Allah kaida?

17
" " А А л л л л а а һ һ қ қ а а й й д д а а ? ? " " д д е е г г е е н н с с ұ ұ р р а а қ қ , , ә ә р р і і о о ғ ғ а а н н ж ж а а у у а а п п

Transcript of Allah kaida?

Page 1: Allah kaida?

""ААллллааһһ ққааййддаа??""

ддееггеенн ссұұррааққ,, әәрріі

ооғғаанн жжааууаапп

Page 2: Allah kaida?

2

Аса Мейірімді, ерекше Рақымды Аллаһтың атымен!

""ААллллааһһ ққааййддаа??""-- ддееггеенн ссұұррааққ,, әәрріі ооғғаанн жжааууаапп

"Аллаһ қайда?" деп сұрауға бола ма?

Шейх 'Усәйминге былай деп сұрақ қойылды: ""Аллаһтың орны бар ма?" деп

сұрауға бола ма?"

Шейх былай жауап берді:

"Біріншіден, мұндай сұрақты қою турасында бізге пайғамбардан (оған Аллаһтың игілігі

мен сәлемі болсын) жетті. Ол күң әйелден: "أين هللا - Аллаһ қайда?" - деп сұрады. Және

айна /"أين" айна (қайда) сөзі осы әлемнің түсінігінде орынды меңзейді. Араб тілінде /"أين"

(қайда) сөзінің әр түрлі мағынасы бар, бірақ осында ол орынды білдіреді.

Дегенмен, білуге міндетті болған нәрсе, ол Аллаһ Тағалаға

Оның жаратылыстарының бірде-бір сипаты сәйкес келмейді. Өйткені, Ол

барлық жаратылыстардан жоғары, және Ол Өзінің жаратылыстарының ішінде

ешкімге ұқсамайды, және Оны ешкім қамти алмайды. Ол

Аршының (Тақтың) үстінде, бірақ адамдар секілді емес! Ол аспандардың үстінде, және

Оны ешкім қамти алмайды. Ол сонда, жоғарыда және біз Оның жоғарылағанын

айтамыз, және онда Одан басқа ешкім жоқ, онда жаратылыстардың ешқайсысы жоқ.

Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) күң әйелден "Аллаһ қайда?"- деп

сұрады, ал ол "Ол аспандардың үстінде (жоғарыда)!" - деп жауап берді. Және егер

бізден Аллаһ Субхана-һу уа Та'алә жайлы сұраса, біз сол күң әйел секілді: "фи-ссамаа -

жоғарыда, аспандардың үстінде" - деп жауап береміз." (жауаптың соңы)

(фатауа әл-харама әл-Маккий - 1414, № 10 таспа - б, 9:25)

1. Имам Малик былай деген: "Аллаһ аспандардың үстінде, ал Оның білімі барлық жер

де, және Одан еш нәрсе жасырына алмайды"Жеткізгендер: Әбу Дауд "Масаил"

(263), әл-Әжурри (289), әл-Ләләкәи "Шарх усул әл-и'тиқад"

(1/92) және хабардың иснады ашық аспандағы күн секілді анық сенімді.

2. Имам әл-Бухари өзінің "Сахих" жинағында, бір бөлімді "Жәхмилерді теріске

шығару" деп атап, оның ішіндегі "Аллаһ тағаланың сөзі: "Оның Тағы судың үстінде

болды" деген бөлімшеде былай деген: "Әбу Алия айтты: "Аспандарға истауа

жасады" яғни "көтерілді" дегенді білдіреді." Және Мужтахид "истиуа" жайлы: "Яғни

Аллаһтың Тақтың үстіне көтерілуі" - деді. Иман келтіргендердің анасы Зайнаб

(Аллаһ оған разы болсын): "Аллаһ мені жеті қабат аспанның үстінен үйлендірді" -

Page 3: Allah kaida?

3

деген". (Қараңыз: "Сахих әл-Бухари")

Сондай-ақ, имам әл-Бухаридің "Халқ әф'ал әл-'ибад" деген кітабы бар, сонда ол

сахабалардан, табиғиндерден, басқа да сәләфтардан (әуелгі мұсылмандардан)

Аллаһтың жеті қабат аспандардың үстінде екені туралы көптеген сөздерін

келтіреді. Мысалы, табиғиндерден болған ғалым Сулайман әт-Таймидің мынадай

сөздерін имам әл-Бухари жеткізген: "Егер менен: "Аллаһ қайда?" - деп сұраса, мен:

"Аспандардың үстінде" - деп жауап беремін. Егер менен: "Аллаһ аспандарды

жаратпастан Оның Аршысы (Тағы) қайда болды?" - деп сұраса, мен: "Судың үстінде" -

деймін. Ал егер менен: "Ал суды жаратпастан Арш (Тақ) қайда болды?" - деп

сұраса, мен: "Білмеймін" - деп жауап беремін."

Осыны келтіріп, әрі растап, өзі имам әл-Бухари: "Әбу Абдуллаһ (яғни мен, әл-

Бухари) былай деймін: "Бұл Аллаһтың мына Сөздеріне сәйкес:"Олар,

Оның қалауынан басқа еш нәрсе білмейді" (2-255), яғни, Аллаһ баяндап бергеннен

басқа" - деді. (Қараңыз: Имам әл-Бухари "Хәлқ әф'ал әл-'ибад" кітабы, 37-бет)

Аллаһтың жоғарыда екенін, Аршының үстінде екенін дәлелдейтін анық Құран

аяттарын, сахих хадистерді, сахабалардың, табиғиндердің, одан кейінгі

сәләфтардан (әуелгі мұсылмандардан) болған ғалымдардың, бір ауыздан келіскен

(ижма') ғалымдардың сөздерін келтірместенбұрын бір маңызды болған нәрсені

біліп алғанымыз жөн болар.

