ҰЛТТЫҚ ТЕРМИНОЛОГИЯ: ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУ ...

184
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ҚАУЫМДАСТЫҒЫ Б. С. ҚАРАҒҰЛОВА А. С. КӨШКІМБАЕВА ҰЛТТЫҚ ТЕРМИНОЛОГИЯ: ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУ ЖОЛДАРЫ Алматы, 2012

Transcript of ҰЛТТЫҚ ТЕРМИНОЛОГИЯ: ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУ ...

- 1 -

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ҚАУЫМДАСТЫҒЫ

Б. С. ҚАРАҒҰЛОВА А. С. КӨШКІМБАЕВА

ҰЛТТЫҚ ТЕРМИНОЛОГИЯ: ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУ ЖОЛДАРЫ

Алматы, 2012

- 2 -

УДК 80/81 (075.8) ББК 81.2 қаз-3 я 73Қ 41

Баспаға Абай атындағы Қазақ ҰПУ-нің жанындағы «Білім» тобындағы мамандықтар бойынша оқу-əдістемелік секциясы

жəне ҚР БҒМ Республикалық оқу-əдістемелік Кеңесі ұсынған.

Хаттама №16. 15.12.2011

Пікір жазғандар:филология ғылымдарының докторы, профессор – Ш. Құрманбайұлы;филология ғылымдарының докторы, профессор – С. С. Исакова;филология ғылымдарының докторы – Г. Т. Шоқым.

Қарағұлова Б. С., Көшкімбаева А. С. Ұлттық терминология: қалыптасуы мен даму жолдары: Алматы: Экономика, 2012 – 184 бет.

ISBN 978-601-225-425-9

Бұл оқу құралында терминология саласына қатысты теориялық жəне практикалық мəселелер қамтылған. Ұлттық терминологияның қалыптасуы мен даму жолдары, терминология саласының міндеттері мен жаңа бағыттары, ұлттық терминдердің қалыптасу жолдары көрсетіледі.

Оқу құралы тілшілер мен оқытушыларға, филология факультетінің студенттері мен магистранттарына жəне термин мəселесі қызықтыратын көпшілік қауымға арналған.

УДК 80/81 (075.8) ББК 81.2 қаз-3 я 73

ISBN 978-601-225-425-9 © Қарағұлова Б.С., Көшкімбаева А.С. 2012 © ҚР Жоғары оқу орындарының қауымдастығы, 2012

Қ 41

- 3 -

АЛҒЫ СӨЗ

Пəннің қысқаша сипаттамасы: Кез келген тілдің қоғамда өмір сүруінің басты шарты оның

қалыптасқан ғылым тілінің болуында. Ал ғылым тілі негізінен сол тілдің терминологиясының тұрақтылығымен, қалыптасқандығымен өлшенеді. Терминологияның маңыздылығы - тіліміздегі терминдерді дұрыс қалыптастыру, оларды реттеу, бір жүйеге келтіру.

«Ұлттық терминология: қалыптасуы мен даму жолдары» курсы жоғары оқу орындарының қазақ тілі мен əдебиетінен маман даярлайтын факультеттерде аталған мақсатта оқытылатын пəндердің бірі. Бұл пəн «Қазақ тілі мен əдебиеті» мамандығының студенттеріне таңдау компоненті ретінде оқу үдерісінде оқылып жүр. Аталған пəннің жоғары оқу орындары филология факультеті студенттеріне тигізетін практикалық көмегі зор.

Терминология саласы - қазіргі таңда өзекті мəселелердің бірі. Студенттің қазақ терминологиясының тарихын, оның қалыптасу жəне даму жолдарын білуі қажет. Тілімізде терминдердің қалыптасуының өзіндік тарихы бар. Оның ішінде ұлттық терминдерімізді қалыптастыру барысында оны зерделеп зерттеу арқылы ғана қазақ тілін ғылым тілі ретінде қалыптастыра аламыз. Мемлекеттік мəртебеге ие болып отырған қазақ тілінің үш тағанының бірі – оның терминологиясы. Сондықтан терминология саласын зерттеу, оны арнайы пəн ретінде оқытудың маңызы зор. «Ұлттық терминология: қалыптасуы мен даму жолдары» пəні тіл ғылымының көптеген салаларымен: лексикология, стилистика, грамматика жəне аударма т.б. ғылымдарымен тығыз байланысты.

Бұл пəннің негізгі мақсаты – қазақ терминологиясының қалыптасуы жəне зерттелу тарихын, сонымен бірге ұлттық терминдердің пайда болу жолдарын, оны тілімізде қалыптастырудың əдіс-тəсілдерін, қағидаттарын ғылыми тұрғыда ашып көрсету, сол арқылы тіліміздегі терминдердің болмысын тану.

Пəннің міндеттері:- қазақ терминологиясының міндеттерін анықтау;

- 4 -

- оның ішінде ғылыми-техникалық ұғымдардың класси-фикациясы;

- ұғымдар мен ұғымдар жүйесінің байланысын анықтау арқылы терминдердің тілімізде қалыптасу жолдарын, тəсілдерін меңгерту;

- жалпы қолданыстағы сөздердің терминдену жолдарын анықтау;Ұлттық терминологияны қалыптастыру үшін біз терминжасауда

өз тіліміздің мүмкіндігін, яғни жоғарыда көрсеткендей, терминжасамның ішкі көзін барынша пайдалануымыз керек. Осы тұрғыда тіліміздегі жалпы қолданыстағы лексиканы термин ретінде қалыптастыру - терминология саласы үшін негізгі жəне өзекті мəселе. Терминологиямызды қалыптастыруда бұл - басты бағыттардың бірі. Бұл оқу құралына ұлттық терминологияны қалыптастыруға қатысты теориялық жəне практикалық материалдар енгізілді.

- 5 -

1-БӨЛІМ

1. «Ұлттық терминология: қалыптасуы мен даму жолдары» пəнінің зерттеу нысаны,

мақсаты мен міндеттері.

2. Пəннің ғылымның басқа салаларымен байланысы

Терминология саласының маңыздылығы тіліміздегі терминдерді дұрыс қалыптастыру, оларды реттеу, бір жүйеге келтіру, қазақ тілінде «сөйлету» сияқты мəселелермен байланысты. Ал аталған мəселелелерді жүзеге асыру қазіргі таңда кезек күттірмейтін мəселелердің қатарында. Сондықтан терминология саласын зерттеу, оны арнайы пəн ретінде оқытудың маңызы зор. Осы бағытта терминология саласы «Ұлттық терминология: қалыптасуы мен даму жолдары» курсы - жоғары оқу орындарының филология факультетінің студенттеріне оқылатын пəндердің бірі.

«Ұлттық терминология: қалыптасуы мен даму жолдары» пəні тіл ғылымының көптеген салаларымен лексикология, стилистика, лингвомəдениеттану жəне аударма ғылымдарымен тығыз байланысты оқытылады.

Бұл оқулықтың негізгі мақсаты – қазақ терминологиясының қалыптасуы мен зерттелу тарихын, сонымен бірге ұлттық терминдердің пайда болу жолдарын, оны тілімізде қалыптастырудың əдіс-тəсілдерін, қағидаттарын ғылыми тұрғыда ашып көрсету, сол арқылы тіліміздегі терминдердің болмысын тану. Осы мақсатқа жету барысында төмендегідей міндеттер атқарылды:

Қазақ терминологиясының міндеттерін, терминдердің басқа ұғым атаулардан айырмашылығын анықтау, сол сияқты ғылыми-техникалық ұғымдардың классификациясы, ұғымдар мен ұғымдар жүйесінің байланысын анықтау арқылы терминдердің тілімізде қалыптасу жолдарын, тəсілдерін меңгерту.

Терминология саласы қоғамдағы барлық ғылым салаларымен байланысты. Өйткені барлық ғылым салаларына қатысты терминдер бар, оны зерттеу салалық жəне қолданбалы терминологияның зерттеу нысанына жатса, терминдердің жасалу жолдары жəне оларды мағыналық жағынан талдау тіл білімі салаларының үлесінде, оның ішінде терминология жеке сала ретінде қалыптаспас бұрын термин-

- 6 -

атау ретінде лексикология саласында қарастырылып келді, тек кейінгі жылдары ғана терминология саласы лексикология саласынан бөлініп шығып, жеке сала ретінде қалыптасты. Бұл тілімізде пайда болып, қалыптасып жатқан терминдердің жүйелілігін, бірізділігін реттейтін саланың қажеттілігінен туындап отыр. Əрине, бұл пікір тілімізде терминология саласы ертеректе болмаған деген ой тудырмауы керек, терминология саласы 1920 жылдардан бастап-ақ зерттеле бастаған салалардың бірі, тек қазіргі таңда ұлттық терминологияны қалыптастыру барысында аталған мəселе өзекті мəселелердің қатарынан орын алып, жеке сала ретінде зерттеуді қажет етіп отыр.

Сонымен бірге терминология саласы тіліміздің жазу-сызуымен тығыз байланысты болып келеді, себебі терминология, негізінен, ғылым тілінде қалыптасатынын айтқан болатынбыз, ал ғылым жазу-сызусыз болмайды, дамымайды жəне ғылым ретінде қалыптаса алмайды.

Кез келген мəтін əртүрлі стильде жазылатынын білеміз, ал термин ғылым тілінде қолданылады, осы тұрғыдан келгенде терминология стилистика саласымен шектесіп жатса, ұлттық терминдерді тілімізге қалыптастыру барысында кірме, халықаралық терминдерді өз тілімізде «сөйлету» мəселесі туындап жатады, осы тұрғыда аталған сала аударма ғылымымен байланыста зерттеледі. Халықаралық терминдерді терминдік қасиеттерін сақтай отырып, қазақ тіліне барынша аудару керек деп ойлаймыз. Себебі кірме терминдерге толы тіл түсініксіз тілге айналатыны белгілі жəне қазақша терминдердің дүниеге келуі қалыптасқан ғылым тілін бұзу емес, қазақ терминологиясын қалыптастыру болып саналады. Кірме терминдерді төл тілімізде сөйлету барысында аударманың рөлі ерекше. Аталған терминдерді аудару барысында тілдің шұбарлығы азаяды, төл терминдеріміз пайда болады, сөздік құрамымыз кеңейе түседі, ең бастысы ұлттық терминологиямыз тұрақталып, ғылым тілі ретінде қалыптасады.

Қазіргі таң - ғылым мен техника қарқынды дамып жатқан кезең. Осының əсерінен қазір тілімізде күн сайын неологизмдер (жаңа сөздер) мен терминдер пайда болып жатқандығы белгілі. Бұл - тілдің қоғамдағы жаңалықтармен бірге үздіксіз даму үстінде екендігін дəлелдейтін факторлардың бірі. Неологизм мəселесі мен термин мəселесі бірге зерттеуді талап ететін мəселелер. Себебі неологизмдерді зерттейтін неология саласы да, терминмен айналысатын терминология саласы да қоғамдағы кез келген жаңалықтармен байланысты салалар, яғни кез келген жаңалық

- 7 -

атауы, алдымен, осы салаларда көрініс табады. Қоғам мен тілдегі жаңалықтардың барлығы, яғни ғылымилығы, техника мен белгілі бір салаға қатыстылығы жағынан терминология саласымен байланысты болса, жаңалықтың атауы, жаңа сөз ретінде неологизм болып табылады. Сондықтан терминология, неологизм мəселесі - ажырамас бірбірімен тығыз байланысты мəселелер.

Кез келген халықтың өз тарихы, мəдениеті, əдет-ғұрпы, өзіндік өркениеті бар. Ал бұның бəрі сол халықтың тілінде бейнеленіп, оны ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отырады. Қазіргі таңда халықтың дүниетанымын, мəдениетін тілдік мəселелермен сабақтастыра зерттеу тіл біліміндегі өзекті мəселелердің бірі болып табылады. Осындай салалардың бірі – лингвомəдениеттану саласы. Лингвомəдениеттану - халқымыздың тілінде ғасырлар бойы сақталып, оның тұрмыс-тіршілігі мен мəдениетінен мəліметтер беретін деректерді тілмен байланыстыра зерттеу. Ұлттың мəдениеті мен тілін байланыстыра зерттеудің қажеттілігі жөнінде ғалым Ж.Манкеева былай дейді: «... атап айтқанда, ұлттық тіл ерекшелігінің сырын, табиғатын, сол тілде сөйлеуші ұлт өкілінің рухани, психологиялық, əлеуметтік т.б. сипаттарымен біртұтастықта зерттеу... Солардың ішінде тілді ұлттық сана, дүниетаным, мəдениет, тарих, этностық рухты бейнелейтін таңба ретінде қарастыратын – лингвомəдениеттану саласы. Ұлт тілін бұл бағытта зерттеу терминология саласы үшін де өте қажет. Өйткені қазіргі кезең - ұлттық терминологиямызды қалыптастырып, одан əрі дамыта түсетін кез. Терминология саласына төл терминдерді қалыптастырып, кірме терминдерді барынша азайтып, оларды «қазақша сөйлету» мəселесі тұрғысынан келгенде терминология саласы мен лингвомəдениеттану саласы тығыз байланысты болып келеді. Ғылым мен техника қарқынды дамыған қазіргі кезең тілімізде əртүрлі терминдердің пайда болуына негіз болып отыр. Осы тұрғыда терминдерді бірізділендіру, яғни, тіл шұбарлығын болдырмау, халыққа түсініксіз терминдерді азайту, терминологияны ұлт тілінде қалыптастыру мəселесі əлі де болса зерттеуді қажет ететін мəселелердің бірі болып табылады. Ал ұлттық терминология қалыптасуы үшін терминдер сол халықтың ұғымы мен дүниетанымына сəйкес қалыптасуы керек. Бұл үшін терминдерді қалыптастыру барысында сол тілдің ішкі мүмкіндігін пайдалануымыз қажет. Сонда ғана тілімізде халқымыздың тарихы мен мəдениеті, бар болмысы бейнеленген, ұлттық нақыштағы терминдер қалыптасып, тілдік қолданысқа түседі. Осы жолмен

- 8 -

қалыптасқан терминдер ғана сол халыққа жақын, түсінікті, тілге сіңімді болады, өйткені бұл терминдерде ұлттық менталитет, ұлттық мəдениет, рухани құндылықтар көрініс табады.

Ал терминология саласының бұқаралық ақпарат құралдарымен байланысына келетін болсақ, ұлттық терминологияны қалыптастыруда бұқаралық ақпарат құралдарының орны ерекше. Себебі елімізде болып жатқан жаңалықтардың барлығы халыққа осы бұқара ақпарат құралдары арқылы тарайтындығы белгілі. Сондықтан мемлекеттік терминологиялық комиссия ресми түрде бекіткен, тілімізде қалыптасқан терминдерді халыққа дұрыс, сауатты жеткізу, тарату- баспасөз құралдарыың міндеті. Сондықтан бұқаралық ақпарат құралдары ұлттық терминологиямызды қалыптастыруда белсенді қызмет атқаруы қажет. Ал терминография - арнаулы сөздіктер түзудің əдіс-тəсілдерін, терминографиялық сөздіктерді түріне қарай топтастыру, жіктеудің қағидаттарын жасауды, терминдерді сөздіктерге енгізу, сипаттаудың қағидаттарын жасауды қарастыратын сала. Тілімізде қалыптасып жатқан терминдерді жинақтап, бірізге түсіріп, мағыналық жақтан анықтау, түзу, жүйеге келтіру - терминография саласының міндеті. Терминологиялық сөздіктер түрлі мақсатқа арналып жасалады. Олар мақсатына байланысты əр түрлі болып келеді: түсіндірмелі, аударма, ақпараттық, салалық, этимологиялық, энциклопедиялық.

Қорыта айтқанда, терминология саласының басқа салалармен байланысын төмендегідей кесте арқылы көрсетуге болады:

:

- 9 -

Пайдаланылған əдебиеттер:

1. Манкеева Ж. Қазақ тіліндегі этномəдени атаулардың танымдық негіздері.- Алматы, 2008

2. Құрманбайұлы Ш. Терминқор: қалыптастыру көздері мен тер-минжасам тəсілдері. - Алматы, 2005

3. Байтұрсынов А. Ақ жол.- Алматы, 19934. Қайдаров Ə. Қазақ терминологиясына жаңаша көзқарас. -Ал-

маты, 1993

- 10 -

3. Термин жəне оның қасиеттері, пайда болу жолдары.

4. Терминология саласының міндеттері.

Термин деген ұғымның өзіне келетін болсақ, латын тілінде «шек, шегара» деген ұғымды білдіреді. О. С. Ахманова «термин дегеніміз арнайы ұғымдар мен арнайы заттарды дəл белгілеу үшін жасалған тілдегі арнайы сөздер мен сөз тіркесі» десе, Д. Е. Розанталь мен М. А. Теленкова термин болатын сөздің ерекшелігі жалқы мағыналығында деген пікір айтады. Ал

А. А. Реформатский жоғарыда айтылған терминдердің белгіле-ріне қоса мынадай белгілерін көрсетеді: термин емес сөздердің мағынасы көбінесе контекст арқылы ашылып отырса, термин сөздер контекске байланысты емес, сондықтан терминге көп мағыналылық, экспрессия жат. Сонымен бірге терминдер туралы айтқанда «Барлық терминдер – сөз, бірақ сөздің бəрі термин емес» деген пікір жиі айтылады. Осы пікірдің өзі-ақ, термин мен сөздің ұқсастығы мен айырмашылығын анықтап тұр. Қазақ тіл білімінде І. Кеңесбаев пен Т. Жанұзақов та терминнің о баста латын тілінің «шек, шекара» де-ген сөздерінен пайда болғанын айта келіп, «ғылым мен техникалық, көркемөнер мен қоғам өмірінің алуан түрлі саласына байланысты қолданылатын тиянақты тұжырымды ұғымды білдіретін сөздер мен сөз тіркесі» дейді. Осы айтылғандарды қорытындылай келе, термин дегеніміз ең алдымен, белгілі бір ғылым мен техниканың саласын-да қолданылатын арнайы лексика деп, оның негізгі үш қасиетін көрсетуге болады: дəлдік, қысқалық, жүйелілік.

Дəлдік туралы. Термин арқылы ғылыми ұғым беріледі. Ондай жағдайда термин ғылыми зерттеу жұмыстарының, ізденістердің негізгі құралына айналады. Ғылыми ой-пікір қашан да өзінің анықтылығымен, тұрақтылығымен ерекшеленеді. Термин дəл бол-сын деген талап осы негізде пайда болған.

Қысқалық туралы. Ғылым мен техниканың ерекше қарқынды даму жолына түскен қазіргі кезеңде ақпарат беру жиілігі барған сай-ын үстемелене түсуде. Оның игерілуі едəуір қиындыққа айналып отырған жағдайда, айтылатын ұғымның мəліметке тірек болатын термин сөздері барынша қысқа, тұжырымды болуының айрықша мəні бар.

Жүйелілік туралы. Бұл жүйелілік жайында əртүрлі пікірлер

- 11 -

айтылған. Терминолог тілші В. П. Даниленко оның классифика-циясына баса назар аударса, ал А. А. Реформатский терминнің сөзжасамдық жүйесіне көбірек назар аударады. Жүйелілік талабы бойынша термин құрайтын элементтер мен белгілерді іріктей білу жүйесіне тікелей байланысты. Бұл қасиет сақталған жерде сино-нимдік қатарға, көп мағыналылыққа орын жоқ. Жалпы айтқанда, терминдер жүйелілігі лексика, морфология тұрғысынан да талап етілгені дұрыс, грамматикалық ауытқушылықтар терминде болмауға тиіс (Ө. Айтбаев).

Ал Ш. Құрманбайұлы терминнің осы қасиеттеріне қоса тағы бір-неше қасиеттерін көрсетеді:

1. Терминнің тілдегі сөзжасам заңдылықтарына сəйкес келуі; 2. Терминнің туынды сөз жасауға қолайлы болуы; 3. Терминде эмоционалдылық пен экспрессиялықтың болмауы;4. Эстетикалық талаптарға сай келуі. Бұлар – қоғамның дамуымен бірге терминнің төл тілімізде жаса-

луына, пайда болуына байланысты туындап отырған талаптар. Тер-миндерді құрылымдық типтеріне байланысты төмендегідей бөліп қарауға болады:

1. түбір термин сөздер;2. туынды терминдер;3. тіркесті терминдер.Қазақ тіліндегі терминдерді шығу төркініне қарай бірнеше

топтарға бөліп қарастырылады: халықаралық, кірме жəне төл тер-миндер.Халықаралық терминдер дегеніміз – бірнеше дамыған елдер тіл-

дерінде сол күйінше қолданылатын терминдер. Кірме терминдер басқа тілдерден енген терминдер. Ал төл терминдер дегеніміз өз тіліміздегі терминдер.

Терминология саласының негізгі, өзекті мəселелерінің бірі – тіліміздегі терминдерді бірізділендіру, реттеу жəне стандарттау болып табылады. Аталған терминдерге жеке тоқталатын болсақ, Г.В.Степановтың пікірінше, реттеу – терминдердің белгілейтін ұғымдарына мүмкіндігінше толық сəйкес келуін іздеуге бағытталған мамандардың жұмысы.

Стандарттау – əр ұғым үшін бір ғана терминді таңдап, оны ар-найы құжаттарда бекіту болып табылады.

Бірізділендіру – əртүрлі ұлттық тілдердегі терминдермен атала-тын ғылыми жəне техникалық ұғымдармен сəйкес келуі.

- 12 -

Терминология саласы терминдерді бірізділендіру, жетілдіру жұмыстарымен қатар жүріп жататын үдеріс болғандықтан, жаңадан жасалып, қолданысқа еніп жатқан терминдерді сұрыптап алумен қатар қажеттілігіне қарай жаңа терминдер жасап, оларды тілімізде қолданысқа енгізу мəселесін де назардан тыс қалдырмауы керек.

Қазіргі таңда тілімізде күн сайын неологизмдер (жаңа сөздер) мен терминдер пайда болып жатқандығы белгілі. Бұл - тілдің қоғамдағы жаңалықтармен бірге үздіксіз даму үстінде екендігін дəлелдейтін факторлардың бірі. Неологизм мəселесі мен термин мəселесі - бірге зерттеуді талап ететін мəселелер. Себебі неологизмдерді зерттейтін неология саласы да, терминмен айналысатын терминология саласы да қоғамдағы кез келген жаңалықтармен байланысты салалар, яғни кез келген жаңалық атауы, алдымен, осы салаларда көрініс табады. Қоғам мен тілдегі жаңалықтардың барлығы, яғни ғылымилығы, тех-ника мен белгілі бір салаға қатыстылығы жағынан терминология саласымен байланысты болса, жаңалықтың атауы, жаңа сөз ретін-де неологизм болып табылады. Сондықтан бұлар–ажырамас, бір бірімен тығыз байланысты мəселелер.

Тілде жаңа сөздердің, терминдердің пайда болуы кездейсоқ болмайды. Оның себептеріне тоқталсақ, ең алдымен, нақты өмір жағдаяттарына сай, қоғамның қарым-қатынастағы нақты сұраныстарға жауап беруі сапасында туындайды. Қазіргі уақыттың өзі жаңа сөздердің, терминдердің туындауын қамтамасыз етіп отыр. Мұны мəдениет саласындағы мамандар мутациялық сипатта болады деп түсіндіріп жүр. Олардың түсіндіруінше, тілде қандайда бір му-тация жүреді. Мутация сөзінің сөздіктегі мағыналарына тоқталсақ, ол -

генетикалық ақпаратты ұрпақтан-ұрпаққа, бір жасушадан екінші бір жасушаға тасымалдауға жəне сақтауға жауап беретін ағзаның тұқым қуалаушылық қасиетіндегі табиғи не жасанды жолмен кенет-тен пайда болатын өзгеріс [1, 265]. Мұның тілдегі көрінісі есебін-де кенеттен қаптап кеткен жаңа сөздер легін атауға болады. Нақты алсақ, геосаяси терминінің өрісіне тоқталып көрейік: геосаяси алаң, геосаяси ахуал, геосаяси бірлік, геосаяси деңгей, геосаяси интегра-ция, геосаяси кеңістік, геосаяси құрылым, геосаяси мүдде, геосая-си орталық, геосаяси өзгерістер. Аталған терминнің сыртқы түрі де (дыбыстық сипаты), мағынасының өзі де қазақ тіліне жат, өзі тіркесімге алған сөздерінің естілім сапасын өзгеріске ұшыратып тұр. Білдіретін негізгі ұғымына тоқталсақ, ол қоғамдық-саяси

- 13 -

лексиканың түсіндірме сөздігінде көрсетілген: мемлекеттің сыртқы саясатының географиялық факторларға сүйеніп атқарылуын жəне аумақтық басқыншылықты жақтайтын саяси теория [2, 40]. Арнайы білімі мен осы түсіндірменің жолында берілген терминдердің (география, фактор, аумақтық басқыншылық) мəнін түсінушілерге ғана бұл белгілі бір мазмұндық хабар береді. Де-мек, салған жерден сөз мағынасының түсінілмеуі қазақ тіліне еркін еніп, айналысқа түскен кірме бірліктерге байланысты болып тұр. Қазақ тілінде берілген хабардың басқыншы сөздер араласуы сал-дарынан қазақ тілінің өзінен жаттануын туғызып тұрса, ал осы са-лада арнайы білімі бар оқырмандар үшін айтылымның мутациялық салқыны сезілмеуі де мүмкін. Геосаяси термині гео – географиялық, саяси - саясат+и деген үш түрлі құрамнан тұрып, аналитикалық-синтетикалық тəсілмен жасалған. Бəрі де кірме элемент. Қалған тіркестерде ол қазақтың төл сөздерімен де, кірме терминдермен де тіркесім түзіп қолданылған. Тілдің шұбарлануын, табиғилығынан ауытқуын туғызатын осындай құбылыстар, шын мəнінде де, тілдің өзіне тəн ұлттық иірімдері мен əуезін бұзып, оның кескін-кей-пін өзгеріске ұшыратады. Сондықтан да терминдердің аударыл-май қабылдануы мен жаңа сөздердің сəтсіз іріктелуі қазақ тілінің қасаңдануына əкеледі. Жаңа сөздердің шамадан тыс кенеттен көбеюі де тіл тұтынушыларына тілдік қолданыста қиындық туғызады. «Өз баламның сөзін өзім түсінбеймін» деген мазмұндағы мақалалардың «Сыныпта жазған сынақхаттың мəтінін түсінбегендіктен, қате жаздым» деген сөйлемнің мəнін түсінбеудің туындауы осының сал-дары деп есептеуге болады. Осындай мысал қатарында вето тер-минін де атап өтуге болады. Егер арнайы түсіндірмесі берілмесе, қазақ сөйлемінің құрамында келгенімен, оны мəнмəтіннен ұғу қиын болар еді. Мысалы, Біз егер Президент «БАҚ туралы» Заң жоба-сына вето қойса, онда оны сөзсіз қолдаймыз (АЖ, 12.03.04) деген қолданыстағы вето осындай ешбір қажеттілігі жоқ қолданыс, ол тек ақпарат қабылдаушылардың түсінуін қиындатады, сөздіктегі түсіндірмесіндегі мəні мынадай: вето – зат есім, тыйым деген мағынаны білдіреді. Сол тəрізді саясиландыру (…исламды қауырт саясиландыру байқалады ЕҚ, 29.03.03) сөзінің қолданысы да тілде-гі жаңа сөздердің жасалуындағы дыбыстық үйлесімнен ауытқуды көрсетеді. Оны қазақ тілі дыбыстарының үндесіміне лайық сая-саттандыру сөзімен салыстыру арқылы көз жеткізуге болады. Сондықтан неологизмдер мен терминдерді тілімізге қабылдау

- 14 -

барысында олардың неғұрлым өз тілімізде баяндалуын талап ет-сек, соғұрлым тілдің шұбарлығы азайып, түсініктілігі артып, өз тіліміздің сөздік қоры байи түседі, ғылыми тіліміз қалыптасады.

Адамзат тілі де адам ағзасы тəрізді қоғамдағы өзгерістерге сай өз иесінің санасындағы түрлі өзгерістерді үнемі бейнелеп отыра-ды. Аталған жайт лингвистикада түрлі терминологияға қатысты жазылған зерттеулерде сөз болып та жүр. Мысалы, Ш. Құрманбайұлы тілімізде жаңа сөздер мен терминдердің пайда болуын қазақ тілінің қолданыс аясының кеңейіп, арнаулы салаларда қолданыла баста-уымен байланыстыра отырып: «соңғы жылдар көлемінде қазақ тілінде сөзжасам, терминжасам үдерісі біршама жанданып, сөздік құрамымызға жүздеген жаңа атаулар қосылды» [3, 3] десе, Б. Мо-мынова қоғам мен саясатты танытатын сөздердің құрамы тұрақсыз, кезеңдік сипатты, яғни əрбір тарихи кезеңнің қоғамдық-саяси сөздерінің құрамы алдыңғы немесе кейінгі кезеңге қарағанда ерекше болып отырады. Өйткені қоғам мен саясатты танытатын сөздердің бірі қолданысқа енді ғана енсе, кейбірі қолданыстан шығып қалады; тағы бірі тарихи сөздерге айналып, көнеленеді; ал кейбірі, керісін-ше, мағыналық жаңғыруларының арқасында қолданыс жиілігі артады. Осы құбылыстардың себебін, түп-негізін үнемі өзгеріп, жаңарып отыратын қоғам мен қоғамдық қатынастардан, өзгеріп жа-татын өмірден іздеген жөн [4, 5] деп көрсетеді. Ал Р. Сыздық тілдің үнемі дамып, толығып отыратындығын жəне оның өміршеңдігін дəлелдейтін фактілердің бірі – неологизмдер екендігін атап көрсете отырып, «дүние жүзінде қауырт дамып жатқан ғылым мен ақпарат тасқыны, компьютерлену, ғарышты игеру, термоядролық күштерді бейбіт өмірге (кейбір елдерде орайы келсе, соғысқа) пайдалану əрекеттері жүріп жатқан бүгінгі күндерде тілдердің лексикалық қазынасы жыл сайын, ай сайын түгіл, күн сайын толығып жатыр, əрі қарай олар молыға беретіні даусыз» [5, 8] деп, бұл мəселе арнайы зерттеуді қажет ететін мəселелердің қатарында екендігін баса айтады.

Терминнің жоғарыдағы аталған пайда болу себептері ғылыми білім жүйесіндегі өзгерістермен де байланысты. Сонымен бірге тіл-де жаңа сөздер мен терминдердің пайда болуының тағы бір жолы қоғам мен ғылымдағы жаңалықтардың атауын төл тілімізде сөйлету мақсатында аударма арқылы жасалатындығында. Бірде аударма арқылы тілімізде сөзжасам, терминжасам тəсілдері арқылы жаңа сөздер жасап жатсақ (ғұмырбаян, жəрдемақы, өтінім, жаһандану),

- 15 -

енді бірде жаңа ұғымға сəйкес тілімізден баламалар тауып, көнемізді жаңғыртып жатамыз. Мысалы, рəміз, кежеуіл, кеден, телім, дабыл, даңғыл т.с.с.

Ш. Құрманбайұлы қазақ тіліндегі жаңа атаулар қазақтың өз сөздері жəне қосымшалар арқылы жасалған бір бөлігі қазақ сөздерінен не-месе қосымшалардан қалған бөлігі кірме сөздер мен қосымшалардан тұратын будан атаулар деп екіге бөледі. Қазіргі тілдік қолданыста жүрген абат, сарбаз, нарық, кент, эдвайзер кірме неологизмдерге жатады, кежеуіл, құжат, оққағар, əлеует сөздері төл неологизм-дерге, ал сазгер, бөбекжай, сауалнама, сахнагер сияқты атаулар екі сыңары да төл сөз бен төл қосымшалар арқылы жасалып тұр, зообақ, инфрақұрылым, қалтателефон, геосаяси сөздері бір сыңары төл сөзден, екінші сыңары кірме сөзден жасалған нео-логизмге жатады. Ал тіліміздегі терминдердің пайда болуы, не-гізінен, ғылыми зерттеу жұмысының нəтижесімен байланыс-ты, яғни ғылымды дамытуға жəне əлемдік ғылыми білімін нығайтуға деген қызығушылығын арттыратын адамзаттың танымдық қызметінің нəтижесінде пайда болады. Мəселен, Ə.Жүнісбек жасаған фонетика терминдері айтылым (акусти-ка), жасалым (артикуляция), қабылданым (восприятие речи), естілім (перцепция), үндесім (сингармонизм), жуысым (щелин-ность), тоғысым (смычка) жəне т.б.; Н.Уəли жасаған мазмұн межесі (план содержания), тұрпат межесі (план выражения), уəж, уəжділік (мотив, мотивированность); Ж. Манкееваның «ғаламның тілдік бейнесі» («языковая картина мира»), ата-лым (номинация) т.б.; Ш. Құрманбайұлының өріс (поле) жəне т.б. терминдері. Сонымен, жоғарыда айтылған жайттардан байқағанымыздай, жаңа сөздер мен терминдер мынадай себеп-терден пайда болады:

1) тілдің қоғамның қарым-қатынастағы нақты сұраныстарға жа-уап беруінен;

2) үнемі өзгеріп, жаңарып отыратын қоғам мен қоғамдық қатынастардан;3) тілдің үнемі даму үстінде болатындығынан. Біз бұл себептердің қатарына терминжүйесінің халықаралық

үндестігінің экстралингвистикалық алғышарттарын да жатқызуға болады деп есептейміз:

- білімді интеграциялау;- ғылым мен технологияның интернационалдануы;

- 16 -

- ғылым мен технологияның теориялық жəне методологиялық базасының біртұтастығы.

Басқаша айтқанда, терминнің пайда болуындағы басты шарт - термин тиесілі теория мен пəн саласындағы өзгерістің пайда болуы, оның арнайы атау алуы жəне соның лингвистикалық бірлікте код-талуы, қолданысқа түсіп саралануы. Мысалы, физикада екі термин жүйесі бар, оның бірінің негізінде Ньютонның классикалық механика теориясы жатыр, екіншісінде Эйнштейннің қатыстық теориясы бар. Сондықтан бір термин, мысалы, масса бұл термин жүйесінде түрлі мағынаға ие. Бұдан шығатын қорытынды: термин жүйесіне екі фак-тор əсер етеді: лингвистикалық, экстралингвистикалық. Сондықтан тілде терминдер мен жаңа сөздердің пайда болуына негіз болатын факторларды нақтылау, олардың мағыналары мен тілдегі қолданылу ерекшеліктерін, жасалу жолдарын анықтау жəне жаңалық сипатын анықтау қазіргі кезеңдегі тіл біліміндегі кезек күттірмейтін өзекті мəселер қатарына жатады.

Терминология - терминдерді зерттейтін сала. Ш. Құрманбайұлы: «Терминология кең мағынасында «адамның кəсіптік қызмет саласындағы қолданылатын арнаулы лексиканы қамтитын, тілдің сөздік құрамының бір бөлігі» деп анықтама бере келе, терминология саласына қатысты ғалымдардың пікірлерін жинақтап, төмендегідей көрсетеді:

1. термин-сөздердің жиынтығы немесе жалпы көптеген белгісіз терминдер;

2. қандай да бір сала терминдерінің (ұғымдары мен атауларының) жиынтығы (медицина терминологиясы, география терминология-сы);

3. терминдердің жасалуы, құрамы мен қызметі туралы ілім;4. белгілі бір тілде қолданылатын белгілі бір білім саласы

терминдерінің жасалуы, құрамы мен қызметі жəне оның басқа тіл-дегі баламалары (эквиваленттері) туралы ілім;

5. жалпы терминология ілімі (6,14). Сонымен бірге тілдегі терминдерге қатысты ғылыми техникалық

ұғымдардың классификациясы, ұғымдар мен ұғымдар жүйесінің арасындағы байланысты анықтау, ұғымдар анықтамасын құру, тер-миндер жүйесін жасау, терминдердің тілімізде қалыптасуындағы бірізділік сияқты мəселелер де терминология саласының зерттеу нысаны болып табылады. Тілдегі терминдерді əр қырынан зерттеу барысында терминге қатысты бірнеше салалар пайда болды: бел-

- 17 -

гілі бір арнаулы салаға қатысты терминдердің жиынтығын салалық терминология зерттесе, термин мен оған қатысты мəселелерді зерт-теп, танып-білу терминтану саласының үлесінде.

Пайдаланылған əдебиеттер:

1.Толковый словарь русского языка. Сост. Л. М. Воронкова. – М.: ЗАО Центрполиграф, 2006.

2. Универсальный энциклопедический словарь. М., 2002. 3. Құрманбайұлы Ш. Қазіргі қазақ тіліндегі жаңа атаулар мен

қысқарған сөздер. - Астана,20094. Момынова Б. Қоғамдық-саяси лексиканың түсіндірме сөздігі.

- Алматы, 2004.5. Сыздық Р. Қазіргі қазақ тілі - өміршең тіл, оның бір бел-

гісі - сөздік қазынасының байлығы // Əдеби тіл жəне қазақ тілінің өміршеңдігі - Алматы, 2009

6. Құрманбайұлы Ш. Терминқор қалыптастыру көздері мен тер-минжасам тəсілдері. - Астана, 2005.

- 18 -

5. Қазақ терминологиясының зерттелу тарихы

Жалпы тіл біліміндегі термин туралы алғашқы ойлар, пікірлер ту-ралы айтпас бұрын бір нəрсені есте ұстаған жөн деп есептейміз. Кез келген тілде ғылым тілінің, яғни терминологиялық лексиканың пайда болуы сол тілде жазудың пайда болуымен тікелей байланысты жəне сол тіл өмір сүріп тұрған қоғамдағы түрлі өзгерістерге тəуелді болады.

Əдеби тілдің функционалдық стилі өздерінің қазіргі күйіне, деңгейіне бірте-бірте, белгілі даму жолдары арқылы жеткені белгілі. Осы орайда белгілі ғалым, тілші академик Ə. Қайдардың мына бір пікірі құптарлық: «Ғылым тілін жалпы əдеби тіл тұрғысынан алып, оны бейнелі түрде «кішігірім тіл» (подъязык, языковая подсистема, мини язык мағынасында) қарайтын болсақ, осы «үйшіктің» дүниеге келуін жазба əдеби тілдің қалыптасуынан басталады деп қараған жөн. Өйткені жазу-сызуы болмаған, не кенжелеп қалған тілде ғылым тілінің дүниеге келуі мүмкін емес».

Орыс тіл білімінде термин мəселесін арнайы зерттеген А. В. Суперанская бастаған зерттеушілер логикалық тұрғыдан

термин дегеніміз нақты анықтама берілген кез келген сөз (нақтырақ айтқанда кез келген сөзге сəйкес ұғым) деп қарастырады жəне термин-ді бұлай түсіну көне Греция тіл білімінде Платоннан басталғандығы туралы жазады .

Белгілі терминолог, профессор Б. Қалиұлы өзінің «Жалпы тіл білімі» атты оқулығында тіл білімі тарихына тереңірек тоқтала келе «көне грек философтары тілге қатысты үш мəселені сөз етті: олар: 1) Зат пен оның атауы арасында қандай байланыс бар? 2) Тіл қайдан, қалай пайда болды? 3) Грамматика жөніндегі мəселелер» деп жазады.

Аталған ғалымдар пікірлерінен тіл білімі тарихында көне за-ман тіл білімінен бастап сөз бен оның атауы туралы ой-пікірлердің дүниеге келгенін, олардың біртіндеп дамығанын байқау қиын емес.

Одан кейінгі орта ғасыр тіл білімі, қайта өркендеу дəуірінің тіл білімі, ХҮІІ-ХҮІІІ ғасыр тіл білімі өкілдерінің еңбектерінде жалпы сөз бен ұғым, сөз бен оның атауы туралы көзқарастар нақтыланып, күрделене түседі.

ХІХ ғасырдың 1-жартысында терминология жеке өз алдына жаңа ғылым болып қалыптаса бастайды. Бұған ХІХ ғасыр тіл білімі өкілдерінің, атап айтқанда Франц Борр, Расмус Раск, Якоб Грим, Вильгельм Гумбольт тəрізді ғалымдардың ықпалы зор болды.

- 19 -

Терминге алғашқы болып анықтама берушілер де шыға баста-ды. Неміс ғалымы Л. Дедерлайн: «Finis, конец (Das Ende) – бұл математикалық сызық тəрізді шекара, Terminus, шектеу (Das Ende) – бұл математикалық сызық тəрізді шекара, Terminus, шектеу (die Mark) – бұл белгілеудің соңғы шегі немесе: Finis – бұл өзінен өзі аяқталатын табиғи шекара; terminus – қолдан жасалған, жасанды шекара» деп, терминге анықтама беруге талпыныс жасайды.

Терминге берілген анықтамадан ХІХ ғасыр басында термин ту-ралы ой-пікірлердің əлі де қалыптасу, даму үстінде екенін аңғаруға болады.

Жалпы тіл білімінде тіл – таңбалар жүйесі, таңба таңбалаушы мен таңбаланушыдан тұратындығы туралы пікірлерді айтқан ХХ ғасыр тіл біліміндегі ең беделді де кең тараған социологиялық мектеп өкілдері, атап айтқанда Женева социологиялық мектебінің негізін салушы – Фердинандт де Соссюр болды. Ол өзінің тіл ту-ралы пікірлері мен көзқарастарын «Жалпы лингвистикалық курс» деп аталатын еңбегінде жазды. Фердинандт де Соссюр аталған еңбегінде: «таңба екі жақты болады: оның бірі – материалдық жағы да (яғни дыбыстық жағы – акустикалық бейне), екінші – идеялық жағы (мағынасы). Материалдық жағы таңбалаушы (сөз) болады да, идеялық жағы таңбаланушы (зат) болады. Бұл екі элемент өзара тығыз байланысты. Таңба дегеніміз – осы екеуінің бірлігі» [1,78-79]-деп жазады.

Фердинант де Соссюрдің шəкірті Шарл Балли - француз тілінің лексикологиясы, стилистикасын зерттеген ғалым. Соны-мен бірге ол тілдің жалпы теориясымен де айналысты. 1905 жылы Ш.Баллидің француз тілінде «Стилистиканың қысқаша курсы» деп аталатын еңбегі Женева қаласында басылды. Ғалымның «Француз стилистикасының трактаты» деп аталатын еңбегі 1909 жылы жарыққа шыққан. Кейінірек ол Парижде екі рет қайта ба-сылып шығады. Оның «Общая лингвистика и вопросы француз-ского языка» , «Французская стилистика» атты еңбектері орыс тіліне аударылған.

Ш.Балли өзінің «Француз стилистикасының трактаты» атты еңбегінде тілдік-қатынас типтерін немесе ғалымның сөзімен айтқанда «тілдік ортаны» жан-жақты зерттейді. Ойды жеткі-зу тəсілдерін ол ауызекі тіл, əдеби тіл, ғылым жəне техника тілі, басқару тілі, кəсіби тіл жəне жаргондар деп ажыратып, əрқайсысын өз алдына қарастырады.

- 20 -

Ғалымның ғылым мен техника тілі туралы айтқан пікірлері на-зар аударарлық. Ш. Балли стильдер туралы жазғанда, ең алдымен, тілдік қатынас өтетін ортаға арнайы тоқталады. Ол тілдік қатынас ортасын, бір жағынан, жеке тұлғаның əлеуметтік жəне кəсіби іс-əрекеті, екінші жағынан, жеке адамның күнделікті өмірі тұрғысынан алып қарастырады. Тілдік қатынас тілдік ортаға байланысты өзгеріп отыратындығын, мəселен, адам отбасымен, досымен ауызекі стильде, бастығымен немесе əріптесімен ғылыми стильде арнайы сөйлесетінін аңғартады.

А. В. Суперанскаяның пайымдауынша, алғашында терминология жеке ғылым ретінде ХІХ ғасырдың І жартысында қалыптасса, оның дамуы, жан-жақты зерттелуі Батыс Еуропа мемлекеттерінде, Амери-ка, Германия, Ұлыбритания, Франция, Испания, Италия т.б. мемле-кеттерде жүргізіліп, одан соң отандық тіл білімінде жалғасын тауып жатты. Бұл жерде біз ХҮІІ-ХІХ ғасырларда отандық тіл білімінде термин мəселесі мүлдем сөз болмады деп айтудан аулақпыз. Ол өз алдына қарастырылады.

Термин зерттеу тұрғысынан келгенде Батыс Еуропа елдері озық тұрғанын мойындау керек. Оған дəлел ретінде аталған мемлекет-тердегі терминнің теориясына байланысты жарық көрген ғылыми зерттеулерді жəне тіл саясаты мен терминологиялық жұмыстарды жүргізу бағыттарын, термин жасау қағидаттары мен тағы да басқа мəселелерді айтуға болады. Мəселен, Францияда терминнің теория-сын зерттеген ғалым Ф. Жиро «Шет тілі сөздері» атты мақаласында (1965) француз тіліне шет тілінен енген сөздер туралы сөз етсе, «ғылыми сөздер» деп аталатын мақаласында (1968) ол терминдер мен терминдік тіркестерге, олардың өзіндік ерекшелігіне тоқталады. А. Рей өзінің «Терминология: ұғымы мен түсінігі» деп атала-тын еңбегінде (1979) терминологияның зерттеу нысанына, оның қалыптасуы мен дамуына талдау жасайды. Д. Кандел терминдердің лексикографиялық мəселелерін сөз етеді (1979). Француз терми-нологиясының зерттелуіне елеулі үлес қосқан ғалым – Г. Рондо деп есептеледі. Г. Рондо терминді лингвистикалық тұрғыдан танитын ғалымдардың қатарына жатады.

Г. Рондоның пікірінше, терминді басқа лексикалық бірліктерден ажыратып тұратын қасиет «оның семантикасында, өйткені ол - екі жақты, яғни белгілеуші мен белгіленушісі бар лингвистикалық белгі. Ол «Терминологияға кіріспе» атты оқулығында (1980) фран-цуз тілі терминологиясының теориялық мəселелерін, əсіресе кір-

- 21 -

ме терминдердің (ағылшын тілі терминдері) тілге көптеп енуінің себебі мен оған шек қою туралы пікірлерін білдіреді. Сөздің лингвистикалық жəне терминологиялық аспектілерінің арасындағы байланыс туралы Л. Жилбер өз мақаласында (1981) жан-жақты жа-зады.

ХІХ ғасырдың аяқ кезінде Ресейде екі үлкен лингвистика лық мек-теп дүниеге келгені белгілі. Оның біріншісі – академик Ф. Ф. Фор -тунатов (1848-1914) бастаған Мəскеу лингвистикалық мектебі болса, екіншісі – И. А. Бодуэн де Куртэне (1845-1929) жетекшілік еткен Қазан лингвистикалық мектебі еді.

Ресей тіл білімі тарихында үлкен рөл атқарған бұл екі мектептің өкілдері тіл білімінің алуан түрлі мəселелерімен айналысты. Бұл мəселелерден термин де шет қалған жоқ.

Ресейде 1930-1960 жылдар аралығында терминнің теориясына арналған бірнеше ғылыми мақалалар мен еңбектер дүниеге келді.

Мысалы, Г. О. Винокур «О Некоторых явлениях словообразования в русской технической терминологии», Л. А. Капанадзе «Функцио-нирование терминов науки и техники в общелитературном языке ХХ века», Ю. А. Бельчиков «Интернациональная терминология в русском языке», А. А. Реформатский «Что такое термин и терминология», Л.Л.Кутина «Формирование терминологии физики в России», Д. С. Лотте «Основы построения научно-технической терминологии. Во-просы теории и методики», А. М. Доборин «Заметки о происхожде-нии и эволюции научных понятий и терминов» жəне т.б.

Аталған термин зерттеушілердің ішінен Д. С. Лотте бастаған терминологиялық мектептің орыс тілінің ғылыми-техникалық тер-миндерін қалыптастыру, біріздендіру, жүйелеу саласында атқарған жұмыстарын атап айтуға болады. Д. С. Лотте жəне оның мектебінің зерттеушілері терминдерге қойылатын талаптарды анықтайды. Терминдердің көпмағыналығы, синонимдік қатары, терминологиялық лексиканың жүйелілігі, терминнің контекстке тəуелсіздігі, терминнің нақтылығы жəне қысқалығы, тіркесті терминдер туралы жəне тағы да басқа терминнің теориялық мəселелерін қарастырады.

1970 жылдардан бастап орыс тіл білімінде терминді зерттеу мəселесі одан əрі жандана түсті. Терминологиялық лексиканы зерт-теуде жəне оның қоғам үшін мəнін, маңызын анықтауда Т.Л. Канде-лаки, Е. И.Толикина,

А. М. Моисеев, В. А. Гречко, Л. И. Скворцов, В. П. Даниленко, Н. Л. Котелева жəне тағы басқа ғалымдар еңбек етті.

- 22 -

Бұл кезеңдегі терминші ғалымдардың еңбектерінде, негізінен, терминнің мағынасы, терминологиялық лексиканың тілдік табиғаты, терминді зерттеудегі кейбір лингвистикалық мəселелер, термин қандай болу керек деген сұрақ төңірегіндегі мəселе, терминология жəне тіл мəдениеті, олардың арақатынасы, ғылым тілінің лексикалық құрамы, терминологиялық лексика жəне жалпыхалықтық тіл, тер-мин жəне диалект сөздер, кірме терминдер, олардың жасалуы жəне тағы басқа мəселелер зерттелді.

1980 жылдарда терминнің теориясы жəне практикасымен айналысқан О. И. Блинова, Т. С. Коготкова, И. Н. Волкова, Т. Р. Кияк, Ф. Х. Жубуева,

В. М. Лейчик, Л. А. Шкатова тəрізді зерттеушілер болды. Бұлар негізінен терминтанымның пəні, əдістері, құрылымы, терми-нологияның жалпы теориясы, ғылыми-техникалық терминдерді біріздендіру, терминологияның ономосиологиялық мəселелері жəне тағы да басқа орыс терминологиясының өзекті мəселелерін сөз етті.

Орыс тіл білімінде, терминологияны зерттеу 1990 жылдардан бергі уақытта əлемдік тіл білімінің қол жеткізген жетістіктері-не сай дамып отыр. Терминнің атау теориясы, оның өзіндік ерек-шелігі туралы, терминжасам жайында, оның тəсілдері, термин жəне ұғым, термин шығармашылығының тарихы туралы, терминжасам тəжірибесі, терминтанымның лингвистикалық аспектілері жайында зерттеу жүргізген С. А. Гонцова, А. В. Варандеев,

Г. П. Мельников, С. Д. Шелов, С. В. Гринев, Т. А. Журавлев, В. А.Татаринов,

М.Н.Володина жəне т.б. ғалымдарды атауға болады.Бұлармен қоса салалық ғылым терминдерін зерттеу де орыс тіл

білімінде бір саты алда тұр деуге болады. Сонау 1960 жылдардан бастап салалық терминдерді зерттеу, терминдерді реттеу, бірізден-діру жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп отырғандығын байқаймыз. Мəселен, ондай еңбектер қатарына Л. Л. Кутинаның «Формирование терминологии физики в России» (1966), А. С. Гердтің «Формиро-вание терминологической структуры русского биологического тек-ста» (1981) тəрізді еңбектерін айтуға болады. Салалық терминдердің дамуы, қалыптасуы, құрылымы туралы кандидаттық диссертация қорғаған Б.Зофияның «Структура и функционирование русской пси-хологической терминологии» (1982), Т.О.Ходжаевтің «Эволюция адъективной психологической лексики русского языка второй по-ловины ХІХ в.» (1969), Е.И.Тарасованың «Формирование физиоло-

- 23 -

гической терминологии в русском литературном языке конца ХҮІІІ – первой половины ХІХ в.» (1994) деген сияқты зерттеулерін атауға болады.

Қазақ тіл біліміндегі термин мəселесінің зерттелуін 1920-30 жыл дардан бастап қарастырамыз

ХХ ғасырдың басы қазақ мəдениеті, білімі үшін елеулі кезеңдердің бірі болып саналады. Дəл осы кезеңде қазақ даласында Ш. Құдайбердиев,

А. Байтұрсынов, Х. Досмұхамедов, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, Н. Төреқұлов, М. Əуезов, Ж. Күдерин, Е. Омарұлы, С. Қожанұлы, Ғ. Қараш, Т. Шонанов сынды қазақ зиялылары дүниеге келді. Олардың қоғам өміріне белсене араласуы қазақ халқының ой-пікіріне, сана-сезімінің өсуіне əсер етті. Қазақ зиялылары халықты оқу-білімге тартты. Қазақ жастарына арнап оқу құралдарын жаза бастады. Міне, тура осы кезеңнен бастап термин мəселесі арнайы сөз бола бастайды. Бұл туралы белгілі терминолог, профессор Ш. Құр манбайұлы «сол кезеңде алғашқы оқулықтар мен ғылыми еңбектерді жазған автордың қай-қайсысы да терминжасам ісіне өз үлестерін қосты дегеніміз жөн, оған алғаш қолданған терминдер дəлел бола алады» [2,38] деп жазады. Сол кезеңдегі жарық көрген газет-журналдарды қазақ зиялыларының терминге байланысты мақалалары, ой пікірлері басылып тұрды. Оған дəлел, мəселен, Ғ. Қараш «Ойға келген пікірлерім» (Орынбор,1910), М. Əуезов «Ғылым тілі» (Абай, 1918 №7), «Ақаңның 50 жылдық тойы» (Ақ жол,1923, 4 ақпан, №270), Н. Төреқұлұлы «Жай сөздер ту-ралы» (Мəскеу,1927), С.Сейфуллин «О терминах и терминоло-гии» («Советская степь», 1928,28 ақпан) т.б. Бұлардан басқа қазақ ғалымдары түрлі ғылым саласы бойынша оқулықтар жа-зып, онда терминдерді алғаш рет қолданысқа енгізді.

Х.Досмұхамедұлы – психология, физиология, медицина, анато-мия ғылымдарын жетік меңгерген, осынау ғылым салалары үшін терминдік атаулардың маңызын жақсы түсінген, шамасы келген-ше оның біразын жасаған ғалым. Оған біздің ғалым еңбектері мен мақалаларын оқығанымызда көзіміз жетті. Х.Досмұхамедұлының «Адамның тəн тірлігі» (1927) атты оқу құралында орысша-қазақша атаулар сөздігі берілген, яғни ғалым сөздік түзу мəселесімен де айналысқан.

Ғалымның терминжасам шығармашылығынан жаңа атаулар-ды көптеп кездестіреміз. Мысалы: жүйке жүйесі (нервная систе-

- 24 -

ма), жүйке түйіні (нервный узел), жүйке тұтқасы (нервный центр), қозғалғыш жүйке (двигательный нерв), қозу (возвуждение), сезім жүйке (чувствительный нерв) т.б.

Х. Досмұхамедұлының термин шығармашылығы туралы 2000 жылы К. Қабатаева кандидаттық диссертация қорғаған. Зерттеуде Халел Досмұхамедұлының еңбектерінде кездесетін қоғамдық-саяси, мəдени-əлеуметтік терминдерге талдау жасалынады, ғалымның тер-мин жасау əдістері мен тəсілдері анықталады.

Ж. Аймауытұлы психологиялық атауларды, өсімдіктану атауларын Е. Омарұлы пішіндеме (геометрия) атауларын, С. Қожанұлы есептану терминдерін, А. Қонқашпайұлы география атауларын, М. Жұмабаев педагогика саласының терминдерін жасаған. Соңғы жылдары қазақ зиялыларының еңбектері, олардың термин жасау тəжірибесі зертте-ушілер тарапынан назарға іліге бастауы қуанарлық жайт.

Қазақ тілінің əлеуметтік өмірдегі қолданыс аясы кеңею нəтижесі терминологиялық лексиканы саралап, бір ізге түсіру қажеттілігін тудырды. Осыған байланысты қазақ тіл білімінде терминологиялық зерттеулер басталды. Қазақ терминологиясы мəселесі алғаш 1924 жылы Орынбор республикалық 1-сьезінде кеңінен сөз болды. Осы мəселе Баку қаласындағы тюркологтардың Бүкілодақтық 1-сьезінде де сөз болды. Бұндағы қарастырылған мəселелер тер-мин жасаудағы принциптерді бір жүйеге келтіру болды. 1930 жылы Мəскеуде термин жасаудың алғашқы принциптері қарастырылып, оның нəтижесінде 1931 жылы «Атаулар сөздігі» жарыққа шықты. 1933 жылы Қазақстанда алғаш рет терминком құрылды. Төрағасы – Қ. Жұбанов болды. Ол құрылған күннен бастап қарқынды жұмыс жасай бастады.1935 жылы бюллетеньнің 4 саны жарық көрді. Бюллетеньнің бұл сандарында қазақ тілі терминдері мен орфогра-фиясы жөніндегі жоба жəне

Қ. Жұбановтың мақаларында термин сөздің ерекшелігі жəне жаса-лу жолдары сөз болды. 1942 жылы С.Аманжоловтың басшылығымен «Орысша- қазақша əскери сөздігі» жарық көрді. Соғыс жылдарында терминком өз жұмысын тоқтатты да, 1945 жылы қайта қолға алын-ды. Төрағасы – Омаров, кейін Ə. Тəжібаев болды. Бұл жылдары көптеп сөздіктер жарыққа шыға бастады. 1959 жылы Тіл білімі жəне əдебиет институтының жанынан терминология бөлімінің ашылуы аталған мəселенің жүйелі түрде зерттелуіне септігін тигізді. Бұл бөлімнің нəтижесін 1956-1962 жылдар аралығында жарыққа шыққан терминологиялық сөздіктер арқылы көруге болады.

- 25 -

Ө. Айтбаев қазақ тіліндегі қоғамдық-саяси терминдердің қалыптасу тарихын 1980 жылдардан бастап зерттейді. Ғалымның бұл саласы бойынша 35-тен астам ғылыми мақалалары жəне «Қазақ терминологиясының дамуы мен қалыптасуы» (1988) атты моно-графиясы, «Термины и их переводы» (1990), «Қазақ сөзі» (қазақ терминологиясының негіздері)» (1997) атты еңбектері жарыққа шықты. Автордың соңғы жылдары жазған «Қазақ тілінде термин жасау жолдары мен принциптері хақында» (2002), «Алғашқы газет-журналдардың термин жасаудағы рөлі» (2003), «Терминжасам мен оны реттеудің мəдениеті хақында» (2004) атты мақалаларының қазақ терминологиясының өзекті мəселелеріне арналғандығын атап көрсеткен жөн. Ө. Айтбайұлы - қазақ терминологиясынының дамуы мен қалыптасуын, термин жəне аударма туралы, терми-нология мен аударма ғылымының қалыптасуындағы ғалымдар жайында, А. Байтұрсыновты қазақ терминологиясының негізін салушы ретінде тану туралы, терминдену аспектілері жəне тер-мин шығармашылығының кезеңдері, термин жасаудың үлгілерін, əдіс-тəсілдерін, терминге қойылатын талаптар, термин таңдау жолдары, терминологиялық банк туралы, оны компьютерге енгі-зу мəселесі, қазақ терминологиясының мүмкіндіктері, терминнің табиғаты, аударма жəне ғылым тілі, сөздердің терминденуі жəне т.б. көптеген мəселелерді зерттеген ғалым. 1980 жылдары термин-дерді қалыптастыруда аударманың рөлі ерекше болды. Өйткені дəл осы кезеңдері орыс ғалымдарының еңбектерін қазақшаға аудару мəселесі күн тəртібіндегі басты мəселелердің бірі еді. Ал 1990 жылы тіліміз де төл терминдерді қалыптастыру кезеңі басталды. Бұған саяси-əлеуметтік жағдайдың күрт өзгеруі себебін тигізді.

Пайдаланылған əдебиеттер:

1. Исакова С. Қазақ терминтанымы: лексикалық құрамы, жаса-лу тəсілдері, прагматикалық қызметі. - А, 2007.

2. Құрманбайұлы Ш. Терминқор қалыптастыру көздері мен терминжасам тəсілдері. - Астана, 2005.

