Дәрігер тамақты қарайды

тісті тыңдайды

анықтама жұлады

3-тапсырма. Қай дәрігерге бару керек?

Көзің ауырса, ... .

Ішің, асқазаның, бауырың ауырса, ... .

Құлағың, тамағың ауырса, ... .

Аяғың ауырса, сынса, ... .

Денеңе жара шықса, ... .

Тісің қақсаса, ... .

Бүйрегің ауырса, ... .

Керекті сөздер: тіс дәрігеріне қарал; тері ауруларын қарайтын дәрігерге

көрін; бүйрек ауруларын емдейтін дәрігерге көрін; тамақ, мұрын емдеуші

дәрігерге қарал; іш құрылысын емдеуші дәрігерге қарал; көз дәрігеріне

қарал; оташыға (хирургке) қарал.

4-тапсырма. Сөйлемдерді толықтырыңыз.

Тісті ...

Бетті...

Шашты... не істеу керек?

Қолды....

Керекті сөздер: жуу, тазалау, тарау, сүрту.

5-тапсырма.Қазақ тіліне аударып, 5 сөйлем кұрастырыңыз.

Внезапно заболел, приехала скорая помощь, нужно сделать операцию,

простудился, купил лекарство, лежал в больнице, не волнуйтесь,

записался на прием, измерил давление, я выздоровел.

6-тапсырма. Антонимдердің қатарын толықтырыңыз.

Мысалы: ауру - сау

ашу - отыру - жылы- бару -

кіру - шешіну - желді - ұшу -

☺ Оқыңыз, қызық!

Әлі күнге дейін қариялар алыстан келген ер азаматпен «он екі мүшең

сау ма? Он екі мүшең сау болса, бәрі де болады!» - деп амандасып жатады.

Осы сөйлемдегі он екі мүше адамның дене бітіміне байланысты айтылған.

Ел ішінде қария кісілердің айтуынша, он екі мүше мыналар: бас, омыртқа,

жілік (2), жауырын (2), тоқпан жілік (2), асықты жілік (2), кәрі жілік (2).

Он екі мүше туралы халық жұмбағы да бар:

Дүниеде бір ағаш бар түбі жуан,

70

Он екі ұл, алпыс екі қыз бір күн туған.

Мұндағы 12 ұл - он екі мүше, 62 қыз - алпыс екі тамыр, ал ағаш -адам.

("Жалын" журналынан).

Жағдаяттар бойынша сұхбат құрастырыңыз.

Баспамен ауырып, 3 күн сабақта болған жоқсыз. Дәрігерден анықтама

сұраңыз.

Сіздің жолдасыңыз ауырып қалды.Дәрігер шақыртыңыз.

1-тапсырма. Тиіс, керек, қажет деген сөздерді қолданып, сөйлем

құрастырыңыз.

Мысалы: Тісіңізді жұлып тастау керек.

Сіздің қаныңызды тексеру қажет.

Сізге шипажайға жолдама алу керек.

Жұмбақ шешейік

*Кішкене ғана тостаған, * Бірі үлкен, бірі кіші,

*Жер дүние бастаған. * Туысқан бірге бес кісі.

(...) (...)

("Жұмбақтар " кітабынан).

2-тапсырма. Д ұрыс сөйлем құрастырыңыз.

Жөтелді, түнімен, ол.

Тиген, суық, өкпесіне, Серіктің.

Күнде, ыстық, жеген, көп, балмұздақты.

Байлап, алған, жағын, Самат.

Қызуы, денесінің, оның, көтерілді.

3-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді жазыңыз.

- Сәлеметсіз бе, Сәкен? Кәрімді көрген жоқсыз ба?

- Ол .... .

- Қай жері... ?

- ... ауырады.

Қажетті сөздер: ауырып жатыр, құлағы, ауырады.

* * *

☺ Сөйлеу үлгісі:

- Сәлеметсіз бе! Дәрігер қабылдай ма?

- Қай дәрігер?

- Тамақ, мұрын емдеуші дәрігер.

- Түскі сағат 1-ге дейін қабылдайды.

- Аты-жөнің кім? Мекенжайың қандай?

- Аты-жөнім Айдын Бақытбекұлы. Мекенжайым: Өскемен қаласы,

Әуезов даңғылы, 15-үй, 5-пәтер.

- Лор он бесінші бөлмеде қабылдайды. Сонда бар.

- Рақмет.

4-тапсырма. Тіркеушіден лор, терапевт, окулист қай уақытта

қабылдайтынын сұрап біліңіз.

☺ Сөйлеу үлгілері:

71

Дәрігерде

- Рұқсат па? Сәлеметсіз бе?

- Рұқсат. Отыр, аты-жөнің кім?

- Аты-жөнім Төлеген Саматұлы.

- Қай жерің ауырады?

- Тісім ауырады.

- Қашаннан бері?

- Кешеден бері.

- Аузыңды аш, көрейін. Тісіңді емдеу керек. Рентгенге жолдама жазып

берейін, тістің түбірі сау ма соны көрейік. Сонан кейін емдейміз.

* * *

- Рентгеннің корытындысын әкелдім.

- Отырыңыз. Қазір көреміз. Тістің түбірі сау. Сондықтан емдейміз.

- Неше күн емдейсіз?

- Бір апта. Күнде таңертең сағат 8-ден 11-ге дейін келесіз.

- Жарайды.Сау болыңыз!

5-тапсырма. Үлгі бойынша "Тіс дәрігерінде" тақырыбына

сұхбат құрастырыңыз.

Мәтінді мәнерлеп оқып, қысқаша мазмұнын айтыңыз.

Денсаулық – зор байлық

Денсаулық - адам баласына табиғат сыйлаған ең басты байлық.

Денсаулықты сақтаудың бірден-бір дұрыс жолы - зиянды жат қылықтарға

үйренбей, салауатты өмір сүру, аурудың айықпас сырқатқа айналуына жол

бермеу. Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздеген әлде қайда

тиімдірек. Салауатты өмір- денсаулық кепілі. Салауатты деген сездің

негізгі мағынасы - парасатты, байыпты, ақылды, ойлы, білімді, зерделі және

сабырлы деген ұғымды білдіреді. Өмір салты дегеніміз - әрбір жеке

адамнан бастап, бүкіл қоғамның қалай еңбек етіп, қалай тұрмыс құрып,

бос уақытында қалай демалатыны, қысқасы, олардың қалыптасқан өмір

тіршілігі. Сау кезімізде теңдесі жоқ табиғат сыйы денсаулықтың бағасы мен

қадірін білмейтініміз өкінішті-ақ! Табиғаттың бірлігін, жаратылыстың

жасампаздығын, тіршілік заңын тану -жоғарғы сана. Сондықтан жерден -

нәр, ауадан - дауа, судан - күш іздейміз.

Салауатты өмір салты дегенді сіз қалай түсінесіз?

Мақал – мәтелдерді жаттап алыңыз.

Тазалық – саулық негізі,

Саулық – байлық негізі.

Аурудың жақсысы жоқ,

Дәрінің тәттісі жоқ.

Көзің ауырса қолыңды тый,

Ішің ауырса тамағыңды тый.

Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде.

("Қазақтың мақал-мәтелдері" кітабынан).

72

"Денсаулық - зор байлық" тақырыбына шағын шығарма

жазыңыз.

ӨЗДІК ЖҰМЫС

1-тапсырма. Мына сөздерге сын есімнің тиісті жұрнақтарын жалғап,

сөйлем құрастырыңыз.

Жауын-шашын, түн, ай, қазір, кеш, күз,қыс.

2-тапсырма. Берілген сөздердің антонимдерін жазыңыз.

Мұртты, көзілдірікті, сыпайы, жалқау, қорқақ, сараң, жауапты, қатал,

жұмсақ, егде.

3-тапсырма. Төменде берілген фразеологизмдерді бір сөзбен қалай

айтуға болады ?

Бір күн бие, бір күн түйе -

Қой аузынан, шөп алмас -

Сегіз қырлы, бір сырлы -

4-тапсырма. Қалауыңыз бойынша жағдаяттардың бірін таңдап, сұхбат

құрастырыңыз.

Сіз мейрамханада бір қызбен таныстыңыз. Қыз өте биязы, мейірімді

болып көрінді.

Сізге досыңызды суреттеп шығарма жазу керек, ал сіз қазақ тілін жаңа

үйреніп жүрсіз.

Пойызда танысқан жігіт әріптесіңіз болып шықты және де ол сіздің

құрбыңызды таниды екен.

Туған күнде болған қыздардың бірін танисыз, бірақ атын ұмытып

қалыпсыз. Туған күн иесінен қыздың сырт пішінін сипаттап, атын

сұрап біліңіз.

ГЛОССАРИЙ

Адамның сырт бейнесі

инабатты - воспитанный, скромный

кейіпкер - персонаж, литературный герой

келбет - внешность, облик

кішіпейіл - скромный, учтивый

орта бойлы - среднего роста

аласа бойлы - низкого роста

сыпайы - вежливый, учтивый

ұстамды - сдержанный

іскер - деловой

арық - худой

толық - полный

қалың - густой

мұртты - усатый

маңдай - лоб

жалқау - ленивый

жуас - смирный

73

сопақ - продолговатый

жіңішке - тонкий

батыл, ер - храбрый, смелый

қу - хитрый

мейірімді, қайырымды - добрый

сенім - доверие

жалпақ - широкий

менмендік - высокомерие

көзі көк - голубоглазый

қызғаншақ - завистник, ревнивец

қараторы - смуглолицый, смуглый

байсалды - серьезный

ақ сары шашты - русоголовый

аққұба; ақжүзді - белолицый

ақсары - белокурый

мақтаншақ - хвастун

мең - родинка

елгезек - чуткий

көңілді - веселый

жауапты - ответственный

ұқыпты - аккуратный

бұйра - кудрявый

пұшық, таңқы мұрын - курносый

дөңгелек жүзді - круголицый

құс мұрын - орлиный нос

қыр мұрын - прямой нос

бадырақ көз - пучеглазый

Дәрігерде. Салауатты өмір салты

анықтама - справка

баспа - ангина

дене мүшелері - части тела

жуыну - умываться

зат алмасуы - обмен веществ

көз дәрігері - окулист

қан қысымы - давление

қызу - температура

сүртіну - вытираться

табиғат - природа

таза ауа - свежий воздух

тері аурулары - кожные заболевания

тіс дәрігері - стоматолог

шипажай - санаторий

емхана - поликлиника

ауыру - болеть

74

жазылып кету - выздороветь

жөтель - кашель

түшкіру - чихать

тұмау - насморк, простуда

қызу - температура

өлшеу - измерять

суық тиген - простудился

емделу - лечиться

тексеру - проверять

үш рет - три раза

ішу - пить

дәріхана - аптека

құлақ - ухо

сергек - бодрый

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Аққозин М. Қазақ мақал-мәтелдері /М.Аққозин - Алматы:

Қазақстан, 1990.