Аллаһ Тағала былай дейді:

ميع البصير ليس كمثله شيء وهو الس

"Оған ұқсас ешнәрсе жоқ, және Ол Естуші, Көруші" (Шура сүресі, 11-аят)

Аллаһ Тағала Өзін Естуші, әрі Көруші деп сипаттады. Ал басқа бір аятта

Аллаһ Тағала адамды да:

فجعلناه سميعا بصيرا

"және еститін, көретін қылдық" (Инсан сүресі, 2-аят)

деп бізді де еститін, әрі көретін деп сипаттады. Бірақ дегенмен, Аллаһ Тағала Өзін

және бізді осылай сипаттағанымен, бұл деген біз Аллаһқа ұқсаймыз дегенді мүлде

білдірмейді. Жоғарыда келтірген "Шура" сүресінің 11-аятында Аллаһ Тағала Өзін

ешкімге ұқсамайтынын айтып кетті. Осыдан түсінетіміз, Оның Естуі және

Көруі Өзінің Ұлылығына сәйкес және Ол сияқты ешкім естімейді, көрмейді, ал

біздің есту және көруіміз сәйкесінше біздің жаратылысымызға сәйкес. Осы сияқты

Page 4: Allah kaida?

4

барлық Аллаһ Өзін сипаттаған аяттарды түсіне береміз, ал оларға иман келтіру

парыз болып табылады.

Аллаһ Тағала Құранда қалай Өзін сипаттауды қалады, біз тура солай

сипаттаймыз, әрі Оны ешкімге ұқсатпаймыз, өйткені:

- Аллаһ Тағала ешкімге ұқсамайды;

- Өзі кейбір сипаттарының қандай екенін анықтап сипаттап берген жоқ;

- Оны ешкім көрген жоқ.

Мәселен, Аллаһ Тағала былай дейді:

قال يا إبليس ما منعك أن تسجد لما خلقت بيدي

"(Аллаһ) айтты: "Ей Ібіліс, Мен Екі Қолыммен (би-Йадәййә) жаратқанға

сәжде қылуға не кедергі болды?"

(Сад сүресі, 75-аят)

Аллаһ Тағала Өзін Екі Қолы бар екенін айтты және біз Оны осылай сипаттаймыз!

Және біз осыған иман келтіреміз және Қолдардың қандай екенін

білмейміз, өйткені Аллаһ тағала осыны хабар берді (яғни білуімізді қалады),

бірақ қандай екенін анықтап айтпады (яғни қандай екендерін

білуімізді қаламады), ал біз Аллаһ айтқандай: "Олар, Оның қалауынан басқа еш

нәрсе білмейді" (Бақара сүресі, 255-аят) және көзімізге елестетпейміз,

ойткені "Оған ұқсас ешнәрсе жоқ" (Шура сүресі, 11-аят)

Тура осылай Табан, Жүзі, Тобық (Сақ), немесе Келу, Көтерілу, Түсу тағы басқа

Аллаһ және Оның елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сипаттаған

Сипаттармен сипаттаймыз:

- Ешкімге ұқсатпастан;

- Жоққа шығармастан;

- "Қалай?" деп сұрамастан;

- Өзгерпестен. Және де, осында шейх Салих Әли Шейхтың (оған Аллаһ есендік берсін)

Ибн Қудаманың "Лум'атул и'тиқад" (Сенімнің жарқырауы) кітабына берген

түсіндірмесінде келтірген Имам Харамайн Әбу Мәәли әл-Жууейнидің сөздерін,

осында келтіруді жөн көрдім. Имам былай деген:

"Мен ой жүгірттім және пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын)

хадистерінен [оқып білгенім, ол-] оған бәдәуилер де (көшпенді араб халқы), бәдәуи

еместер де келді, [сондай-ақ] ақымақтар да, ақымақ еместер де, бірден түсінетіндер де,

түсінбейтіндер де келді - оған әртүрлі адамдар келді және олар Мұхаммед (оған

Page 5: Allah kaida?

5

Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оқып берген аяттарды тыңдады. [Аллаһтың]

Сипаттары бар аяттарды оқыды. Және сол аяттардағы Сипаттар

сырттай қарағанда, Аллаһты Оның жаратылыстарына ұқсататын сияқты көрінеді.

Сондай-ақ, ол адамдар ғайып (жасырын) нәрселерге иман келтіру жайлы аяттарды

естіді және пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оларға осыны оқып

бергеннен кейін еш нәрсе қосқан жоқ. Бұл деген осы аяттардан сырттай түсінетін

нәрселерге [қалай айтылса, солай] иман келтіру қажет екенін анық және түсінікті

меңзейді. Және де, еш жағдайда, ол аяттарды өзгертуге болмайтынын

білдіреді. Өйткені, егер де сол аяттарда сенің ойынша Аллаһтың адамдарға ұқсас

сияқты екені себепті, аяттарды өзгерту және [өзінше] түсіндіру рұқсат болғанында,

[пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын)] жердің түкпір-түкпірінен

келген бәдәуилерге оны түсіндіріп беру уәжіб (парыз, міндет) болар еді. [Өйткені] олар

білімсіз болды және оларда білім болған жоқ. Сол арабтардың кейбіреулері, пайғамбар

(оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Аллаһтың Екі Қолы бар екенін айтып