3. Байтұрсынов А. Ақ жол.- Алматы, 1993.4. Кайдаров Ə. Қазақ терминологиясына жаңаша көзқарас.

-Алматы, 1993.5. Лотте Д.С. Вопросы заимствования и упорядочение иноя-

зычных терминов и терминоэлементов. – Мəскеу, 1982.

- 26 -

6. Қазақ зиялыларының қазақ терминологиясын қалыптастырудағы рөлі

1.1. А. Байтұрсынов – қазақ терминологиясын қалып тастырушы1.2 Қ. Жұбанов - қазақ терминологиясының негізін қалаушы.1.3. Ə. 1.3 Қайдар жəне терминология саласындағы жаңа бағыт.1.4 Ш. Құрманбайұлы жəне ұлттық терминология.

А. Байтұрсынов - қазақ əліппесінің тұңғыш реформаторы, жетілген жазу үлгісімен еліне тұңғыш əліппесін, тіл құралын, əдебиет танытқышын сыйлаған қазақ филологиясының не-гізін салушы ғалым, таза қазақ емлесімен шыққан тұңғыш газет «Қазақтың» (1913-1918) редакторы, аудармашы, публицист. Ал біздің мақсатымыз - А. Байтұрсыновтың қазақ терминоло-гиясын қалыптастырудағы рөлін, осы саладағы еңбектерін көрсете отырып, оның жасаған ғылыми терминдерінің өміршеңдігін таныту болса, бір жағынан ғалымның енгізген терминдерінен əлі де алары-мыз көп екендігін дəлелдеу. Бүгінгі таңда дамыған елдердің ұлттық тілдерінің белгілерінің бірі сол тілдегі ғылыми стильдің қалыптасуы болып саналады. Басқаша айтқанда, əдеби тілдің əдебилігі мен толыққандылығы «ғылым мен техника тілі» деп аталатын «кіші тілдің» қызметіне байланысты. А. Байтұрсыновтың еңбектеріне шолу жасау барысында, екі жүз елуге жуық терминдерді кездестіру-ге болады. Ол терминдерді төмендегідей топтарға бөліп қарастыруға болады:

1. Тілге қатыстылары;2. Əдебиетке қатыстылары;3. Жалпы оқу ағарту ісіне қатысты терминдер;4. Басқа да мəдениет, өнер салаларына қатысты терминдер.Тілге қатысты терминдерін «Тіл құрал» атты еңбегінен

кездестіруге болады. Дыбыстарды жіктеуге қатысты қолданылып жүрген дауысты, дауыссыз, қысаң жəне ашық, тұйық терминдері, сонымен бірге қазақ тіліндегі сөз таптарына қатысты атаулар, сеп-тік атаулары, сөйлем мүшелері, жай, құрмалас сөйлем түрлері, тіпті тыныс белгілеріне қатысты сызықша, нүкте, тырнақша т.с.с. тер-миндерді ғалым сол кездің өзінде қолданған. Аталған терминдердің өміршеңдігін қазіргі кезде де қолданылып жүргендігінен байқауға болады. Ал «Əдебиет танытқыш» атты еңбегінен əдебиетке қатысты қазіргі таңда қолданыста жүрген теңеу, шендестіру, дамыту, əсірелеу,

- 27 -

кейіптеу, сонымен бірге əзіл, сықақ т.с.с. терминдерді кездестіре-міз. Ғалымның тек бұл екі сала емес жалпы оқу ағарту саласына да қатысты терминдерін кездестіруге болады. Оның «Ана тілінің əдісі», «Қай əдіс жақсы» атты еңбектерінен емле, таңба жəне баулу, көрнекі сияқты терминдерді кездестіреміз. Бұл салаларда да оның термин жасаудағы негізгі қағидаты - ең алдымен қазақ тілінің өз мүмкіншіліктерін пайдалану болды:

1. Термин ретінде ұғым мағынасын толық бере алатын қазақ сөздерін алу;

2. Ондай сөздер қазақ тілінде болмаған жағдайда оларды туы-стас тілдерден алу; 3. Жаппай қолданылатын əлемдік термин-дер қабылдана алады, бірақ олар қазақ тілінің табиғатына сəйкес өзгертілуі керек; 4. Қазақ тілінің табиғатына сəйкеспейтін барлық өзге тілдердің сөздері дəл қазақтың айтуына сəйкес өзгертілуі ке-рек. А. Байтұрсынұлы – қазақ тіл біліміне, əдебиетіне, əдістеме, та-рих жəне этнография, мəдениетке қатысты терминдердің ғылыми жүйесін жасаған ғалым. Қазақтың ғылыми терминологиясының негізін қалаушы ғана емес, ол «терминжасам тəсілдерін анықтап, оларды өз тəжірибесінде тұңғыш рет негізінен пайдаланған ғалым» [3,51]. Оған ғалым жасаған қазақ тіл білімінің бастауыш, баян-дауыш, анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыш, жұрнақ, жалғау, есім ше, көсемше жəне т.б. көптеген терминдері дəлел бола алады. А. Байтұрсынұлының терминжасауда калькалау тəсілін де ұтымды пайдаланғанын байқауға болады.

1924 жылдың маусым айында Орынбор қаласында «Қазақ білімпаздарының тұңғыш съезі» болды. Бұл съезде терминология-ны қалыптастырудың қағидаттары белгіленді. Ол туралы Е. Омар-ұлы баяндама жасады. Қазақ терминологиясы дамуының ғылыми қағидаттарын арнайы зерттеген ғалым Ш. Құрманбайұлы, Е. Омарұлының ұсынған қағидаттары «сол кезде термин мəселесінің басы-қасында жүрген А. Байтұрсынұлының тікелей басшылығымен жасалған» [2,124] деген пікір білдірді. Сөйтіп 1926 жылы Баку-де өткен «Түрікшілердің бірінші құрылтайында» А. Байтұрсынов қазақ терминологиясын жасаудың алғашқы ғылыми қағидаттарын ұсынған болатын. Ғалым терминдердің орыс тіліндегі қасиеттерін жақсы білумен бірге, қазақ тілінің өз материалын ұтымды пайдалана отырып, терминдер жасаған. Көрсетілген терминдердің қазақ тілінің терминологиялық лексикасының қатарынан берік орын алып, күні бүгінге дейін өзгеріссіз қолданылып, əбден қалыптасып кеткендігі

- 28 -

олардың сəтті жасалғандығының айқын дəлелі бола алады. [2,52]. Шындығында 1920-30 жылдары алаш зиялыларының жасаған терминдерінің өміршеңдігі – олардың ұғым мен атау арасындағы байланысты терең түсінгенінде, терминге атау беру үшін зерттеуді ұғымнан бастағандарында жатса керек. Яғни, олар лексикология, терминология, концептологияның айналысатын сұрақтарын жан-жақты зерттеген, содан барып термин жасаумен айналысқан деп айтуға толық негіз бар.

Қ. Жұбанов – қазақ терминологиясының негізін салушы ғалымдардың бірі. Оның басшылығымен Қазақстанда 1933 жылы алғаш рет мемлекеттік терминологиялық комитет құрылып, алғаш рет тілімізде терминдерді қалыптастырудың қағидаттары енгізілді.

1930-жылдардың өзінде Қ. Жұбанов «Казахское языкознание лишь начинает оформляться в качестве самостоятельной науки. И как всякая наука, она может завершить стадию своего оформления не на базе об-щих абстрактных схем, а путем разработки отдельных проблем, чтобы из этих конкретных разработок складывалась наука о казахском язы-ке» дейді. Термин мəселесімен тікелей айналысқан ғалым терминге төмендегідей анықтама бере келе: «Термином называется специфиче-ский вид определенных словесных обозначений, передающий опреде-ленные понятия, установленные на данном этапе развитие науки и рево-люционной практики, причем передаваемое термином понятие может не совпадать со словарным значением, которое присуще данной словес-ной величине в обыденной жизни», сол кездегі аударылған терминдер-ден кеткен қателерге де тоқталады. Оның айтуы бойынша, аудару бары-сында қате негізінен терминнің терминдік сипатын түсінбеушіліктен, яғни термин атаудың тек лексикалық мағынасына назар аударудан ғана болған. Бұл мəселе қазіргі таңда да өзекті мəселелердің бірі болып отыр. Қ. Жұбановтың терминге қатысты «Қазақ əдебиет тілінің терминдері туралы», «Терминдердің спецификасы жөнінде», «Математика термин-дері жөнінде», «Физика терминдері жөнінде» жəне жалпы терминоло-гия мəселесіне қатысты бірнеше мақаласы бар. Ғалымның терминдер-ді тілімізде қалыптастыру жөніндегі принциптері 1936 жылы шыққан терминологиялық сөздіктің алғы сөзі ретінде берілген:

1. Көптеген əдеби тілдерде аударылмай қалыптасқан халықаралық терминдерді қазақ тіліне аудармай сол қалпында алу; (революция, хирургия).

2. Əдебиет тілінде əр елдің өз тілінде аударылып алынатын тер-миндер. Мысалы, өндіріс, сабақ, еңбек... сияқтылар қазақ тілінде эк-

- 29 -

виваленті табылмаса немесе қазақша аударғанда түсініксіз, я тіпті теріс ұғым беретін болса, ондай реттерде орысша сөздер алынсын. Мысалы, сословие, клетка, слет т.б.

3. Түрлі пəндерде түрлі мағынада қолданылатын немесе мағына жағынан біркелкі байланысы бар терминдер сол мағынасында алын-сын: форма, материя (философия, физика), түбір (математика, бота-ника, лингвистика).

4. Бір сөзбен айтылатын, бірақ түрлі орындарда түрлі мағынада жүретін «мануфактура» – экономика, мата мағынасында, продукт – азық-түлік мағынасында сияқтылар бір пəнде термин болып алын-сын да, қалғандарында қазақ тіліне аударылсын. Мысалы, ману-фактура – экономикалық даму кезеңі мағынасында термин, ал мата мағынасында термин емес.

5. Интернационал терминдер – орыс тілінде əдебиет тілінде жазылғандай алынсын, қазақ тілінде жоқ дыбыстар қазақ əріптерімен жазылсын. Мысалы, форма, химия т.с.с.

6. Қазақ тіліне аударылып алынған терминдердің ғылыми мағынаны толық бере алатын болуы, қазақ тілінің грамматика ерек шеліктеріне қайшы келмейтін болуы, жасанды сөз болмау жағы айрықша көзделсін. Мысалы, беріліс – передача, тоқыма – текстиль.

7. Есім жəне есімденген етістік формаларындағы интернацио-нал терминдер сол күйінше алынсын. Ал енді «изатация», «атция» жұрнақтарымен келетін машинизация, электрофикация, объекти-визация сияқты сөздердің негізінде қазақ жұрнақтары жалғанып алынсын. Мысалы, машиналандыру, электрлендіру т.с.с. Интер-национал терминдер қазақшада анықтауыш сын есім болып келсе, ықшамдалып -ский, -ный жалғаулары алынып тасталсын.

8. Терминмен қатар халықаралық терминдерде кездесетін, бірақ қазақ қосымшалары оларға эквивалент бола алмайтын бірсыпы-ра аффикстер де алынсын –ист, -изм (суффикстер), ре, сив, анти, контр (префикстер). Терминдерде ұшырасатын аффикстердің көбі қазақша да болып отырсын, бірақ олар формал элемент болып есептелмесін.

9. Терминдердің басқа сөздерге ықшамдалып барып қосылған формалары қазақ сөздеріне де ықшам түрде қосылып алынсын, авто, аэро, авиа. Мысалы, автожай, аэроқатынас сияқты.

10. Төңкерістен кейін орыс тілінде сөздерді қысқартып ықшамдап айту көп ұшырайтын болды. Бұл əдісті қазақ тілінде де іске асыру ке-

- 30 -

рек, яғни қазақ сөзінен де ықшамдалып жасалған терминдер жүзеге ассын жəне ол қазақ тілінің тілдік заңдылықтарына сəйкес жасал-сын. Сонымен бірге мемлекеттік терминология комиссиясының қабылданған сөздері ғана іске ассын.

Бұл принциптердің барлығы терминдерді жасауда негізгі құрал болып, терминология саласынан орын алды. Қ. Жұбанов екі сөзден бірігіп келген терминдер жөнінде де пікірлер айтқан. Мысалы, волна световая – жарық толқыны.

Алайда терминология уақытқа байланысты өзгеріп отырады. Жаңа терминдер пайда болып қана қоймайды, олардың мағыналары өзгеріп, жаңа мағынаға ие болады. Қоғамның дамуы əртүрлі салаларға қатысты терминология жүйесінде жаңа терминдер пайда болуына əсерін тигізіп, өзгерістер енгізуде.

Ə. Қайдаров – 1990 жылдары қазақ терминологиясына ерекше көңіл бөлген ғалым. Ол: «Ең алдымен оның тірек болар үш тағаны – жазуы-сызуы (ұрпақ арасын жалғастырар алтын көпірі), ономас-тикасы (жер бетіндегі ескерткіші), терминологиясы (оның баю, жаңару көзі) берік емес екенін мойындау керек» деп атап көрсетеді жəне терминология мəселесін бүгінде қайта көтеру керектігінің се-бептерін көрсетеді:

1. Əрбір өркениетті ел ғылыми-техникалық прогрестің айнасы іспетті терминологияның тап–тұйнақтай сындарлы болуына ерек-ше мəн беріп, заман талабына сəйкес оқтын-оқтын оның бағыт–бағдарларын анықтап, үрдісін байқап, ширатып-шынықтырып отыруға тиіс; біз де енді сондай ел санатына жатамыз.

2. Қазақ əдеби жазба тілі мемлекеттік тілдің негізі болса, тер-минология мен ғылым тілі оның жон арқасы, бүкіл рухани-мəдени өміріміздегі жаңалықтардың бəрін сергек сезініп, сол ыңғайда өзгеріп отыруға бейімді құбылыс; сондықтан да мемлекеттік əдеби тіліміздің бүгінгі күйі мен ертеңгі жайы терминологияның рет-тілігімен, жүйелігімен, тұрақтылығымен жəне қолданыс аясының кеңдігімен өлшенеді.

3. Қазақ тілі терминологиясы əртүрлі жағдайларға байланыс-ты бүгінде дағдарысқа ұшырап отыр: оның ғылыми принциптері жаңа үрдіске бағыт-бағдар беріп, алда жүріп отырудың орнына арт-та қалып отыр. Осының нəтижесінде əркімнің өз білгенінше тер-мин жасауы немесе оны ауыстыру, алмастыру тəрізді бейберекет «бұқаралық» əрекеттерге жол беріле бастады.

Ғалым осындай негізгі себептерін көрсете отырып, сол кез-

- 31 -

ге лайықтап терминдерді қалыптастыруға қатысты принциптер ұсынады:

1. Егеменді ел, тəуелсіз мемлекеттің басты белгілерінің (атрибуттарының) бірі – мемлекеттік тіл десек, оның негізгі тіректерінің бірі – терминологияны жан-жақты дамытуға, реттеуге, қалыптастыруға, кеңінен қолдануға сол мемлекеттің өзі қамқорлық жасауы керек. Бұл принцип терминология мəселесіне мемлекеттік тұрғыдан көңіл бөлініп, «Тіл заңының» берік болуы керек деген мəселемен ұштасады.

2. Қазақ тілі терминологиясының жақсы дəстүрлерін жалғастыра, өскелең өмірдің биік талап-талғамына сай келіп отырған бұқаралық үрдістің тіл үшін тиімді де қажетті жақтарын саналы түрде пайдала-ну. Бұл – қоғамда болып жатқан өзгерістерге сəйкес ұлттық сананың даму заңдылығына көңіл бөлу керек деген сөз, яғни қоғамдағы өзгерістердің дұрыс, бұрыстығына мəн беру.

3. Салалық терминдер мен атауларды жаңадан жасауда, өзгертуде, ауыстыруда, ең алдымен, қазақ тілінің төл жəне бұрыннан қалыптасқан байырғы лексикалық байлығын сарқа пайдалану. Бұл – негізгі жəне дəстүрлі принциптердің бірі. Дегенмен бұл принциптің орындалмай жатқан жерлері кездеседі. Бұл тіл саясатымен ұштасады. Ана тілі мүмкіншілігін пайдаланудың тағы бір жолы – калька тəсілі, яғни орыс не шет тілдерден енген жеке де күрделі терминдерді тұлғалық, мағыналық, құрамдық ерекшеліктерін сақтай отыра өз тілімізге сөзбе-сөз аудару.

4. Термин шығармашылығында бұдан кейін туысқан түркі тілдерінің (əсіресе терминология дəстүріне бай жазба тілдердің) озық тəжірибелерінен, терминдік өрнек-үлгілерінен, оңтайлы да үйлесімді сөз жасау модельдерінен мүмкіндігіне қарай пайдалану. Бұл принциптен ұтарымыз: біріншіден, тегі бір, тарихы бір туы-стас түркі халықтары қаншама жеке-дара дамып келсе де, тілін-дегі ортақтық пен ортақ лексикалық байлық негізінен сақталған. Екіншіден, сол байлықты пайдалануда жазу дəстүрі мол тілдерде терминологиялық тəжірибенің мол болатыны сөзсіз. Үшіншіден, əрбір тіл өзінше жол тауып, өзінше дамиды. Сондықтан бір тілдің екінші тілден артық та, кем де жақтары болады. Осындайда тəжірибе алмастырудың, бір-бірінен үйренудің пайдасы болмаса, зияны жоқ. Туыстас тілдердегі үлгілердің өзіміз үшін үйлесімді, тиімді, оңтайлы əрі пайдалы жақтарын таразы басына салып, саралап, сын көзбен қарай отыра қабылдау керек. Бұл – жалпы түркі дүниесіне ортақ

- 32 -

ғылыми-техникалық прогрестің, мəдениеттің үйлесе дамуына кепіл-дік беретін фактор.

5. Тіліміз үшін қажет, бірақ дəл баламасы жоқ, аударуға келе бер-мейтін интернационалдық терминдер мен атауларды қазақ тілінің өз ерекшеліктеріне икемдеп қабылдау. Осы мəселеге қатысты екі нəрсеге көңіл аудару керек: а) əсіресе, интернационалдық термин-атауларды қазақшалаудың қажеттілігін анықтау, оларды практи-ка талабына сай бірінші, екінші, үшінші кезектегі топтарға бөліп қарастыру; ə) оларды аударудың принципі мен тəсілдерін анықтау. Халықаралық деңгейде қолданылып, танымал болған, қазақша аударуға келмейтін, келсе де терминдік мағынасы дəл берілмейтін интернационалдық термин-атауларды қазақ тілінде де қалыптастыру, тұрақтандыру қажет.

6. Орыс тілінен (жалпы славян тілдерінен) енген термин-атау-ларды мүмкін болғанынша қазақша аударып қолдану; аударуға келмейтіндерін бұрынғыдай сол қалпында емес, қазақ тілінің фоно-морфологиялық ерекшеліктеріне үйлестіре қабылдау. Жалпы алғанда, орыс тілінің терминологиялық қоры негізінен еуропа мен шығыс елдері тілдерінің элементтерінен тұрады. Орыс тіліндегі таза орыс терминдерінің өзі тек XVІІғасырдан кейін ғана қалыптаса бас-тады. Таза орыс тілінің лексикасын қазақ тіліне толығымен аударып қолдануға болады.

7. (...қысқартылған терминдер мен атаулар жайында) Салалық күрделі терминдер мен атауларды қазақ тілінің өз негізінде алғашқы əріптері мен буындары бойынша (сөз араластырылып та) кеңестік-интернационалдық термин атаулардың үлгісімен қысқартып қолдануды заңдастыру. Атау терминдерді қысқартып қолдану дəстүрі қазақ тілінде тек төңкерістен кейін ғана пайда болды. Сондықтан бұл құбылыс өз алдына ереже түзуді талап етеді: 1.қысқартуға тиісті терминдердің бəрі қазақ тілінің негізінде орыс тілінде қалыптасқан күрделі (біріккен, қосарланған, тіркес түріндегі) термин мен атаулардың үлгісі мен модельдері бойынша жасалуы керек; 2. олар күрделі термин мен атаулардың құрамындағы əрбір дербес сөздің не алғашқы буыны бойынша қысқартылуы керек; 3.алғашқы əрпі мен буыны бойынша қысқартылған терминдер құрамында жеке-дара сөздердің де болуы мүмкін жəне олар қазақ тілінде оңтайлы айтылуына қарай ықшамдалып алынса да болады; 4. осы принцип бойынша қысқарту нысанына қысқартудың барлық түрлері (аббре-виатуралар) емес, тек атау мен терминдік мəні бар сөздер мен сөз

- 33 -

тіркестері ғана жатады; 5. қысқарған терминдердің айтылу ереже-лері де айқындалу керек.

8. Күн санап толассыз туындап жатқан терминдік ұғымдарға тілімізден дəл балама іздеуде де, терминдерді жаңадан жасауда да жалпы терминдерге тəн талапты сақтай отыра, дəстүр мен шарттылық заңдылығын мойындау. Бұл принцип басқалардан бөлектеу, ол – жаңа балама сайлау, терминдерді жасау əдіс-тəсілдерін қолдануда ескерілетін дəстүр мен шарттылық. Бұл– əдістермен жасау принцип-терінде ескеріле бермейтін, бірақ кез келген тілдің табиғатына, сөз жасам үлгілеріне тəн заңдылық. Терминнің лексикалық мағынасына көбінесе оның жасалуы үстінде мəн беріледі де, жасалып болып, қолданыс айналымына өткеннен соң қалыптасқан дəстүрлі мағынасы ғана ескеріледі.

9.Тілімізге қабылданатын терминдер мен атаулардың мағыналық, тұлғалық жағынан жақындарын өзара топтастырып, салыстыра от-ырып, лексикалық байлығымызды салалық жүйе бойынша жіктеп, саралап пайдалану. Осыған орай, біз қазақ тілінде қалыптасқан жəне толыға беретін лексиканы тұтас та, сала бойынша да топтастырып, өзара салыстыра, тұлғалық жақындығына, мағыналық ұясына қарай жүйелеп алып, соған сəйкес өз тіліміздің барша мүмкіншілігін тиімді де түгел пайдалану принципін ұсынып отырмыз.

10.Тіліміздегі ұлттық жəне интернационалдық термин-атаулардың сандық жəне сапалық жолдарын іздестіру. Бұл принциптің «стратегиялық» мəні бар. Ол ана тіліміздің тазалығын сақтауға қажет. Өйткені тіліміздегі термин қорының 70% -ын (оған қосымша орыс тілі-нен аударылмай алынатын элементтер тағы бар) шет тілдік етіп жіберу ұлттық тілдің өзіндік жолмен дамуына өте қауіпті. Оны біз қазақ тілінің бүгінгі жағдайынан да айқын көре бастадық.

Қорыта келгенде, айтарымыз: шет тілдік (оның ішінде интернационалдық) терминдер мен ұлттық терминдердің табиғи ара салмағының (30/70 пайыз) сақталуына Мемтерминком тарапы-нан ерекше мəн берілуі қажет. Өйткені терминология лексикасы саласындағы табиғи үйлесімділіктің бұзылуы жалпы тіл дамуына нұқсан келтіреді,

11.Терминдер мен атаулардың емлесін тіл заңына, жазу дəстүріне сəйкес реттеу. Бұл, əдетте, алфавит пен емле қағидаларын өзгертуге байланысты қаралатын күрделі мəселе, бірақ қандай болған жағдайда да оған қоғам санасын қазірден-ақ дайындай, бейімдей беру қажеттігін ескерген жөн.

- 34 -

Шынында да, жүз мыңдап саналатын термин-атаулардың ем-лесі – тіл мəдениетінің ғана емес, жалпы тіл дамуының қалпын, сауаттылық деңгейін көрсететін зор фактор.

Ш. Құрманбайұлы – қазіргі таңда терминология саласында жаңа бағытта еңбек сіңіріп жүрген ғалымдардың бірі. Оның қазақ терминологиясының дамуы мен ұлттық тұрғыда қалыптасуына сіңірген еңбегі зор. Ол қазақ тілінде термин теориясына қатысты көптеген тың мəселелердің басын ашады. Олар: термин жəне терминологиялық өріс, терминологиялық омонимия, жалпы қолданыстағы сөздердің терминденуі, терминденуші лексика көздері т.с.с. Ғалымның жаңа тұрғыда терминология саласына қатысты «Терминтану» (2005), «Терминқор қалыптастыру көздері мен терминжасам тəсілдері» (2001), «Қазақ лексикасының термин-денуі» (1998), «Қазақ терминологиясы дамуының кезеңдік сипаты» (2002) т.с.с. көптеген еңбектері бар. Ғалым ұлттық терминология-ны қалыптастыру бағытында кірме терминдердің орнына тіліміздің жалпы лексикалық қабаттарын терминдендірген дұрыс деген пікірді айтып, оны ғылыми тұрғыда дəлелдей түседі. Мысалы, кіреуке, са-уыт, шаң, құжат т.с.с. Ұлттық терминологиямызды қалыптастыруда көне əдеби тіліміздің сөздік қорын пайдалану жөнінде ғалым былай дейді: «Тілдің көне қырларын пайдалану жалпы терминология үшін де жат құбылыс болып табылмайды. Сондықтан бұрынғы жазба тіл-ді жатсынудың реті жоқ.» [2,62]. Тек бұл жерде терминнің негізгі қасиеттері сақталу керек. Ұлттық терминологияны қалыптастыруда көне тіл қабаттарын пайдалану дамыған елдердің тəжірибесінде кездеседі жəне бұл тəсіл терминжасамдағы басты принциптердің бірі болып табылады. Мысалы, қытай тілінде терминжасамдағы негізгі тілдік материалдың дерек көзі болып көне əдеби тілі «вэ-ньян» есептеледі (В. В. Иванов,О. П. Фролова). Сонымен бір-ге орыс тілінің терминологиясын қалыптастыруда да қарапайым сөздер мен кейбір жаргон, арго сөздерінің орын алып жүргендігі туралы орыс ғалымдарының еңбектерінде кездеседі (В. П. Дани-ленко т.б.). Сол сияқты моңғол тілінде өзге тілде сол күйінше ау-дарылмай еніп жүрген біраз терминдер ұлттық терминдері ретінде қалыптасқан. Жоғарыдағы жəне т.б. елдердің ұлттық терминдер-ді қалыптастырудағы тəжірибесін басшылыққа ала отырып, қазақ тілінде ұлттық терминдерді қалыптастыруға болады. Жалпы кез келген тілдің терминологиясы қалыптасуының екі жолы бар: 1 - ұлт-тың өз тілі, 2 - өзге халықтардың тілі. Тіліміздің терминологиясы

- 35 -

өз тіліміз арқылы қалыптасса, тіліміздің мəртебесінің қаншалықты көтерілетіні бəрімізге белгілі. Тіліміздегі кəсіби, көнерген, диалект т.с.с. Жалпы қолданыстағы сөздер белгілі бір ұқсастығына (фор-масы жəне қызметі) байланысты терминге айналып жатады. Бұл – заңды құбылыс. Бұл құбылыс жөнінде В. П. Даниленко сөздің терминге ауысу барысында өзге ұғымды білдіруінің нəтижесінде омоним туындауын сөз алмасу құбылысы деп, сөздің бір уақытта екі жүйеге бірдей қызмет етуін сөздің «екіжақты қызметі» [6,29], – деп, ондай лексикалық қабатты біріншісінен бөлек қарау керек-тігін айтады. Ш. Құрманбайұлы жоғарыда көрсетілген пікірмен келісе отырып, «Соған қарамастан, олардың ұқсас жақтары да жоқ емес. Сол ұқсастықтарды негізге ала отырып, біз бұл аталған екі құбылысты терминдену үдерісінің аясында қарастырған дұрыс деп білеміз. Басқаша айтқанда, аталған құбылыстарды бір ғана термин-дену үдерісінің жүзеге асуының екі түрлі жолы деп білеміз [2,46], – дейді. Шыныменен де, терминге айналған сөз екі түрлі жағдайда да қызмет етеді, яғни омоним болған жағдайда сөз екі түрлі ұғымды білдіргенімен, олардың дыбысталу жағы екі жүйеге де ортақ. Бұл сөздердің терминге айналуына белгілі бір ұқсас жақтары əсер етеді жəне ол терминологиялық жүйеде терминге тəн қасиеттерге ие бола-ды. Қалай дегенмен де жалпы тілдік қолданыстағы сөздер терминдер қатарынан орын ала алады. Сонымен бірге Ш. Құрманбайұлы бұған дейінгі терминдерді қалыптастырудағы ұсынылған қағидаттарды ықшамдап, топтастырып, екі ғылыми қағидат негізінде ұсынады: 1. Ұлттық терминқор қалыптастырудың ішкі көзі қазақ тілінің лексикалық байлығы мен сөзжасам тəсілдерін барынша ұтымды пай-далану. 2. Терминқор қалыптастырудың сыртқы көзі болып табыла-тын өзге тілден термин қабылдау. Оның өзін а) туыстас түркі тілдері-нен термин қабылдау; ə) туыстық жақындығы жоқ тілдерден термин қабылдау. Теориялық зерттелуде терминнің бірнеше қасиеттері беріліп жүр жəне бір айта кетер жайт, терминнің негізгі қасиеттері қоғамның, тілдің талабына сай көбейіп отыр. Ғалымның пікірін-ше, мəселе қазақ терминологиясының дамуына қағидаттардың са-нында емес, оның сапасында жəне терминологиялық жұмыстарды жүргізу барысында аталған қағидаттардың басшылыққа алынуын-да. Ғалымның ұсынған қағидаттарын термин жасау ісінде ұстансақ, кірме терминдер қазақша аударылып, қазақ терминологиясы ұлттық сипат иелене алар еді.

- 36 -

Пайдаланылған əдебиеттер:

1. Исакова С. Қазақ терминтанымы: лексикалық құрамы, жаса-лу тəсілдері, прагматикалық қызметі. – Алматы, 2007.

2. Құрманбайұлы Ш. Терминқор қалыптастыру көздері мен терминжасам тəсілдері. – Астана, 2005.

3. Байтұрсынов А. Ақ жол. – Алматы, 19934. Кайдаров Ə. Қазақ терминологиясына жаңаша көзқарас.

-Алматы, 19935. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. –Алматы,1999 6. Даниленко В. П. Лексико-семантические особенности слов-

терминов// Исследование по русской терминологии. – Москва, 1971.

- 37 -

7. Қазақ терминологиясының жасалу көздері

7.1. Жалпы қолданыстағы лексиканың терминденуі7.2. Көнерген сөздердің терминденуі7.3. Аймақтық сөздердің терминденуі7.4. Кəсіби сөздердің терминденуі

Кейінгі жылдары ғылымда терминдерді жүйелі түрде қалып-тастыру – өзекті мəселелердің бірі болып табылады. Қазіргі таңда қай тілде болмасын ұлттық терминдерді қалыптастырып, оны тілдік қолданысқа енгізу, сол арқылы тілдің қолданысын арттыру пробле-масы басты назарда. Бұл мəселе туралы Ə. Қайдаров, Ө. Айтбаев, Ш. Құрманбайұлы т.б. ғалымдар айтып та, жазып та жүр. Дегенмен, қазақ тіл білімінде бұл əлі толық түбегейлі зерттеле қоймаған, əлі де болса шешімін таппаған мəселелердің қатарында.

Ұлттық терминологиямызды қалыптастыруда көне əдеби тілі-міздің сөздік қорын пайдалануға болады. Бұл жөнінде Ш. Құр-манбайұлы былай дейді: «Тілдің көне қырларын пайдалану жалпы терминология үшін де жат құбылыс болып табылмайды. Сондықтан бұрынғы жазба тілді жатсынудың реті жоқ». Тек бұл жерде терминнің негізгі қасиеттері сақталу керек. Теориялық зерттеулерде терминнің бірнеше қасиеті беріліп жүр жəне бір айта кетер жайт, терминнің не-гізгі қасиеттері қоғамның, тілдің талабына сай көбейіп отыр. Мыса-лы, Ө. Айтбаев терминнің үш қасиетін көрсетсе (дəлдік, қысқалық, жүйелік), Ш. Құрманбайұлы терминге жеті талап қояды (дара мағыналық, дəлдік, ықшамдылық, тілдегі сөзжасам заңдылықтарына сəйкес келуі, туынды сөз жасауға қолайлылығы, эмоциялық пен экспрессиялықтың болмауы, эсиетикалық талаптарға сай келуі). Бұл – терминге деген тілдік талаптар, яғни соңғы кездері «термин төл тілімізде қалыптасуы керек» деген пікірмен терминдер тілімі-зде жүйесіз қолданылып кетті, олардың нақтылық, эстетикалық т.с.с. қасиеттері сақталмаған. (Мысалы, сайқымазақ – клоун, бағдаржол – алгоритм т.с.с.). Осыған байланысты терминге қойылатын жаңа талаптар пайда болды. Аталған қасиеттерін сақтай отырып, қазақ тілінде терминдерді қалыптастыруда көне лексикалық қабаттарды қолдануға əбден болады. Бұл практикада жүзеге асырылып та жүр.

Ұлттық терминологияны қалыптастыруда көне тіл қабаттарын пайдалану дамыған елдердің тəжірибесінде кездеседі жəне бұл тəсіл терминжасамдағы басты принциптердің бірі болып табылады.

- 38 -

Жалпы кез келген тілдің терминологиясы қалыптасуының екі жолы бар: 1 – ұлттың өз тілі, 2 – өзге халықтардың тілі. Тіліміздің тер-минологиясы өз тіліміз арқылы қалыптасса, тіліміздің мəртебесінің қаншалықты көтерілетіні бəрімізге белгілі. Тіліміздегі кəсіби, көнерген, диалект т.с.с. жалпы лексикалық қабаттар арқылы термин-дерді өз тілімізде «сөйлету» керек, яғни Ə. Қайдаровтың пікірімен айтсақ, «Қазақ тілінің төл жəне бұрыннан қалыптасқан байырғы сөздерін сарқа пайдалану». Бұл терминдерді қалыптастырудағы бас-ты қағидаттарының бірі. Тек бұл қағидаттар əлі де ескерілмей жата-тын жайттар тілімізде кездесіп жатады.

Термин қатарынан орын алып жүрген осындай сөздердің бірі – диалект сөздер. Бұл сөздердің терминденетіндігі туралы айтылып жүр. Олар екі түрлі жолмен терминденеді:

1. Əдеби тіл арқылы.2. Жергілікті сөздердің тікелей терминденуі.Қазіргі таңда құжат, ұжым, ақжайма, алқа т.с.с. көптеген

сөздер терминдер қатарынан орын алып жүр. Сол сияқты тілімізде тілдік қолданыстан шығып, мағынасы

көмескіленген көнерген сөздердің «тіріліп», терминге айнал-дырылғанын көруге болады. Ə. Қайдаров қазақ терминологиясын қалыптастыруда бұндай сөздердің ерекше орын алатындығын айта келіп, былай деген болатын: «көненің көзіндей сақталып, мағынасы күңгірттеніп, ұмыт болған, қолданыстан қалып, шаң басып жатқан көнерген сөздер аз емес. Оларды тірілтіп, жаңартып тіл қажетіне жаратуға əбден болады» .

Тіл – қоғаммен өзектес жанды құбылыс. Сондықтан оның сөздік құрамы үнемі өзгеріп, толысып, дамып отырады. Ал осы даму тіліміздегі кейбір сөздердің тілдік қолданыстан шығуына себін тигізсе, кейбір сөздердің тілімізге қайта оралуына негіз болып жа-тады. Бұл дамуда сөздердің мағынасында өзгерістер болып, олардың мағыналары тарылып, немесе кеңейіп те жатады. Сөздің мағыналық жағынан дамуына сыртқы жəне ішкі себептер де əсер етеді, яғни Р. Сыз дықованың сөзімен айтсақ, «Сөз мағынасының эво-люциясы тек дамудан, жақсара түсу сипатында ілгері жылжудан тұрмайды. Сонымен қатар сөз мағынасының күңгірттенуі не мүлдем ұмытылуы, ауысуы, кеңеюі, таралуы, т.б. танытады». Сөздердің көнеруі бірден болатын құбылыс емес, олардың əуелі қолданысы бəсеңдейді, пассив сөздердің қатарына еніп, мағынасы түсініксіз сөздерге айналып, кейін тілдік қолданыстан мүлдем шығып қалады.

- 39 -

Көнерген сөздер үш түрлі жолмен жасалады:1. Əбден ұмытылып, қолданыстан біржола шыққан көнерген

сөздер.2. Түбір қалпында жеке айтылмайтын, бірақ белгілі бір туынды

сөздердің түбінде сақталған көнерген сөздер.3. Жеке сөздер ретінде қолданыстан шығып қалғанымен, мақал-

мəтелдер мен фразеологиялық тіркестердің құрамында əлі де қолданыла беретін көнерген сөздер (1,31).

Көнерген сөздер қоғамның дамуымен бірге өзгеріске түседі жəне олар тарихи сөздер жəне архаизмдер болып екіге бөлінеді. Тарихи сөздерге уақыты жетіп, сол ескі заманның өзімен қоса көнеретін сөздер жатса, архаизмдерге халықтың тіршілігінің, əдет-ғұрпының, дүние танымының əр дəуірде өзгеріп, басқа сөздермен ауысып немесе көнеріп, тілдік қолданыстан шығып қалған сөздер жатады. Аталған сөздердің қоғам тарихымен тығыз байланыста екенін жоғарыда айтып кеткен болатынбыз. Осы қоғамның дамуымен көнерген сөздердің «тіріліп», тілімізге қайта оралып жататын кездері бола-ды. А. А. Реформатский көнерген сөздерге анықтама бере отырып, былай деген болатын: «Архаизм мен историзмнің бір өзгешілігі – олар қайта жанданып, жиі қолданылатын дəрежеге жете алады, яғни пассив сөздер қатарынан актив сөздер қатарына ауыса алады» (2, 133). Тіліміздегі жаңа сөздердің пайда болуы немесе көненің қайта жаңғыруы қоғамда жаңа заттың, құбылыстың пайда болуымен бай-ланысты. Тіл білімінде осы сөздерді зерттейтін жаңа бағыт неология ғылымы пайда болды. Жоғарыда көрсетілген жаңа сөздердің пайда болуы немесе көнерген сөздердің тілдің актив қабатына оралуы, терминденуі жəне олардың қолдану ерекшеліктері оның нысаны-на жатады. Нео – жаңа деген ұғымды білдіреді. Неология бағыты қазіргі таңда жаңа сөздердің пайда болып жəне көнерген сөздер ак-тив сөздер қатарына қосылып жатқан кезеңде зерттеуді қажет ететін ғылым болып саналады. Тіліміздегі көнерген сөздердің жаңаруының себебі, əрине, тіліміздің мəртебесінің жоғарылауы, оған қойылатын талаптың күшеюі. Осы орайда тілімізде көптеген жұмыстардың атқарылып жатқаны жұртшылыққа мəлім. Сол атқарылып жатқан шруалардың бірі – «көнемізді» жаңғыртып, дəстүрімізді қадірлей білу. Осы орайда көптеген көнерген сөздер тілімізге қайта ора-лып, тілдік қолданысқа енуде. Бұл – қазіргі таңда қоғамдағы жаңа бағыт. Қазіргі кездегі неологизм сөздердің негізі басқа тілдің эле-менттері. Осы кірме сөздерді тілімізде «азайту» мақсатында

- 40 -

көнерген сөздерді қайта жаңғыртып жатамыз. Сондықтан мағынасы көмескіленіп, тілдік қолданыста шығып жатқан сөздерді қайта «тірілтіп» тілдік қолданысқа енгізуіміздегі шаралар жаңа бағыттағы неология ғылымымен тығыз байланысты. Қазіргі таңдағы неоло-гизмдерді бірнеше топтарға бөліп қарастыруға болады:лексикалық, семантикалық, кірме-неологизмдер, кірігу неологизмі, идиома-нео-логизмдер, тілдік неологизмдер. Олардың пайда болуына əсер ет-кен сыртқы жағдайлар сипатына сай жаңа сөздердің де тілдегі өмір сүруі мен қолданылуы түрліше болады. Олардың кейбірі əлеуметтік мəселелерге қатысты болып, тарихи жағынан құндылыққа ие бола алса, енді бірі қысқа мерзімдік болады. Негізінен, жаңа сөздің пайда болуы тілдегі бұрыннан қалыптасқан, белсенділігі жоғары, сол кез үшін өнімді тəсілдермен жасалып отырады. Қалай болғанда да жаңа сөз жасалғанда, ескі не көне сөз мағынасы жағынан жаңғырады да, жаңарады, болмаса, жаңа сөз кірмелік сипатта болады. Сонда нео-логизм дегеніміз – бұл жаңадан пайда болған сөз не тіркес немесе бұрыннан бар сөздің жаңа мағынаға ие болуы, я болмаса, өзге тіл-ден жаңа түсінікке сай енген сөз, сөз тіркесі. Лексикалық неоло-гизмдер тілдегі бар үлгіге сай жасалған неологизмдер немесе өзге тілден енген неологизмдер. Семантикалық неологизмдер – тілде бар сөздердің жаңа мағынаға ие болуы. Тілдік неологизмдер сөздікте белгіленген, тілдің белсенді емес қорындағы сөздердің жаңа затты не түсінікті атауға қолданылуы. Кірме неологизм – тілдік қабатта бар, бірақ қолданылу белсенділігі төмен сөздердің жаңа мағынаға көшуі не əдеби нормаға жатпайтын сөзді жаңа сөз сапасында қабылдау нəтижесінде пайда болған жаңа атаулар. Идиома-неологизмдерге дəстүр бойынша фразеология деңгейіндегі бірліктер жатады.

Жаңа бағыттың қолға алынуы тіліміздегі көптеген басқа элемент-терді төл сөздерімізбен ауыстырды. Мысалы, нарық, кеден, бағдаршам т.с.с. Ұлттық терминологиямызды төл сөздерімізбен қалыптастыра бастады. Осы орайда көнерген сөздердің қайта жаңғыруын неоло-гизмдермен байланыстыра қарауымыз керек. Нео логизмдер екі түрлі жолмен пайда болған: Біріншісі – жаңа сөздер бұрын-соңды тілде өмір бақи болып көрмеген жаңа ұғымдардың пайда болуымен жа-салса, екіншісі – бұрыннан тілде бар атауларды жаңартып, ескіні жаңғыртып, жаңаша мəн беріп, түрлендіріп қолдану негізінде пай-да болады (3,580). Көнерген сөздердің жаңғыруы неологизмденудің осы соңғы жолы арқылы жүзеге асуда, яғни тіліміздегі бұрыннан бар атаулар қоғамның дамуымен тілімізге қайта оралып жатыр. Мысалы,

- 41 -

Аламан – əскери атауы-қазірде шай атауы; Тарлан – жылқы атауы – қазіргі кезде үздік номинация атауы болып қалыптасқан. Əрине бұл жерде олардың мағынасындағы ортақтық сақталып, көнерген сөздер номиналданып, басқа атауға ие болып тұр. Біздің ойымызша, қайта жаңғырып, тілдік қолданысқа енген көнерген сөздердің жаңаруының бірнеше жолы бар: 1. Көнерген сөздер номиналданып, басқа заттың атауын білдіруі, əрине, бұл жерде мағыналық сəйкестік сақталады. 2. Бұрын тілімізде басқа тілдің элементтері арқылы беріліп жүрген сөздердің қолданылуы. Мысалы, автошабандоз – гоншик, колбаса – шұжық. с. с. 3. Көнерген сөздердің термин ретінде қалыптасуы. Мы-салы, нарық, кеден, кіреуке.

Қазір ұлттық терминологиямызды қалыптастыруға ере-кше көңіл бөлініп жатқан кезең. Осы орайда терминдерді қалыптастыруда тіліміздегі жалпы қолданыстағы сөздерді пай-далану керек деген оң пікірлер қалыптасты. Мысалы, Ш. Құр-манбайұлы: «Жалпыхалықтық лексика мен терминологиялық лексика арасында қытай қорған жоқ. Соңғысы халық тілінің есе-бімен толығып, ұлт тілінің ішкі заңдылықтарына бағындырылып жасалып отырса, олардың арасындағы үздік байланысқа да нұқсан келмей, бірін-бірі байыта бермек» - дейді (4.66). Бұл пікір терминологиямызды қалыптастырудағы «ана тіліміздің мүмкіндігін сарқа пайдалану» қағидатымен негіздес. Жоғарыда көрсетілген жалпыхалықтық лексика ішінде көнерген сөздер де бар, яғни көнерген сөздерді термин ретінде қалыптастыру қажет. Көнерген сөздерді қайта жаңғырту арқылы ұлттық тұрмыс–тір-шілігінен, мəдениетінен мəлімет аламыз. Өйткені көнерген сөздер əр халықтың тұрмысы мен тарихының, мəдениеті мен оның дүниелік жəне рухани қазынасының айнасы, яғни ғалым В. И. Абаевтің сөзімен айтсақ, сөздер əлемі – бұл ұлттың бүкіл тарихи тəрбиесіне, халық тарихының тереңіне ашық терезе, оның халықтық генетикалық түп–тамыры, өзге халықтармен байланы-сы, рухани мəдениетінің əлемі сөз арқылы көрінеді.

Сондықтан көнерген сөздерді қайта жаңғырту арқылы жоғарыда көрсетілгендей, бұрынғысынан мəлімет ала отырып, ұлтымыздың қазіргі ұлттық тілін қалыптастырамыз. Көнерген сөздердің жаңалану жолдары мен оның тиімділігін төмендегідей сызба арқылы көрсетуге болады:

Қазіргі таңда көптеген көнерген сөздер қайта жаңғырып, тілімізге қайта оралып, терминдер қатарынан орын алып жатыр. Бұл, əсіресе,

- 42 -

əскери салада көптеп кездеседі. Мысалы, сардар, аламан, жандауыл, дабыл т.с.с. көптеген сөздер əскери терминдер ретінде қалыптасты. Сонымен бірге кейбір көнерген сөздердің ескі мағынасынан ажы-рап, бірақ сыртқы формасы мен қызметтерінің ұқсастықтарына бай-ланысты басқа саланың терминдеріне айналып жатқандары да аз емес (қазіркіреуке – медицина термині, сауыт- биологияда термин ретінде қолданылып жүр, ал шабандоз – авто сөзімен бірігіп, гонщик мағынасын білдіріп, автошабандоз формасында қолданылып жүр).

Көнерген сөздерді жаңғырту арқылы көп нəрсеге қол жеткіземіз, яғни ұлтымыздың тарихынан, тұрмыс-тіршілігінен мəлімет алсақ, сол арқылы ұлттық терминологиямызды қалыптастырамыз.

Ұлттық терминдерімізді қалыптастыратын дерек көздердің бірі – кəсіби сөздер. Кəсіби сөздер термин сөздерге ұқсас болып ке-леді. Екеуінің де бір салаға, бір кəсіпке байланысты болып келуі кəсіби сөздердің терминденуіне əсер етеді. А. Айғабылұлы «Қазақ тілінің лексикологиясы» атты еңбегінде «Кəсіби сөздерге белгілі бір кəсіпке байланысты терминдер деп анықтама береді» (4,34). Бірақ кəсіби сөздер мен термин сөздер тіл білімінде екі түрлі ұғым ретінде

- 43 -

қарастырылады. Сондықтан барлық кəсіби сөздер термин бола ал-майды. Тек белгілі бір шаруашылыққа жататын кəсіби сөздер тер-миндер бола алады деп ойлаймыз. Бірақ қазақ тіл білімінде кəсіби сөздер мен терминдердің айырмашылықтары толық зерттеле қойған жоқ. Дегенмен, кəсіби сөздер – терминологияны байытудың бірден-бір көзі.

Ғалым Ш. Құрманбайұлы жалпы қолданыстағы сөздердің тер-мин қатарынан орын ала алатындығын ғылыми тұрғыда дəлелдеді. Мысалы, жалпы қолданыстағы күмбез сөзі «мешіт, сарай т.б. құрылыстардың сəнді өрнектерімен əшекейленген шаңырақ тəрізді төбесі» жəне «əдемілігімен көзге түсетін əшекейлі құрылыс» – де-ген мағыналарды білдірсе, геологиялық терминологиядағы күмбез термині «биіктігі жүздеген метрден мыңдаған метрге дейін жететін, көміліп қалған не қазіргі вулкан конусы» деген ұғымды білдіреді.

Сондай-ақ жалпы қолданыста қалта деп «киімнің омырауына, т.б. тігіліп, ұсақ-түйек зат салуға арналған бөлігін» айтса, биологиядағы қалта (бурса) термині «қимылдау кезінде сіңірдің сүйекке үйкелісін бəсеңдететін сіңір, бұлшық ет, тарамыс астында болатын кілегейлі қалтарыс, дорба» - деген ұғымды білдіреді.

Жалпы қолданыстағы күмбез, қалта сөздерінің терминденуі негізінде геология, биология терминдері жасалған. Терминденудің мұндай жағдайында жалпы қолданыстағы сөздер мен арнаулы саладағы терминдердің таңбаланушылары (означаемое) бөлек-бөлек, ал таңбалаушылары (означающее), яғни лексема екі ұғымға да ортақ болады.

Жалпы қолданыстағы сөздердің терминденуіне көп ретте тілде бұрыннан бар ұғым мен терминологиядағы терминделуші ұғымның қандай да бір ұқсастықтары себепкер болады.

Келтірілген мысалдардағы күмбез, қалта сөздері ұғымдардың сыртқы формаларының ұқсастықтары негізінде терминденген. Геологиядағы вулкан конусыныңпішіні құрылыстың төбесіне, биологиядағы кілегейлі қалтарыстың киімге т.б. қоса тігілетін қосымша бөлікке ұқсайтындығынан сөздің бастапқы мағынасы ме-тафоралану жолымен терминге айналып, басқа ұғымдар ортақ атауға ие болған. Нəтижесінде жаңа сөз пайда болып жүйе аралық (жалпы лексикалық жүйе мен терминологиялық жүйе арасында) омонимдер туындаған.

Терминденудің бұл жолымен жасалған терминдерді ғылым мен техниканың кез келген саласынан кездестіруге болады. Мəселен,

- 44 -

жалпы қолданыста тозаң деп «Зат үстіне қонған не ауаға көтерілген жұқалаң селдір шаңды» немесе «қалың шаң-топырақты» айт-са, өсімдіктануда «Жалаңаш тұқымды жəне жабық тұқымды өсімдіктердің микроспорасын тозаң» дейді. Сондай-ақ əдеби тілде «Адамның көркі, өңі, ажары шырай» делінсе, тіл білімінде шырай деп сапалық сын есімдерге тəн, заттардың сындарын салыстырып, шендестіріп, күшейтіп көрсететін грамматиалық категорияны» айтады.

Келтірілген мысалдардағы тозаң сөзі мен тозаң терминінің жəне шырай сөзі мен шырай терминінің дыбысталулары сəйкес келгенімен, олар бір-біріне қатыссыз басқа-басқа ұғымдарды біл-діретінін көріп отырмыз.

Жалпы қолданыстағы сөздердің терминденуі өзге тілдердің əсерінсіз, жоғарыдағыдай бір ғана ұлттық тілдің шеңберінде де, сондай-ақ өзге бір тілдің əсерімен де жүзеге асуы мүмкін. Өзге тілдің əсерімен терминдену дегенде біз қазақ тілінің өзінің лексикалық ма-териалын пайдалану арқылы семантикалық калька тəсілімен термин жасауды айтып отырмыз. Ондай терминдердің өзіндік ерекшеліктері – олар бір жағынан қазақ тілінің өз сөздерінің негізінде жасалған тер-миндер болса, екінші жағынан өзге тілден алмасқандығы олардың семантикасы арқылы аңғарылып тұрады.

Мəселен, өсімдіктанудағы гүл бөліктерін білдіретін ескек, жел-кен, қайықша терминдері орыс тіліндегі весло, паус, лодочка терминдерінің негізінде семантикалық, калькалаудың түрлі тəсілдері арқылы жасалған. Көріп отырғанымыздай, Ш. Құрманбайұлының жоғарыда келтірген терминдерінің барлығы жалпықолданыстағы сөздердің терминденуі болып табылады.

Ұлттық терминологиямызды қалыптастыруда жалпы қолданыстағы лексикалық қабаттың алатын орны зор. Бұл арқылы біз терминологиямызды төл тілімізде қалыптастырамыз, ғылыми тіліміз ұлт тілінде сөйлейді, сырттан енген элементтер азаяды. Жалпы ұлттық терминологияны қалыптастырудың жолдарын төмендегідей кесте арқылы көрсетейік:

Бүгінгі таң – ұлт тілінде термин жасауға бет бұрған кезең. Терминологияның ұлт тілінде қалыптасуы – елдің саяси,

əлеуметтік-мəдени жағдайына да əсер ететіні белгілі. Сондықтан тер-минжасам тəсілдерінде жаңа терминдер жасаумен қатар, тіліміздегі бар дүниені орынды қолданып, көнені жаңғыртудың маңызы зор.

- 45 -

Пайданылған əдебиеттер:

1. Болғанбаев Ə. Қалиұлы Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологи-ясы менфразеологиясы. – Алматы, 1997.

2. Реформатский А.А. Введение в языкознание. – Москва,1995.3. Қарағұлова Б.С. Көнерген сөздердің неологизмденуі //

Жаңа ғасырдағы Қазақстанның тілдік кеңістігі жəне əлемдік лингвистиканың өзекті мəселелері. – Алматы, 2008.

4. Құрманбайұлы Ш. Терминқор қалыптастыру көздері мен терминжасам тəсілдері.- Алматы, 2005.

5. Балли Ш. Французская стилистика. – Mосква: Изд-во ино-странной лит-ры,1961.

6. Сыздықова Р. Сөздер сөйлейді. –Алматы, 1994.

1.

2. ,

.

- 46 -

8. Қазақ терминдерінің шығу арналары

8.1. Араб – парсы сөздері негізінде қалыптасқан терминдер 8.2. Орыс тілінен жəне орыс тілі арқылы Еуропа тілдері-

нен енген терминдер

Қазақ терминологиясы жүйесіндегі кірме терминдер дегеніміз – бір сөзбен айтқанда тілімізге шығу төркіні жағынан басқа тілден енген терминдер. Кірме терминдер қазақ тіл білімінде əлі толық зерттеліп біткен жоқ. Қазақ лексикологиясының едəуір бөлігін кір-ме терминдер құрайтыны бəрімізге белгілі. Біз оларды екіге бөліп қарастырғанды жөн көріп отырмыз: 1) араб, парсы сөздері негізінде қалыптасқан терминдер; 2) орыс тілі жəне орыс тілі арқылы Еуропа тілдерінен енген терминдер.

Түркі тілдеріндегі араб, парсы кірме сөздерін А. Сияро-ва, Э. Мамедов тəрізді зерттеушілер өз еңбектерінде жан-жақты қарастырған. Қазақ тіл білімінде кірме сөздердің осы қабатын бел-гілі шығыстанушы ғалымдар

Н. Ондасынов, Б. Бекмұханбетов, Л. Рүстемовтер зерттегені белгілі.Қазіргі қазақ тіліндегі араб, парсы сөздерін арнайы зерттеген

ғалым Л. Рүстемов: «Араб парсы сөздерінің қазақ тіліне ауысуы жүздеген

жылдарға созылған үдеріс» екендігін атап көрсетсе, Р. Сыздықова араб, парсы сөздерінің ХҮІІІ ғасырдың ақын-жырауларының шығармаларында мол кездесетінін айтты. Көне түркі тілдерінің сөздігін қарастырсақ, араб, парсы тілдеріне тəн дана, дəлел, дін, ақыл, ғылым, мақсат, мазмұн, парасат сияқты көптеген терминдерді кездестіруге болады. Мұндай сөздер орта ғасыр ескерткіштері тілін-де де кездеседі. Араб, парсы сөздерінің халықтық тілге тіпті одан да ертерек еніп кеткендігін осы сөздіктерден көруге болады. Араб, парсы тілдерінен енген сөздер қазақ тілінің жалпы лексикасында ғана емес, тіпті тіліміздің түрлі ғылым саласының терминологиялық лексикасынан орын алған.

Аталған тілдердің сөздерінен жасалған терминдер қазақ терми-нологиясы жүйесінен елеулі орын алады. Ғалымдардың зерттеуі бойынша, қазақ терминологиясы құрамында араб, парсы сөздерінен жасалған 200-ге жуық терминдері бар екендігі анықталды. Қазақ терминологиясы жүйесіндегі араб, парсы сөздерінің терминденуі əр алуан. Олар:

- 47 -

1. Араб, парсы сөздерінің бірте-бірте термин болып қалыптасуы, яғни мағынасын сақтап терминденуі. Мысалы, əдет – ғадəт

2. Қолдану аясы тарылған араб, парсы сөздерінің негізін-де жасалған терминдерге бұрынғы мағыналары тарылып, соның нəтижесінде терминденген сөздерді жатқызамыз.

3. Араб, парсы сөздерінің пайдалану өрісінің ұлғаюы нəтижесінде қалыптасқан терминдер жоғарыда айтылған құбылысқа керісінше, қолданылу аясының кеңеюі нəтижесінде пайда болады.

Ғылым мен техниканың дамуы, ақпараттар ағымының ар-туы соңғы жылдары тілімізді жаңа терминдер жəне атаулармен толықтырды. Тіліміздегі осы бағытта қалыптасып жатқан жаңа тер-миндер, негізінен, халықаралық терминдер болып табылады. Кезін-де Н. В. Юшманов халықаралық терминдерге қатысты тіл саясатын сипаттай келе, оны үш түрге бөлген:

1. Ксеномания (өзге тілден сөз алуды кеңейту).2. Утилитаризм (қажетті жəне ауыстыруға келмейтін сөздерді қалдыру).3. Пуризм (ана тілінің сөздерімен ауыстыру).Қазіргі терминшілер жəне ғылым саласының мамандары əрбір

шет тілінен алынған терминді терминологияның басты қағидаты – жүйелілік қағидатына сай қалдыру керек пе, жоқ өз ана тіліміздің сөзімен алмастыру қажет пе деген сұрақ тұрғысына қарама-қайшы пікір айтуда. Ең алдымен, бүгінгі лингвистикалық əдебиеттерде шет тілінен сөз қабылдау ұғымы қалай анықталады, соны қарастырайық.

Шет тілінен сөз қабылдауды Эйнар Хауген былай сипаттайды: «попытку говорящего воспройзвести в одном языке навыки, усвоен-ные им в качестве носителя другого языка» .

Көптеген авторлар шет тілінен сөз қабылдағанда ол сөздер өздері енген тілге жан-жақты бейімделуге жақын тұратындығын айтады. Я. П. Крысин шет тілінен сөз қабылдау процесін бір тілден екінші тілге түрлі элементтердің енуі деп түсінеді. Түрлі элементтер деп отырғаны тіл құрылысы – фонетика, лексика, морфология, синтак-сис, т.б.

Біз сөз қабылдау дегеніміз жаңа ұғымдар мен түсініктерді атау үшін өзге тілдің сөздік қорынан сөз алу деп түсінеміз.

Жоғарыда көріп отырғанымыздай, ғылыми еңбектерде сөз қабылдауды түрліше түсіндіреді. Сол сияқты терминологиялық сөз қабылдау да біркелкі емес. Терминологияға шет тілінен сөз қабылдаудан əдеби тілден сөз қабылдаудың ерекшелігі бар. Əдеби

- 48 -

тілден терминологиялық лексикаға, терминологиялық лексикадан əдеби тілге сөз қабылдау терминолог- ғалым Ш. Құрманбайұлы еңбектерінде жан-жақты зерттелген.