2. Бектуров Ш. Қазақ тілі. /ІШ.Бектуров, М.Серғалиев.-Алматы: Білім,

1994.

3. Бектуров Ш. Қазақ тілінің қалталық оқулығы

/Ш.Бектуров,А.Бектурова.-Алматы, 1997.

4. Бектурова А.Казахский язык для всех./А.Бектурова, Ш.Бектуров.-

Алматы: Атамұра, 2004.

5. Бектаев Қ. Үлкен орысша-қазақша сөздік/Қ.Бектаев.-Алматы: Алтын

Қазына, 1999.

6. Болғамбаев М. Қазақтың ұлттық спорт түрлері /М.Болғамбаев. -

Алматы:Қайнар, 1985.

7. Жылқыбаева А.Ш.,Хусаинова М.Ж. Қазақ тілі /А.Ш.Жылқыбаева,

М.Ж.Хусаинова, А.А.Айтқазина, Ж.А.Сейфолданова, Б.А.Қырықбаева. -

Өскемен, ШҚМУ, 2003.

8. Маманов Н. Қазақ тілі/ Н.Маманов.- Алма-Ата: Мектеп, 1989.

75

9. Оразбаева А. Салауатты өмір - денсаулық кепілі/А.Оразбаева,

Ә.Өмешұлы.-Алматы: Білім, 1999.

10. Сариева К. Қазақ тілі/ К. Сариева.-Алматы:Білім, 2000.

11. Салиева У. Қазақша сөйлеп үйренейік/У.Салиева.-Алматы:Рауан, 1995.

12. Сүлейменова Э.Д.Сұхбат: Қазақ тілі-Казахский язык. Учебный

комплекс/Э.Д.Сүлейменова, Қ.Қ.Қадашева, Д.Х.Ақанова.-Алматы: ИД.

Жібек жолы, 1996.

13. Сүлейменова Э.Д.Анықтағыш: Қазақ тілі- Казахский язык. Учебный

комплекс/Э.Д.Сүлейменова, Қ.Қ.Қадашева, Д.Х.Ақанова.-Алматы: ИД.

Жібек жолы, 1996.

14. Сүлейменова Э.Д. Үнжария: Қазақ тілі- Казахский язык. Учебный

комплекс/Э.Д.Сүлейменова, Қ.Қ.Қадашева, Д.Х.Ақанова.-Алматы: ИД.

Жібек жолы, 1996.

15. Қожахметова Х.Қ. Қазақша-орысша фразеологиялық сөздік

/Х.Қ.Қожахметова, Р.Е.Жайсақова, Ш.О. Қожахметова -Алма-Ата

"Мектеп", 1988.

16. Төтентаев Б. Қазақтың ұлттық ойындары /Б.Төтентаев. -Алматы: Қайнар,

1994.

V бөлім

АС – АДАМНЫҢ АРҚАУЫ

5.1 ҰЛТТЫҚ ТАҒАМДАР

Суретте көрсетілген тағамдар қалай аталады?

76

Ұн, сүт, ет тағамдары туралы не білесіз?

Мәтінді оқып, мазмұнын қысқаша әңгімелеңіз.

Ұлттық тағамдар

Қазақтың ұлттық тағамдары үш түрге бөлінеді. Олар: еттен жасалатын

тағамдар, сүттен әзірленетін тағамдар, ұннан жасалатын тағамдар. Сүт төрт

түлік малдың аттарына қарап бие сүті (қымыз), түйе сүті (шұбат), қой,

ешкі сүті, сиыр сүті делінеді. Сүттен айран, қатық, сары май, ірімшік,

кілегей, қаймақ, құрт, сүзбе сияқты ішетін, жейтін, сусындайтын алуан

түрлі тағамдар әзірленеді. "Ағы бардың - бағы бар" деп қазақ сүт тағамын

ерекше құрметтеген.

Қазақ халқының ең жақсы көретін негізгі тағамының бірі - ет. Ата-

бабаларымыз еттен түрлі тағамдар жасай білген. Етті суға пісіріп те, буға

пісіріп те, майға қуырып та, кесектеп турап, отқа қақтап та әзірлеген. Еттен

қазақша асылған ет (қазақша ет), қуырдақ, қазы, қарта, шұжық, түймеш

(келіге түйіп, жаншылған ет), бітеу (бүйенге тығып пісірген ет), сырбаз (өз

терісіне орап, көміп пісірген бағлан еті) т.б. тағамдар әзірлеген. Ұннан

бауырсақ, күлше, шелпек, қарма нан, таба нан, тоқаш, тандыр, бәліш, самса,

т.б. тағам түрлерін дайындаған.

Өзіңізге ұнайтын ұлттық тағамдардың бірі туралы айтып

беріңіз.

ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ!

Тамақтану, ішу, тамақ ішу, тамақ

жеу, әзірлеу, дайындау, пісіру, кесу,

турау, құю, асу, қайнату, тазалау,

жуу.

Тапсырма. Берілген етістіктерді ауыспалы осы шақтың

бірінші жағына қойып, сөйлем құрастырыңыз.

Жеу, ішу, тамақтану, тамақ ішу, турау, қуыру.

Үлгі: тамақ ішу - тамақ ішемін; турау - тураймын.

Мен сабақтан келген соң тамақ ішемін. Мен пышақпен ет тураймын.

Мақал-мәтелдерді оқыңыз, жаттап алыңыз, мазмұнын түсіндіріңіз.

Ас қадірін тоқ білмес.

Сыйлап берсе, суын іш.

77

Ас атасы - нан.

("Қазақтың мақал-мәтелдері "кітабынан).

Мәтінді мәнерлеп оқыңыз, толықтырып, мазмұндаңыз.

НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ

Әр халықтың өзінше жаңа жыл, жыл басы болады. Еуропа

жұрттарының бір жерінде жаңа жыл - қаңтардың 1-і, бір жерде -

қыркүйектің 1-і. Азияда жаңа жыл жазғытұрым, қазақ елінде - наурыздың 22-

сі. Наурыз - парсы сөзі, қазақша айтқанда "Жаңа күн" деген ұғымды

білдіреді. Жаңа жыл наурыз айының 22-сінде мерекеленетін болған. Бұл

күн мен түннің теңеліп, қардың еріп, көктің шыға бастайтын кезі. Осы кезде

мал төлдеп, аққа аузы тиген.

Наурыз күнін ертедегі адамдар жаңа жылдың басы - "Ұлыстың ұлы

күні" деп есептеп, зор қуанышпен қарсы алған. Жұрт жақсы киініп, ауыл

аралап, бірін-бірі жаңа жыл - наурызбен кұттықтап, ақ бата беріскен:

"Аман ба! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын, қайда барса, жол болсын!

Ұлыс бақты болсын, төрт түлік ақты болсын! Ұлыс береке берсін! Бәле-

жала жерге енсін!".

Бұл күні ауыл бойжеткендері өздері ұнатқан жігіттерге арнап

соғымның соңғы етінен дәм дайындайды. Ал жігіттер болса, айна, тарақ,

иіссуды бойжеткендерге сыйлық етіп ұсынады. Ұлыс күні жеті түрлі

тағамнан наурыз көже пісіріледі. Алтыбақан басында жастар түнімен өлең

айтады, ойындар ойнайды. Таң ата көпшілік биіктеу төбенің басына шығып,

таңды қарсы алады. Күлімдеп көрінген Күнге иіліп сәлем беріп, "Құт

дарысын" деп айналаға ақ бүркіп, үйлеріне тарасады.

Сұрақтарға жауап беріңіз.

Дүние жүзі халықтары жаңа жылды қай уақытта қарсы алады?

"Наурыз" сөзі қандай ұғьмды білдіреді?

Наурыз айында табиғатта қандай өзгерістер болады?

Мейрам күні адамдар бір-біріне қандай тілектер айтқан?

Бұл күні бойжеткендер мен жігіттер бір-біріне қандай сыйлықтар

береді?

Наурыз күні әр үйде қандай тағам пісіріледі?

☺ Сөйлеу үлгісі:

- Наурыз қандай мейрам?

- Наурыз халық мейрамы.

- Ол қалай өтеді?

78

- Наурыз мейрамы көңілді өтеді.

- Наурызда қандай шаралар өткізіледі?

- Ән айтылады, түрлі ұлттық ойындар ұйымдастырылады.

Жағдаят бойынша сұхбат құрастырыңыз.

Сіз Наурыз мейрамы күні Орталық алаңға бардыңыз. Досыңызбен

мейрам туралы сұхбаттасыңыз.

Басқа елдерде жаңа жыл қай мезгілде тойланады? Топтастарыңызбен

әңгімелесіңіз.

1-тапсырма. Берілген сөз, сөз тіркестерімен сөйлем

құрастырыңыз.

Наурыз мерекесі, мейрам, "Теңге алу", қазақ халқы - қонақжай халық,

алтыбақан, пісіріледі, ұлттық ойындар, бата беру, діни мейрам емес, ән

айтады, "Көкпар", бауырсақ, шелпек.

2-тапсырма. Жақшаны ашыңыз.

Жаңа жылды (люди ждут с нетерпением). Жаңа жылда адамдар (желают

друг другу здоровья, счастья, успехов в работе). Наурыз көжені су мен

тұздан басқа (из семи продуктов) жасайды. Наурыз көжеге

(приглашают своих родственников и друзей). Наурыз – жақсы (обычаи и

традиции) еске алатын күн.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!

Наурыз мейрамы, бата беру, Ұлыс күні, наурыз көже,

күн мен түннің теңелуі, шаруашылық мейрамы

Мәтінді оқыңыз, мазмұндаңыз. Мәтін мазмұны бойынша

сұрақ құрастырыңыз.