жатыр деп ойлап қалуы мүмкін еді ғой. Мүмкін еді, демек осы керек еді, өйткені

пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сол бәдәуилерге аяттарды

оқығаннан кейін, еш нәрсе қосқан жоқ. Бұл жайт осы нәрсенің қажет екенін білдіреді,

яғни аяттардан сырттай түсінетін нәрселерге иман келтіру керектігі. Және

мәтіндерде меңзелген нәрселерге иман келтіру қажет екенін білдіреді. Бірақ,

осымен қатар, білуге қажет болған нәрсе, ол - бұл дегеніміз [Аллаһ пен

Оның жаратылыстарының сипаттары] ұқсас, әрі тең екенін білдірмейді"(имам

сөзінің соңы)

Иә, расында, егер де сол ашарилер, матрудилер, олардан бұрынғы жаһмилер,

мутазилилер айтқан секілді болса, Аллаһтың Екі Қолы жоқ, аятта Оның Құдыреті

немесе Мейірімі айтылған, Аллаһ Тағаланың Аршыға истауа (көтерілді) дегенін,

истаулә (жаулады, билігіне алды) деп түсіну керек болғанда, бұл нәрсені

түсіндіріп кету Аллаһ елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) уәжіп

(парыз, міндет) болар еді, және ол міндетті түрде оны айтып кетуші еді. Өйткені,

Аллаһ Тағала оған былай деген:

سول ب لغ ما أنزل إليك من ربك وإن لم تفعل فما بلغت رسالته يا أيها الر

«Әй елші! Раббың тарапынан түсірілгенді жеткіз. Егер оны істемесең,

елшілік міндетін жеткізбеген боласың» Мәида сүресі, 67-аят).

Ал пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) әлбетте дінді

толықтай жеткізді және сахабаларынан «Мен жеткіздім бе?» - деп сұрағанда,

олар: «Жеткіздіңіз», - деп жауап берді. Сонда, пайғамбарымыз (оған

Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сұқ саусағын жоғары көтеріп: «Иә Аллаһым,

куә бол», - деді. Ал «Әр нәрсеге Куәгер» (Буруж сүресі, 9-аят) Аллаһ Тағала

былай дейді:

Page 6: Allah kaida?

6

سلم دينا اليوم أكملت لكم دينكم وأتممت عليكم نعمتي ورضيت لكم ال

«Бүгін діндеріңді толықтастырдым және нығметімді тәмәмдадым. Сондай-

ақ сендерге Ислам дінін қоштап разы болдым» (Мәида сүресі, 3-аят) .

Және осы аятты еске алғанда, Омар ибн әл-Хаттаб былай деген: «Расында,

кемелдіктен (толықтықтан) кейін қасіреттен басқа еш нәрсе болмайды» әл-

Бухари. Қараңыз: “Рахматун лил-аләмин”, 1/38.

Имам Малик былай деген: «Исламға жақсы (хасан) бидағат енгізетін адам, Мұхаммед

(оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) елшілігін жеткізбей, қиянат жасады дейді. Ал

Аллаһ Тағала былай дейді: «Бүгін діндеріңді толықтастырдым және нығметімді

тәмәмдадым. Сондай-ақ сендерге Ислам дінін қоштап разы болдым» (әл-

Мәида сүресі, 3-аят). Сол кезде дін болмаған нәрсе, қазір дін бола алмайды». Қараңыз:

“Тахзиб әл-фуруқ” 4/225, “әл-И’тисам” 1/63. Шейх Мухаммад Наср ад-Дин әл-Әлбани (оған Аллаһтың мейірімі жаусын) былай

деген: "Ақиқатты іздегенге бір дәлелдің өзі жеткілікті, ал өз нәпсі-қалауына ергенге

мың дәлеле де жеткіліксіз".

Дегенмен, біз осында Раббымыз Аллаһтың Өзінің Затымен, әрі Мәртебесімен

бәрінен жоғарыда, Аршысының үстінде екенін Аллаһ Тағаланың Өзінің Сөзі

болған Құраннан, өздігінен сөйлемеген Пайғамбарымыздың (оған

Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Сүннетінен, сахалардың сөзінен,

сәләфтардан (әуелгі мұсылдардан) болған ғалымдардың бір ауыздан келіскен

сөздерінен (ижма') дәлелдер келтіруге дайынбыз. Аллаһ Тағаладан

еңбегіміздің Жүзінің алдында ықыласты етуін сұраймыз, әрі өзімізге және барша

мұсылмандарға пайдалы болуын сұраймыз!

ҚҚұұррааннннаанн ддәәллееллддеерр

16 "Нахл" сүресі, 50-аятта Аллаһ Тағала былай дейді:

يخافون ربهم من فوقهم

"Олар олардың үстінде болған (мин фауқи-һим) Раббыларынан қорқады"

67 "Мулк" сүресі, 16-шы және 17-ші аяттарда Аллаһ Тағала былай дейді:

ماء أن يرسل عليكم حاصبا (17) ماء أن يخسف بكم الرض فإذا هي تمور )61( أم أمنتم من في الس أأمنتم من في الس

فستعلمون كيف نذير

"Жер теңселген сәтте аспанның Үстіндегі (Жоғарыдағы) (мән фис-сәмәә'и)

сендерді жерге жұттыруынан қауіпсізсіңдер ме? Аспанның Үстіндегі

Page 7: Allah kaida?

7

(Жоғарыдағы) (мән фис-сәмәә'и) сендерге тас жаудыруынан қауіпсізсіңдер

ме? Ескертуімнің қалай екенін таяуда білесіңдер!"