Қазақ терминологиясы жүйесінде халықаралық терминдер 1. тікелей орыс тілінен, 2. орыс тілі арқылы Еуропа тілдерінен енген терминдер болып екіге бөлінеді. Тікелей орыс тілінен енген термин-дер туралы Ə. Қайдаров «Орыс тілінде жасалған терминдердің ұлт тілдеріне аударуға бейім тұрады...» деп, оларды негізінен аудару ке-ректігін қоса айтады. Осы сияқты пікірлерді басқа ұлт өкілдерінің ғалымдары да айтқан болатын. Мысалы, О.Блинованың «егер орыс тілі лингвистикалық терминологиясының құрамындағы өзге тілдер-ден алмасқан терминдердің саны ана тілі негізінде жасалған неме-се жасалған терминдерден артып кететін болса, онда бізді сүреңсіз болашақ күтіп тұр (нас ожидает мрачная перспектива)» [7,35] - деуі, В. А. Гречконың «шет тілі сөздерін шектен тыс көп қабылдау бүкіл келер ұрпақтың геологияны ғылым ретінде жəне қандай да бір түсініксіз тіл ретінде үйренуіне душар етеді» [8,102] деген пікірлері негізсіз емес.

Кірме терминдерді арнайы зерттеген ғалым Д. С. Лотте былай деп жазады: «Егер аквариум, реле, т.б. сол сияқты сөздер, қазіргі орыс тілінің фонетикалық жəне морфологиялық ережелеріне сəйкес өзгермесе, өздерінің тілге енген уақытына қарамастан, олардың орыс тілінің төл сөздерінен үнемі өзгешеленіп тұрары анық. Кез келген сөзді «бөтен» (чужих) немесе «өзілік» (своих, усвоенных) деп бөлудің негізгі өлшемдері мыналар: 1) Кірме сөздердің дыбысталуы өзі мүше болып енген тілдегі сөздердің дыбысталуымен қаншалықты сəйкес келуі; 2) Морфологиялық құрлысының сəйкестігі; 3) Кірме сөздің сөз жасау қабілеті қандай дегенге келіп саяды» [6,10]. Кірме сөздерді шектен тыс көп алу, көп жағдайда терминологияның баюы-на емес, оның ластануына əкеп соғады.

Сол сияқты ғалым Б. Қалиұлының осы мəселе туралы жазған пікірлері де өте құнды деп білеміз. Ғалымның сөзімен айтқанда «Егер ана тілімізді қадірлейміз, қастерлейміз десек, оның өзіндік ерекшелігін келер ұрпаққа бұзбай жеткізгіміз келсе, бұдан былай қазақ тілінің тер-миндерін де қазақша жасағанымыз абзал. ...Бұған дейінгі біздің қазақ терминологиясы деп жүргендеріміз, ол – қазақ тілінің терминологиясы емес, орыс тілінің терминологиясы» [8,123-125].

Кірме сөздердің басты кемшілігі – шарттылығы. Мұнда ұғым мен оны атаушы сөз арасында ешқандай қазақи байланыс жоқ. Кірме

- 49 -

терминдерді айтылғаннан кейін оның мағынасын еске түсіріп алып қана, түсінеміз. Ал төл терминдердің қабылдануы, танылуы, бейне-ленуі айтылғаннан-ақ түсінікті.

Десе де, қазақ терминологиясы жүйесінде интернационалдық терминдердің ұлттық атаулардан əлдеқайда басымдылығы байқалады. Мұндай қалыптасқан терминдерді қолданыстан шығару өте қиын. Сондықтан, тілге кірген терминдерді шығара алмай жүргенше, кірердегі оларға қойылатын талаптарды күшейту керек. Ол үшін, ол талаптардың басы ашылуы қажет.

Біздің ойымызша, «халықаралық» деп жүрген терминдерді мүмкіндігінше қазақша баламасын тауып қолданғанымыз дұрыс. Қазақша жаңа терминдердің дүниеге келуі қалыптасқан ғылым тілін бұзу емес, керісінше қазақ терминологиясын қалпына келтіруге де-ген ізгі қадам. Бұл жерде əрине «халықаралық» терминдерді жаппай қазақшалау деген ой тумаса керек.

Орыс тілінен (жалпы славян тілдерінен) енген термин-атау-ларды мүмкін болғанынша қазақша аударып қолдану; аударуға келмейтіндерін бұрынғыдай сол қалпында емес, қазақ тілінің фоно-морфологиялық ерекшеліктеріне үйлестіре қабылдау. Жал-пы алғанда, орыс тілінің терминологиялық қоры негізінен еуропа мен шығыс елдері тілдерінің элементтерінен тұрады. Таза орыс тілінің лексикасын қазақ тіліне толығымен аударып қолдануға бо-лады. Біз де жоғарыда аталған ғалымдардың пікірлеріне қосыла отырып, халықаралық терминдерді терминдік қасиеттерін сақтап, қазақ тіліне барынша аудару керек деп ойлаймыз. Себебі кірме терминдерге толы тіл түсініксіз тілге айналатыны белгілі жəне қазақша терминдердің дүниеге келуі қалыптасқан ғылым тілін бұзу емес, қазақ терминологиясын қалыптастыру болып сана-лады. Жоғарыда айтқандай, қазақ терминологиясының едəуір бөлігін орыс тілі арқылы Еуропа тілдерінен енген терминдер құрайды. Олардың көпшілігі шығу тегі жағынан грек, латын сөздері. Еуропа тілдерінен енген терминдерді халықаралық тер-миндер деп атаймыз. Алайда бұл сұрақ төңірегінде ғалымдардың пікірі əр алуан. Оның бірі – бұл халықаралық терминдер емес, оларды тіліміздің ішкі заңдылығына бағындырып алайық деген пікір, екіншісі–халықаралық терминдерді аударуға болмайды, бұл өркениеттен бас тарту деген пікір. Қазақ тіліндегі бұл тер-миндер негізінен жалпыхалықтық тілге сіңіп, жымдасып кеткен. Бұл жөнінде Р.Сыздық: «Олардың (араб-парсы сөздерінің) едəуір

- 50 -

бөлігі қазақтың жалпыхалықтық тіліне сіңісіп, қалыптасып, ертеден қолданылып келе жатқандар» (1;74) деп, қазақ тілін арабыланған топқа жатқызады. Сондықтан қазақ тіліне араб-пар-сы тілдерінен енген сөздер қазіргі таңда түрлі ғылым саласының терминологиялық лексикасының құрамынан да орын алуда. Бұл жөнінде

Н. А. Баскаков түркі тілдеріндегі араб-парсы сөздері туралы бы-лай дейді: «Олардың көпшілігі - діни ұғымдық, ғылыми-өндірістік жəне қоғамдық-саяси терминдер» (2;35). Қазақ тіліндегі араб-парсы сөздері негізінде қалыптасқан терминдер тіліміздің ішкі заңдылықтарына бағынып қалыптасқан, олар тек қана сырт форма-сын ғана өзгертіп қоймай, сонымен бірге ішкі формасын да жоғалтқан. Бұл мəселе төңірегінде С. Исақова да айтады: «Төркіні шығыстық терминдер терминологиялық омонимияның басымдылығымен, тер-миндік мəннің байырғылығымен, қазақ тілінің ішкі заңдылығына толық бағынуымен ерекшеленеді» (3;67). Сондықтан араб-парсы тілдерінен енген сөздер негізінде қалыптасқан терминдер тілдің дамуына, тіл тазалығына т. б. мəселелерге көп зиянын тигізе қоймайды деп ойлаймыз. Ал екінші топтағы – орыс тілі жəне орыс тілі арқылы енген терминдер жоғырыда көрсетілген мəселелерге, оның ішінде ұлттық терминологиямыздың қалыптасуына кедер-гі келтіретіні сөзсіз. Ұлттық терминдерді қалыптастыруда бұл мəселе – өзекті мəселелердің бірі. Аталған халықаралық тер-миндер туралы қазақ тіл білімінде терминология мəселесімен айналысқан ғалымдардың барлығы да ерекше көңіл бөлген жəне олардың арасында қарама–қарсы пікірлер қалыптасқан. Оның бірі – бұл терминдерді аудару керек деген пікірде болса, екінші топтағы ғалымдар – халықаралық терминдерді аударуға болмайды, бұл өркениеттен бас тарту- деген пікір айтады. Кірме терминдер-ді аудару керек деген пікірді жақтаушы А.Байтұрсынов: «Мəдени жұрттардың тіліндегі əдебиеттерін, ғылыми кітаптарын қазақ тілі-не аударғанда пəн сөздерінің даярлығына қызықпай, ана тілімізден қарастырып, сөз табуымыз керек. Сонда біздің əдебиетіміздің тілі таза болады» (4;350) десе, ал Ə. Қайдар: «Қазақ терминоло-гиясына жаңаша көзқарас» атты еңбегінде халықаралық термин-дерге ерекше тоқталып, оларды термин ретінде қалыптастыру жөнінде былай дейді: «Тіліміз үшін қажет, бірақ дəл баламасы жоқ, аударуға келе бермейтін интернационалдық терминдер мен атауларды қазақ тілінің өз ерекшеліктеріне икемдеп қабылдау.

- 51 -

Осы мəселеге қатысты екі нəрсеге көңіл аудару керек: а) əсіресе, интернационалдық термин-атауларды қазақшалаудың қажеттілігін анықтау, оларды практика талабына сай бірінші, екінші, үшінші кезектегі топтарға бөліп қарастыру; ə) оларды аударудың принци-пі мен тəсілдерін анықтау. Халықаралық деңгейде қолданылып, танымал болған, қазақша аударуға келмейтін, келсе де терминдік мағынасы дəл берілмейтін интернационалдық термин-атауларды қазақ тілінде де қалыптастыру, тұрақтандыру қажет.

Орыс тілінен (жалпы славян тілдерінен) енген термин-атаулар-ды мүмкін болғанынша қазақша аударып қолдану; аударуға кел-мейтіндерін бұрынғыдай сол қалпында емес, қазақ тілінің фоно-морфологиялық ерекшеліктеріне үйлестіре қабылдау. Жалпы алғанда, орыс тілінің терминологиялық қоры негізінен еуропа мен шығыс елдері тілдерінің элементтерінен тұрады. Таза орыс тілінің лексикасын қазақ тіліне толығымен аударып қолдануға болады» (5;18). Біз де жоғарыда көрсетілген ғалымдардың пікірлеріне қосыла отырып, халықаралық терминдерді терминдік қасиеттерін сақтай отырып, қазақ тіліне барынша аудару керек деп ойлаймыз. Себебі кірме терминдерге толы тіл түсініксіз тілге айналатыны белгілі жəне қазақша терминдердің дүниеге келуі қалыптасқан ғылым тілін бұзу емес, қазақ терминологиясын қалыптастыру болып саналады. Кір-ме терминдерді төл тілімізде сөйлету барысындағы аударманың рөлі ерекше. Аталған терминдерді аудару барысында тілдің шұбарлығы азаяды, төл терминдеріміз пайда болады, сөздік құрамымыз кеңейе түседі, ең бастысы ұлттық терминологиямыз тұрақтанып, ғылым тілі қалыптасады. Қорыта айтқанда, тілдер арасындағы өзара сөз, термин алмасу үдерісі болып тұратын құбылыс. Көптеген тілдердің терминологиясында халықаралық терминдер кездесетіні осыны рас-тайды. Халықаралық терминдерді қабылдауда ұлт тілінің мүддесіне нұқсан келмейтіндей ұстанымды басшылыққа алған жөн.

- 52 -

Пайдаланылған əдебиеттер:

1. Сыздықова Р. Абай шығармаларының тілі (лексикасы мен грамматикасы). – Алматы, 1968.

2. Баскаков Н. А. Тюркские языки // Языки народов СССР. -Мо-сква, 1966.

3. Исакова С. Қазақ терминтанымы: лексикалық құрамы, жаса-лу тəсілдері, прагматикалық қызметі. - Алматы, 2007.

4. Байтұрсынов А. Ақ жол.- Алматы, 1993.5. Қайдаров Ə. Қазақ терминологиясына жаңаша көзқарас.

-Алматы, 1993.6. Лотте Д. С. Вопросы заимствования и упорядочение иноя-

зычных терминов и терминоэлементов. – Москва, 1982.7. Блинова О. И. Термин и его мотивированность// Терминология

и культура речи. - Москва, 1981.8. Гречко В. А. Каким должен быть термин? // Актуальные пробле-

мы лексикологии и словообразования. Вып.У. Новосибирск, 1976.9. Қалиұлы Б. Шет тілі терминдерін қалай қабылдап жүрміз?//

Қазақ тілінің көкейтесті мəселелері. - Алматы, 1997

- 53 -

9.Терминжасам тəсілдері

9.1. Терминжасамдағы семантикалық тəсіл;9.2. Терминжасамдағы синтетикалық тəсіл;9.3. Терминжасамдағы аналитикалық тəсіл;9.4. Калька тəсілі арқылы аударылған терминдер

Сөзжасам - тіл білімінің жеке, дербес саласы, оның өзіндік зерт-теу нысаны бар. Бұл саланың нысанына сөз жасаушы тəсілдер, сөз жасаушы тілдік нұсқалар, сөзжасамдық типтер мен тізбек-тер, сөздердің жасалу үлгілері, туынды сөздер, олардың түрлері, сөзжасамдық заңдылықтар мен мағына, сөзжасамның сөз тапта-рына қатысы сияқты күрделі-күрделі мəселелер жатады. Басқаша айтқанда, сөзжасам тілдегі сөз жасау үдерісімен байланысты барлық құбылыстар мен заңдылықтарды зерттейді. Қазақ тіл білімін де-гі осы сөзжасам тəсілдерін терминология саласында термин жа-сау үдерісінде қолданып жүр. Қазақ тіліндегі терминдер жаса-уда семантикалық, аналитикалық жəне синтетикалық тəсілдер қолданылады. Терминжасаудағы семантикалық тəсіл қазіргі кезде өзектілігі

мен жоғары дəрежелі өнімділігімен сипатталады. М. Ш. Гасы-мов «Қазіргі азербайжан тілі терминдерінің жасалуының не-гізгі тəсілдері» атты еңбегінде термин шығармашылығының бұл тəсілімен жасалған терминдерін 4 топқа бөледі. 1. Жалпы қолданыстағы сөздердің терминденуі; 2. көнерген сөздердің жаңа терминдік мағынада жұмсалуын; 3. сөздердің мағыналарының са-ралануы; 4. сөз мағыналарын кеңеюі. Ш. Құрманбайұлы жалпы қолданыстағы сөздер мен терминдердің семантикалық құрылысын ұғым белгілерімен салыстыра отырып, былай дейді: «терминдену кезінде сөз мағынасында болатын семантикалық өзгерістердің ұғым мазмұнын құрайтын белгілермен тікелей байланысты болатындығы – термин үшін ұғымның, ал жалпы терминология үшін ұғымдар жүйесінің орны айрықша екендігін көрсетеді». Сонымен бірге жал-пы тілдегі семантикалық тəсіл мен терминологиядағы семантикалық тəсілдің айырмашылығын көрсетеді: ...біріншіден, жоғарыда аталған терминдермен салыстырғанда ықшам, екіншіден, термин шығармашылығының сөз болып отырған тəсілінің өзіне ғана тəн бас ты ерекшелігін көрсете алады. ... тағы бір басты айырмашылығы

- 54 -

– жалпы əдеби тілде сөз мағынасының алмасуы арқылы жаңа сөздің жасалуы жалпы лексикалық өріс ішінде, яғни тілдің үлкен жүйесінің арасында немесе терминологиялық өрістер арасында жүріп жата-ды дей келіп, терминжасамның бұл тəсілін терминдену деп атау-ды ұсынады. Қазақ тілінде термин жасауда семантикалық тəсілдің маңызы зор. Ол, əсіресе, ұлттық терминдерді жасауда басты рөл атқарады. Сөзжасамның синтетикалық тəсілі деп түбір сөзге түрлі

жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасауды айтамыз. Осы тəсіл терминдерді жасауда елеулі орын алады жəне оны төмендегідей топтап көрсетуге болады: 1. Бір жұрнақ жалғану арқылы жасалған туынды терминдер. Мысалы, сарапшы, бодандық,...; 2. Түбірге екі жұрнақ жалғану арқылы жасалған туынды терминдер. Мысалы, ізденімпаздық, жаңашылдық. 3. Түбірге үш жұрнақ жалғану арқылы жасалған терминдер. Мысалы, адамгершілік, жауапкершілік.

Термин жасайтын жұрнақтарды өнімді жəне өнімсіз деп екіге бөліп қарастырамыз. Өнімді жұрнақтарға –лық,-лік,-дық,-дік,-тық,-тік,-шылық,-шілік,-ма,-ме, т.б. жұрнақтар жатады.Аналитикалық тəсіл– терминжасаудағы өнімді тəсілдердің бірі,

ол сөз тіркестері арқылы, яғни синтаксистік жолмен термин жасау болып табылады. Қазақ тіліндегі терминдердің басым көпшілігі тір-кесті терминдер. Олардың ерекшелігі – термин компоненттерінің бір-бірімен тығыз байланыста болып, семантикалық бүтінді білдіруінде. Қазақ тілінде тіркесті терминдер екі, үш одан да көп сыңарлы бо-лып кездеседі. Олардың байланыстылығын төмендегідей көрсетуге болады. 1. Қабыса байланысқан есім тіркесті терминдер. 2. Қабыса байланысқан етісті терминдер.

Ө. Айтбайұлының айтуы бойынша, жоғарыда келтірілген тəсіл-дердің бəрі, екі түрлі арнадан туындайды. Оның бірі – тілімізде бұрынан бар сөздерді терминдік мəнде қолдану болса, екіншісі – жаңа терминдерді қазақ тілінің сөзжасам мүмкіндіктерін пайда-лана отырып жасау. Кірме терминдерді төл тілімізде сөйлетудегі аударманың рөлі ерекше. Аталған терминдерді аудару барысында тілдің шұбарлығы азаяды, төл терминдеріміз пайда болады, сөздік құрамымыз кеңейе түседі, ең бастысы ұлттық терминологиямыз тұрақталып, ғылым тілі қалыптасады. Аудармада сөздерді екінші бір тілге жеткізудің көптеген əдіс-тəсілдері (трансформациялық, гипонимиялық, шендестіру, транслитерация, калька) бар. Термин-жасамда калька əдісі тиімді тəсіл болып табылады. Себебі терминнің

- 55 -

терминдік негізгі қасиеттері (қысқалық, жүйелілік, нақтылық) сақталып жасалғанда немесе аударылғанда ғана ол терминдік си-пат ала алады. Ал калька дегеніміз кірме сөздерді сөзбе-сөз аудару, яғни сөздің мағыналық, тұлғалық жағын сақтай отырып, басқа бір тілге жеткізу болып табылады. Жалпы калькалау мəселесі бойынша тіліміздегі пікірлер əр алуан. Кейбір ғалымдар кальканышет тілінің құралдарымен сөзбе-сөз аудару десе, екінші бір ғалымдар лексикалық кірме сөздің ерекше бір түрі деп санайды. Біздің ойымызша, калька - кірме терминдерді ұлттық тілімізде сөйлететін аударма тəсілі. Оны С.Исакова:«Ана тіліміздің ішкі мүмкіншіліктерінен жасалғандығын ескерсек, сөзбе-сөз аудару жолымен жасалған терминдерді кірме терминдердің қатарына жатқызу үлкен қателік» деп көрсетіп, тер-миндерді аудару барысында оны аудармаға, ал жасалу жолы мен əдісі жағынан сөзжасам тəсіліне жатқызады.. Қазақ тілінде термин-жасамда калькалаудың бірнеше түрлері бар:

1. семантикалық калька; 2. сөзжасамдық калька; 3. фразео-логиялық калька. Сонымен бірге толық калькалар мен жартылай калькалар болып қарастырылады. Толық калькалар дегеніміз – кірме сөздерді толық сөзбе-сөз аудару, ал жартылай калька сөздің жарты бөлігі аударылып, жартылай кірме тілдің элементі сақталып аудару. Ал семантикалық тəсілде кірме сөздің мағынасының сақтап аудары-луына көңіл бөлінсе, ал сөз тудырушы тəсілде сөздің құрылымдық жағы сақталып аударылады. Қазақ тілінде бұл тəсілдермен аудары-лып, тілімізде термин ретінде қабылданып жатқан терминдер жет-кілікті. Мысалы, распоряжение – жарлық, приказ – бұйрық, тренер – жаттықтырушы, рынок – нарық, проводник – жолсерік, путево-дитель – жолсілтер, мировоззрение – көзқарас, зарплата – жалақы, пенсионер – зейнеткер, подлинник – түпнұсқа. Сонымен бірге аген-ство – агенттік, автодорога – автожол, авторучка – автоқалам сөздері жартылай калькаға жатады. Дегенмен əлі де болса қазақ тілінде кірме халықаралық терминдердің басым екенін, оларды ау-дару барысында кездесетін кемшіліктерді байқауға болады. Қазақ тілінің терминология саласында кездесетін негізгі кемшілік – тер-мин жасауда бірізділіктің жоқтығы. Осының салдарынан термин-дерде жарыспалылық, салалық терминдерді қалыптастыруда белгілі бір қосымшаларды пайдаланбау жəне аудару барысында терминнің терминдік мағынасын түсінбеушілік, яғни терминжасамда белгілі бір жүйелілікті сақтамай аудару мəселелері туындайды. Мысалы, штраф – айыппұл, айыпақы, каленьдар – күнпарақ, күнтізбе, со-

- 56 -

товый телефон – қалта немесе ұялы телефон, зубной налет- тіс қағы немесе тіс дағы, сонымен бірге қазақ тіліндегі баламасы тер-мин ретінде бекітілген атаулардың шет тіліндегі нұсқалары қоса қолданылып жүр. Мысалы, несие – кредит, процент – пайыз, ин-тернет – ғаламтор т.с.с.

Халықаралық терминдерді тілімізде қолдану ана тіліміздің мүмкіндігін шектеу болып табылады. Сондықтан аталған тер-миндер ді тіліміздің ішкі мүмкіншілігін барынша пайдалана отырып, төл тілімізде «сөйлету» керек. Кірме терминдер жөніндегі Д. С. Лот-тенің «Кірме сөздерді дайын күйінде қабылдау, əрине, басқа тілдер-мен салыстырғанда жеңіл. Осы «жеңілдік» орыс тіліндегі ғылыми–техникалық терминологияға негізсіз көптеген терминдерді енгі-зуге əкеледі» деген пікірі қазақ тіліндегі терминдерге де қатысты. Аталған терминдер жалпы қолданыстағы сөздерден дыбыс талуы мен тұлғалық жағынан ерекшеленіп, оқшауланып тұрады. Сондықтан кірме терминдерге мүмкіндігінше ана тілімізден балама тауып не-месе оларды тіліміздің ішкі заңдылығына бағындырып қабылдау ке-рек. Дегенмен қазақ тіліне терминдерді аудару барысында тіліміздің мүддесіне нұқсан келтірмей, сауатты түрде, терминнің терминдік қасиеттерін сақтай отырып, төл тілімізде қалыптастыру керек. Тек осы жағдайда ғана тілімізде «сəтсіз» терминдер орын алмайды жəне ұлттық терминологиямыз нақты дұрыс бағытта дамып, қалыптасады. Сондықтан тілімізде ұлттық терминологияны қалыптастыруда тіліміздегі төл лексикалық қабаттармен бірге аударманың да орны ерекше. Аударма – ұлттық терминологиямызды қалыптастырудағы негізгі жолдардың бірі.

Қазақ терминологиясында сөзбе-сөз (калька) жолымен ауда-рылған терминдерді бірнеше топқа бөлуге болады: 1. Дара термин-дер. 2. Тір кесті терминдер.

Пайдаланылған əдебиеттер:

1. Құрманбайұлы Ш. Терминқор қалыптастыру көздері мен терминжасам тəсілдері.– Алматы, 2005.

2. Исакова С. Қазақ терминтанымы: лексикалық құрамы, жаса-лу тəсілдері, прагматикалық қызметі. – Алматы, 2007.

- 57 -

10. Қазақ терминологиясының қазіргі жай-күйі

Бүгінгі күні біздің еліміздің қоғамдық қатыныстарының артуы мен əлемдік экономикалық, сауда мен мəдени қарым-қатынастардың жандануы тілімізге əртүрлі термин сөздердің қарыштап енуіне əсер етіп отыр. Бұл жерде терминологиядағы барлық қалыптастырылған қолданыстар сəтті шығып отырған жоқ. Əсіресе, халықаралық терминдердің қазақша баламасын дəл табуда қиындықтар көп. Сондай-ақ терминдердің жасалу жолдары да əртүрлі. Ғалымдар терминдердің төмендегідей жасалу тəсілдерін көрсетіп жүр:

- жаңа сөздер арқылы (жұрнақ, жалғау арқылы сөз тудыру, түбірді біріктіру, қосарлау, тіркес жасау арқылы);

- жаңа мағынада қолданылған байырғы сөздер арқылы;- жаңа зат, əрекет пен жаңа құблыстардың жаңа атаулары арқылы.Жалпы термин қолданылмайтын сала жоқ. Əр ғылым сала-

сы бойынша жаңа сөздер мен ұғымдардың туындап отыру заңды құбылыс. Тілдің өсуі де, тілдік қолданыстардың көбеюі де осыған байланысты. Сондықтан терминология саласында сəтті термин-дерді қалыптастыру барысында көптеген міндеттер тұр. Алдымен күнделікті тілімізге еніп, қалыптасып жатқан терминдерді рет-теу үшін арнайы комиссия құрылуы қажет. Бұл терминологиялық комитеттің міндетінің бірі деп ойлаймыз. Реттеу деген терминнің өзін əр ғалым əртүрлі түсіндіреді. Бірі бұл жұмысты бірізден-діру аясында қарастырса, екіншілері кең мағынада қолданып, терминологиялық жұмыстардың барлығын қосып, реттеу деп түсіндіреді. Біз бұны Ш. Құрманбайұлының «терминнің атауы мен мағынасының сəйкес келуін, əрі атаулардың ұғымдар жүйесінің ерекшелігіне сай болуын мақсат ету керек» деген [1,38] пікіріне қосыламыз. Терминдердің белгілейтін ұғымдарына мүмкіндігінше толық сəйкес келуін іздеуге бағытталған мамандардың бірлескен жұмысын реттеу (упорядчение) деп аталады. Ұғым мазмұнына оның атауының сəйкес келуі жөнінде де біраз қарама-қайшы пікірлер кездесіп жатады. Бірі-сөздің қысқалығын, бірі-сөздің ұзындығын, ал енді біреулері оның төркінін сөз етеді. Алайда бұл пікірлердің барлығы дұрыс деп айта алмаймыз. Бір тілден екінші тілге сөздердің ауысуы да заңды құбылыс. Таңбаланушы мен таңбалаушының, атау мен ұғымның байланысы, термин-сөз мағынасының ерекшеліктері, ұғым белгілерінің мағынаға қатысы деген мəселелер оңай дүниелер емес. Сондықтан мұндай іске арнайы дайындықпен, ізденіспен

- 58 -

келіп, жауапкершілікпен қарағанымыз дұрыс деп ойлаймыз. Реттеу дегеніміз – терминдердің белгілейтін ұғымдарына мүмкіндігінше толық сəйкес келуін іздеуге бағытталған мамандардың жұмысы.

Терминологияны стандарттау – негізгі терминологиялық жұмыстардың бірі. Бұл жұмыс белгілі бір ұлт тілінің шеңберінде де, халықаралық деңгейде де жүргізіледі. Р. Котов «Терминологиялық біріздендіру мен стандарттау туралы айта отырып, дəлме-дəл мағынасында стандарттаудың қол жетуі қиын мақсат екенін, оның өзінше бір идеал екендігін, атап көрсету қажет» деген. Бір ғана терминнің өзіне неше түрлі пікірлер айтылып жататындығын білеміз. Ал тіл деңгейінде. Одан шығып тіларалық, бірнеше тілдер арасындағы халықаралық стандарттарға қол жеткізу одан да қиын жұмыс. Деген-мен қазіргі таңда терминологияны халықаралық деңгейде сандарттауға əлемдік деңгейде едəуір көңіл бөлініп келеді. Халықаралық стан-дарттау ұйымының (ИСО) негізгі бағыттарының бірі терминология-ны стандарттау болып табылады. Бұл жұмыстардың күрделілігі мен маңыздылығын ескере отырып, ЮНЕСКО-ның бастамасы терми-нология бойынша халықаралық орталық ИНФОТЕРМ 1971 жылы құрылды. Бұл орталықтың негізгі міндеттерінің бірі терминология бойынша халықаралық ақпараттық желі- ТЕРМНЕТ жүйесін құру бо-латын. Қазір бұл жұмыс қолға алына бастады. Стандарттау жұмысы КСРО кезінде 30-жылдардан басталды. Басқа терминологиялық жұмыстар сияқты стандарттау да біздің тілімізде халықаралық сипатқа ие болды. «Нормалау мен стандарттау бір тілдің көлемінде, туыстас тілдер шеңберінде, белгілі бір аймақта қатар өмір сүріп отырған тілдер тобының арасында немесе əлемдік штабта жүргізілуі мүмкін. Терминологиялық жұмыс көлемі, мақсаты мен міндеті осы жағдайларға байланысты өзгеріп отырады» – деп ғалымдарымыз айтқандай, 90-жылдардан бастап, отандық терминолог-ғалымдардың жұмыс көлемі де, мақсаты мен міндеттері де өзгерді деп айтуымызға болады. Терминімізді жетілдірудің, дамытудың бағыт-бағдарын айқындап алуымыз керек болды. Еліміз тəуелсіздігін жариялағаннан кейін тəуелсіз мемлекет ретінде өз тілдерінің терминологиясын қалыптастыру керек болды. Кеңестік дəуірде қалыптасқан термин-дерді қайта қарау, олардың орнына жаңа атау жасап, ұсыну, əр тілдің ішкі лексикалық қабаттарынан балама табу үрдісі қалыптаса бастады. Аталған жұмыстардың барлығы стандарттау арқылы жүзеге асты. Со-нымен стандарттау дегеніміз əр ұғым бір ғана терминді таңдап, оны арнайы құжаттарда бекіту.

- 59 -

Арнаулы салалардың атаулары термин сөздер туралы сөз болған жерде бірізділік мəселесі міндетті түрде көтеріледі. Біріздендіру – терминология болған жерде үздіксіз жүргізіліп отыруға тиіс терминологиялық жұмыстардың бірі болғандықтан да термин алғаш сөз болған бастаған жылдарда –ақ бірізділік мəселесіне ерек-ше көңіл бөлінген. Мысалы, 1917 жылы шыққан «Сарыарқа» га-зетінде «қайсысын қолданамыз?» атты М. Əуезовтің мақаласында терминдерді жүйелі қолдану керектігі көтерілген. Жалпы бірізден-діру бірнеше сатыдан тұратын ауқымды жəне күрделі жұмыс. Тіл-ші-терминолог ғалымдар терминологияны біріздендірудің бірнеше сатысын атап көрсетіп жүр: бірінші – белгілі бір тар мамандықтың шеңберінде бірізділендіру; екінші – сала шеңберінде бірізділендіру; үшінші – нақты бір ұлт ішінде бірізділендіру; төртінші – туыстас тілдер шеңберіндегі біріздендіру; алтыншы – халықаралық, бүкіл ортақ терминдері бар тілдер арасында біріздендіру [1,27].

1930 жылдарда ұлт тілінде қалыптасқан терминдер келесі кезеңде халықаралық сипат алып, орыс тіліндегі нұсқасын қалдыру керек де-ген пікірдің негізінде қайта қалыптасты. Терминдерді бірізділендіру жұмысының бағыты да басқа арнаға ойысып, ұлт тілінде жасалған терминдердің тілімізде қолданылуы шектелді. Осы бағыттың негізін-де экспертиза, патриот, творчество, т.с.с. терминдер пайда болды. Қазіргі таңда терминологияны бірізділендіру мəселесіне тоқталатын болсақ, қазақ тілінің мүддесін қорғап жұмыстар жүргізілуі керек. Қоғамда болып жатқан саяси, тарихи – мəдени өзгерістерге бай-ланысты тілімізде көптеген жаңа терминдер жасалды, байырғы сөздеріміз тілімізге қайта оралды. Біріздендіру жұмысы ең алдымен, ұғым мазмұнын дəл бермейтін, терминге қойылатын талаптарға сай келмейтін атаулардан арылып, сəтсіз жасалған баламалар мен терминологияда ретсіздік туғызып, жарыса қолданылып жүрген нұсқаларды сараптан өткізіп, солардың бірін тілде орнықтырудан басталады. Сонымен бірге арнаулы ұғымды дəл беретін байырғы атауы бола тұрып, орынсыз шет тілінің сөзімен алмастырылыған не-месе сөзжасам, терминжасам тəсілдерін ұтымды пайдалана отырып, сəтті жасалған терминдер де ұлттық терминологиялық қордан орын алу қажеттігін назардан тыс қалдырмау керек деп ойлаймыз. Тер-мин шығармашылығы терминологияны бірізділендіру жетілдіру жұмыстарымен қатар жүріп жатқан үздіксіз үдеріс болғандықтан, жаңадан жасалып, қолданысқа ене бастаған терминдерді іріктеп алумен қатар қажеттілігіне қарай жаңа терминдер жасап, оларды

- 60 -

тілге орнықтыруға көңіл бөлінуі қажет. Бұл жұмыстардың барлығы тілішілік бірізділендіру жұмыстарына жатады.

Ал тіларалық бірізділендіру жұмысы да бұрынғыдай орыс тілін ғана үлгі етіп, біржақты сипат алмай, ғылыми негізделген байыпты бағытты ұстану керек деп ойлаймыз. Əсіресе, туысқан түркі тілдес халықтар тілдерінің арасындағы терминжасам тəжірибесін бөлісі мен термин амасу ісін жолға қоюдың маңызы өте зор. Ділі мен тілінің ұқсас қырлары, ортақ жақтары мол туысқан халықтардың өзара тер-мин алмасу ісін жолға қоймай, өзгеге тəуелді кезде солардың бел-гілеп берген қағидаттарын əлі басшылыққа алып, ескі сүрлеуден шыға алмай отыра бермеуіміз керек. Мемлекетіміз нығая түскен сайын мемлекет құраушы ұлттың ғылымды өз тілінде өркендетіп, ақпарат алмасу үдерісінде өзінің тиесілі орнын алуға ұмтылуы табиғи нəрсе. Қазақ тілі қазіргі таңда осы кезеңді басынан кешіріп отыр, əлемдік ғылымның даму үдерісіне сəйкес өзге тілдердің терминдер қорын қалыптастырудағы ұстанып отырған бағытын, терминологиясын қалыптастыру тəжірибесін де ескеріп, алайда басқанікінің бəрін асыл көріп, көзсіз көшіруге ұрынбай, ұлт тілі мен ғылыми-техникалық үдерістің мүддесін ұштастыра жүргізгенде ғана мəселе дұрыс шешімін таппақ.

Терминологиялық бірізділендеру жұмыстарының басты мақсат-тарының бірі – сөздерді мағыналас əдіспен беру. Мысалы, класс, классификация, классиицизм, т.б. Осы терминнің біреуін ғана аудару сөз мағынасын көмескілендіреді, яғни оның қолданылу аясын тары-лтады. Мəселен, класс - сынып сөзі тек қана дəріс алушы сыныптас бірге оқитын кластас немесе олардың дəріс алатын орнын білдірсе де, осы түбірдегі басқа мағыналарды бере алмайды. Сондықтан бір ғылым саласын ішіндегі терминдерді əртүрлі аудармай, оны бір ор-тадан талқылап, сараптап үйлестіріп отырғанда ғана термин жасау шығармашылығы дұрыс бағытта дамиды деп айта аламыз.

Көптеген басқа тілдер сияқты жаңа сөздердің жасалуының көзі болсын, терминдердің жасалу көзі болсын – ол халықтық лексика болып табылуы керек. Сондықтан XX ғасыр басында қолданылған терминдік атауларға осыған дейін арнайы «термин» деп айдар тағылмаса да, тілдің сөздік қорында қолданылып қалыптасқан сөздер екені белгілі. Бұл жөнінде əр сала терминдерін зерттеген ғалымдар да айтып жүр. Мысалы, философия терминдерін зерт-теген С. Əлісжанова: «Халықтық философияның қай түрі бол-масын ұрпақтан – ұрпаққа ауызша тарады. Солай бола тұра олар

- 61 -

философиялық мəні жойылмаған, өзгертілмеген күйде бізге жет-ті. Түйіп айтар болсақ, халықтық философия қазақ философиялық ұғымдарының қайнар көзі іспеттес, оның əрі ауызша дамуының негізгі арқауына айналды», – дейді (2, 12). Осыған ұқсас пікірді психология терминдерін зерттеген ғалым С. Исакова: «Халықтың бай ауыз əдебиетінен халықтық психологияның бастапқы көрінісін көре аламыз» дей келе, өз пікірін «Психолог – ғалымдарымыз ай-тып жүргендей, қазақ халқының ұлттық психологиялық өресінің да-муына ел аузындағы мақал-мəтелдер, шешендік сөздер, толғаулар, термелер сияқты халықтың ауыз əдебиеті зор үлес қосты. Оның не-гізгі арқауы – қазақша ойлау жүйесі» – деп жалғастырады (3, 11). Аталған пікірлердің қай-қайсысы да қазақ терминологиясының терминологиялық қорын құрайтын терминдердің қайнар бастауы халықтық тіл, оның тарихы мен дəстүрі, ұлттық болмысы деген қорытындыға жетелейді. Терминдердің бастау кезеңін халқтық тіл-ден, халықтың ұлттық тілінің қалыптаса бастау кезеңімен бірлікте қарау орынды деп ойлаймыз. Өйткені термин сөздер қолданылатын ғылымның өзі болмыстағы құбылыстар мен ұғымдарды жүйелеп, ғылыми тұрғыдан негіздеп беретін жүйе. Жүйелеу атаулары бар ұғымдар мен мен құбылыстарды бірізге түсіру арқылы да жүргізіледі. Сондықтан ғылымдағы ұғымдардың барлығы болмаса да бірқатары термин ретінде қолданылмас бұрын тілде көрініс та-уып, пайдаланылған.

Қазақ тілінің көптеген ғылым салаларында ұлттық болмысқа сай терминдердің қолданылмауы мен сан салалы терминологиялық жұмыстардың барлығын ретке келтіріп, үйлестіріп отыратын кəсіби дайындығы бар терминолог мамандармен жасақталған ғылыми орталықтың құрыла алмай келуі – Қазақстанда ұлттық терминологияның өз деңгейінде қалыптасуының басты себептерінің бірі болып келді.

Жалпы терминология үнемі даму үстінде, қалыптасу үстінде болатын лексикалық қабат. Қолданыстағы терминологиядағы ретсіздіктің өзі оны толық қалыптасқан деуге болмайтындығын көрсетеді. Бұл жөнінде біз түркі тілдері терминологиясының бүгінгі таңдағы мəселелерін арнайы сөз еткен түрколог ғалым К. Мұ-саевтың [4,145] мына пікірін өте орынды айтылған деп санаймыз: “Терминология на тюркских языках имеет более широкие про-блемы, охватывающие практически все области: культу ру, обра-зование, экономику производство и т.д. У тюркских языков еще

- 62 -

не вполне устоялись терминологические сферы, они в значитель-ной степени определяются существованием национально-русского двуязычия и русского одноязычия в ряде сфер»’.

Орыс терминологиясындағы кемшіліктер мен қателіктердің көп жағдайда бізге де сараланбай көшіріліп келетіндігі тағы бар. Ол тура-лы академик Г. В. Степановтың “Недостатки в русской терминоло-гии неизбежно углубляют ся в национальных терминологиях «[5,56] – дегені белгілі.

Бұл айтылғандардың қазак терминологиясына да тікелей катысты екендігі даусыз. Сондықтан да терминологияны қалыптастыру мəселесіне əлі де жете мəн берілуі кажет. Ал терминологияны жетілдіру – үздіксіз жүргізіліп отыруға тиісті терминологиялық жұмыстардың бірі болып табылады.

К. Мұсаев осыдан он жылдан астам уақыт бұрын – «Основные недостатки современной терминологии на тюркских языках об-условлены прежде всего организационными недочетами. Во всесоюзном масштабе это – отсутствие центрального органа, осу-ществляющего координацию, теоретическую, методическую и общую организационную работу в стране... Без организации, ко-ординации, без участия большего количества специалистов в раз-ных отраслях трудно решить вопросы совершенствования термино-логии» [4,87] – деген еді.

Өкінішке қарай, ғалымның сол кезде атап көрсеткен кем-шіліктері бізде əлі сақталып отыр. Ұлт тілінде жаңа терминдер жасалып, бұрынғы қабылданған кейбір терминдердің орнына басқа баламалар ұсынылуы мен əр сала мамандарының өзінше терминологиялық сөздіктер шығара бастауына байла нысты терминологиядағы ретсіздік тіпті бұрынғыдан бетер өріс алып отыр.

Қазіргі кезеңде ұлт тілінде термин жасаудың жанданып отырғаны белгілі. Көптеген жаңа терминдер жасалып, қолданысқа ене бастады. Бұл ұлт тілінің ғылым саласындағы қызметін атқара бастауының бір көрінісі. Оны пуризм деп танып, қазақ тілі ғылымға, термин шығармашылығына шектен тыс көп араласып кетті деуге болмайды. Бұл, түптеп келгенде, онсыз да мүмкіндігі шектеліп келген тілдің ғылым саласындағы қызметінің калыптасуына жол бермеу болып та-былады. Рас, жасалып жатқан терминдердің бəрін бірдей мінсіз деп айта алмаймыз. Олардың ішінде терминологиялық жүйе мен терминдерге қойылатын талаптарға жауап бере алмайтындарының да бар екендігі даусыз. Ондай терминдердің колданылуына жол

- 63 -

бермеу дұрыс. Алайда сəтсіз жасалған кейбір терминдерді мысалға келтіре отырып, қазақ тілінің термин жасауға икемсіздігін, ғылыми ұғымдарды дəл беруге мүмкіндігінің жетпейтіндігін дəлелдеуге тырысқысы келетіндермен келісуге болмайды.

Егер белгілі бір ұлттың тілі қоғамдық өмірдін кандай да бір саласындағы кызметін атқара алмай жатса, ол үшін тілді кінəлау мүлде дұрыс емес. Оның себептерін сол тілдің дамуына мүмкіндік бермей отырған коғамнан іздеу керек немесе өз тілін кажетті денгейде дамытып, тиісті салада қолдана алмай отырған ұлт зиялыларының өзінен көргені жөн. Сондықтан. мемлекеттік мəртебеге ие болған қазақ тілін термин шығармашылығында тиімді пайдаланып, оны шын мəніндегі ғылым мен техниканың тілі ете білу өзімізге тікелей байланысты. Бұл істе жалпы ұлттық мамандардың, оның ішінде, ғалымдардың, салалық мамандардың рөлі айрықша.

Ал сəтсіз терминдердің жасалу себебіне келсек, ол термин жасаушының терминге койылатын талаптарды білмеуінен. Тілді сезінбеуден туындайтын əрекет. А. Байтұрсынұлы айтқандай, тілді жұмсай білу, сөзден сөз жасап шығару. Қалай десек те, термин мəселесімен кəсіптік деңгейде айналысып жүрген мамандар бізде өте аз. Сол себепті ауқымды терминологиялық жұмыстарды жүргізу үшін оларды бір орталыққа шоғырландыру қажеттігі даусыз. Терминологиялық жұмыстар қашан да үйлестіріліп отырылуы керек.

Терминологиялық жұмыстардың түпкі мақсаты – жетілдірілген терминологиялық жүйе құру. Оған жету жолындағы атқарылатын міндеттер негізінен ұлт кадрларына, осы салада еңбек етіп жүрген ғалымдар мен əртүрлі ғылым салаларының терминдерін жасайтын салалық мамандарға жүктеледі. Ондай міндетті қазақ терминологиясын қалыптастырудың əр кезеңінде тілші ғалымдар мен салалық мамандар түрлі ұстанымдарды басшылыққа ала отырып атқарды. Бірақ салалық мамандардың барлығы бірдей терминге қойылатын талаптарды, терминологиялық жүйенің ерекшелігін, терминдерді тілдік тұрғыдан реттеуді жақсы біледі десек артық айтқандық болар еді. Сондай себептерден жəне терминтану ғылымының тіл білімімен тікелей байланыстылығынан немесе оның тіл білімінің негізінде қалыптасқандығы.

Төменде қазақ терминологиясының негізін қалаған А. Бай-тұрсынұлы мен ғылым тілін, терминологияны дамытуға айрықша үлес қосқан М. Əуезов, Ж. Күдерин сынды қазақ зиялыларының еңбектері жайлы сөз болады. Сондай-ақ осы еңбектің қазақ

- 64 -

терминологиясының 30-жылдарға дейінгі кезеңі сөз болған тарауында бірқатар ғалымдардың термин қалыптастыруға қосқан үлесі жайлы жан-жақты сөз етпей, аттарын атап, еңбектеріне жалпы шолу жасап қана өттік. Олардың еңбектеріне кеңірек тоқталып, тиісті тұжырымдар жасау тілші ғалымдар мен салалык мамандардың еншісінде қала бермек. Қ. Жұбанов, Х. Досмұхамедұлы сияқты ғалымдардың бұл саладағы еңбектері арнайы зерттелгендіктен оларға тоқталмадық. Алайда бұдан олардың мұрасы түбегейлі зерттеліп болды деп қорытынды жасауға болмаса керек. Өзге қазақ зи ялыларының еңбектері де арнайы қарастырылып, олар жасаған, тілге енгізген терминдер мейлінше нақтыланып жатса, біріншіден, олардың ғылым тілін дамытуға қосқан үлесі анықталады. Екіншіден, бұл жұмыстар ғылым т іл ін ің , терминологияның даму кезеңдерін барынша дəл сипаттау үшін де аса қажет.

Қоғам үнемі даму үстінде болғандықтан, ол міндетті түрде тілдің терминология қабатына өзгерістер əкеліп отырады. Сол себепті де əр кезеңдегі қалыптасқан терминдер əр түрлі жəне ол қалыптасу барысында жаңа талаптар мен ережелерді қажет етеді. Осыған байланысты термин мəселесі үнемі зерттеуді қажет ететін мəселелер қатарында болады. Қазақ тіл білімінде терминологияда əлі де болса шешімін таппаған жайттар жеткілікті. Соның біріне салалық терминдерді қалыптастыруда əлі де төл терминдерімізді қалыптастыра алмауымыз жатады. Тілімізде төл терминдерді қалыптастыруға байланысты қағидаттар заңды түрде қабылданды. Олардың бірі – көнерген сөздерді терминге айналдыру.

Теориялық зерттелуде терминнің бірнеше қасиеттері беріліп жүр жəне бір айта кетер жайт, терминнің негізгі қасиеттері қоғамның, тілдің талабына сай көбейіп отыр. Мысалы, Ө. Айтбаев терминнің үш қасиетін көрсетсе (дəлдік, қысқалық, жүйелік), Ш. Құрманбайұлы терминге жеті талап қояды (дара мағыналық, дəлдік, ықшамдылық, тілдегі сөзжасам заңдылықтарына сəйкес келуі, туынды сөз жасауға қолайлылығы, эмоциялық пен экспрессиялықтың болмауы, эстетикалық талаптарға сай келуі). Бұл терминге қойылатын талаптар, яғни соңғы кездері «терминдер төл тілімізде қалыптасу керек» деген пікірлер негізінде терминдер тілімізде жүйесіз қолданылып кетті, олардың нақтылық, эстетикалық т.с.с. қасиеттері сақталмады. Осыған байланысты терминге қойылатын жаңа талаптар пайда болды. Аталған қасиеттерін сақтай отырып, қазақ тілінде терминдерді қалыптастыруда көне лексикалық қабаттарды

- 65 -

қолдануға əбден болады. Бұл практикада жүзеге асырылып та жүр.Бүгінгі таң – ұлт тілінде термин жасауға бет бұрған кезең.

Терминологияның ұлт тілінде қалыптасуы – елдің саяси, əлеуметтік-мəдени жағдайына да əсер ететіні белгілі. Сондықтан терминжасам тəсілдерінде жаңа терминдер жасаумен қатар, тіліміздегі бар дүниені орынды қолданып, көнені жаңғыртудың маңызы зор.

Қазіргі таңда терминдерді тілімізде қалыптастыру барысында кемшіліктер де жоқ емес. Бұл жөнінде терминология мəселесімен айналысып жүрген ғалымдар да айтуда. Мысалы, ғалым Ш. Құр-манбайұлының айтуы бойынша, бұндай кемшіліктер негізінен төмендегідей болып келеді:

1. Тіліміздегі сөз тудырушы жұрнақтар терминжасам барысында орнымен жұмсалмай келеді, яғни терминжасам барысында белгілі бір жұрнақтар белсенді түрде қолданылады, ал кейбір жұрнақтар пайдаланылмай жатады. Көбірек қолданылытын жұрнақтар қатарында –ма,-ме, -ым, -ім, -ыс, -іс,-с т.с.с. жұрнақтарды жатқызсақ, белсенді емес жұрнақтар қатарына - қыш,- кіш, -ғыш, -гіш, -уыш, -уіш, -қы, -гі жұрнақтарын жатқызуға болады. 2. Тілімізде əртүрлі лексикалық қабаттарға жататын сөздер термин шығармашылығында ұтымды пайдаланылмай жүр. Термин жасауда тіліміздің ішкі көзі болып табылатын көнерген, кəсіби, аймақтық сөздер əлі де болса толық пайдаланылмай келеді. 3. Аудару барысында сөз мағынасын түсініп, ұғымның мазмұны мен көлемін ажырата білмеуден туындайтын орашолақ аударма атаулар да термин шығармашылығында орын алып жүрген кемшіліктер қатарына жатады. Мысалы, грибковые заболевание – саңырауқұлақ аурулар, цельное молоко – мақсатты сүт, рукопашный бой – қоян-қолтық ұрыс т.с.с. 4. Сонымен бірге бір ғана ұғымның əр түрлі ғылым салаларында түрліше аталуы да кемшілік болып табылады. Мысалы, сносканың – іс жүргізу жəне нұсқама да болып аталуы. 5.Бір ғана арнаулы саланың терминологиялық жүйесін құрайтын əр түрлі ұғымдардың ортақ атаумен берілуі. Мысалы, бір ғана сала ішінде қолданылатын көшірме – выписка, копия түрінде қолданылып жүр. Бұл термин шығармашылығындағы басты кемшілік жарыспалылықты тудырады. 6. Туыстас түркі тілдерінің лексикалық қорында сақталған сөздерді пайдалану, олардың терминжасам тəжірибесін бөлісу мен алмасу мəселесі ескерілмей келеді. Түркі халықтарының тілдік табиғатын, туыстығын негізге алып, түркі тілдеріне ортақ терминдерді қалыптастыру– сыртқы көзді пайдаланудың ұтымды жолы болар

- 66 -

еді. 7. Аударуды қажет етпейтін терминдерді қазақшалаймыз деп қателіктерге ұрыну да–терминжасамдағы басты кемшіліктердің бірі. Сондықтан бұл кемшіліктерді болдырмай, терминжасам жұмыстарын үлкен жауапкершілікпен жоғары деңгейде жүргізу арқылы ғана терминологиямызды ұлт тілі негізінде қалыптастырып, қазақ тілінің ғылым саласындағы қызметін қамтамасыз ете аламыз.

Пайдаланылған əдебиеттер:

1. Құрманбайұлы Ш. Терминқор қалыптастыру көздері мен терминжасам тəсілдері. - Алматы, 2005.

2. Əлісжанов С. Терминология мəселелері (оқу құралы). – Астана, 2004

3. Исакова С. Қазақ терминтанымы: лексикалық құрамы, жаса-лу тəсілдері, прагматикалық қызметі. – Алматы, 2007.

4. Мусаев К. М. Современные проблемы тюркологии на тюрк-ских языках СССР // Советкая тюркология .– Баку, 1989 №4.

5. Кайдаров Ə. Қазақ терминологиясына жаңаша көзқарас. –Алматы, 1993.

6. Лотте Д.С. Вопросы заимствования и упорядочение иноя-зычных терминов и терминоэлементов. – Москва, 1982.

- 67 -

2-БӨЛІМ

Практикалық сабақтар:

1. «Ұлттық терминология: қалыптасуы мен даму жолдары» пəнінің мақсаты мен міндеттері. Терминге тəн

қасиеттер, оның басқа атаулардан айырмашалығы

Теориялық тапсырма: 1. Терминнің қасиеттері, пайда болу жолдары;2. Терминнің сөзден айырмашылығы.

Практикалық тапсырма:Төмендегі берілген сөздер мен мəтіндерден терминдерді та-

уып, мағынасын анықтап, термин екенін дəлелде.1. Отыр, тыныс, қимыл, сезімталдық, кел, күйзеліс, тінтуір,

ғаламтор, кейбір, жақсы, асқазан, көк тамыр, бас, алгоритм, синус, лингвистика, прагматика, неологизм, жады, ұғым, мағына, қасиет, кіреуке.

2. Тіл білімінде «концепт» термині алғаш рет ХХ ғасырдың алғашқы жартысында қоршаған орта құбылыстарын тіл əлемінде бейнелеу мəселелерін зерттеуге байланысты пайда болды. Соңғы жылдары тіл білімінде «концепт» теориясы лингвистикалық сипат-та нақты, жан-жақты бір тілдің ішіндегі материалдар негізінде де, туыс немесе туыстығы жоқ əртүрлі тілдер материалдары негізінде де салыстыра-салғастыра зерттеле бастады. Ғылыми еңбектерде «концепт» ұғымына берілген əртүрлі анықтамалар кездеседі. Егер В. В. Колесов «концепт – сөздің мағыналық дамуының ең соңғы шегі, мəдениеттегі мазмұндық қатары молайған ұғым» десе, В. С. Кубрякова «концепт» – адамның санасында, психикалық жүйесінде қалыптасқан əлем бейнесінің мазмұндық бірлігі» деп түсінсе, В. Н. Телия концептіге белгілі бір нысан туралы барлық мағлұмат жиынтығы деген анықтама береді. Ал А. П. Бабушкин «концепт – ұжымдық санадағы менталды бейненің дара белгілері» деген түсінікті қалыптастыра отырып, əрбір концептілік бірліктің ұлттық концептілік өрісте өзіндік орны болатындығын, белгілі бір зат не құбылыс жөнінде білім деңгейіне орай жеке тұлғаның санасында концепт түрлерінің қалыптасуы əрқилы болып ке-

- 68 -

летіндігін дəйектейді [10]. Концепт сөзбен де, сөз тіркесімен де, фразеологиялық бірліктер арқылы да беріле алады. Сөздің концеп-тісі оның мағыналық жəне ассоциативтік өрісі арқылы анықталады. Осы өрісте сақталған ақпарат когнитивті жəне прагматикалық мəні бар элементтерден тұрады. Концептілік зерттеу этностың лексика-сы мен фразеологиясында сақталған əлемнің мəдени-ұлттық бей-несін ашуға мүмкіндік береді. Əрбір этнос қоршаған əлемді өзінше таниды, яғни өзіндік «əлемнің тілдік бейнесін» жасайды. Этнос мəдениетін өз ішінде ұғынуда мəдениетті түсінудің кілті болып та-былатын тірек концептілер ерекше орын алады. Сондықтан тірек концептілерді талдау арқылы ұлттық мəдениеттің даму қалпын, қазіргі өмірдегі жай-күйін біле аламыз. Концепт этностың рухани өмірінің ұжымдық қазынасы жəне ол əрқашан мəдени реңкте бола-ды, сондықтан да ол ұлттық ерекше дүниетанымды түсінуде басты компонент болып саналады. «Концепт дегеніміз – этномəдени сана-да сақталған, белгілі бір ұлттың ұрпақтан-ұрпаққа берілетін ықшам, əрі терең мағыналы шындық болмыс, ұлттық мəдени құндылықтары жөніндегі сан ғасырлық түсінігін білдіретін құрылым»

3. «Тау» – жер бетінен жоғарылау жатқан рельефті орографиялық атау. Тау тектік – гиперонимдік терминнің лексика-семантикалық өрісіндегі түрлік - гипонимдік қатарын сеңгір, құз, шың, жал, жон, жота, қыр, қырат, бел, белес, асу, биік, дөң, төбе, шоқы, заңғар, кезең сынды халықтық орографиялық терминдер қатарын түзеді. Бұл жер-дегі ендігі бір мəселе əрбір онимдік атаулардың бойында жинақталған ақпараттың түрлерінде жатыр. Өйткені, мəселен, «тау»концептісінің тау терминінің, тіптен нақты топонимнің семантикалық мазмұнынан анағұрлым кең де ауқымды екендігі, оның вербалдану, репрезент-талу жолдарының шексіз екендігі белгілі. Мұнда ұлттық топоним-дерге қатысты мəдени код жасырынған. Ұлттық мəдени кеңістіктің тереңде жатқан қабаттары мəдени тұрғыдан кодталған халықтың дүниетанымынан, болмыс тіршілігінің үзіктерінен тұрады деуге болады. Осымен байланысты мəдени код деп мəдениетті түсінуге, танытуға немесе сəйкестендіруге мүмкіндік беретін қандай да бір түрде кодталған ақпаратты түсінеміз. Мысалы, «Абай жолындағы бұл атаулардың ішінде: тау – Алатау, Шыңғыстау, Қаратау, Се-мейтау, Бақанастауы, Ақшатау, Доғалаң тауы, Орда тауы; тас – Күйметас, Байжан тасы, Қараша қойтасы; шатқал – Қырғыз шатқалы; жота –Шақпақты жотасы, Арқат тауының жотасы; шоқы– Қарашоқы; биік – Үлкен Көксеңгір биігі, Өртеңнің сарша

- 69 -

биігі атаулары т.б. арқылы вербалданып, өзінің семантикалық жəне концептілік мазмұнында алуан түрлі экстралингвистикалық, ассоци-ативтік, бағалуыштық ақпараттарды жинақтаған. «Тау» концептісіне қатысты бұл атаулардың мағынасы айқын, энциклопедиялардағы де-финициясы бар, денотаты нақты таңбалар.

4. Терминделуші ұғымдарды дəл білдіретін ондаған əдебиеттану терминдерін жасай отырып, ғалым олардың ғылыми термин-ге тəн ғылыми анықтамасын берген. Ол дегеніміз – ғылыми ұғымның, өзіне ғана тəн белгілерін айқындаумен қатар, олардың ұғымдар жүйесіндегі алатын орнын да көрсету деген сөз. Мыса-лы: “Айшықтың əрбір тақтасы шумақ деп аталады. Жұрттың бір ауыз өлең дейтіні шумақ болады, əр шумақта бірнеше тармақ бо-лады. Тармақ дегеніміз – өлеңнің əрбір жолы. Тармақ ішінде бірне-ше бунақ болады. Бунақ дегеніміз – өлеңді айтқанда сезілетін дауыс толқынының соқпа-соқпасының арасы. Бунақ ішінде буын болады”, – дейді “Əдебиет танытқыш” еңбегінде ұлт ұстазы А.Байтұрсынов

Бұл мысалдан байқайтынымыз, ғалым біріншіден, өлеңнің құрылым-құрылысын анықтаған, екіншіден, əрбір ұғымның өзіндік ерекшелігін, басты белгісін, іргелес өзге ұғымдардан айырмасын көрсететін анықтама берген. Яғни, əрбір ұғымның мазмұны мен көлемін бағамдаған; үшіншіден, əр ұғымның ғылыми атауын (айшық, шумақ, тармақ, бунақ, буын) жасаған; төртіншіден, терминдердің жүйелілік ерекшелігін ескере отырып, жалпы қолданыстағы бір үлгімен жасалған (модель) сөздерді термин ретінде пайдаланған; бес-іншіден, ғылыми ұғымдардың арасындағы жүйелілік құрылымдық байланысты көрсеткен. Дəлірек айтқанда, айшықтың –шумақтан, шумақтың – тармақтан, тармақтың – бунақтан, ал бунақтың – буыннан құралатындығын сатылай көрсету арқылы ұғымдардың микрожүйесінің өзіндік табиғатын ашқан. Бұдан ғалымның өзі зерттеп отырған ғылым саласындағы ұғымдар жүйесінің ішкі бай-ланысы мен ерекшелігін терең білумен бірге, оларды таңбалауда тілді өте шебер пайдалана алғандығы анық көрініп тұр. “Əдебиет танытқыштан” мұндай мысалдарды əлі де көптеп келтіре беруге бо-лады.