Наурыз көже

Жаңа жыл күні әр үйде қазан-қазан наурыз көже пісіріледі. Наурыз

көже су мен тұздан басқа кемінде жеті түрлі азықты (бидай, тары, қамыр, ет

сүт, күріш, май т.б) пайдалану арқылы пісіріледі. Бұл асқа соғымнан әдейі

сақталған мүшелер (бас, жамбас, қазы), айран немесе құрт қосылады.

Наурыз көжеге ауылдағы әр үй бірін-бірі кезекпен шақырады. Көже ішіп

болған соң, үлкендер бата берген:

Ұлыс бақты болсын!

Төрт түлік ақты болсын!

Ұлыс береке берсін!

Пәле-жала жерге енсін!

Мақалды жаттап алыңыз.

Баталы ер арымас, батасыз ер жарымас.

79

Мәтінді мәнерлеп оқыңыз, толықтырыңыз төмендегі

сұрақтарға жауап беріңіз.

Наурыз мейрамында жастар түнімен өлең айтады, ұлттық ойындар

ойнайды. Ұлттық ойындар жастарды ептілікке, тапқырлыққа баулиды.

Ұлттық ойынның түрлері: көкпар, аударыспақ, қыз қуу, алтыбақан, ақ

сүйек, тоғыз құмалақ, теңге алу, асық ойыны және тағы басқалар. Ұлттық

киім киген қыз ортаға шығып, топ-топ болып тұрған жігіттердің ішінен

өзіне ұнаған жігіттің мінген атының сауырынан түртеді де, шаба жөнеледі.

Жігіт қыздың соңынан қуады. Ойын шарты бойынша жігіт қызды қуып

жетсе, құшақтап бетінен сүйеді. Егер белгіленген жерге дейін жігіт қызды

қуып жете алмаса, онда кері қайтқан кезде қыз қолындағы қамшысымен

жігітті ұрып, орнына немесе көмбеге дейін қуып әкеледі.

Ор текедей орғыған оңды солға,

Жетемін деп жігітім, әуре болма.

Тізгінімді тежейін, алдыма түс,

Келді менің кезегім жүндей түтер.

Қусаңда жігіт қаншама,

Жолатпаймын маңыма.

Әуре болма, шаршама,

Адасып кетпе - ей, шаңыма.

Мәтінде қай ойын туралы

айтылған?

Сіз қандай ұлттық ойындарды білесіз?

Ұлттық ойындар жастардың бойында қандай қасиеттерді

қалыптастырады?

Тапсырма. Өзіңіз бір ұлттық ойынды сипаттап жазыңыз.

♫ Ән үйренейік.

Наурыз — думан.

Сөзін жазған: М.Мақатаев

Әнін жазған: Т.Сарыбаев

Наурыз айы туғанда,

80

Той болушы еді бұл маңда .

Сақталушы еді сыбаға,

Сапарға кеткен ұлдарға,

Наурыз айы туғанда.

Наурыз, наурыз күні игі ,

Күні игі жердің - түрі игі.

Бауыры жылып науат-қар,

Бабымен ғана жібиді.

Шашылып ырыс шонақтан,

Шақырып бір үй бір үйді,

Шаттанушы еді бір игі.

Осынау игі кең жерге,

Наурыз айы келгенде.

Наурыз тойын бергенде,

Көрмегендер де - арманда,

Арманда - оны көрген де.

Келіп ем өмір – арманға,

Наурыз айы келгенде.

5.2. АСХАНАДА. МЕЙРАМХАНАДА

ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ!

Ас дәмді болсын! Тәбетіңіз ашылсын!

Төрлетіңіз, Дастархан мәзірі, даяшы, тапсырыс.

* * *

- Қандай тапсырыс бересіздер?

- Алдымен дастархан мәзірін көрейік.

- Сіздерде ұлттық тағамдардан не бар?

- Қазақша ет, қазы, қарта, қуырдақ, бауырсақ.

81

- Қандай сусындар бар?

- Сүт қосқан шай, қымыз, шұбат.

- Бізге қазақша ет, қазы, қымыз әкеліңіз.

- Ас дәмді болсын!

1-тапсырма. Кестедегі сөздерді пайдаланып, сөйлем

құрастырыңыз.

Адамдарға

салат,

шырын, шай,

балық, май,

ет, жұмыртқа,

өрік,

шабдалы, сүт,

сәбіз, ботқа

жеуге, ішуге,

кесуге,

салуға,

құюға,

қуыруға,

араластыруға,

жағуға

тәрелке,

қасық,

пышақ,

шанышқы,

кесе, стақан,

таба, табақ,

шыны-аяқ

керек.

2- тапсырма. Берілген үлгі бойынша дастархан мәзірін

құрастырыңыз.

Дастархан мәзірі:

Тағамның аты 100 гр

бағасы

Салқын тағамдар:

қазы

қарта

жал-жая

тіл

50 т.

50 т.

50 т.

45 т.

Сұйық тағамдар:

Кеспе көже

Сорпа

35 т.

40 т.

Қою тағамдар:

мәнті

қуырдақ

қазақша ет

палау

60 т.

38 т.

65 т.

50 т.

Сусындар:

қымыз

шұбат

айран

20 т.

25 т.

15 т.

82

шырындар (өрік, жүзім,

алма)

15 т.

Ыстық сусындар:

сүт қосқан шай

құмшекер қосқан шай

20 т.

20 т.

Нан:

Бауырсақ

тоқаш

нан

15т.

10т.

2 т.

Тәтті тағамдар:

шәк-шәк

торт

30 т.

30 т.

Асхана меңгерушісі____________

3-тапсырма. Сурет бойынша сұхбат құрастырыңыз.

Сіз досыңызбен асханаға келдіңіз. Даяшыға тапсырыс беріңіз.

4-тапсырма. Төмендегі сөздердің антонимдік қатарын табыңыз, сөз

тіркестерін құрастырыңыз.

Тәтті, дәмді, тұзды, ыстық, сұйық, майлы, қою, қатты, ащы.

Жұмбақ шешейік.

* Бойы бір қарыс, * Іші жұмсақ, сырты қатты,

Сақалы екі қарыс. Еті қызыл, Сүті тәтті .

(...) (... )

* Алыстан қарасам аппақ, * Ызақор бұғып жатар,

Татып қарасам тәтті-ақ. Сақалын тығып жатар.

(... ) (...)

* Басы бар да, * Көзі бар да,

Шашы жоқ . Қасы жоқ . (...)

(...) ("Жұмбақтар" кітабынан).

83

5-тапсырма. Өзіңіз жиі баратын асхана туралы шағын шығарма

жазыңыз.

Жағдаят бойынша сұхбат құрастырыңыз.

Туған күніңізге достарыңызды шақырмақсыз, сондықтан

мейрамханаға алдын-ала тапсырыс беріңіз.

Достарыңызбен демалыс күні дәмханаға бардыңыз. Даяшыға

қандай тағамдарға тапсырыс бердіңіздер?

Танысыңызды дәмханаға апармақсыз, телефон шалып екі орынға

тапсырыс беріңіз.

6-тапсырма. Суреттегі ыдыс-аяқ атауларын жазып, сөйлем

құрастырыңыз.

5.3. АЗЫҚ-ТҮЛІК ДҮКЕНІНДЕ. БАЗАРДА

Дүкен туралы сөйлесейік.

Тағамдар сататын дүкенді қалай атайды?

Дүкен тек қана бір тағамның атымен аталуы мүмкін бе?

1-тапсырма. Сөздіктің көмегімен азық-түлік атауларын

толықтырыңыз.

Сүт сататын бөлімінде: сүт, айран, ... , ..., ... сатылады.

Ет бөлімінде: сиыр еті, ... , ..., ... сатылады.

Балық бөлімінде: жаңа әкелінген балық, ..., ..., ..., сатылады.

Бакалей бөлімінде: күріш, бұршақ, ... , ..., ..., сатылады.

Кондитер бөлімінде: кәмпит, торт, вафли, ..., ..., ... сатылады.

Нан бөлімінде: қара нан, қалаш ..., ...., ...., сатылады.

Көкөніс-жеміс жидек бөлімінде: алма, алмұрт, қызылша, ..., ..., ...,

сатылады.

Суреттегі көкөністерден қандай тағам дайындауға болады?

Төмендегі жағдаяттар бойынша сұхбат құрастырыңыз.

Сізге сүт тағамдарын сатып алу керек. Сатушы екеуіңіздің араңызда

қандай әңгіме болуы мүмкін?

84

Сіздің сүйікті тосабыңыз, оны дайындау тәсілі жөнінде құрбыңызбен

сұхбаттасыңыз.

Көршіңіз базарға барады, сіздің уақытыңыз жоқ. «Күзгі салатқа»

керекті көкөніс-жемістерді әкеліп беруін өтініңіз.

Күзгі салаттың құрамы:

0,5 кг пияз, 1 кг сәбіз

1 кг бұрыш

2 кг қызанақ

0,5 кг қызылша

1 кг қияр

100 гр.аскөк

1 қырыққабат

Ойын. «Тізбектен шығып қалма»

Мысалы: Астық-қызылша-алмұрт-тұз-з…

Мәтінді мәнерлеп оқып, мазмұнын айтыңыз.

Алматы апорты

Алматы апортының өзіндік тарихы бар. Өткен ғасырдың орта

шамасында Алматыға Орал уезінен Редько деген орыс шаруасы көшіп

келеді. Ол ат арбасымен Алматыға бір жыл жүріп жеткен екен. Ол Оралда

апорт алмасын өсірген. Соның бір бұтағын құмыраға отырғызып, баптап,

күтіп, ала келеді де, оны Алматы жеріне отырғызады. Әлгі бұтақ аз жыл

ішінде үлкен алма ағашына айналып, жеміс береді. Бір ғажабы жаңа

қонысында бұл апорт көлемі мен дәмі жағынан өзінің ата мекеніндегі

күйінен асып түседі.

Сөйтіп, ойда жоқта апорттың жаңа сорты пайда болып, көбейтіледі. Жер

шарында Алматыдан басқа жерде мұндай апорт түрі өспейді.

Көкөніс, жеміс, жидектердің шығу тарихы туралы не білесіз?

Әңгімелеңіз.

Жаңылтпаштар жаттайық!

* Қызым, жүзім же , * Бар, май шайқа,

Жүзімді үзіп же. Байқа, жай шайқа.