Имам ибн Жәрир ат-Табари осы аяттын тәпсірінде айтты:

ماء - وهو هللا أم أمنتم من في الس

// تفسير الطبري - ج 32 / ص 513

""аспанның Үстіндегіден (Жоғарыдағыдан) қауіпсізсіңдер ме?" - ал бұл Аллаһ."

(Тафсир ат-Табари, 23/513).

Құран және хадисте, әрі араб тілінде "фи" (ішінде) сөзі кейде "'алә" (үстінде)

мағынасын да білдіреді, мысалы Аллаһтың мына сөздері: "Жер бетінде (фил-

ардый) төрт ай кезіңдер" (Тауба сүресі, 2-аят), және тағы осыған көптеген

мысалдар келтірсе болады.

Сондай-ақ, "аспан" деген жоғарыны білдіреді, мысалы Аллаһ Тағала былай

дейді: "... үстілеріңе аспаннан су жаудыруда" (Әнфәл сүресі, 11-аят), яғни

жоғарыдан.

3 "Әли Имран" сүресінің 55-аятында Аллаһ Тағала былай дейді:

يا عيسى إني متوفيك ورافعك إلي إذ قال هللا

"Сол уақытта Аллаһ былай деді: "Әй, 'Иса! Мен саған тыныштық жіберемін

және Өзіме көтеремін (уә роофи'укә иләйиә)...""

35 "Фатыр" сүресі, 10-аятында Аллаһ Тағала былай дейді:

إليه يصعد الكلم الطيب

"Көркем сөз Оған көтеріледі..."

4 "Ниса" сүресі 158 аятта, Аллаһ Тағала айтты:

عزيزا حكيما إليه وكان هللا بل رفعه هللا

"Олай емес, оны Аллаһ Өзіне көтерді (рофә'аһу-Ллаһу иләйһи).

Аллаһ Өте үстем, Хикмет иесі!" Сақтау

Расында, [истәуә] сөзі ['алә]

"үстінде" сөзімен келсе, ол "көтерілу" дегенді білдіреді. Мысал келтірсек,

Аллаһ Тағала айтты:

لتستووا على ظهوره

"Олардың арқаларына (түйенің үстіне немесе кеменің үстіне)

Page 8: Allah kaida?

8

көтерілсеңдер..." (43 "Зухруф", 13-аят)

Аллаһ Тағала Құранда Өзінің 'Аршыға истауа, яғни көтерілгенін айтады:

7 "әл-А'раф" сүресі, 54-аят: ام ثم استوى على العرش ماوات والرض في ستة أي الذي خلق الس إن ربكم هللا

"Расында, Раббыларың Аллаһ, көктер мен жерді жеті күнде жаратты, сосын

'Аршыға көтерілді (истауа 'аләль-'арши)"

10 "Йунус" сүресі. 3-аят: ام ثم استوى على العرش ماوات والرض في ستة أي الذي خلق الس إن ربكم هللا

"Расында, Раббыларың Аллаһ, көктер мен жерді жеті күнде жаратты, сосын

'Аршыға көтерілді (истауа 'аләль-'арши)"

13 "ар-Ра'д" сүресі, 2-аят: ماوات بغير عمد ترونها ثم استوى على العرش الذي رفع الس هللا

"Аллаһ, Ол - аспандарды сендер көріге болатын тірексіз көтерді, сосын

'Аршыға көтерілді (истауа 'аләль-'арши)"

20 "Та һа" сүресі, 5-аят:

ن على العرش استوى حم الر

"Рахман (Мейірімді) 'Аршыға көтерілді"

Және Имам Малик, одан "Аллаһ қалай көтерілді?" деп сұрағанда, осы сұраққа

ашуланып: "Истауа (көтерілу) - белгілі, қалай (көтерілгені) - белгісіз, осыған иман

келтіру - уәжіп (парыз), ал бұл жайлы сұрау - ол бидағат",- деп жауап берді. Яғни

көтерілгені белгілі, өйткені Аллаһ Тағала оны Құранда баян етті. Енді, қалай

көтерілгені бізге белгісіз, өйткені Оның көтерілгенін көрмедік, көрмесекте Ол

Аллаһ салыстыратындай ешнәрсеге ұқсамайды, және Аллаһ Өзінің қалай

көтерілгенін анықтап айтып берген жоқ. Ал осыған иман келтіру, әлбетте бізге

уәжіп (парыз), өйткені бұл анық Құран аяттары, ал бұл жайлы сұрау Имам Малик

айтқандай бидағат, өйткені ол жайлы не пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен

сәлемі болсын) сұрамады, не оның сахабалары да сұрамады.

ССүүннннееттттеенн ддәәллееллддеерр

Әл-Бухари және Муслим екі "Сахихта" Аллаһ елшісінің (оған Аллаһтың игілігі

Page 9: Allah kaida?

9

мен сәлемі болсын) былай айтқанын жеткізеді: "Жаным Қолында болғанмен ант

етемін, егер бір ер өзінің әйелін төсекке шақырса, ал ол (әйелі)

оған қарсылық танытса, аспандардың үстіндегі оған, күйеуі қайта одан разы

болмайынша ашуланады". (Бухари, 5193; Муслим, 1436)

Имам Ахмад ибн Ханбал өзінің "Муснадында", Аллаһ елшісінің (оған

Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай айтқанын жеткізеді: "Тек жақсы

нәрселер Аллаһқа көтеріледі". (Муснад, 418, «Ирва аль галиль» №886)

Сондай-ақ, Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын), имам Бухари

мен Муслим (Муттафақун ‘алейһ) жекізгендей: "Маған аспандардың үстіндегі

/фи-ссама/ сенім артқанда сендер сенім артпайсыңдар ма? Маған таңда және

кешке аспаннан /ас-сама/ хабарлар келеді" - деп айтты. (Бухари, 4351, Ибн

Хузейма, 2373 және басқалар).