- 70 -

2. Терминология саласының басқа ғылымдармен байланысы

Теориялық тапсырма: 1. Терминология жəне лексикология2. Терминология жəне аударма3. Терминология жəне жазу4. Терминология жəне БАҚ5. Терминология жəне неология

Практикалық тапсырма:Мəтіндерді аударып, терминдердің аударылу жолдарына тал-

дау жаса.1. Антигены – генетически чужеродные для организма вещества

(белки, нуклепротеиды, полисахариды, и др.), на введение которы-хорганизм отвечает развитием специфических иммунологических реакций. Одна из таких реакций – образование антител.

Антигены обладают двумя основными свойствами: 1. иммуно-генностью, т.с. способностью вызывать образование антител и им-мунных лимфоцитов; 2. способностью вступать с антителами и им-мунными (сенсибилизированными) лифоцитами в специфическое взимодействие, которое проявляется в виде иммунологических ре-акций (нейтрализции, агглютинации, лизиса и др.). Антигены, обла-дающие обоими признаками, называются полноценными. К ним относятся чужеродные белки, сыворотки, клеточные элементы, ток-сины, бактерии, вирусы.

2. Педагогические науки исследуют вопросы об объекте и пред-мете педагогики, общественных, познавательных, идеологических и практических задачах и методах их решения; о соотношении педа-гогики как теории с педагогикой как практикой (Б. М. Бим-Бад). Пе-дагогика – единственная специальная наука об образовании в ряду наук, которые изучают образовательную деятельность (В. В. Краев-ский, А. В. Хуторской). Педагогика – одна из общественных наук, ко-торая исследует процесс воспитания человека, то есть её предметом является воспитание: как из ребёнка в ходе его общения и взаимо-действия с общественными коллективами (семья, учебные, воспита-тельные, производственные, уличные сообщества и т.д.) складыва-ется (воспитывается) личность – существо социальное, сознательно и ответственно относящееся к окружающему миру, преобразующее

- 71 -

этот мир (начиная прежде всего с себя и своим примером). Этот про-цесс протекает по свойственным ему законам, то есть в нём прояв-ляются устойчивые, неизбежные связи между отдельными частями, определённые изменения влекут за собой соответствующие резуль-таты. Эти закономерности выявляет и изучает педагогика. Одно из практических направлений современной педагогики – неформаль-ное образование. Методология педагогики – система знаний об основаниях и структуре педагогической теории, о принципах подхо-да и способах добывания знаний, отражающих педагогическую дей-ствительность, а также система деятельности по получению таких знаний и обоснованию программ, логики и методов, оценке качества исследовательской работы.

3. Существует много разных классификаций наук, в большинст-ве из них психология занимает промежуточную позицию между не-сколькими категориями. Связано это с широким спектром вопросов, которыми занимается психология, и методов, которые при этом ис-пользуются. С одной стороны, психология – естественная наука, ак-тивно использующая экспериментальные техники в доказательстве и опровержении гипотез. Многие общепринятые методы статисти-ческих расчётов первоначально были разработаны психологами. С другой стороны, в трудах представителей гуманистической психоло-гии практически нет места измерениям, расчётам и экспериментам, работы этой школы можно смело отнести к гуманитарному знанию. В некоторых классификациях помимо гуманитарных и естествен-ных наук выделяются также общественные (социология, полито-логия) – заметную часть современной психологии можно отнести к этой группе. Советский психолог Б. Г. Ананьев указывал на место психологии как ядра системы наук о человеке.. Психология актив-но взаимодействует с большим количеством других наук и отраслей научного знания. Это взаимодействие проявляется прежде всего в создании отраслей психологии, являющихся смежными, приклад-ными отраслями научного знания, исследующими закономерности объективной действительности с позиции предмета психологии. На-пример, связь психологии с антропологией устанавливается благо-даря существованию такой фундаментальной отрасли психологии, как психологии личности; связь психологии с психиатрией, выража-ется в существовании таких отраслей как патопсихология, психосо-матика, психология аномального развития; связь с нейробиологией и анатомией ЦНС реализуется через нейропсихологию; связь с гене-

- 72 -

тикой выражается в создании психогенетики; с логопедией выража-ется в существовании специальной психологии, психолингвистики; с юрис пруденцией отчётливо проявляется в таких отраслях психо-логии, как судебная психология, психология жертвы, криминальная психология, психология расследования преступлений.

4. Филоло́гия (от др.-греч. «любовь к слову») – название груп-пы дисциплин (лингвистика, литературоведение, текстология и др.), изучающих культуру через текст. Лингвистика не всегда включает-ся в филологию: во-первых, она не обязательно исследует тексты, во-вторых, не всегда затрагивает культурологическую сторону во-проса (хотя связь языка и культуры – лингвофилософская пробле-ма, которая нередко ставится); для лингвистики характерна бо́льшая близость к точным наукам, чем для других дисциплин, традиционно относимых к филологии. В России лингвистика (в том числе общее языкознание) обычно изучается на факультетах, именуемых филоло-гическими; в западноевропейских странах и в Америке под филоло-гией подразумевают изучение древних (классическая филология) и средневековых текстов, а изучение языков и особенно теории языка считается отдельной дисциплиной. В словаре Даля «филология» – (греч. любословие) наука или изучение древних, мертвых языков; изучение живых языков: лингвистика.

2. Мəтін ғылымның қай саласына қатысты екенін түсіндіріп, терминге тілдік талдаулар жаса.

1.Жалпы түркологиядағы сияқты қазақ тілі білімінде де ерте за-маннан бері сөз болып келе жатқан бірнеше салалар бар. Олардың қатарына тілдің де, ол туралы ғылымның да негізіне жататын фо-нетика, лексикология, грамматика деп аталатын салалар жатады. Бұл үшеуінің əрқайсысы өз ішінен əртүрлі тарау-тармақтарға жік-теледі. Енді аталған үш салаға жеке-жеке тоқтала отыра, олардың зерттелу тарихын сөз етейік. Графика жəне орфография - бұл екеуі фонетика ғылымының құрамдық бөлшектері. Графика – тіл дыбы-старын жазуда таңбалайтын шартты белгілер жиынтығы. Дыбыс алғашқы, табиғи, ал графикалық таңба соңғы жасалынады. Түркі тілде солардың, ішінде қазақ тілінде де, көне замандардан бастап əр дəуірде қолданған жазу түрлері болған. Сондай жазулардың ғылымда белгілі болған алғашқысы – Көне түркі жазуы не-месе «Орхон енесей» жазуы деп аталатын жазу. Бұл жазу мола басына қойылған құлпы тасқа, басқа да əртүрлі қатты заттарға қашап түсірген таңбалар түрінде сақталған, бірер сөздерден

- 73 -

ғана тұратындары болмаса, қағазға жазылып сақталған көлемді ескерткіш емес. Зерттеу шілер бұл жазуды түркі халықтары V–VIII ғасырларда қолданған деген пікір айтады. Түркі халықтары қолданған жазудың екінші түрі – көне ұйғыр жазуы деп атала-тын жазу. Графикалық сипаты жағынан бұл жазу көне түркі əліппесіне ұқсас, сонымен төркіндес болған. Қазан төңкерісіне дейін түркі халықтарының біразы, солардың ішінде қазақтар да, араб жазуын қолданса, чуваштар сияқты бірді-екілері орыс гра-фикасын қолданды, қалған көпшілігінде тіпті жазу деген болма-ды. Ислам дінінін енуіне байланысты IX–X ғасырлардан бастап түркі халықтары арасына тараған араб жазуы жергілікті халықтар тілдерінің дыбыстық ерекшеліктеріне сəйкестендірілмей, араб-тарда қалай қолданса, сол қалпында өзгеріссіз түркі тілдерінде де колданылды. Өйткені өз заманында қалыптасқан ұғым бойынша араб тілі канондық тіл деп есептеледі, сондықтан оны өзгертуге арабтарға тəуелді болған халықтардың хұқы болмады. Сол себеп-тен консонаттық принципті араб жазуы түркі тілдерінің дыбыс жүйесіне сай келмеді. Бірақ соған қарамастан ол он шақты ғасыр бойы түркі халықтарының, солардың ішінде қазақ халқының да мəдени-рухани дамуына қызмет етіп келді. Түркі халықтары графикасының XX ғасырдың бас кезінен бері қарайғы өзгерістерін үш кезеңге белуге болады: Араб графикасын түркі халықтары тілдерінің дыбыстық жүйесіне сəйкестендіріп қолдану кезеңі: Араб графикасынан латын графикасына негізделген жазуға көшу кезеңі. Латыннан крилл жазуына кешу. Бұл кезеңдерде жүргізілген жұмыс түрлері түркі халықтарының көпшілігінде бір-тектес болды. Сондықтан оны Қазақстан топырағында істелген істер арқылы да байқатуға болады. Қазақ лексикологиясының зерттелуі. Бұл саланы қалыптастырып, дамытуда түркологтар болсын, қазақ тілі мамандары болсын əлем лингвистикасында орныққан қағидаларға, сыннан өткен үлгілерге сүйенгендіктері, соларды басшылыққа алғандары шындық. Қай заманда болса да лексикология ғылымының, бастамасы тілдегі сөздерді есепке алу, оның құрамындағы сөздердің мəн-мағыналарын айқындау істерінен, яғни əр түрлі сөздіктер жасаудан, басталған. Мұндай бастамасыз тілдің сөздік құрамы туралы мəнді бірдеңелер айту мүмкін емес. Осы себептен болар, лексикографиялық жұмыстың бастамасы көне заманға кетеді. Казіргі заман лингви-стикасы лексикографияның негізгі нысаны болып есептелетін

- 74 -

сөздіктерді, алды энциклопедиялық сөздік, лингвистикалық сөздік деп, екі үлкен топқа бөледі. Тіл адам қоғамында өмір сүріп, оның “қажетін” жүзеге асыратын құрал болғандықтан, тіл білімінің əлеуметтік лингвистика деп аталатын саласының атқарар қызметі де, ғылыми маңызы да ерек ше. XІX-XX ғғ. ба-стап, лингвистикалық бағыттар мен мектептердің бірі ретінде негізі қаланған бұл саланың бүгінде өз нысаны, мақсат-міндеті, заңдылықтары қалыптасып орныққан. Əлеуметтік лингвис-тика тілдің қоғамдық сипатын, стильдік саралануын, əлеуметтік ерекшелігін, қоғамдағы қостілділік, көптілділік мəселелерін, тілдік жағдай, тілдік саясат ұғымдарын жəне т.б. айқындауға мүмкіндік береді, анығырақ айтқанда, тілші Э. Д. Сүлейменова “Əлеуметтік лингвистика – тілдің қоғамдық қызметтерін, əлеуметтік шартталған белгілері мен заңдылықтарын кешенді түрде зерттейтін қазіргі тіл ғылымының маңызды бағыттарының бірі. Ол тіларалық байланыс жағдайындағы кез келген тілдің өмір сүру формасына, қоғамдық қызметінің ауқымы мен сипаты-на қатысты айқындалатын тілдердің қызмет ету ерекшеліктерін қарастырады”, – деп анықтама береді. Тілдің қоғамдағы орны оның қатысымдық деңгейімен, нормалану дəрежесімен, құқықтық мəртебесімен, конфессиялық ерекшелігімен, оқытылу, меңгерілу сипаттарымен өлшенеді. Ғалым С. Аманжолов зерттеулерінің желісі тілдің қоғамдық ерекшелігіне шоғырланған. Автор тілдің барлық белгілерін оның қоғамдағы орнымен, əлеуметтік өзгешелігімен байланыстырды. Автор тұжырымдарының басым көпшілігі лингвистиканы қоғамдық ғылым ретінде қарастыруға саяды. «Адам қоғамына» мəн бере келе, оның мүмкіндігін жоғары бағалай отырып, ғалым тек қоғам бар жерде ғана тіл өмір сүреді, оны зерттеп, өркендетер тіл ғылымы дами алады деп түйіндейді. Осыған сəйкес, кез келген тіл білімінің саласын С. Аманжолов “адам қоғамының зор табысы, ғылыми жетістігі” деп дəйектеді: ”Мыңдаған жыл өмір сүрген адам баласының дүние тануына үнемі қызмет еткен тіл, тек қарым-қатынастың құралы ғана емес, ол дамудың да жəне. күрестің де құралы болуымен қатар, грамматика сияқты адам баласына зор қызмет істейтін өте маңызды ғылымды тудырды. Бұл ғылым адам баласының ұзақ өміріндегі тұрмыс үшін күрес жолында жасаған тəжірибелерін, ойлауының ұзақ уақыт абс тракциялануы арқасында топшыланған жетістіктерін қорытқан да білім болып отыр”. Ғалымның жоғарыда келтірілген

- 75 -

үзіндісінде “адам баласы” деген тіркес қатарынан үш рет кезде-седі. Тілші көпшілік назарын тілдің қоғамдық маңыздылығын, оның табиғи əрі танымдық ерекшелігін, қызметтік сипатын тіл арқылы айқындауға бағыттаған. Осы орайда, қоғамдық фак-торлармен бірге зерттеуші тілтанымдық құралдарға зер салды, ол тілдік амалдарды тек қарым-қатынас қызметінде ғана емес, дүниені тану, тəжірибе жинау, ойлау, білім алу негізі деп сұрыптау қажеттігін ескертті. Құрылымдық типология тұрғысынан барлық тілдер тең дəрежелі болып есептелсе де, əлеуметтік типологи-яда тілдердің сараланатын өз өлшемдері, өз “құндылықтары” барын назарға алсақ, С. Аманжоловтың “...тілдердің біріне-бірі ұқсап та, ұқсамауы да əлеуметтік [социалды] жағдайға байланы-сты” деген тұжырымының маңыздылығына, сөзсіз, көз жеткізе-міз. Бұл жағдайда сол тілде сөйлеуші адамдардың, халықтардың саны, қолданушы мемлекеттердің есептік көрсеткіші ескеріледі əрі тілдің қоғамдық қызметтері мен əлеуметтік салаларды қамту өзгешелігі нысанағы алынады. Мұндай ерекшеліктерді С. Аман-жолов “қоғамдық қарым-қатынас күштілігі”,– деп сипаттай от-ырып, тілдің “қоғамдық құбылыс, қоғамдық ұжымдастықтың тапқан, жасаған нəрсесі, қоғаммен бірге өсіп-өнетін нəрсе” екенін дəйектейді. Демек, тілдің əлеуметтік деңгейін анықтау, оның қоғамдық танымын саралау жəне қоғамдық сананы қалыптастырудағы атқарар қызметін талдап көрсету, бір жағынан, қарым-қатынас күштілігі деп түсіндірілсе, екіншіден, қоғамдық коллективтің тапқан, жасаған нəрсесі деп ұғынылады, яғни əлеуметтік таным тілдік құралдардың жасалу, қалыптасу, даму заңдылықтарымен тығыз байланысты болады

Əдістемелік нұсқау: Терминология саласының көрсетілген сала-лармен байланысын анықтау, терминжасам тəсілдеріне талдау жасау.

- 76 -

3. Терминология саласының зерттелу тарихы.Қазақ ғалымдарының терминология саласын

қалыптастырудағы рөлі

Теориялық тапсырма 1. А. Байтұрсыновтың қазақ терминологиясын қалыптастырудағы

ролі.2. Қ. Жұбанов – қазақ терминологиясының негізін салушы ғалым.3. Ə. Қайдаров жəне қазақ терминологиясының жаңа бағыты.4. Ш. Құрманбайұлы жəне ұлттық терминология.

Практикалық тапсырмалар:1. Төменде көрсетілген ғалымдардың терминдерді

қалыптастыруға қатысты қағидаттарын толтыр.Мəтіндердегі терминдерге талдау (мағыналық, құрылымына)

жасаңыз. Терминдердің қай салаға қатысты екенін анықта.

.

.

- 77 -

.

.

- 78 -

1. Темперамент дегеніміз – жүйке жүйесінің тума қасиеттерінен туындайтын адамның жеке өзгешеліктерінің бірі. Ол адамдардың эмоциялық қозғыштығынан, қимыл-қозғалысынан, жалпы белсен-ділігінен жақсы байқалады. Темперамент – ағзаның физилогиялық өзгешеліктерімен, əсіресе, жоғары жүйке қызметінің тума қасиеттерімен шарттас психикалық құбылыс. Темперамент адамның жалпы қозғалысынан (мəселен, біреулер шапшаң қозғалады, тез қимылдайды, енді біреулер жай қимылдап, асықпай істейді), психиканың күші мен тереңдігінен де (мəселен, біреу өжет, алғыр болса, екінші біреу, керісінше, сылбыр, жігерсіз болады), адамның көңіл-күйінің ерекшеліктерінен де (салмақты, тұрақты, жеңіл, тұрақсыз, т.б.) эмоция сезімдерінен де (біреу сабырлы, екінші біреу күйгелек, т.б.) жақсы байқалып отырады.

2. Еліміздегі жаңа білім беру реформасы 12 жылдық білім бе-руге көшу арқылы шығармашылықпен дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған жаңа ұлттық үлгіні жасауды, “жалпыға арналған білімнен”, “білім əркімге өмір бойы” үлгісіне көшуді жəне əлемдік білім беру кеңістігіне жедел енуді қамтамасыз етуді мақсат етеді. Білімді, білікті, шығармашылықпен жұмыс істей алатын, жыл-дам өзгеріп отыратын ортада өмір сүруге бейімделген, өздігінше дамуға, өз ойын толық жеткізе білуге, өзінің жəне қоғамның мүддесі үшін мейлінше өзін-өзі іс жүзінде көрсете білетін жеке тұлға да-мытып қалыптастыру қажет екендігін ашық көрсеткен. Жалпы білім беретін мектептер əмбебап оқу əрекетінің бүтін жүйесін қалыптастыруы керек, сонымен қатар өз бетінше əрекет ету, жəне қабылдаған шешіміне жауапкершілікпен қарау, яғни заманауи білім беру сапасын анықтайтын негізгі құзіреттіліктері бар. Сондықтан мектептің негізгі міндеті – өмірдің əр алуан жағдайларынан жол та-уып шыға алатын, тез икемделіп кете алатын, қажет білімді өз бетін-ше меңгере алатын, пайда болған проблеманы шешуге сол алған білімін қолдана алатын оқушы тəрбиелеу.

Сондай проблемаларды шеше алатын технологиялардың бірі - ин-терактивті оқыту технологиясы. Интерактивті оқыту технологиясы тұлғаға жеке келуге негізделген, яғни оқу үрдісінде танымдық, ком-муникативтік жəне зерттеушілік тапсырмаларды өз бетінше шешіп, дұрыс шешім қабылдауына бағытталады. Технология негізіне «инте-ракт» сөзінің мəні жатады, – бұл ұжымдық, өзін-өзі толықтыратын, барлық қатысушылардың өзара əрекетіне негізделген, оқу үдерісіне оқушының қатыспай қалуы мүмкін болмайтын оқыту үдерісін

- 79 -

ұйымдастыру. Бұл оқыту əрекетінің нəтижесін көруге, ойлауға, күнделікті тəжірибеде қолдануға болады. Технология оқушының өзіндік таным əрекетіне бағытталған, оқушылар белгілі бір уақыт аралығында жеке, жұпта, топта жұмыс жасайды.

Модульмен оқыту, жобалық оқыту технологияларымен үндесе интерактивті оқыту технологиясы да оқушылардың өмірдің өзгермелі шарттарында қоғам талабына орай икемді бола білуді қалыптастырады.

Технологияның философиялық негізі, адамдардың анықталмаған жағдайдағы бірлесіп əрекет ету ерекшелігі синергетика болып табы-лады. Синергетика жүйенің орташа жағдайдан ауытқу тетігін ашуға көмектеседі. Ретсіздіктің қалай тəртіпке келтірілгені жайында ашық көрсетеді, əлемнің жан-жақты бірлесуін елестетуге əкеледі, бүтіннің əр алуандыққа, əр алуанның бүтінге айналуына нақтылы мысал келтіруге мүмкіндік береді. Үдерістің пайда болуы мен ағымының ортақ тетігі əлеуметтік құбылыс жүйесін өзі ұйымдастырып, өзара байланысты, жаратылыс заңына бағынышты əлемнің біртұтас іс жүргізетін үлгісін құруға мүмкіндік береді.

Интерактивті оқыту технологиясы тек қана зияткерлікті дамытуға бағытталып қана қоймайды, сонымен бірге оқушылардың ерік-ті қызығушылығын, адамгершілік сезімталдығын да дамытады. Оқушылардың шағын топта бірлесе əрекет етуіне баса назар ауда-рылады, одан өзге жан дүниесіне, еркіне, түйсігіне бағытталады.

Аталған технология ақпараттық қоғамда, өз бетінше керек ақпаратты таба жəне қолдана білу іскерлігін дамытады.

3. Қоғамның этникалық құрылымын əлеуметтанудың «эт-но-социология» деген арнаулы теориясы зерттейді. Бұл теория қоғамның əр түрлі этностарының (яғни, ру, тайпа, халық, ұлт бірліктерінің) пайда болуын, мəнін мазмұнын, олардың қоғамдағы əрқайсынының атқаратын қызметін, араларындағы мəнді, тұрақты, қайталанатын,қажетті байланыстарды анықтап, жалпы заңдылықтарын ашады, əлеуметтік қатынастар жүйесіндегі олардың даму жолдарын анықтайды. Басқаша айтқанда, этносоциология этникалық қауымдастықтың өмірі мен іс-қызметтерінің əлеуметтік жақтарын, ерекшеліктерін зерттейді. Осыған сəйкес «этногенез», т.с.с. ұғымдарды (категорияларды) терең түсінген жөн. «Этника» де-ген ұғым «этнос» деген ұғымнан, терминнен шыққан. «Этнос» грек сөзінен алынған, оның мағынасы ру, тайпа, халық дегендерді біл-діреді. Этнос – адамдардың тарихи-этникалық тұрақты бірлігі. Бұл

- 80 -

термин «халық» деген ұғымға өте жақын. Бұл жерде «метаэтнос», «субэтнос» деген терминдер шығады. Метаэтнос (немесе үлкен этникалық бірлік) – бұл халықтардың ең үлкен топ бірлігі. Мұнда мəдени жəне өзіндік сананың ортақ белгілері болады. Мысалы, славян немесе түрік халықтарының ортақ жақтары көп. Субэтнос немесе субэтникалық топ – халықтың аумағынан бөлініп шыққан ерекше бөлігі. Этника немесе этникалық қауымдастық – белгілі бір халықтың өзіндік ерекшеліктеріне тəн құрамы. Бұл табиғи – тарихи қалыптасқан адамдардың қажетті, тұрақты бірлігі. Бұлар белгілі бір аумақта орналасады, мəдениетте өздерінің бірлігі, бірін-бірі түсіну т.б. белгілері болады. Адам қоғамдық əлеуметтік организм ретін-де өзінің əлеуметтік-этникалық дамуында алуан түрлі байланыс, қатынастардың бірнеше кезеңдерінен өтеді. Сөйтіп негізінде рудан тайпаға, тайпадан халыққа, халықтан ұлтқа өту үдерісі жүреді. Жеке адамның белгілі бір тарихи қауымдастықта болуы, оның өзін-өзі білуі, тануы, түсінуі, ұғынуы-əлеуметтік объективтік қажеттілік, ал, бұл қажеттілік алуан түрлі адам топтарының өмір сүру жағдайына, тұрмысына, қызметіне, санына, мүдде-мұқтажына, талап, тілегіне, т.б. белгілі бір деңгейде əсер етеді. Бұл қауымдастықтардың өздеріне тəн шығу жəне даму белгілері мен ерекшеліктері болады. Бұл ең алды-мен, олардың бір белгілі аумағынан қауымдастықтың қалыптасуының бесік-мəдениетінен, басқа топтардың айырмашылығын түсінуден, т.б. көрінеді. Бұл объективтік қажеттілік адамның өмір сүруіне тіке-лей əсер етеді. Əлеуметтік-этникалық қауымдастықтар біршама дер-бес дами отырып, қоғамда алуан түрлі қызмет атқарады. Ол, ең ал-дымен, адамдардың бір-бірімен қатынасуын, материалдық игілікті бірігіп өндіруін қамтамасыз етеді, соның нəтижесінде өзінің дамуын жүзеге асырады. Халықтың мұң-мұқтажын, талап-тілегін, ұсыныс, сұраныстарын, т.б. қанағаттандырып отырады. Генетикалық шығу жағынан бір-бірімен өкешелес бола отырып, ру, тайпа, халық, ұлт əлеуметтік-этникалық жағынан ілгерілеп даму үдерісінің тізбегін жасайды.

Сонымен, этногенез əр түрлі қауымдық топтар негізінде жаңа құрамдағы туыстас тайпа немесе халықтың шығу тегі болады. Эт-ногнез – халықтар тарихының бастамасы. Ол үнемі даму үстінде болады. Бірде оған жаңа этникалық топтар қосылып, онымен біте қайнасып, араласып кетсе, енді бірде оның кейбір топтары бөлініп те жатады. Мысалы, Қазақстан аумағында көптеген түркі тілдес тай-палар бірігіп, біте қайнасып, араласу үдерісінің нəтижесінде қазақ

- 81 -

халқы қалыптасты. Этногенез үдерісінің негізгі екі түрі болады: бірі – жергілікті бірнеше көне тайпалық топтардың биологиялық жол-мен жаппай араласуы арқылы қалыптасуы; екіншісі – жаңа заманда басқа жерге қоныс аударған бірнеше халықтар өкілдерінің тікелей ықпалының нəтижесінде болатын қалыптасу. Бір сөзбен айтқанда, этногенез – уақытпен кеңістік бойынша дараланатын тарихи үдеріс. Қазіргі адамзат түрі – белгілі бір биологиялық түр. Ол белгілі əлеуметтік заңдылықтар арқылы дами келе, адамдардың əр түрлі та-рихи қауымдастығына бөлінеді: олардың ішінде мемлекет, тап, отба-сы, т.б. бар. Бұлардың ішінде этностар ерекше орын алады. Біріккен Ұлттар Ұйымының деректері бойынша, жер бетінде 3 мыңнан астам этникалық қауымдастықтар əлемнің 220 мемлекетінде орналасқан. Этностар мəңгілік өмір сүре бермейді, олар туады, дамиды, өледі. Мұндай үдерісті этносоциология теориясында этногенез деп атай-ды. Этногенездің негізін бұрынғы Кеңес ғалымы Лев Николаевич Гумилев қалады. Бұл ғалым теория жүзінде геобиохимия жəне си-стемология ғылымдарын тарихи географиямен біріктірді. Сөйтіп ол «этнос» деген ұғымды биология жəне əлеуметтік қауымдастық ретінде анықтап, биосфераның бір бөлігі, оның туындысы ретін-де көрсетті, екінші жағынан, этногенез əлеуметтік эволюцияның жемісі, нəтижесі ретінде дəлелденді. Этникалық қауымдастықты білдіретін ұғым «ұлт» терминіне қолданылады. Адамдардың бел-гілі бір топқа бірігуінің табиғи тірегі ретінде аумақ орталығы мен олардың тіл орталығы немесе олардың өзара жақындығы этникалық қауымдастықтың қалыптасуының негізгі шарты, факторлары болып табылады. Кей реттерде былай да бола береді. Мысалы, Америка құрлығының бір қатар ұлттарының бір тұтас болып қалыптасуына этникалық қауымдастықтың əр тілде сөйлейтін бөліктері арасындағы “тіл орталығына” шаруашылық, мəдени, т.б. байланыстардың да-муы барысында қол жетті, яғни мұның өзі этногенез үдерісінің нəтижесінде болды.

4. Ғылыми өндіргіш күштердің тікелей элементіне айналу үдерісі бірлескен жұмыс күшінің құрамын өзгертіп қана қоймайды, олардың шегін ұлғайтады. Оған əсер ететін жағдайдың келесі тобы- материалдық емес саладағы еңбек сипатының өзгеруі жəне осы салалардың өндіріске тигізетін оң əсерлерінің барған са-йын артуы. Біріккен жұмыс күші шегінің ұлғаюына экономиканы басқару саласында жұмыс істейтіндердің еңбек сипатының өзгеруі де əсер етеді. Бұл заңдылықты елемеуге болмайды. Осы объектив-

- 82 -

ті заңдылықтарды іс жүзінде пайдалану, еңбектің маңызын жəне еңбектің белсенділігін экономикалық дамудың жалпы негіздерінің бірі ретінде тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Өндірістегі адам факторының дамуы жəне өзгеріске ұшырауы олардың еңбекке деген қабілетіне байланысты. Олай болса, еңбектің мəн-маңызына жəне еңбек белсенділігін арттыру жолдарына талдау жасаған жөн. Еңбек – материалдық жəне рухани игіліктерді өндірудің қайнар көзі. Күрделі мəселелердің бірі – адамның жұмыстағы белсенділігін арттыру. Белсенділіктің түрлері көп. Бұл жерде еңбек белсенділігі жөнінде сөз болып отыр. Қоғамдық өндірістің даму сатысында еңбектің си-паты жəне мазмұны өзгеріске ұшырады. Еңбектің кейбір түрлерінің мағынасы артты. Мысалы, еңбек белсенділігі, іскерлік, кəсіпкерлік, жауапкершілік, ұқыптылық, саналылық, өнегелілік, моральдық қанағаттанушылық, шығармашылық сипаты, еңбек нəтижесіне иелік етуі, еңбек қуанышы жəне т. б. Бұлардың іске асу жолдары, əдістері мен сипаты қоғамдық өндірістің нысандарына байланысты. Еңбек белсенділігін арттырудың сан алуан амалы бар. Олардың негіз-гілері мыналар: моральдық жəне материалдық ынталандыру еңбек жағдайын, қоғамдық қатынастарды жақсарту, өндіргіш күштерді жетілдіру, қоғамдық өмірді демократияландыру, қол еңбегін азай-ту, əлеуметтік қорғау, əлеуметтік принциптерін нығайту, əл-ауқатты жəне рухани байлықты өсіру, жаңа типтегі адамдарды қалыптастыру, жаңаша ойлау жəне жаңа коммерциялық шаруашылық тетігін іске қосу, еңбекті нормалауды, ұйымдастыруды жəне басқаруды жаңа сапалық дəрежеге көтеру, басқару жүйесін жетілдіру, еңбек бəсекесін үнемі қолдап отыру, өндірісті ізгілендіру, жұмыс уақытын ұтымды пайдалану жəне т.б. Еңбек белсенділігін арттырудың жолдары қоғам дамуының барлық сатыларына тəн. Алайда, оларды іске асыру əдістері əр түрлі. Ол нақтылы алынған қоғамдық өндірістің сипа-тына байланысты. Қазіргі қоғамдық өндірісте жаңа типтегі адамдар қалыптасып келеді. Олардың негізгі белгілері жоғары біліктілігін-де, өндірістік өзгерістерге тез бейімделуінде. Бұларға тəн қасиет ұқыптылығы мен жауапкершілігінің жоғары болуында. Жаңа тип-ті адам туралы түсінік – мазмұны өзгермейтін мəңгілік ұғым емес, керісінше, үнемі сапалық өзгерісте болып отыратын құбылыс. Өнеге тұтар, үлгі болар адам болу қоғамдық өндірістің өзегі жəне күре та-мыры. Барлық қоғамда аз да болса өнегелі адамдардың болғаны өмір шындығы. Олай болса əлеуметтік-экономикалық сапалы өзгерісті бейнелейтін бұл категория – экономикалық дамудың жалпыға

- 83 -

бірдей негізі. Еңбек белсенділігін арттыратын экономикалық дамудың мұндай негізінің келесі тобы – басқару жүйесін жетіл-діру, еңбек бəсекесін үнемі пайдаланып отыру, жұмыс уақытын неғұрлым ұтымды пайдалану, еңбек тəртібін жəне басқа тəртіптерді нығайту, қол еңбегін азайту. Материалдық игіліктерді жəне рухани байлықтарды көбейту экономикалық дамудың жалпы негізі ретінде еңбек белсенділігін арттыруға белгілі дəрежеде əсер етеді. Өйткені бұлар адамның барлық жағдайын белгілейді. Еңбек белсенділігін арттыру үшін адамның еңбекке деген ішкі сезімін ояту қажет.

5. Герменевтика (грек. Hermenebtike – түсіндіру өнері) – алғашқы мазмұнында көнеліктен немесе көпмаңыздылықтан түсініксіз мəтіндерді түсіндіру өнері жəне ілімі. Герменевтика ежелгі антиктік дəуірде көне ақындардың (ең алдымен, Гомердің) шығармаларындағы рəміздерді, таңбаларды, құпиялап айтуларды түсіндіру тəсілі ретінде қалыптасқан. Ортағасырларда Библиядағы көркем бейнелер мен меңзеп айтуларды түсіндіруге байланысты Герменевтиканы діни өкілдер жан жақты қолданған. Қайта Өрлеу дəуірінде герменевтика антиктік мəдени мұралардың тілін тірі, сол замандағы мəдени тілге аудару мақсатында пайдаланылған. Ф. Шлейермахер еңбектерінде герменевтика Қасиетті Жазу мəтіндеріндегі астарлы тілді жаңаша түсіндіру үшін кеңінен пай-даланылды. Ол үшін догматтар мен рəміздер діндарлық сезімдер болып табылады, дамушы діни тəжірибе сенімнің субстанциясына айналды. Шлейермахер қазіргі философиялық ұғымдарды қолдану тəжірибесі арқылыескі діни мəтіндерге жаңа мазмұн беруге болады дейді. Қазіргі мəдениеттануда герменевтика «тұлғалық түсіндіруші тəжірибемен» (Г. Гадамер) байланыстырылады. Гадамер бойын-ша, тарихи құрылымдар мен мəдени деректерді түсіндіру тіл мүмкіндіктеріне негізделген. Табиғи тіл өз мағыналарымен ойын жағдайында болады. Герменевтиканың міндеті – өзімен өзі тұтас мəтінді дəл жеткізу. Əсіресе поэзияда герменевтика қажетті, өйткені ақын өз ойын жиі сəуегей кейпінде жеткізеді.

6. Мəтін лингвистикасының даму барысын таза түрде бақылау – аса күрделі міндет. Мəтін лингвистикасы əр түрлі ғылымдармен шек-тесу негізінде жасалды, оның негізін риторика, стилистика, поэтика, социолингвистика жəне т.б. ғылымдар құрайды. Бағдарламалық пəн ретінде мəтін лингвистикасы XX ғасырдың 60-70 жылдарында бел-гілі болды. Дəл осы кезде «мəтін» түсінігі туралы кезекті пайымдау-лар пайда болды.

- 84 -

Н. П. Эфиндиева мəтін лингвистикасы туралы «тілдің ең жоғарғы бірлігі мəтін болып табылады, оның үлгісінде тіл жүзеге асады жəне лингвистикалық талдау нəтижесінде басқа да барлық бірлік-тер шығатынын» айтады. Осылайша, «мəтін» ұғымының пайда болуын түсінуге талпыну өз кезегінде мəтін лингвистикасын зерт-теу пəні сияқты жаңа зерттеулердің пайда болып, дамуына əкелді. Мəтін тілін талдау бұрын сөз немесе сөйлемді грамматикалық кате-гория деп есептеп жүрген көптеген грамматикалық құбылыстарды мəтіндік категория ретінде қарастыруға болатынына көз жеткізді.

7. Анимизм (лат. Anima – рух, жан) – заттық дүние құбылыстарының жандылығын білдіретін термин. Анимизм тер-минін ғылыми қолданысқа ағылшын этнографы жəне мəдени ан-тропологы Э. Б. Тайлор (1832-1917) енгізген. Ежелгі мəдениетке талдау бере келе, магия, тотемизм, фетишизм сияқты ескі сенім-нанымдардың қатарында ол анимизмді аттап өтеді. Оның пікірі бойынша, анимизм кейінгі дамыған діндерге апаратын баспалдақ есебінде болады жəне олардың ментальдық дүниесіне енеді. Басқа халықтардың дүниетанымы мен сенім-нанымдарындай анимизм қазақтың дəстүрлі рухани мəдениетінде терең ұялаған. Мы-салы, Ш. Уəлиханов қазақы түсінікте жанның үш түрі бар дей-ді: ет жан, шыбын жан, рух жаны. Анимизмнің көрінісіне қазақы дүниетанымдағы «киелі», «қасиетті» жер бедерлері мен атаулары жатады. Табиғат аясындағы мəдениет үшін қоршаған орта киелі тау-лардан, құтты өзендер мен көлдерден, ағаш - бұталардан, т.б. тұрады. Табиғи құбылыстар да қасиетті мағынаға ие болады, олардың рухы жəне иесі бар делінеді.

Əдістемелік нұсқау: Жоғарыда көрсетілген ғалымдардың қазақ

терминологиясын қалыптастырудағы ролін анықтау, қазақ тіліне ен-гізген терминдеріне талдаулар жасау.

- 85 -

4. Терминологияны жасау жəне жүйелеу жолдары

Теориялық тапсырма1. Терминологияға қойылатын талаптар2. Терминологияны стандарттау мəселесі3. Терминологияны біріздендіру мəселесі

Практикалық тапсырма

Мəтіндерде кездесетін терминдерді тауып, оның қойылатын талаптар бойынша жасалғанын дəлелде

1. Генетика – бүкіл тірі организмдерге тəн тұқым қуалаушылық пен өзгергіштікті зерттейтін биология ғылымының бір саласы. Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштіктің заңдылықтарын ашып, оларды қоғамды дамыту үшін пайдаланудың жолдарын шешуге ге-нетика ғылымы зор үлес қосты. Сондықтан, биология ғылымының басқа салаларының арасында маңызды орын алады.

Жер бетіндегі тірі материяның дамуы олардың үздіксіз ұрпақ алмастыруымен қатар жүріп отырады. Тіршілік организмдердің көбеюімен тікелей байланысты. Сол арқылы белгілі бір биологиялық түрге тəн белгілер мен қасиеттер ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отыра-ды. Басқаша айтқанда, ұрпақтар белгілі дəрежеде өзінің ата-анасы-на ұқсас болып туады. Мұны тұқым қуалаушылық дейді. Көпшілік жағдайда организмнің белгілері мен қасиеттері өзгермей біршама тұрақты түрде берілетіндіктен, ұрпағы ата-аналарына ұқсас болып келеді. Бірақ олардың арасында толық ұқсастық болмайды. Бір ата-анадан тарайтын ұрпақтың бір-бірінен қандай да бір белгісі жөнінен айырмашылығы болады.

Ағзаның тұқым қуалаушылық қасиеті сыртқы орта факторларының əсерінен үнемі өзгеріп отырады. Оны өзгергіштік дейді. Көбею ба-рысында организмнің белгілі бір қасиеттерінің тұрақты сақталуымен қатар, екінші біреуі өзгеріске ұшырайды. Осыған байланысты олар жаңарып, түрлене түседі.

Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштік – бірімен-бірі қатар жүретін, бір жағынан бір-біріне қарама-қарсы, өзара тығыз байла-нысты үдерістер.

Организмдердің тұқым қуалаушылығы мен өзгергіштігі ту-ралы ғылымды генетика деп атайды (грекше «genetіkos” – шығу

- 86 -

тегіне тəн). Бұл атауды 1906 жылы ағылшын биологы У.Бэтсон ұсынды.

Тұқым қуалаушылық туралы алғашқы түсініктер ежелгі дəуірде – Демокрит, Гиппократ, Платон жəне Аристотель еңбектерінде кездеседі. Гиппократ жұмыртқа жасушасы мен шаухат ағзаның барлық бөліктерінің қатысуымен қалыптасады жəне ата-ананың бойындағы белгі-қасиеттері ұрпағына тікелей беріледі деп есептеді. Ал Аристотельдің көзқарасы бойынша белгі қасиеттердің тұқым қуалауы тікелей жүрмейді. Яғни тұқым қуалайтын материал дененің барлық бөліктерінен келіп түспейді, керісінше, оның əр түрлі бөлшектерін құрастыруға арналған қоректік заттардан жасалады.

Бұдан кейін Ч. Дарвиннің пангенезис теориясы маңызды орын алады. Бұл теория бойынша өсімдіктер мен жануарлардың барлық клеткалары өзінен ұсақ бөлшектер – геммулалар бөліп шығарады. Олар жыныс органдарына өтеді де сол арқылы белгілер мен қасиеттер ұрпаққа беріледі. Геммулалар кейде «мүлгіген жағдайда болып, бірнеше ұрпақтан кейін білінуі мүмкін. Соған байланысты ұрпақтарда арғы ата-ана тектерінің белгі-қасиеттері қайталана ала-ды деп есептелінген.

ХІХ ғасырдың 80-жылдарында «пангенезис” теориясын А. Вей-сман өткір сынға алды. А. Вейсман «ұрық плазмасы” туралы болжам ұсынды. Бұл болжамында тек жыныс клеткаларында кездесетін, тұқым қуалайтын заттың болатындығын айтты.

Генетиканың биология ғылымының жеке бір саласы ретін-де қалыптасуына ХІХ ғасырдың екінші жартысында ашылған ірі ғылыми жаңалықтар себепші болды. 1865 жылы чех ғалымы Г. Мендельдің «Өсімдік будандарымен жүргізілген тəжірибелер” деген еңбегі жарық көрді. Ол тəжірибелері арқылы тұқым қуалаушылықтың негізгі заңдылықтарын қалыптастырады. Сөйтіп, Мендель генетиканың негізін қалады. Бірақ оның еңбегі 1865 жыл-дан бастап 35 жыл бойы көпшілік биологтарға, соның ішінде Ч. Дарвинге де белгісіз күйде қалды.

Г. Мендель ашқан тұқым қуалау заңдылықтары тек 1900 жылы ғана өзінің тиісті бағасын алды. Себебі үш елдің ғалымдары: голландиялық Г. де Фриз, неміс ғалымы К. Корренс жəне австриялық генетик Э. Чермак-Зейзенегг əр түрлі нысандармен тəжірибелер жүргізіп, нəтижесінде Мендель заңдылықтарының дұрыстығын дəлелдеді. Көп кешікпей бұл заңдылықтардың жануарларға да тəн екендігі анықталды. 1909 жылы ағылшын биологы У. Бэтсон

- 87 -

өсімдіктер мен жануарлардың əрқайсысының 100 шақты белгілерінің тұқым қуалауы Мендель заңдарына сəйкес жүретіндігін дəлелдейтін ғылыми деректерді жариялады. Сөйтіп Мендель ілімі ғылымнан берік орын алды.

1909 жылы дат оқымыстысы В. Иоганнсен биологияда аса маңызды болып есептелетін ген (герекше «genos” – шығу тегі), гено-тип жəне фенотип деген ұғымдарды қалыптастырды.

Генетика тарихының бұл кезеңінде организмдердің жеке-леген белгілерінің ұрпақтан-ұрпаққа берілуіне жауапты тұқым қуалаушылықтың материалдық бірлігі – ген туралы ұғым қалыптасып, Мендель ілімінің əрі қарай дамуына мүмкіндік туды. Дəл сол кездегі (1901 жыл) голландиялық ботаник ғалым

Х. Де Фриздің организмнің тұқым қуалайтын қасиеттерінің өзгеретіндігін көрсететін мутация теориясының ұсынылуы генетика ғылымының дамуында ерекше орын алады.

Генетика тарихындағы шешуші бір кезең американдық генетик, əрі эмбриолог Т. Морганның жəне оның ғылыми мектебінің тұқым қуалаушылықтың хромосомалық теориясын ашуымен тығыз байла-нысты.

Т. Морган жəне оның шəкірттері жеміс шыбыны – дрозофилаға тəжірибе жасаудың нəтижесінде тұқым қуалаушылықтың көптеген заңдылықтарын ашты.

Тұқым қуалайтын өзгергіштік туралы ілімді дамытуда орыс ғалымы

Н. И. Вавилов зор үлес қосты. Ол 1920 жылы тұқым қуалайтын өзгергіштіктің ұқсас (гомологиялық) қатарлары заңын қалыптастырды. Бұл заң бір-біріне жақын туыстар мен түрлерде болатын тұқым қуалайтын өзгерістердің ұқсас болып келетіндігін дəлелдейді.

Ғылымға енгізілген жаңалықтың бірі – 1927 жылы орыс ғалымдары

Г. А. Надсон мен Г.С.Филипповтың радиоактивті сəулелердің төменгі сатыдағы саңырауқұлақтарда мутация тудыра алатындығын дəлелдеуі еді.

Ген теориясын дамытуда орыс биологтары А. С. Серебров-ский мен Н. П .Дубининнің сараптамалық жəне теориялық жұмыстарының үлкен маңызы болды. Сол сияқты популяциялық ге-нетика мен эволюциялық генетиканың негізін қалауда орыс генетигі С. С. Четвериковтың алатын орны ерекше.

- 88 -

Генетиканың даму тарихы үш кезеңге бөлінеді. Оның алғашқы екеуі 1865–1953 жылдар аралығын, яғни классикалық генети-ка дəуірін қамтиды. Генетика тарихындағы үшінші кезең 1953 жылдан басталады. Ол – химия, физика, математика, кибернетика сияқты нақты ғылымдардың зерттеу əдістері мен электрондық мик-роскоп, рентгенқұрылымдық анализ, т.б. қолданудың нəтижесінде молекулалық генетика негізінің қалануы.

1944 жылы американдық микробиолог əрі генетик О.Эври тұқым қуалаушылықтың материалдық негізі – ДНҚ екендігін дəлелдеді. 1953 жылы американдық биохимик əрі генетик Дж. Уотсон мен ағылшын биофизигі Ф. Крик ДНК молекуласы құрылымының үлгісін жасады.

Қазіргі кездегі генетиканың дамуы тұқымқуалаушылық пен өзгергіштік туралы ілімнің барлық салаларында зерттеу жұмыстары молекулалық деңгейде жүргізілетіндігімен ерекшеленеді. Мыса-лы, генді организмнен тыс қолдан синтездеу, дене жасушаларын будандастыру, генетикалық материалдың алмасуы (рекомбинация), геннің қайта қалпына келуі (репарация), биополимерлерді қолдан синтездеу, гендік инженерия сияқты проблемаларды зерттеу кеңінен таралып отыр.

Генетика мен селекцияның дамуына Қазақстан ғалымдарының да қосқан үлесі ерекше. Алшақ будандастыру, мутагенез, поли-плоидия, гетерозис, т.б. мəселелерді қамтитын генетикалық зерт-теулер жүргізілуде. Дəнді жəне техникалық дақылдарды түрішілік жəне түраралық будандастырудың нəтижесінде бидайдың, арпаның, көксағыздың, жүгері мен қант қызылшасының жоғары өнімді бу-дандары мен сұрыптарын алуда

К. Мыңбаев, А. Ғаббасов, Ғ. Бияшев, Н. Л. Удольская жəне т.б. еңбектері зор. М. Х. Шығаева мен Н. Б. Ахматуллина микроорганизм-дер генетикасының дамуына айтарлықтай үлес қосты.

Н. С. Бутарин, Ə. Е. Есенжолов, А. Ы. Жандеркин алшақ бу-дандастыру əдісімен қойдың архар-меринос тұқымын алды. М.А.Ермеков,

Ə. Е. Еламанов, В. А. Бальмонт, т.б. қазақтың ақбас сиырын, Алатау сиырын жəне Қостанай жылқысын, т.б. асыл тұқымдарды шығарды.

Қазақстанда тұңғыш рет М. А. Айтхожиннің басқаруымен молекулалық биология жəне ген инженериясы саласында көптеген зерттеулер жүргізіліп, ғылымға айтарлықтай жаңалықтар қосылды.

- 89 -

Соңғы жылдары елімізде генетиканың аса маңызды салалары: молекулалық генетика, экологиялық генетика жəне радиациялық ге-нетика бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуде.

2. Цитология –жасуша туралы ғылым. Жасушаны зерттейтін ғылымды цитология деп атайды(грекше «цитос» – жасуша, «логос» –ғылым). Цитология ғылымы біржасушалы, көпжасушалы ағзалар жасушасының құрылысын, құрамын жəне қызметін зерттейді. Ал жасуша бүкіл тірі денелердің ең қарапайым құрылысын,қызметін жəне дамуын сипаттайды. Сондықтан да цитологияның зерттейтін құрылыстары мен заңдылықтары цитология, тəнтану, эмбриоло-гия, физиология, генетика, биохимия, молекулалық биология жəне т.б. ғылым негіздерінің қалануына жол ашты. Цитология бөлімі –цитохимия пəні жасушаның химиялық құрамының құрылысын, олардың түзілуін, жасушадағы таралуы мен белсенділігін жəне оныңқызметінің өзгеруіне байланысты химиялық қосылыстардың өзгеріп отыруын зерттейді. Цитохимияның негізгі жетістіктерінің бірі – нуклеин қышқылдарының ақуыз молекуласын синтездеудегі генетикалық рөлін анықтау. Жасушаның белсенді қызметіне бай-ланысты ақуыздың өзгеріске ұшырау себептерін жəне олардың зат айналымындағы рөлін зерттеу де цитохимияның үлесіне тиеді. Бұдан біз цитология ғылымының көп саланы қамтитынын байқаймыз. Өзінің даму бағытында цитология тек биологиямен ғана емес, соны-мен қатар медицина, ауылшаруашылық, химия, физика, математи-ка жəне т.б. ғылымдармен де тығыз байланысты. Бұл ғылымдардың жетістіктері мен əдістері цитологиялық зерттеулерде кең көлемде қолданылады. Сондай-ақ цитологияның жетістіктері көптеген ғылымның негізін салуда маңызды рөл атқарады. Ч. Дарвиннің эволюциялық теориясының жасалуы алдында ағзаның жасушалы құрылысты екендігі туралы өте маңызды жаңалық ашылған болатын. Осы ашылған жаңалық органикалық дүние бірлігінің өте нанымды дəлелінің бірі болды. Осындай дəлелді өсімдіктер мен жануарлардың жасуша құрылымының ұқсастықтарынан да көруге болады. Жасуша теориясының ашылуы. Жасуша теориясы дегеніміз – тіршіліктің не-гізін құрайтын жасушалардың құрылымы, көбеюі жəне көпжасушалы ағзаларды қалыптастырудағы қызметі туралы жинақталған ұғым. Жасуша теориясының даму тарихы 300 жылға созылды. Оны зерт-теуде əр түрлі оптикалық əдістердің дамуы микроскоптың жетіл-дірілуіне негізделді. Алғашқы микроскопты XVІІ ғасырда ағылшын физигі Роберт Гук (1635-1703) жасаған. Ол микроскоппен

- 90 -

1662 жылдан бастап түрлі нысандарды: тығын шұрықтарын (пора-ларын), қымыздық, қамыс жəне басқалардың ішкі қуыстарын көрді. Гуктің микроскопы қаралатын затты жүз еседен астам ғана үлкейтіп көрсететін болған. Роберт Гук өсімдіктерді микроскоп арқылы қарап отырып,олардың ұлпаларынан ара ұясы тəрізденген құрылысты тапқан. Ол осы ұяларды грек сөзімен «целлюл-ла» – «жасуша» деп атады. Бұл жерде Роберт Гук тіршілігін жойған жасушалардың ұяшығын ғана көрген еді. XVІІ ғасырдың 70-жылдарынан бастап голландық Антони Ван Левенгук нысанды үш есе үлкейтетін микрос-коп жасап,оның көмегімен судағы біржасушалы ағза – кірпікшелі ке-бісшені тұңғыш рет көрді. Тірі жасушаны алғаш рет 1839 жылы чех ғалымы Ян Пуркинье көрген еді. Ол жасушаның ішіндегі сұйықты протоплазма немесе алғашқы плазма деп атады. Қазір протоплазма тек тарихи дерек ретінде ғана пайдаланылады,оны ғылыми тілде ци-топлазма дейді. Протоплазма дегеніміз жасуша ішіндегі сұйықтық пен ядро. Роберт Броун жасуша протоплазмасының тұрақты бөлігі–ядроны ашты. XІX ғасырдың басында жануарлар мен өсімдіктердің жасушалары кеңінен зерттеліп, олардан алынған мағлұматтар 1838–1939 жылдары ботаник Маттиас Шлейден мен зоолог Теодор Шваннға жасушалардың құрылысы туралы ортақ қортынды жасауға мүмкіндік берді. Олардың тұжырымдауы бойынша, өсімдіктер мен жануарлар жасушаларының құрылыстары өте ұқсас жəне тіршіліктің дербес иесі екендігі,тірі ағзаның ең ұсақ бірлігі, сонымен қатар жа-сушасыз тіршілік болмайтындығы туралы ғылымға дұрыс түсінік берді.Осыдан кейін жасушаның тіршілік үшін маңыздылығы терең жəне жан-жақты зерттеле бастады. Мəселен, 1858 жылы Рудольф Вирхов əрбір жасуша өзіндей жасушаның бөлінуі арқылы пайда болатынын анықтады. Карл Бэр сүтқоректілердің жұмыртқа жасу-шасын ашып, көп жасушалардың дамуы бір жасушадан басталаты-нын жəне аталық сперматозоид пен аналық жұмыртқа қосылғанда, зигота түзетінін анықтады. К. Бэрдің бұл жаңалығы жасушалардың ағза дамуындағы маңызын дəлелдеді. Тірі ағзалар жасушаларының химиялық құрамы мен зат алмасуының ұқсастығының ашылуы жасу-ша теориясын дамытып, барлық органикалық əлемнің шығу тегі мен эволюциялық дамуының бірыңғай екенін дəлелдей түсті. Сонымен жасуша теориясының негізгі қағидалары төмендегідей: 1) жасуша-барлық тірі ағзалардың ең кіші негізгі өлшемі; 2) əр түрлі ағза жасушаларының құрылысы, химиялық құрамы, зат алмасуы жəне негізгі тіршілік əрекеттері ұқсас; 3) жасушалар бастапқы (аналық)

- 91 -

жасушаларының бөлінуі арқылы пайда болады. Атқаратын қызметі мен құрылысына қарай жасушалардың пішіні алуан түрлі болып ке-леді. Ағзалар жасушаларының құрылысына қарай екі топқа бөлінеді. Оның бір тобына құрылысы өте қарапайым болып келетін бактерия-лар мен көкжасыл балдырлар жатады. Олардың толық қалыптасқан ядросы болмайды,бұларды прокариоттар деп атайды. Ағзалардың екінші тобына ядро жəне арнаулы қызмет атқаратын органоидтары болады. Мұндай ағзаларды эукариоттар деп атайды. Эукариоттарға біржасушалы жасыл балдырлар,қарапайымдар, жоғары дəрежелі гүлді өсімдіктер жəне сүтқоректі хайуанаттар т.б. жатады. Ал ви-рустар – тіршіліктің жасушасыз ерекше пішіні. Қорыта келгенде, жасуша теориясы «жасушаның» барлық тірі ағзалар құрылымының бірлігі екенін, жануарлар мен өсімдіктер жасушаларының өзара ұқсас екенін толық дəлелдейді. Бұл ұқсастық бүкіл тірі ағзалардың шығу тегінің бір екенін айқындай түсті. Жасуша теориясы тіршілікті материалистік тұрғыдан түсінуге, ағзалар арасындағы эволюциялық байланысты ашуға негіз болды.

Микроскоп. Жасушалардың мембранасына, ядросына жəне цитоплазмасының құрамына кіретін молекулалар мен органоид-тарды жарық немесе электрондық микроскоп арқылы көруге бо-лады. Жарық арқылы көрсететін микроскоп зерттейтін заттарды 100–3000 есеге дейін үлкейтіп көрсетеді, ал жетілдірілген окулярды қолданып, зерттелетін нысанды экранға түсіргенде, оны 100 мың есеге дейін үлкейтуге болады. Биологияның арнаулы саласы – био-химия жасушаның химиялық құрамын молекулалық деңгейде зерт-теу үшін центрифуга деп аталатын күрделі құралды пайдаланады. Ол өте жылдам айналып,жасушаның құрылымдық бөліктерін бір-бірінен бөліп алады, себебі оның бөліктерінің тығыздықтары əр түрлі болады. Жасушаның аса нəзік құрылысы мен қызметін зерт-теу тек цитологтардың, биохимиктердің, физиологтардың, генетик-тер мен биофизиктер күш-жігерін ұштастырудың нəтижесінде ғана мүмкін екені өзінен-өзі түсінікті. Жасуша теорясы негізінің қалануы жəне жетілдірілген техникалық құралдардың шығуы жасушаның құрылысы мен химиялық құрамын, атқаратын қызметін зерттеуге кең жол ашты.

3. Алғашқы буындағы о немесе ұ дыбыстары екінші буындағы і дыбысын ү-ге айналдырады. Мысалы: көрік-көрүк, күдік-күдүк. Алғашқы буындағы ө дыбысын ү дыбысына, е дыбысын ө- дыбысы-на айналдырады. Мысалы: өлең-өлөң, күрек-күрөк. Дыбыс үндестігі

- 92 -

(ассимиляция). Ассимиляция – латын тілінің assimikato «ұқсату», «ұқсасу» деген мағынаны білдіретін сөзінен шыққан термин. Ас-симиляция заңдылықтары: 1.Бір дыбыс екінші бір дыбысты дəл өзіндей етіп толық игеріп, түгелдей еліктіреді. Мұны тіл білімін-де толық ассимиляция дейді. Мысалы: жазса–жасса, сүзсе–сүссе, сөзшең–сөшшең, жұмысшы–жұмышшы. 2.Бір дыбыс екінші бір дыбысты дəл өзіндей етіп еліктірмей, бір жақты ғана игереді, яғни ұяң дыбыс болса, өзіндей ұяң дыбысты қатаң дыбыс болса, өзіндей қатаң дыбыстың болуын қалап тұрады. Мұндай құбылыс жартылай ассимиляция делінеді. Мысалы: қаз-ға, тас-қа, қыз-дар, этаж-ға.

Ілгерінді ықпал (прогрессивті ассимиляция). Ілгерінді ықпал деп сөз ішінде немесе сөз аралығында алғашқы дыбыстың өзінен кейінгі дыбысқа əсерін тигізіп, ықпалын көрсетіп тұруын айтамыз. Ілгерінді ықпал бір (негізгі сөз бен қосымша аралығында) немесе екі сөз көлемінде сондай-ақ, бірнеше сөз көлемінде де байқалады. Мысалы: қаз-дар, ақ бала (ақ пала), Қамысбай. (Қамыспай). Ілгерін-ді ықпал заңдылықтары: 1.Сөздің соңғы дыбысы қатаң болса, оған жалғанатын қосымшаның басқы дыбысы да қатаң болады. Мысалы: зат (+тар; +қа; +пен), шөп (+тің; +ке; +пен), қаш (+са; +тың; +па). 2. Түбір сөздің соңғы дыбысы ұяң дыбыс болса, оған жалғанатын қосымшаның басқы дыбысы да, көбінесе ұяң болады. Мысалы: жаз (+да; +дың; +ға), қаз (+дар; +дың; +ға), этаж (+да; +бен; +ға). 3. Түбірдің соңғы дыбысы дауысты не үнді болса, оған жалғанатын қосымшаның басқы дыбысы көбінесе ұяң не үнді болып ке-леді. Мысалы: бала (+ға; +да; +лық), шам (+дар; +мен; +ға), қала (+лар;+ға;+да).