Мұз – тұздай,

Тұз – мұздай.

(«Жаңылтпаштар» кітабынан).

Тапсырма 2. Жазылған жеміс-жидек, көкөністердің қайсысынан

тосап, компот жасайды, қайсысын тұздайды? Бөліп жазыңыз.

Тосап компот тұздалған көкөністер

-------- ---------- ---------------------------

------- ---------- ---------------------------

85

------- ---------- ---------------------------

------- ---------- ---------------------------

алма құлпынай шие

қарақат қызанақ алмұрт

қырыққабат шабдалы қияр

қарбыз жүзім өрік

3-тапсырма. Сізге көкөніс, жеміс-жидек алу керек. Бірақ, базарда

баға өте қымбат. Саудагермен саудаласыңыз.

Мәтіннің мазмұнын қазақ тілінде айтып беріңіз.

Подсолнухи

У Айши было два сына: Назар и Ахмет. Айша дала им семечки подсолнуха

и велела посадить. Назар крупные семечки погрыз, а мелкие посадил. Ахмет

крупные семечки посадил, а мелкие погрыз. Пришла осень. У Назара

выросли плохие подсолнухи. У Ахмета выросли хорошие. Посмотрела

Айша на подсолнухи и сказала: «Что посеешь, то и пожнешь».

♫ Ән үйренейік

Қазақы дастархан

Әнін жазған: М.Ілиясов

Сөзін жазған: Ж.Боранбаев

Бүгінгі ел ішінде,

Дәстүрді жалғастырған.

Татулық белгісі ме?

Жағалай малдас құрған.

Қайырмасы:

Ей, менің асқар тауым –

Қазақы дастарханым.

Өзіңсің бақ-берекем,

Ақ қайнар бастауларым.

Анаға ақ пейілді,

Иілсе келін балаң.

Ықылас ізет етсең,

Сыйластық елін табам.

86

Қайырмасы:

Дәм татар талай ғасыр,

Ұрпақтар абай болсын.

Кірлетпей таза ұстасын,

Халықтың шарайнасын.

Қайырмасы:

Бақылауға арналған тест тапсырмалары

1. Бұрынғы өткен шақта тұрған етістікті табыңыз.

A) аудармақ

B) аударған

C) аударар

D) аударды

E) аударып жатыр.

2. Елтаңбаның реңдік бейнесі қандай?

A) алтын, көгілдір

B) сары, ақ

C) көк, қызыл

D) көгілдір, қоңыр

E) жасыл, сары.

3. Астананың салтанатты ашылу рәсімі қай жылы болды?

A) 1995

B) 1997

C) 1996

D) 1998

E) 1999.

4. С. Аманжолов кім?

87

A) заңгер

B) физик

C) түркітанушы

D) тарихшы

E) химик.

5. С. Аманжолов қайда туған?

A) Оңтүстік Қазақстанда

B) Орталық Қазақстанда

C) Батыс Қазақстанда

D) Солтүстік Қазақстанда

E) Шығыс Қазақстанда.

6. Қазақстан Республикасының Елтаңбасына қатысты элементті

белгілеңіз.

A) қыран құс

B) күн

C) тік жолақ

D) бөрінің басы

E) шаңырақ.

7. Шаңырақ нені білдіреді?

A) арманды

B) дарқанды

C) еркіндікті

D) мерекені

E) біртұтастықты.

8. Алтын күн ненің белгісі?

A) бостандықтың

B) бейбітшіліктің

C) жарқын болашақтың

D) бірліктің

E) қырағылықтың.

9. ҚР мемлекеттік рәміздері қай жылдары қабылданды?

A) 1994

B) 1995

C) 1990

D) 1992

E) 1991.

10. Әнұран шумағын аяқтаңыз.

Ұрпаққа жол ашқан,

Кең байтақ жерім бар.

88

Бірлігі жарасқан,

Тәуелсіз елім бар.

Қарсы алған уақытты,

Мәңгілік досындай,

A) Алтын күн аспаны,

Алтын дән даласы.

B) Думанды бастаған,

Далама қарашы.

C) Ежелден ер деген,

Даңқымыз шықты ғой.

D) Біздің ел бақытты,

Біздің ел осындай.

E) Намысын бермеген,

Қазағым мықты ғой.

11. Өскемен пединституты қай жылы ашылды?

A) 1949

B 1951

С) 1950

D) 1953.

E) 1952.

12. ШҚМУ- ға қай жылы С. Аманжолов есімі берілді?

A) 2003

B) 2002

C) 2001

D) 2004

E) 2005.

13. «Астана» бұрын қалай аталған?

A) Ақмола

B) Сарыарқа

C) Көкшетау

D) Қарағанды

E) Тараз.

14. Қазақтың тұңғыш ғарышкері.

A) Мұхтар Шақанов

B) Тоқтар Әубәкіров

C) Олжас Сүлейменов

D) Әбілқан Қастеев

E) Марат Омаров.

15. Өскемен пединститутының бірінші ректоры кім?

A) Закарьянов Қ.К.

89

B) Шестаков В.

C) Темірбеков.К.

D) Мәмбетқазиев Е.А.

E) Уәлиев Ю.К.

16. «Тәуелсіз мемлекет» сөз тіркесінің дұрыс баламасын табыңыз.

A) суверенное государство

B) независимое государство

C) свободное государство

D) самостоятельное государство

E) вольное государство.

17. Қазақстан Шығысында қандай мемлекетпен шектеседі?

А) Ресеймен

B) Өзбекстанмен

C) Каспий теңізімен

D) Түркістанмен

E) Қытаймен.

18. Мақалды аяқтаңыз: Ел іші –

А) алтын бесік

B) алтын қазық

C) алтын балық

D) алтын сандық

E) алтын қақпа.

19. Дұрыс баламасын табыңыз. Босағада тұрма.

A) не бегай вокруг дома

B) не стой на пороге

C) не плюй в колодец

D) не бегай дома

E) пальцем не показывай.

20. Астана қаласы Қазақстанның қай жерінде орналасқан?

A) Бетпақ далада

B) Сарыарқада

C) шөл далада

D) Қарақұмда

E) Қызылқұмда.

21. Қазақстан Республикасының туындағы қыран құс нені білдіреді?

A) еркіндікті

B) кеңдікті

C) тазалықты

D) бейбітшілікті

90

E) адалдықты.

22. Қазақстан Республикасының Елтаңбасындағы қос пырақ ненің белгісі?

A) биік армандарға қол созу

B) татулық

C) еркіндік

D) шаңырақ

E) бесқұрлық.

23. Қазақстан Республикасы Туының сол жағында не бейнеленген?

A) ұлттық жалау

B) ұлттық тағам

C) ұлттық дәстүр

D) ұлттық аспан

E) ұлттық өрнек.

24. Қазақстан Республикасында жоқ өзендерді белгілеңіз.

A) Есіл, Ертіс

B) Іле, Талас

C) Сырдария, Амудария

D) Обь, Енисей

E) Үлбі, Орал.

25. Қазақтың тұңғыш академигі.

A) Ш. Уәлиханов

B) Қ. Сәтбаев

C) С. Аманжолов

D) М.Әуезов

E) Д.Қонаев.

26. Өскемен қаласының негізі қай жылы қаланды?

A) 1820

B) 1825

C) 1730

D) 1720

E) 1750.

27. Сөйлемді толықтырыңыз. Өскемен қаласында ... жақсы дамыған.

A) тамақ өнеркәсіп

B) жеңіл өнеркәсіп

C) тоқыма өнеркәсібі

D) ауыр өнеркәсіп

E) баспа өнеркәсібі.

91

28. Жамбыл драматеатры қай саябақтың жанында орналасқан?

A) Жамбыл

B) Металлург

C) Абай

D) Ушанов

E) Жастар.

29. Мақалды аяқтаңыз. Туған жердей жер болмас, ... .... .... .... .

A) туған елдей ел болмас

B) туған жердің ауасы да шипа

C) туған жердің жуасы да тәтті

D) туған жерге туыңды тік

E) туған жердің қадірін шетте жүрсең білерсің.

30. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойыңыз. Заңғар сауда үйі ...

орналасқан?

A) қашан?

B) қандай?

C) неге?

D) қайда?

E) қайдан?

31. Дұрыс баламасын табыңыз. Білікті маман.

A) знающий специалист

B) ответственный специалист

C) умный специалист

D) квалифицированный специалист

E) способный специалист.

32. Мезгіл үстеуі бар сөйлемді анықтаңыз.

A) Ол осында тұрады.

B) Асан арабша хат жазады.

C) Бүрсігүні нағашысы келеді.

D) Мен үйге тез келдім.

E) Оның үйі алыс.

33. Шартты райда тұрған сөйлемді анықтаңыз.

A) Сенімен танысқым келеді.

B) Аудармашы мамандығында оқимын.

C) Қалаға бар.

D) Күн жылы болса, театрға барамыз.

E) Сендер кешке келіңдер.

34. Мақалды аяқтаңыз.

Шешеннің сөзі - ...

92

Шебердің бізі - ... .

A) ортақ

B) мерген

C) өнерлі

D) өнер

E) шебер.

35. Фразеологизмді белгілеңіз.

A) босағаны керме

B) табалдырықта тұрма

C) үйде ысқырма

D) ер жүрек

E) қой аузынан шөп алмас

36. Бұйрық райда тұрған сөйлемді табыңыз.

А) Әкем үйде қалсын.

В) Ол оқуды үздік бітірді.

С) Мен көп білгім келеді.

Д) Асан демалып жатыр.

С) Серік кітап оқыды.

37. Синонимдік қатарды белгілеңіз.

A) жүз, бет, өң, түс

B) ұзын, қысқа, келте

C) биік, төмен, жоғары

D) қатал, жұмсақ, нәзік

E) таза, кір, лас.

38. Мақалды аяқтаңыз

Ашу – ...

Ақыл – ... .

A) бейнет, зейнет

B) қорқақ, батыр

C) дұшпан, дос

D) жақсы, жаман

E) батыл, қатал.

39. Қалау райында тұрған сөз тіркесін табыңыз.

A) білесің бе?

B) барған жоқ

C) барғым келді

D) келсе айтарсыз

E) сурет салды.

40. Орын тәртібі дұрыс жасалған сөйлемді анықтаңыз.

93

A) менің досым – ұзын бойлы, кең иықты жігіт.