Сондай-ақ, пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын)

күң әйелден "Аллаһ қайда?" - деп сұрады. Сонда күң әйел: "Аспандардың үстінде" -

деп жауап берді. Ал: "Мен кіммін?" - деген сұрағына, "Сен - Аллаһтың елшісісін",-

деп жауап берді, сонда пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі

болсын): "Оған еркіндік бер, ол - иман келтірген әйел",- деп айтты. (Муслим 537).

Сондай-ақ, имам аз-Захаби Джарирден Аллаһ елшісінің (оған Аллаһтың игілігі

мен сәлемі болсын) былай айтқанын жеткізеді: "Жер бетіндегілерге мейірімділік

танытпағанға, аспандардың үстіндегі мейірімділік танытпайды" (Қараңыз:

«Мухтасар әл-Улюв, 84, иснады сахих)

Және осыған байланысты аяттар мен хадистерді өте көп келтірсе болады.

ССааххааббааллааррддыыңң ттүүссііннііггіі

Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қайтыс болғанда, Әбу Ба

кр адамдарға шығып былай айтты: "Кімде-кім Мухаммедке құлшылық етсе -

Мухаммед өлді, ал кім Аллаһқа құлшылық етсе, ол -

Аллаһ аспандардың үстінде, Тірі, және ешқашан өлмейді". (Қараңыз: Имам

Бухаридің «Тарих әл-Кабир» кітабы, 1-202)

Омар ибн әл-Хаттабтың Хаула оны тоқтатып, оған өз шағымын айтқандағы

сөздері. Ол онымен көп тұрды, кейін ол жайлы былай айтты: "Бұл - шағымын

Аллаһ жеті қат аспаннан естіген әйел" (Қараңыз: Әл-Бухари, 2-494)

Әл-Байхақи Абдуллаһ Ибн Мас'удтың мына сөздерін сахих иснадтеп

жеткізеді: "Бірінші аспан мен оның үстіндегі нәрсе арасы 500 жыл,

Page 10: Allah kaida?

10

барлық аспандар арасы 500 жыл, жетінші аспан мен Курсидің арасы 500 жыл,

Курси мен судың арасы 500 жыл, және Аршы (Тақ) судың үстінде, және

Аллаһ Арштың үстінде, және сендердің ешбір амалдарын Оған жасырын

емес". (Қараңыз: "Әл Асма уа ас-Сифат", Әл-Байхақи, 401 бет)

Сәләфтардан болған ғалым Фара', ибн Аббастан "кейін Аршыға

көтерілді" деген аятты былай тәпсірлегенін жеткізеді: "Яғни "көтерілді", және

бұл "Адам отырды, сосын истәуә жасады да, тұрды" деген сөздер

секілді". (Қараңыз: «әл Асма уа Ас Сыфат», әл-Байхақи, 167)

Сондай-ақ Ибн Аббас былай айтты: "Кез-келген нәрсеге ой жүгіртіңдер,

бірақ Аллаһтың Заты жайында ой жүгіртпеңдер. Расында, жетінші аспан

мен Курси арасы жеті мың нұр, ал Ол осының барлығының үстінде".

(Қараңыз: «әл Асма уа Ас Сыфат», әл-Байхақи, 2-323)

Анас ибн Маликтен хадис, Зайнаб бинт Жәхш (пайғамбар (салләЛлаһу

'аләйһи уа сәлләм) әйелі) оның басқа әйелдерінің алдында былай айтып

мақтанатын: "Сендерді күйеуге берген өз отбасыларың болса, мені күйеуге

Аллаһ жеті аспанның үстінен берді (мин фауқи саб’и самауат)". Ол тағыда

былай айтатын: "Ар-Рахман мені саған Өз Аршысының үстінен (мин фаукъи

‘аршихи) күйеуге берді". Бұл хадис - сахих. Жеткізген имам әл-Бухари. Қараңыз:

“Мухтасар әл-‘улюу” имам аз-Захаби, 84.

Page 11: Allah kaida?

11

Ибн Аббас Аиша анамыз өлер алдын оған келіп, былай деді: "Сен

Аллаһ елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ең сүйікті

(ең жақсы көретін) әйелі едің, ал ол жақсылықтан басқа ешнәрсені жақсы

көрмейтін, және Аллаһ сені жеті аспанның үстінен ақтады (мин фауқи саб’и

самауат)". ‘Усман ад-Дарими “ар-радд ‘аля Бишр ибн Гъияс аль-Мариси”

кітабында жеткізді.

Енді "Аллаһ аспандардың үстінде дейтіндер - кәпірлер" деп жүрген ашарилер

мен матрудилер, пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) әйелін,

иман келтіргендердің анасын Зайнаб бинт Жәхшты және басқа сахабаларды

кәпір деп көрсін! Аллаһтан аманшылық сұраймыз!

Табиғиндерден және таба табиғиндерден

болған ғалымдардың түсінігі

(толықтыруларды байқап отырыңыз)

Муқатиль ибн Хайян, Хорасан ғалымы (х.б. 150 жылға дейін қайтыс болды)

Page 12: Allah kaida?