4. Түбірдің соңғы дыбысы ш болып, қосымшаның басқы дыбысы с болса, айтуда қосымшаның бұл дыбысы ш дыбысына айналса да, бірақ жазуда с дыбысын сақтап жазамыз. Мысалы: шаш-са (шашша), іш-сін (ішшін). Алғашқы сөздің соңғы дыбысы дауысты, үнді, ұяң дыбыстардың бірі болып, одан кейінгі сөздің басқы дыбысы қатаң к, қ болса, айтуда (жедел сөйлеуде) бұл қатаң дыбыстар ұяңдап г, ғ дыбыстарына айналады. Жазуда мұны елемейміз. Мысалы: қара қой (қара ғой), боз құнан (боз ғұнан), ала кел (алагел), атың кім? (атың гім?), Меңдіқұл (Меңдіғұл), Талдықорған (Талдығорған), көзқарас (көзғарас). Алғашқы сыңарлары қатаң дауыссыздарға аяқталып, екіншісі ұяң дыбыстардан басталса, айтуда ұяң дыбыс қатаң естіледі. Жазуда алғашқы формасын сақтап жазамыз. Мысалы: Қамыс-бай (Қамыспай), Қоныс-бай (Қоныспай), Жүніс-бек (Жүніспек).

- 93 -

Кейінді ықпал (регрессивті ықпал) Кейінді ықпал деп бір сөз көлемінде немесе екі сөз аралығында кейінгі дыбыстың өзінен бұрынғы дыбысқа əсер етіп, ықпал жасауын айтады. Кейінді ықпал заңдылықтары: 1. К, қ, п дыбыстарының біріне аяқталған сөздерге жалғанатын қосымшалардың басқы дыбысы дауысты дыбыстан басталса, бұл үшеуі ұяңдай (г, ғ, б) түседі. Жазуда естілуінше жа-замыз. Мысалы: тарақ-тарағы, жүрек-жүрегі, доп-добымыз, қақ-қағу, төк-төгу, шап-шабады. 2. Түбірдің соңғы н дыбысы н, б, п дыбыстарының алдынан келсе н дыбысы айтуда өзгеріп, м дыбы-сына айналады. Жазуда мұны ескермейміз. Мысалы: сен-бе (сембе), Жан-пейіс (Жампейіс), Құрманбек (Құрмамбек). 3. Түбірдің соңғы н дыбысы к, қ, г, ғ дыбыстарының алдынан келсе, айтуда н ды-бысы өзгеріп, ң дыбысына айналады. Жазуда оны елемейміз. Мы-салы: бір күнгі (бір күңгі), Аманкүл (Амаңкүл), сəн қой (сəңқой), Дүйсен-қали (Дүйсеңқали). 4. Түбірдің соңғы с, з дыбыстарының бірі ш дыбысының алдынан келсе, ол екеуі айтылуда ш дыбысына айналып кетеді, жазуда бұл еленбейді. Мысалы, колхоз-шы (колхо-шшы), жұмыс-шы (жұмышшы), сөз-шең (сөшшең), жұмыс шамасы (жұмыш шамасы). 5. Түбір сөздің соңғы з дыбысы с дыбысының ал-дынан келсе, з дыбысы с дыбысына айналады, жазуда бұл еленбейді. Мысалы: көзсал (көссал), тұз-сыз (тұссыз), жаз-са (жасса).

6. Алғашқы сөздің соңғы дыбысы з болып, одан кейінгі сөз ж ды-бысынан басталса, з дыбысы ж дыбысына айналады, бірақ жазуда еленбейді. Мысалы: Бозжігіт (Божжігіт), Боз-жан (Божжан), Ораз-жан (Оражжан).

Тоғыспалы ықпал. Тоғыспалы ықпал деп əркелкі дыбыстар қатар келіп тоғысып, екеуі де бірін-бірі еркін билей алмай, басқа дыбыстарға ауысып кетуін айтады. Тоғыспалы ықпал заңдылықтары: Сөз ішінде немесе сөз аралығында н дыбысы мен қ дыбысы қатар келсе, не с дыбысы мен ж дыбысы қатар келсе (көршілес келсе), айтуда н дыбысы ң-ға, қ дыбысы ғ дыбысына, сондай-ақ с дыбысы өзгеріп ш-ға, ж дыбысы өзгеріп ш дыбыстарына айналады. Мысалы: Қазан-қап (Қазанғап), Жылан-қарағы (Жылаңқарағы), Есен-келді (Есеңгелді), Дос-жан (Дошшан), Бесжан (Бешшан).

7. Өлең – шағын көлемді поэзиялық шығарма. Ырғағы мен ұйқасы қалыпқа түскен, шумағы мен бунағы белгілі тəртіпке бағынған нақысты сөздер тізбегі. Өлеңнің түрлері мен жанрла-ры əр алуан: ода, элегия, баллада, сонет, т.б. Кең мағынасында өлең қысқа көлемді поэзиялық туындылардың жалпы атауы болса,

- 94 -

тар мағынада музыка өнер мен сөз өнеріне ортақ туынды, яғни əн өлеңі. Қазақ ауыз əдебиетіндегі халық өлеңдері еңбек-кəсіпке орай (аңшылық, төрт түлік, наурыз өлеңдері), ескілікті наным-сенімге байланысты (бақсы сарыны, арбау), əдет-ғұрып негізіндегі (салт, үйлену, мұң-шер өлеңдері), қара өлең, тарихи өлең, айтыс өлеңдері болып бөлінді. Өлең сөздердің болмысы, жаратылысы аса күрделі, оған ишара, меңзеу, салыстыру, жұмбақтау, астарлау, бейнелеу, теңеу, ұқсату, т.б. тəн. Өлең лирика жанрында кең тарады, тақырыбы жағынан саяси, көңіл күйі, табиғат, махаббат жəне философиялық деген түрлерге жіктеледі.

8. Өлең құрылысы – өлең өлшемдерінің жасалу жүйесі, ды-быс үндестігі мен ырғағына тəн ерекшеліктерді белгілейтін шарт-тар мен заңдылықтар. Өлең-жырдың күнделікті айтылатын жай сөз, қара сөздерден басты айырмасы олар мөлшерлі жеке жолдарға, яғни тармақтарға бөлінеді. Өлең тармағының құрылыс жүйесі əр халықтың поэзиясында өзінше қалыптасқан. Дүниежүзілік əдебиетте орын тепкен өлең құрылымы 4 түрге бөлінеді:

1) Метрикалық өлең жүйесі өлең ырғағында ұзын буын мен қысқа буынның кезектесіп келуіне негізделеді. Мысалы, ежелгі грек жəне рим поэзиясында кең орын алған ямб, хорей, т.б.

2) Силлабо-тоникалық өлең жүйесінде екпінсіз буын мен екпінді буындар кезектесіп келеді. Ол орыс, неміс, ағылшын халықтары по-эзиясында кездеседі.

3) Тоникалық өлең жүйесі орыстың халық поэзиясында қолданылған. Оны жазба əдебиетте орнықтырған A. Маяковский болды. Мұнда ырғақ екпінді буындарға негізделеді, екпін түспейтін буындар есепке алынбайды. Кейбір қосарланып келетін сөздер бол-маса, тармақтағы əр сөз бір екпінмен айтылып, дербес ырғақтық бөлшек құрайды. Мұның өзі өлеңді мəнерлеп, тақпақтап оқуға мүмкіндік береді.

4) Силлабикалық өлең жүйесі буын санының мөлшерін тұрақты сақтауға негізделген. Бұл өлең құрылысы француз, чех, итальян жəне барлық түркі тілдес халықтардың поэзиясында қолданылады. Бұл өлең құрылысының басты сипат-белгілерін қазақ өлеңдерінің құрылымынан анық аңғаруға болады. Өлең құрылысының ұлттық сипат белгілері ұлт тілімен тамырлас. Қазақ өлеңі, алдымен буынға негізделіп, ырғақ пен тармақ та, ұйқас пен шумақ та буынға бағынады; қысқасы Қазақ өлеңдерінің құрылысы.

9. Өлең өлшемі – біркелкі ырғақ сақтау үшін қолданылатын

- 95 -

өрнек. Өлең өлшемінің негізгі атаулары ежелгі грек поэзиясынан келген, көне грек, рим əдебиетінде бұл өлшемдер ұзын буын мен қысқа буынның кезектесуі арқылы жасалған. Араб, парсы, қазақ поэзиясындағы өлең өлшемі буын санын тұрақты мөлшерде сақтау арқылы жасалады. Мысалы, қазақ жыр үлгісінің тармақтары көбіне 7 не 8 буынды болып келеді, сондай-ақ 6 буынды өлең өлшемі қолданылады. Ең көп тараған өлшемнің бірі 11 буынды. Тармақта буын саны төрттен асса, ол ырғақтың құрылысы жағынан бірнеше бунаққа бөлінеді. Мысалы, алты буынды тармақта екі бунақ болады (3 буын + 3 буын). Поэзияда орныққан өлең өлшемдері ауызекі тілде күнделікті айтылатын сөзге тəн ырғақтың ең жеңіл, ықшам түрлерін саралап, екшеп, соларды бір жүйеге түсіру негізінде жасалған. Қазақ поэзиясында аралас буынды өлең өлшемдері де жиі қолданылады. Абайдың “Сегіз аяғы” осындай үлгімен жазылған. Мұнда 5 жəне 7 – 8 буынды тармақтар белгілі ретпен кезектесіп отырады. Өлең өлшемі сөздердің тек сыртқы өрнегі ғана емес, ол ойдың өрістеуі, сөздердің мағыналық өзара байланысына, қиюласуына орайлас келеді

10. Өлең ұйқасы – тармақтың соңындағы бірнеше буынның келесі тармақтарға сəйкес буындармен үйлесуі. Ұйқас өлеңдегі əр тармақтың жігін айқындап, өлең сөздің ырғағын күшейтуге себін тигізеді, əуезділігін арттырады. Ұйқас түрлерін ажыратқанда, алды-мен, оның сапасы, яғни ұйқасқан сөздердің өзара үйлесімі еске алы-нады. Ұйқас өзара үйлескен тармақтардың кезектесу ретіне қарай сан түрлі болып келеді: ең көп кездесетін ұйқастар: егіз ұйқас (аа), шалыс ұйқас немесе кезекті ұйқас (абаб), қаусырма ұйқас немесе орама ұйқас (абба). Соңғысы орыс поэзиясында жиі қолданылады, ал қазақ поэзиясында көп кездесетіні – қара өлең ұйқасы деп атала-тын ақсақ ұйқас (ааба). Бұл 11 буынды өлең өлшемінде үнемі дерлік қолданылады. Қазақ поэзиясындағы жыр ұйқасы кейде шұбыртпалы ұйқас деп те аталады, ол бір ұйқасты ұзақ сақтап, бірнеше тармақтарды бірыңғай үйлестіруімен ерекшеленеді. Көбінше негізгі ұйқасқа “Сегіз аяқтың” ұйқасы (аабввбгг). (желілі ұйқас) қосымша, жанама ұйқас ілесіп, қосарланып отырады. Абай қолданған ұйқастың жаңаша түрлері: алты тармақты ұйқас (алты аяқ, аабввб)

11. Өлең ырғағы – өлеңдегі белгілі ырғақты үлгі-өрнекті қолданудан туатын өлшемділік. Ол алдымен өлеңнің жеке жолдарға, яғни мөлшерлі тармақтарға бөлінуіне байланысты болады. Өлең тармақтарының көлемі əдетте тұрақты. Мысалы, қазақ поэзиясын-да тармақ көбіне 6, 7 – 8, 11 буынды болып келеді. Əр тармақтың

- 96 -

ішкі құрылысы–өрнегі. Айталық, 7 буынды өлең 2 бунақтан (4 буын + 3 буын), ал 11 буынды өлең 3 бунақтан тұрады (3 + 4 + 3 неме-се 4 + 3 + 4 буындар). Тармақтар көбіне белгілі мөлшерде топта-сып, тұрақты шумақ өрнегін жасайды. 4 тармақты шумақ қай елдің поэзиясында болсын ең жиі қолданылатын үлгі, сондай-ақ 2, 6 тармақты, т.б. шумақтар да кездеседі. Шумақ көлемінде тармақтар əр түрлі тəртіппен өзара ұйқасады, ұйқас бірнеше тармақтың соңындағы сəйкес буындардың дыбыс үйлестігінен туады. Өлең ырғағы өлшемділіктен туса да, жеке сөйлемдердің интонациялық-синтаксистік құрылысының сан алуан болуына орай, өлең сөздің нақтылы айтылуындағы ырғақ-үні үнемі құбылып, өзгеріп отыра-ды. Өлең ырғағын байыту үшін сөзде бай мазмұн-мағына болуы керек, сонда интонация, дауыс толқыны түрленіп, жанданады, сөздің ырғақтылық-əуезділігі арта түседі. Сөз өнері дамыған са-йын қазақ өлеңінің құрылысы шыңдалып, кемелденіп, жаңа өлшем-өрнектермен толысып, байып келеді. Қазақ поэзиясының ырғақтық-интонациялық байлығын молынан игеріп, өлең өрнектерін байытып, дамытуға зор үлес қосқан Абай ақын болды. Ол жаңа өлшем, шумақ, ұйқас түрлерін орнықтыруда асқан өнерпаздық көрсетсе, бұрыннан көп тараған белгілі өлшем-өрнектерді керек жерінде өңдеп, түрлендіріп қолдану жағынан да соншалықты зор өнегелі іс атқарды. Абайдың қазақ поэзиясына тыңнан қосқан өлең өрнектерінің ішін-де “Сегіз аяқ” пен “Сен мені не етесің?” атты өлеңдері бар. Қазақ ақындары өлеңнің ырғақтық-интонациялық мүмкіншіліктерін толығымен ашу, өлең сөзді сөйлеу интонациясына тəн ерекшеліктер-мен байыта түсу ісіне ат салысып келеді. Əсіресе, соңғы кезде поэ-зияда ерікті өлең түрі қолданыс тапқан, мұндай өлеңдерде белгілі бір өлшем берік сақталмағанмен, қалыпты ырғақтық өрнектер еркін қолданылады. Қазақ өлеңінің құрылымын

Ш. Уəлиханов, А. Байтұрсынов, М. Əуезов, І. Жұмалиев, С. Мұқанов, Е. Ысмайылов, З. Ахметов, З. Қабдолов, т.б. ғалымдар зерттеді.

12. Оттегі –химияның ең маңызды элементі жəне жер бетінде-гі көптеген тірі ағзалардың тыныс алуын қамтамасыз етеді. От-тегісіз біз бірнеше минут қана өмір сүре аламыз. Жасушалар мен ұлпалар өмір тіршілігіне қажетті өздеріндегі энергияны босата отырып, органикалық заттарды тотықтыру үшін оттегіні пайда-ланады. Оттегінің физиологиялық əсері өте көп қырлы, алайда, оның емдік əсерінде маңызды рөлді ағза тканьдеріндегі оттегі

- 97 -

жетіспеушілігін орнына қайта келтіру қабілеті атқарады. Адам ағзасының барлық органдары мен тканьдері қалыпты жұмыс істеуі үшін біздің айналамыздағы ауаның құрамында кем деген-де 21% таза оттегі болуы керек. Үлкен қала – бұл өте жылдам өмір ырғағы (біз күн сайын энергия жоғалтамыз), газдалған ауа (созылмалы гипоксия). Ірі мегаполис тұрғындарының оттегі-не мұқтаждықтары орасан зор. Экологиялық ахуалдың жалпы деңгейде нашарлауы ірі қалаларда ауадағы таза оттегі мөлшері кейде 10-12%-дан артпауына алып келді. Осының салдарынан ги-поксия (оттегі жетіспеушілігі) туындайды.

Əдістемелік нұсқау: Терминологияның міндеттері мен оны қалыптастырудағы талаптар жəне стандарттау мəселесін анықтау.

- 98 -

5. Термин жасауға негіз болатын факторлар

Теориялық тапсырмалар:1. Терминнің қалыптасуына себеп болатын ішкі факторлар2. Терминнің қалыптасуына себеп болатын сыртқы факторлар

Практикалық тапсырмалар1. Сөйлемдерден неологизмдер мен терминдерді төмендегі

кес теге салып, толтыр.

неологизмдер терминдер

1. Кеден, кеден болды, кедергі неден болды? (М. Əуезов) Өйткені осы ЕурАзЭҚ саммитінің аясында оңаша бас қосқан Н. Назарба-ев, Д. Медведев жəне А. Лукашенко ортақ кеден кеңістігін құруға байланысты соңғы кездері пайда болған түйткілдердің тінін сөгіп, Кедендік одақ Беларусь Республикасының қатысуымен үш елдің аумағында шілденің 6-сынан күшіне енетіндігін жариялады («Еге-мен Қазақстан» газеті). Дəркембай соңғы кездері Оралбайдың малын қалаға апарып сатысып, делдал болып, ортасынан аз-кем ақша та-уып, үйінің ішін біраз жаңартып тастаған екен (Сара Мыңжасарова). Немесе мынадай мақал-мəтелдер де бар «сата білмесең, делдалға бер», «екі естіге делдал керек емес» 2) қазір ол неологизм ретінде брокердің аудармасы болып қолданылып жүрген сөз. Көкшетауда жылу төлемақысын жинау ісін атқаратын абоненттік қызметке дел-дал компания килігіп отыр. Оның бұрынғы мағынасы байға жал-данып жұмыс жасайтын малшы-жалшы болатын. Қазақта «жалшы жұмсаған жарымас» деген мақал да бар. Орысша түсіндірме сөздікте ол жалшы–наемный работник, батрак деп түсіндірілген.

2. Қарамен терілген термин сөздердегі жаңа мағынаға ие болған көне сөздерді теріп жаз.

Аламанға дем берген, Азды көпке теңгерген. Алдынан шықты Қазан ер («Қобыланды батыр») Ханның кірген ақ орда, Бұзуын ойлап кеңестік, Аламанға жел бердік, Аса жұртты меңгердік (Махамбет) Қазақ, қырғыз, қарақалпақ, түркімен, азербайжан, ұйғыр, т.б. түркі моңғол халықтарының сөздіктерінде аламан сөзі кездеседі. Ж. Дос қараев: «Түркі тілдерінде аламан сөзінің бір мағынасы салт атты тобыр, екінші мағынасы шайқас, жау» деген-

- 99 -

ді білдіреді. Қырғыз тілінде бұл сөздің «дүркірей шабу, шапқылау, қауым» деген мағынасы бар. Бұл 1955 жылы шыққан «Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігінде» берілген анықтама, ал енді 2008 жылы шыққан «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде» І. Атжал-ман, алақоржын тышқан тұқымдасына жататын кеміргіш жануар. ІІ. 1. Біреуді шабуға, олжалауға сайланған қарулы топ. 2. Ауысп. Қарқынды, қаһарлы. Аламан бəйге-аты, құнаны, тайы аралас жап-пай жарыс деп түсіндірілген. Ал енді осы Аламан сөзі қазір белгілі бір шайдың атауы.

3. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінен, салалық терми-нологиялық сөздіктерден терминдер алып, төмендегі сызбаны əрі қарай жалғастыр.

Жалпы қолданыстағы сөз мағынасының кəсіби мағынаға одан əрі қарай терминологиялық-дефинитивтік мағынаға дейін даму динами-касын төмендегі кестеден көруге болады.

Жалпықолданыстықмағына

Кəсіби мағына Терминологиялықдефинитивтік мағына

Кəсіпкер. Белгілі бір кəсіппен айналысатын адам.

Кəсіпқой мамандық иесі кəсіпті, істі ұйымдастырушыбизнесмен.

Кəсіпкерлікпен айналысыпжүрген құқықты заңдытұлға, жеке азамат.

Делдал. Екі адам арасын келістіру үшінжүретін адам.

Сатушы меналушы арасындажүретінпайдакүнем.

Тауар өндірушілер мен тұты-ну шылардың, тауар сатушы-лар мен сатып алушылардың арасындағы жүрген тауар-лармен көрсетілетін қызмет-тердің айналасына ықпал ететін адам.

Салымшы. Жинақ банкісіне ақшасалған адам.

Жинақ банкісіне немесе кез келген басқа несие ме ке-мелерінесақтауға салынған ақша сомасының иесі.

Тұтынушы. Пайдаға асырушы,керегіне жаратушы

Басқа бір жақтың шығарған өнімдерін, көрсетілетін қызметтерін де, өз өнімдерін де тұтынушы, пайдаланушы жеке тұлға.

- 100 -

4. Төмендегі көне сөздердің мағынасына назар аударып, кəсіби, аймақтық жəне термин сөздердің ара жігін ажыратыңыздар. Өздеріңіз бірнеше мысал келтірініздер.

1. Сүйірік. Қос қанатым, құйрығым, Судан шыққан сүйрігім (Қобыланды); Судан шыққан сүйіріксің, Топтан озған жүйріксің (М-Ж. Көпеев). Қамыстан қант қардай боп бораған соң (М-Ж.Көпеев); СүйірікҚант пенен бал қосылған нандай еді, Судан шыққан қоп-қолайлы, Баланың Сүйіндікте маңдайы еді (М-Ж. Көпеев).

Көк түркі халқы алдымен қоршаған ортаны таныған, табиғаттың мүмкіншілігін жете оқып, үйренген. Бала түркі алдымен тамағын ойлаған. Қамыс тамыры «сүйрік» пен «май қоғаны» да жеген. «Қарға тұяқ» аталатын шөл шөбінің тамырын да қазып жеген. Тауда өсетін, дəмі қышқылтым шөпті де сүйсініп жеген. Сүйірік – қамыстың адам жеуге жарайтын ақ түсті тамыр сабағын халық «борық» – деп емес, «сүйрік» – деп, анықтайды (Б. Қалиев).

В.В. Радлов: «сÿрÿк – съ добные корни камыша» немесе «белый корень куги и камыша» дейді [17, б.797, 816]. Н.А. Баскаков: «süjrük белые корни куги и камыша (их едят); süjrük `молодая поросль камыша` (ККРС, 596), + афф. –ly>süjrükli ~ süjrükgli имеющая поросль камыша» – сөйтіп, қоғанның тамырын қосады [18, б.113-114]. Л. Будагов: кир. сүйрүк, сÿйрÿкъ 1) блые корни куги и камыша (ихъ дять). 2) каз. стрелять (от сүйрү) (1869: 650).

Т. Вочак, В. Поповтардың сөздерінің жаны бар сияқты, олар жеке-леген өсімдік атауларының ономастикаға да қатысы барын жазады: «Главная причина того, что названия отдельных представителей флоры послужили основой для наименования многих географических объектов, была их информационная ценность», – дейді [19, б.172]. Расында да, өсімдік, дəнді-дақыл атауларының негізінде Жидебай, Тобылғылы, Жарма т.б. толып жатқан жер аттары аталады.

Түйін. М-Ж. Көпеев «судан шыққан сүйірік, қамыстан қант қардай боп бораған соң» деген тіркестерді білмей қолданып отырған жоқ. Осының өзі-ақ ақынның энциклопедиялық білімінің өте мол болғандығының көрінісі болып табылады.

2. Кеспе – қыр. кисп (Будагов, 177). Кеспе көже дəмдісі қайта келді, Байеке əшуласын айта келді (М-Ж.Көпеев); Қазақтың тағы бір ұлттық тамағы «кеспе» немесе «салма» деп аталады. Алғашқысын иленген қамырды жіңішкелеп кесіп жасаса, «салманы» ұннан, тары-дан, күріштен дəн салып пісіреді (С.Мұқанов). Əлімкөже– тазаланған

- 101 -

ет қосып, айрықша əдіспен жасалған жұмсақ ботқа. Төңкеріске дейін Түркістандағы Ахмет Яссауидың мешітіне жұма намазынан кейін жиылғандарға əлімкөже беретін əдет болған. Сол асты пісіретін орынды «қазандық» деп атаған, ас қазандары мен асты халыққа үлестіріп беретін астаулар осы күнге дейін сақталған (Оңдасынов). Таган (таған) – треножник, на который ставится над очагом казан (Потанин, 304). Мысалы, М.Қашқари былай дейді: «SARMAШИҚ: кеспенің бір түрі. Қамырды ұсақтап майдалап кесіп дайындайды. Мұны негізінен науқас, сырқат адамдар ішеді» [10, б.585]. Овощты (сəбзені) мал баққан ауылдар сирек қолданған. Олар «тау жуа», қыр жуа» аталатын шөптерді кеспеге турап та, шикі күйінде де жеген. Сазды жерге өсетін картоп тұқымдас жаужұмырды (буылтықты) қоламтаға көміп, пісіріп, жейтін болған. Қамыс тамыры «сүйрік» пен «май қоғаны» да жеген. «Қарға тұяқ» аталатын шөл шөбінің тамырын да қазып жеген. Тауда өсетін, дəмді қышқылтым шөпті де сүйсініп жейді (С. Мұқанов).

4. Қонақкөже (қон + ақ + кө + же) арқылы жасалған. Қонақ көже үйге қонуға келген қонақпен байланысты болса керек. Қонақасы мен қанақкөже тығыз байланысты. Өмірімде көрген мейманмын, Қонақкөже ішпестен

(М-Ж. Көпеев); Қонақасыларын беріп ертең таң атқан соң бəрін үйге шақырып (М-Ж. Көпеев); Алдына ас келтірді балдан тəтті (ГШ, 109); Қонақ сөзі мынандай мағына береді дейді Л. Будагов: «тур. тат. арапша конакъ (отъ) осм. `гость`. алт. конокъ, монг. хо-нокъ сутки, жизнь. Кавказдықтар қонақтар үшін дайындалған үйді «кунахскій» – деп атайды т.б. бірнеше мағынасы бар [20, б.94-95].

*Көже – «жидкая похлебка» – деп екінші компонентіне Ə. Т. Қайдар түсінік береді (Қайдар, 252). Көжені қазақтар қайнатқан суға бидай, тары не ұн салып ашытады. Сүт қосылмаған қатықсыз «қара көже» деп аталады. Ұрғашының асыққанды алдап жөнелту үшін даяр сый асы болады ғой, – деп, отызына табаққа салып екеуара жент қойыпты (М-Ж. Көпеев). Же тұлғасы «жем» жəне «жент» сөздерінің құрамында анықталған сияқты.

Түйін. Ас көптеген түркі тілдерінде `тағам` деген мағынаның орнында жүреді. Ас деген бөлімді қараңыз. Бірақ кейбір жерлерде қонақасы деп өлген адамға арнап кешке беретін асты да айтады. Қонаққа беретін тамақ «қонағасы» деп аталады (С. Мұқанов).

5. Қуырдақ.Исіндей қуырдақтың мұрын жарып! (М-Ж. Көпеев). Қазақта: қуыр, қуыр қуырдақ, қуырдағыңды ит жесін, желке

- 102 -

мойныңды бит жесін – деген этнографизм ежелден бар.Қуырдақ пен қуырмаштың шығу тегі бір. Қуыр түбірінен өрбіген туынды сөз. Қуырдақ деп еттен жасалған тағамның түрі. Л. З. Будагов: «ко-урмакъ =қаұрмқ тур.қуырмақ кывырмакъ (= тат. қабрмқ засучить, закрутить (усы), завить, подрубить, құрға кывырджынъ, кудрявый, курчавый (что также құры кывры); баранъ съ короткимъ хвостомъ, букли, завитые волосы, крутить нитку» – деп көрсетеді [20, б.78]. Ал, қуырмаш деген көбіне (дəнді-дақылды) қуырып, дайындау. М. Қашқари: «қоғурмач ~ қовурмач ~ қомач ~ (қуырмаш – А.Қ.) «қуырылған бидай» – деген анықтамасын береді. Қазіргі ұйғыр тілін-де қоғурмач – қомач бəлендей өзгеріс жоқ. ҚКБС жырының Твери-тин нұсқасында: «Попросил он мать однаждыДля него курмач* сго-товить.Та, без словисполнив просьбу,Позвала его покушать» – деп аударған[21, б.52]. Курмач* –деп қуырылған бидайды айтқан.

7. Кумачъ – кумачъ блый хлбъ, булка; хлбъ испеченный подъ горячей золой (кмаш Вамб.). ақ нан, бөлке, күлге пысырылған нан (пəтер), өздері үшін жақсылық тілесін деп моллаға нан апарып береді екен, бұл – Сүлеймен пайғамбардан келе жатқан дəстүр. Аңызда: құс өзінің иесіне балапандарын жеп қояды деп жалынады. Содан періш-те пайда болып дөңгелек нан (күлше) əкеп береді. Күлшені сүт, май, қант, жұмыртқа қосып пісіреді. Оны кептіріп, бір жыл жейді, тіпті малға да береді (Будагов, 163), (Транслитерация жасаған – А.Қ.)

В уйгыроведческой литературе, посвященной этимологизации второго компонента -мач в именах типа қомач`зажаренная пшени-ца`, көмəч `испеченная в золе лепешка`, также утверждается, что он восходит к слову аш`еда` (Садавкасов Г. Һазирқи заман уйғур ти-лида қошумчилар арқилиқ исим ясаш // Известия АН КазССР. Сер. филол. и искусств. 1957. № 2 (7). С. 9). Так, в «Уйгурско-русском словаре» указывается, что современная форма слова қомач состоит из компонентов қорума и аш (Уйгурско – русский словарь / Под. ред. Ш. Кибирова и Ю. Цунвазо. Алма-Ата, 1961, С. 247).

Т. Талипов -мач аффиксінің түркі тілдерінің көбінде сөз туды-рушы жұрнақ ретінде жұмсалатынын Х. Алимуродов зерттеуіне сүйеніп өз ойын қорытады. Э. В. Севортян считает, что «образование имен на -мач, начавшееся еще в древнюю пору, продолжалось и в историческое время, причем в более близкие периоды производные создавались от глаголов» (Севортян. С. 359). Однако не все образо-вания на -мач ученый относит к числу отглагольных имен. По его мнению, «межтюркское қовурмач`жареная пшеница` нельзя объяс-

- 103 -

нить из глагола қовур- `жарить`, а необходимо иметь исторические сведения об основных видах пищи у разных тюркских народов и об ареалах их распространения, откуда можно получить разъяснения для қовурмач».

8. Қазы – казы лошадиный брюшной жиръ, киргизская колбаса (начиненная конинымъ ребромъ) қазы қабырға кониное ребро съ жиромъ (Будагов, 15). Казы и карта - род колбас из конины (Пота-нин, 1972: 359). Кир. алт. арабша казы, лощадиный брюшной жиръ, киргизкая колбаса (начиненная конинымъ ребромъ), қазбаұ қабырға кониное ребро съ жиромъ (Будагов). Анайдан – Жолшара, бұл да қазы болған (ҚШ, 29); Ата қаз (құс), қазы (билік жүргізуші), қазы (тағам) сөздері байланысты болуы мүмкін. Бұл тұлғалар май > миф-тік ұмайға апарады. (Транслитерация жасаған – А.Қ.).

9. Сүр. Жалғыз-ақ ескі қатқан сүр ет бермеңдер! Шегі аман. Қатқан сүр ет берсеңдер, шегі жыртылады (М-Ж. Көпеев). Құрт пен май, сүрленген ет, қымыз келді (ҚШ, 25); Сүр // сəуір байла-нысты сияқты. Өйткені М. Қашқари: IAZUҚ иазұқ: сүр (сүрленген) иазұқ ет – күз кезінде əртүрлі татымдылықтар қосып кептіріліп қойып, көктемде жейтін ет дейді (М-Қ. 3 том. 26). Демек, сүр > жазғытұрым жейтін ет. Академик Ə. Қайдардың біз келтіріп отырған пікірге қосымша мынандай мəлімет береді: «Дело в том, что в условиях кочевого образа жизни раннего казахского общества, когда отсутствовали холодильники, морозильники, вяленье считалось удобной формой хранения сырой мясной продукции» – зерттеуге қатысы байқалды (Ə. Қайдар, 288).

10. Түйін. Сүр мен өмір сүру тіркесіндегі сүру түбірлес деп ой-лаймыз. Сүр > `ұзақ уақыт, жазғытұрым, сəуір` деген мағыналары бар.

11. Ұша. – Уай, байғұс, енеңнің қанжығасында саған алып келе жатқан оша мен төсі бар! – депті (М-Ж. Көпеев 6 т. – Б. 110). Біреудің төсін жесең ұшаңды сайла. Ұшаны көне түріктер тек қана қадірлі қонаққа: ханға, ақсүйектерге ғана тартқан. Ұша – уча малдың бөксесі (М. Қашқари I том: 144). В. Радловтың сөздігіне көңіл аударсақ: «1) Задокъ, крестецъ, спина (у животныхъ и людей). Көне түркілерде бұл бөлігі ең қадірлі тамақ болған. Онымен хандарды, қадірлі қонақтарды сыйлаған. Сібір қорғандарынан өлген адамның қасынан оларға қойылған тамақ ретінде малдың ұшасын (бел омыртқасын) тауып алған. Бұдан біз түріктер үшін ұша ең қымбатты тамақ екендігін көреміз. Алтайлықтар құдаларына

- 104 -

қойдың пысырылған артқы санын тартқан (Радлов осылай жазған, негізінде сүбесі мен құйрықтың тұтас алынған бел омыртқа – А. Қ). оны «ұча»» – деп атаған (В. В. Радлов. I том, часть 2: 1722). Бір мағынасы: «Уча – спина» (Будагов, 797).

Маңғыстау қазақтарының тілінде ұша қойдың сүбемен, құйрық тұтас алынған бел омыртқа (Ғ. Қалиев, Ш. Сарыбаев, 1979: 70). Ұша туралы мəліметті (ҚСЭ, 1997: 361; ҚТФС, 1977) таба аласыз. Үшə – ұша (филейная часть баранины) Р-К. сл. 1897, 225; Мысалы: аұш (ÿчь) (Будагов, 797). Үш: жаулық; Үшем: бір саулықтан туған үш қозы (С. Аманжолов, 436). Қазақ тілінде үш сан есімі тұтастық пен бірліктің кепілі болған. Үш саны мифтік ұғымға дейін барған. «Ошақтың үш бұты» сияқты тіркес те қалыптасқан.

Түйін. Қазақ тілінде ұша – қойдың сүбесімен, құйрықпен тұтас алынған бел омыртқа. Тат. куюмчакъ, кость между хвостомъ и кур-дюкомъ барана – деп түсіндіреді сөздікте (Будагов, 99). Будагов құйрық деген сөздің көптеген мағынасын берген соның бірі – кур-дюкъ (1871: 52). Ұша > сүбе > құйырық > омыртқа > үш.

12. Жөргем:Тек Жетісудағы Найман рулары ғана табаққа «жөргем» деп аталатын ащы жəне тұщы ішектердің өрілген бір бу-масын, қарын, өкпе, жүрек сияқтылардан бір-бір тілімін, алдыңғы жəне артқы үйітілген сирақтардың бір-бірін табақтың алды-артына қояды (С.М., 108 б.).Жүргенге жөргем ілінеді(Мақал) малдың ащы ішегі мен тоқ ішегін жуып тазалап, тұздағаннан кейін оны айнал-дырып, тағы бір рет сумен шайқайды. Қазанға салып асуға қолайлы болу үшін ішектерді өткермелеп өреді. Ащы ішек жіңішке, əрі өте ұзын болғандықтан, оны тоқ ішек секілді жалаңқабат өре салмай, бірнеше еселеп шумақтың белінен айналдыра шаншып орап, ішектің ұшын бекітеді. Жөргемді асуға да, турап қуыруға да болады. Майға қуырылған жөргем дəмді болады.

Жөргем // жөргек // жөрмелеп түбірлес сөздер. Ақымақ шал иесіз үйге кіріп келсе, Жөргекте Қозы жатыр айдай болып (ҚКБС, 20 б.). Өшін баладан алатұғын болды, Баланы бөлегенде жөргегіне шеңгел төсеп бөлейтұғын болыпты; – Кім біледі, жөргегіне шеңгел араласып кетті ме, сондықтан жыламаса, дені сау, ауруы жоқ, –дейді(М-Ж. Көпеев). Жұртқа көзім сүздірген, Жөргекті соққан – жетімек! (М-Ж. Көпеев). Осы орайда,Мəшһүр-Жүсіпте: Күмістенбесік идірді, Алтыннан түбек қойдырды сияқты (М-Ж. 2 т: 179) бесік əбзелдері кездеседі.

Йөр // жөр: М. Рэсэнен мен К. Менгес йөрге – йөр `шешу, жазу,

- 105 -

тарқату` мағынасындағы түбірінен өрбіген дейді. Йөрге туынды түбір *йөр етістік түбірінің -ге аффиксі, якуттарда сөрүө `шөптен, қамыстан тоқылған жерге төсегіш, төсеніш, жайма, шөптен не аттың қылынан тоқылған` сақталған. Демек, жөргем // жөргек түбірі йөр > жөр > өр. Өру `тоқу` мағынасындағы етістік бола-ды. Өр > өру: өрме // өргем // өре (құрт жаятын) `айналдыру, орау, тұмшалау, қымтау, домалақтау` мағынасын береді. -ге, -м; -гек (інгек, ілгек) көне түркілік аффикстер. Йөрме түрк. диалек; йөрме құмық., ноғай., йурмə баш., йурма баш. диал. йерме қар., жөрме қар бал., жүрмө қыр., чөреме тоба., с`үрме чув., жөргөм қыр., жөргем қаз., д`өргем алт., тöргöм Верб. 1. қойдың ішегінен жасалған тек қана қыр. жоқ., (жеу, ішектің ішіне ұсақтап туралған ет тығындап, сарымсақ, бұрыш салып пысыру – түрк диал.;) үйде дайындалған ішектің ішіне тығындалып, ұзынша келген пысырылған тамақ – ноғ., чув.; юрма – еттен жасалған ішіне қойдың майы жəне ащы, тоқ ішектен жасалған – баш., жеңіл малдан жасалған – кар.г., ішіек-тен жасалған тамақ – қбал., іш майынан жəне ішекті өріп жасалған тамақ – тув [22, б.236-237].

Жөрме >жөрмелеу сөзі де түбірлес болып табылады. Бұл сөздердің негізі көне түркі сөзі өр болып табылады. Өр > орау. Жөргем мал ішегін ет қосып өру арқылы дайындалған тағамның түрі. «Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігінде» (1966) жөргем мен жөргек сөзін жөр өлі түбірден туындаған дейді. Солтүстік шығыста қолданылатын «көрпе» сөзі: Тілладан ою бастырған Шұға көрпе жабайық (Ныс. 233); Жалғыз-жарым көрпесі келер сасық (М-Ж. Көпеев); Оңтүстік қазақтарының тілінде «көрпе» мағынасында қолданылатын – жуырқан сөзі де тарихи тұрғыдан осы сөзбен түбірлес, екеуі бір ғана түбірдің екі түрлі фонетикалық варианты. Көне түркі тілінде: «йерге – обертывать, заворачивать, наматы-вать, йергенчү – стеганое одеяло» (ДТС, 276). Радлов: «Сөздігінде» «йөрге – завернуть, закутать... йөргет – велеть завернуть (Т. III Ч.I). Егер соңғы фактілерді ескерсек, қазақ тіліндегі ора етістігі едəуір фонетикалық өзгерістердің нəтижесінде қалыптасқан түбір. Ора > өр. Ол өзгерістер мына тəрізді: басқы й дыбысының редукциясы, екінші буындағы г (ғ) дыбысының элизиясы. Ал жуырқан сөзінің құрамындағы бұл түбірдің ізі жуыр морфемасынан көрінеді. Мұндағы өзгерістер: й > ж, о > у. Алайда байырғы түбір өз сыпатында жөргек сөзінің құрамында ғана сақталған – дейді (Томанов, 147). Томанов: Ұршық сөзінің бастапқы дыбыстық қалыптасу сипатын:

- 106 -

йу (о)р –шық. Осындағы ійір мен ұршық екеуінің ежелгі ізі (йі/у), -р етістік жасайтын жұрнақ дейді. Ол көне түркі тілінде йіг – веретено (ДТС, 260), йігне – ине (ДТС, 261) дейді де йерге туынды етістіктің қимыл есім тұлғасы (-ге). Қазақ тіліндегі ұршық сөзінің абсолют басындағы айтылған й-дің редукциялануы, сөйтіп келесі дауыстының қысаңдауы арқылы барып қалыптасқан. Томанов сөйтіп, ұршық > иір сөзінің о бастағы түбір тұлғасы мен жөргек сөзінің түбір тұлғасы бір екендігін айтады. М. Рясянен: ир ~ ер считать корнем йарын, то й перед начальным гласным следует при-знать протезой, наличие которой в этой позиции, по мнению наблю-дается уже в древнетюркском языке. Позднее с заменой й на ж появ-ляется жар – дейді [9, б.187]. Қазіргі жастардың жоғарғы мақалдың мағынасын түсінбей «жүргенге жүз грамм ілігеді» деп өзгертіп алғандығы қатты қынжылтады. Жалпы, жаурқан (көрпе) жуырқан <>жөргек о бастағы семантикалық мағынасы да, қалыптасу кезеңі де бір, тілдің даму барысында өзгеріске ұшыраған сияқты.

13. Сілікпе: Қодығын тыпырлатып бауыздайды, «Сілікпе-леп үйге апарып бір жеймін» – деп («Қозы көрпеш – Баян сұлу» жыры: 1985: 16). Сілікпе – жас төлдің етін ас қып жеу. Сіл – сіл кіші: сіл кіші – тағамды аз жейтін адам, тағамды талғап жейтін адам. Сіл ат. Ол жемді аз жейтін ат. Сілік «пəк» сілік ер «пəк ер» (МҚ. 1998: 191, 448). Сілікпе тоңба – сіңір мен құйқаның қойылжыған сорпасынан жасайтын тағам (ҚТС, 1999: 604). Сілік + (-пе) (кеспе, бөрітпе, көрпе) деген бірліктердегі -пе сөз тудырушы аффикс. Ерте-рек кезде ет асатын ыдыстың аз немесе жоқ шағында, көшпелі елдер олардың ішінде қазақ етті сол сойылған малдың өз қарнына пісіріп жейтін болған. Қарынды бұзбай алады да, тазалап жуып, ішіне етті сыйғанынша толтырып, оған мөлшерлеп тұз салады. Онымен бір-ге сорпа қайнағанда бу шығып тұру үшін қарынның ауыз жағына қуыс қурай немесе малдың екі басы шабылған жілігін шығарып бай-лайды, сонан кейін ет салынған қарынды құмға көмеді де үстіне от жағады. Солай пісірілген, «сілікпе» аталатын ет көшпелі елдердің дəмді асының бірі болған (С.Мұқанов).

14.Төп. В. В. Радлов: төп – [Kir] каша – der Brei (Радлов, 1270).Төп: Ильм. тоб-каша; атшуњкаj – корнь куги, который киргизы пекут и едят (М. Малбаќов. Ескі сμздіктерді ескерсек... // ЌР. ЃА. Хабарлары. Тіл, єдебиет сериясы, 1992, № 5. 14 б); Төп – сөктен жасалған ботқа, каша. Мұхаммед жалғыз ұғымын жетеледі; Бір кірісін тайдыра төпеледі: (М-Ж. Көпеев 1 том. 2003: 69) Бұрын

- 107 -

жұрттың бəрі де көжесі болсын, картошкасы болсын, төбі болсын жалпылдақ жағып пісіретін (Ғ. Сланов) [23, б.71]. Төп // төпеледі түбірлес сөздер екендігі байқалады. Төп – сөктен жасалған ботқа, сүтке пісірілген тары көже (ҚТДС, 339 бет). Төп – шарап, сыра даярлаудан қалған қалдықтан əзірленетін малға беруге болатын қоймалжың жем (ҚТС, 1999: 647). Сөк пен төп тек қана тарыдан жасалатын тағам. Ильминский де төп сөзіне көңіл аударған ол – тоб – деп жазған (Малбақов). Төп быламық. Сенік, май шұрқан, майөңез сияқты төптер (өте қою ботқа) дəмді де құнарлы ас. Кейде оларды дəн *талқандарына қант, тəтті жемістер қосып, асқабақ салып немесе оның сірнесінен əзірлеген. *Талқан – толченое, жареное зерно (Потанин, 343). Төп əдетте таңертеңгі дастарқанға келген. Төп қою – Жамбыл облысында төп бозаның езіліп алынған кебегі. Ақсуат, Көкпекті елдерінде қою болып кетіпті дегенде төп болып қалу етістігі қолданылады. Гурьев (Атырау – А.Қ.) төп сөзі ботқа (каша) мағынасында (Диалек, 1960: 105). Төп – сөктен жасалған ботқа, каша (Қаз. диал., 1979: 71).

Сөктелген тарыдай боп ақталыңдар (М-Ж. Көпеев 1 том); Мен өзі елде жүргенде сөк-жарма едім, Келуге алты тазға арманда едім (Сөз тапқанға қолқа жоқ, 194) Егін егіп, тарының сөгін жерсің деп еді

(М-Ж. Көпеев 2 т.: 56) деген жолдардағы сөктелген, сөк сөзі орыс тіліндегі сок көне түркі сөзі болуы əбден ықтимал. Сөктелген деп оңтүстікте тарының ақтап тағам қылуға дайын күйі. Сөк – ақталған тары (очищенное просо, т.е. пшено) Ир. АО[24, б.407]. Л. Будагов: каз. сөк (ö) крупа, овсяная, запарная, кир. просо, сөк асы каша изъ проса, сөкмекъ – пороть, разбить т.б. (1869: 647, 648). Будагов: каз. жарма – ярма 1) крупа, ашық жарма – ячменная крупа. 2) тур. полно (см. ярма), жармақ, жармала легко разскаемый (1871: 327).

15. Майсөк: май + cөк екі түбірдің қосылуынан жасалған сөз. Майсөк – деп ақталған тарыны (сөкті) майға қуырып дайындалған тағам. Майсөкті дайындағанда қойдың құйрық майын турап, шыжғырып, шыжығын алмаған күйінде ақтаған тарыны, не сөкті салып қуырады. Майсөкті сол күйінде немесе шайға салып та жеуге болады. Қойдың құйрық майы болмағанда, жылқының майына, сары майға, тортасын айырған майға, кейде тіпті, тоң майға да қуырып əзірлейді. Майсөк жолаушылардың алып жүретін тағамның бір түрі. Май – жан-жануарлардың денесіне жиналған, суға ерімейтін органикалық зат (ҚТТС, 1983, 7 том: 89; Шаңырақ: 1990, 115). Май > ұмай бөлімінде де айтылды. SOKMAK– қабығынан аршу (Тажутов

- 108 -

А. Түрікше – қазақша сөз. 1997, 271). Сөк пен сөгу мағыналары бір сияқты. Майсөк (май + сөк) сөк > қабығынан аршу (сөгу). Тары қауызынан аршылады (сөгеді). Сөк – зат. қауызынан арылған ақтаған тары (ҚТТС, 1983: 8 том. 364). Сөгі көне оғыз тілінде төгі деп айтылған – төгі: ақталған тары (МҚ, 1998: 3 том. 311). Сөг // төг // төп дыбыстық өзгеріске ұшыраған мағынасы бір сөздер. Сөк түбірінен өрбіген бір мағынасы: сөкмен – соғыста шепті бұзған жігітке берілетін лауазым (МҚ, 1993: 28). Бұлардың мағынасында да тарыны қауызынан айыру сияқты ұғым жатыр.

16. Күрмек: Арқасында күріштің күрмек ішіп (М-Ж. Көпеев); Тағы бір мағынасы: Алт. курмекъ – деп петля, узелъ, узыны айтады (Будагов, 124).

17. Қымыран –сиыр сүті мен су қосылғанқымыз; Істің қисыны кетсе қымыран іриді не қырсыққанда қымыран іриді (Мақал). Қырғыз тілінде қымыран болып қолданылады (КРс, 314). В северно – вост. Областях «қымыран» – синоним «сүт» (молоко) [24, б.432]. Қымыран – (от ар. ғымыран): сиыр сүтімен араласқан қымыз.

2. Төмендегі мақалаларды ғылыми мəтінге жатқызуға бола ма, болса, қай салаға қатысты? Мəтіннен əдеби тіл нормасына

жатпайтын сөздерді талдап түсіндір

1. Құқық, заң тарихындағы атаулар қызықтырып, тереңірек зерт-теу ойда жүргенде «Заң газетінің» қазақ термині туралы комиссия құруы адамзаттағы бір ғажап кодекстің де өмірге осылай келгенін еске салды. Ол–француздардың азаматтық кодексі. 200 жыл бұрын ұлы Наполеон Бонопарттың басшылығымен 21 наурыз 1804жылы қабылданған. Француз тілінде жазылған бұл кодексті өз елінің ұлы азаматтары француз əдебиетінің ең үздік, үлгілі шығармасы санай-ды. Шабыттанады, тіліне табынады. Француз азаматы француз тіліне.Ата- ана тіліне. Ата- ене. Edi/ idi – ие. Е- бар болу. Един. Етене. Edite- тек. Текті тіл. Сонда да, ақын Жоашан дю Белле (XVI ғ.) қаламдасы Ронсарға жазған хат-өлеңінде: «сен ұлы римдік, не гректей болсаңда, Латын жағалауында французды ешкім тыңдамайды. Еріксіз ана тілім-нен жат елдің тіліне көшкеніме кешірім ет. Сағыныштан сарғайған, Тұм қаласында жер аударылған римдік Овидий ақын да тыңдаушы таппай амалсыз тағылардың тіліне ауысқан» деп ащы шындықты ашып жазды. Соғыста жүріп Қасым тыңдаушы қазақ жоқтығынан орыс тілінде шығарған өлеңдері бізге жетпеген. Қажеттілік мəжбүрлейді.

- 109 -

Тыңдау туа біткен қасиет. Жаратушының сыйы. Адам міндеті – тіл-десу, тілқату. Жаратылыс заңы. Тіл, сөз, ой, ес - адами емес, ғалами. Алланың жазуы. Көк тəңірінің жолдауы. Біз тек қабылдаушымыз. Түгел сөздің түбі бір. Жаратушы біреу. Тура жол да жалғыз. «Біреуі ойын біре-уіне ұқтырарлық тіліне сөз беріп жаратпақтығы махаббат емес пе?» Махаббатқа махаббат. Сөз құдайдан. Сөз иесі Алла. Онда, қазақ сөзі де бар адамзатқа түсінікті, ортақ, етене, туған тіл. Қазақ тілінің, сөзінің бойында əлемдік бар термин тұнып тұр. Сонау Адам ата заманынан тап бүгінгі күнге шейін. Кітап солай сөйлейді. Түзу тіл – қазақ тілі. Текетірестің түбі түсінбеушілікте. Түсіну үшін тілдес. Тілдес. Теңдес.Ежеттес. Естес. Танып, таңдап, түсініп алсақ небір терминге теңдес, мəндес, үндес атау, есім, сөздер тілімізде бар. Терминдерді аударуға, балама іздеуге неге құмар, ынтықпыз? Түгел сөзді түгендеп түгестік пе? Түзік термин түзеп түзейік, төл тілді түлетіп термелейік, төрелейік, төрлетейік. «Сөз түзелді, тыңдаушы сен де түзел». Абай ғылыми талап қойып отыр. Сөз, атау, термин дегеніміз ғылым. Ғалами ғылым. Термин мен тыңдаушыны түзететін тез- «ZU» (ғылым.) «Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы, Ол ақынның білімсіз бишарасы». Білімсіз бишара. Сөз арасы – термин. Шек. Өлара. Мағына түзулігі. Сөз тану. Түгел сөзді тыңдау. Түгел сөздің түбі бір, түп атасы Майқы би.

«Заң журналы» №8, 2010.2. Мəдениет (арабша “маданият” – қала, қалалық; латынша –

өңдеу, өсіру деген ұғымдарды білдіреді) – 1) белгілі бір халықтың қол жеткізген табыстары мен шығармашылығының жиынтығы; 2) адамзат қауымының белгілі бір тарихи кеңістіктегі қызметі мен өзіндік ерекшеліктері (палеолит мəдениеті, крит-микен мəдениеті, т.б.); 3) адамдық əрекеттің белгілі бір саласының жетілу деңгейі (сөйлеу мəдениеті, еңбек мəдениеті, құқық мəдениеті, т.б.); 4) агромəдениет (дəнді өсімдіктер мəдениеті, цитрустық мəдениет, т.б.).[1] Мəдениет[2] – адамның өз қолымен, ақыл-ойымен жасағандары жəне жасап жатқандарының бəрін түгел қамтиды. Жай ғана сауат ашудан жəне тазалық ережелерін сақтаудан бастап, өмірдің асқан үлгілі шығармаларын жасағанға дейінгі ұғымды қамтып жатқан – мəдениет саласының өрісі кең. Мəдениет – тарихи құбылыс. Оның дəрежесі мен сипаты қоғамдық өмірдің жағдайларына байланысты өзгеріп отырады. Тарихи дəуірлердің алмасуы мəдениеттің мазмұны мен формаларына сөзсіз терең өзгерістер енгізеді. Мəдениетті тұлғалық сипатта қарастырғанда, бірнеше елеулі түсініктерге тоқтала кету қажет, олардың ішіндегі маңыздылары: мəдени əрекет,

- 110 -

мəдени орта, мəдени игіліктер мен қажеттіліктер жəне мəдени ұйымдар мен ұжымдар. Бұлардың арасында ең түбегейлісі – мəдени əрекет. Əрекеттену – жалпы адам мен қоғамның өмір сүру тəсілі, тіршіліктің тірегі. Мəдени əрекет деп, əдетте, мəдениет игілік-терін өндіруге, таратуға, тұтынуға бағытталған мақсатқа сəйкес əлеуметтік іс-қимылдарды атайды. Мəдени игіліктерді толассыз жасау нəтижесінде адам өзінің де мəдени деңгейін көтереді. Осы əрекеттің қайнары, түпкі қозғаушы күші ретінде ғылым адамның талап-мұқтаждарын, мəдени қажеттіліктерді бөліп қарастырады. Осылардың қатарына біз мынандай адамдық қажеттіліктерді жатқызамыз: өмірдің мəні мен мағынасын іздеу, өмірден өз ор-нын табуға ұмтылу, шығармашылыққа талпыныс, альтруизм, гумандылық жəне тағы басқалары. Мəдени орта ұғымы мəдениеттің коммуникациялық (қатынастық) табиғатымен тығыз байланыс-ты. Мəдени орта заттық-материалдық, əлеуметтік ұйымдар мен ұжымдардан, рухани қызмет орындарынан тұрады. Оларға техника мен қүрал-жабдықтардың даму деңгейі, тұрмыстық мəдени дəрежесі, адамдардың білімділігі, кəсіптік шеберлігі, рухани мəдениетті сақтау жəне насихаттау ұйымдары (мұрағаттар, мұражайлар, кітапханалар, клубтар жəне тағы басқалар) жатады. Қайсыбір ұлттық мəдениетті алсақ та, ондағы салт-дəстүрлер жүйесіне бірден назарымыз ауады. «Салт-дəстүр, – дейді белгілі философ Гердер, – тіл мен мəдениет бастауларының анасы» [3]. Мəдениет өзінің кең мағынасында бір ұрпақтың келесі ұрпаққа жолдаған өмір сүру тəсілі болғандықтан, осы жалғастықты, мұрагерлікті жүзеге асыратын салт-дəстүрлер жүйесі мəдениет өзегін қүрастырады. Əсіресе, жазу-сызу болмаған ерте заманда мəдениет ырымдар мен сəуегейлікке, сенім-нанымдарға, дəстүрлі түсініктерге иек артқан. Ал салт-дəстүрлерге Ғұзыхан Ақпанбет мынандай баға береді: «Олар – терең философиялық ойдың, ғасырлар бойы жинақталған тəжірибенің сұрыпталған түжырымы, негізгі нəрі, қысқа да көркем бейнесі». [4]. Ғасырлар бойы күнделікті іс-тəжірибе негізінде сұрыпталған жазу-сызу мен азаматтық қоғам өлі жоқ кезде қалыптасқан салт-дəстүрлер мен əдет-ғұрыптар мəдени мирасқорлықтың жалғыз мүмкіндігі болды. Ескі ырымдар мен əдет-ғұрыптардан надандық, анайылықты емес, қазіргі үлттық мəдениеттердің архетипін аңғарған жөн. Кез келген ұлттық мəдениеттің негізі мен ділін, ондағы адамгершілік қасиеттер мен дүниетанымды үғыну үшін мəдениеттің тағы бір түп-тамыры дінге жүгіну қажет. Тоталитарлық жүйе ұлттық мəдениеттерді құрту

- 111 -

мақсатында, дінді «апиын» деген марксизм қағидасын басшылыққа алып, ешқандай қасиетті тірліктері жоқ, шолақ белсенді мəңгүрттерді тəрбиелеуге тырысты. Ал шындығында діни Ренессанс мəдени даму-да орасан зор роль атқарды. Дінге дейінгі дүниетаным ретіндегі миф-те табиғат қасиетті күштерге баланса, ұлттық немесе дүниежүзілік діндерде адам мен қоғамның құдіреттілігіне басты назар аударылады. Осының нəтижесінде өркениет қалыптасады. Жалпы алғанда, дінта-нусыз мəдениеттану жоқ. Мəдениеттің өзекті бөлігі – өнер. Таңбалы тастағы кескіндер мен тағы адамдардың ырым-билерінен бастап, Ра-фаэль мен Микеланджелоның мəңгілік туындыларымен жалғасқан, халықтың шығармашылық рухынан туған талай сұлу дүниелерсіз, өнер əлемінсіз, қандай мəдениеттің болсын рухын сезіне алмаймыз. Шынында да, өнер мөдениеттің алтын қазынасы, адамның ұлылығын білдіретін ғажап көріністердің бірі – оның əсемдікке, сұлулыққа үмтылуы. Осыған дейін қарастырылған анықтамалардан бір түйінді ой айтуға болады: мəдениет – адам əлемі. Мəдениет көріністерінде адамдық парасат, оқыл-ой, ізгілік пен əдемілік заттандырылып, игіліктер дүниесі құралған. Сонымен бірге мəдениет адамды тұлға деңгейіне көтеретін негізгі құрал. Əл-Фараби айтқандай, адам – «хайуани мадани», яғни, Мəдениетті жан. Адам – табиғат туьнды-сы жəне ол үшін табиғи орта мəңгілік қажеттілік болып қалады. Мəдениет адамнан табиғатты бөліп алады деген пікір қанша рет айтылса да, адамның табиғи шығармашылықтың ең жоғары үлгісі екендігіне күмəн жоқ. И. Гердердің тілімен айтқанда, адам – табиғаттың бірінші азаттық алған пендесі. Ғасырлар – адамның мəдени дамуының куəсі. Бірақ осы алға қарай жылжу Жер-Анаға əр уақытта жайлы бола бермеді. Адам қоршаған ортаны өзіне ыңғайлы тұраққа айналдыруға тырысты, алайда осы белсенділік көп жағдайда табиғатты күйзелтіп, қүлдыратып жіберді. Мəдениет пен табиғатты қарама-қарсы қоюдың бір түрі адамның табиғи анти мəдениеттілігі жөніндегі ілімдер еді (киниктер, Ницше). Контрмəдениет атты XX ғасыр туындысы бұқаралық мəдениеттегі руханилықтың затқа, тауарға айналуына қарсы қозғалыс сипатында болды. Мəдениет пен табиғатты ұштастыруға тырысатын ілім – мəдени антрополо-гия. Оның негізін салушылардың бірі – Э. Уилсон. Əрине аталған ілімдер табиғи-биологиялық заңдылықтарды тым əсірелеп жібереді, əйткенмен оның қисыны бар сияқты. Өйткені, XX ғасыр мəдениет пен табиғат дилеммасының адам тағдыры үшін қауіпті екендігін көрсетіп, заман талабына сəйкес экологиялық мəдениет ілімін ту-

- 112 -

дырды. Адамдық шовинизмді тежейтін бүл ілімнің негізі есебінде мынадай идеяларды атап өткен жөн:

1. Академик В.И. Вернадскийдің Ноосфера (парасатты орта) ту-ралы ілімі;

2. Рим клубының экологиялық тұжырымдары;3. Тейяр де Шарденнің адам жөніндегі гуманистік эволюциялық

теориясы;4. Л.Н. Толстой, М. Ганди, А. Швейцер, Э. Фромм т.б. дамытқан

гуманистік этика т.б.Тағы айта кететін жайт, осы экология мəселелеріне байланы-

сты Шығыс пен Батыстың арасындағы айырмашылық туралы. Ин-тровертивтік Шығыс мəдениеті табиғатқа жақын, ол үстемдік ету-ге шақырған жоқ. Сонымен, мəдениет адам мен табиғатты бөліп тұрған «қытай қорғаны» емес, керісінше, олардың арасындағы нəзік үндестік жəне рухани қылкөпір. Осы үндестікті (гармония-ны) одан əрі жетілдіру – адамзаттың алдындағы келелі міндет. Адам жəне мəдениет мəселесін тереңдете түсетін тағы бір жайт адамның қабілеттілігіне, жан-жақтылығына, шексіздігіне байланысты. Американ ғалымы К. Поппер айтқандай, адам бірдей үш дүниеге: физикалық, ментальдық (психикалық) жəне идеалдыққа жатады. Сонда мəдениет осылардың қайсысымен көбірек анықталады де-ген заңды сұрақ туады. Егер біз мəдениетті тек материалдық жəне рухани бөліктерге бөлудің қарадүрсін шеңберінен шыға алсақ, онда мəдениеттің өзінің ішкі мағынасында идеалды екендігіне көзіміз жетеді. Себебі, адамды қоршаған заттар, дүние – бұл мəдениеттің сыртқы көрінісі ғана, оның мəні – руханилықты адам əрекетінің нəтижесінде заттандыруда жатыр. Мəдениеттің ішкі мəні қоғамдағы өмір сүріп жатқан адамдардың өзіндік санасында, парасаттылық сезімдерінде, рухани ізденістерінде айқындалады. Ж. П. Сартрлық көсемсөзді қайталасақ, адам əлемге еркін жіберілген, ол еріктілік жа-засына кесілген. Осы сипатта мəдениеттің құпиясы – адамдағы «Мен-дік». Одан сыртқа ерекше бір нұр – азаттық, жауапкершілік, адамгер-шілік сəулесі нұр шашып түр. Мəдениетте адам ғажап биік деңгейге көтеріледі. Мəдениет дегеніміз – менің өмірім, менен бөлінген, мен өлгеннен кейін де тірі болатын менің шығармашылығым.