B) менің досым жігіт кең иықты, ұзын бойлы.

C) жігіт кең иықты, менің досым.

D) иықты менің досым жігіт.

E) жігіт бойы ұзын, менің досым.

1 В 11 Е 21 А 31 D

2 А 12 А 22 А 32 С

3 D 13 А 23 Е 33 D

4 С 14 В 24 D 34 В

5 Е 15 Е 25 Е 35 Е

6 С 16 В 26 D 36 А

7 С 17 Е 27 D 37 А

8 С 18 А 28 Е 38 С

9 D 19 В 29 А 39 С

10 D 20 В 30 D 40 А

Ұлттық тағамдар

ас - пища, еда

ет тағамдары - мясные продукты

ірімшік - творог

кілегей - сливки

қаймақ - сметана, пенка

айран - кефир, простокваша

қымыз - национальный напиток из кобыльего молока

сүт тағамдары - молочные продукты

ұлттық тағамдар - национальные блюда

ұн тағамдары - мучные продукты

шұбат - напиток из верблюжьего молока

ақ бата - благословение

алтыбақан - казахские качели на 6 шестах; название игры

көк шығады - появляется первая трава, зеленеет

таңды қарсы алу - встретить рассвет

дәм татқызу - угощать

үйлеріне тарасады - расходятся по домам

күту – ухаживать, ждать

дәстүр - обычай

қонақжай - гостеприимный

төрт түлік - четыре вида домашнего скота

көңілдену - веселиться

діни мейрам емес - не религиозный праздник

қазақша ет - мясо по-казахски

қарта - национальное мясное изделие

94

қазы - национальное блюдо из реберной части лошади

қалаш - калач

талқан - крупа пшеничная или пшенная; толокно

тоқаш – булочка

ірімшік салып пісірген нан – ватрушка

мейіз салынған тәтті нан - кекс

Асханада. Мейрамханада

дастархан мәзірі - меню

Ас дәмді болсын! - Приятного аппетита!

сусындар - напитки

біріншіге - на первое

екіншіге - на второе

үшіншіге - на третье

таңертеңгі ас – завтрак

таңертеңгі ас ішу – завтракать

түскі ас - обед

кешкі ас - ужин

ботқа - каша

даяшы - официант

кеспе көже - суп с лапшой

майсыз - постный, нежирный

сорпа - бульон

палау - плов

қара бұрыш - черный перец

жеу - кушать

қара шай - черный чай

сүт қосылған шай - чай с молоком

қант қосылған шай - чай с сахаром

қантсыз шай - чай без сахара

көк шай – зеленый чай

қуырылған балық -жареная рыба

балық сорпасы – уха

шай құю - разливать чай

салқын тағамдар - холодные блюда

ыстық тамақтар - горячие блюда

өзіне-өзі қызмет ету - самообслуживание

қуырылған жұмыртқа - жареное яйцо

құймақ – оладья, блин

ішіне ақ ірімшік салынып пісірілген кішкене самса - вареники

жаңа пісірілген, жаңа піскен – свежеиспеченный

жаңа тұздалған қияр – свежепросольный огурец

құю - наливать

кесу - резать

қуыру - жарить

алма шырыны - яблочный сок

95

жүзім шырыны – виноградный сок

сусын - напиток

тапсырыс – заказ

майлық - салфетка

шанышқы – вилка

кішкене қасық – маленькая ложка

ас қасық - столовая ложка

тіс тазартқыш – зубочистка

дастарқанды жабдықтау – сервировка

қыша - горчица

Азық-түлік дүкенінде. Базарда

май - масло

сары май - сливочное масло

өсімдік майы - растительное масло

сиыр еті - говядина

шошқа еті – свинина

шортан – щука

бекіре - осетр

қызыл балық – красная рыба

қызыл уылдырық – красная икра

шабақ - килька

қырыққабат - капуста

қызанақ - помидор

қияр - огурец

сатып алу - покупать, купить

сарымсақ - чеснок

пияз - лук

саудаласу - торговаться

тұз - соль

өлшеу - взвесить

жасыл бұршақ - зеленый горошек

таңқурай - малина

шие – вишня

қарақат – смородина

қызыл қарақат – красная смородина

қара өрік - чернослив

тосап – варенье

бал - мед

ірі - крупный

ұсақ - мелкий

қарлыған - крыжовник

жүзім – виноград

бүлдірген – земляника

қырыққабаттың қауданы – кочан капусты

кептірілген өрік - курага

96

асқабақ - тыква

қауын - дыня

қышқыл - кислый

шабдалы - персик

мойыл - черемуха

тұздалған - соленый

аскөк – укроп

ақжелкен – петрушка

тұздау - засолка

жеміс - фрукт

жидек - ягода

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Алтайбаева М. Интенсивный курс казахского языка/ М.Алтайбаева,

Т.Аренова, К.Исинова. -Алматы: Ана тілі, 1998.

2. Аққозин М. Қазақ мақал-мәтелдері /М.Аққозин - Алматы:

Қазақстан, 1990.

3. Бектуров Ш. Қазақ тілі для начинающих./Ш.Бектуров, А.Бектурова.-

Алматы: Рауан, 1994.

4. Бектурова А.Казахский язык для всех./А.Бектурова, Ш.Бектуров.-

Алматы: Атамұра, 2004.

5. Бектаев Қ. Үлкен орысша-қазақша сөздік/Қ.Бектаев.-Алматы: Алтын

Қазына, 1999.

6. Болғамбаев М. Қазақтың ұлттық спорт түрлері / М.Болғамбаев. -

Алматы:Қайнар, 1985.

7. Жылқыбаева А.Ш.,Хусаинова М.Ж. Қазақ тілі / А.Ш.Жылқыбаева,

М.Ж.Хусаинова, А.А.Айтқазина, Ж.А.Сейфолданова, Б.А.Қырықбаева. -

Өскемен, ШҚМУ, 2003.

8. Кенжахметұлы С. Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-

ғұрыптары/С.Кенжахметұлы.-Алматы: Кітап, 2005. Кенжахметұлы С.

Қазақтың дастарханы/ С.Кенжахметұлы.-Алматы: Кітап, 2006.

9. Қалиев С. Қазақ халқының салт-дәстүрлері/С.Қалиев, М.Оразаев,

М.Смайылова.-Алматы: Рауан, 1994.

10. Қазақстан: ұлттық энциклопедия.-Бас ред.Ә.Нысанбаев.-Алматы: Қазақ

энциклопедиясы, 1998.

11. Маманов Н. Қазақ тілі/ Н.Маманов.- Алма-Ата:Мектеп, 1989.

12. Сариева К. Қазақ тілі/ К. Сариева.-Алматы:Білім, 2000.

97

13. Сариева К. Мы говорим по-казахски/ К.Сариева.-Алма-Ата:Казахстан,

НЛЦ, Балқия, 1992.

14. Салиева У. Қазақша сөйлеп үйренейік/У.Салиева.-Алматы:Рауан, 1995.

15. Сүлейменова Э.Д.Анықтағыш: Қазақ тілі- Казахский язык. Учебный

комплекс/Э.Д.Сүлейменова, Қ.Қ.Қадашева, Д.Х.Ақанова.-Алматы: ИД.

Жібек жолы, 1996.

16. Сүлейменова Э.Д. Тіл ұстарту: Қазақ тілі- Казахский язык. Учебный

комплекс/Э.Д.Сүлейменова,Қ.Қ.Қадашева, Д.Х.Ақанова.-Алматы: ИД.

Жібек жолы, 1996.

17. Қожахметова Х.Қ. Қазақша-орысша фразеологиялық сөздік

/Х.Қ.Қожахметова, Р.Е.Жайсақова, Ш.О.Қожахметова -Алма-Ата "Мектеп",1988

18. Қадырова Р.Х., Шакиева Р.А. Конина в лечебном питании /Р.Х.Қадырова,

Р.А.Шакиева -Алма-Ата, "Қайнар", 1989.

19. Табылдиев Ә. Жеті жүз жұмбақ. /Құрастырған Ә.Табылдиев. -Алматы.

Жалын, 1985.

20. Төтентаев Б. Қазақтың ұлттық ойындары /Б.Төтентаев. -Алматы: Қайнар,

1994.

VI бөлім

УАҚЫТ-АЛТЫННАН ҚЫМБАТ

6.1. САҒАТ

Мәтінді мәнерлеп оқыңыз, мазмұнына байланысты сұрақ

құрастырыңыз, толықтырыңыз.

Сағат

Мыңдаған жылдар бұрын адамдарға уақытты дәл білу онша қажет

болмады. Олар күн шыға оянып, күн бата ұйықтаған, біртіндеп өмір

күрделене бастағанда, сағаттың қажеттілігі туып, рөлі артты.

Уақытты санаудың ең алғашқы қарапайым құралы күн сағаты болған.

Ол бұдан 3500 жыл бұрын пайда болған. Бірақ, бұлтты күні бұл сағат

қолайсыз болды. Сондықтан адамдар су сағатын ойлап тапты. Су бір

ыдыстан екінші ыдысқа тамшылап тұрады. Бірінші ыдыстың суы біртіндеп

азайып уақыттың дәл мезгілін білдіреді. Құм сағаты да осылай жұмыс

істейді. Механикалық сағаттар жөніндегі деректер VI ғасырдың аяғында -ақ

белгілі болған. Ол туралы ғалымдар Византиялық қолжазбалардан тапты.

Мұндай сағаттың бір ғана тілі болған.

Голландиялық ғалым Х.Гюйгенс 1657 жылы маятникті сағат ойлап

тапты. Кварцты сағат 1929 жылдары пайда бола бастады. Уақытты бұдан да

дәлірек көрсететін атомдық және молекулалық сағаттар ойлап шығарылды.

Атомдық сағат бір милллион жылда бір секундқа қателесуі мүмкін. Атомдық

сағат 1948 жылы орнатылды.

ХХ ғасырдың 70-жылдары электронды сағат кеңінен тарады. Ең

алғашқы сағаттар қалта сағат деп аталған, өйткені олар киімнің қалтасына

салынатын болған. Қалта сағатының алтын не күміс шынжырының екінші

98

басында сағатты бұрап отыратын кілті болған. Қазіргі кезде қалта сағаты

сәннен шыға бстады. Кейінірек қол сағаты пайда болды. Ең алғашқы қол

сағатын 1910 жылы Роллекс компаниясы жасап шығарды.