12

‘Абдуллаһ ибн Ахмад ибн Ханбаль (имам Ахмадтың ұлы) өзінің "әс-Сунна"

кітабында, өзінің әкесінен (Ахмадтан), ал ол Нух ибн Маймуннан, ал ол

Букайра ибн Ма’руфтан, ал ол Муқатиль ибн Хайянның, Оның

(Аллаһтың) «Үш кісі сыбырласса, әлбетте төртіншісі (Аллаһ)» ("Мужәдәлә",

7-аят) деген сөзіне сәйкес: "Ол Өз аршысының үстінде (‘аля арши-һи) және Оның

білімі олармен" деп айтқанын жеткізеді. (Қз. “Мухтасар аль-‘улюу” әз-Захаби,

137. Бұл хабарды сондай-ақ имам Әбу Дауд өзінің "Мәсәиль" кітабында Имам

Ахмадтан, және имам әл-Ләләкаи, әл-Байһақи және әл-Әжурри жеткізеді)

Имам Әбу Зур'а (264 х.б. қайтыс болды) және Имам Әбу Хатим ар-Рази (277

х.б. қайтыс болды)

Имам Әбу Зур'а (264 х.б. қайтыс болды) және Имам Әбу Хатим ар-Рази (277 х.б.

қайтыс болды), олардан Ибн Әбу Хатим (имам Әбу Хатимның ұлы) жеткізіп

былай айтады:

Мен әкемнен (имам Әбу Хатимнен) және Әбу Зур'адан, олар барған жерінде

кездестірген ғалымдардан белгілі аһлус-суннаның дін негіздеріндегі ұстанымын

және өздерінің сенімдерін сұрадым. Олар былай жауап берді: «Біз әр түрлі

мекенде ғалымдарды кездестірдік: Хижәзда, Иракта, Шамда, Йеменде, және олардың

ұстанымы:

"Иман — ол, сөз бен амал. Ол көбейеді және түседі... Аллаһ Өзі Кітапта (Құранда)

және Өзінің елшісінің ملسو هيلع هللا ىلص сөзінде Өзін Сипаттағандай, Ол Өз аршысының

(тағының) үстінде, жаратылғандардан бөлінген, "қалай?" деген сұрақсыз. Ол Өз

білімімен барлығын қамтыды, "Оған ұқсас ешнәрсе жоқ, және Ол Естуші,

Көруші",- деген сөздер болды"». (Имам әл-Ләләкаи "Шарх усуль әл-И'тиқад"

кітабында 321 номермен келтіреді)

Page 13: Allah kaida?

13

Имам Қутейба ибн Саид (150-240 х.ж.)

Имам Қутейба ибн Саид (150-240 х.ж.), Аллаһ оны мейіріміне бөлесін, былай

дейді: "Бұл Ислам, Сунна және Жәма'ат имамдарының сөздері: «Біз Раббымызды,

жетінші аспанның үстінде, Өзінің аршысының (тағының) үстінде деп

танимыз». (Аллаһтың Өзі) هلالج لج: «Мейірімді аршыға көтерілді» ("Та Һа", 5-аят),-

деп айтқандай".

(Осы хабарды) иснадымен имам аз-Заһаби "әл-'Улу" кітабында 470 номермен

келтіреді. Шейх әл-Әлбани иснадтың сенімділігін (сахих) растайды.

Имам аз-Заһаби былай айтты: "Бұл Қутейба, өзінің имамдығымен және

шыншылдығымен таңылған адам, осы сұрақтағы ижманы (ғалымдардың бір ауыздан

келіскенін) келтіріп жатыр. Ал ол (Қутейба) имам Маликты, әл-Лейсины, Хаммад

ибн Зейдты және басқа да ұлы ғалымдарды кездестірді. Ол ұзақ өмір сүрді және

көптеген ғалым хафиздар оның есігінін алдында үйліп тұратын..."

Имам Әбу Насир ас-Сәжзий (444 жылы қайтыс болды), Аллаһ оны

мейіріміне бөлесін, өзінің «әл-Ибана» кітабінда айтты: “Біздің имамдар Суфьян

ас-Саури, Малик, Суфьән ибн Уейна, Хамад ибн Сулейман, Хамад ибн Зейд,

АбдуЛлах ибн Мубарак, Фудель ибн 'Ияд, Ахмад ибн Ханбал, Исхақ ибн

Ибрахим әл-Ханзалийлер бір ауыздан Аллаһ Өзінің Затымен арштың

үстінде (بذاتــــــه فوق العرش) және Оның білімі барлық жерде деп келіскен, (сондай-ақ)

Ол Қиямет күні көздермен арштың үстінде көрінеді (باألبصار فوق العرش), Ол Өзі

қалағандай дүние аспанына түседі, Ол Өзі қалағандай ашуланады, разы болады,

сөйлейді. Кімде-кім осыған қарсы келсе, соның оларға (имамдарға) ешқандай қатысы

жоқ және олардың оған ешқандай қатысы жоқ”. (Имам әз-Захаби «әл-'Улу», 569)

Әбу ‘Амр ‘Абдур-Рахман ибн ‘Амр әл-Ауза’и, (х.б. 157 ж. қайтыс болды) өз

уақытындағы Шам елінің ғалымы.

Page 14: Allah kaida?

14

Әбу Абдуллаһ әл-Хаким жеткізгені бойынша, имам әл-Ауза’и былай

айтады: "Біз табиғиндер (сахабалардың шәкірттері) көп болған уақытта: «Расында,

Аллаһ Өз аршысының үстінде (фауқа ‘арши-һи), және біз Сүннетте келген Оның

Сипаттарына иман келтіреміз»,- деп айтатынбыз".