1. Балалар Энциклопедиясы, 6 том. 2. Қазақ Энциклопедиясы 3. И.Г. Гердер. Идеи к философии истории человечества. Москва,

1977, с. 252

- 113 -

4. Қазақтың дүниетанымы. Алматы, 1993, 36-бет3. Мəдени өсімдіктер[1](plantae cultae) – адамдар өздерінің

əр түрлі қажеттілігін (азықтық, талшықты, дəрілік, бояғыш, эфир майы, мал-азықтық, т.б.) қанағаттандыру мақсатында өсіретін өсімдіктер. Мəдени өсімдіктердің пайда болуы адам-зат мəдениетінің қалыптасуымен тығыз байланысты. Қытай мен Жапонияданкүріш, қонақ тары, қытай капустасы, бұршақ түрлері, құрма, апельсин, мандарин, шай, т.б. өсімдік түрлері; Индонезия мен Үндіқытайдан нан ағашы, манго, лимон, банан, қант паль-масы, эвкалипт, темекі, мақта; Австралияданқант қамысы, қияр, кенеп, кокос пальмасы, күріштің 2 түрі, қара бұрыш; Орталық Үндістаннан қара бидайдың 2 түрі, бұршақтың 5 түрі, зығыр, мақсары, қарбыз, сəбіз, алма, алмұрт, өрік, шие, бадан, жеміс ағашы; Орта Азияданбидай, қара бидай, арпа, сұлы, бұршақ, жоңышқа, қант қызылшасы, алма, жүзім, анар; Алдыңғы Азия-дан зəйтүн, лавр, жеміс ағашы, т.б.; Африкадан мақтаның 4 түрі, қарбыз, кофе; Америкаданжүгері, картоп, қызанақ, асқабақтың бірнеше түрі, какао, арахис, топинамбур, т.б. мəдени өсімдіктер таралған. Адамзат үшін мəдени өсімдіктердің маңызы зор. Бау-бақшадағы, егін алқабындағы өсіп тұрған өсімдіктер азық-түліктің, дəрі-дəрмектің, мал азығының негізгі көзі болып табы-лады. Қазақстанда мəдени өсімдіктердің түрі көп жəне олар əр түрлі. Олар – бидай, сұлы, жүгері, күріш, тары, арпа, түйебұршақ, соя, асбұршақ, жержаңғақ, жасымық, картоп, күнбағыс, мақта, қызылша, қарбыз, таңқурай, жүзім, т.б. Мəдени өсімдіктердің жаңа сорттарын шығарумен селекционер ғалымдар айналысады.[2]Əдетте өте көп түрден тұратын туыстардың мəдени өсімдіктерке айналған түрлері аса көп емес. Мысалы, 200 түрден тұратын зығыр туысының 1 түрі ғана, 70 түрден тұратын күнбағыс туысының 2 түрі ғана мəдени өсімдіктер қатарына жатады. Осы күнгі мəдени өсімдіктердің шығу тегі əр түрлі. Олардың кейбіре-уі жабайы өсімдіктерден шықса (бірақ өздері жабайы түрде өспейді), екіншілері будандастыру жолымен алынған (мысалы, рапс – жапырақты капуста мен қышабастың буданы, т.б.), ал малазықтық өсімдіктердің көбі əлі күнге дейін жабайы түрде өседі. мəдени өсімдіктер – қолдан сұрыптаудың нəтижесі. Сондықтан мəдени өсімдіктердің жаңа түрлерін (əсіресе, малазықтық, дəрілік, тех.) алу жылдан-жылға жалғасуда, жаңа түрлерді алу – генетиканың (селекцияның) жетістіктеріне негізделген. мəдени

- 114 -

өсімдіктер жабайы өсімдіктерден өте көп ерекшеліктерімен ажы-ратылады. Олар өздерінің табиғи ареалдары болмағандықтан, шыққан ортасынан басқа жерге тарала алмайды. Мəдени өсімдіктердің физиол. ерекшеліктерін, биохим. құрамын жəне тіршілік ортасын зерттеу, олардың жаңа сорттарын алуда маңызы зор. Жер шарында халық санының көбеюіне байланысты олардың қажеттілігін қанағаттандыру үшін (жыл сайын 1,2 млрд. т астық дақылы керек), мəдени өсімдіктер егілетін алқаптардың көлемін ұлғайтып, шөл жəне шөлейтті жерлерді, биік тау алқаптарын пайдаға жарату қажет. Осыған байланысты тосын (экстремал-ды) жағдайларға төзімді мəдени өсімдіктердің жаңа түрлерін алу маңызды мəселенің бірі болып саналады.[3]

1. Қазақ Энциклопедиясы»Қазақ Энциклопедиясы», 10 том2. Балалар Энциклопедиясы, 6 том.3. Қазақ Энциклопедиясы»Қазақ Энциклопедиясы», 10 том4.Əлем–басқаша ғалам. Ғалам – алуан түрлі формада болатын

əрі ұдайы өзгеріп отыратын, кеңістік пен уақыт бойынша шеті де, шегі де жоқ бүкіл дүние. Ғаламды (араб сөзінен) зерттеумен тіке-лей шұғылданатын ғылым – астрономия. Ал барлық ғылыми білімге негізделген ғалам жөніндегі пайымдаулар космологияның мəселесі болып есептеледі.

Ғаламның шексіздігі туралы алғашқы пікір біздің заманымыз-дан бұрынғы V ғасырда өмір сүрген ежелгі дəуірдегі грек ғалымы Гераклиттің (біздің заманымыздан бұрынғы V ғасыр) еңбектерінде кездеседі. Гераклиттің көзқарасын Демокрит, Эпикур жəне Лукреций одан əрі дамытып, кейінгі дəуірлерде Жердің шар тəрізді екенін жəне аспан шырақтарының бір-бірінен алшақтылығын анықтауға байла-нысты зерттеулер (Пифагор, Аристотель, Эратосфен) жүргізілді. Бірақ шіркеу мен дін үстем болған дəуірде мұндай озық ойлар қолдау таппай, тек Қайта өркендеу дəуірінде Николай Коперниктің «Аспан сферасының айналысы туралы» атты кітабы космогонияда ғылыми зерттеуге жол ашты. Біз мекендеген Жер де, басқа плане-талар, құйрықты жұлдыздар мен метеорлық денелер тəрізді, Күн жүйесінің құрамына енеді. Күн жүйесінің диаметрі он миллиард километрдей. Галактиканың диаметрі шамамен 30 мың пк-ке (ша-мамен 100 мың жарық жылы) жуық. Кейінірек ғалам кеңістігінде біздің Галактика тəріздес миллиондаған басқа да галактикалардың бар екендігі анықталды. Зерттелген галактикалар жиыны Метага-лактика деп аталады.

- 115 -

XX ғасырдың 70-жылдарында əр түрлі елдердегі астро-номдардың ұжымдық еңбектерінің нəтижесінде Метагалак тиканың мынадай маңызды қасиеттері анықталды:

1. Галактикалар Метагалактикада бірқалыпты таралмаған; олар-дың көпшілігі галактикалар шоғырлары мен топтарына жинақталған;

2. Галактикалар бір-бірінен, жуық шамамен, орналасу қа-шықтығына пропорционал болып қашықтайды (мысалы, бір-бірі-нен он млн. пк қашықтықтағы галактикалар 600 км/с жылдамдықпен қашықтайды);

3. Ғаламның біз орналасқан бөлігі миллиметрлік радиотолқындардиапазонындағырадиосəулемен бірқалыпты толтырылған. Бұл сəуле реликт сəуле деп аталады.

Реликт сəуле, өткен ерте дəуірдегі Метагалактиканың пайда болу бастамасына байланысты сəуле шығару процесінің қалдығы деп жо-рамалданады. Жұлдыздар мен жұлдызаралық зат иондалған газдан құралған. Бұл ғаламдағы заттың негізгі физикалық пішіні қатты зат та, сұйықтық та, бейтарап газ да емес, иондар мен электрондардан тұратын плазма деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Біздің Галактиканың өз осі төңірегіндегі бір айналымына кететін уақыт, шамамен, екі жүз миллион жылға жуық. Басқа галактикалардың да бір айналымына кететін уақыт осымен шамалас. Сонымен галактикалардың орташа жасы он миллиард жыл деп есептеледі. Алып галактикалар жүз миллиардтан астам жұлдыздан, ал Мета-галактика жүз миллионнан кем емес жұлдыздан құралатындықтан ғаламдағы жұлдыздардың саны 1019-нен астам деп есептеледі. Сондықтан мұндай кейбір жұлдыздардың төңірегінде органикалық өмірдің, сондай-ақ Жерден тыс өркениеттің болу мүмкіндігі теріске шығарылмайды.

Əлем – уақыт пен кеңістік бойынша шексіз жəне өзінің даму процесінде материя қабылдаган нысандары бойынша ақыры жоқ сан алуан бүкіл бар материалдық дүние. Қазіргі түсінік бойынша, Əлемнің жасы 15 млрд жыл шамасында.[1]

Мыңдаған жылдар, ғасырлар бойы адамзат Күнді, Айды, плане-таларды жəне белгілі бір жұлдыздарды ғана бақылап келді. Көптеген аспаншырақтары, барлық қоршаған орта тəрізді, оларға өзгермейтін сияқты болып көрінді. Бірақ, сол ерте заманның өзінде дүниеде бəрі де дамиды деген философтар да болды. Бірінші ғарышнамалық бол-

жамдарды ұсынған ғалымдар (XVIII ғасыр) ғарыштық материяның даму барысында қалайша Күн жүйесінің пайда бола алғанын

- 116 -

түсіндіруге тырысты. XX ғасырда эволюция идеясы барлық əлемге таратылды.

Əлем – бұл нақты өмір суретін, уақыт пен кеңістік бойынша шексіз жəне өзінің дамуы барысында барлық мүмкін болатын пішін қабылдайтын материялық əлем.

Қазіргі құралдармен бақыланып отырған əлемнің бөлігі Метага-лактика деп аталады. Бұл біздің Əлем. Оның өлшемі бақыланатын ең алыс денелерге дейінгі қашықтықпен шектеледі. Əлем көптеген метағаламнан тұруы мүмкін.

Метагалактиканы сипаттау үшін математик əрі астроном А. Фридманның(1888–1925) ұсынған моделі пайдаланылады:

Метагалактика эволюциясы гравитациялық күштерімен анықталады;

Метагалактика кеңістігі изотропты (белгіленіп алынған бағыты жоқ);

Метагалактика кеңістігі біртекті.Жалпы салыстырмалылық теориясының теңдеуінен Фридман

Метагалактиканың тұрақсыздығы туралы қорытындыға келді.Фридман моделі бақылаулар нəтижелерімен сəйкес келіп,

дəлелденіп отыр. Ғылымға белгілі Метагалактика тарихы Галакти-ка да, жұлдыз да жоқ кезде, ол заттар аса тығыз, аса ыстық күйде болған уақытта шамамен 15 млрд жыл бұрын басталған.

Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геог-рафия жəне геодезия. – Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007. – 264 бет.

5. Қазақстан Республикасы – көп ұлтты жəне көп конфессия-лы мемлекет, онда қырықтан аса конфессияны ұсынатын үш мыңнан астам діни бірлестіктер еркін жұмыс істейді. Қазақстан Республикасының егеменді дамуы барысында, 1990 жылы дін мəселелерімен айналысатын Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) ұйымдастырылды.Егеменді Қазақстандағы Исламның жаңғыруы, дінді мемлекет-

тік қолдау, сондай-ақ еліміздің Ислам конференциясы Ұйымының (ИКҰ) төрағалығына кірісуі жəне Тəуелсіздіктің 20 жылдығын мере-келеу қарсаңындағы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының халықаралық қызметі туралы өз сұхбатында ҚМДБ жəне Орталық Азия мүфтилері Кеңесінің Төрағасы, Бас мүфти Шейх Əбсаттар қажы ДЕРБІСƏЛІ əңгімелейді...

– Ұлы мəртебелі Шейх мырза, Қазақстан тəуелсіздік алғалы бері ислам дінінің дамуына қандай көңіл бөлініп отыр?

- 117 -

– Ел тəуелсіздігі ата-баба дінімен қайта қауыштырды. Бұл үшін Алла тағалаға сансыз шүкірлігіміз болсын.

Кеңес Одағының құрамында болғанда жаназамызды жасырын, азанымызды ақырын айтып келдік. Тəуелсіздікке қол жеткізген-де халқымыз ең бірінші ата дінімен сағына қауышты. Мұның бəрі, əрине, егеменділіктің арқасында мүмкін болды.Тəуелсіздігімізді алғанда елімізде бар-жоғы 68 ғана мешіт бар болатын. Оның бірінің күмбезі, екіншісінің мұнарасы жоқ еді. Ал бүгінде Алла үйлерінің саны 2200 шамасында. Олар негізінен халықтың, жекелеген кəсіпкер азаматтардың, араб жəне түрік демеушілерінің қаражаттары есебі-нен салынды. Он сегіз мың ғаламның Жаратушысы Алла тағалаға деген сүйіспеншілігімізді арттыруға, шариғат қағидаларын жан-тəнімізбен терең түсінуімізге жол ашатын, халықтың рухын Ислам дінімен қуаттандыратын мешіттердің көбірек бой көтергені бізді қуантады. Өйткені Алла үйі береке, бірліктің, ұлтаралық, дінаралық татулықтың тірегі, имандылықтың алтын ұясы.Сөйтіп, соңғы он шақты жыл ішінде республикамызда бірқатар сəулетті мешіттер бой көтерді. Атап айтқанда, мешіт салып, Алла тағала разылығына бөленудің үлгісін Елбасымыз Нұрсұлтан Əбішұлы көрсетті. Ол туған жері – Алматы облысы Қарасай ауданының Шамалған кен-тінде 1,5 мың орындық «Қарасай батыр» атындағы мешіт салды-рып, халықты қуантты.Тəуелсіздіктің арқасында ата дінімізбен қауышсақ та, оны орнықтырып дамыту біздің алдымызға бірқатар күрделі мəселелерді қойғаны шындық. Бұл күнде оның барлығы өз ретімен мемлекет тарапынан жасалған жəне жасалып отырған қамқорлық арқасында оң шешімін табуда. Елбасымыздың тікелей қамқорлығының нəтижесінде Ислам діні қанатын кеңге жайып ке-леді. Ал дінімізді дұрыс насихаттау үшін білім керек. Сондықтан, ең алдымен, діни рухани таза орта қалыптастыру мақсатында мешіттер жанынан діни сауат ашу курстарын ашып, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен Түркияның дін істері жөніндегі басқармасы арасында жасалған Келісімге сəйкес, жыл сайын 28 түркиялық ұстаз ірі қалалардағы мешіттерде дəріс беріп келеді.

2001 жылы Діни басқарма жанындағы аты бар да, заты жоқ бұрынғы екі жылдық ислам институтының орнына, Египет Араб Республикасындағы əл-Əзһар университетімен бірлесіп, имам-ха-тиб мамандығын тереңдетіп оқытатын заманауи 4 жылдық «Нұр-Мүбарак» Египет Ислам мəдениеті университеті іске қосылды. Ол бүгінгі стандартқа сай еліміздің Білім жəне ғылым министрлігінің

- 118 -

лицензиясын алды. Онда əл-Əзһар университетінен арнайы келген доктор, профессор ұстаздар дəріс береді. Қазірге дейін оны 206 шəкірт бітіріп, бұл күндері еліміздің үлкенді-кішілі мешіттерінде қызмет атқаруда. Мұнан əрі де білімін арттырғысы келгендер осы оқу орнында магистрлікті жалғастыра алады.

Мұның барлығы мемлекетіміздің дінге деген жанашырлығы емес пе? Қазақстанда мешіттердің саны қарқынды өсіп жатыр дедік. Ен-деше, сол мешіттерде пəрменді уағыз жүргізетін білікті де білімді мамандарға деген сұраныс арта түседі. Сондықтан, 2005-2010 жыл-дар аралығында 9 медресе (Астана, Алматы, Ақтөбе, Павлодар, Орал, Шымкент қалалары мен Үш қоңыр, Сарыағаш, Тараз, Қосшы елді мекендерінде) ашылып, мемлекеттік тіркеуден өтіп, Білім жəне ғылым министрлігінен лицензия алып, қызмет етуде.

Медреселерімізде Қазақстан Республикасының Білім жəне ғылым министрлігінің талаптарына сəйкес жоғары оқу орнын бітірген білікті ұстаздар дəріс беруде. Сонымен қатар, əл-Əзһар универси-теті мен ҚМДБ-ның келісім-шарты бойынша Мысыр елінен келген 14 доктор-профессор оқытушылық қызмет атқаруда.2002 жылдың тамызында Алматыда бұрын болмаған, имамдардың білімін жетіл-діретін республикалық Ислам институты ашылып, онда күні бүгінге дейін 763 діндар өз білімдерін жетілдірді.

Егемендік арқасында ел жастары əлемнің алдыңғы қатарлы Ислам университеті болып есептелетін Мысырдағы əл-Азһар, Пəкістандағы «Дауа» университетінде жəне тағы басқа да діни жоғары оқу орында-рында білімдерін жетілдіруге мүмкіндік алды.Исламды уағыздауда БАҚ-тың алар орны орасан. ҚМДБ жанынан шығатын «Ислам жəне өркениет» газеті мен «Иман» журналынан өзге де ислами басы-лымдар жарық көруде. Көптеген мұсылман баспа үйлері де ашылып, халықты білім нəрімен сусындатуда.Мұсылмандардың ұлық мере-кесі болып есептелетін Құрбан айттың алғашқы күнінің мемлекеттік мейрам болып бекітілуі де осы тəуелсіздігіміздің жемісі екені сөзсіз. Тəуелсіздікке дейін елімізден санаулы адам ғана қажылық парызда-рын өтеуге мүмкіншілік алса, қазіргі таңда небəрі он тоғыз жылдың ішінде 15 мыңнан астам отандасымыз Алла алдындағы парызын өтеп қайтты.

Бүгінде Астана əлемдік діндердің келісім орталығына айналды. Бірақ, біздің мұсылман елі екенімізді басқалар да, өзіміз де сезінуіміз тиіс. Сондықтан, елордада Ислам кітапханасын ашсақ, еліміздің мəртебесін көтеруге жəне ата дінімізді насихаттауға таптырмас орын

- 119 -

болар еді. Оның құрылымында Ислам сөздіктерін дайындайтын орталық ашу да маңызды.

ХХI ғасыр – толассыз дамыған техника мен ақпарат заманы. Оған ілесіп жүру – бізге сын. Олай болса, ислами телеарналардың қатарын көбейтуге де төрағалығымыздың тигізер септігі орасан. Елімізде кабельдік желілер бойынша ғана хабар тарататын əзірше жалғыз «Асыл арна» ислами-ағартушылық арнасы жұмыс істейді. Бұл ел мұсылмандарының қажеттілігін қанағаттандырмасы белгілі. Сондықтан ИКҰ-на мүше елдердің озық, жетекші ислами телеар-наларымен бірлесе отырып, жаңа телеарна ашу қажет. Оны тікелей ҚМДБ-ның қарамағына беру де аса маңызды.

Тағы бір үлкен мүмкіндік – елімізде жаңадан мешіттер салуға тың серпін беру. Осы уақытқа дейін Ұйымға мүше Катар мемлекеті елордадағы «Нұр-Астана» мешітін салып берсе, Сауд Арабиясы, Түркия, Біріккен Араб Əмірліктері бірнеше ғибадат орындарының ашылуына мұрындық болды.

– Ұлы мəртебелі Шейх мырза, Қазақстанға келсек, Сіздің ойыңызша, еліміз ИКҰ-ның Төрағасы ретінде қандай ұсыныстар жасай алады немесе Ұйымның қандай мəселелерінің шешілуіне айтарлықтай пайдасын тигізеді?

– Ұлт көшбасшысы, сарабдал саясаткер Нұрсұлтан Назар баев қашан да елімізде жəне əлемдік қоғамдастық алдында ынтымақ пен бірлік мəселесіне ерекше маңыз беріп келеді. Бұл, əрине, негіз-сіз емес. Бірлік бар жерде тірлік бар. Басқасын айтпағанда, ИКҰ-ға мүше араб мемлекеттерінің алауыздығы оның халықаралық азулы ұйымға айналуына кесірін тигізуде. Біздің төрағалығымыз кезінде осы мəселе күн тəртібіне қойылып, аз да болса, алға жылжушылық болады деген үлкен үміт бар.

Екінші мəселе еліміз ЕҚЫҰ-ға Төраға болған кезде Ауғанстан мəселесіне əлем назарын əлденеше рет аударды. Енді мұны ары қарай жалғастыра берсек, өз жемісін əкелері сөзсіз. Бұл елдегі тұрақсыздықтың шешімін нақты көмек қолын (жан-жақты) созу арқылы табуға болатындай. Қазақстан бұл ретте де басқаларға үлгі. Биылдың өзінде ол Ауғанстанның біраз студентін оқытып беруге кірісті. Ондағы билікке таласқан топтардың басын қосып, бір үстел басында өзара мəмілеге шақырды. Оған Ислам елдерінің атсалысып, жанашырлық танытуына жаңа серпін берді. Аста-нада 2011 жылы маусым айында ИКҰ-ға мүше мемлекеттердің сыртқы істер министрлерінің 38-ші мəжілісі өтеді. Осы кезде осы

- 120 -

мəселе Қазақстан тарапынан ұсыныс ретінде айтылса, айтарлықтай нəтижеге қол жетіп қалар, иншаллаһ. Өйткені, ауған жеріндегі тұрақсыздық тек Орталық Азия мемлекеттеріне ғана емес, күллі əлемге де қауіп төндіріп отырғаны жасырын емес.Исламофобия – күрделі мəселе. Соңғы жылдары БҰҰ немесе өзге де осы секілді биік халықаралық мінберлерден ИКҰ батыстық кейбір желөкпелердің Исламға жауып жатқан жалаларына тойтарыс берерлік күшті уəж айтпады деген сөздерді естіп қаламыз. Керісінше, бұл ретте Исламның лаңкестік пен лаңкестерге зəредей де қатысы жоқтығын айтып, үзбей ата дінімізді қорғап келе жатқан Н. Ə. Назарбаев екенін халық біліп, бағалап отыр. Бұған да ИКҰ-на мүше елдер бірігіп, қарсы тұратын уақыт əбден пісіп-жетілді. Тіпті, Исламға тіл тигіз-ген мемлекеттерге – экономикалық эмбарго, жекелеген азаматтарға ескерту мен белгілі бір жазалау шаралары қолданылса, ата дініміз-ге күйе жағу азаятынына сенімдімін.Ұйымға мүше елдердің даму деңгейінде де алшақтық көп. Мысалы, Гвинеяның жалпы ішкі өнімі жан басына шаққанда 600 АҚШ долларын құраса, ал Кувейтте бұл көрсеткіш 58 мың АҚШ долларын құрайды. Міне, осы себептен де кедейшілікті еңсеру – өзекті мəселе. Сауатсыздықпен күресудің де толғағы жеткен. Ислам мемлекеттерінің артта қалуының бір се-бебі де сауатсыздық пен ғылым-білімге деген селқостық екенін жасыруға болмайды. Қазақстан ИКҰ-ға Төраға болатын 2011 жылы түрлі мəжілісте бүгінгі əлемдегі Ислам мемлекеттерінің рөлі, ИКҰ-ға мүше елдердің экономикалық тұрғыдан бірігуі, лаңкестік, экс-тремизм, есірткі саудасы жəне т.б. қасіретті мəселелерге қарсы күш біріктірудің маңызды екені үнемі есте болуы керек.

– Қызықты да мазмұнды сұхбатыңызға рахмет! Шейх Əбсаттар қажы Дербісəлі,Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен Орталық Азия

мүфтилері Кеңесінің Төрағасы, Бас мүфти.«Дипломатия жаршысы» 1 (28) 2011ж.Əдістемелік нұсқау: терминнің қалыптасуына əсер ететін фак-

торларды анықтау.

- 121 -

5. Терминжасам тəсілдерінің түрлеріне теориялық тапсырмалар:

1. Семантикалық тəсіл.2. Аналитикалық тəсіл.3. Синтетикалық тəсіл.

Практикалық тапсырмалар:

1. Төмендегі кестеге терминдердің жасалу тəсілі бойынша берілген терминдерді орналастыр.

Семантикалық тəсіл Синтетикалық тəсіл Аналитикалық тəсіл

1. Адалдық, сарапшы, қызметші, заңгер, кəсіпкер, бүлікші, бір-лік, зейінділік, мазасыздық, қажеттілік, дерексіздік, ізденімпаздық, санасыздық, зейнеткерлік, құрылтайшы, жауапкершілік, бай қағыштық, біліктілік, белсенділік, бейімділік, жұмыссыздық, енжарлық, елге-зектік, кепілдік, инабаттылық, ашуланшақтық, ұлттық, қоғамдық, əлеуметтік, көркемдік, ерік белсенділігі, ықтиярлы зейін, ерік тəрбиесі, əлеуметтік кемелдену, қабылдау талғамдылығы, тəуелсіз мемлекет, аграрлық форма, дамушы елдер, адамзат қоғамы, ақылдың дəлдігі, ақылдың ұшқырлығы, дамыған мемлекеттер, қабылдау талғамдылығы, ақсүйектер қоғамы, жаппай жұмыссыздық, негізсіз сөгіс, балиғаттық жас, əлеуметтік жік, ерік патологиясы, кинестезиялық түйсіктер, фразалық екпін, фразеологиялық бірлік, академиялық стиль, дүниеге көзқарас, ғылыми-фантастикалық əдебиет, əдіс, қызмет, арман, қызығу, нышан, пікір, ұйқы, ес, бастауыш, оташы, қандауыр, ұлтабар, бірыңғай мүше, үтір, қос нүкте, синус, қосу, алу.

2. Берілген жұрнақтар арқылы жасалған терминдерге мысал келтір.

=дық, =дік, =лық,= лік, =шы,=ші, =ыс, =іс, =кер, =гер, =ды,=ді, =ғыш, =гіш, =қыш,= кіш

3. Мысалдарды жалғастырыңыз.Сын есім +зат есім: ғылыми ойлау, шартты рефлекстер...Күрделі сын есім+зат есім:жалған наным психологиясы, əдет

ғұрып құқығы...Зат есім+зат есім: дүниеге көзқарас, мінез-құлық...

- 122 -

4. Төмендегі мəтіндерден терминдерді тауып, қай тəсілмен жасалғанын анықта.

1. Морфология (гр.morf – түр, тұлға, logos – сөз, ілім) – дербес сөздердің грамматикалық мағыналарын тексеретін, грамматикалық сөз тұлғалардың қызметі мен қалыптасу, даму заңдылықтарын зерттейтін тіл ғылымының бір сапасы. Морфологияның негізгі материалы – морфема. Морфология сөздің грамматикалық тұлғаларын жеке бір тілдегі сөздердідиахрондық (тарихи даму), синхрондық (қазіргі кездегі) көрінісімен де зерттейді. Морфология сөз тұлғаларының түрленуін, бөлшектенуін, əр түрлі өзгеріске түсуін анықтау мақсатында салыстыра зерттеу жүйесімен де айналысады. Сөздің тұлғасы, мағынасы жəне атқаратын қызметі сөйлем құрамында ғана анықталатын болғандықтан, сөзді синтаксиспен байланысты қарастырады. Демек сөзді лексика-грамматикалық сипаты тұрғысынан айқындайды.(http://kk.wikipedia.org/wiki)

2. Кейбір жануарлар мен адамның қанында организмді жұқпалы аурудан қорғайтын заттар іштен туа пайда болады, ондай иммунитетті туа пайда болған иммунитет деп атайды. Бұл қасиет тұқым қуалайды. Туған күнінен бастап, өзінің барлық тіршілік ету кезеңдерінде түзілетін организмнің қарсы тұру қабілеттілігін жүре пайда болатын иммунитет деп атайды. Ол табиғи жəне жасанды деп екіге бөлінеді (екеуі де белсенді жəне енжар болып ажыратылады). Бұл иммунитеттің табиғи жолмен түзілген белсенді түрі жұқпалы аурулармен науқастанып тұрғаннан кейін пайда болады. Əдетте, ол ұзақ мерзімге созылады, кейбір жағдайда өмір бойына сақталады. Мысалы, адамдар шешек, қызылша, т.б. жұқпалы аурулармен бір рет ауырып тұрса, екінші рет қайталап ауырмайды. Ал табиғи иммунитеттің енжар түрі нəрестеге құрсақта жатқанда бала жолдасы (плацента) арқылы, ал туғаннан кейін анасының сүтімен беріледі. Мұндай иммунитет ұзаққа созылмайды, сəби 1 жасқа келгенше сақталуы мүмкін. Ауруды болдырмау үшін алдын ала егудің немесе биологиялық препараттар енгізудің нəтижесінде түзілген иммунитет жасанды иммунитет деп аталады. Егер де ондай иммунитет вакцина егуден кейін пайда болса – белсенді, ал дайын иммунды қан сарысуын құйғанда пайда болса – енжар иммунитет делінеді. Жасанды жолмен, яғни егудің нəтижесінде құралған белсенді иммунитет енжар түріне қарағанда, ұзағырақ (6 айдан бірнеше жылға дейін) сақталады. Мысалы, шешек ауруына, қызылша, туберкулез, сіреспе, күл, т.б.

- 123 -

ауруларға қарсы егу. Ал сарысу енгізгеннен кейін пайда болатын енжар иммунитеттің 2 – 3 аптадан 1 айға дейін ғана тиімділігі бар. Мысалы, сіреспе, күл ауруларына, ботулизмге қарсы иммунды қан сарысуларын егу. Иммунитеттің түзілуіне бүкіл организм қатысады. Басқарушы жəне бағыттаушы орган – орталық жүйке жүйесі болып табылады. Адам мен жануарлар организмінде жасанды иммунитет туғызуға болады. Оны – иммунитеттеу деп атайды. Ол да бел-сенді жəне енжар болып екіге бөлінеді. Белсенді иммунитеттеу ан-тигендерде – вакцина препараттарын (тірі микроорганизмдерден алынған) егу (теріге жағу, тері астына, ет арасына, мұрынға, ауызға тамызу) арқылы туғызылады. Иммунитет күші, қасиеті иммунитет туғызған вакциналық препараттың мөлшеріне, сапасына, дайындық мерзіміне байланысты болады. Белсенді иммунитеттеуді 1-2 жетіде қайталап егеді. Əсіресе, күшті əсер ететіні – бірнеше айдан не жыл-дан кейін егілген иммунитет. Енжар иммунитеттеуде қан не қан сары суына қосылған арнайы препараттарды тері астына, ет арасына егеді. Бұлар дайын антиденелер болады. Енжар иммунитеттеу бір айға ғана созылады. Сондықтан қызылша, күл, сіреспе, гангрена, тұмау, т.б. ауруларға арналған иммунитеттеуді қайталап егеді. Иммунитет-теу ветеринарияда да жиі қолданылады. Əсіресе, аусыл, жамандат, қарасан, кебенек, сарып, т.б. ауруларға қарсы жүргізіледі. Адам им-мунитеті сыртқы орта жəне əлеуметтік жағдайларға, адамның жа-сына жəне жынысына байланысты болады. Адамның дене қызуы көтерілуі, салқынға шалдығуы, шамадан тыс қатты шаршауы, қайғы-қасіретке ұшырауы, ауыр жарақат алуы, əр түрлі ауруларға (əсіресе, эндокринді) шалдығуы, дұрыс тамақтанбауы, витаминдер жəне кей-бір химиялық микроэлементтердің, фосфор, кальций тұздарының жетіспеушілігі – организмде иммунитеттің жақсы түзілуін тежейді. (http://kk.wikipedia.org/wiki).

3. Тірі организмдер бүкіл Мұхит қабаттарында тіршілік етеді. Органикалық дүниесі бентос (түпкі тұрғындар), планктон (пас-сивті жүзушілер) жəне нектонға (активті жүзушілер) бөлінеді. Өсімдік дүниесінің 10 мың түрі бар, олар, негізінен, жарық жақсы түсетін 200 – 300 метр тереңдіктегі қабаттарда таралған. Жануарлар дүниесі түрлерінің саны 150 мыңдай. Мұхитта планетадағы тіршілік иелерінің 4/5-і мекендейді. Түрлердің саны экваторлық аймақтан полюстерге жəне тереңдікке қарай кеми береді. Мұхит құрамында белок мөлшері көп азық-түлік өнімдерінің (балық, моллюскілер, бақалшақтар, сүт қоректілер, балдырлар, т.б.) маңызды көзі, ол

- 124 -

адамдарға қажетті белоктың 20%-ын береді.Теңіз – мұхит айды-нынан құрлықпен немесе су асты жоталарымен бөлінген жəне одан гидрологиялық, метеорологиялық, климаттық режімдерімен ерек-шеленетін дүниежүзілік мұхит бөлігі. Теңіздің ашық мұхиттан шет-кері орналасуы оның климатына əсер етіп, су алмасуын баяулатады. Теңіз құрлықпен неғұрлым тұйықтала түссе, онда оның су режи-міндегі мұхиттан айырмашылығы соғұрлым арта түседі. Теңіз деп шартты түрде мұхиттың ашық бөліктері де аталады; мысалы, Атлант мұхитының Саргасс теңізі жəне Үнді мұхитының Арабия теңізі. Кейбір көлдер Каспий, Арал, Өлі теңіз – теңіз, ал кейбір теңіздер шығанақ (Мексика, Гудзон, Парсы) болып саналады. Оқшаулануы мен гидрологиялық режимінің ерекшеліктеріне қарай теңіз үш топқа [ішкі (жерорталық теңіздер мен жартылай тұйық теңіздер), шеткі аралдар жəне аралық теңіздер] бөлінеді. Геологиялық тұрғыдан теңіз палеоген–неоген жəне антропогенде қалыптасып біткен. Неғұрлым терең теңіздер Жер қыртысының аумақты жарылымдарының ор-нында (мысалы, Жерорта теңізі) пайда болады. Дүниежүзілік мұхит суының құрлықтың жағалық бөлігін басуынан құрлықтық қайраңда шағын теңіздер қалыптасады. Теңіздің құрлықтан қашық не жақын жатуы климатының континенттілігінің артуына немесе кемуіне жəне температурасының маусымдық ауытқуына əсер етеді. Географиялық орнына қарай кейбір теңіз суының беткі жəне терең қабаттары көршілес мұхиттың ашық бөлігіне қарағанда жылырақ (мысалы, Қызыл теңіз), кейбірі суығырақ (мысалы, Охот теңізі) келеді. Теңіз суының тұздылығы тұщы судың кірісі (өзен ағыны, жауын-шашын, мұздың еруі) мен шығысының (булану, мұз қалыптасу) арасындағы айырмашылыққа байланысты ауытқып отырады. Балтық теңізінің ашық бөлігінің тұздылығы – 6,0 – 8,0‰ болса, Қызыл теңізде бұл көрсеткіш 41,5‰-ге дейін көтеріледі. Теңізде температура мен тұздылық көрсеткіштерінің шеткі мөлшерлері таралуына орай суының тығыздығы да дүниежүзілік мұхит үшін шеткі мағыналы көрсеткішке ие болады. Мысалы, Балтық теңізінің г/см3-ке тең. г/см3-ке тең болса, Қызыл теңізде 1,0287 тығыздығы 1,01. Мұхиттың ашық бөлігінен теңіз суы тығыздығының өзгешелігі – буының маусымдық ауытқып отыруында. Мұз қабаты негізінен полюстік жəне қоңыржай ендік теңіздерінде ғана қалыптасады. Теңіздің органикалық дүниесі мұхиттың ашық бөлігіндегі органикалық дүниеге қарағанда бай жəне көбіне өзіндік түрлер (эндемиктер) басым тараған. (http://kk.wikipedia.org/wiki)

- 125 -

4. Балықтар (лат. Pіsces) – хордалылар типінің жақтылар тобы-на жататын омыртқалы су жануарлары. 20 мыңнан астам түрі бел-гілі, олардың 97 – 98%-ы сүйекті балықтарға жатады, қалғандары шеміршекті балықтар. Қазақстанда 180-дей түрі мен түр тармақтары кездеседі. Балықтар девон кезеңінен белгілі. Қазіргі көптеген түрлері 500 мың жылдан бері өзгерместен тіршілік етіп келеді. Балықтардың мекен ету аумағы биік тау суқоймаларынан мұхиттың терең су түбіне дейінгі ауқымды қамтиды. Олар – 2°С-тан (арктикалық суда) 50°С (ыстық бұлақтарда) температура аралығында тіршілік ете алады. Тұздылығы 70‰ суға төзетін балықтар да бар. Балықтар дене тұрқы, түсі, құрылысы, физиологиясы жағынан айтарлықтай ерекшеленеді. Олардың дене тұрқы 1 см-ден 20 м-ге дейін болады, ал салмағы 1,5 граммнан 12 – 14 тоннаға дейін жетеді. Олардың пішіндері де əр түрлі: ұршық, жебе тəрізді, екі бүйірінен немесе арқасынан бауырына қарай қысыңқы, жылан, таспа, шар тəрізді, дөңгелек, т.б. болады. Балықтың денесі үш бөліктен (бас, кеуде, құйрық) тұрады. Олардың жұп танау тесігі мен көзі, жұп (кеуде, құрсақ) жəне дара (арқа, құйрық, құйрық асты) қанаттары болады. Кейбір балықтардың қанаттары жетілмеген, ал кей-бір түрлерінде өте жақсы жетілген (мысалы, албырттардың май қанаты).Денесін қабыршақ жапқан, бірақ қабыршақсыз немесе сүйекті қылтан жапқан түрлері де бар. Желбезекпен тыныс ала-ды, ауамен тыныс алуға бейім органы бар балықтар да кездеседі. Балықтар жыныстық қабілеті жетілгенше тез өседі, олардың өсуі көбіне жыл маусымына, тіршілік жағдайына байланысты. 1 – 2 жыл (кейбір бұзаубас балықтар), тіпті 100 жылға дейін тіршілік ететін балықтар да бар. Жүрегі 2 камералы, қан айналу шеңбері – біреу. Миының құрылысы қарапайым. Көптеген балықтардың иіс сезу, сезім, есту, көру (өте терең жəне жер асты суларында тіршілік ететіндерінде болмайды) мүшелері жақсы жетілген. Олардың бүйір сызығы судың қозғалысын қабылдайды. Сүйекті балықтардың көпшілігінде денесінің тепе-теңдігін сақтау қызметін атқаратын торсылдағы болады. Ал кейбір балықтарда торсылдақ – тыныс алу органы. Балықтар торсылдақ арқылы өзі шығаратын дыбысты күшейтеді. Қорегінің түріне қарай балықтар: фитофаг, планктофаг, бентофаг, детритофаг, жыртқыштар бо-лып бөлінеді. Балықтардың əдетте дара жынысты, қос жыны-сты түрлері де бар. Балықтардың көпшілігі сырттай ұрықтанып, уылдырық шашу арқылы көбейеді. Сондай-ақ іштей ұрықтанып,

- 126 -

тірі шабақ немесе ұрықтанған уылдырық туатын түрлері де бола-ды (мысалы, акулалар, гамбузия, т.б.). Тіршілігінде олар бірнеше рет уылдырық шашады, бір рет қана уылдырық шашатындары да бар (мысалы, қиыршығыс албырты, кета, т.б.). Уылдырығын судағы өсімдікке, тасқа жабыстырып қоятындары, көміп тастай-тындары, тіпті моллюскілердің денесіне тығып сақтайтындары да кездеседі. Балықтар жыл маусымына сəйкес қорегін, қыстауын немесе уылдырық шашатын жерін іздеп, кейде мыңдаған киломе-трге дейін өрістейді. Балықтар – адам үшін қажетті белокқа бай тағам көзі. Оның еті, уылдырығы, ал кейбір түрінің терісі де пай-даланылады, олардан балық майы алынады. Ішінде улы түрлері де кездеседі. Балық аулау шаруашылығы ертеден белгілі, дегенмен оның шарықтау биігі ХХ ғасырдың 70-жылдарына тура келеді. Осыған байланысты кейбір кəсіптік маңызы зор балықтардың са-нын азайтпау үшін, олардың табиғи көбеюіне қосымша əр түрлі қолдан өсіру əдістері көмегімен қамқорлық жасалады. Саны өте азайып кеткен, айрықша қорғауға алынған балықтардың түрлері мен түр тармақтары халықаралық жəне Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген (мысалы, ақ балық, Арал албырты, Арал бекіресі, Каспий албырты, көкбас, т.б.). Ғылыми мақсат үшін кей-бір балықтарды лабораторияда өсіреді. Балықтарды аквариумда өсіру кең өріс алуда. Балықтар туралы ғылым ихтиология деп ата-лады.[1]http://kk.wikipedia.org/wiki.

5. Педагогикада, шындық өмірді теориялық жəне эмприкалық тану мен білудің операциялары, тəсілдері мен процедуралары. Педагогикалық зерттеу əдістері жүйесі зерттеушінің басшылыққа алатын қағидасымен, оның зерттейтін дүниесінің құрылымы мен негізі туралы түсінігімен, жалпы методологиялық бағытымен, нақты зерттеу əдістері мақсаттары мен міндеттерімен байланысты анықталады. Қазіргі заманда зерттеу əдістері жүйесі мен оны жіктеуі туралы мəселе шешімін тапқан жоқ. Бірақ авторлардың көбі жекелеген əдістерді бір-бірінен бөлуге болмай-тынын, керсінше оларды өзара байланыста қарау қажет екенін айтады. Қазіргі педагогиканың ғылым ретіндегі қалыптасқан заманында, оның əрі де дамуы үшін ғылыми танымның теориялық жəне эмприкалық айырмашылықтарына байланысты əдістерді бөлудің маңызы өте зор. Эмприкалық зерттеу əдістері қатарына педагогикада мыналарды жатқызады:

байқау (бағалау шкалаларын қолданумен); педагогикалық тəжірибені жалпылау;

- 127 -

эксперимент əдісі (табиғи жəне лабораториялық); сауалнама жургізу; интервью жүргізу; педагогикалық құжаттардың мазмұнын анализдеу; жобалық əдістер; тестілеу; ауызша, жазбаша жəне практикалық емтихандар; шкалалау, т.б.

Аналитикалық тəсілмен жасалған терминдерге мысал кел-тіріп, төменде берілген кестені толтыр:

Кестені синтетикалық тəсілге қатысты жұрнақтармен тол-тыр:

Əдістемелік нұсқау: Терминжасамдағы тəсілдерді анықтау, оларға талдау жасау.

- 128 -

Қазіргі қазақ терминологиясының даму жəне қалыптасу жолдары

Теориялық тапсырмалар:1. Қазақ терминологиясының қалыптасуы.2. Қазақ терминологиясының қалыптасуындағы кемшіліктер.

Практикалық тапсырмалар:

1. Мəтіннен қате терминдерді тауып, қате екенін дəлелдеңіз.1. Əкімшілік - Əкімият – Əкімдік; «қыз компания» – еншілес ком-

пания; «алым» (пошлина) – баж; аймақ (зона), өңір (регион), өлке (край), аумақ (территория); ғаныш – гипс; бұлшық еті – мышца гор-децов; кезеген жүйе – нерв блуждающий (медицина); піспек – пор-шень; ішпек – подшипник (техника). Медицина терминдері ішінде, айталық «клетка» термині 1992 жылы «жасуша» болып бекітілді. Ал 2000 жылы жарық көрген Қазақша-орысша, Орысша-қазақша терминологиялық сөздікте (медицина) ол – торша деп алынған. Тіп-тен көптеген оқулықтарда клетка сол клетка күйінде қалдырылған. Əрине, соңғы кездері бұл терминнің алғашқы нұсқасы қолданысқа батыл еніп келеді. Алайда, əртүрлі оқулықтардан білім алған, оқушылар мен студенттердің емтихан, сынақ тапсырған кездегі жағдайы қалай болатыны түсініксіз. Сондай-ақ кəдімгі мех сөзі бірде – тері деп (мəселен – аң терісі), бірақ адамға қатысты – қожа), бірде үлбір деген атауға ие болып жүр. Бір қарағанда тері термині көңілге қонымды сияқты. Бірақ, айталық қоянның үлпілдеген жүні бар терісі мен қолтырауынның бұжыр-бұжыр терісін теңестіре алмайсыз. Сондықтан сірə, аң атаулының терісіне үлбір термині қолданылып жүр. («Үлбір» сірə, үлбіреп тұру, үлбіреу деген мағынадан туса керек.), раздел – бөлім, отдел – бөлім – часть – бөлім; отделение – бөлімше, подразделение – бөлімше (подразделениенің – отделе-ниеден анағұрлым үлкен екені белгілі), договор – шарт, условия – шарт (Условия договора), утвержение – бекіту, закрепление – бекіту (утвердить закрепление), служба – деятельность, функция, радио – үнжария, директор – мүдір, министр – уəзір, тираж – таралым, тех-ника – жасалым, рецепт – ішірткі, өлшем бірлігі: грамм – мысқал.

2. Төменде берілген мəтінге өз көзқарасыңызды білдір.1. Қазіргі тəуелсіздік кезеңі мен жаһандану дəуіріндегі өзекті

мəселенің бірі – қазақ тілінің қолданыстық, өміршеңдік жəне ұлтты

- 129 -

бірегейлендіру қызметін күшейту. Соның барысындағы оның негізгі сипаты тілдің рухани-əлеуметтік жаңғыртуларға сай жаңа деңгейге көтеріліп, қалыптасушы ұлттық таным мен ой-өрістің мəнін мемле-кеттік мүддеге ұластырып, қоғамның түрлі саласында кəсіби тілдік тұлғаның қызмет ету дəрежесін көтеруі жəне бағдарлауымен тығыз байланысты. Қоғам жан-жақты жəне жаңа сапада дамыған сайын онымен сабақтас тілдің де сол дəрежеде дамуы – мемлекеттік тіл мəртебесіне сəйкес тілдің қоғамдағы толыққанды қызметінің кепілі. Олай болса, ұлттың этномəдени болмысын сақтаған мемлекеттік тілдің осы бағыттағы даму деңгейі бұзылмауы тиіс. Бұл – қазақ тіл білімінің негізін салушы А. Байтұрсынұлы мен Қ. Жұбановтың қазақ тілінің мəні мен қызметін анықтаған ғылыми тұжырымдарынан ба-стау алған зерделі ой. Осымен байланысты мемлекеттік тіл мəртебесіне сəйкес қазақ тілінің қоғамдық қызметін жан-жақты жетілдіру үшін ұлттық тілдегі терминдік жүйені қалыптастырудың қоғам алдындағы маңызы ерекше екенін қазіргі қоғамдық-əлеуметтік өмір тынысы көрсетіп отыр. Мəртебесіне сай тіл қолданысының жаңа да кешенді деңгейінің сипаты мен тілдің бойындағы рухани-əлеуметтік əлеуетіне байланысты бұл өзекті мəселе А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ғылыми-зерттеушілік назарынан тыс қалған жоқ. Керісінше, тіл білімінің функционалдық парадигма-сы контексінде терминология мəселесінің жан-жақты қарастырылуы бұл саладағы көптеген міндеттерді жаңаша шешуді көздейді. Соның бірі – мемлекеттік тілдің жан-жақты қоғамдық қызметіне жан бе-ретін ұлттық терминологиялық жүйе қалыптастырудың негізгі тетігі ретінде терминдену үдерісіне ерекше мəн беру, ол үдерісті оған ықпал етуші ұлттық сананың жаңғыруымен сабақтас тану. Осыған орай термин табиғатын түсіндіруде оның қалыптасуын, дамуын жалпы тілдік жүйе мен сол тілде сөйлеуші ұлт танымына сəйкес қараудың көп мəселелердің шешіміне тиімді əсері айқындалуда. Нақты айтқанда, ұлттық терминжасамның бастау көзінде белгілен-ген «əрбір тілдің өз байлығын сарқа пайдалану» қағидасының қазіргі таңда да жаңа сапада жаңғырып іске асуы жалпыхалықтық лексика-мен тығыз байланыстырылып, төл тілдік балама табу үрдісі қазақ терминологиясын қалыптастырудың жаңаша көзқарасын сипаттап, ұлттық терминология қалыптастырудың ғылыми қағидасы ретінде анықталды (Ə. Қайдар, Ө. Айтбайұлы, Б. Қалиев еңбектерінде, т.б.). Осыған орай қоғамдық-əлеуметтік қызметінің кеңеюі мен мемлекет-тік мүддеге сай ұлттық лексиканың мүмкіндіктерін толығынан іске

- 130 -

қосудың негізгі тетігі ретінде терминдену үдерісі ғылыми негіздерінің арнайы зерттелуінің мəні ерекше (Ш. Құрманбайұлы). Қазақ терминологиялық жүйесі дамуының қазіргі кезеңінде күрделі сипаттамалы терминдер қатары молая түсуде. Осымен байланысты арнаулы лексикадан құралатын терминологиялық аталым мен жал-пы лексикалық аталым үдерістерін саралап, бастапқы уəждемелерін анықтау мəселесінің де қазіргі қоғамдағы ғылыми коммуникация-мен үндес зерттелуі де (Қ. Айдарбек) А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты қабырғасында жүргізіліп жатқан ізденістердің көкейкесті мəнін көрсетеді. Қоғам дамуының қазіргі жағдайында ұлттық төл мəдениет – рухани қалыптасудың негізгі көзі екені анықталған жайт. Сол сияқты рухани мəдениеттен таралуға тиіс ғылым тілін «қазақыландыру» бағытының да негізгі бастау көзі осы болмақ керек. Осыған орай қазақ ғылыми тілінің басым пайызын құрайтын халықаралық стандарттағы терминдердің қазақша балама-ларын жасауға бетбұрысты, терминдерді «қазақыландыру» үрдісін – «солақай» немесе «пуристік бағыт», «əлемдік өркениеттен алшақтау», «ұлттық жырақтық» деп сипаттау – біржақты түсінік. Қазіргі заманда кез келген өркениетті мемлекетте ұлттық терминологиялық жүйенің қалыптасуы – қоғам мен тіл арасындағы байланыстан, ұлттық мүдде мен мемлекеттік мүдденің тоғысуынан, танымдық негіздерімен сабақтасуына мəн беруден туындайтын, ғаламдасуға бір бөлшек боп енетін жаңаша дамудың заңды үрдісі. Нақты айтқанда, ол ғылыми түсініктерді белгілейтін тілдік құралдардың атауларын қалыптастыруда ұлттық ұғымды арқау етіп, қазақ терминдерінің төл тілдік баламаларын жасаудың, ғылым тілін қазақша «сөйлету» əрекетінің барысындағы үрдістің жаңаша даму деңгейін көрсетеді. Мысалы, қазіргі қазақ тіл біліміндегі тір-кесімділік (валентность), уəж (мотив), уəжділік (мотивированность), тілдік тұлға (языковая личность), тілдік жағдаят (языковая ситуа-ция), үстірт құрылым (поверхностная структура), т.б. терминдер – соның нақты айғағы. Бірақ көп жағдайда терминдердің құрылымдық табиғилығын сақтап, төл тілдік сөздің нақты, жіктелген ішкі мазмұны тірек етілгенімен, сөздің негізгі, жалпы мазмұны, семантикалық құрылымы, ұғымдық көлемі терминдік дефиницияға толық сəйкес келмеуі мүмкін. Сондықтан терминжасамдық үдеріс барысында ата-лымдар жарыспалылығының, емлелік ала-құлалықтардың, тіл нор-масынан ауытқушылықтың, тілді пайдаланушылар тарапынан ұсыныстардың, сыни пікірлердің айтылып жатуы – заңды құбылыс.

- 131 -

Мысалы, қазір жарыса қолданылып жүрген отбасы, жанұя, үйелмен сөздерінің «семья» атауына қатысты баламалық қолданысына қатысты пікірлерді қараңыз. Мұның себебін академик Р. Сыздық «термин жасау мəселесінің құрылымдық– тілдік жəне ұғымдық– семантикалық екі жағы болатындығының ескерілмеуінен» деп са-найды. Яғни, ғылыми терминдер заттың атын емес, ұғымның атын білдіреді. Осы тектес терминдерді қабылдауда əртүрлі «көру бұрышының» пайда болуын да, жоғарыда көрсетілгендей, бүгінгі күні біртекті сөз мағынасы дефинициясының əртүрлі сипатталуы-мен түсіндіруге болады. Дəл қазіргі қоғамдық-əлеуметтік ахуал мен тілдік жағдаят контексінде терминденген сөзді индивидтің жетістігі ретінде қабылдаудың қажеттілігі психолингвистикалық тұрғыдан адамның тілін сөйлеу тетіктерінің қызметі мен əрекеті тұрғысынан сипаттайды. Басқаша айтқанда, қабылданатың терминді түсіну ба-рысында адам өзінің жадындағы таныс сөздерді іздестіріп, оны жаңа терминмен байланыстыруы үшін қандай тəсілдерге сүйенетінін анықтайды. Себебі адамның күнделікті өмірінің барысында қалыптасқан ой-саналық (ментальді) құрылымы индивидтің жан дүниесінде пайда болған жаңа əлемді (дүниені танудың тілдік əлеміне сай), социумды айқындайды. Психолингвистикалық əдісті білімге қол жеткізу мүмкіндіктері деп қана емес, білім алу, түсіндіру тəсілдерін де қамтитын талдау үлгісі ретінде бағалауға болады. Мұндай тəсілді қолдану барысында тіл мен оны тұтынушы қатынасына сай туындайтын тілдік процестер жəне оның нəтижесіндегі индивидтің тілдік санасында «қандай жаңа мағына қалыптасады, оның сөйлеу қызметіне байланысы қандай?» деген мəселелерге мəн беріледі. Сондықтан да сол мағынаны анықтайтын, яғни индивид қолданатын лексикалық мағынаны таза вербалды тіл-дік құралдардың орнын толтыруға көңіл бөлінеді. Мұндай мағынаның орнын толтыру адамның сөйлеу əрекетінің, коммуника-тивтік қызметінің жетістігі ретінде қажет. Осымен байланысты тілдің ішкі құрылымындағы когнитивтік (танымдық) үдерістер не-месе тілдік санадағы қайта өңдеу əрекеті (терминдену) арқылы тіл шығармашылығында жаңа мағынаны қалыптастыру іске асады, ұлттық санадағы танымдық сабақтастықтың жемісі үзілмейді. Мы-салы, тұсаукесер, құрықтау, билік, т.б. Адамның жан дүниесінің мазмұны вербалды сипатта жинақталған білім, ассоциация, түрлі əсерлер, т.б. қорынан құралып, тіл тұтынушы танымындағы жалғастырушы, тұтастырушы арқау ретінде оның тілдік санасында

- 132 -

бейнеленеді. Мысалы, көсем сөзінің бұрынан түсініктілігі – «алда жүруші», «бастаушы» деген ассоциация екі сыңардан құралатын етістік тұлғасын атайтын лингвистикалық көсемше терминінің қалыптасуына негіз болады: бара жатыр, алып келді, т. б. Көріп отырғанымыздай, тілдік тəжірибеде көбінесе төл тілдік сөздің ішкі мазмұнын тірек ету үшін интернационалдық терминдердің сыртқы құрылымы, дефинициясы қазақшаланады да, терминнің семантика-сына балама іздестіріледі. Жоғарыда көрсетілген терминжасам мен терминдену үдерісінің теориялық мəселесімен сабақтас практикалық мəселелердің бірі – қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде қоғам өмірінің барлық саласында кеңінен қолдану жолында өзекті қоғамдық-əлеуметтік мүддеге айналып отырған, бүгінгі таңда тілді тұтынушы талаптарын қанағаттандыратын нақты салаларға, атап айтқанда, мемлекеттік тілдің мамандыққа сəйкес меңгерілуін зерттеу. Əртүрлі нақты салаларда қазақ тілін қолданудың оны қажетті деңгейде кəсіптік бағдарлы біліммен ұштастыруға бағытталған ком-муникативті-функционалдық қағида ұғымдарын тірек қылатыны белгілі. Осымен байланысты, мысалы, мұнай-газ мамандығы сала-сында қазақ тілін қолдану арқылы арнаулы сала тілін қалыптастыруды мақсат еткен зерттеу жұмыстарының нəтижесі кəсіби-əлеуметтік қолданысқа сай аса тиімді болып отыр. Себебі болашақ мамандар еңбек етуге тиіс мұнай-газ саласында қазақ тілін тұтыну – қазіргі таңдағы Қазақстан Республикасының тек экономикалық мəнін ғана емес, сонымен бірге халықаралық қатынас жүйесіндегі саяси, мəдени-əлеуметтік мəнін сипаттайтын кешенді де күрделі мəселе. Сондықтан салалық терминология негізінде мемлекеттік тілді жоғары деңгейде меңгерген, оны кəсіби ортасына байланысты жан-жақты қолдануды жақсы игерген ұлттық мамандардың тілдік тұлғасын қалыптастыру ісі өзінің қоғамдық-əлеуметтік маңызына сай тілді дамытуға байланысты мемлекеттік бағдарламалармен сабақтасады. Тəуелсіз ҚР-дағы индустрияландыру бағытына сəйкес Қазақстан өнеркəсібінің болашағы – білікті кəсіби жас мамандардың қолында. Сондықтан оларға мемлекеттік тілді мамандыққа сəйкес меңгерту – бүгінгі өмір талабы. Осымен байланысты зерттеулерде қазақ тіліндегі кəсіби лексиканы қалыптастыруды іске асырудың ұтымды жолдары анықталғанын мынадай нəтижелерінен көруге бо-лады. Кəсіби лексиканың мамандыққа қатысты атқаратын қызметіне сай үш түрін көрсету (кəсіби-бағдарлық, кəсіби-тақырыптық, кəсіби-шығармашылық). Оның негізіне мамандыққа байланысты күнделікті

- 133 -

өндірістік іс-əрекетте қолданылатын, тұтынылатын тілдік қолданыстар, сəйкес мəтіндерден, оқулықтардан, салалық сөздік-терден жинақталған тілдік деректер пайдаланылады; Тілді зерттеу барысы да, тілді оқытып, үйрету барысында да бұрын тілдік жүйенің жазбаша формасы негізінде жүргізілсе, соңғы кезде прагмалинвги-стика, когнитивтік жəне коммуникативтік линвгистика бағытына сəйкес тілдің сөйлеу кезіндегі тілдік көрінісіне, яғни нақты сөйлеу əрекеті ауызша мəтінге ерекше мəн беру. Қазақ тілін мамандыққа сəйкес ұлттық терминология негізінде меңгертудің тəрбиелік мəніне, атап айтқанда, оларды арқау етіп құрылған мəтіндердің психологиялық, ұлттық танымдық мəніне ерекше көңіл бөлінеді. Оны дұрыс та дəл таңдалған тиісті газет мəтіндерінің тілді меңгерту үшін оқу-əдістемелік құралдарында, оқыту үдерісінде қол-данылуынан көруге болады. Осыған орай жүргізілетін талдау жұмыстарының ғылыми əдістемелік негізі танымдық уəжбен сабақтастырылып тұжырымдалады. Сайып кел генде, осы тектес зерттеулер нəтижесі бола шақ маман иесінің ұлтжандылық қасиет-терін қалыптастырып, олардың ана тіліне, ұлт мəдениетіне, кəсіби мамандығына деген құл шынысын арттыруға қызмет етеді.