Сағаттың өмірде алатын орны ерекше: жүректің соғуы, теңіз суының

көтерілуі мен қайтуы, күннің шығуы мен батуы, жыл мезгілінің алмасуы -

бәрі белгілі бір уақытпен өлшеніп, анықталып отырады.

1-тапсырма. Сурет бойынша бір-біріңізден уақытты сұрап. жауап

беріңіз.

2-тапсырма. Қазақша айтыңыз.

Без 28 минут десять, без пяти минут 13, 11 часов 40 минут, 16 часов,

без 18 минут семь, половина четвертого.

- Который час?

- Без пяти шесть.

- Надо идти на работу.

- Ты когда идешь к врачу?

- В три часа. Который час?

- 3 минуты третьего.

* * *

- Скажите, пожалуйста, который час?

- Половина девятого.

- Половина девятого?! Я опоздала на урок! Завтра какое число?

- Завтра 25 октября. День Республики. Может встретимся около

университета в 8 часов?

- Нет, лучше встретимся без пятнадцати 8 или в половине восьмого.

- Ладно, тогда встретимся без пятнадцати восемь.

3-тапсырма. Дұрыс сөйлем құрастырыңыз.

Алма, бару, сағат, 10, көрме.

Сабақ, бірінші, басталу сағат 8.30.

12, екінші, аяқталу, сабақ.

Үй, қайту, сендер, үш.

4, сағат, қазір.

99

ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ!

Таң, таңертең, таңсәріде, таңғы, күн,

күндіз, күндізгі, түс, түскі, түстен

кейін, түске дейін, кеш, кешкі, кешке,

кеште, түн, түнгі, түнде, түн ауа, түн

ортасы, тәулік

☺ Сөйлеу үлгісі:

- Сабақ сағат нешеде басталады?

- Сабақ сағат 8.30 басталады.

- Айтыңызшы, уақыт қанша?

- Сағат 5-тен 15 минут кетті.

- Сабақ сағат нешеде аяқталады?

- Сабақ сағат 7-ге 10 минут қалғанда аяқталады.

- Сізбен қашан кездесеміз?

- Бүгін кешке кездесейік.

- Пойыз Алматыдан қашан келеді?

- Пойыз Алматыдан ертең таңертең тура сағат 8-де келеді.

4-тапсырма. Сөйлем құрастырыңыз.

Ертең, бару, кейін, түстен, оқу залы, сағат үш.

Біз, Металлурггер, саябағына, дүйсенбі, демалуға, барамыз.

Сабақ, басталу, бірінші, 8.30.

Үйге, қайтасыңдар ма, сендер, кешкі, 7-де, сағат.

Төрт, сағат, тура, қазір.

ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ!

Сенбі (шамбе) – күн

Дүйсенбі - (иран) ду-екі

Сейсенбі - (иран) сей-үш

Сәрсенбі - (иран) сәр-төрт

Шәһар - терт

Бейсенбі - (иран) тож-бес

Жұма — (араб) жұмаға-пятница

Жексенбі - (иран) йек-бір

Уақытты пайдаланып, бір күнге арналған теледидар бағдарламасын

құрастырыңыз.

☺ Оқыңыз, қызық!

Қытай сағатының көрсеткіші

Қытай сағатында минут және секунд көрсеткіші болмайды. Олардың

орнына тышқан, сиыр, жолбарыс, қоян, айдаһар, жылан, ат, қой, маймыл,

әтеш, ит және доңыз сияқты 12 хайуанат атаулары қолданылады. Қытай

сағаты біздің екі сағатымызға тең. Мысалы: тышқан уақыты сағат 11:00-де

басталып, 12:59-да аяқталғанын көрсетеді.

100

Сағаттың адам өмірінде атқаратын рөлі туралы шағын шығарма

жазыңыз.

6.2 МЕНІҢ КҮН ТӘРТІБІМ

1-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойыңыз.

Мен таңертең ... тұрамын, ... жинаймын, беті-қолымды .... , тісімді ...,

шашымды ... , киімімді ... , таңғы асымды ... . Сағат ... үйден

шығамын. Сабақ ... басталады, ... аяқталады. Сабақтан соң достарыммен

... барамын. Кешке ... көремін.

2-тапсырма. Берілген сөздерді, сөздікті пайдаланып, өзіңіздің күн

тәртібіңіз туралы жазыңыз.

Ояну, жаттығу жасау, тұру, жуыну, беті-қолын жуу, тісін тазалау, киіну,

шашын тарау, тамақтану, төсек жинау, желдеткіш ашу, бөлменің ауасын

тазарту.

3-тапсырма. Сурет бойынша әңгіме құрастырыңыз.

Жұмбақ шешейік.

* Төрт аяқты, * Дала тынық күйде,

Төрт таяқты. Жел соғып тұр үйде.

(...) (...)

("Жұмбақтар" кітабынан ).

4-тапсырма. Сөйлем құрастырыңыз.

Ол бос уақытында … … .

таза ауада серуендеу

саяжайда қыдыру

шахмат бару

дойбы шығу

өзен жағасында шыңдау

спортпен айналысу

сурет салу

Үлгі: Ол бос уақытында спортпен шұғылданады.

5-тапсырма. Кестеде берілген сөздермен бос уақыт туралы

сөйлем құрастырыңыз.

БОС УАҚЫТ

серуен саяхат

Бос уақыт

Кітап оқу, театрға

бару, шахмат ойнау,

үйірмеге қатысу

Бос уақыт, отбасы,

дос, туыс, бірге

өткізу

101

«Бос уақытты дұрыс өткізу ақшаға байланысты» дегенге

қосыласыз ба? Қосылсаңыз, неге бұлай деп ойлайсыз,

қосылмасаңыз, оның себебін түсіндіріңіз.

☺ Сөйлеу үлгілері:

Бос уақытты дұрыс өткізу ақшаға байланысты емес, өйткені ... ... .

Бос уақытты дұрыс өткізу ақшаға байланысты, себебі ... ... ... .

Егер ақшаға қарасаң, ... .

... серуендеу үшін ... .

Менің ойымша, ... .

Төмендегі сөздерді және сөйлеу үлгілерін пайдаланып, сұхбат

құрастырыңыз.

Бос уақыт, кинотеатр, мұражай, саябақ, сурет көрмесі, дүкен, базар,

орталық мәдениет үйі, "Жас қанат" сайысы, концерт, қонақ, "Восток"

стадионы, "Көгілдір бұғаз", серуендеу, ұнайды, достар, ата-ана, туыс,

табиғат, жақсы көремін, жек көремін, ойлану.

☺ Сөйлеу үлгілері:

- Қазір уақыт қанша?

- Қазір түс кезі.

- Сағат неше?

- Тура екі.

- Кинотеатрға сағат нешеде барамыз?

- Сағат жеті жарымда.

- Кино нешеде басталады?

- Кино тура сегізде басталады.

- Кино нешеде аяқталады?

- Сағат тоғыз жарымда.

- Кино басталғанға дейін неше минут қалды?

- Әлі он бес минут бар.

* * *

- Толқын, бүгін сабақ жоқ па, не істеп жүрсің?

- Бүгін бізде сабақ, жок, сондықтан қыдырып жүрмін.

- Жамбыл драма театрында "Келіндер көтерілісі" атты қойылым

жүріп жатыр, жүр барайық.

- Барайық, менің де қолым бос.

Сіздің досыңыз бос уақытын дұрыс пайдалана алмайды. Қандай

кеңес бересіз?

Мақал - мәтелдерді жаттап алыңыз.

Әр адам өз заманының баласы.

Кешегі күннен алыс жоқ,

Ертеңгі күннен жақын жоқ.

("Қазақтың мақал-мәтелдері" кітабынан).

Жаңылтпаш жаттайық!

102

* Бір қыз кесте тікті,

Кестесін түсте тікті,

Кеште тікті.

("Жаңылтпаштар" кітабынан).

Мәтінді оқыңыз, ат қойыңыз.

* * *

Мен таңертең сағат жетіде тұрамын. Жуынып, жетіден он бес минут

кеткенде таңертеңгі тамағымды ішемін. Үйден жеті жарымда шығамын.

Сағат сегізден екіге дейін сабақта боламын. Түскі тамағымды екі жарымда

ішемін, жарты сағат демаламын. Сағат үш жарымнан кешкі алтыға дейін оқу

залында отырып, сабаққа әзірленемін. Кешкі тамағымды сағат жетіде

ішемін. Содан кейін үй жұмысымен айналысамын, теледидар көремін, кітап

оқимын. Сағат он бірде жатамын.

1-тапсырма. Жолдасыңызбен жұмыс күні туралы сұхбаттасыңыз.

2-тапсырма. Келесі аптада атқаратын жұмысыңызды

жоспарлаңыз.

Үлгі :

Дүйсенбі

7:30- сабаққа бару

15:30- кітапханаға

бару

18:00 - театрға бару

21:00 - теледидар көру

Сейсенбі

Сәрсенбі

Бейсенбі

Жұма

Сенбі

Жексенбі

6.3 ЖЫЛ МЕЗГІЛДЕРІ

Ертегіні оқыңыз, сұрақтарға жауап беріңіз. Өткен шақта тұрған

етістіктерді тауып, жасалу жолын түсіндіріңіз.

Ағайындылар

Ерте, ерте, ертеде Ғасыр деген кісі өмір сүріпті. Ғасырдың Жыл

деген жалғыз ұлы болыпты. Ғасыр жалғыз ұлын ерте үйлендіріпті. Көп

ұзамай жыл төрт ұл сүйіпті. Төртеуі қатар өсіп бірге ер жетіпті. Бірге

туып, бірге өссе де, олардың мінездері әр түрлі екен. Тұңғыш баласы Қыс -

өте қатыгез, ашушаң екен. Ал көктем сүйкімді, еңбексүйгіш, ақкөңіл

болса, Жаз да еңбекқор, берекелі жан болса керек. Бір күні Қыстың

қатыгез мінезін жақтырмаған ағайынды үшеуі: "Сен әркімге мінезіңді

көрсетіп, әлің жеткенді ренжітпей жүр" — деп оған ақыл айтады. Қыс,

әрине, бұл сөзге өкпелеп, кетіп қалады. Үш ағайынды жігіт Қысты дәл

осылайша ренжіп қалар деп ойламаған екен. Енді олар ағаларын іздеуге бел

буады. Ең алдымен Көктем жолға шығады. Ол да кері оралмайды. Енді

103

Жаз кетеді. Ол да ағаларын таппайды. Күз де оларды таба алмайды. Содан

бері қанша уақыт өтсе де, олар бірін-бірі күні бүгінге дейін іздеумен

жүрген көрінеді

Ертегіде қай жыл мезгілдері туралы айтылған?