Әбу Исхақ ас-Са'ләби, муфассир (Құран тәпсіршісі) былай айтты: "Әл-Ауза’иден

(Аллаһ) Тағаланың: «Кейін Ол аршқа көтерілді» (7:54),- деген сөздері жайында

сұрағанда, ол (әл-Ауза’и): «Ол Өзінің аршысының (‘алә арши-һи) үстінде, Өзі Өзін

сипатағандай»,- деп жауап берді".

Қз. “әл-Асма уа-ссифат әл-Байһақи”, 408; “Мухтасар әл-‘улюу” аз-Заһаби, 127.

Имам Мухаммад ибн Идрис аш-Шафи'и

Имам әш-Шафи'и былай айтты: "Сүннет жайлы менің және мен көрген, және

білім алған Суфьян (ас-Саури), Малик (ибн Анас) және басқалар секілді хадис

танушылардан болған біздің жақтастарымыздың ұстанғаны, ол: Аллаһтан басқа,

құлшылыққа лайықты ешнәрсе жоқ, және Мухаммад - Аллаһ елшісі деген куәлікті

растау; Аллаһ Тағала аспандағы Өзінің аршысының үстінде, Өзінің жаратқандарына

Өзі қалағанындай жақындайды; және Аллаһ Тағала дүние аспанға Өзі қалағанындай

түседі".

Қз. "Ижтима' әл-жуйуш әл-исләмийя" 165, "Исбат сифат әл-'улую" 124.

Имам Ахмад ибн Ханбал

Имам Ахмад осы аятқа байланысты былай айтты: "Расында, Аллаһтың

ұлықтауы ұлы болған сөздерінің мағынасы: «Ол Аллаһ аспанда да, жерде де», Ол

- аспандағылар да құлшылық ететін, жердегілер де құлшылық ететін зат, және Ол

арштың үстінде, және Оның білімі арштан төмен нәрсенің барлығын қамтыды,

бірде-бір жер Оның білімінен тыс қалған жоқ, және Аллаһтың білімі бір жерді

қамтып, басқа жерді қамтымауы мүмкін емес. Және бұл нәрсе Оның келесі сөзіне

сәйкес: «... Аллаһтың барлық нәрсеге күші жетеді екенін және Аллаһ

барлық нәрсені білімімен қамтиды екенін білулерің үшін»".

Қз.: имам Ахмад ибн Ханбал "Радд 'алә занадиқа уаль-жәхмия" кітабының

"Жәхмиттердің Аллаһ арштың үстінде екенін жоққа шығаруын түсіндіру"

бабы.

Page 15: Allah kaida?

15

АДАСҚАН АДАМ ӨЗІНІҢ АДАСУШЫЛЫҒЫН АҚТАЙТЫНДАЙ

САҒАН ДӘЛЕЛ АЛЫП КЕЛСЕ, СЕН БІЛ, СОЛ ДӘЛЕЛІНДЕ ӨЗІНЕ

ҚАРСЫ, АҚИҚАТТЫ ТҮСІНДІРЕТІН ДӘЛЕЛ БАР

Осыған дейін, Раббымыз Аллаһтың жоғарыда екенін анық меңзейтін Құран

аяттарын, сахих хадистерді, сахабалардың сенімін, сәләфтардың бір ауыздан

келіскенін, Аллаһ мейірімімен келтірдік. Және келтіре берсек өте көп. Бірақ

осы жерде, Аллаһ рұқсатымен, кейбір адамдар түсіне алмай жүрген кейбір

аяттар турасында жазсақ дейміз.

Кейбір адасқан адамдар, келесі аяттарды келтіріп, Аллаһтың жоғарыда екенін

растағысы келмейді:

«Біз оған, оның күре тамырынан да жақынбыз». ("Қаф" сүресі, 16-аят)

«Сендер қайда болсаңдар да, Ол сендермен». ("Хадид" сүресі, 4-аят)

«Ол Аллаһ аспанда да, жерде де». ("Ан'ам" сүресі, 3-аят)

«Үш кісі сыбырласса, сөз жоқ төртіншісі Ол (Аллаһ), және (сондай-ақ)

бестің алтыншысы Ол. Олар аз, не көп болса да, қайда болса да, Ол

олармен бірге болады». ("Мужәдәлә" сүресі, 7-аят)

... және осындай тағы басқа аят пен хадистерді келтіреді де, біреулері: "демек,

Аллаһ барлық жерде",- дейді, ал басқалары: "Біз Аллаһтың жоғарыда екенін

меңзейтін аяттарды оқып, Оны жоғарыда деп бірден айта алмаймыз. Олай

айтсақ, мына аяттарды қайда тастаймыз? Сол себепті, бұл мәселені Аллаһқа

тапсырамыз да, және егер бізден "Аллаһ қайда?" деп сұраса, біз "білмейміз" деп

жауап береміз",-дейді.

Біріншіден, біліңіздер, расында Аллаһтың дінінде ешбір қарама-қайшылық

жоқ! Раббымыз Аллаһ Тағала былай айтады: «Неге олар Құранға

ойланбайды? Егер ол Аллаһ тарапынан болмағанда, олар одан міндетті

түрде көптеген қарама-қайшылық табар еді». ("Ниса" сүресі, 82-аят)

Егер сен бір нәрсені түсінбей жатсан, ол дегеніміз Құран аяттарында, не

хадистерде проблема бар екенін меңземейді, ол сенің білімің соны түсінуге

жетпей жатқанын ғана көрсетеді.