Жамал МАНКЕЕВА, филология ғылымдарының докторы, про-фессор, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты лексиколо-гия бөлімінің меңгерушісі

2. Жалпы жағдай. “Тіл туралы” Заңның 4-бабында “Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемле кеттік басқару, заң шығару, сот ісін жəне іс қағаздарын жүргізу тілі”, – деп жазыл ған. Бірақ осы қағиданы ойдағыдай жүзеге асыруда мемлекеттік органдардағы нақты əрекет тіпті жеткіліксіз. Кəсіби Парла менттің жұмыс істей бастағанына 20 жыл болса да, Үкімет мыңдаған заң жобала рының бірде-біреуін мемлекеттік тілде ұсына алмады. Республиканың мемлекеттік ор-гандары мен ұйымдарында заң, ресми құжаттар жəне барлық қаулы-қарарлар мемлекеттік жауапты адамдардың ойланып-толғанып, тіке-лей араласуымен жазылмай, орыс тілінде дайындалады. Мəселенің байыбына бару, оған те реңірек үңілу үшін ресми құжат дайындау ісіндегі мемлекеттік тілдің жай-күйіне нақ тырақ тоқталайық. Құжат деп, ең алдымен, заңдардан бастап əртүрлі деңгейдегі нор мативтік құқықтық актілерді, сонымен бірге нормативтік емес құқықтық ак-тілерді де түсінуіміз керек. Кеңес өкіметі тұсында, тіпті, күні кешеге дейін ұлт тілінде білім алып, ол білімін заң дайындау саласында іске

- 134 -

жаратқан мамандар болды ма, егер болмаса, орыс тілінде білім алып, сол тілде жұмыс істейтін адам жоғарыда айтылған нор мативтік ак-тілерден бастап ресми құ жаттарды қазақ тілінде дайындай ала ма деген сұрақ алдан кесе көлденеңдей береді. Тіпті нормативтік құқықтық актілердің жобасын əзірлеуге мұрындық болып, оны құқықтық сараптамадан өткізетін Əділет министрлігінің өзінде мұндай маман бар ма екен? Егер заңды мемлекет тілі – қазақ тілінде жазуға көше бастасақ, бұл істі тап осы министрліктен бастау керек, өйткені ол осы органның төл міндеті, заңның табиғатын, заң норма-сын, заңи техниканы олардан артық кім білмек. Қай салада əзірленген заң жобасы болмасын, осы мекеменің батасын алмай өтпейді. Заң жобаларының мемлекет тілінде жазылмайтынына Үкімет тарапын ғана кінəлауға болмас. Конституциялық қағи даға сəйкес заң жобала-рын Мəжіліске ұсынатын үш субъектінің бірі – Үкімет болса, бірі – Парламент депутаттары. Алайда Үкіметтің мүмкіншілігі кімнен болса да мол. Заңды мемлекеттік тілде жазатын адам жоқ деп, ауы-зды қу шөппен сүртіп, əрекетсіз отыра беру – оңай, ал жоқтан бар жасау қиын, əрине. Қандай да болсын жаңа іс өмірге оңайлықпен жолдама ала алмайды, сондықтан бұл іске соны серпін беріп, бір арнаға салу үшін жұрт болып жұмылуымыз керек. Үкімет тарапы-нан заң жобаларын əзірлеуші мемлекеттік органдар заң шығару ісіне оның қыр-сырын, заң техникасын жетік меңгерген, белгілі заңгерлерді тартып, оларға қазақтың тілін жетік білетін, бас-аяғы бүтін сөйлем құра алатын маман дар ды қосып берсе, бұл істен күш пен қар жыны аямаса, тап осындай күйде отырмас па едік деген де ой келеді. Ал депутаттардың заң шығару баста масына келетін болсақ, мемлекеттік тілде əзірлеу мəселесі Парламент депутаттары та-рапынан да мəз болмай тұр. Бірінші сай ланымда мемлекеттік тілде əзірленген бір ғана заң болғанын білеміз. Ол – «Көші-қон туралы» Заң (бастамашысы – Əкім Ыс қа қ). Ал екінші сайланымда Мəжіліс депутаты Фариза Оңғарсынованың бас та машылығымен “Қазақстан Республика сындағы баланың құқықтары туралы” Заң қабылданды. Əзірге бар-жоғы осы екеуі ғана. Көріп отырсыздар, бір сайланымға, яғни əр бес жылға бір-бірден ғана келеді екен. Енді осы сайланымға көп үміт арты лып отыр. Оған дайындық жұмыстары да жоқ емес. Əділет министрлігі, яғни Үкімет тарапынан да бірнеше заң жобасын мем ле кеттік тілде ұсынамыз деген уəде бар. Үкі метіміз мемлекеттік тілде жазылған осын дай заң жобаларына оң көзқарас танытып, дұрыс қорытындысын беріп жатса, онда өз тілімізде дайындауға

- 135 -

ынта да арта түсер еді. Осы жерде мемлекеттік тілде заң əзір леу ісіне кім жауапты деген қисынды сұрақ туады. Тəуелсіздік алған 18 жыл ішінде мемлекеттік тілде заң əзірлеу ісінде қалып тасқан дəстүрі мен орныққан терминоло гиясы жоқ біздер шындықтың бетіне неге тура қарамаймыз? Парламент пен Үкімет аудармашыларының күшімен жылдар бойы қордаланған проблемаларды бірден шешіп тастауға тырысатынымыз қалай? Мемле кеттік тіл мемлекеттің ісі болғандықтан мем лекеттік деңгейде қойылуға тиіс емес пе? Бұл жерде аудармашылар атқарып отыр ған үлкен істі бір мысқал да ке-мітуге болмайды. Мемлекеттік тіл дамуының қазіргі деңгейінде құжат тілі сол аударма шы-мамандардың күшімен орнығып келеді десек, артық айтқандық болмас. Жазушы, ақын, журналистер өзінің ойын қағазға түсіргенде өзінің сөздік қорында, сөз бай лы ғында бар сөздерді қолданады. Ал ау дармашылар құжатты аударғанда көптеген сөздердің баламасын сырттан іздеуіне тура келеді. Өйткені өзінің сөздік қорында бар сөздермен кейде құжат мəтінін, əсіресе заң тілін-дегі нормаларды дəл жеткізіп беру қиын. Осындай жағдайда əртүрлі сөздік терді, энциклопедияларды ақтаруына тура келеді, осылайша ресми тілімізді қалып тастыруға өлшеусіз үлес қосады. Алайда ау-дармамен алысқа ұзай алмайтынымыз тағы да анық. Біздің түпкі мақсатымыз – мемлекеттік тілде жұмыс істеп, құжатты тікелей мем-лекеттік тілде дайындау. Осы орайда біздің тіліміз ресми тілдің жүгін алып жүре алмайды деген əңгіменің де ұшығы шығып қалады. Ахмет Байтұр сыновтың бір өзі бірнеше оқулықтың тілін жасап шыққанын еске алсақ, туған тілі міздің ресми тіл қалыптастырудағы мүм кін дігін тек пайдалана білу керек сияқты. Ахаң айтқан: “Тілдің міндеті – ақылдың аңдауын аңдағанша, қиялдың меңзеуін меңзегенше, көңілдің түйгенін түйгенше айтуға жарау – мұның бəрін де жұмсай білетін адамы табылса”, – деген сөздің байыбына барсақ, көп нəрсенің кілті сонда жатқандай. Ал қазіргі жағдай – мемлекеттік тілге деген қырын қараушылықтың, қазақ тіліндегі заң мəтінін əзірлеудің бар жүгін аудармашыларға артып қоюдың салдары. Біз бүгін жекелеген сөздерге сын айтып, соны жөндегенге мəз боламыз. Бірақ бұл өзімізді-өзіміз алдау ғана. Тілге деген көзқарас түзелмейінше, мемлекеттік тілде заң жобасын дайындауға мемле-кеттік тапсырыс беріліп, күш пен қаржы бөлініп, бұл іске мамандар мен заңгерлерді барынша жұмылдырмайынша, іс оңға баспайды. Ұлттық заңнама жəне ресми аударма. Бүгінгі күні мемлекеттік тілдің ресми қолданылу жүгін атқарып отырған ресми аударманың мемле-

- 136 -

кеттік қызметке жаппай енуі сонау 90-шы жылдардың басына тұспа-тұс келді. Егемен ел болуымыз бұрын на зар дан тыс қалған қазақ тілінің мемлекеттік дəрежеде қолданылу аясын кеңейтуге жол ашты. Ресми құжаттарды əзірлеу ісінде кеңес дəуірінен қалған тəртіп, яғни орыс тілінің үстемдігі бəз-баяғынша сақталып қалса да, енді оның қазақша нұсқасының болуы міндетке айналды. Жалпы, тəуел-сіздігіміздің тарихымен есептесек, 90-шы жылдардың алғашқы жар-тысын ресми аударма дамуының бірінші кезеңі деп айтуға болады. Бұл кезең туған тілдің теңдік алғанына қуанған көңілден арылмай, əйтеуір істі бастап алсақ, көш жүре түзелер деген ниетпен жұмысты жолға қою кезеңі болды. Құжаттың қазақша аудармасы бар ма, бар деген ыңғайда оның сапасына онша мəн берілмеуі, аудармашының авторлық стилін ескеру осы кезеңге тəн құбылыстар. Көш, шынында да, жүре түзелгендей болды. Уақыт өте ресми құжаттың, оның ішін-де заңнаманың өзіне тəн бұлжымас ортақ стилі болатыны, құқық қолдану мəселесі құжат тілін əркімнің стиліне салуды көтермейтіні анықтала түсті. Ресми аударманың көркем аудармадан басты ерек-шелігі де осында еді. 90-шы жылдардың одан кейінгі жартысын қамтыған екінші кезеңде аударманың сапасы мен мағынасына мəн беріле бастады. Терминкомның жұмысы жанданып, терминологиялық қорымыз біршама байи түсті. Бұл кезеңнің бір кемшілігі – мемлекет-тік тілдегі құжаттар заң терминдері мен атау сөздердің баламаларын сынап көретін сынақ алаңына айналды. Ол тəжірибені ресми аударманың дамуында орын алған кемшілік десек те, бұл сол кездегі қажеттіліктен туындап еді. Қоғамдық өмірдің сан саласында жоғары қарқынмен жүргізілген реформалар нəтижесінде тілдік айналымға күн санап көптеп енген жаңа сөз тіркестері мен сөз орамдары ғылыми-теориялық, заңгерлік сараптамалық тұрғыдан жүйелі сараптаудың болмауы салдарынан аудармашыны осы лайша өз бетін-ше əрекет етуге мəжбүр етті. Заң нормаларының практикада қолда-ны луында қиындық туғызатын бұл жағдайдан əлі де толық арыла алмай отырмыз. Қазіргі кезеңді ресми аударма дамуының үшінші кезеңі деп айтуға болады. Бұл – терминдерді бір ізге түсіріп, бұрын жаңсақ қолданылғанын түзету, олардың мағынасына көңіл бөлу кезеңі. Осы жерде тағы бір тоқтала кететін маңызды мəселе: бізде ресми аударма ісі, əйтеуір тілден хабары бар ғой деген ниетпен, не-гізінен журналистер мен филологтарға жүктелген. Ал өз басым заңның мəтінімен жұмыс істейтін адам міндетті түрде заңгер болуы керек, тым болмаса ол құқықтың əр саласынан ха бардар болуы керек

- 137 -

деп ой лаймын. Өйткені, майталман аудармашы-журналистердің өзі заңның мəтінімен жұмыс істеуге келгенде, сол заңның таби ғатын түсі не алмай қиналады. Əрине, бұл олардың кінə сі емес. Бүгінгі күнге дейін солай болып келді, қазір де солай. Сөздің мағынасын жете түсініп, қазақи ұғымға сай сөйлем құрға нымен, əр заң мен құқықтық актіде норма бо латынын, əр сөздің болмаса да əрбір сөй-лемнің норма жүгін арқалап тұратындығын кез келген аудармашы түсіне бермейді. Ал оны аңдамаған адам қазақшаға еркін аударып, немесе тігісін жатқызып редакциялап, бір қарағанда əп-əдемі, бас-аяғы дұрыс сөйлем құрғанымен, орыс тілін дегі түпнұсқамен салы-стырып, заң шыға ру шының не айтпақ болғанын зерделегенде, оның айтпақ ойын, яғни норманы бұзып алатын жағдайлар да аз емес. Сондықтан заң мəтінімен жұмыс істейтін аудармашы да, редактор да оның табиғатын түсінетін адам, яғни заңгер болуы керек. Бұл мəселені баса айтып отырған себебім – заң жобаларымен күнделікті жұмыста осыған көзіміз əбден жетіп жүр. Жалпы мемлекеттік тілдің орнығып, кеңінен қолданылуында ресми аударманың алатын орны, атқарар рөлі ерекше. Бұл – жал пыға бірдей танылған ақиқат. Ресми аудар ма ның түп мақсатының өзі – мемлекеттік рес ми құжат тілін, заңнама тілін қалыптастыру. Біздің ресми аудармамыз бұл міндетін белгілі бір дəрежеде орындап келеді. Бірақ бір ғана аудармамен алысқа бармай тынымызды тағы да қайталап айтамыз.

Ұлттық заңнама тілінің тезаурусы мен терминологиясы. Қоғамдық қатынастардың бір немесе бірнеше ұқсас саласын реттей-тін заңдық бір норманың мəтіндік, редакция лық жағынан өзгеріске ұшырамай, қалып тасқан шаблон секілді қайталанып келуін тезаурус деуге болады. Өкінішке қарай, біздің мемлекеттік тілдегі заң мəтініне тезаурус тəн емес. Тезаурусты былай қойғанда, мемлекеттік тілдегі заң мəтіндерінде терминдер мен атау сөздердің жарыспалы балама-ларынан аяқ алып жүре алмайсыз. Тезаурус туралы терминдер бір ізге түсіп, əбден қалыптасып болғанда ғана айтуға болады. Əзірше əңгіме оның алғышарты ретіндегі терминология туралы болмақ. Бұл мəселені қозғағанда біз терминдерді ұлттық заңнама термино-логиясы шеңберін де қарастыратынымызды бірден айтып өтуіміз керек. Өйткені, заңдар қоғам өмірі нің барлық саласын реттейтін жоғары құқықтық акт болып табылады. Сондықтан заңнама тер-миндері қоғамның тіршілік-тынысының барлық саласын қамтиды. Ұлттық заңнама терминологиясында шеш ілмей жүрген бірқатар өзекті проб лемалар бар. Оның біріншісі – норматив тік-құқықтық ак-

- 138 -

тілердегі атау сөздердің, терминдердің бірізділігі проблемасы. Нор-мативтік құқықтық актілер жобаларының орыс тілінде əзірленуі, Парламентке келіп түскенше осы жобалардың сол тілдегі мəтіні ғана пысықталып, ал қазақ тіліндегі аударма нұсқасының назардан тыс қалуы, депутаттық жұмыс топтарында да жобамен жұмыстың негізі-нен орыс тілінде жүргізілуі, жалпы алғанда ұлттық заңнама тілінің, оның терминологиясының орыс тіліндегі нұсқаға байланып қалуы ұлттық заңнаманың тілі мен терминдеріндегі бірізділіктің сақтал-мауына себеп болып отыр. Тиісті сала мама нының, заңгердің тезінен өтпеген ұлттық термин алды-арты, кейінгі қолданылу жағдайы бо-лжанбай, жалғыз аудармашының ой-өресіне байланып, бір қайнауы ішінде, шала-шарпы күйінде кетіп жатады. Мəселенің түйіні норма-тивтік құқықтық актілер жобаларын қазақ тілінде əзірлеуде жатыр. Сонда ғана бірнеше сатыда алуан түрлі мамандар талқысынан өткен əмбебап терминдер қалыптасар еді. Кеңес өкіметі тұсында ұлттық термино логиямыз интернационалистік принциппен дамыды. Түбірі сақталып, жалғауы орысшаға бейімделіп өзгертілген халықаралық тер миндер, атау сөздер біздің тілдік ортамызға сол күйінше еніп кет-ті. Бірнеше ұрпақ сол терминдердің тілімен оқып, бұл сөздер əб ден құлаққа сіңісті болып қалды. Енді кеп біз оларды жаппай аударуға көштік. Жөні келсе аударған дұрыс, əрине. Бірақ, өкініш ке қарай, тер-минді, атау сөзді аударған кезде көпшілік жағдайда оның кез келген сөз тіркесіндегі əмбебап мағыналық прин ци пі, яғни терминнің ау-дармасына деген ака демиялық көзқарас сақталмады. Көп шілік жұрттың оны қалай қабылдайтыны, аударма терминнің тілдік ортаға сіңісу мəселесі ескерілмеді. Содан келіп бір сөзді бірнеше нұсқада аудару проблемасы пайда болды. Ака демиялық көзқарас соңғы жыл-да ры қап тап кеткен сөздіктерде де сақтал маған. Осы ған байланысты академик

Ə. Қайдаровтың сонау 90-шы жылдардың ба сында айтқан: “Қазақ тілі терминологиясы əр түрлі жағдайларға байланысты бүгінде дағдарысқа ұшырап отыр: оның ғылыми принциптері жаңа үрдіске бағыт-бағдар беріп, алда жүріп отырудың орнына артта қалып, тер-мин практикасы аяқ асты болып бара жатыр. Осының салдарынан əркімнің өз білгенінше термин жасауы немесе оны ауыстыруы, алма-стыруы тəрізді бейберекет əрекетке (анархия) жол беріле бастады”, – деген сөзі бүгінгі күні күрделі проблемаға айналып, алдымыздан шығып отыр. Осы орайда Терминкомға мемлекеттік мəртебе берілсе, біздің жұртшылыққа тарап, қоғамдық пікір туғызатын ресми құжат-

- 139 -

тарымыз бен баспа басылымдарымызда бұрыннан екшеліп, електен өтіп, қалыптас қан сөздер мен тіркестерді əркімнің өз бетінше бұрмалап жазуына, жаңа сөздердің баламасын долбарлап жасай салуға да жол берілмес еді-ау деген ой келеді. Адам психологиясы бір нəрсені жаңадан жасап, қиналғаннан гөрі дайынды пайда ланғанға бейім. Сондықтан біздің ғылымға талаптанған жастарымыз ғылым саласын дағы, оның ішінде заң ғылымы саласындағы зерттеулерін қазақ тілінде жазуды, ондағы атау сөздер мен терминдерді қазақшаға аударғанды жан қинайтын артық жұмыс санайды. Ал орыс тілінде біршама пысық талып, дайындалған терминдер, терми но логия бар. Оның үстіне, көпшілік ғылыми əдебиеттер, мақалалар негізінен сол тілде жəне басқа тілде. Осы себепті де орыс тілін де жазғанды, тіпті оған да шамасы келмесе, ғылымға қол сілтеп, қоя салғанды жөн кө-реді. Кімді жазғырасың. Нормативтік акті лердің жобаларын орыс тілінде дайындауға тапсырыс беретін Үкіметті ме, əлде мемлекет та-рапынан байыпты бағыт боларынан үміт үзіп, өз бетінше əрекет жа-сап жатқан жур налистерді ме немесе үлкендердің тіл саясатындағы шатасқан тірлігіне араласудан қашатын жастарды ма. Тіліміздегі, оның ішінде ұлттық заңнамадағы терминдерді бір ізге түсіруіміз қажет. Бұл – елдігімізге сын. Ол үшін терминдерді ретке келтіріп алу керек. Содан соң халықаралық теорияның қазіргі принципіне сай терминдерді стандарттау жəне өзара үйлестіру жұмысына көшуіміз қажет. Себебі, біз халықаралық құқық теориясынан, оның термино-логиясынан тыс қала алмаймыз. Үлкен қиындық туғызып жүрген проблеманың бірі – мемлекеттік тілдегі терминдік қордың əлі жет-кілікті деңгейде қалыптаспағандығы. Еуропаны айтпағанда, бұрынғы ТМД елдерімен салыстырғанда да біз бұл жөнінен көп кенжелеп қалғанбыз. Мысалы, Балтық жағалауы елдерінде мемлекеттік терми-нология комитеттері бекіткен терминдер саны 200 мыңға таяу болса, біздегі бекітілген терминдер одан шамамен он есеге жуық аз екен. Жоғарыда біз орыс тіліндегі термино логияның артықшылығы жөнінде айттық. Ал енді ол да жоқтан бар болып, аспаннан аяғы сал-бырап түсе қалған жоқ. Кезінде КСРО халықтарының мемлекеттік тілі – орыс тілінің қоғамдық өмірдің барлық саласында жұмыс істе-уін қамтамасыз ету мақсатында термин мəселесімен арнайы түрде айналысатын, білікті ғалымдар мен əлеуметтанушылардан құралған Ғылыми-техникалық терминология комитеті құры лып, оған арнайы институттар бағынды рыл ды. Яғни, ол – жүйелі түрде жүргізілген жұмыстың жемісі. Біздің қазіргі Мемтер минкомды білікті аппараты,

- 140 -

қажетті қар жы сы бар тұрақты жұмыс істейтін мемлекеттік органға айналдырудың кезі келген сияқты. Сондай жағдай жасалғанда ғана, олардан нəтижелі жұмыс талап етуге болады. Ал Мемтерминкомның консультативтік-кеңесші орган ретіндегі қазіргі жағдайымен ұлттық терминдерімізді қалыптастыру сияқты үлкен жұмысты тиянақты жүргізу əсте де мүмкін емес екені белгілі. Кеңесші орган болғандықтан оның шешімдерінің де жалпыға бірдей міндетті күші жоқ. Термино-логия – бүгінгі күні ең күрделі жəне проблемасы көп сала. Қазір жа-рыса шығып жатқан жаңа сөздер көп. Сөздік тер дің өзі ала-құла. Кəсіби, салалық, ғылыми терминдердің əр жерде əр түрлі жазылуы бəрімізді де жаңылдырады. Заң, медицина, техника, экономика, əлеуметтану, саясат тану, тағы басқа салалардың өзіне тəн терминдері мен атау сөздерін бір ізге түсіру де əлі басталмаған жұмыс. Ғылым, өндіріс салаларын терминмен толық қамтамасыз ету үшін кем деген-де 300 мыңдай сөз бекітілу керек екен. Ал 90-шы жылдардан, яғни егемен ел болғаннан бергі ұлттық терминологиямыздың 20 жылдық кезеңінде бар болғаны 150 мыңдай сөз бен аталым мақұлданғанын ескерсек, бұл салада атқарылар істің əлі де көп екенін байқаймыз. 2004 жылғы 21 сəуірде Үкіметтің қау лы сымен Қазақстан Республикасындағы мем лекеттік терминологиялық жұмыс тұжы-рымдамасы бекітілді. Онда терминологиялық ахуалға сипаттама беріліп, ұлттық терми нологияны дамытудың негізгі міндеттері бел-гіленді. Олардың бəрін тізбей-ақ екі-үшеуіне тоқталайық. Бұлар: қазақ терми но логиясын реттеу. Бұл міндет – мемлекеттік іс болып табылады. Сондықтан Мемтер мин ком ның мəртебесі өзгертіліп, оның мін деттері, құрылымы қайтадан қаралып, жаңа бағыттары белгілен-ген ресми орган ретінде бекітілуі қажет; компьютерлік термино ло-гия лық база жасау; мемтерминком қабыл даған сөздерді Үкімет қаулысымен бекіту. Ал енді алға қойылған осы міндеттердің орында-луы қалай? Тұжырымдамада Мемтерминкомды мемлекеттік орган ретінде құру бірінші міндет ретінде белгіленгенімен, ол əлі күнге шешімін тапқан жоқ. Терминологиялық электрондық қор жасау жөнінде де осыны айту керек. Мұндай қордың əлі күнге дейін болма-уынан бір терминнің алты рет қабылданған кездері де болыпты. Тер-минком қабылдаған сөздер Үкіметтің қаулысымен бекітілсін деген нұсқау да орындалған жоқ. Сондықтан Тұжырымдамада белгіленген міндеттердің орындалу жайына мониторинг жүргізетін кез келді деп ойлаймыз. Ұлттық заңнама жəне терминография. Терминография ту-ралы сөз қозғай бастағанда алдымен алаңдататын мəселе, біз үшін,

- 141 -

сөздіктер мəселесі болып отыр. Осыдан бір шама уақыт бұрын, яғни 90-шы жылдары, тіпті 2000 жылы да сөздіктердің жетіспей тіндігінен, жоқтығынан қиындық көрсек, қазір олардың көптігінен зиян шегіп жүрміз десем, жұрт таңырқайтын да шығар. Алайда осы саладан ха-бары бар адам көкейдегі сөз етпек ойды бірден түсіне қояды деп ой-лаймын. Айтпағымыз, бүгінгі күні термин сөздер мен атаулардағы ала-құлалықтың қайнар көзі, бірінші кезекте, тап осы сөздіктер де-сек, қателеспейтін шығармыз. Əрине, бұған мерзімдік басылымдардың да қосып отырған “үлесі” аз емес. Бұл қазір ресми тілімізді, оның ішінде ұлттық тер миндерді қалыптастыруда бытыраңқылықты болдырмаудың орнына, оны үдетіп отырған тағы бір үлкен мəселе. Баршамызға белгілі, қарапайым қазақ ана тілінде заң оқымаса да, га-зет не жур налды шолып, теледидар көріп, радио тың дай тыны анық. Демек, жалпы қазақтың сана сына жаңа сөзді заң емес, бұқаралық ақпарат құралдары сіңіреді жəне əрқайсысы əртүрлі баламада таны-стырады. Иə, газеттер сөзжасамның неше түрлі нұсқаларын ұсынып жүр. Олардың принципіне сүйенсек, аударылмайтын бірде бір сөз болмауы керек сияқты. Мысалы, “ро яль”, “фортепиано”, “процент”, “бизнес” сияқты халықаралық сөздерді ақ тер, көк тер боп аударудың не керегі бар. Термин қабылдаудың ғылыми принциптерін нақты қарастырып, осы жолда көп еңбек сіңірген ғалымдардың бірі Құдайберген Жұбанов халықаралық терминдерді қазақ тіліне аудар-май сол қалпында алу керек деген еді. Мысалы, революция, совет, теория, практика, хирургия, климат, тенденция деген сөздер осы қатарға жатады. Соңғы кездері сөз жасаушылар көбейіп кетті. Соның кесірінен жарыспалы сөздер жаппай етек алды. Бұрын қалыптасқан сөздердің жаңа баламалары пайда болып, жұртты шатастырды. Мы-салы, “охрана” сөзі əуелде “күзет” деп алынған еді. Енді оны қазақ тілді тəуелсіз басылымдар “қорғауыл”, “сырттауыл”, “сайдауыл” деп те алып жүр. “Семьяны” əлі күнге дейін “жанұя” деп жа зады. Ол əлдеқашан “отбасы” деп қабыл данған жоқ па? “Қазаншының еркі бар қайдан құлақ шығарса” деген мəтел тілге жүрмейді. Қазақ Алтайдан Атырауға дейінгі ұлан-байтақ жерді жайлап отырса да тілінде диа-лект жоқ еді, енді сол диалектіні өзіміз қолдан жасап бергелі отырмыз ба? Енді сөздіктер мəселесіне оралайық. Соң ғы жылдары жауыннан кейінгі са ңы рауқұлақтай қаптаған бұл дүниелердің пай дасынан зия-ны көп болып тұрған сияқты. Олардың бірінде бар сөздерді екіншілерінің ой елегіне салып екшемей, сол күйінде көшіріп алаты-нынан я пайда, я зиян жоқ десек, бір сөзді əрқайсысы əртүрлі алаты-

- 142 -

ны тек зиянын тигізіп жатыр. Сөзіміз жалаң болмауы үшін бірнеше мысал келтірейік. М. Ізімұлының 1999 жылы шыққан “Заңи терминдердің түсіндірме сөздігі” деген еңбегінде “неустойка” сөзі “тұрақсыздық айыбы” (210-бет) деп алынған. Алайда бұл сөз 2000 жылы шыққан 31 томдық сөздіктің “Юриспруденция – Заңтану” атты 30-томында “айып төлеу” (261-бет) деп алын ған. “Айып төлеу” де-геніміз “оплата штра фа” емес пе? Ал енді 2009 жылы жарық көрген “Заңдарда жиі қолданылатын терминдер мен сөз тіркестерінің қазақша-ор ысша жəне орысша-қазақша сөздігінде” аталған сөз “айып тө леу”, “айыпақы” жəне “тұрақсыздық айы бы” деп үш түрлі аударылған (13, 299-беттер); Соңғы қабылданған заңдарда “не-доимка” сөзі “бересі” деп алынып жүрсе, “Юриспруденция – Заңтану” сөздігінде “алашақ” (257-бет), ал Заңдарда жиі қолданылатын тер-миндер сөздігінде екі түрлі, атап айтқанда, 37-бетте “сумма недоимки – бересі сомасы”, ал 295-бетте “толық төленбеген төлем” деп алынған. М. Ізімұлының сөздігінде “доказатель ство” сөзі “дəлелдеме” деп алынған (115-бет). Оны Терминком да солай бекіткен. Ал Заңдарда жиі қолданылатын терминдер сөздігінде “айғақ” деп аударылған (12-б). “Айғақ” дегеніміз – “показание”, мыса лы, осы сөздіктің 325-бетін-де “показание” – “айғақ” деп, ал 249-бетінде “доказа тельство” деген сөз “дəлелдеме” деп алынған. Ресми құжат аудармашылары басшылыққа алатын бір сөздікте бұл сөздің осылайша екі түрлі алы-нуы өкінішті-ақ. Енді “осмотр”, “обследование”, “про верка”, “рас-следование” сөздері жөнінде. “Юриспруденция – Заңтану” сөздігінде “осмотр” – “қарау” (273-бет), “обследо вание” – “тексеру” (265-бет), “рассле д о ва ние” – “тергеу” (309-бет) деп алын ғанына қарамастан, заңдарда жиі қолда нылатын терминдер сөздігінің 172 жəне 311-бет-терінде “осмотр”, “обследование”, “проверка”, “расследование” де-ген сөздер “тексеру” деген бір ғана сөзбен ауда ры лыпты. Мұндағы “тексеру” дегеніміздің өзі “проверка”. Аталған жағдай тəжірибесі аз, жас аудармашыны шатасуға ұрындырады. Осындағы “осмотр” сөзін – “қарап тек серу”, “обследованиені” – “зерттеп тек се ру” деп бекіткен жөн болар, “рассле до ва ние” дегеніміз бұрыннан “тергеу” емес пе. “Юриспруденция – Заңтану” сөзді гі нің 322-бетінде “соучастие” де-ген сөз “қа ты су” деп аударылған. Ал “қатысу” де ге німіз “участие”. Сонда “участиенің” “соу частиеден” айырмашылығы болмағаны ма. Ал “процесс” сөзінің, қарап отырсақ, кездеспейтін саласы жоқ. Жара-тылыстану ғылымында да, гуманитарлық салада да, құқық теориясы мен практикасында да кездеседі. Мағыналық ауқымының кең дігіне

- 143 -

орай бұрын “процесс” деп алынып жүрген осы сөзді Терминком тая-уда ғана “үдеріс” деп бекітті. Түбірі қазақ тіліндегі “үдеру” деген сөзден шы ғатын осы “үде рістің” “процеске” мағыналық жағынан тура балама бола қоярына күмəніміз бар. Жалпы, қандай сөзді алсақ та ол алдымен санада сəулеленеді, яғни белгілі бір құбылыстың, нəрсенің бейнесін береді. Ал “үдеріс – үдеру” деген сөз Қазақ тілінің түсіндірме сөздігіндегі “үдере көшу” тіркесінен түсінетініміздей, жаппай əрі асығыс жасалып жатқан “үдере көшу” сияқты қарбалас тірлікті көз алдымызға əкелмей ме. Орыс тілінде “процестен” туын-дайтын “процессуальный” деген сөз бар. Егер “процесс” сөзі “үдеріс” деп алы натын болса, соған сəйкес “процессуаль ный” дегеніміз “үдерістік” деп аударылады. Сонда “Уголовный процессуальный ко-декс” – “Қылмыстық үдерістік кодекс” (үдеру кезеңіндегі кодекс), “процессуальное положение” – “үдерістегі жағдай” (үдеру кезіндегі жағдай), “процессуальные документы” – “үдерістік құжаттар” (үдеру кезіндегі құжаттар) деген тіркестердегі “үдеріс” деген сөз “про-цестен” өзгеше, мүлдем басқа ұғымға жетелеп тұрған жоқ па. “Про-цесс” сөзінің осы баламасы жөнін де əлі де жақсылап ойлану керек секілді. Бұл сөз де ендігі жерде əр сөздікке əртүрлі формада кіріп, жарыспалы терминдер қатарын көбейте ме деп қорқамыз. Құрылыс саласындағы “строительство”, “сооружение”, “строение”, “построй-ка” сөз дері көбінесе “құрылыс” деген бір сөз бен алынып жүр. “Соо-ружение” деген сөзді жеке кездессе “ғимарат” деп, ал осы сөздің тіке-лей баламасы “здание” деген сөзбен қатар кездессе “құрылыс” деп, ал егер “стро ительство”, “здание”, “сооружение”, “строение”, “по-стройка” деген сөздер қатар кездессе, əркім əртүрлі амал жасап, өз бе тінше аударып келеді. Осы күнге дейінгі бір де-бір сөздікте аталған сөздерге жеке-же ке балама тауып, бекіту əрекеті жасалған емес.Бұл мəселеде тəртіп болмаса, қалың жұртшылықты былай қойғанда, тер-мин жасаушы мамандарымыздың өзі көп ұзамай əбден шатасатынын, ал уақыт өте келе оны ретке келтіру өте қиынға соғатынын қазірдің өзінде сезіп отырмыз. Мұндай жағдай заң мəтінінің аудармасы неме-се терминдері жөнінде дау туа қалса, ең алдымен сөздіктерге жүгінетін заң шығарушыны, яғни депутаттар қауымын бір ұғымның бірнеше атауымен “қа ру ландыруға” “көп көмегін” тигізіп жүр. Бұл жерде де Терминкомның рөлі жөнінде айтпай кете алмаймыз. Алды-мен осы органға мемлекеттік мəртебе берілуге тиіс. Өйткені, оның шешімдерінің міндетті күші болуы қазір аса зəру мəселеге айна лып отыр. Бұл туралы тілдерді дамытудың қазір қолданылып жүрген

- 144 -

бағдарламасында да, Мемлекеттік хатшы терминология мəселесі жөнінде 2007 жылы өткізген жиынның хаттамалық тапсырмаларын-да да айтылған. Бірақ əлі күнге нəтиже жоқ. Екіншіден, мемлекеттік мəртебе алған Терминком сөздіктер мəселесін мықтап қолға алуға тиіс. Қоғам өмірінің эко номика, ғылым-білім, мəдениет пен өнер сияқты секторлары өз кезегінде сала-салаға тарамдалып кететіні бел-гілі. Міне, осы салалардың əрқайсысында басшылыққа алынатын бір ғана сөздік болуға тиіс. Мейлі ол “үлкен сөздік” деп атала ма, мейлі 2-3 кітаптан тұра ма, бəрібір, алайда ол бір ғана сөздік болуға тиіс. Оған сол са лада шығып үлгерген барлық сөздіктердегі қамтылған сөздер екшеліп алынуы керек. Сөйтіп, ол баршамыз басшылыққа алуға тиісті міндетті басылым болуы керек. Бұл – үлкен жұмыс. Бір институттың жұмысы. Біліктілік пен білімді қажет ететін аса қиын əрі күрделі жұмыс. Алайда бұл – аса қажет жұмыс. Онсыз қазіргі жағдайды жəне, тірлік жасамасақ, болашақта орын алуы ықтимал бейберекеттікті түзеу мүмкін болмайды. Сондықтан терминографиядағы осы істі, қанша қиын болса да, қолға алатын уақытты өткізіп алмау керек. Заман ағымына ілесіп отыру үшін, көштен қалып қоймау үшін бұл – аса қажет іс. Ұлттық заңнама тілінің өзекті пробле малары деуге болатын жоғарыдағы мə селелер жөнінде əлі де талай əңгіме айтуға болады. Алайда оның бəрі бір іс тындырғанға жетпес еді.

Дəуітəлі ОМАШҰЛЫ, Парламент Мəжілісі аппаратының Редак-циялау жəне аударма бөлімінің меңгерушісі, Мемлекеттік термино-логия комиссиясының мүшесі. «Ана тілі» газеті, 8.09.2011.

Əдістемелік нұсқау: Қазақ терминологиясының қалыптасу жолда-рын анықтау жəне ондағы кездесіп жүрген кемшіліктерді талдау.

Берілген мəтіндерден медицина саласына қатысты тер-миндердің бекітілген терминдер сөздігінен аудармасын тауып, жасалу жолдарына талдау жаса.

1. Описторхоз (грек. opіsthen – артында, артқы жəне orchіs – аталық без, ен) – ішек құрт ауруы. Аурудың қоздырғышы – ұзындығы 4 – 13 мм-дей жалпақ құрт описторхис. Денесінің алдыңғы бөлігінде екі сорғышы болады. Ересек құрт адамның, иттің, мысықтың, терісі бағалы аңдардың өт жолдарын, бауырын, ұйқы безін зақымдап, нəжіс арқылы сыртқы ортаға (суға) түскен құрт жұмыртқаларын моллю-скалар жұтады. Олардың денесінде құйрықты дернəсілдер (церкари-ялар) дамиды. Моллюскалардан шыққан церкариялар балықтардың денесіне еніп, олардың тері астында не бұлшық ет қабаттарында тір-

- 145 -

шілік етеді. Адамдарға аз тұздалған, дұрыс ысталмаған не шикі балық етін жегенде жұғады. Аурудың жасырын кезеңі 2 – 4 аптаға созыла-ды. Содан кейін жедел түріне өтеді. Бұл кезде науқастың температу-расы көтеріліп, басы, бұлшық еттері ауырып, буыны сырқырайды, терісінде қышыма бөртпе пайда болады. Ауру асқынып, созылмалы түріне өткенде, науқастың оң жақ қабырғасының астында ауырсыну пайда болып, бауыр жəне өт қалтасы үлкейеді. Ас қорытуы бұзылып, лоқсиды. Егер дер кезінде ем қолданылмаса, əр түрлі асқынулар да-миды. Мысалы, іріңді холангит, перитонит, жедел панкреатит, т.б. Ауруға диагнозлабораторияда қойылады. Алдын ала жүргізілетін шаралар: балық етін дұрыс өңдеп, пісіру; эпидемия шыққан жер-де дұрыс санпединстанциялық-ағарту жұмыстарын жүргізу. Емі: празиквантил препаратын қабылда

2. Этилогия. Ішек таяқшасы (60-80% жағдайында), сирегірек болса да стрептококк, стафилококк, протен жетекші маңыз атқарады, жекелеген жағдайда ауруды аралас микрофлора туғызды. Несеп жолдарының қабынып ауруы көбінесе экссудаттық-қатаралдық ди-атезбен, гипотрофиямен, ас қорытуының бұзылуымен ауыратын балаларда байқалады. Ауру үш жолмен: гематогендік, лимфогендік, несеп жолының төменгі бөлімдерінен шығатын жолдармен тууы мүмкін. Бұған несеп жолдарының тарылуы мен бұзылуы, иілуі, қысылуы жəне несептің жүруін бұзатын басқа да себептер жəрдемші болады. Пиелонефритке тəн синдромдар – лейкоцитурия, бактериу-рия жəне бүйрек өзекшелерінің функциионалдық қабілетінің нашар-лауы. Бірінші жəне екінші пиелонефрит болып бөлінеді.

Бірінші пиелонефрит – жалпылама ұғым. Бүйректің зақымдану себебі беймəлім.

Екінші обструкциялық пиелонефритке жəне туа бітетін ту-булопатия (бүйрек өзекшелерінң тұқым қуалайтын зақымдануы) себепші болатын пиелонефритке бөлінеді. Өту сипаты бойынша же-дел, толқын тəрізді латентті пиелонефрит болып бөлінеді.

Жедел пиелонефрит кенеттен басталуымен, қысылуымен, не-сеп шығуының бұзылуымен жəне несептің өзгеруімен сипаттала-ды. Несеп кейде макроскопияның өзімен-ақ қою көрінеді, белок саны норма шеңберінде немесе аздап көбірек, несеп тұнбасында лейкоцидтер, бактериялар көп болады, бірлі-жарым эритроцидтер кездеседі. Несептің тəуліктік мөлшерін зерттеу неғұрлым көз жет-кізеді. Қаннан лейкоцитоз анықталады, СОЭ көп болады. Толқын тəрізді, қайталанбалы ауру кезінде науқастың халі ұзақ уақыт бойы

- 146 -

қанағаттандырарлық болып қалуы мүмкін. Тек асқыну кезінде ғана дене қызуы көтеріліп, халі нашарлайды, белі ауырады. Несеп тұнбасынан лейкоцидтер едəуір көбірек мөлшерде табылады. Қабыну процесінің үдей түсуі нефрондар функциясының бұзылуы мен бүйрек кемістігіне əкеп соғады. Латентті ауру жағдайында пиелонефриттің симптомы азырақ болып өтеді, көбінесе бірқатар жылдар бойы анықталмай қалады. Ол кейде қайсыбір жедел ауру жағдайында кездейсоқ анықталады. Анамнезінде əдетте шаршағандықты, тəбет болмауын, ара-кідік іштің ауруын, кейде субфебрилдік дене қызуын көрсететін белгілер болады. Несепті зерттегенде көмескі, тұрақсыз лейкоцитурия анықталады. Несебінің анализі өзгерген жəне ішінің ауруы этиоилгиясы беймəлім себеппен қайталана беретін балаларлдың бəрі стационар жағдайында рентгеноурологиялық жəне функционалдық-диагностикалық тексеруден өткізілуге тиіс. Несепті Каковский-Аддис (Ненстің тəуліктік мөлшеріндегі тұнбаны зерттеу) бойынша, сондай-ақ Нечипоренко (1мл3 несептегі тұнбаны зерттеу) бойынша зерттеу диагнозды дұрыс қоюға көмектеседі; лейкоцитурия мен бактериурия табылуының диагнозды растау үшін зор маңызы бар. Лейкоцитурияның қалай шыққанын анықтау қажет; оның көбінесе қыздардан байқалатын вульвовагинтке байла-нысты болуы мүмкін. Пиелонефриттің диагнозын қою үшін несеп лейкоцидтерінің морфологиялық құрамын анықтаудың маңызы бар. Пиелонефритке нейтрофилдік гранулоциттердің басым болуы тəн. Лейкоцитурияның мұндай типінің қандағы сілті фосфатазасының жоғары белсенділігімен ұштасуы пиелонефриттің диагнозын ерте анықтайтын белгі болуы мүмкін. Бүйректің рентгенограммасында ұршық-түбекше жүйесінің асимметриялық өзгерістері анықталады. Көпшілік жағдайда уродинамиканың бұзылу белгілері аңғарылады. Жедел пиелонефриттің диагнозын ертерек қоюдың зор маңызы бар, өйткені 90% жағдайда аурудан емдеп шығарудың жəне оның созылма-лы формаға көшуінен сақтаудың сəті түседі. Емдеу. Пиелонефриттің жедел кезеңінде аурудың негізгі белгілері (дене қызуы жоғары, құсу, іштің ауруы) жойылғанға дейін төсектен мүлде тұрғызбау керек. Науқас баланы тамақтандырудың зор маңызы бар.

3. Жұқпалы аурулар – зардапты вирустардың, микоплазмалар-дың, хламидийлердің, риккетсиялардың, спирохеталардың орга-низмге еніп, онда өсіп-өну жəне өмір сүру салдарынан туатын ау-рулар. Жұқпалы ауруларды кейде тек «инфекция» деп те атайды. Олар: а) ішектің; б) жоғарғы тыныс жолдарының; в) қанның; г)

- 147 -

сыртқы қабықтардың аурулары болып бөлінеді. Ішек ауруларын-да (мысалы А-гепатиті) вирус ас қорыту жолдарына ауыздан кіріп, ішектен нəжіспен бірге шығады. Тыныс жолдары ауруында шырыш-ты қабықтар зақымданады жəне организмге вирус: ауамен кіреді. Қан немесе трансмиссивті аурулар (əртүрлі энцефаломиелиттер, гемаррагиялық безгектер) аурудан сау адамға жəне жануарларға қан; сорғыш насекомдар арқылы беріледі, кейде қосалқы көмекшілері бо-лады, көбінесе табиғи-ошақты болып келеді. Сыртқы қабықтардың аурулары (құтыру, аусыл, делбе) жанасудан, қарым-қатынаста бо-лудан тарайды. Вирустардьң организмде өсіп-өну жəне шоғырлану ерекшеліктеріне сай оларды ошақты жəне жалпы деп бөледі. Біріншісінде қоздырғыштардың əсері тек енген жерде көрінеді, ол сол жерде есіп-өнеді (мысалы ішекте, не тыныс жолдарында). Екін-шісінде вирустар енген жерінде көбейіп, денеге тарайды да, басқа ағзаларда екінші үлкен ошақ құрайды (шешек, қызылша, полио-миелит). Аурудың мерзімінің ұзақтығына, белгілерінің көрінуіне жəне қоздырғыштың сыртқы ортаға шығып тұруына байланысты олар жіті жəне созылмалы болып бөлінеді. Жітілері тез жазылады, вирустан да тез құтылады. Ал созылмалысы біресе айығып, біре-се қайталап көпке созылады. Өз алдына бір бөлек түрі – баяу ауру. Бұл түрінде вирус организмде көпке дейін сақталып, ауру ұзаққа созылады жəне клиникалық белгілері көмескілеу болады. Ал ауру белгілерінің мүлдем болмайтын түрін инаппаранттык деп атайды. Мұнда организмнен ауру қоздырғышы, шығып кетеді де, иммуни-тет пайда болады. Аурудың латентті (жасырын) деген де түрі бар. Онда вирус организмде өте ұзақ уақыт өмір сүреді.[1]Жұқпалы ауру-лар бактериялардан жəне басқа организмдерден (жанды денелерден) пайда болады, олар организмге аса зиянды. Олар əр түрлі жолдармен тарайды.

Бактериялар, инфекция туғызатын басқа да көптеген организ-мдердің ұсақтығы соншалықты, оларды микроскопсыз кере алмай-сыз – ал арнаулы құралмен қарағанда сол зəредей зат үп-үлкен бо-лып көрінеді. Ал вирус тіпті бактериядан да ұсақ.

Антибиотиктер (пенициллин, тетрациклин жəне т. б.) – бакте-рия туғызған белгілі бір ауруларды емдеуге көмектесетін дəрілер. Вирустардан пайда болған салқын тию, тымау, қызылша, мысқыл жəне т. б. сияқты ауруларға антибиотиктер əсер етпейді. Вирустық инфекцияларды антибиотиктермен емдеуге болмайды. Олар көмектеспейді, тіпті зиянды да болуы мүмкін.

- 148 -

1. ↑Вирусология, иммунология, генетика, молекулалық биология. Орысша-қазақша сөздік. – Алматы, Ана тілі, 1993. ISBN 5-630-0283-X

2. ↑Вернер, Дэвид. Халыққа медициналық жəрдем көрсету жөніндегі (Анықтамалық). Қазақ тіліне аударғандар: Айымбетов М, Бермаханов А.–Алматы: «Демалыс», «Қазақстан», 1994– 506 бет. ISBN 5-615-01453-9

3. ↑О. Д. Дайырбеков, Б. Е. Алтынбеков, Б. К. Торғауытов, У. И. Ке-несариев, Т. С. Хайдарова Аурудың алдын алу жəне сақтандыру бойынша орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Шымкент. “Ғасыр-Ш”, 2005 жыл. ISBN 9965-752-06-0

Төмендегі кестені халықтық тілде кездесіп, кейіннен термин-денген атауларды медициналық сөздіктен қарап, толықтыр:

Халықтық сөздер Орыс тілінде ТерминденуіАқ ноғала Бельмо Ақ шел, көздің ағыАқпа Золотуха Шірінше, мысқыл

Ақшам соқыр Куриная слепота Тауық көзАқ шешек, шешек, қорасан Оспа Шешек

Алжу МаразмБезгек МалярияШешек Ветрянка

Қотыр, мақау, желдену, құлғана Проказа, лепраАлқым ісу, бұрғақ ауруы Зоб

Сарамас БоткинКүлдіреуік ПузырчаткаҚояншық Эпилепсия

Қызылөңеш, қылтамақ Рак пищеводаТамақ ауруы АнгинаДемікпе АстмаДемперде Маска

Дабыл нервісі Барабанный нервЖарымес МалоумиеЖүре алмау АбазияСорылу,сіңу АбсорберІріңқалта Абсцесс

Шажырқай абсцесі Брыжеечный абсцессСуми ГидроцефалияСүмбі Мандрен

Тырыспай ХолераМерез Сифилис

Өкпе қабынуы ПневманияҚұрт ауру Туберкулез

Бүкір,құныс, дөңес,өркеш Горб,кифозСақина,бас сақинасы Мигрень

Соз ГонореяТеріскен Ячмень

Шиқан, сыздауық ФурункулОба ЧумаОбыр РакОшақ Очаг

- 149 -

Берілген мəтіндегі құқық саласына қатысты терминдердің ау-дарылуын бекітілген терминдер сөздігімен салыстырыңыздар.

Қазақстанда Интернеттегі авторлық құқықты реттейтін тетіктер жоқ.Көптеген мемлекеттерде авторлық құқықты бұзғаны үшін

азаматтық, əкімшілік жəне қылмыстық жауапкершілік көзделген, бірақ оған қарамастан авторлардың мүліктік емес құқықтары қорғауда əлі де тетіктер жеткіліксіз, атап айтқанда авторлардың құқықтарын заңсыз пайдалану сияқты құқықбұзушылықтар.

Авторлар жаңа музыкалық туындыларын жазуда əлемдік желі қызметтерін қолайлы көреді.

Интернет-қарақшылық дегеніміз авторлық құқықпен қорғалатын, жеке жəне коммерциялық қолдануға арналған тыйым салынған ма-териалдарды көшіру мен тарату.

Мысалы, Еуропада интернет-қорларына толықтай көшкен дыбыс жазумен айналысатын ірі компаниялар бар. Міне, пайдаланушыларға фильмдер мен əуендерді табуға, алуға жəне авторлық құқық-бұзушылыққа осылар жиі ерік беретін сыңайлы. Авторлық құқық жəне сабақтас құқықтар туралы заңда төмендегідей нормалар көрсетілген. Осы заңның 15-бабына сəйкес автордың өз туындысы-на қатысты мүлiктiк емес жеке құқықтары көрсетілген:

1. Автордың өз туындысына қатысты мынадай мүлiктiк емес жеке құқықтары болады:

1) туындының авторы деп танылу құқығы жəне оны тануды, соның iшiнде, егер iс жүзiнде мүмкiн болса, туынды кез келген жа-рия пайдаланылған кез келген жағдайда оның даналарына автордың есiмiн тиiстi түрде көрсету арқылы тануды талап ету құқығы (авторлық құқық);

2) туынды пайдаланылған кез келген жағдайда оның даналары-на автордың шын есiмiнiң орнына лақап есiмiн (бүркеншiк есiмiн) көрсету жəне соны талап ету немесе есiмiн көрсетуден бас тарту құқығы, яғни жасырындық (есiмi аталу құқығы);

3) туындының атауымен қоса, оған қол сұғуға жол бермеу, туын-дыны кез-келген жолмен бүлдiруге, бұрмалауға немесе өзге жолмен өзгертуге, сондай-ақ автордың ар-ожданына яки беделiне нұқсан келтiре алатын басқа кез-келген қол сұғушылыққа қарсы əрекет ету құқығы (автордың беделiн қорғау құқығы).

4) туындыға белгiсiз адамдар тобының қол жеткiзуiне жол ашу құқығы (жариялау құқығы).

2. Бұрын қабылданған шешiмнен пайдаланушыға келтiрiлген

- 150 -

зиян, соның iшiнде оның айрылып, қалған пайдасы өтелген жағдайда автордың туындыны жариялау туралы ондай шешiмнен бас тартуға құқығы бар (керi қайтарып алу құқығы). Егер туынды жарияланып кеткен болса, автор оны керi қайтарып алатыны ту-ралы жария түрде хабарлауға мiндеттi. Бұл ретте ол туындының бұрын дайындалған даналарын өз есебiнен қайтып алуға құқылы.Қызметтiк туындыларды жасаған кезде бұл тармақтың ережелерi қолданылмайды.

3. Автордың мүлiктiк құқықтарына қарамастан, оның мүлiктiк емес жеке құқықтары болады жəне оларды туындыны пайдалану жөнiндегi айрықша құқықтарын бiреуге берген жағдайда да сақтап қалады.

4. Авторды оның осы бапта көзделген мүлiктiк емес жеке құқықтарынан айыруға болмайды.

5. Автор қайтыс болғаннан кейiн оның мүлiктiк емес жеке құқықтары осы Заңның 30-бабында белгiленген тəртiп бойынша жүзеге асырылады.

49-бап. Авторлық жəне сабақтас құқықтарды қорғау1. Авторлық жəне сабақтас құқықтарды қорғауды сот:1) құқықтарды тану;2) құқық бұзылғанға дейiнгi жағдайды қалпына келтiру;3) құқықты бұзатын немесе оның бұзылуына қауiп төндiретiн

əрекеттердi тыю;4) айырылып қалған пайданы қоса алғанда, шығындардың орнын

толтыру;5) құқық бұзушы авторлық жəне сабақтас құқықтарды бұзу алда-

рынан тапқан табысты өндiрiп алу;6) Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген, ең төмен

жалақының жиырмадан елу мыңға дейiнгi мөлшерi сомасында өтем төлеу арқылы жүзеге асырылады. Зиянның орнын толтырудың не-месе табысты өндiрiп алудың орнына өтемақы мөлшерiн сот бел-гiлейдi;

7) олардың құқықтарын қорғауға байланысты заң актiлерiнде көзделген өзге де шаралар қолдану арқылы жүзеге асырады. Осы тармақтың 4), 5), 6)-тармақшаларында аталған шаралар авторлық жəне сабақтас құқықтар иелерiнiң таңдауына қарай қолданылады.

2. Iс қаралғанға дейiн судья авторлық құқық жəне (немесе) сабақтас құқықтар нысандарының контрафактiлiк деп жорамалданған дана-ларын жауапкердiң дайындауына, көшiрмелеуiне, сатуына, пайдала-нуына тыйым салу туралы жеке-дара ұйғарым шығаруға құқылы. Су-

- 151 -

дья авторлық құқық жəне (немесе) сабақтас құқықтар нысандарының контрафактiлiк деп жорамалданған даналарын, сондай-ақ оларды дайындау мен көшiрмелеуге арналған материалдар мен жабдықтарды пайдалануға тыйым салу жəне алып қою даналары оның талап етуi бойынша авторлық немесе сабақтас құқықтардың иесiне берiлуi мүмкiн не соттың шешiмi бойынша жойылуға тиiс.

3. Сот авторлық құқық жəне (немесе) сабақтас құқықтар нысандарының контрафактiлiк даналарын, сондай-ақ оларды көшiрмелеуге пайдаланылатын материалдар мен жабдықтарды тəркiлеу туралы шешiм шығаруға құқылы. Авторлық құқық жəне (немесе) сабақтас құқықтар нысандарының контрафактiлiк көшiрмелеуге пайдаланылған материалдар мен жабдықтар соттың шешiмi бойынша жойылуға не мемлекет кiрiсiне берiлуге тиiс.

Түсіндірме сөздіктен төменде берілген құқық саласына қатысты терминдердің мағынасын тауып, кестенің 3-бағанын толықтыр.

Қазақ тіліндегі терминдер Орыс тіліндегі баламасы МағынасыДелдал ПосредникҚұн Стоимость

Көші-қон МиграцияӨтем КомпенсацияСалық НалогБаж Пошлина

Жарғы Устав Құрылтай Учреждение Мұрағат Архив Мердігер Подрядчик Қарар Резолюция Мұра Наследство

Заңнама Законодательство Қаулы Постановление

Айыппұл Штраф Алқа КоллегияАлқаби Присяжный заседательДағдарыс Кризис

- 152 -

Глоссарий

А. Байтұрсынов – қазақ əліппесінің тұңғыш реформаторы, осы жетілген жазу үлгісімен еліне тұңғыш əліппесін, тіл құралын, əдебиет танытқышын сыйлаған қазақ филологиясының негізін са-лушы ғалым, таза қазақ емлесімен шыққан тұңғыш газет «Қазақтың» (1913-1918) редакторы, аудармашы, публицист

Аналитикалық тəсіл –терминжасаудағы өнімді тəсілдердің бірі, ол сөз тіркестері арқылы яғни синтаксистік жолмен термин жасау бо-лып табылады. Қазақ тіліндегі терминдердің басым көпшілігі тірке-сті терминдер. Олардың ерекшелігі – термин компоненттерінің бір-бірімен тығыз байланыста болып, семантикалық бүтінді білдіруінде. Қазақ тілінде тіркесті терминдер екі, үш одан да көп сыңарлы болып кездеседі. Олардың байланыстылығын төмендегідей көрсетуге бо-лады. 1. Қабыса байланысқан есімді тіркесті терминдер. 2. Қабыса байланысқан етісті терминдер.

Аударма – өткен тарихта болсын, бүгінгі күнімізде болсын мəдениеттерді байланыстыру құралы ретінде қызмет етіп келеді. Аударма – тілдік қонақжайлылық, кеңпейілділік, кеңшілік түрі. Ау-дарма – өзге тілді өз тіліңдей қабыл алып, өзге тілге мейірбандық таныту. Ол беталды жасалған тегін əрекет емес. Аударма – өз тіліңді қайта ашудың, өз тіліңді байытудың, соның əсерінен өз мəдениетіңнің көкжиегін кеңейтудің пəрменді құралы. Ендеше, ау-дарма мəселесі мəдени ортақтасуды жүзеге асыратын мəдениеттер сұхбаты мəселесімен иық тіресе жүрері сөзсіз. Бірақ осы тұста мына нəрсенің басын ашып алған жөн: мəдени сұхбатқа ынталылық бар жерде ғана мəдениеттер кездесуі алғашқы мəдени шок, қақтығыс сатысынан ортақ игілік құрау биігіне көтеріле алады. Аударма – мəдениетаралық қатынастың маңызды құралы, өйткені ол – бір тілдік мəдениет айғағын екіншісіне таныстырушы орталық буын. Мəдени қарым-қатынасқа көп түскен, яғни өзге мəдени əлемнің когнитив-ті тəжірибесімен кеңінен таныс мəдениеттің тілінің аударуға бейім келетіндігі, соның нəтижесінде аударма ісінің үдере өрбитіндігі де белгілі жайлар.