Әр жыл мезгілі ертегіде қалай суретгелген?

Әр жыл мезгілін сіз қалай сипаттар едіңіз?

Анаңыздың, досыңыздың туған күніне қай гүлді сыйлар едіңіз?

Неге?

1-тапсырма. Берілген сипаттамаларға мағынасы сай сөзді табыңыз.

Қатты жаңбыр.

Қар аралас қатты жел.

Жаңбырдан кейін пайда болатын доға.

Жерге түсетін атмосфералық ылғал түрлері.

Суды, құмды, топырақты шыр айналдырып аспанға көтеретін күшті

жел.

Теңізде болатын аса жойқын күші бар жел.сурет

Керекті сөздер: кемпірқосақ, нөсер, боран, жаңбыр, құйын, дауыл.

2-тапсырма. Төмендегі сөз тіркестерінің антонимдерін табыңыз.

Аязды күн - ұлпа қар-

суық жел - құрғақ ауа -

бұлтты аспан - ұзақ түн-

терең өзен - айлы түн -

3-тапсырма. Берілген сын есімдерден салыстырмалы шырай

жасаңыз, сөйлем құрастырыңыз.

Ұзақ, салқын, ыстық, суық, жұмсақ, қатты, терең, күшті.

4-тапсырма. Зат есімдерге мағынасы жағынан сай келетін

етістіктерді тауып, сөйлем құрастырыңыз.

Жел шығу

Бұршақ жарқылдау

Найзағай жауу

Кемпірқосақ соғу

Ауа райы құю

Нөсер күшею

Боран болжау

Жаңылтпаштар жаттайық!

* Қыста кұлағым үсіп кетті. * Киген тоны -

Үсіп, ісіп кетті. Оңды тон, өңді тон.

("Жаңылтпаштар" кітабынан).

104

Жұмбақтарды шешіңіздер.

*Қолы жоқ сурет салады. * Қанаты жоқ - ұшады,

Тісі жоқ тістеп алады. (...) Аяғы жоқ - желеді,

Аузы жоқ - ұлиды. (...)

*Суға батпайды,

Отқа жанбайды. (...)

("Жұмбақтар" кітабынан).

Берілген ситуациялар бойынша әңгіме немесе сұхбат

құрастырыңыз.

Көшеде боран. Аялдамада сіз бір танысыңызды кездестірдіңіз. Осы

кезде әңгіме не туралы болуы мүмкін?

Радиодан жексенбі күнінің ауа райы туралы хабарлады. Күн жаңбырлы,

солтүстіктен қатты жел соғатыны айтылды. Сіз досыңызбен қаланың

сыртына шықпақшы едіңіз. Телефон аркылы досыңызға не айтасыз?

Күн ыстық. Бөлменің терезесін ашу керек. Әріптестеріңізге қандай

өтініш айтар едіңіз?

Күн суық. Ауа райының бұл кезін сіз мақал-мәтелмен қалай жеткізер

едіңіз?

Халық жорамалын білесіз бе?

Қатты суық боларда құстар кешке қарай басқа уақыттағыдан гөрі ұзақ

тамақтанады.

Торғайлар ағаштың бұтағында дыбыс шығармай қонақтап отырса, қар жауады,

жел болмайды.

Торғайлар қосылып шықылықтаса, жылы болады. Қуысқа тығылып, бір жерге

топталса суық болады. Бұл - боран алдындағы өзгеріс.

Сары шымшық ертемен шиқылдаса, түнде аяз болады.

Сауысқан шатыр астына тығылса, боран болады, қар жауады.

Қоян жатар орнын бұрынғысынан биіктете түссе, ауа райы бұзылады.

Ауа райының өзгеруін өзге құстардан гөрі қарғалар көбірек аңғарады. Қарғалар

топтаса қарқылдаса, қар жауады.

Әтеш немесе қаз бір аяғымен тұрса, аяз болады.

Жылы боларда жылқы жатады, аяз боларда тұрады.

☺ Оқыңыз, қызық!

Күн ашық болатын болса:

мұржадан түтін тік шығады,

кешке қарай жел басылады,

күн батарда аспанда қызыл арай пайда болады,

кешке қарай кемпірқосақ пайда болады.

Жаңбыр жауатын болса:

қарлығаштар төмен ұшады,

құмырсқалар илеуіне асығып кіреді,

күн бұлтқа жасырынады.

105

1-тапсырма. Төмендегі сөздерді және сөз тіркестерін пайдаланып,

ауа райы туралы сұхбат құрастырыңыз.

Қырау, күн күркірейді, ылғалды, боран, желді, бұлтсыз, жауын-шашын,

құрғақ, қапырық, құбылмалы, тайғақ, көктайғақ, ыстық, самал жел,

салқын, қарлы жаңбыр, жауады, соғады, жылынады, өзгереді, ериді.

2-тапсырма. Ауа райы туралы синоптиктердің болжауын тыңдап,

ертеңгі күннің ауа райын айтып беріңіз.

Үлгі: Синоптиктердің болжауы бойынша ертең Өскеменде қар жауады.

Күндіз ауа райы суық болады, кешке жақын күн бұлттанады, қатты жел

соғады, қар жауады, ауа райының температурасы 18 С суық болады.

Жағдаят.

Сіз достарыңызбен ертең тауға барып демалуды жоспарлаған едіңіз.

Бірақ таңертең радиодан мынадай хабарландыру естідіңіз: "Тауға дем алуға

барушы жолдастар! Қардың қалың түсуіне байланысты тауда қар көшкіні

болуы ықтимал. Абай болыңыздар!". Сіз не істейсіз?

3-тапсырма. Кестеге жыл мезгілдеріне байланысты айлардың

атын жазыңыз. Сурет бойынша әңгіме құрастырыңыз.

Айлар:

--------

--------

--------

-------

-------

-------

--------

--------

--------

-------

-------

-------

♫ Ән үйренейік.

Қаздар қайтқанда

Әнін жазған: Т.Базарбаев

Сөзін жазған: Т.Молдағалиев

Көк жүзінде барады қаздар қайтып,

Күндер солай өтеді шалқып-шалқып.

Сағыныш қой,

106

Сағыныш қой,

Сары ала жапырақтар,

Жақсылықтың жолында,

Жатқан балқып.

Ақ қайыңдар қалады дір-дір етіп,

Жанымызды бір кезде күлдіретін.

Жазғы бақта,

Жазғы бақта.

Саулайды жапырақтар,

Өз өмірін соңғы рет,

Бір жыр етіп.

Жайнап тұрған кешегі күн ескіріп,

Қара суық хабары тұр естіліп.

Қаздар ұшып,

Қаздар ұшып,

Барады оралмайтын,

Қанатына

Көктемді ілестіріп.

БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСЫ

1- нұсқа

1-тапсырма. Берілген сөйлемдердегі сан есімдерге сұрақ қойыңыз.

1. Қаныш Сәтбаев бір мың сегіз жүз тоқсан тоғызыншы жылы Павлодар

облысы Баянауыл ауданында туған. 2. Күршім ауданында елу мыңнан астам

адам тұрады. 3. Академик-ғалым Ә.Қайдаровтың бүгінгі күн талабына сай

жарық көрген он жеті томдық терминологиялық сөздігі таптырмайтын құрал

болып саналады. 4. Бесеуі де студенттер жатақханасында тұрады. 5. Сіздер

мына қаламды бес-бестен бөліп алыңыздар. 6. Үш бүтін онннан екіге алты

бүтін оннан жетіні қосса, қанша болады? 7. Пойыз түнгі сағат он екіде

келеді. 8. Отызды үшке бөлсе, қанша болады? 9. Марқакөл көліне жиырма

жеті өзен құяды, көлдің тереңдігі жиырма жеті метр, аумағы жеті жүз

жиырма екі шаршы метр, бір мың тоғыз жүз жетпіс алтыншы жылдан бастап

бұл аймақ "Марқакөл қорығы" деп аталады. 10. Көлдің негізгі байлығы -

"майқан "деп аталатын қызыл балықтың салмағы үш-сегіз кг болады. 11.

Рахман қайнары теңіз деңгейінен бір бүтін оннан жеті шақырымдай биіктікте

орналасқан.

2-тапсырма. Дұрыс сөйлем құрастырыңыз.

1.Кенді, туған, Алтай, өлкесі, жерім. 2. Ахмет Байтұрсынов, аударды, атты,

"Қырық мысал" шығармасын, Крыловтың. 3. Өзен, Ертіс-, тауынан, Алтай,

басталатын. 4. Қаласында, М.Әуезов, Семей, дәріс, 1914 -1919 жылдары

алған. 5. Студенттер, сенбі, қатысты, жарысқа, облыстық, күні, болған,

қазақша күрестен. 6. Болса, күн, мен, ашық, барамын, өнер, құрбыларыммен,

107

мұражайына. 7. Сіңлісі, гүл, оның, жақсы, өсіруді, көреді. 8. Уақытты, бос,

өткізесің, сен, қалай?

3-тапсырма. Төменде берілген сөз, сөз тіркестерін пайдаланып, 5

сұраулы сөйлем құрастырыңыз.

Демалыс күні, тамақ пісіру, ерте тұру, кеш жату, өйткені, сондықтан, сурет

салу, бірақ, қарсы алу, жүзу, көмектесу, үй жинау.

4-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді жазыңыз.

1. ... сағат алтыда. 2. ... сағат бір жарымда. 3. Жетіге он бес минут ... .

4.Үштен жиырма минут ... . 5. ... сағат сегіз жарымда.

Керекті сөздер: түскі, қалғанда, кешкі, таңғы, кеткенде.

5-тапсырма. Мақал - мәтелдерді аяқтаңыз.

Еріншектің ісі - ...

Денсаулық - ... ... .

Алтау ала болса, ауыздағы кетеді,

Төртеу түгел болса, ... ... .