Екіншіден, Аллаһтың жоғарыда екені анық айтылған аяттар белгілі, ал мына

аяттар оған қарса келмейді. Расында, бұл жерлерде Аллаһ Тағаланың әр

нәрсені білетіні, еститіні, көретіні туралы айтылған, және оны түсіну қиын емес,

ол үшін қажет болғаны, сол аяттарды толық оқу.

"Қаф" сүресінің, 16-ші аятында, Аллаһ Тағала былай айтады:

Page 16: Allah kaida?

16

«Расында адамзатты жараттық, және оған оның нәпсісі не

сыбырлағанын білеміз. Өйткені Біз, оған күре тамырынан да жақынбыз».

"Хадид" сүресінің, 4-ші аятында былай айтылған:

«Ол сондай Аллаһ, көктер мен жерді алты күнде жаратып, сосын аршыға

көтерілді. Ол, жерге кірген нәрсені, әрі одан шыққан нәрсені және көктен

түскен нәрсені, оған көтерілген нәрсені біледі. Сендер қайда болсаңдар

да, Ол сендермен. Аллаһ не істегендеріңді толық көруші».

Ал "Ан'ам" сүресінің, 3-ші аятында былай айтылған:

«Ол Аллаһ аспанда да, жерде де. Ол сендер жасырған нәрсені де, ашық

жасаған нәрсені де біледі, және (сондай-ақ) сендер иемденіп жатқан

нәрселеріңді де біледі».

Имам Ахмад осы аятқа байланысты былай айтты: "Расында, Аллаһтың

ұлықтауы ұлы болған сөздерінің мағынасы: «Ол Аллаһ аспанда да, жерде де», Ол

- аспандағылар да құлшылық ететін, жердегілер де құлшылық ететін зат, және Ол

арштың үстінде, және Оның білімі арштан төмен нәрсенің барлығын қамтыды,

бірде-бір жер Оның білімінен тыс қалған жоқ, және Аллаһтың білімі бір жерді

қамтып, басқа жерді қамтымауы мүмкін емес. Және бұл нәрсе Оның келесі сөзіне

сәйкес: «... Аллаһтың барлық нәрсеге күші жетеді екенін және Аллаһ

барлық нәрсені білімімен қамтиды екенін білулерің үшін»". Қз.: имам

Ахмад ибн Ханбал "Радд 'алә занадиқа уаль-жәхмия" кітабының "Жәхмиттердің

Аллаһ арштың үстінде екенін жоққа шығаруын түсіндіру" бабы.

Сондай-ақ, "Мужәдәлә" сүресінің, 7-ші аятында былай айтылған: «Сен Аллаһ

көктер мен жердегі нәрселерді біледі екенін білмейсің бе? Үш кісі

сыбырласса, сөз жоқ төртіншісі Ол (Аллаһ), және (сондай-ақ) бестің

алтыншысы Ол. Олар аз, не көп болса да, қайда болса да, Ол олармен бірге

болады. Сонан кейін қиямет күні, оларға не істегендерін білдіреді.

Шүбәсіз Аллаһ, әр нәрсені толық білуші».

Аллаһ Тағаладан қорқу керек, және аятты толық, сондай-ақ барлық аяттарды

толық қабылдау керек, бір жерін алып, басқа жерін тастамай. Расында, бұл өте

төмен қасиет, әрі бұл нәрсе бізге дейінгі болған кітап иелеріне ұқсау болып

саналады!

Аллаһ Тағала оларға сөгіс айтып былай дейді: «Сендер Кітаптың бір бөлігіне

сеніп, басқа бөлігіне қарсы келесіңдер ме? Сендерден кім мұндай істесе,

әрине олардың жазасы дүние тіршілігінде қорлық, әрі қиямет күнінде

қатты қинауға қайтарылады (салынады). Және Аллаһ істеген істеріңнен

ғапыл емес». ("Бақара" сүресі, 85-аят)

Page 17: Allah kaida?

17

«Әй иман келтіргенде! Исламды бүтіндей қабылдаңдар. Шайтанның ізіне

ермеңдер, өйткені ол, сендерге ашық дұшпан». ("Бақара" сүресі, 208-аят)

Дерек көзі: Әл-Ханифия форумы

Берілген тақырып б-ша пайдалы сілтемелер: (в-видео) (а-аудио) (т-текст)

◊ "Аллаһ аспанда емес" - деушілерге ЖАУАП! (в)

◊ Аллаһтың көркем есімдері (т)

◊ Шейх әл-Әлбәни мен Азһардың шейхының арасындағы пікірталас (т)

◊ Слова истины в вопросе: «где находится Аллах» (т)

◊ Аллаhтың Есiм-Сипаттарына қатысты кіршіксіз қағидалар! (в)

◊ Елбасы:«Аллаһ бар аспанда, Ол бәрін көріп тұр!» (в)

◊ Аллаһтың Көркем Есімдері: ӘЛ-`АЛИЙ, ӘЛ-Ә`ЛӘ ЖӘНЕ ӘЛ-МУТӘ`АЛ (т)

◊ "АҚИДАНЫҢ ЖАРҚЫРАУЫ немесе ақидадан жеткілікті болатын мәселелер"

(Лум'атуль-И'тикaд әл-Хaди илә сабили-р-Рәшад) (в)

◊ Матуридилер мазхабымен танысу (т) ◊ Aллаһтың есімдері мен сипаттарындағы жалғыздығы

(ТАУХИД ӘЛ-АСМАИ УАС-СИФАТ). (т)

◊ Таухид (Бірқұдайшылық) дегеніміз не? (т)

◊ Таухид ғылымын оқып үйренудің артықшылығы (т)