Ə. Қайдаров – 1990 жылдары қазақ терминологиясына ерекше көңіл бөлген ғалым. Ол: «Ең алдымен оның тірек болар үш тағаны – жазуы-сызуы (ұрпақ арасын жалғастырар алтын көпірі), ономас-тикасы (жер бетіндегі ескерткіші), терминологиясы (оның баю, жаңару көзі) берік емес екенін мойындау керек» деп атап көрсетеді

- 153 -

жəне терминология мəселесін бүгінде қайта көтеру керектігінің се-бептерін көрсетеді.

Дəлдік туралы. Термин арқылы ғылыми ұғым беріледі. Ондай жағдайда термин ғылыми зерттеу жұмыстарының, ізденістердің негізгі құралына айналады. Ғылыми ой-пікір қашан да өзінің анықтылығымен, тұрақтылығымен ерекшеленеді. Термин дəл бол-сын деген талап осы негізде пайда болған.

Диалект сөздер – белгілі бір аймақта қолданылатын сөздер.Олар екі түрлі жолмен терминденеді:

1. Əдеби тіл арқылы.2. Жергілікті сөздердің тікелей терминденуі.Қазіргі таңда құжат, ұжым, ақжайма, алқа т.с.с. көптеген

сөздер терминдер қатарынан орын алып жүр. Жалпы қолданыстағы лексика – Халықтың ұғымында бұрын

болмаған ғылым мен техниканың даму барысында пайда болған ұғымды ұлттық тілде бұрыннан бар сөздермен белгілеу. Халықтың ұғымында бұрыннан бар ұғымның атауымен қоса, жалпы лексикалық өрістен белгілі бір терминологиялық өріске өтуі.

Жартылай калька – сөздің жарты бөлігі аударылып, жартылай кірме тілдің элементі сақталып аудару. Ал семантикалық тəсілде кір-ме сөздің мағынасының сақтап аударылуына көңіл бөлінсе, ал сөз тудырушы тəсілде сөздің құрылымдық жағы сақталып аударылады. Қазақ тілінде бұл тəсілдермен аударылып, тілімізде термин ретінде қабылданып жатқан терминдер жеткілікті.

Жүйелілік туралы. Бұл жүйелілік жайында əртүрлі пікірлер айтылған. Терминолог тілші Даниленко оның классификациясы-на баса назар аударса, ал Реформатский терминнің сөзжасамдық жүйесіне көбірек сөз етеді. Жүйелілік талабы бойынша термин құрайтын элементтер мен белгілерді іріктей білу жүйесіне тіке-лей байланысты. Бұл қасиет сақталған жерде синонимдік қатарға, көп мағыналылыққа орын жоқ. Жалпы айтқанда, терминдер жүйелілігі лексика, морфология тұрғысынан да талап етілгені дұрыс, грамматикалық ауытқушылықтар терминде болмауға тиіс. (Ө. Айтбаев). Ал Ш. Құрманбайұлы терминнің осы қасиеттеріне қоса тағы бірнеше қаситтерін көрсетеді: Терминнің тілдегі сөзжасам заңдылықтарына сəйкес келуі, терминнің туынды сөз жасауға қолайлы болуы, онда эмоционалдылық пен экспрессиялықтың бол-мауы, эстетикалық талаптарға сай келуі.

Калька əдісі терминжасамда тиімді тəсіл болып табылады.

- 154 -

Себебі терминнің терминдік негізгі қасиеттері (қысқалық, жүйелілік, нақтылық) сақталып жасалғанда немесе аударылғанда ғана ол тер-миндік сипат ала алады. Ал калька дегеніміз кірме сөздерді сөзбе-сөз аудару, яғни сөздің мағыналық, тұлғалық жағын сақтай отырып, басқа бір тілге жеткізу болып табылады. Жалпы калькалау мəселесі бойынша тілімізде пікірлер əр алуан. Кейбір ғалымдар калька шет тілінің құралдарымен сөзбе-сөз аудару десе, екінші бір ғалымдар лексикалық кірме сөздің ерекше бір түрі деп санайды. Біздің ойы-мызша, калька кірме терминдерді ұлттық тілімізде сөйлететін, яғни аударма тəсілі.

Кəсіби сөздер – белгілі бір кəсіпке байланысты сөздер. Бірақ кəсіби сөздер мен термин сөздер тіл білімінде екі түрлі ұғым ретінде қарастырылады. Сондықтан барлық кəсіби сөздер термин бола ал-майды. Тек белгілі бір шаруашылыққа жататын кəсіби сөздер тер-миндер бола алады деп ойлаймыз. Бірақ қазақ тіл білімінде кəсіби сөздер мен терминдердің айырмашылықтары толық зерттеле қойған жоқ. Дегенмен, кəсіби сөздер – терминологияны байытудың бірден-бір көзі.

Көнерген сөздер – күнделікті қарым-қатынаста жиі қол-данылмайтын, бірақ тілдің сөздік қорында сақталған, көпшілікке түсінікті сөздер. Көнерген сөздер көнелену дəрежесі мен себебі жəне қолданылу сипатына қарай өзіндік лексика жүйесін құрайды. Көнеру дəрежесі бойынша: а) мағы насы түсініксіз сөздер (байыз – байыз табу, кежеге – кежегесін кейін тарту); ə) мағынасы түсінікті, бірақ сирек қолданылатын сөздер (бəйбіше, қатын, мыстан, алдаспан) бо-лып бөлінеді. Көнерген сөздер көнеру сипаты мен тілдегі қолданылу ерекшеліктеріне қарай екіге бөлінеді: тарихи сөздер мен архаизм-дер. Тарихи сөздердің көнеруі лауазымдық атаулардың, қоғамдық құбылылыстардың жойылуымен, сондай-ақ, əскери қару-жарақ, өндірістік құрал-жабдықтардың қолданыстан шығып қалуымен бай-ланысты (болыс, сұлтан, барымта, ақ берен, айбалта). Архаизмдер халықтың күн көріс тіршілігіне, салт-сана тұрмысына, əдет-ғұрпы, дүниетанымына қарай əр дəуірде өзгеріп, басқа сөздермен ауысып, ескіріп, пайдаланудан біржола шығып қалған сөздер (жаушы, дағара, ергенек, саптыаяқ, түмен, асадал, дүрия, патсайы, т.б.). Əйтсе де, қайсыбір көнерген сөздер жаңа мағына алып, сөздік құрамдағы бел-сенді сөздерге қосылуы мүмкін. Мысалы, жасақ – жасақшы, төре – төреші тəрізді сөздер қосымша жалғану арқылы қайтадан күнделікті қолданысқа ие болды. Көнерген сөздер – тарихи өзгеріп отыратын

- 155 -

лексика-семантикалық құбылыс. Көнерген сөздерді «тірілтіп» тер-мин қатарынан көруге болады. Ə. Қайдаров қазақ терминологиясын қалыптастыруда бұндай сөздердің ерекше орын алатындығын айта келіп, былай деген болатын: «көненің көзіндей сақталып, мағынасы күңгірттеніп, ұмыт болған, қолданыстан қалып, шаң басып жатқан көнерген сөздер аз емес. Оларды тірілтіп, жаңартып тіл қажетіне жаратуға əбден болады» .

Концепт – этномəдени санада сақталған, белгілі бір ұлттың ұрпақтан-ұрпаққа берілетін ықшам, əрі терең мағыналы шындық болмыс, ұлттық мəдени құндылықтары жөніндегі сан ғасырлық түсінігін білдіретін құрылым»

Кірме терминдер – бір сөзбен айтқанда тілімізге шығу төркіні жағынан басқа тілден енген терминдер. Кірме терминдер қазақ тіл білімінде əлі толық зерттеліп біткен жоқ. Қазақ лексикологиясының едəуір бөлігін кірме терминдер құрайтыны бəрімізге белгілі. Біз олар-ды екіге бөліп қарастырғанды жөн көріп отырмыз: 1) араб, парсы сөздері негізінде қалыптасқан терминдер; 2) орыс тілі жəне орыс тілі арқылы Еуропа тілдерінен енген терминдер. Қазақ тілінде термин-жасамда калькалаудың бірнеше түрлері бар: 1. семантикалық калька; 2. сөзжасамдық калька; 3. фразеологиялық калька. Сонымен бірге толық калькалар мен жартылай калькалар болып қарастырылуда.

Қысқалық туралы. Ғылым мен техниканың ерекше қарқынды даму жолына түскен қазіргі кезеңде информациялық ақпар жиілігі барған сайын үстемелене түсуде. Оның игерілуі едəуір қиындыққа айналып отырған жағдайда айтылатын ұғымның мəліметке тірек болатын термин сөздердің барынша қысқа, тұжырымды болуының айрықша мəні бар.

Қ. Жұбанов – қазақ терминологиясының негізін салушы ғалымдардың бірі. Оның басшылығымен Қазақстанда 1933 жылы алғаш рет мемлекеттік терминологиялық комитет құрылып, алғаш рет тілімізде терминдерді қалыптастырудың принциптері енгізілді. Қ. Жұбановтың терминге қатысты «Қазақ əдебиет тілінің термин-дері туралы», «Терминдердің спецификасы жөнінде», «Математика терминдері жөнінде», «Физика терминдері жөнінде» жəне жалпы терминология мəселесіне қатысты бірнеше мақалары бар.

Лексикология (грек. лексикос – сөз, сөзге қатысты, логос – ілім) – тілдің сөз байлығын, лексикасын зерттейтін ғылым. Ол сөзді мағынасы, шығу тегі, қолданылу сипаты, стильдік мəні тұрғысынан тексеріп, тілдің қалыптасқан лексикалық жүйесін зерттейді.

- 156 -

Неологизм(гр.neos – жаңа, logos – сөз) – қоғамдағы саяси, мəдени, экономикалық қатынастардың, ғылым мен техниканың дамуына байланысты тілге енген жаңа сөздер мен сөз тіркестері, фразеологиялық оралымдар. Неологизм лексикалық жəне семантикалық. болып екіге бөлінеді. Лексикалық неологизмге жаңа ұғымдардың тууымен бірге пайда болған жаңа терминдер жатса, семантикалық неологизм деп сөзбе-сөз аудару арқылы төл сөзге қосылған жеке мағынаны айтуға болады. Мысалы, кесте (таблица), шөгінді (осадки), т.б. Неологизм сөзжасамдық калькалау, (макроұя, кодтану), сондай-ақ морфологиялық, синтаксистік-морфологиялық, семантикалық-морфологиялық тəсілдер арқылы жасалып, тілдің сөздік құрамын байытады. Шет тілден енген сөздердің басым бөлігі өздерінің бастапқы мағынасын сақтайды, семантикалық жақтан өзгерістерге көп ұшырамайды. Неологизм төл сөздермен де беріле алады, сөздік құрамда бұрыннан қолданылып жүрген сөз тұлғалары жаңа мағынаға ауысып, жаңа ұғымды белгілеуге мүмкіндік алады. Алғашқыда неологизм ретінде танылған сөздер жалпыхалықтық қолданысқа түскен кезде неологизм болудан қалады. Мыса-лы, атом, теледидар, космос, ракета, редактор, анализ, т.б. Нео логизм тілдің лексикалық құрамына ауызша жəне жазбаша түрде енеді. Ауызша енген сөздердің көпшілігі тұрмыс қажетіне, мəдениетке қатысты атаулар болса, жазбаша енген неологизм ғылым мен техниканың жетістіктеріне қатысты болып келеді. Қазіргі тілімізде жасалған неологизмнің көпшілігі сөз тіркестері түрінде келіп, анықтауыштық қатынаста болады. Мысалы, антро-погендік фактор, компьютерлік жүйе, компьютер орталығы, т.б. АҚШ-та, Францияда, Жапония елдерінде неологизмді зерттей-тін арнайы орталықтар құрылып, ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізіп келеді.

Синтетикалық тəсіл – түбір сөзге түрлі жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасау. Осы тəсіл терминдерді жасауда елеулі орын алады жəне оны төмендегідей топтап көрсетуге болады: 1. Бір жұрнақ жалғану арқылы жасалған туынды терминдер. Мысалы, са-рапшы, бодандық. 2. Түбірге екі жұрнақ жалғану арқылы жасалған туынды терминдер. Мысалы, ізденімпаздық, жаңашылдық. 3.Түбірге үш жұрнақ жалғану арқылы жасалған терминдер. Мысалы, адамгер-шілік, жауапкершілік.

Семантикалық тəсіл –қазіргі кезде өзектілігі мен жоғары

- 157 -

дəрежелі өнімділігімен сипатталады. М.Ш.Гасымов «Қазіргі азер-байжан тілі терминдерінің жасалуының негізгі тəсілдері» атты еңбегінде термин шығармашылығының бұл тəсілімен жасалған тер-миндерді 4 топқа бөледі.

1. Жалпы қолданыста сөздердің терминденуі;2. Көнерген сөздердің жаңа терминдік мағынада жұмсалуы;3. Сөздердің мағыналарының саралануы;4. Сөз мағыналарының кеңеюі.Толық калькалар – кірме сөздерді толық сөзбе-сөз аудару.Төл терминдер – өз тіліміздегі терминдер.Термин – латын тілінде «шек, шегара» деген ұғымды білдіреді.

белгілі бір ғылым мен техниканың саласында қолданылатын арнайы лексика деп, оның негізгі үш қасиетін көрсетуге болады: дəлдік, қысқалық, жүйелілік.

Терминдену – жалпы қолданыстағы сөздердің терминдік сипатқа ие болуы.

Халықаралық терминдер – бірнеше дамыған елдер тілдерінде сол күйінше қолданылатын терминдер.

Ш. Құрманбайұлы – қазіргі таңда терминология саласында жаңа бағытта еңбек сіңіріп жүрген ғалымдардың бірі. Оның қазақ терминологиясының дамуы мен ұлттық тұрғыда қалыптасуына еңбегі зор. Ол қазақ тілінде термин теориясына қатысты көптеген тың мəселелердің басын ашады. Олар: термин жəне терминологиялық өріс, терминологиялық омонимия, жалпы қолданыстағы сөздердің терминденуі, терминденуші лексика көздері т.с.с. Ғалымның жаңа тұрғыда терминология саласына қатысты «Терминтану» (Алма-ты, 2005), «Терминқор қалыптастыру көздері мен терминжасам тəсілдері» (Алматы, 2001), «Қазақ лексикасының терминденуі» (Ал-маты, 1998), «Қазақ терминологиясы дамуының кезеңдік сипаты» (Астана, 2002) т.с.с. көптеген еңбектері бар. Ғалым ұлттық терми-нологияны қалыптастыру бағытында кірме терминдердің орнына тіліміздің жалпы лексикалық қабаттарын терминдендірген дұрыс деген пікірді айтып, оны ғылыми тұрғыда дəлелдей түседі.

- 158 -

Студенттердің өзіндік жұмысы (СӨЖ) аясында құрылған сабақтың жоспары

№ Тапсырмалар

1 Сөз жəне термин. Термин жəне неологизм2 Экономика саласына қатысты мəтіннен терминдерді анықтап,

жасалу жолдарына, мағынасына талдау жасау.3 Банк саласына қатысты мəтіннен терминдерді анықтап, оның

жасалу жолдарына, мағынасына талдау жасау.4 Ресми іс қағаздар стиліне қатысты мəтіннен терминдерді анықтап,

жасалу жолдарына, мағыналарына талдау жасау.5 Педагогика саласына қатысты мəтіннен терминдерді анықтап,

оның жасалу жолдарына, мағыналарына талдау жасау.6 Белгілі бір салаға қатысты мəтіннен ұлттық терминдерді анықтап,

жасалу жолдарына, мағынасына талдау жасау.7 Əскери терминдерді мəтін бойынша анықтап, мағынасы мен

жасалу жолдарына талдау жасау.8 Лингвистикалық терминдерді мəтін бойынша анықтап, мағыналық

жəне жасалу жолдарына талдау жасау. Тілге қатысты мəтіннен кірме терминдерді анықтап, оның жасалу жолдарына талдау жасау.

9. Белгілі бір мəтіннен кірме терминдерді анықтап, шығу төркінін жəне мағыналарына талдау жасау.

10. Информатика саласына қатысты төл терминдерді жинақтап, мағынасы мен жасалу жолдарына талдаулар жасау.

11. Биология саласына қатысты мемлекеттік терминологиялық комитет бекіткен терминдерді жинақтап, тілдік талдаулар жасау.

12. Химия саласына қатысты төл терминдерді жинақтап, тілдік талдаулар жасау

13. Тарих саласына қатысты терминдерді төл терминдерді жинақтап, мағыналық жəне жасалу жолдары талдаулар жасау.

14. Ауыл шаруашылық саласына қатысты терминдерді төл терминдерді жинақтап, мағыналық жəне жасалу жолдары талдаулар жасау.

15. Математика саласына қатысты терминдерді төл терминдерді жинақтап, мағыналық жəне жасалу жолдары талдаулар жасау.

- 159 -

Студенттердің оқытушымен бірге жасайтын өзіндік жұмысы (ОСӨЖ) аясында құрылған сабақтың жоспары

№ Тапсырмалар 1 Терминология ғылымының зерттелуі (жылнамалық шолу).

Терминолог-ғалымдар туралы мəлімет.2 Алаш зиялыларының қазақ терминологиясын қалыптастырудағы

еңбектерін салыстыру (сабақтастық пен айырмашылықтарды анықтау).

3 Терминтану саласына қатысты атаулар: прототерминдер, квазитерминдер, терминоидтар. Бұлардың терминге қатысын анықтау.

4 Кірме терминдер жəне олардың түрлері, жасалу жолдарына талдау жасау. (Белгілі бір мəтін бойынша).

5 Белгілі бір мəтін бойынша төл терминдерді анықтап, жасалу жолдарына талдаулар жасау.

6 Терминденген көнерген сөздерді анықтап, терминдену жолын анықтау.

7 Терминденген аймақтық сөздерді сұрыптап, терминдену жолын анықтау.

8 Терминденген кəсіби сөздерді теріп, терминдену жолын анықтау.9. Салалық терминдердің аударылу жолдарына талдау жасау (салалық

мəтіндер бойынша)10. Белгілі бір мəтін бойынша терминдерді жинақтап, қай салаға

қатысты екенін анықтап, жасалу жолдарына тілдік талдаулар жасау11. Спорт саласына қатысты мемлекеттік терминологиялық комитет

бекіткен терминдерді жинақтап, тілдік талдаулар жасау.12. Психология саласына қатысты төл терминдерді жинақтап, тілдік

талдаулар жасау.13. Құқық саласына қатысты терминдерді төл терминдерді жинақтап,

мағыналық жəне жасалу жолдары талдаулар жасау.14. «Ана тілі» газетімен жұмыс. Соңғы жылдары бекітілген терминдерді

жинақтау.15. Мəтіндерде, БАҚ-та, жарнамаларда кездесетін қателермен жұмыс.

(терминдерге қатысты)

- 160 -

«Ұлттық терминология: қалыптасуы мен даму жолдары» пəні бойынша тест сұрақтары:

1. «Термин» сөзі қай тілден енген?А) ЛатынБ) АғылшынД) ОрысГ) ҚазақС) Араб2. «Термин» сөзі қандай мағынаны білдіреді?А) АнықтамаБ) Шек, шекараД) СөзГ) СөйлемС) Техника3. Терминнің лексикалық қасиеттері:А) Сапалылық, сандықБ) Сырлылық, үйлесімдікД) Дəлдік, жүйелілік, қысқалықГ) Анықтық, нақтылықС) Түсініктілік, маңыздылық4. Қазақ тіліндегі терминдерді шығу төркініне қарай бірне-

ше топтарға бөліп қарастыруға болады: А) Халықаралық, кірме жəне төлБ) Кеңестік, төлД) Техникалық, кеңестік, төлГ) Араб тілінен, иран тілінен, орыс тілінен енгенС) Орыс, түрік, араб5. Ресейде терминнің теориясына арналған бірнеше ғылыми

мақалалар мен еңбектер қай жылдары дүниеге келді?А) 1970–1980 жж.Б) 1920–1925 жж.Д) 1930–1960 жж.Г) 1940–1950 жж.С) 1950–1970 жж.6. Қазақ терминологиясы туралы алғаш қай жылы, қай

қалада сөз болды?А) 1930 ж. АлматыБ) 1940 ж. ҚызылордаД) 1950 ж. Ақмола

- 161 -

Г) 1925 ж. ТашкентС) 1924 ж. Орынбор7. «Атаулар сөздігі» қай жылы жарыққа шықты?А) 1931 жылыБ) 1943 жылыД) 1954 жылыГ) 1985 жылыС) 1970 жылы8. Қазақстанда алғаш рет терминком қай жылы құрылды?А) 1931 жылыБ) 1933 жылыД) 1954 жылыГ) 1985 жылыС) 1970 жылы9.Алғаш құрылған терминкомның төрағасы?А) А.БайтұрсынұлыБ) Қ. ЖұбановД) Ə. БөкейханұлыГ) М. ДулатовС) М. Жұмабаев10.Терминденген көнерген сөздер қатарын көрсетіңіз:А) Сардар, аламан, жандауыл, дабылБ) Орындық,үстелД) Сапар, жолдас, жолсерікГ) Үй, қора, жайС) Аурухана, асхана11. Синтетикалық тəсіл арқылы жасалған терминдерді

көрсетіңіз:А) Сарапшы, бодандықБ) Сардар, аламанД) Жандауыл, дабылГ) Бұйрық, əмірС) Несие, ғаламтор12. Аналитикалық тəсіл арқылы жасалған терминдерді табыңыз:А) Жедел ақпар, əскери нөкер, əскери əлеуетД) Қалқан, сап; лек Г) Семсер, зеңбірек С) Шеп, шолғын (дозор)

- 162 -

13. Лексика-семантикалық тəсіл арқылы жасалған термин-дерді табыңыз:

А) Адалдық, сарапшы, қызметшіБ) Заңгер, кəсіпкер, тəбілшіД) Бүлікші, болыс, бірлікГ) Зейінділік, мазасыздық, қажеттілікС) Нышан, пікір, ұйқы, ес14. Халықаралық терминдер қатарын табыңыз:А) Ізденімпаздық, санасыздық, зейнеткерлікБ) Құрылтайшы, жауапкершілік, байқағыштықД) Абстрактілік, академиялық стиль, аграрлық формаГ) Дамушы елдер, ақсүйектер қоғамы, ерік патологиясыС) Кепілдік, инабаттылық, əлеуметтік15. Аналитикалық тəсіл арқылы жасалған терминдерді

табыңыз.А) Біліктілік, белсенділік, бейімділікБ) Жұмыссыздық, енжарлық, елгезектікД) Ашуланшақтық, ұлттық, қоғамдықГ) Ерік белсенділігі, ықтиярлы зейін, ерік тəрбиесіС) Қызмет, арман, қызығу16. Қазақ тіліндегі терминжасамда калькалаудың неше түрі бар?А) 5Б) 3Д) 4Г) 5С) 217. Қазақ тіліндегі терминжасамда калькалаудың қандай

түрлері бар?А) Семантикалық, сөзжасамдық, фразеологиялық калькаБ) Лексикалық, фонетикалықД) Фонетикалық, грамматикалықГ) Морфологиялық, фразеологиялықС) Синтаксистік, лексикалық18. Терминденген көнерген сөздер қатарын көрсетіңіз:А) Əкім, байрақ, төраға, сардарБ) Көркемдік, əлеуметтік кемелденуД) Қабылдау талғамдылығы, тəуелсіз мемлекетГ) Адамзат қоғамы, ақылдың дəлдігі, ақылдың ұшқырлығыС) Жаппай жұмыссыздық, негізсіз сөгіс, балиғаттық жас,

əлеуметтік жік

- 163 -

19. «Мəдени жұрттардың тіліндегі əдебиеттерін, ғылыми кітаптарын қазақ тіліне аударғанда пəн сөздерінің даярлығына қызықпай, ана тілімізден қарастырып, сөз табуымыз керек. Со-нда біздің əдебиетіміздің тілі таза болады» – қай ғалымның сөзі?

А) Қ. ЖұбановБ) Ə.ҚайдарД) А. БайтұрсынұлыГ) Ш. ҚұрманбайұлыС) А. Айғабылұлы20. Ұлттық терминдерді жасауда басты рөл атқаратын тəсіл:А) СинтетикалықБ) СемантикалықД) АналитикалықГ) МорфололиялықС) Синтаксистік21. Түбірге жұрнақ жалғану арқылы жасалатын əдіс қалай

аталады?А) СемантикалықБ) АналитикалықД) СинтетикалықГ) ФразеологиялықС) Морфологиялық22. Сөз тіркестеріарқылы яғни синтаксистік жолмен жасала-

тын тəсіл қалай аталады?А) СемантикалықБ) АналитикалықД) СинтетикалықГ) ФразеологиялықС) Морфологиялық23. «Қазақ əдебиет тілінің терминдері туралы», «Терминдердің

спецификасы жөнінде», «Математика терминдері жөнінде», «Физика терминдері жөнінде» еңбектерінің авторы кім?

А) А. БайтұрсынұлыБ) Қ. ЖұбановД) Ш. ҚұрманбайұлыГ) Ə. ҚайдарС) А. Айғабылұлы24.Термин сөздерді табыңыз:А) МұғалімБ) Коэффицент

- 164 -

Д) БасқаруГ) АтС) Алма25. Термин сөзді табыңыз:А)ДиалектБ) СабақД) БасқаГ) АтаС) Айбар26. Араб тілінен енген сөзді табыңыз:А) АрбаБ) СүтД) БатырГ) АқынС) Емтихан, кітап, мұғалім 27. Орыс тілінен енген сөзді табыңыз:А) АрманБ) ТартпаД) Жəшік, доға, сотГ) ЕрлікС) Сапар.28. Термин қатысқан сөйлемді белгілеңіз:А) Əр таң үлкен үмітпен атады Б) Қатаң дауыссыздар жұптасып келедіД) Ер елімен мықтыГ) Менің атым ҚожаС) Жаңбыр жауса, жер ырысы, Батыр туса, ел ырысы.28. «Ғибрат» сөзінің қазақ тіліндегі баламасын табыңыз.А) МысалБ) СөзД) ҮлгіГ) СебепС) Өнер29. Халықаралық терминдер тізбегін белгілеңіз:А) Оққағар, айдауыл, əскербасы;Б) Шенеунік, үйкеліс, резонатрД) Жазық, көлбеуГ) Алгоритм, жіктеме, сұлбаС) Химия, атом, шахмат

- 165 -

30. Термин сөздерді табыңыз:А) Уақыт, сағатБ) Мейірім, шуақД) Ойпырым-ай, не дейдіГ) Орындық, үстелС) Проза, поэзия З1. Тіл білімінің терминін табыңыз:А) АтомБ) МолекулаД) СуГ) ХромС) Əріп 32. Интернационалдық терминді табыңыз. А) Адал, арамБ) Жақұт, алтынД) Баскетбол, футболГ) Себеп, салдарС) Синтаксис, морфология33. Термин сөзді табыңыз:А) ЭпитетБ) Уақыт, сағатГ) Мейірім, шуақД) ОйбайС) Орындық, үстел34. Тарих ғылымының терминін атаңыз:А) АдамБ) АтомГ) ХайуанД) ДəуірС) Саты35. Термин сөзді көрсетіңіз:А) АдымБ) СымГ) БəдіренД) АммиакС) Албырт36. Тілімізде бар сөздерді біріктіру арқылы жасалған жаңа

термин сөзді көрсетіңіз:А) Бармен Б) Əуежай

- 166 -

Г) ЫрыскелдіД) СиқыршыС) Сарт-сұрт37. Термин сөзді табыңыз:А) АспазБ) БастықГ) СандықД) ЖапалақС) Хрестомотия38. Термин сөздерді табыңыз:А) Сөз, сөз тіркесі, буынБ) Сан, сапаГ) Сабырлы, салмақтыД) Оқулық, оқырман, оқушыС) Кітапхана, кітап39. Термин сөзді табыңыз:А) Адам ата, Хауа анаБ) Үстел, орындықГ) Теңеу, синусД) Диқан, дақыл, дəнС) Сапар, саяхат, саяжай40. Тіл білімі саласынна жататын термин сөзді табыңыз:А) Албырт, адалБ) Бала, балалық Г) Ес, қиялД) Пайымдау, қабылдауС) Сөйлем41. Географиялық терминді табыңыз:А) СинхрондыБ) МоллекулаГ) ПрецедентД) ЭкспрессивтіС) Түбек 42. Математика ғылымының термин сөзін табыңыз:А) Абсолюттік шамаБ) МатерикГ) РецензентД) РепродуктивтіС) Диахронды45. Геграфиялық терминді белгілеңіз:

- 167 -

А) Аспалы Б) СанскриттіГ) Ф. де СоссюрД) Ономасиологиялық бағытС) Полюс46. Фонетика саласына жататын термин сөзді табыңыз:А) Зат есімБ) БастауышГ) ЕсімдікД) Көнерген сөздерС) Қысаң47. Терминдерді белгілеңіз:А) Сюжет, тамыр, көбейгішБ) Табиғат, түрікГ) Мөлдір су, ашық аспанД) Зерттеуші, зертханаС) Қазіргі уақытта48. Интернационалдық термин сөздер қатарын табыңыз:А) Антарктида, АфрикаБ) Қадам, адымГ) Тіл, жүйеД) Елфимов, МарчукС) Депутат, биржа, витамин 49. Биология ғылымына тəн терминдерді табыңыз:А) Тамыр, бүршікБ) Дыбыс, əріпГ) Ономасиология, лингвистикаД) Лексика, фонетикаС) Қарбыз, қауын50. Ғылым мен техниканың əрбір саласына байланысты

қолданылатын арнаулы сөзді табыңыз:А) Көнерген сөздерБ) НеологизмдерГ) Диалект сөздерД) ТерминС) Кəсіби сөздер

- 168 -

«Ұлттық терминология: қалыптасуы мен даму тарихы» пəні бойынша жұмыс оқу бағдарламасы

Алғы сөз

Пəннің қысқаша сипаттамасы: «Ұлттық терминология: қалыптасуы мен даму жолдары» курсы

жоғары оқу орындарының қазақ тілі мен əдебиетінен маман даяр-лайтын факультеттерде оқылатын пəндердің бірі.

Аталған пəннің мектепте əдебиет жəне тіл сабақтарын жүргізуге тигізетін зор практикалық көмегі бар. Терминология саласы қазіргі таңда өзекті мəселелердің бірі. Студент қазақ терминологиясының тарихын, оның қалыптасу жəне даму жолдарын білу қажет. Тілімі-зде терминдердің қалыптасуының өзіндік тарихы бар. Оның ішін-де ұлттық терминдерімізді қалыптастыру барысында, оны зерделеп зерттеу арқылы ғана қазақ тілін ғылым тілі ретінде қалыптастыра аламыз. Мемлекеттік мəртебеге ие болып отырған қазақ тілінің үш тағанының бірі – оның терминологиясы. Сондықтан терминология саласын зерттеу, оны арнайы пəн ретінде оқытудың маңызы зор. «Ұлттық терминология: қалыптасуы мен даму жолдары» пəні тіл ғылымының көптеген салаларымен лексикология, стилистика, грам-матика жəне аударма ғылымымен тығыз байланысты.

Бұл пəннің негізгі мақсаты – Қазақ терминологиясының қалыптасу жəне зерттелу тарихын, сонымен бірге ұлттық терминдердің пайда болу жолдарын анықтау.

Пəннің міндеті:Қазақ терминологиясының міндеттерін, оның ішінде ғылыми-

техникалық ұғымдардың классификациясы, ұғымдар мен ұғымдар жүйбайланысын анықтау арқылы терминдердің тілімізде қалыптасу жолдарын, тəсілдерін меңгерту.

Пəн преквизиты: Қазақ терминологиясының негіздері пəннен алған біліміңіз Лексикология, Стилистика, Грамматика т.с.с. лингвистикалық пəндермен сабақтасады.

Пəн постреквизиты: Аталған пəннен алған білімдерін тілге (грамматика, аударма) жəне басқа да көптеген салалармен (салалық терминдерге қатысты) сабақтастыра алады жəне оның терминдерді қалыптастыруда маңызы зор.

. Оқу жоспарынан көшірме.

Курс Семестр Кредит Лекция Практ. сабақ

ОСӨЖ СӨЖ Бар-лығы

Бақылау түрі

2 4 2 30 15 24 46 105 емтихан

- 169 -

Пəн бойынша тақырып жоспары

Пəннің мазмұны

Модуль№

Модуль жəне модульдің мазмұны Сағат саны

Бақылау түрі

1 Бірінші модуль. Модульдің атауы: Қазақ терминологиясының негіздері пəнінің зерттеу нысаны, мақсаты мен міндеттері

№ 1- бақылау жұмысы (конспект)

1. Дəріс 101.1. Қазақ терминологиясының негіздері пəнінің зерттеу нысаны, мақсаты мен міндеттері1.2. Аталған пəннің басқа салалармен байланысы.1.3.Т ермин жəне терминология, оның міндеттері.2. Практикалық сабақ 5 2.1. Қазақ терминологиясының негіздері пəнінің мақсаты мен міндеттері.2.2. Терминге тəн қасиеттер, оның басқа атаулардан айырмашылығы.2.3. Терминологияның басқа ғылымдармен байланысы.2.4. Терминология жəне лексикология.2.5. Терминология жəне аударма.2.6.1. Терминология жəне жазу.2. Терминология жəне БАҚ.3. Терминология жəне неология1-ші модуль бойынша барлығы: 15

- 170 -

2 Екінші модуль. Модульдің атауы: Қазақ терминологиясының зерттелу тарихы

№ 2-бақылау жұмысы

(мəнжазба)1. Дəріс 101.1. Қазақ зиялыларының қазақ термино-логиясын қалыптастырудағы еңбектері.1.2. Қазақ терминологиясының жасалу көздері.1. Жалпы қолданыстағы лексиканың терминденуі.2. Көнерген сөздердің терминденуі.1.3. Аймақтық сөздердің терминденуі. Кəсіби сөздердің терминденуі.2. Практикалық сабақ 52.1. Қазақ терминологиясының əр кезеңдегі зертелу тарихы.2.2. А. Байтұрсыновтың қазақ терми-нологиясын қалыптастырудағы рөлі.2.3. Қ. Жұбанов – қазақ терминология-сының негізін салушы ғалым.2.4. Ə. Қайдаров жəне қазақ терминологиясының жаңа бағыты.2.5. Ш. Құрманбайұлы жəне терминтаным.2-ші модуль бойынша барлығы: 15Үшінші модуль. Модульдің атауы: Қазақ терминдерінің шығу арналары

№ 3- бақылау жұмысы

(мысалдар теру)1. Дəріс 101.1. Араб-парсы тілінен енген термин дер.1.2. Орыс тілінен енген терминдер.1.3. Аударма арқылы қалыптасқан терминдер.1.4. Терминжасам тəсілдері.2. Практикалық сабақ 52.1. Терминологияны жасау жəне жүйелеу жолдары.2.2. Термин жасауға негіз болатын факторлар.2.3. Терминдену тəсілінің түрлері.2.4. Қазіргі қазақ терминологиясының даму жəне қалыптасу жолдары.3-модуль бойынша барлығы: 15

- 171 -

Пəннің мазмұны:I модуль

Пререквизиттер: Терминология саласы жəне термин түсінігі бойынша мəліметтер беру.

1. Дəріс:№1.1. Сабақтың тақырыбы: Қазақ терминологиясының не-

гіздері пəнінің зерттеу объектісі, мақсаты мен міндеттері. Жоспары:1. Қазақ терминологиясының зерттеу нысаны.2. Мақсаты мен міндеттері.№1. 2. Сабақтың тақырыбы: Аталған пəннің басқа салалармен байланысы.Жоспары:1.Терминология жəне жазу.2.Терминология жəне лексикология.№1. 3. Сабақтың тақырыбы: Аталған пəннің басқа салалармен

байланысы.Жоспары:1.Терминология жəне лингвомəдениеттану.2.Терминология жəне неология.№1. 4. Сабақтың тақырыбы: Аталған пəннің басқа салалармен

байланысы.1.Терминология жəне аударма.2.Терминология жəне стилистика.№1.5. Сабақтың тақырыбы: Термин анықтамасы жəне түрлеріЖоспары:1.Термин түсінігі2. Терминнің түрлері№1. 6. Сабақтың тақырыбы: Кірме терминдер, олардың жазы-

луы.Жоспары:1. Халықаралық терминдер туралы.2. Кірме терминдердің жазылуы.№1. 7. Сабақтың тақырыбы: Терминге қойылатын талаптар.Жоспары:1. Терминнің қасиеттері.2. Терминге қойылатын талаптар туралы.№1. 8. Сабақтың тақырыбы: Терминологияның міндеті, зерт-

теу нысаны.Жоспары:1. Терминология саласы зерттеу нысаны.2. Терминологияға қойылатын талаптар.

- 172 -

№ 1.9. Сабақтың тақырыбы: Терминологиялық жұмыстар.Жоспары:1.Терминологияны стандарттау мəселесі.2.Терминологияны бірізділендіру туралы.№1.10. Сабақтың тақырыбы: Терминологиялық міндеттер.Жоспары:1. Терминологияны реттеу мəселесі.2. Терминологиялық комитеттің құрылуы, мақсаты, қалыптасу

жолдары.2. Практикалық сабақ2.1. Сабақтың тақырыбы: Терминология саласының зерттеу

нысаны.Жоспары:1.Терминология саласының мақсаты мен міндеттері.2.Терминнің негізгі қасиеттері.2.2. Сабақтың тақырыбы: Терминология саласының басқа

пəндермен байланысы.Жоспары:1.Терминология жəне лексикология.2. Терминология жəне ғылым тілі.2.3. Сабақтың тақырыбы: Терминология саласының басқа

пəндермен байланысы.Жоспары:1.Терминология жəне БАҚ.2.Терминология жəне аударма.2.4. Сабақтың тақырыбы: Терминология саласының басты мін-

деттері.Жоспары:1.Терминология жəне стандарттау мəселесі.2.Терминологияны реттеу мəселесі.2.5. Сабақтың тақырыбы: Терминологиялық комитеттің мін-

деттері туралы.Жоспары:1.Терминологиялық комитеттің құрылу мақсаты.2.Терминологиядағы варианттылық мəселесі.3. ОСӨЖ3.1. Сабақтың тақырбы: 1. Терминология ғылымының зертте-

луі (жылнамалық шолу).2.Терминолог-ғалымдар туралы мəлімет.3.2. Сабақтың тақырбы: 1. Алаш зиялыларының қазақ терми-

нологиясын қалыптастырудағы еңбектерін салыстыру (сабақтастық пен айырмашылықтарды анықтау).

- 173 -

3.3. Сабақтың тақырбы: 1. Терминтану саласына қатысты ата-улар: прототерминдер, квазитерминдер, терминоидтар. Бұлардың терминге қатысын анықтау.

3.4. Сабақтың тақырбы: 1.Кірме терминдер жəне олардың түрлері, жасалу жолдарына талдау жасау (Белгілі бір мəтін бойын-ша).

3.5. Сабақтың тақырбы: 1. Белгілі бір мəтін бойынша төл тер-миндерді анықтап, жасалу жолдарына талдаулар жасау.

4. СӨЖ4.1. Сабақтың тақырбы: 1.Сөз жəне термин. Термин жəне нео-

логизм4.2. Сабақтың тақырбы: 1.Экономика саласына қатысты

мəтіннен терминдерді анықтап, жасалу жолдарына, мағынасына талдау жасау.

4.3. Сабақтың тақырбы: 1.Банк саласына қатысты мəтіннен терминдерді анықтап, оның жасалу жолдарына, мағынасына талдау жасау.

№ 1 Модуль бойынша бақылау түрлері: ТестПостреквизиттер. Терминология саласы мен терминге қатысты мəселелерді меңгеру.

II Модуль

Пререквизиттер: Терминология саласының зертелуі мен қалыптасу тарихы туралы мəліметтер беру

1. Дəріс .№1.1. Сабақтың тақырыбы: Қазақ терминологиясының зертте-

лу тарихы. Жоспары:1.Қазақ терминологиясының қалыптасу тарихы.2.1910–30 жылдары қазақ терминологиясының зерттелуі.№1.2. Сабақтың тақырыбы: Қазақ терминологиясының зертте-

лу кезеңдері.Жоспары:1. 1960–90 жылдары қазақ терминологиясының зерттелуі.2.1990 жылдардан бері қарай қазақ терминологиясының зерттелуі.№1.3. Сабақтың тақырыбы: Қазақ зиялыларының қазақ терми-

нологиясына қосқан үлестері жайында.Жоспары:1. Алаш зияларының қазақ терминологиясына қатысты

еңбектеріне шолу.2. Ғалымдар тілімізге енгізген термндерге талдаулар жасау.

- 174 -

№1.4. Сабақтың тақырыбы: А. Байтұрсынұлы – қазақ термино-логиясын қалыптастырушы ғалым.

Жоспары:1. А. Байтұрсынұлы жəне қазақ терминологиясы.2. Ғалымның қазақ терминологиясына қатысты енгізген

қағидаттары.№1.5. Сабақтың тақырыбы: А. Байтұрсыновтың төл термин-

дерімізді қалыптастыруға қатысты қағидаттары.Жоспары:1.А. Байтұрсынұлының «Тіл құралы», «Əдебиет танытқыш» т.с.с

еңбектерінің терминология саласына қатысы.2.Ғалымның əртүрлі салаларға қатысты енгізген терминдері ту-

ралы.№1.6. Сабақтың тақырыбы: Қ. Жұбанов – қазақ терми-

нологиясының негізін қалаушы.Жоспары:1.Қ. Жұбанов жəне қазақ терминологиясы.2.Ғалымның əртүрлі салаларға қатысты енгізген терминдері ту-

ралы.№1.7. Сабақтың тақырыбы: Қ. Жұбанов – қазақ терминология-

сын қалыптастырушы ғалым.Жоспары:1. Қ. Жұбановтың «Физика», «Математика» салалары термин-

деріне қатысты ой-пікірлері.2. Ғалымның терминдерді қалыптастыруға қатысты қағидаттары.№1.8. Сабақтың тақырыбы: Ə. Қайдаров жəне қазақ термино-

логиясы.Жоспары:1. Қазақ терминологиясындағы Ə. Қайдаровтың ролі.2. Ғалымның терминдерді қалыптастыруға қатысты қағидаттары.№1.9. Сабақтың тақырыбы: Ə. Қайдаров жəне қазақ термино-

логиясы.Жоспары:1.Қазақ терминологиясындағы жаңа бағыт.2.Ғалымның терминдерді қалыптастыруға қатысты қағидаттары.№1.10. Сабақтың тақырыбы: Ш. Құрманбайұлы жəне ұлттық

терминология.Жоспары:1.Қазақ терминологиясын қалыптастыруда Ш. Құрманбайұлының қағидаттары.2.Салалық терминологияда ұлттық терминдердің пайда болу

жолдары.

- 175 -

2. Практикалық сабақ.2.1 Сабақтың тақырыбы:Қазақ терминологиясының əр

кезеңдегі зертелу тарихы.Жоспары:1. 1920 – 30жж. қазақ терминологиясының зерттелу жайы.2. 1960 – 90жж. қазақ терминологиясының зерттелу жайы.3. 1990 ж. бері қазақ терминологиясының зерттелу жайы.Сабақтың тақырыбы: А. Байтұрсыновтың қазақ термино ло-

гиясын қалыптастырудағы ролі.Жоспары:1. А. Байтұрсынұлы жəне қазақ терминологиясы.2. Ғалымның қазақ терминологиясын қалыптастырудағы

ұстанымы.Сабақтың тақырыбы: Қ. Жұбанов – қазақ терминологиясының

негізін салушы ғалым.Жоспары:1.Қ. Жұбанов жəне қазақ терминологиясы.2. Ғалымның терминдерді қалыптастырудағы қағидаттары.2.4. Сабақтың тақырыбы: Ə. Қайдаров жəне қазақ терминоло-

гиясының жаңа бағыты.Жоспары:1. Ə. Қайдар жəне қазақ терминологиясы.2. Ғалымның терминдерді қалыптастырудағы қағидаттары.Сабақтың тақырыбы: Ш. Құрманбайұлы жəне ұлттық терми-

нология.Жоспары:1. Ш. Құрманбайұлының ұлттық терминдерді қалыптастырудағы

негізгі қағидаттары.2. Ұлттық терминдердің пайда болу жолдары.3. ОСӨЖ3.1. Сабақтың тақырбы: Терминденген көнерген сөздерді

анықтап, терминдену жолын түсіндіру.3.2. Сабақтың тақырбы: Терминденген аймақтық сөздерді

сұрыптап, терминдену жолын анықтау.3.3. Сабақтың тақырбы: Терминденген кəсіби сөздерді теріп,

терминдену жолын анықтау. 3.4. Сабақтың тақырбы: Салалық терминдердің аударылу жол-

дарына талдау жасау (салалық мəтіндер бойынша)3.5. Сабақтың тақырбы: Белгілі бір мəтін бойынша терминдер-

ді жинақтап, қай салаға қатысты екенін анықтап, жасалу жолдарына талдаулар жасау

- 176 -

4. СӨЖ4.1. Сабақтың тақырбы: Мəтіннен ресми іс қағаздар стиліне

қатысты терминдерді анықтап, жасалу жолдарына, мағыналарына талдау жасау.

4.2. Сабақтың тақырбы: Мəтіннен педагогика саласына қатысты терминдерді анықтап, оның жасалу жолдарына, мағыналарына тал-дау жасау.

№ 2 Модуль бойынша бақылау түрлері: КонспектПостреквизиттер. Терминология саласының қалыптасу тарихы

мен осы салаға қатысты алаш зиялыларының еңбектерін меңгеру.

III модуль

Пререквизиттер: Қазақ терминологиясының негізі, кірме қабаты туралы мəліметтер беру.

1. Дəріс .№1.1. Сабақтың тақырыбы: Қазақ терминдерінің шығу арна-

лары.Жоспары:1. Араб сөздері негізінде қалыптасқан терминдер.2. Парсы сөздері негізінде қалыптасқан терминдер.№1.2. Сабақтың тақырыбы: Кірме терминдер.Жоспары:1. Орыс тілінен енген терминдер.2. Орыс тілі арқылы енген терминдер.№1.3. Сабақтың тақырыбы: Төл терминдер.Жоспары:1. Жалпы қолданыстағы лексиканың терминденуі2. Көнерген сөздердің терминденуі№1.4. Сабақтың тақырыбы: Төл терминдер.Жоспары:1. Аймақтық сөздердің терминденуі.2. Кəсіби сөздердің терминденуі.№1.5. Сабақтың тақырыбы: Төл терминдер.Жоспары:1. Аударма арқылы қалыптасқан терминдер.2. Калька тəсілі туралы.№1.6. Сабақтың тақырыбы: Терминжасам тəсілдері.Жоспары:1. Лексика-семантикалық (терминдену) тəсілі.2. Жасалу жолдары.№1.7. Сабақтың тақырыбы: Терминжасам тəсілдері.

- 177 -

Жоспары:1. Синтетикалық (морфологиялық) тəсілі.2. Жасалу жолдары, тіркесім түрлері.№1.8. Сабақтың тақырыбы: Терминжасам тəсілдері.Жоспары:1. Аналитикалық (морфологиялық) тəсілі.2. Жасалу жолдары, қосымшалары.№1.9. Сабақтың тақырыбы: Терминолия саласының қазіргі

жай-күйіЖоспары:1. Терминология саласындағы кемшіліктер2. Терминология саласындағы кемшіліктердің түрлері№1.10. Сабақтың тақырыбы: Терминолия саласының қазіргі

жай-күйі.Жоспары:1. Терминология саласындағы жетістіктер.2. Терминология саласындағы жетістіктер түрлері.2. Практикалық сабақ2.1. Сабақтың тақырыбы: Терминологияны жасау жəне

жүйелеу жолдары.Жоспары:1. Терминологияны реттеу мəселесі.2. Терминологияны сатандарттау мəселесі.2.2. Сабақтың тақырыбы: Термин жасауға негіз болатын фак-

торлар.Жоспары:1. Термин жасауға негіз болатын сыртқы фактор.2. Термин жасауға негіз болатын ішкі фактор.2.3. Сабақтың тақырыбы: Терминдену тəсілінің түрлері.Жоспары:1. Лексика-семантикалық (терминдену )тəсілі.2. Синтетикалық (морфологиялық) тəсілі.3. Аналитикалық (морфологиялық) тəсілі.Сабақтың тақырыбы: Жалпы қолданыстағы сөздердің термин-

дену жолдары.Жоспары:1. Көнерген сөздердің терминдену жолдары2. Аймақтық сөздердің терминдену жолдары2.5. Сабақтың тақырыбы: Қазіргі қазақ терминологиясының

даму жəне қалыптасу жолдары.Жоспары:1. Қазақ терминологиясындағы жетістіктер.

- 178 -

2. Қазақ терминологиясындағы кемшіліктер.3. ОСӨЖ3.1. Сабақтың тақырбы: Спорт саласына қатысты мемлекеттік

терминологиялық комитет бекіткен терминдерді жинақтап, тілдік талдаулар жасау.

3.2. Сабақтың тақырбы: Психология саласына қатысты төл тер-миндерді жинақтап, тілдік талдаулар жасау.

3.3. Сабақтың тақырбы: Құқық саласына қатысты терминдерді төл терминдерді жинақтап, мағыналық жəне жасалу жолдарына тал-даулар жасау.

3.4. Сабақтың тақырыбы: «Ана тілі» газетімен жұмыс. Соңғы жылдары бекітілген терминдерді жинақтау.

3.5. Сабақтың тақырбы: Мəтіндерде, БАҚ-та, жарнамаларда кездесетін қателермен жұмыс. (терминдерге қатысты).

4. СӨЖ4.1. Сабақтың тақырбы: Белгілі бір салаға қатысты мəтіннен

ұлттық терминдерді анықтап, жасалу жолдарына, мағынасына тал-дау жасау.

4.2. Сабақтың тақырыбы: Əскери терминдерді мəтін бойынша анықтап, мағынасы мен жасалу жолдарына талдау жасау.

4.3. Сабақтың тақырыбы: Лингвистикалық терминдерді мəтін бойынша анықтап, мағыналық жəне жасалу жолдарына талдау жа-сау.

№ 3 Модуль бойынша бақылау түрлері: бақылау, мысалдар жинақтау

Постреквизиттер. Терминология саласы бойынша мəліметтерді толық меңгеру

Өзіндік бақылауға арналған тапсырмаларІ аралық бақылау сұрақтары

1. Термин жəне оның қасиеті.2. Термин жəне сөз.3. Терминология жəне оның міндеті.4. Терминге қойылатын талаптар.5. Қазақ терминологиясының зерттелу тарихы.6. Терминология жəне аударма.7. Терминология жəне лексикология.8. Терминология жəне неология.9. Терминология жəне А. Байтұрсынов.10. Терминология жəне Қ. Жұбанов.

- 179 -

ІІ аралық бақылау сұрақтары1. Аймақтық сөздердің терминденуі.2. Терминология жəне Ə. Қайдар.3. Терминология жəне Ш. Құрманбайұлы.4. Қазақ терминологиясының қалыптасу жолдары.5. Көнерген сөздердің терминденуі.6. Кəсіби сөздердің терминденуі.7. Кірме терминдер.8. Калька тəсілі арқылы жасалған терминдер.9. Терминжасам тəсілдері.10. Қазақ терминологиясының қазіргі кездегі жай –күйі.

«Ұлттық терминология: қалыптасуы мен даму жолдары» пəні бойынша емтихан сұрақтары:

1. Термин жəне оның қасиеті.2. Термин жəне сөз.3. Терминдердің пайда болу жолдары, оған əсер ететін факторлар.4. Терминология жəне оның міндеті.5. Терминге қойылатын талаптар.6. Терминдерді бірізділендіру, стандарттау мəселелері.7. Қазақ терминологиясының зерттелу тарихы.8. 1920-30 жылдардағы қазақ терминологиясының зерттелуі.9. 1940-50-60жылдардағы қазақ терминологиясының зерттелуі.10. 1990 жылғы қазақ терминологиясының зерттелуі.11. Қазіргі таңда терминология саласының зерттелуі.12. Мемлекеттік терминологиялық комитетінің қалыптасу тари-

хы мен міндеті.13. Терминология жəне аударма мəселесі.14. Терминдерді аудару тəсілдері.15. Терминология жəне лексикология.16. Терминология жəне неология.17. Терминология жəне лингвомəдениеттану18. Терминдерді қалыптастырудағы БАҚ-ның рөлі.19. Терминология жəне А. Байтұрсынов.20. Терминология жəне Қ. Жұбанов.21. І.Жарылғаповтың сөзжасамдағы еңбегі туралы.22. К. Кемеңгерұлының терминжасамдағы пікірлері туралы. 23. М. Жұмабаевтың қазақ тіліне енгізген терминдері туралы.24. Е. Омарұлының терминдерді қалыптастыруда ұсынған

қағидаттары.25. Терминология жəне Ə. Қайдар.26. Ұлттық терминология жəне Ш. Құрманбайұлы.

- 180 -

27. Əр кезеңде термин мəселесімен айналысқан ғалымдардың қағидаттарындағы айырмашылықтар мен сабақтастығы.

28. Қазақ терминологиясының қалыптасу жолдары.29. Терминдердің шығу арналары.30. Араб-парсы сөздерінің негізінде қалыптасқан терминдер,

қалыптасу тарихы.31. Орыс тілі жəне орыс тілі арқылы енген терминдер, жасалу

жолдары. 31. Халықаралық терминдер мəселесі.32. Халықаралық терминдердің жазылу емлесі33. Төл терминдер, жасалу жолдары34. Жалпы қолданыстағы сөздердің терминдену жолдары.35. Көнерген сөздердің терминденуі.36. Аймақтық сөздердің терминденуі.37. Кəсіби сөздердің терминденуі.38. Терминденуші лексиканың өзге көздері туралы.39. Терминдерді қалыптастыруда пайдаланылатын сыртқы көздер

туралы.40. Нормативтік-жарлықшы құжаттар терминдерінің аударылу

жолдары.41. Құқық, заң салаларындағы терминдердің қалыптасу жолдары.42. Медицина, психолгия салаларында терминдердің қалыптасуы.43. Жаратылыстану салаларында терминдердің қалыптасу жол-

дары.44. Кірме терминдер, оның аударылу жолдары.45. Калька тəсілі арқылы жасалған терминдер.46. Терминжасамның семантикалық тəсілі.47. Терминжасамның аналитикалық тəсілі.48. Терминжасамның синтетикалық тəсілі.49. Ұлттық терминдерді қалыптастырудағы көне жұрнақтардың рөлі.50. Терминдердің варианттылық проблемасы.51. Терминологиядағы жарыспалылық проблемасы.52. Қазақ терминологиясының қазіргі кездегі жай –күйі.53. Ұлттық терминологияда кездесетін кемшіліктің түрлері.54. Қазіргі таңдағы терминология саласының зерттелуі.55. Терминология саласындағы жаңа бағыттар

- 181 -

НЕГІЗГІ ƏДЕБИЕТТЕР:

1. Айтбаев Ө. Қазақ терминологиясының дамуы мен қалыптасуы. – Алматы, 1988.

2. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. – Алматы, 1992.3. Білəлов Ш. Ұлттық ғылым тілін қалыптастырудың өзекті

мəселелері. – Алматы,1996.4. Құрманбайұлы Ш. Терминқор қалыптастыру көздері мен тер-

минжасам тəсілдері. – Алматы, 2005.5. Құрманбайұлы Ш. Терминтану. – Алматы, 2006.6. Құрманбайұлы Ш. Қазақ лексикасының терминденуі. – Алма-

ты, 1998.7.Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. – Алматы, 1999.8. Қайдаров Ə. Қазақ терминологиясына жаңаша көзқарас.–Ал-

маты,1993.9. Исакова С. Қазақ терминтанымы: лексикалық құрамы, жасалу

тəсілдері,прагматикалық қызметі, – Алматы, 2007.10. Терминологиялық Хабаршы сандары.

- 182 -

ҚОСЫМША ƏДЕБИЕТТЕР

1. Ақаев С. Терминнің танымдық табиғаты. – Алматы, 2000.2. Əлісжанов С. Терминология мəселелері. – Астана, 2004.3. Барлыбаев Р. Қазіргі қазақ тіліндегі қоғамдық- саяси лексика.

– Алматы,1978.4. Исақова С. Қазіргі қазақ тіліндегі психология терминдерінің

лин гвистикалық мəселелері (лингвистикалық зерттеу). – Алматы, 2001.

5. Құрманбайұлы Ш. Қазақ терминологиясы дамуының ғылыми қағидаттары. – Алматы, 2004.

6. Терминдер жəне оның аудармалары . – Алматы, 1990.7. Қазақ терминологиясының мəселелері . – Алматы, 1986.8. Қалиев Б., Жылқыбаева А. Сөз мағыналарының негіздері. –Ал-

маты, 2002.9. Қазақ терминологиясының өзекті мəселелері. – Астана, 2002.10. Терминологиялық хабаршы. 2002-2008жж.11. Татаринов В. А. Теория терминоведения: теория термина:

история и современное состояние. – Москва, 1996.12. Кеңесбаев І., Жанұзақов Т. Русско-казахский словарь лингви-

стических терминов. – Алматы, 1966.13. Сабырбаев Б. Экономикалық терминдердің орысша-қазақша

түсіндірме сөздігі. – Алматы, 1993.14. Құрманбайұлы Ш. Қазақша-орысша, орысша- қазақша тер-

миндер сөздігі (бекітілген терминдер). – Алматы, 2004.15. Вопросы терминологии. – Москва, 1961.16. Мемлекеттік тіл: терминология, іс қағаздары мен бұқаралық

ақпарат құралдарының тілі. – Астана, 1999.

- 183 -

МАЗМҰНЫ

Алғысөз ………………………………………………...……………....31-БӨЛІМ.

1. «Ұлттық терминология: қалыптасуы мен даму жолдары» пəнінің зерттеу нысаны, мақсаты мен міндеттері..............................................…………........5 2. Пəннің ғылымның басқа салалармен байланысы….......................53. Термин жəне оның қасиеттері, пайда болу жолдары.................104. Терминология саласының міндеттері….......................…………105. Қазақ терминологиясының зерттелу тарихы…………………....186. Қазақ зиялыларының қазақ терминологиясын қалыптастырудағы рөлі...................................................................267. Қазақ терминологиясының жасалу көздері………….………..378. Қазақ терминдерінің шығу арналары.…………….....………...469. Терминжасам тəсілдері…………………………..……………..5310. Қазақ терминологиясының қазіргі жай-күйі..............................57

2-БӨЛІМ. Практикалық сабақтар......……………..………………....67Глоссарий.........................................................................................152Студенттердің өзіндік жұмыс (СӨЖ) аясында құрылған сабақтың жоспары........................................................158Студенттердің оқытушымен бірге жасайтын өзіндік жұмысы (ОСӨЖ) аясында құрылған сабақтар жоспары…………………………………......................................159«Ұлттық терминология: қалыптасуы мен даму тарихы» пəні бойынша жұмыс оқу бағдарламасы.....................................168Пəн бойынша тақырып жоспары.................................................169Өзіндік бақылауға арналған тапсырмалар...................................178«Ұлттық терминология: қалыптасуы мен даму жолдары» пəні бойынша емтихан сұрақтары................................................179

Негізгі əдебиеттер. Қосымша əдебиеттер........................................181

- 184 -

Б. С. ҚАРАҒҰЛОВА А. С. КӨШКІМБАЕВА

ҰЛТТЫҚ ТЕРМИНОЛОГИЯ: ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУ ЖОЛДАРЫ

Басуға 05.09.2012 ж. қол қойылды. Пішіні 60×901/16.Баспа табағы 11,5. Шартты баспа табағы 10,6.Есептік баспа табағы 8,7. Офсеттік басылым. Таралымы 1200 дана. Тапсырыс №3/100-12.

«Экономика» баспасы» ЖШС050063, Алматы қаласы, Сайын көшесі, 81-үй