Тазалық - саулық негізі,

Саулық - ... ... .

(«Қазақтың мақал- мәтелдері» кітабынан).

2- нұсқа

1-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті сын есімдерді қойыңыз.

1. Шығыс Қазақстан облысында әдемі, ... жерлер көп. 2. Байкал - дүние

жүзіндегі ... көл. 3. Сізге жолдасыңыз ... сырға сыйлады ма? 4. Қызылшаның

бағасы сәбіздің бағасынан ... . 5. Мына алма ... екен. 6. ... түсті көйлек сізге

жарасады екен. 7. Құрбыңыздың бұрымы ... ба? 8. Қыста ... аяз, жазда ... ,

күзде ... күндер жиі болады. 9. Оңтүстіктен ... жел соғып тұр. 10. Әсет

Алматыға ... пойызбен барды.

Керекті сөздер: ең терең, қымбатырақ, көрікті, қызыл, қышқыл, аяз, ұзын,

ыстық, жүрдек, салқын, самал.

2-тапсырма. Берілген етістіктерден күрделі етістік жасаңыз, сөйлем

құрастырыңыз.

Тыңдау, салу, жазу, қағу, беру, секіру.

3-тапсырма. Дұрыс сөйлем құрастырыңыз.

1. Біз, барамыз, Алматыға, жазғытұрым. 2. Түркияға, екінші, рет, барады,

Назым. 3. Жаңбыр, шығар, жауатын, ертең. 4. Жақсы, Анар, тартады,

домбыраны. 5. Сіз, екенсіз, ақкөңіл, адам, сияқты, мен. 6. Алу, керек, осы,

әрине, киімді, аяқ. 7. Келуге, пойыз, тиіс, уақытында. 8. Көрдім, мен,

көзіммен, оны, өз.

4-тапсырма. Есімдіктерді тауып, түрлерін ажыратыңыз.

108

1. Үйге біреу келді. 2. Ешкім ештеңе көрмепті. 3. Ол өзі кінәлі. 4.

Ыстықкөлге демалуға кімдер бардыңдар? 5. Жолдасыңыз туған күн кешіне

кімдерді шақырды? 6. Бұл күнде облыс орталықтарының бәрінде драма

театрлары ашылды. 7. Дайындыққа барлық студенттер келді. 8. Кешіріңіз,

сізден сұрауға бола ма? 9. Тамақты өзің дайындадың ба? 10. Демалыс күні

ешқайда барған жоқпын.

5-тапсырма. Мақал-мәтелдерді аяқтаңыз.

Екеу болсаң, бір-біріңмен кеңес, ... ... ... .

Ақшада ... жоқ.

Ет -етке, сорпа - ... .

Ағасы бардың жағасы бар, ... ... ... ... .

(«Қазақтың мақал- мәтелдері» кітабынан).

ГЛОССАРИЙ

Сағат. Бос уақыт . Күн тәртібі

демалыс күні - выходной день

күн тәртібі - распорядок дня

бос уақыт - свободное время

күн сағаты - солнечные часы

қол сағаты - ручные часы

су сағаты - водяные часы

уақыт қанша - сколько времени, который час

бес минутсыз тоғыз - без пяти девять

жарты, жарым - половина

сағат бір жарым - половина второго, полвторого

теледидар көру - смотреть телевизор

тоғыздан жиырма минут кетті - двадцать минут десятого

сағат тура екі - ровно два часа

қалды - осталось

кетті - пошло, ушло

түскі үзіліс - обеденный перерыв

түстен кейін - после обеда

түске дейін - до обеда

түнгі пойыз - ночной поезд

түнгі сағат бірде - в час ночи

саяжай - дача

серуен - прогулка

таңсәрі - рассвет

тәулік - сутки

түс кезі - полдень

шаңғы тебу - кататься на лыжах

үйірме - кружок

жаттықтырушы - тренер

109

бос уақыт - свободное время

үй жинасу - помогать в уборке дома

кір жуу - стирать

кір үтіктеу - гладить

билеу - танцевать

Жыл мезгілдері

қар аралас жаңбыр - дождь со снегом

қар көшкіні - снежная лавина

ықтимал - возможно

қонақтап отыру - сидеть (на ветке)

шықылықтау - чирикать

өзгеріс - изменение

сары шымшық - снегирь

бозторғай - жаворонок

тырна - журавль

аңғару - заметить

кемпірқосақ - радуга

асығу - спешить

илеу - муравейник

қырау - иней

күн күркірейді - гром гремит

найзағай жарқылдайды - сверкает молния

күннің көзі жарқырап тұр - солнце светит ярко

ылғалды - влажный

жауын-шашын - осадки

құрғақ - сухо

қапырық - душно

тымырсық - духота, жара

құбылмалы - переменчивый

тайғақ - скользкий

көктайғақ- гололед

самал жел - прохладный ветерок

жаңбыр жауып тұр - идет дождь

жел соғады - дует ветер

ауа райының өзгеруі - изменение погоды

қар ериді - тает снег

күртік қар - сугроб

шық - роса

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Алтайбаева М. Интенсивный курс казахского языка/ М.Алтайбаева,

Т.Аренова, К.Исинова. -Алматы: Ана тілі, 1998.

2. Аққозин М. Қазақ мақал-мәтелдері /М.Аққозин - Алматы:

Қазақстан, 1990.

110

3. Бектуров Ш. Қазақ тілі. /ІШ.Бектуров, М.Серғалиев.-Алматы: Білім,

1994.

4. Бектуров Ш. Қазақ тілінің қалталық оқулығы

/Ш.Бектуров,А.Бектурова.-Алматы, 1997.

5. Бектурова А.Казахский язык для всех./А.Бектурова, Ш.Бектуров.-

Алматы: Атамұра, 2004.

6. Бектаев Қ. Үлкен орысша-қазақша сөздік/Қ.Бектаев.-Алматы: Алтын

Қазына, 1999.

7. Жылқыбаева А.Ш., Хусаинова М.Ж. Қазақ тілі /А.Ш.Жылқыбаева,

М.Ж.Хусаинова, А.А.Айтқазина, Ж.А.Сейфолданова, Б.А.Қырықбаева. -

Өскемен, ШҚМУ, 2003.

8. Маманов Н. Қазақ тілі/ Н.Маманов.- Алма-Ата:Мектеп, 1989.

9. Оразбаева Ф. Ускоренный практический курс обучения казахскому

языку/Ф.Оразбаева.-Алматы: Білім, 1996.

10. Сариева К. Мы говорим по-казахски/ К.Сариева.-Алма-Ата:Казахстан,

НЛЦ, Балқия, 1992.

11. Салиева У. Қазақша сөйлеп үйренейік/У.Салиева.-Алматы:Рауан, 1995.

12. Сүлейменова Э.Д.Сұхбат: Қазақ тілі-Казахский язык. Учебный

комплекс/Э.Д.Сүлейменова, Қ.Қ.Қадашева, Д.Х.Ақанова.-Алматы: ИД.

Жібек жолы, 1996.

13. Сүлейменова Э.Д.Анықтағыш: Қазақ тілі- Казахский язык. Учебный

комплекс/Э.Д.Сүлейменова, Қ.Қ.Қадашева, Д.Х.Ақанова.-Алматы: ИД.

Жібек жолы, 1996.

14. Сүлейменова Э.Д. Тіл ұстарту: Қазақ тілі- Казахский язык. Учебный

комплекс/Э.Д.Сүлейменова,Қ.Қ.Қадашева, Д.Х.Ақанова.-Алматы: ИД.

Жібек жолы, 1996.

15. Қожахметова Х.Қ.Қазақша-орысша фразеологиялық сөздік

/Х.Қ.Қожахметова, Р.Е.Жайсақова, Ш.О.Қожахметова -Алма-Ата "Мектеп"

,1988

111

МАЗМҰНЫ

І бөлім. Туған жерім

1.1 Туған жерім менің - Қазақстаным ................................................... 3

1.2 Найзасыз ер болмайды - таңбасыз ел болмайды ........................... 8

1.3 Қазақ тілі - мемлекеттік тіл ............................................................ 11

1.4 Астана- бас қала ............................................................................... 13

Өздік жұмыс ......................................................................................... 16

Глоссарий .............................................................................................. 17

Әдебиеттер .......................................................................................... 20

ІІ бөлім. Біздің қала

2.1 Қала .................................................................................................. 21

2.2 Қала ішін бағдарлау ........................................................................ 24

2.3 Кітапханада.Оқу залында ............................................................... 26

2.4 Тұрмыстық қызмет көрсету үйінде ................................................ 29

Бақылау жұмысы ................................................................................... 35

Глоссарий ............................................................................................... 37

Әдебиеттер ........................................................................................... 40

ІІІ бөлім. Шығыстағы білім ордасы

3.1 Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Университеті .............................. 41

3.2 С.Аманжолов - ғалым, түркітанушы .............................................. 44

3.3 Мамандық, оның түрлері ...................................................................45

3.4 Студенттер қалашығы. Жатақхана. Бөлме. Пәтер ....................... 51

Бақылау жұмысы ..................................................................................... 55

Глоссарий ................................................................................................. 57

Әдебиеттер ............................................................................................... 61

IV бөлім. Адамның сырт-бейнесі

4.1 Адамның келбеті, мінез-құлқы ........................................................ 62

4.2 Менің құрбым/ досым ..................................................................... 64

4.3 Салауатты өмір салты. Дәрігерде .................................................. 66

Өздік жұмыс ............................................................................................ 69

Глоссарий ................................................................................................. 70

Әдебиеттер ............................................................................................... 72

V бөлім. Ас –адамның арқауы

5.1 Ұлттық тағамдар. Оның түрлері ..................................................... 73

5.2 Асханада. Мейрамханада .................................................................. 78

5.3 Азық-түлік дүкенінде. Базарда ....................................................... 80

Бақылауға арналған тест тапсырмалары ................................................84

Глоссарий ................................................................................................. 91

Әдебиеттер ............................................................................................... 94

112

VI бөлім. Уақыт –алтыннан қымбат

6.1 Сағат. Уақыт .........................................................................................95

6.2 Менің күн тәртібім. Бос уақыт........................................................... 97

6.3 Жыл мезгілдері ...................................................................................100

Бақылау жұмысы ......................................................................................104

Глоссарий ..................................................................................................106

Әдебиеттер ................................................................................................108